Ротомокс

МНН: Моксифлоксацин
Производитель: Скан Биотек Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Moxifloxacin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№022312
Информация о регистрации в РК: 29.07.2016 - 29.07.2021

Инструкция

Саудалық атауы

Ротомокс

Халықаралық патенттелмеген атауы

Моксифлоксацин

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 400 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 436.322 мг моксифлоксацин гидрохлориді бар (400.00 мг моксифлоксацинге баламалы),

қосымша заттар: жүгері крахмалы, микрокристалды целлюлоза, натрий крахмалы гликоляты, натрий метилгидроксибензоаты, кремнийдің коллоидты қостотығы, тальк, магний стеараты

қабығының құрамы: опадрай қызғылт 85F540146 (поливинил спирті, титанның қостотығы (Е171), макрогол, тальк, темірдің қызыл тотығы (Е172).

Сипаттамасы

Қызғылт түсті үлбірлі қабықпен қапталған, бір жағында сызығы бар таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі пайдалануға арналған бактерияға қарсы препараттар. Микробқа қарсы препараттар – хинолон туындылары. Фторхинолондар. Моксифлоксацин.

АТХ коды J01MA14

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағаннан кейін моксифлоксацин жылдам және толығымен дерлік сіңіріледі. Абсолюттік биожетімділігі 91%-ға жуықты құрайды.

400 мг моксифлоксацинді бір рет қабылдағаннан кейін қандағы ең жоғарғы концентрациясына (Сmax) 0.5-4 сағат ішінде жетеді және ол 3.1 мг/л құрайды.

Плазмадағы тұрақты күйдегі ең жоғарғы және ең төменгі концентрациясы (күн сайын бір рет 400 мг) сәйкесінше 3,2 және 0,6 мг/л болды. тұрақты күйде препараттың экспозициясы дәрілік затты қабылдаулар аралығындағы уақыт ішінде алғашқы дозасын қабылдағаннан кейінгіге қарағанда, шамамен 30%-ға жоғары.

Таралуы

Моксифлоксацин тамырдан тыс кеңістікте жылдам таралады, 400 мг препаратты қабылдағаннан кейін фармакокинетикалық қисық астындағы ауданы (AUC) 35 мг/сағ/л құрайды. Тепе-тең таралу көлемі (Vss) 2 л/кг жуықты құрайды. In vitro және in vivo зерттеулерде моксифлоксациннің плазма ақуыздарымен байланысуы, препараттың концентрациясына байланыссыз 40-42%-ды құрады. Моксифлоксацин, негізінен, сарысу альбуминімен байланысады.

Келесі шыңдық концентрациялары (орташа геометриялық) моксифлоксациннің бір реттік 400 мг пероральді дозасын енгізгеннен кейін байқалды:

Тін

Концентрациясы

Тіндегі препарат концентрацияларының оның плазмадағы концентрациясына арақатынасы

Плазма

3.1 мг/л

-

Сілекей

3.6 мг/л

0.75 - 1.3

Интерстициальді сұйықтық

1.61 мг/л

1.71

Бронхтардың шырышты қабықтары

5.4 мг/кг

1.7 - 2.1

Альвеолярлық макрофагтар

56.7 мг/кг

18.6 - 70.0

Эпителий қабатының сұйықтығы

20.7 мг/л

5 - 7

Жоғарғы жақсүйек синусы

7.5 мг/кг

2.0

Торлы сүйек қойнаулары

8.2 мг/кг

2.1

Мұрын сүйелдері

9.1 мг/кг

2.6

Интерстициальді сұйықтық

1.02 мг/л

0.8 - 1.42,3

Әйелдердің жыныс жолы*

10.24 мг/кг

1.724

* бір реттік 400 мг дозасын вена ішіне енгізу

1 препаратты енгізгеннен кейін 10 сағаттан соң

2 бос заттың концентрациясы

3 қабылдағаннан кейін 3 сағаттан 36 сағатқа дейін

4 инфузияның соңында

Метаболизмі

Моксифлоксацин II сатылы биоөзгеріске ұшырайды және организмнен бүйрек және асқазан-ішек жолы арқылы өзгеріссіз күйде, сондай-ақ сульфо-қосылыстар (M1) мен глюкуронид (M2) түрінде шығарылады. Бұл метаболиттері тек адамдардың организміне ғана қатысты және микробқа қарсы белсенділігі жоқ. Басқа препараттармен метаболизмдік фармакокинетикалық өзара әркеттесулерін зерттеулер, моксифлоксациннің Р450 цитохромының микросомалық жүйесі арқылы биоөзгеріске ұшырамайтынын көрсетті. Тотығу метаболизмінің көрсеткіштері жоқ.

Шығарылуы

Препараттың плазмадан жартылай шығарылу кезеңі шамамен 12 сағатты құрайды. 400 мг дозада қабылдағаннан кейінгі орташа жалпы клиренсі 179-дан 246 мл/минутқа дейінді құрайды. Шамамен 24-53 мл/минутты құрайтын бүйректік клиренсі препараттың бүйректе ішінара өзекшелік кері сіңірілуі жолымен жүзеге асады.

Ранитидин мен пробенецидті үйлестіріп қолдану препараттың бүйректік клиренсіне әсер етпейді.

Енгізу жолына байланыссыз, бастапқы зат моксифлоксацин оксидативтік метаболизм белгілерінсіз, II сатылы метаболизмнің метаболиттеріне дейін 96-98 %-ға толығымен дерлік метаболизденеді.

Пациенттердің түрлі топтарындағы фармакокинетикасы

Дене салмағы төмен дені сау еріктілерде (мысалы, әйелдерде) және егде жастағы еріктілерде препараттың плазмадағы жоғарырақ концентрациялары байқалды.

Моксифлоксациннің фармакокинетикалық қасиеттері бүйрек жеткіліксіздігі бар (соның ішінде креатинин клиренсі > 20 мл/мин/1.73 м2) пациенттерде айтарлықтай өзгешеленбейді. Бүйрек функциясының төмендеуі кезінде, М2 метаболитінің (глюкуронидтің) концентрациясы 2,5 коэффициентке (<30 мл/мин/1.73 м2 креатинин клиренсімен) артады.

Бауыр жеткіліксіздігі бар (Child Pugh жіктеуі бойынша A, B класы), науқастарда жүргізілген фармакокинетикалық зерттеулердің негізінде дені сау еріктілермен салыстырғанда қандай-да бір айырмашылықтардың бар-жоқтығын анықтау мүмкін емес. Бауыр функциясының бұзылулары қан плазмасындағы М1 экспозициясының жоғарырақ болуымен байланысты болды, бұл кезде бастапқы препараттың экспозициясы бауыр функциясы бұзылған пациенттерде дені сау еріктілердегі экспозициясымен салыстырмалы болды. Моксифлоксациннің бауыр функциясы бұзылған пациенттерде клиникада пайдаланылу тәжірибесі жеткіліксіз.

Фармакодинамикасы

Моксифлоксацин in vitro грамоң және грамтеріс патогендік микроорганизмдердің кең ауқымына қатысты белсенділігін көрсетті.

Моксифлоксациннің бактерицидтік әсеріне бактериялық ДНҚ репликациясы, транскрипциясы және репарациясы үшін қажетті топоизомераза II (ДНҚ-гираза) мен топоизомераза IV тежеуі түрткі болады. 8-ші қалыптағы метокси-топтың болуы грамоң микроорганизмдерге қарсы белсенділігінің артуына және C8-H-тобымен салыстырғанда, грамоң бактериялардың резистентті мутанттық штамдарының туындауының азаюына ықпал етеді. 7-ші қалыпта қосымша сақинаның қосылуы фторхинолондардың белгілі бір грамоң бактерияларда байқалатын NorA немесе pmrA гендерімен байланысқан жасушадан белсенді лықсып шығуының (эффлюксінің) алдын алады.

Моксифлоксациннің бактерицидтік әсері оның концентрациясына тәуелді.

Препараттың ең төменгі бактерицидті концентрациялары тұтас алғанда ең төменгі тежегіштік концентрацияларына жуықтайды.

Резистенттілік

Пенициллиндерге, цефалоспориндерге, аминогликозидтерге, макролидтер мен тетрациклиндерге төзімділіктің дамуына алып келетін механизмдер препараттың бактерияға қарсы белсенділігін бұзбайды. Бактерияға қарсы препараттардың бұл топтары мен моксифлоксацин арасында айқаспалы төзімділік байқалмайды.

Моксифлоксацинге резистенттілік көптеген мутациялар жолымен баяу дамиды. Хинолондарға айқаспалы төзімділік жағдайлары байқалады. Дегенмен, басқа хинолондарға төзімді кейбір грамоң және анаэробты микроорганизмдер моксифлоксацинге сезімталдығын сақтап қалады.

Адамның ішек флорасына әсері

Дені сау еріктілерде моксифлоксацинді ішу арқылы қабылдағаннан кейін ішек флорасындағы мынадай өзгерістер байқалды: Escherichia coli, Bacillus spp., Enterococcus spp. және Klebsiella spp мөлшерінің, сондай-ақ Bacteroides vulgatus, Bifidobacterium spp., Eubacterium spp., Peptostreptococcus spp анаэробтарының азаюы. Bacteroides fragilis мөлшерінің артқаны білінді. Препаратты қабылдау аяқталғаннан кейін екі апта ішінде микрофлора құрамы қалыпқа түседі.

Препаратқа әдетте мыналар сезімтал:

Аэробты грамоң микроорганизмдер

Gardnerella vaginalis

Staphylococcus aureus* (метициллинге сезімтал)

Streptococcus agalactiae (B тобы)

Streptococcus milleri тобы * (S. anginosus, S. constellatus және S. intermedius)

Streptococcus pneumoniae*

Streptococcus pyogenes* (A тобы)

Аэробты грамтеріс микроорганизмдер

Haemophilus influenzae*

Haemophilus parainfluenzae*

Klebsiella pneumoniae*#

Moraxella (Branhamella) catarrhalis*

Анаэробты микроорганизмдер

Fusobacterium spp.

Prevotella spp.

Басқамикроорганизмдер

Chlamydophila (Chlamydia) pneumoniae*

Chlamydia trachomatis*

Coxiella burnetii

Mycoplasma genitalium

Mycoplasma hominis

Mycoplasma pneumoniae*

Жүре пайда болған резистенттілік қиындық тудыруы мүмкін штамдар:

Аэробты грамоң микроорганизмдер

Enterococcus faecalis*

Enterococcus faecium*

Staphylococcus aureus (метициллинге резистентті)+

Аэробты грамтеріс микроорганизмдер

Enterobacter cloacae*

Escherichia coli*

Klebsiella oxytoca

Neisseria gonorrhoeae*+

Proteus mirabilis*

Анаэробты микроорганизмдер

Bacteroides fragilis*

Peptostreptococcus spp.*

Тұқым қуалайтын резистентті микроорганизмдер:

Аэробты грамтеріс микроорганизмдер

Pseudomonas aeruginosa

* Белсенділігі бекітілген клиникалық көрсетілімдер бойынша, клиникалық зерттеулердегі сезімтал штамдарда қанағаттанарлық дәрежеде көрінді.

# Ауқымы кең бета-лактамазаны өндіретін штамдар, әдетте, фторхинолондарға төзімді

+ Резистенттілік көрсеткіші бір немесе одан да көп елде > 50%.

Қолданылуы

Моксифлоксацин 18 жас шамасындағы және одан үлкен пациенттердегі препаратқа сезімтал микроорганизмдерден туындаған келесі бактериялық инфекцияларды емдеу үшін көрсетілген. Моксифлоксацинді аталған инфекциялардың бастапқы емі үшін ұсынылған бактерияға қарсы препараттарды пайдалану талапқа сай болмаған кезде немесе олар тиімсіз болған жағдайда ғана тағайындау керек:

- созылмалы бронхиттің өршуінде (талапқа сай диагностикаланған)

- ауруханадан тыс пневмонияда, ауыр жағдайларынан басқа кезде

- жедел бактериялық синуситте

- кіші жамбас ағзаларының тубоовариальді немесе жамбас абсцесімен байланыссыз, ауырлық дәрежесі жеңілден орташаға дейінгі қабыну ауруларында (сальпингит пен эндометритті қоса, әйелдердің жыныс жолдарының жоғарғы бөліктерінің инфекцияларында).

Кіші жамбас ағзаларының жеңіл және орташа дәрежелі қабыну ауруларының монотерапиясында пайдалану үшін ұсынылмайды, бірақ, егер Neisseria gonorrhoeae-ге резистенттілік жоққа шығарылмаса, бактерияға қарсы басқа қолайлы дәрімен (мысалы, цефалоспоринмен) біріктіріп пайдаланылуы тиіс.

Препаратты келесі көрсетілімдер бойынша, моксифлоксацинмен вена ішіне енгізу арқылы бастапқы емдеу кезінде жақсару басталған пациенттерде емдеу курсын аяқтау үшін де пайдалануға болады:

- ауруханадан тыс пневмонияда

- тері мен жұмсақ тіндердің асқынған инфекцияларында.

Бактерияға қарсы препараттарды тиісінше пайдалану жөніндегі ресми ұсынымдарды ескеру керек.

Қолдану тәсілі және дозалары

Таблетканы тұтастай жұтып, артынан жеткілікті мөлшердегі сұйықтық ішу керек. Ас ішуге байланыссыз қабылдауға болады.

Ересектер

Ұсынылатын дозасы күніне 1 рет 400 мг (1 таблетка) құрайды.

Пациенттердің ерекше санаттары бойынша қосымша ақпарат

Бүйрек/бауыр жеткіліксіздігі

Бүйрек функциясының жеңілден ауыр дәрежеге дейінгі бұзылулары бар пациенттерге немесе созылмалы диализ жүргізілетін, яғни гемодиализдегі және тұрақты амбулаториялық перитонеальді диализдегі пациенттерге дозасын түзету қажет емес. Препараттың бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде қолданылуы жөніндегі мәліметтер жеткіліксіз.

Пациенттердің басқа ерекше топтары

Егде жастағы пациенттер мен дене салмағы төмен пациенттерге дозасын түзету қажет емес.

Балалар мен жасөспірімдер

Моксифлоксациннің балалар мен 18 жасқа толмаған жасөспірімдердегі тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталған жоқ. Балалар мен жасөспірімдерді (< 18 жас) емдеу үшін моксифлоксацинді қолдану қарсы көрсетілімді.

Емдеудің ұзақтығы

  • созылмалы бронхиттің өршуінде - 5-10 күн

  • ауруханадан тыс пневмонияда - 10 күн

  • жедел бактериялық синуситте - 7 күн

  • кіші жамбас ағзаларының жеңілден орташа дәрежегі дейінгі қабыну ауруларында - 14 күн.

Бірізді емдеу (кейіннен пероральді қабылдауға ауыстырылған вена ішіне енгізу)

Бірізді емдеуге жүргізілген клиникалық зерттеулерде пациенттердің көпшілігі 4 күн (ауруханадан тыс пневмонияда) немесе 6 күн ішінде (тері мен жұмсақ тіндердің асқынған инфекцияларында) вена ішіне енгізуден пероральді емге ауысты. Вена ішіне және пероральді емдеудің ұсынылатын жалпы ұзақтығы ауруханадан тыс пневмония үшін 7-14 күн және жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары үшін 7-21 күн.

Ұсынылатын дозасы (күніне бір рет 400 мг) мен емдеу ұзақтығы арттырылмауы тиіс.

Жағымсыз әсерлері

«Жиі» санатына жатқызылатын жағымсыз құбылыстардың жүрек айнуы мен диареядан басқасы пациенттердің 3 %-дан азында байқалды.

Ағзалар жүйесінің класы

Жиі

1/100 - < 1/10 дейін

Жиі емес

1/1,000 -

<1/100 дейін

Сирек

1/10,000 -

< 1/1,000 дейін

Өте сирек

< 1/10,000

Инфекциялар мен инвазиялар

Бактериялардың немесе зеңдердің резистенттілігіне байланысты асқын инфекциялар

мысалы

оральді және

қынаптық

кандидоз

     

Қан және лимфа жүйесі тарапынан болатын бұзылулар

 

Анемия Лейкопения (және)

Нейтропения Тромбоцитопе-ния Тромбоцитемия Эозинофилия

Протромбиндік уақыттың ұзаруы / ХҚҚ жоғарылауы

 

Протромбин деңгейінің жоғарылауы / ХҚҚ төмендеуі

Агранулоцитоз

Иммундық жүйе тарапынан болатын бұзылулар

 

Аллергиялық реакциялар

Қышыну

Бөрпе

Есекжем

Анафилаксиялар, өте сирек жағдайларда өмірге қауіп төндіретін шокты қоса

Аллергиялық ісіну / Квинке ісінуі (өмірге қауіп төндіруі ықтимал көмейдің ісінуін қоса)

 

Зат алмасу және тамақтану тарапынан болатын бұзылулар

 

Гиперлипидемия

Гипергликемия Гиперурикемия

Гипогликемия

Психикалық бұзылыстар

 

Үрейлену сезімі Психомоторлық белсенділіктің артуы / қозу

Көңіл-күйдің құбылмалылығы

Депрессия (өте сирек жағдайларда, суицидтік көңіл-күй / ойлар немесе өзін-өз өлтіруге әрекеттену сияқты өзіне зиян келтіру үрдісіне бейімділікпен көрініс беруі ықтимал) Елестеулер

Өзін өзі танымау

Психоздық реакциялар (суицидтік көңіл-күй / ойлар немесе өзін-өз өлтіруге әрекеттену сияқты өзіне зиян келтіру үрдісіне бейімділікпен көрініс беруі ықтимал)

Жүйке жүйесі тарапынан болатын бұзылулар

Бас ауыруы

Бас айналуы

Парестезия және

дизестезия.

Дәм сезу бұзылыстары (өте сирек жағдайлардағы дәм сезбей қалуды қоса) Сананың шатасуы және бағдардан жаңылу

Ұйқы бұзылулары (көбінесе ұйқысыздық) Ұйқышылдық Вертиго

Тремор

Гипестезия

Иіс сезу бұзылыстары (иісті сезбей қалуды қоса) Әдеттен тыс түстер көру Қимыл-қозғалыс үйлесімінің бұзылуы (әсіресе бас айналуымен байланысты жүріс-тұрыстың бұзылуларын қоса, немесе құлап қалудың нәтижесінде жарақаттануға алып келетін вертиго, әсіресе егде жастағы пациенттерде) Құрысулар, ауқымды эпилепсия ұстамасын қоса Зейін қоюдың бұзылулары

Сөйлеудің бұзылулары Амнезия

Шеткері нейропатия және полинейропатия

Гиперестезия

Көру мүшелері тарапынан болатын бұзылулар

 

Диплопия мен анық көрмеуді қоса, көзбен шолу бұзылыстары

(әсіресе ОЖЖ тарапынан болатын реакциялармен қатар жүретін)

 

Уақытша көрмей қалу

(әсіресе ОЖЖ тарапынан болатын реакциялармен қатар жүретін)

Есту мүшелері мен тепе-теңдік тарапынан болатын бұзылулар

   

Құлақтағы шуыл

Естудің бұзылуы, соның ішінде кереңдік

(әдетте,

қайтымды)

 

Жүрек тарапынан болатын бұзылулар

Гипокалиемиясы бар пациенттерде QT аралығының ұзаруы

QT аралығының ұзаруы

Жүрек қағуын сезіну

Тахикардия жүрекшелердің фибрилляциясы

Стенокардия

Қарыншалық

тахиаритмиялар

Естен тану (кенеттен және қысқа мерзімге естен тану)

Спецификалық емес аритмиялар

Полиморфты «пируэт» типті қарыншалық тахикардия

Жүректің тоқтап қалуы (көбінесе аритмияларға бейім, клиникалық тұрғыдан елеулі брадикардия, жедел миокард ишемиясы сияқты жағдайлары бар адамдарда)

Қантамыр жүйесі тарапынан болатын бұзылу

 

Қантамырлардың кеңеюі

Гипертензия Гипотензия

 

Тыныс алу, кеуде қуысы мен көкірекорта ағзалары тарапынан болатын бұзылулар

 

Ентігу (соның ішінде демікпе жағдайлары)

   

Асқазан-ішек бұзылыстары

Жүрек айнуы

Құсу

Іштің ауыруы

Диарея

Тәбеттің төмендеуі және қабылданатын тағам көлемінің азаюы

Іш қатуы

Диспепсия

Метеоризм

Гастрит

Амилаза деңгейінің жоғарылауы

Дисфагия

Стоматит

Антибиотикпен астасқан колит (соның ішінде, жалған жарғақшалы колит, өте сирек жағдайларда, өмірге қауіп төндіретін асқынулармен астасады)

 

Гепатобилиарлық жүйе тарапынан болатын бұзылулар

Трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы

Бауыр жеткіліксіздігі (соның ішінде ЛДГ жоғарылауы)

Билирубин жоғарылауы Гамма-глутамил-трансферазаның жоғарылауы Қандағы сілтілік фосфатазаның жоғарылауы

Сарғаю

Гепатит, көбінесе холестаздық

Өмірге қауіп төндіретін бауыр жеткіліксіздігіне алып келуі мүмкін (соның ішінде өлімге әкеп соқтыратын) шұғыл дамитын гепатит

Тері мен теріасты шелі аурулары

 

Қышыну

Бөртпе

Есекжем

Терінің құрғауы

 

Стивенс-Джонсон синдромы немесе уытты эпидермальді некролиз сияқты буллездік тері реакциялары (өмірге қауіп төндіруі ықтимал)

Сүйек-бұлшықет бұзылулары, дәнекер тіндер мен сүйек тіні тарапынан болатын бұзылулар

 

Артралгия

Бұлшықеттердің ауыруы

Тендинит

Бұлшықет құрысулары

Бұлшықеттің тартылулары

Бұлшықеттердің әлсіздігі

Сіңірлердің үзілуі Артрит Бұлшықеттің сіресуі

Жүріс-тұрыс бұзылулары (бұлшықет, сіңір немесе буын симптомдарынан туындаған)

Гравис миастениясы симптомдарының өршуі

Бүйрек функциясы мен несеп шығару жүйесінің бұзылулары

 

Сусыздану

(диареядан немесе сұйықтық ішудің азаюынан туындаған)

Бүйрек функциясының бұзылулары (соның ішінде мочевина азоты мен креатинин жоғарылауы) Бүйрек жеткіліксіздігі (дегидратация салдарынан, әсіресе, бүйрек функциясының бұзылуы бұрыннан бар егде жастағы пациенттерде)

 

Жалпы бұзылулар және препаратты енгізген жердегі жергілікті асқынулар

 

Өзін нашар сезіну (көбінесе астения немесе шаршау) Ауырсыну жағдайы (соның шінде, арқаның, кеуденің, жамбас аймағының және аяқ-қолдардың ауыруы)

Тершеңдік

Ісінулер

 

Келесі жағымсыз құбылыстар науқастардың моксифлоксацин ерітіндісімен/моксифлоксацин таблеткаларымен сатылай емдеу жүргізіліп жатқан қосалқы тобында байқалды:

Жиі

- гамма-глутамилтрансфераза деңгейінің жоғарылауы

Жиі емес

- қарыншалық тахиаритмиялар, артериялық гипотензия, ісінулер, антибиотиктерден туындаған жалған жарғақшалы колит (өте сирек жағдайларда өмірге қауіп төндіретін асқынулармен астасады), түрлі клиникалық көріністермен жүретін құрысу ұстамалары (соның ішінде жайылған), елестеулер, бүйрек функциясының бұзылуы және бүйрек жеткіліксіздігі (дегидратация салдарынан, әсіресе, бүйрек функциясының қатарлас бұзылулары бар егде жастағы пациенттерде)

Басқа фторхинолондармен емдеуден кейін тіркелген келесі жағымсыз әсерлердің өте сирек жағдайлары болды, сонымен қатар олар моксифлоксацинмен емдеу кезінде де пайда болуы мүмкін: гипернатриемия, гиперкальциемия, гемолиздік анемия, рабдомиолиз, фотосенсибилизация.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- моксифлоксацинге немесе басқа хинолондарға, сондай-ақ, препараттың қосымша компоненттерінің кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге

- жүктілік және лактация кезеңі

- эпилепсия

  • хинолондармен емдеумен байланысты сіңірлердің аурулары/зақымданулары бар пациенттер (анамнезінде)

клиникаға дейінгі зерттеулер мен адамдарға жүргізілген зерттеулерде моксифлоксацинді пайдаланған кезде QT аралығының ұзаруымен жүретін жүрек электрофизиологиясындағы өзгерістер анықталды. Сондықтан, қауіпсіздік мақсаттарында, моксифлоксацин төмендегілер кезінде қарсы көрсетілімді:

  • туа біткен немесе жүре пайда болған (құжат жүзінде расталған) QT аралығының ұзаруы

  • электролиттік теңгерімнің бұзылуы, атап айтқанда, түзетілмеген гипокалиемия

  • клиникалық тұрғыдан елеулі брадикардия

  • сол жақ қарыншаның лықсыту фракциясының төмендеуімен жүретін клиникалық тұрғыдан елеулі жүрек жеткіліксіздігі

  • анамнездегі симптоматикалық аритмия

Моксифлоксацин QT аралығын ұзартатын басқа препараттармен бір мезгілде қолданылмауы тиіс. Клиникалық мәліметтердің шектеулілігіне байланысты, моксифлоксацин бауыр функциясы бұзылған (Child Pugh жіктеуі бойынша С класы) пациенттерге де және трансаминазалар деңгейі жоғарғы қалып шегінен > 5 есе жоғарылаған пациенттерге де қарсы көрсетілімді.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Моксифлоксацин мен QTc аралығын ұзартуы мүмкін басқа дәрілік препараттарды қабылдағанда QT аралығы ұзаруына болуы мүмкін аддитивтік әсерін ескеру керек. Моксифлоксацин мен QT аралығына әсер ететін препараттарды бірге қолданудың салдарынан, полиморфты қарыншалық тахикардияны (torsade de pointes) қоса, қарыншалық аритмияның даму қаупі артады.

Моксифлоксацинді келесі препараттардың кез келгенімен бір мезгілде қабылдау қарсы көрсетілімді:

- аритмияға қарсы IА класты препараттар (мысалы, хинидин, гидрохинидин, дизопирамид)

- аритмияға қарсы III класты препараттар (мысалы, амиодарон, соталол, дофетилид, ибутилид)

- нейролептиктер (мысалы, фенотиазиндер, пимозид, сертиндол, галоперидол, султоприд)

- үшциклдық антидепрессанттар

- микробқа қарсы кейбір дәрілер (саквинавир, спарфлоксацин, эритромицин в/і, пентамидин, безгекке қарсы дәрілер, атап айтқанда галофантрин)

- кейбір антигистаминдік дәрілер (терфенадин, астемизол, мизоластин)

- басқа (цизаприд, винкамин в/і, бепридил, дифеманил).

Моксифлоксацинді калий деңгейін төмендететін препараттарды (мысалы, ілмектік және тиазидтік диуретиктер, іш жүргізгіштер, клизмалар (жоғары дозалардағы), кортикостероидтар, амфотерицин В) немесе клиникалық тұрғыдан елеулі брадикардиямен астасатын препараттарды қабылдап жүрген пациенттерге сақтықпен қолдану керек. Құрамында еківалентті немесе үшвалентті катиондар бар препараттар (мысалы, құрамында магний немесе алюминий бар антацидтер, диданозин таблеткалары, сукральфат және құрамында темір мен мырыш бар препараттар) мен моксифлоксацинді қабылдаудың аралығы 6 сағатқа жуық болуы тиіс.

Белсендірілген көмір

Моксифлоксацинді 400 мг дозада ішу арқылы қабылдау кезінде бір мезгілде белсендірілген көмірді қолдану препараттың сіңірілуінің айқын түрде азаюына және жүйелі биожетімділігінің 80%-ға төмендеуіне алып келді. Бұл екі препаратты бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды (артық дозалану жағдайларынан басқа кезде).

Дигоксин

Моксифлоксациннің қайталанған дозаларын дені сау еріктілерге тағайындағанда, дигоксиннің ең жоғарғы концентрациясы (Cmax) шамамен 30%-ға артты, дигоксиннің «концентрация–уақыт» қисығы астындағы ауданы (AUC) мен ең төменгі концентрациясы (Cmin) өзгерген жоқ.

Қант диабеті бар еріктілерге жүргізілген зерттеулердің нәтижелері, моксифлоксацин мен глибенкламидті бір мезгілде ішу арқылы қолданғанда, қан плазмасындағы глибенкламид концентрациясы шамамен 21%-ға азайғанын, бұл теориялық тұрғыдан транзиторлық гипергликемияның жеңіл түрінің дамуына алып келуі мүмкін екендігін көрсетті. Дегенмен, байқалған фармакокинетикалық өзгерістер фармакодинамикалық параметрлердің (қандағы глюкоза, инсулин) өзгерістеріне алып келген жоқ.

ХҚҚ (халықаралық қалыптастырылған қатынас) мәнінің өзгеруі

Антикоагулянттарды бактерияға қарсы дәрілермен (әсіресе фторхинолондар, макролидтер, тетрациклиндер, котримоксазол және кейбір цефалоспориндер) бірге қабылдаған пациенттерде ұюға қарсы препараттардың антикоагуляциялық белсенділігінің артқан жағдайлары байқалады. Қауіп факторлары инфекциялық аурудың (және қатарлас қабыну үдерісі) болуы, жас шамасы және пациенттің жалпы жағдайы болып табылады. Осыған байланысты, инфекцияның немесе емнің ХҚҚ бұзылуын тудыратын-тудырмайтындығын бағалау қиын. ХҚҚ жиі мониторинг жүргізу және қажет болған жағдайда, ұюға қарсы пероральді препараттардың дозасын түзету қажет.

Клиникалық зерттеулер моксифлоксацин мен келесі препараттарды: ранитидинді, пробеницидті, пероральді контрацептивтік дәрілерді, құрамында кальций бар қоспаларды, парентеральді қолдануға арналған морфинді, теофиллинді, циклоспоринді немесе итраконазолды бір мезгілде қолданғанда өзара әрекеттесулердің болмайтындығын көрсетті.

Адамдағы Р450 цитохромы ферменттерімен жүргізілген in vitro зерттеулер бұл тұжырымдарды растап отыр. Осы нәтижелерді ескере отырып, Р450 цитохромы ферменттерінің қатысуымен өзара метаболизмдік әрекеттесуінің ықтималдығы аз деген тұжырым жасауға болады.

Тамақпен өзара әрекеттесуі

Моксифлоксациннің сүт өнімдерін қоса, тамақпен клиникалық тұрғыдан маңызды өзара әрекеттесуі болмайды.

Айрықша нұсқаулар

Көбінесе моксифлоксацинмен емдеу, әсіресе ауырлық дәрежесі жеңіл және орташа инфекцияларды емдеу, осы бөлімдегі ақпарттармен сәйкестендірілуі тиіс.

QTс аралығының ұзаруы және QTс аралығының ұзаруымен байланысты болуы ықтимал клиникалық жағдайлар

Моксифлоксациннің кейбір пациенттерде электрокардиограммадағы QTc аралығын ұзартатыны анықталды. Клиникалық зерттеу бағдарламасынан алынған ЭКГ талдауы кезінде, моксифлоксацинді қабылдаған кезде QTc бастапқы мәнімен салыстырғанда, 1.4%-ға ұзарғаны анықталған. Әйелдер, әдетте, ерлермен саыстырғанда QTc аралығының ұзаруына бейім келетіндіктен, олар QTc аралығын ұзартатын препараттарға сезімталырақ болуы мүмкін. Егде жастағы пациенттер де QTc аралығын ұзартатын препараттардың әсеріне анағұрлым сезімтал болуы мүмкін.

Калий деңгейін азайтуы мүмкін дәрілік препараттарды моксифлоксацинді қабылдап жүрген пациенттерде сақтықпен қолдану керек.

Моксифлоксацинді жедел миокард ишемиясы немесе QT аралығының ұзаруы сияқты тұрақты проаритмогендік жағдайлары бар пациенттерге (әсіресе әйелдер мен егде жастағы пациенттерге) сақтықпен қабылдау керек, өйткені бұл қарыншалық аритмияның (пируэттік тахикардияны қоса) туындау қаупінің артуына және жүректің тоқтап қалуына алып келуі мүмкін. QT аралығының ұзару дәрежесі препараттың концентрациясы жоғарылаған кезде арта түсуі мүмкін. Сондықтан, ұсынылған дозасын арттыруға болмайды.

Емдеу кезінде жүрек аритмиясының белгілері пайда болса, препаратты қабылдауды тоқтату және ЭКГ жасау қажет.

Аса жоғары сезімталдық пен аллергиялық реакциялар моксифлоксацинді қоса, фторхинолондарды алғаш қабылдаудан кейін-ақ тіркелген.

Өте сирек жағдайларда анафилаксиялық реакциялар өмірге қауіп төндіретін анафилаксиялық шокқа дейін, кей жағдайларда препаратты алғаш қолданғаннан кейін үдеуі мүмкін. Бұл жағдайларда моксифлоксацинді қабылдауды тоқтату және қажетті емдеу шараларын (соның ішінде шокқа қарсы) жүргізу керек.

Хинолондық қатардың препараттарын қолдану құрысу ұстамасының даму қаупінің мүмкіндігімен астасады. Препаратты ОЖЖ бұзылулары бар пациенттерге, немесе ұстамаларға бейімділікті туғызуы немесе құрысу шегін төмендетуі мүмкін басқа қауіп факторлары бар кезде сақтықпен қолдану керек. Құрысулар дамыған жағдайда, моксифлоксацинді қабылдауды тоқтату және тиісінше емдеу шараларын тағайындау керек.

Хинолондарды, соның ішінде моксифлоксацинді қабылдаған пациенттерде парестезия, гипестезия, дизестезия немесе әлсіздікке алып келген сенсорлық немесе сенсомоторлық полинейропатия жағдайлары туралы хабарланды. Ауыру, күйдіріп ашыту, шаншу, ұю немесе әлсіздік сияқты нейропатия симптомдары пайда болған жағдайда, моксифлоксацинді қабылдап жүрген пациенттерге емдеуді жалғастырмас бұрын дәрігерге қаралу керек.

Психикалық реакциялар тіпті хинолондарды, соның ішінде моксифлоксацинді алғаш қолданғаннан кейін де туындауы мүмкін. Өте сирек жағдайларда, депрессиялар немесе психоздық реакциялар өзін-өзі өлтіруге әрекеттену сияқты өзіне зиян келтру үрдісіне бейімділікпен жүретін суицидтік ойлар мен мінез-құлыққа дейін үдеген. Егер пациентте мұндай реакциялар дамыса, моксифлоксацинді тоқтату және тиісінше шараларды қолдану керек. Моксифлоксацинді психоздық жағдайлары бар пациенттерге немесе анамнезінде психикалық аурулары бар пациенттерге тағайындаған кезде ерекше сақтық таныту ұсынылады.

Моксифлоксацинді қолданғанда өмірге қауіп төндіретін, соның ішінде өлімге соқтыратын бауыр жеткіліксіздігіне алып келуі ықтимал шұғыл дамыған гепатит жағдайлар туралы хабарланды. Егер сарғаюмен астасқан жылдам дамитын астения, несептің қараюы, қан кету үрдісі немесе бауыр энцефалопатиясы сияқты шұғыл дамыған гепатит белгілері мен симптомдары бар болса, пациенттер емделуді жалғастырмас бұрын тез арада дәрігерге қаралуы керек. Бауыр дисфункциясының белгілері пайда болған жағдайда, бауыр функциясына тексеру жүргізу қажет.

Буллездік тері реакциялары, мысалы, Стивенс-Джонсон синдромы немесе уытты эпидермальді некролиз (өмірге қауіп төндіруі ықтимал) дамыған жағдайлар туралы хабарланды. Тері және/немесе шырышты қабықтар тарапынан реакциялар пайда болған жағдайда, емделуді жалғастырмас бұрын тез арада дәрігерге қаралу керек.

Антибиотикпен астасқан диарея (ААД) және жалған жарғақшалы колит пен Clostridium difficile-мен астасқан диареяны қоса, антибиотикпен астасқан колит (AAК), моксифлоксацинді қоса, бактерияға қарсы әсер ету ауқымы кең препараттарды пайдаланумен байланысты тіркелді, және ауырлығы жағынан жеңіл диареядан өлімге соқтыратын колитке дейін ауытқып отыруы мүмкін. Сондықтан, моксифлоксацинді қабылдау кезінде немесе қабылдағаннан кейін күрделі диарея пайда болған пациенттердегі бұл диагнозды ескеру маңызды. Егер AAД немесе AAК күмәнді немесе расталған болып табылса, бактерияға қарсы препаратты, соның ішінде моксифлоксацинді қабылдауды тоқтату, және тиісінше емдеу шараларын тағайындау қажет. Бұдан өзге, инфекцияны бақылаудың тиісінше шаралары инфекцияның берілу қаупін азайту үшін қолданылуы тиіс. Ауыр диарея дамып келе жатқан пациенттерге ішек перистальтикасын тежейтін дәрілік препараттар қарсы көрсетілімі.

Моксифлоксацинді гравис миастениясы бар науқастарда сақтықпен пайдалану керек, өйткені препарат аталған аурудың симптомдарын өршітуі мүмкін.

Сіңірлердің (әсіресе ахилл сіңірінің), кейде екіжақты қабынуы мен үзілуі, моксифлоксацинді қоса, хинолондармен емдеу кезінде тіпті емдеу басталғаннан кейінгі 48 сағат ішінде де орын алуы мүмкін, сондай-ақ емдеуді тоқтатқаннан кейінгі бірнеше ай ішіндегі жағдайлары да тіркелген. Тендинит пен сіңірдің үзілуінің қаупі егде жастағы пациенттер мен кортикостероидтарды бір мезгілде қабылдаған пациенттерде арта түеді. Ауыру мен қабынудың алғашқы белгілері кезінде, пациенттер моксифлоксацинді қабылдауды тоқтатып, күш түскен аяқ-қолдарын жеңілдетуі және тиісінше ем қабылдау үшін (мысалы, иммобилизациялау), дереу дәрігермен кеңесуі тиіс.

Хинолондарды қолданғанда фотосезімталдық реакциялары байқалған. Алайда, зерттеулер моксифлоксацинде фотосезімталдықтың даму қаупінің төмендеу екендігін көрсетті. Дегенмен, пациенттерге моксифлоксацинмен емделу кезінде УК сәуленің немесе тікелей түсетін күн сәулесінің әсеріне ұшырамау керек.

Кіші жамбас ағзаларының асқынған қабыну аурулары (мысалы, тубоовариальді немесе жамбас абсцестерімен байланысты) бар, вена ішіне енгізу арқылы емдеу көрсетілген пациент әйелдер үшін, моксифлоксацинді 400 мг таблеткалар түрінде қабылдау ұсынылмайды.

Кіші жамбас ағзаларының қабыну аурулары фторхинолондарға төзімді Neisseria gonorrhoeae-ден туындауы мүмкін. Сондықтан, мұндай жағдайларда, моксифлоксацинге төзімді Neisseria gonorrhoeae штамдарының болуы жоққа шығарылуы мүмкін жағдайлардан басқа кезде, моксифлоксацинмен эмпирикалық емді басқа сәйкесінше антибиотиктермен (мысалы, цефалоспоринмен) бірге тағайындау керек. Егер 3 күн емдеуден соң клиникалық жақсаруға қол жеткізілмесе, емдеуді қайта қарастыру қажет.

Моксифлоксацин метициллинге резистентті Staphylococcus aureus (MRSA) штамдарынан туындаған инфекцияларды емдеу үшін ұсынылмайды. Метициллин-резистентті стафилококтан туындаған, күмәнді немесе расталған инфекция пайда болған жағдайда, бактерияға қарсы тиісінше препаратпен ем тағайындау қажет.

Моксифлоксациннің микобактериялардың көбеюін бәсеңдетуге қабілеттілігі Mycobacterium spp-ға жүргізілген тест нәтижелеріне әсер етуі мүмкін, ол осы кезеңде моксифлоксацинмен ем жүргізіліп жатқан пациенттің үлгілерін талдау кезінде жалған-теріс нәтижелерге алып келуі мүмкін.

Басқа фторхинолондармен жағдайдағы сияқты, моксифлоксацинді қолданғанда гипо- және гипергликемияны қоса, қандағы глюкоза концентрациясының өзгергені байқалды. Моксифлоксацинмен емдеу аясында дисгликемия көбінесе қант диабеті бар, пероральді гипогликемиялық препараттармен (мысалы, сульфонилмочевина препараттарымен) немесе инсулинмен қатарлас ем қабылдап жүрген егде жастағы пациенттерде туындаған. Қант диабеті бар пациенттерде ем жүргізу кезінде қандағы глюкоза концентрациясының мұқият мониторингі ұсынылады.

Моксифлоксацинді бүйрек аурулары бар егде жастағы пациенттерге, егер олар сұйықтықты талапқа сай тұтынуды ұстануға қабілетсіз болса, сақтықпен тағайындау керек, өйткені сусыздану бүйрек жеткіліксіздігінің даму қаупін арттыруы мүмкін.

Көру бұзылулары немесе көз тарапынан басқа симптомдар дамыған жағдайда, дереу окулиске қаралу керек.

Отбасылық анамнезінде немесе глюкозо-6-фосфат-дегидрогеназаның нақты тапшылығы бар пациенттер хинолондармен емдеу кезінде гемолиздік реакцияларға бейім келеді. Моксифлоксацинді бұл пациенттерге сақтықпен тағайындау керек.

Галактозаны көтере алмаушылықтың сирек тұқым қуалайтын қиындықтары, лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактоза сіңірілуінің бұзылуы бар пациенттер бұл дәріні қабылдамауы тиіс.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік

Моксифлоксациннің әйелдерде жүктілік кезінде қабылдануының қауіпсіздігіне баға берілген жоқ. Жануарларға жүргізілген зерттеулер тұқым өрбітуге уыттылығын көрсетті. Адам үшін ықтимал қаупі белгісіз. Шала туылған жануарларда ірі буындардың шеміршектерінің фторхинолондармен зақымдануы және кейбір фторхинолондарды қабылдаған балаларда сипатталған буындардың қайтымды жарақаттары жөніндегі клиникаға дейінгі мәліметтерге байланысты, моксифлоксацин жүкті әйелдерге тағайындалмауы тиіс.

Бала емізу

Препараттың әйелдерде бала емізу кезеңінде қолданылуы жөніндегі мәліметтер жоқ. Клиникаға дейінгі зерттеулерден, моксифлоксациннің аздаған мөлшері емшек сүтіне бөлінетіндігі анықталды. Моксифлоксацинді бала емізу кезінде тағайындау қарсы көрсетілімді.

Дәрілік заттың автокөлік және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.

ОЖЖ-ға әсері мен көрудің бұзылуы салдарынан, препарат пациенттердің көлік құралын басқару және жоғары зейін қою мен жылдам психомоторлық реакцияны қажет ететін қауіптілігі зор басқа қызмет түрлерімен шұғылдануға қабілеттілігін бұзуы мүмкін.

Артық дозалануы

Артық дозалануы жөніндегі деректер шектеулі.

Артық дозаланған жағдайда клиникалық көріністі бағдарға алу және ЭКГ-мониторингілеумен симптоматикалық демеуші ем жүргізу керек. Дереу белсендірілген көмірді қабылдау моксифлоксациннің жүйелі әсер етуінің шамадан тыс артуын болдырмауға көмектеседі.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пшінді ұяшықты қаптамада 5 таблеткадан.

1 немесе 2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Скан Биотек Лимитед, Үндістан

Тіркеу куәлігі ұстаушысының атауы және елі

Роутек Лимитед, Ұлыбритания

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын және тіркеуден кейін дәрілік заттың қауіпсіздігін бақылауға жауапты ұйымның мекенжайы

Досмухаметов к-сі, 89 үй, «Каспий» бизнес орталығы, 238 кеңсе, Алматы қ., Қазақстан Республикасы.

Тел./факс: 7 (727) 2921960, amitshri75@gmail.com

 

 

Прикрепленные файлы

931449171477976196_ru.doc 158 кб
398054271477977444_kz.doc 211 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники