Роноцит (100мг/мл)

МНН: Цитиколин натрия
Производитель: "Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш."
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Citicoline
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023305
Информация о регистрации в РК: 05.12.2022 - 05.12.2032

Инструкция

Дәрілік затты медициналық қолдану

жөніндегі нұсқаулық

Роноцит

Саудалық атауы 

Роноцит

Халықаралық патенттелмеген атауы 

Цитиколин

Дәрілік түрі

Ішуге арналған ерітінді, 100 мг/мл

Құрамы

Препараттың 1 мл құрамында

белсенді зат - натрий цитиколині 104.50 мг (100.00 мг цитиколинге баламалы)

қосымша заттар: сұйық кристалданбайтын сорбитол, глицерин, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, натрий цитраты дигидраты, натрий сахарині, Понсо бояғышы 4R (E124), құлпынай эссенциясы, калий сорбаты, лимон қышқылы моногидраты, тазартылған су.

Сипаттамасы 

Біртекті мөлдір ашық-қызғылт түсті ерітінді.

Фармакотерапиялық тобы

Жүйке жүйесі. Психоаналептиктер. Зейін тапшылығы және аса жоғары белсенділік кезінде қолданылатын психостимуляторлар (ADHD -Attention deficit hyperactivity disorder) және  ноотропты дәрілер. Басқа психостимуляциялаушы және  ноотропты дәрілер. Цитиколин.

АТХ коды N06ВХ06

Фармакологиялық қасиеттері 

Фармакокинетикасы

Сіңірілуі

Цитиколин ішу арқылы қабылдаған кезде жақсы сіңеді. Пероральді қабылдағаннан кейін сіңірілуі толық дерлік, ал биожетімділігі вена ішіне енгізгеннен кейінгімен шамамен бірдей.

Метаболизмі

Препарат   холин мен цитидинді түзе отырып, ішекте және бауырда метаболизденеді. Препаратты қабылдаудан кейін плазмадағы холин концентрациясы едәуір жоғарылайды.

Таралуы

Цитиколин холин фракциясының құрылымдық фосфолипидтерге және цитидин фракциясының цитидин нуклеотидтеріне және нуклеин қышқылдарына жылдам енгізілуімен ми құрылымдарында елеулі дәрежеде таралады. Цитиколин миға өтеді және құрылымдық фосфолипидтер фракциясының бөлшегін түзе отырып, жасушалық, цитоплазмалық және митохондриялық жарғақшаларда белсенді орналасады.

Шығарылуы.

Цитиколиннің енгізілген дозасының тек 15%-ы ғана организмнен шығарылады: 3%-дан азы – бүйрекпен және ішек арқылы, ал 12%-ға жуығы деммен көмірқышқыл газымен сыртқа шығарылған.

Цитиколиннің несеппен шығарылуын 2 фазаға бөлуге болады: 36 сағатқа жуық созылатын, бөлініп шығу жылдамдығы жылдам төмендейтін алғашқы фаза және шығарылу жылдамдығы баяуырақ азаятын екінші фаза. Деммен шығарылатын көмірқышқыл газымен де дәл осылай болады  -  бөлініп шығу жылдамдығы шамамен 15 сағаттан соң жылдам азаяды, соңынан барынша баяуырақ төмендейді.

Фармакодинамикасы

Цитиколин, жасушалық жарғақшаның  негізгі ультрақұрылымдық компоненттері ізашары бола отырып (негізінен фосфолипидтер), кең ауқымды әсерге ие: жасушалардың зақымданған жарғақшаларының қалпына келуіне ықпал етеді, фосфолипаза әсерін тежейді, бос радикалдардың артық түзілуіне кедергі етіп, сондай-ақ апоптоз механизміне әсер етіп  жасушалардың қырылуының алдын алады. Инсульттің жедел кезеңінде цитиколин ми тіндерінің зақымдану көлемін азайтады, холинергиялық берілісті жақсартады. Бас сүйек-ми жарақатында жарақаттан кейінгі команың ұзақтығын және неврологиялық симптомдар айқындығын азайтады, бұдан басқа қалпына келу кезеңінің ұзақтығын азайтуға көмектеседі. Мидың созылмалы гипоксиясы кезінде цитиколин жадының нашарлауы, жігерсіздік, күнделікті әрекеттер жасаудағы қиындықтар және өзіне-өзі қызмет көрсету сияқты когнитивті бұзылыстарды емдеу кезінде тиімді. Сана мен зейін қою деңгейін арттырады, сондай-а амнезияның белгілерін азайтады.

Цитиколин этиологиясы дегенеративті және қантамырлық болатын сезімталдық және қозғалыстық неврологиялық бұзылуларды емдеуде тиімді.

Қолданылуы 

- инсульт және оның салдарында

- бассүйек-ми жарақаты және оның салдарында

- дегенерациялық өзгерістер мен қантамырлық бұзылулар туындатқан когнитивтік, сезімталдық және қозғалыстық неврологиялық бұзылыстарда.

Қолдану тәсілі және дозалары

Роноцитті пероральді тағайындайды. Препаратты қолданар алдында судың аздаған мөлшерінде сұйылтуға болады (120 мл немесе ½ стақанда). Препаратты тамақтану кезінде немесе тамақтану арасында қабылдайды.

Ұсынылған дозалау режимі:

Инсульт және оның салдары: 1000 мг (10 мл) әр 12 сағат сайын. Емдеудің ұзақтығы 6 аптадан кем емес.

Бассүйек-ми жарақаты және оның салдары, дегенерациялық өзгерістер мен қантамырлық бұзылулар туындатқан когнитивтік, сезімтал және қозғалыстық неврологиялық бұзылыстар: тәулігіне 500-2000 мг (тәулігіне 1-2 рет 5-10 мл). Емдеудің дозасы мен ұзақтығы ауру симптомдарының ауырлығына байланысты.

Препаратты егде жастағы пациенттерге тағайындау кезінде дозаны түзетудің қажеті жоқ.

Жағымсыз әсерлері 

Өте сирек (< 1/10000) (жекелеген жағдайларды қоса):

  • аллергиялық реакциялар (бөртпе, терінің қышынуы, анафилаксиялық шок)
  • бас ауыруы
  • бас айналуы
  • ыстықты сезіну
  • тремор
  • жүректің айнуы
  • құсу
  • диарея
  • елестеулер
  • ісінулер
  • ентігу
  • ұйқысыздық
  • қозу
  • диспноэ
  • тәбеттің төмендеуі
  • салданған аяқ-қолдың ұйып қалуы
  • бауыр ферменттері белсенділігінің өзгеруі
  • парасимпатикалық жүйені стимуляциялау нәтижесінде артериялық қысымның қысқа мерзімге өзгеруі

Қолдануға болмайтын жағдайлар 

  • препараттың кез келген компонентіне аса жоғары сезімталдық
    • айқын ваготониясы бар пациенттер (вегетативті жүйке жүйесінің парасимпатикалық бөлігі тонусының жоғары болуы)
    • құрамында сорбитолдың болуы себепті фруктозаның жеткіліксіз ферменттік ыдырауы (мальабсорбция синдромы)
    • 18 жасқа дейінгі балалар
    • жүктілік, лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі 

Цитиколин леводопаның әсерін күшейтеді. 

Құрамында меклофексонат бар дәрілік заттармен бір мезгілде қабылдауға болмайды.

Айрықша нұсқаулар 

Суықта консерванттың уақытша ішінара кристалдануы салдарынан кристалдардың болмашы мөлшері түзілуі мүмкін. Ұсынылған жағдайда бұдан әрі сақтағанда кристалдар бірнеше ай ішінде ериді. Кристалдың болуы препарат сапасына әсер етпейді.

Жүктілік және лактация кезеңі

Цитиколинді жүкті әйелдердің қолдануы жөнінде жеткілікті деректер жоқ. Препаратты жүктілік кезінде ана денсаулығы үшін болжамды пайдасы шаранаға төнетін зор қауіптен артық болатын жағдайларда ғана қолдануға болады.

Препаратты әйелдерге лактация кезеңінде тағайындаған кезде емшек емізуді тоқтату керек, себебі цитиколиннің емшек сүтіне бөлінуі туралы деректер жоқ.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Цитиколин көлік құралдарын басқару және механизмдерді пайдалану қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы 

Препараттың төмен уыттылығын ескере отырып, емдік дозаны арттырған жағдайда артық дозалану жағдайлары сипатталмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 мл препараттан алғашқы ашылуын бақылауды қамтамасыз ететін бұралып жабылатын пластик қақпақпен тығындалған түссіз мөлдір шыны құтыға салынады.

10 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

30 мл препараттан алғашқы ашылуын бақылауды қамтамасыз ететін бұралып жабылатын пластик қақпақпен тығындалған түссіз мөлдір шыны құтыға салынады.

1 құты өлшеуіш шприцпен және медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш.»

Багджилар Илчеси, Гюнешли, Эврен Махаллеси, Джама Йолу Джад. № 50 К. 1В Земин 4-5-6, Стамбул, Түркия

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«УОРЛД МЕДИЦИН ЛТД»

Тбилиси, Грузия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электрондық пошта):

«TROKA-S PHARMA» ЖШС, ҚР, Алматы қ., Түрксіб ауданы, Сүйінбай даңғ., 222 б

Тел/факс: 8(7272) 529090

www.worldmedicine.kz


Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электрондық пошта):

«TROKA-S PHARMA» ЖШС, ҚР, Алматы қ., Түрксіб ауданы, Сүйінбай даңғ., 222б

Ұялы тел +7 701 786 33 98, (24 сағат қолжетімді).
e-mail: pvpharma@worldmedicine.kz

 

Прикрепленные файлы

Роноцит_каз.doc 0.06 кб
Роноцит.docx 0.03 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники