Ромашки цветки

МНН: Ромашки аптечной цветки
Производитель: Зерде-Фито ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты для лечения функциональных нарушений со стороны ЖКТ
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-3№021568
Период регистрации: 04.04.2018 - 04.04.2023

Инструкция

Саудалық атауы

Түймедақ гүлдері

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

30 г, 50 г гүлдер

Құрамы

Бір қорапшаның ішіндебелсенді зат – 30 г, 50 г түймедақ гүлдері.

Сипаттамасы

Бүтін немесе біршама үгітілген жартылай шар тәрізді немесе конус пішінді, гүлденгішсіз немесе олардың 3 см ұзын болмайтын қалдықтары бар гүл себеттері. Шеткергі жалған тілшікті гүлдің түсі құлпырған ақ, ортаңғы түтікше гүлдің мөлшері - көбірек сары түсті.

Қуысты, жалаң гүлтұғыр себеті. Иісі күшті, хош иісті. Дәмі татымды, ащылау, аздаған шырышты.

Фармакотерапиялық тобы

АІЖ функциональды бұзылуларын емдеуге арналған препараттар.

АТХ коды А03

Фармакологиялық қасиеттері

Түймедақ гүлдерінің құрамында: эфир майы, оның құрамына терпинен, лимонен, цинеол, цимен, кадинен; флавоноидтар, никотин, аскорбин, каприл, антемис, изовалерьян, салицил қышқылдары, кумариндер, холин, фитостериндер, каротин, ащылар, шырыштар, шайыр, қант, ақуыз заттары, сондай-ақ спазмолитикалық әсер ететін гликозидтер бар.

Түймедақ гүлдерінің биологиялық белсенді заттары өттің түзілуін және өттің шығарылуын көтермелейтін қабынуға қарсы, антисептикалық, тұтқыр, спазмолитикалық әсері бар.

Қолданылуы

Жиынтық ем құрамында

- ішек түйілулерінде, метеоризмде, диареяда

- гастритте, он екі елі ішек және асқазанның ойық жараларында

Сыртқа

- стоматитте, гингивитте, баспа кезінде шаю үшін

Қолдану тәсілі және дозалары

5 грамм (2 ас қасық) түймедақ гүлдерін эмальданған ыдысқа салады, 200 мл (1 стақан) ыстық қайнаған суды құяды, қақпақпен жауып, қайнаған суда қыздырады (су моншасында) 30 минут бойы жиі араластырады да, бөлме температурасында 10 минут салқындатады, сүзіп, қалған шикізатты сығады. Алынған тұнба көлемін қайнаған сумен 200 мл жеткізеді. Тұнбаны салқын жерде 2 тәуліктен аса сақтауға болмайды.

Ішке. Ересектер және 12 жастан асқан балалар 2-3 ас қасықтан ас ішкеннен кейін күніне 2-3 рет жылы күйде ішу қажет.

3 жасқа дейінгі балаларға 1 шай қасықтан, 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларға 1 ас қасықтан, 7-12 жастағылар 1-2 ас қасықтан ас ішкеннен кейін күніне 2-3 рет жылы күйде ішу қажет. Емдеу курсын дәрігер тағайындайды.

Сыртқа ауыз қуысын, тамақты шаюға арналған. ½-1 стақаннан жылы тұнбаны күніне 3-4 рет қолданады. Емдеу курсы 5-6 күн.

Жағымсыз әсері

- аллергиялық реакциялар болуы мүмкін

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- түймедақ гүлдеріне жеке жоғары сезімталдық болуы мүмкін.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Балаларда

Дәрігердің тағайындауымен қолданылуы мүмкін.

Жүктілік, лактация

Дәрігердің тағайындауымен қолданылуы мүмкін.

Препараттың автокөлік құралдарын жүргізуге және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты қолдану автокөлік құралдарын және қауіпті деп саналатын механизмдерді басқаруға әсер етпейді.

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

30 г және 50 г препараттары бар полиэтиленді немесе полимерлі және біріктірілген материалдан жасалған немесе полипропиленді пакеттер медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдерінде қысқаша аңдатпа жазылған картон қорапшаға салынған.

Қорапшаны полиэтиленді немесе полипропиленді үлбірмен жабындайды, одан кейін қораптық картоннан жасалған топтамалық тасымалдау ыдысына, медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтың санына сай бірге салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

1 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Зерде - Фито» ЖШС, Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қ., Химфармзауыты ық.ауд., 2/1

Тіркеу куәлігінің иесі

«Зерде - Фито» ЖШС, Қазақстан.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Зерде - Фито» ЖШС, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қ., Химфармзауыты ық.ауд., 2/1,

тел./факс +7 (7252) 50-34-50, 50-37-06, 50-37-27, е-mail: kontakt@ zerdеfito.kz

Прикрепленные файлы

760101871477976410_ru.doc 44.5 кб
050974761477977612_kz.doc 49.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники