Розулип® (5 мг)

МНН: Розувастатин
Производитель: ЗАО "Фармацевтический завод ЭГИС"
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Rosuvastatin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№121915
Период регистрации: 22.09.2017 - 22.09.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Розулип®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Pозувастатин

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған таблеткалар 5 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 5 мг розувастатин (5,34 мг мырыш розувастатиніне баламалы),

қосымша заттар: лудипресс (лактоза моногидраты, повидон, кросповидон), кросповидон (ХL10), магний стеараты, Оpadry II ақ 85F 18422 (поливинил спирті, титанның қостотығы (Е 171), макрогол 3350, тальк).

Сипаттамасы

Ақ немесе ақ дерлік, дөңгелек аздап екі жағы дөңес, иіссіз немесе иіссіз дерлік, бір жағында Е әрпі және екінші жағында 591 нөмірі бедерленген қабықпен қапталған таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Гиполипидемиялық препараттар. HMG-CoA редуктаза тежегіштері.

Pозувастатин.

АТХ коды С10А А07

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Қан плазмасында розувастатиннің ең жоғары концентрациясына ішке қабылдағаннан кейін шамамен 5 сағаттан соң жетеді. Абсолютті биожетімділігі шамамен 20% құрайды. Розувастатиннің басым бөлігі бауырмен сіңіріледі, мұнда холестериннің негізгі синтезі және Хс-ТТЛП шығарылуы жүреді. Розувастатиннің таралу көлемі шамамен 134 л құрайды. Розувастатиннің 90%-ға жуығы плазма ақуыздарымен, басым бөлігі альбуминмен байланысады. Розувастатин болмашы дәрежеде метаболизмге ұшырайды (10%-ға жуығы). Розувастатин Р450 цитохромы жүйесінің изоферменттері үшін профильді емес субстрат болып табылады. CYP2C9 розувастатиннің метаболизміне қатысатын негізгі ферменті болып табылады. CYP2С19, CYP3А4 және CYP2D6 ферменттері метаболизмге аз дәрежеде қамтылған.

Розувастатиннің негізгі туындылары N-десметил және лактонды метаболиттер болып табылады. Розувастатинмен салыстырғанда, N-десметил белсенділігі шамамен 50%-ға төмен, лактонды туындылар фармакологиялық белсенді емес. Розувастатин айналымдағы 90%-дан асатын HMG-CoA-редуктазаның белсендiлiгiн басуды қамтамасыз етедi. Розувастатин дозасының 90%-ға жуығы нәжіспен (сіңген және сіңірілмеген розувастатинді қоса) өзгермеген түрде шығарылады. Дозаның қалған бөлігі несеппен шығарылады. Препарат дозасының 5%-ға жуығы несеппен өзгермеген түрде шығарылады. Қан плазмасынан препараттың жартылай шығарылу кезеңі шамамен 19 сағатты құрайды.

Жартылай шығарылу кезеңі препараттың дозасын ұлғайту кезінде өзгермейді. Орташа геометриялық плазмалық клиренсі шамамен сағатына 50 литр құрайды (ауытқу коэффициенті 21.7%). HMG-CoA-редуктазасының басқа тежегіштеріне ұқсас розувастатиннің бауырды тұрақтату үдерісінде Розулиптің бауырдан шығарылуында маңызды роль атқаратын С (OATP-C) типті органикалық аниондарының жарғақшалық ақуыз-тасымалдағышы қатысады. Розувастатиннің жүйелік биожетімділігі дозаға пропорциональді ұлғаяды. Препаратты тәулігіне бірнеше рет қолданған кезде фармакокинетикалық параметрлері өзгермейді.

HMG-CoA-редуктазаның басқа тежегіштері жағдайындағыдай розувастатиннің бауыр қармауының үдерісінде Розулиптің бауырдан шығарылуында маңызды рөл атқаратын холестериннің жарғақшалы тасымалдаушылығына қатыстырады.

Розувастатиннің жүйелік экспозициясы дозаға пропорциональді ұлғаяды.

Пациенттердің айрықша топтары

Жасы және жынысы: Розувастатиннің фармакокинетикалық қасиеттеріне жасының және жынысының клиникалық елеулі әсері байқалмады. Отбасылық гетерозиготты гиперхолестеринемиямен балаларға және жасөспірімдерге қолданған кезде розувастатиннің фармакокинетикасы ересек пациенттердің фармакокинетикасына ұқсас болған.

Нәсілі: Фармакокинетикалық зерттеулердің нәтижелері ақ еуропалық нәсілді тұлғалармен салыстырғанда, азиат нәсілді тұлғаларда (жапон, қытай, филиппин, вьетнам және корей) «концентрация-уақыт» (area under the curve, AUC) қисығында орташа ауданы және қан плазмасында (Cmax) препараттың ең жоғары концентрациясы шамамен 2 есе жоғары екендігін мәлімдейді. Үнділіктерде бұл көрсеткіштер еуропалық нәсілді тұлғаларға қарағанда, шамамен 1,3 есе жоғары. Популяциялық фармакокинетиканы талдау ақ және негроидты нәсілдердің арасында розувастатиннің фармакокинетикалық параметрлерінде клиникалық елеулі ерекшеліктерді анықтамаған.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер. Бүйрек функциясының жеңіл немесе орташа бұзылуы қан плазмасында розувастатиннің немесе N-десметил-метаболиттің концентрациясына әсер етпеген. Ауыр бүйрек жеткіліксіздігімен пациенттерде (креатинин клиренсі <30 мл/мин) розувастатиннің және N-десметил-метаболиттің концентрациясы дені сау пациенттерге қарағанда, тиісінше 3 және 9 есе жоғары болған. Гемодиализ сеансын қабылдайтын пациенттерде розувастатиннің плазмалық концентрациясы тепе-теңдік жағдайында дені сау пациенттерге қарағанда 50%-ға жоғары болған.

Генетикалық полиморфизм. OATP1B1 және BCRP тасымалдаушы ақуыздар ГМГ-КоА-редуктазаның оның ішінде розувастатиннің де тежегіштерін шығаруға қатысады.

SLCO1B1 (OATP1B1) және/немесе ABCG2 (BCRP) генетикалық полиморфизмімен пациенттерде розувастатин экспозициясының жоғарылау қаупі бар.

SLCO1B1 c.521CC және ABCG2 c.421AA жекелей полиморфизмі үшін розувастатиннің экспозициясының (AUC) SLCO1B1 c.521TT және ABCG2 c.421CC генотиптерімен салыстырғанда сәйкесінше 1.7 есе және 2.4 есе жоғарылауы сипатты.

Фармакодинамикасы

Розулип – селективті, 3-гидрокси-3-метилглутарил-коэнзим А мевалонатқа өзгеруді катализдейтін HMG-CoA-редуктазасы–ферментінің бәсекелес тежегіші, холестериннің ізашары. Розувастатин әсерінің негізгі нысанасы бауыр болып табылады, мұнда холестериннің синтезі (ХС) және тығыздығы төмен липопротеиндердің (ТТЛП) катаболизмі жүзеге асырылады.

Розувастатин жасушалардың беткейіндегі ТТЛП бауыр рецепторларының санын ұлғайтады, оның есебінен ТТЛП қармауы және катаболизмі күшейеді және бауырда тығыздығы өте төмен липопротеидтердiң (ТӨТЛП) синтезі басылады. Нәтижесінде ТӨТЛП және ТТЛП жалпы саны төмендейді.

Розулип ТТЛП холестеринінің (Хс-ТТЛП), жалпы холестериннің және триглицеридтердің (ТГ), жоғары құрамын төмендетеді, тығыздығы жоғары липопротеидтер холестеринінің (Хс-ТЖЛП) деңгейін жоғарылатады, сондай-ақ аполипопротеин В (АпоВ), ТЖЛП емес холестерині (Хс-ТЖЛП), ТӨТЛП холестерині (Хс-ТӨТЛП), ТӨТЛП триглицеридтері (ТГ-ТӨТЛП) құрамын төмендетеді және А-I аполипопротеині (АпоА-I) құрамын ұлғайтады, Хс-ТТЛП/Хс-ТЖЛП арақатынасын төмендетеді, жалпы холестерин/Хс-ТЖЛП, Хс-ТЖЛП емес/Хс-ТЖЛП және АпоВ/АпоА-I төмендетеді (1-кестені қараңыз).

1-кесте. Алғашқы гиперхолестеринемиямен (IIа және IIb типті) пациенттердi емдеу кезiнде препараттың әртүрлі дозаларының әсерлері (бастапқы деңгеймен салыстырғанда түзетiлген орташа пайыздық өзгерiстер)

Дозасы

N

Хс-ТТЛП

Жалпы холестерин

Хс- ТЖЛП

Триглицеридтер

Хс- ТЖЛП емес

АпоВ

АпоА‑I

Плацебо

13

-7

-5

3

-3

-7

-3

 

5 мг

17

-45

-33

13

-35

-44

-38

4

10 мг

17

-52

-36

14

-10

-48

-42

4

20 мг

17

-55

-40

8

-23

-51

-46

5

40 мг

18

-63

-46

10

-28

-60

-54

 

Терапиялық әсері препаратпен емдей бастағаннан кейiн бiр апта iшiнде айқындалады, 2 апта емдегеннен кейiн барынша мүмкiн болатын әсердің 90%-на жетедi. Ең жоғары терапиялық әсерге әдетте 4-аптаға таман жетедi және жүйелi қабылдау кезінде сақталып тұрады.

Розулип IIа және IIb типті гиперхолестеринемиямен пациенттердің көпшілігін емдеу кезінде тиімді (Хс-ТТЛП орташа бастапқы деңгейі шамамен 4,8 ммоль/л құрайды) және Еуропалық атеросклерозды зерделеу қоғамының ұсынымдарында берілген мақсатты көрсеткіштерге сәйкес келеді (European Atherosclerosis Society, EAS; 1998). Дозасы 10 мг препаратты қабылдайтын пациенттердің шамамен 80%-ы Хс-ТТЛП (<3 ммоль/л) мақсатты деңгейіне жеттi.

Қолданылуы

- алғашқы гиперхолестеринемияда (II а типі: тұқым қуалаған АпоВ ақауы, аутосомды-рецессивті гиперхолестеринемия, аутосомды-доминантты гиперхолестеринемия, ситостеролемия, полигенді гиперхолестеринемия) немесе аралас дислипидемияда (IIb типі) диетаға қосымша ретінде, тамақтануды түзету және басқа да емдеудің дәрілермен емес әдістерінің (мысалы, дене жаттығулары, дене массасының төмендеуі) тиімділігі жеткіліксіз болған жағдайларда

- гомозиготалы тұқым қуалаған гиперхолестеринемияны емдеуде диетаға және емдеудің басқа әдістеріне және қандағы (мысалы, ТТЛП -аферез) липидтер деңгейін төмендетуге бағытталған басқа әдістерге қосымша ретінде, сондай-ақ осы әдістер тиімділігі жеткіліксіз болған жағдайларда

- басқа қауіп факторларын түзетуге қосымша ретінде, алғашқы жүрек-қантамыр жағдайларына бейімділіктің жоғары мүмкіндігімен пациенттерде жағымсыз жүрек-қантамыр жағдайларының алдын алуда

- аурудың өршуін баяулату үшін липидтерді төмендететін емді қажет ететін пациенттерде атеросклерозды емдеуде

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты дәрiгердiң қатаң тағайындауы бойынша қолданады!

Розулипті ас қабылдауға қарамастан, тәуліктің кез келген уақытында қабылдауға болады.

Пациенттің Розулиппен емдеу басталғанға дейiн және курсы бойы холестериннiң төмен құрамымен стандартты емдәмді сақтауы керек. Емдеу мақсатына және емдеуге жауапқа қарай, препараттың дозасын жекелей іріктеу керек.

Гиперхолестеринемияны емдеу

HMG-CoA-редуктазасының басқа тежегішімен ем қабылдайтын пациенттер, сондай-ақ бұрын статиндерді қабылдамаған тұлғалар үшін препараттың ұсынылған бастапқы дозасы тәулігіне бір рет 5 немесе 10 мг құрайды. Бастапқы дозаны таңдау кезінде холестерин құрамының деңгейін басшылыққа алу және жүрек-тамыр асқынуларының мүмкiн болатын қаупін назарда ұстау, сондай-ақ жағымсыз әсерлердің даму қаупін бағалау қажет.

Қажеттiлiк жағдайында препаратты 4 апта қабылдағаннан кейiн дозаны ұлғайтуға болады.

40 мг дозаны қабылдау кезінде жағымсыз әсерлердің мүмкiн болатын дамуына байланысты дозаны барынша 40 мг-ге дейін жоғарылатуды 20 мг дозаны қабылдау кезінде емдеудің күтілетін нәтижесiне қол жетпеген, ауыр гиперхолестеринемиямен және жүрек-тамыр асқынуларының жоғары қаупімен (әсiресе тұқым қуалаған гиперхолестеринемиямен) пациенттерде ғана қарастыруға болады. Дозасы 40 мг препаратты қабылдайтын пациенттерді бақылау ұсынылады. Сондай-ақ дозасы 40 мг Розулип препаратымен емдеуді дәрiгердің бақылауымен бастау ұсынылады.

Жүрек-қантамырлық жағдайлардың алдын алу

Жүрек-қантамырлық аурулардың даму қаупін азайтуға қатысты зерттеулерде препарат күніне 20 мг дозада қабылданды.

Балалар мен жасөспірімдерге қолдану

Балалар мен жасөспірімдерге қолдану маманның бақылауымен ғана жүргізілуі тиіс.

10-нан 17 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер (Таннер II сатысындағы және одан жоғары сатыдағы ұлдар, етеккiр циклы басталғаннан кейін кемінде бір жылдан кейiн қыз балалар):

Гетерозиготты тұқым құалайтын гиперхолестеринемиямен балалар және жасөспірімдер үшін әдетте бастапқы доза күніне 5 мг құрайды. Дозаның әдеттегі диапазоны – тәулігіне 5-20 мг пероральді. Педиатрияда қолдану ұсынымдарына сәйкес дозаны ұлғайту пациенттердің жеке жауабына және көтере алушылығына қарай жүргізілуі керек. Розувастатинмен емдей бастағанға дейін балалар мен жасөспірімдерге емдеу уақытында да сақтау қажет, стандартты холестиринді төмендететін емдәмді тағайындау керек. 20 мг артық дозаның қауіпсіздігі мен тиімділігі бұл топтағы пациенттер үшін зерттелмеген.

40 мг таблеткаларды 17 жасқа толмаған пациенттерді емдеу үшін қолдануға болмайды.

10 жасқа дейінгі (8-ден 10 жасқа дейінгі), тұқым қуалайтын гомозиготалы гиперхолестеринемиядан зардап шегетін балаларда препаратты қолдану тәжірибесі шектеулі. Сондықтан 10 жасқа дейінгі балаларды розувастатинмен емдеу ұсынылмайды.

Егде пациенттер

Дозаны түзету талап етілмейді. 70 жастан асқан пациенттер үшін препараттың ұсынылған бастапқы дозасы 5 мг құрайды.

Бүйрек жеткіліксіздігімен пациенттер

Ауырлығы жеңіл немесе орташа дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігімен пациенттерге дозаны түзету талап етілмейді. Бүйрек функциясының орташа бұзылуымен пациенттерге (креатинин клиренсі<60 мл/мин) препаратты қабылдауды 5 мг дозадан бастау ұсынылады. 40 мг дозаны орташа бүйрек жеткіліксіздігімен пациенттерге қолдануға болмайды. Ауыр бүйрек жеткіліксіздігі кезінде кез келген дозаларда препаратты қолдануға болмайды.

Бауыр жеткіліксіздігімен пациенттер

Child-Pugh шкаласы бойынша 7 балдан жоғары бағасымен пациенттерде розувастатиннің экспозициясы жоғарылаған жоқ. Дегенмен Child-Pugh шкаласы бойынша 8 және 9 балл бағасымен пациенттерде жүйелік биожетімділігінің ұлғаюы байқалған. Child-Pugh шкаласы бойынша 9 балдан жоғары бағасымен пациенттерде препаратты қолдану тәжірибесі жоқ. Розулип препаратын белсенді фазадағы бауыр ауруымен пациенттерге қолдануға болмайды.

Нәсілі

Препараттың жоғарғы жүйелік биожетімділігі азиялық нәсілдегі пациенттерде тіркелген. Азиялық тектегі тұлғаларға препараттың ұсынылған бастапқы дозасы 5 мг. Пациенттердің осы тобына Розулип 40 мг дозадағы емі қарсы көрсетілімде.

Генетикалық полиморфизм

SLCO1B1 (OATP1B1) c.521CC және ABCG2 (BCRP) c.421AA генотиптер SLCO1B1 c.521TT және ABCG2 c.421CC генотиптермен салыстырғанда розувастатиннің жоғары экспозициясымен қатар жүреді. c.521CC немесе c.421AA генотипі белгісіз пациенттерге Розулип препаратының қабықпен қапталған таблеткасының ұсынылатын ең жоғарғы дозасы күніне 20 мг құрайды.

Миопатияға бейім пациенттер

Миопатия дамуына бейім факторлармен пациенттерге дозасы 40 мг препаратты тағайындауға болмайды. Пациенттердің аталған тобы үшін ұсынылған бастапқы дозасы 5 мг құрайды.

Басқа препараттармен бірге қолдану

Розувастатин әртүрлі тасымалдаушы ақуыздардың (мысалы, OATP1B1 және BCRP) субстраты болып табылады. Розувастатинді жоғарыда аталған тасымалдаушы ақуыздармен (мысалы, циклоспорин, сондай-ақ кейбір протеаза тежегіштері, оның ішінде ритонавирдің атазановирмен, лопинавирмен және/немесе типранавирмен біріктірілімі) өзара әрекеттесуі нәтижесінде розувастатиннің плазмадағы концентрациясын жоғарылатуға қабілетті кейбір препараттармен бір мезгілде қолданғанда миопатияның даму қаупі (оның ішінде рабдомиолиздің де) жоғарылайды. Мүмкіндігінше балама препараттарды қабылдау, ал қажет болғанда уақытша розувастатинді қабылдауды тоқтату мүмкіндігін қарастыру керек.

Осындай дәрілік заттарды бірге қолдану қажет болған жағдайда, біріктірілген еммен және розувастатиннің дозасын өзгертумен байланысты пайда мен қаупін мұқият қарастыру керек.

Жағымсыз әсерлері

Жиі ( >1/100-ден <1/10 дейін)

- бас ауыруы, бас айналуы

- іш қату, жүрек айнуы, іштің ауыруы

- миалгия

- қант диабеті1

Жиі емес ( >1/1000-нан <1/100 дейін)

- қышыну, бөртпе, есекжем

Сирек ( >1/10000-нан < 1/1000 дейін)

- тромбоцитопения

- ангионевроздық ісінуді қоса аса жоғары сезімталдық реакциясы

- миопатия (миозитті қоса) және рабдомиолиз

- қан сарысуында «бауыр» трансаминазалары деңгейін жоғарылату, панкреатит

Өте сирек (<1/10000)

- полинейропатия

- жадының бұзылуы

- сарғаю, гепатит

- артралгия

- гематурия

- гинекомастия

Жиілігі белгісіз (бар деректерден анықтау мүмкін емес)

- ұйқының бұзылуы, оның ішінде ұйқысыздық және шым-шытырақ түстер көру

- депрессия

- жөтел, ентігу

- диарея

- Стивенс-Джонсон синдромы

- ісіну

- иммунды сипаттағы некроздалған миопатия

1 Қант диабеті жағдайларының жиілігі қауіп факторларының (аш қарынға глюкозаның көрсеткіші ≥ 5.6 ммоль/л, дене массасының индексі >30кг/м2, триглицеридтер деңгейінің жоғарылауы, артериялық қысымның жоғарылауы) болуына немесе болмауына байланысты.

HMG-CoA-редуктазаның басқа да тежегіштерін қолданғандай жағымсыз әсерінің пайда болу жиілігі дозаға байланысты сипатқа ие.

Розувастатин қабылдаған пациенттерде индикаторлық жолақ тест көмегімен анықталатын, көптеген жағдайда пайда болу тегі бойынша өзекшелік болатын протеинурия байқалды. Несептегі ақуыздың өзгеруі оның толық болмауы немесе ++ дейін аздаған немесе одан жоғары мөлшері 10 мг немесе 20 мг дозамен емделу кезінде 1% пациенттерде және 40 мг дозамен емделу кезінде 3% пациенттерде байқалды. Толық болмауынан аздап жоғарылауы немесе + дейін аздаған мөлшері 20 мг дозаны қабылдағанда байқалды. Көптеген жағдайларда үнемі емдеуде протеинурия азаяды немесе жоғалады. Клиникалық зерттеулер, және тіркелуден кейінгі тәжірибе жолымен алынған ақпарат негізінде протеинурия мен жедел немесе үдемелі бүйрек жеткіліксіздігі арасында өзара байланыстың жоғы анықталды. Розулип қабылдаған кейбір пациенттерде, сирек жағдайларда гематурия анықталды.

Қаңқа бұлшықеті тарапынан жағымсыз әсерлер, мысалы, миалгия, миопатия (миозитті қоса) және, сирек жағдайларда рабдомиолиз розувастатинді әртүрлі дозада, әсіресе жиі, 20 мг асатын дозаларда қабылдаған пациенттерде байқалды.

Препаратты қабылдайтын кейбір пациенттерде креатинкиназа концентрациясының дозаға байланысты жоғарылауы байқалды. Көп жағдайларда осы көрініс жеңіл, симптомсыз және қайтымды сипатқа ие.

Креатинкиназаның қан сарысуындағы жоғары концентрациясында (ТБҮГ мен салыстырғанда 5 еседен аса) Розулиппен емді тоқтату керек.

HMG-CoA-редуктазаның басқа тежегіштерін қабылдаған жағдайдағыдай, Розулип қабылдаған пациенттердің аздаған бөлігінде қан сарысуында трансаминазалар деңгейінің дозаға тәуелді жоғарылауы байқалды, олар көп жағдайларда жеңіл, симптомсыз және қайтымды сипатқа иеленді.

Кейбір статиндермен емдеу аясында келесі жағымсыз әсерлер тіркелген: жыныс функциясының бұзылуы; негізінен статиндермен ұзақ уақыт емдеуде өкпенің интерстициальді ауруларының өте сирек жағдайлары тіркелген; сіңірлер тарапына бұзылыстар, кейде олардың үзілуімен асқынатын.

Рабдомиолиздің, бүйрек функциясының айқын бұзылуы және бауыр тарапынан елеулі бұзылулардың (негізінен трансаминаза концентрациясының жоғарылауымен көрсетілген) даму жиілігі препаратты 40 мг дозада қолданғанда жоғары.

Креатинкиназа деңгейінің қалыптың жоғары шегінен 10 есе артық жоғарылауы, сондай-ақ жаттығулар немесе жоғары дене жүктемесінен кейінгі бұлшықет симптомдары 52-апталық клиникалық зерттеулерде ересектермен салыстырғанда балалар мен жасөспірімдерде жиірек байқалды. Басқа көрсеткіштері бойынша розувастатиннің қауіпсіздігін зерттеу нәтижелері балаларда, жасөспірімдерде және ересектерде сәйкес келеді.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- розувастатинге немесе препараттың кез келген компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

- қан сарысуындағы трансаминазалар концентрациясының тұрақты жоғарылауын және қан сарысуындағы трансаминазалар белсенділігінің кез келген жоғарылауын (қалыптың жоғары шегімен салыстырғанда 3 еседен аса) қоса белсенді фазадағы бауыр аурулары

- бүйрек функциясының айқын жоғарылауы (креатинин клиренсі <30 мл/мин)

- миопатиялар, миоуытты асқынулардың дамуына бейімділік

- бір уақытта циклоспоринді қабылдау

- жүктілік және лактация кезеңі

- контрацепцияның тиімді әдісін пайдаланбайтын, репродуктивті жастағы әйелдерде қолдану

- 10 жасқа дейінгі балалар

40 мг дозадағы Розулип препаратымен емдеу қарсы көрсетілімді:

- миопатияның дамуына ықпал ететін факторлармен пациенттер (рабдомиолиздің)

- орташа дәрежедегі ауырлықтағы бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі <60 мл/мин);

- гипотиреоз

- пациенттің немесе оның жақын туыстарының сыртартқысында бұлшықет аурулары

- сыртартқысында HMG-CoA–редуктазаның басқа тежегіштерін немесе фибраттарды қабылдаумен байланысты миопатия

- алкогольді шектен тыс қабылдау

- розувастатиннің плазмалық концентрациясының жоғарылауына әкелуі мүмкін жағдайлар

- азиялық нәсілдегі пациенттер

- бір уақытта фибраттарды қабылдау

- 17 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Тасымалдаушы ақуыздар тежегіштері. Розувастатин кейбір тасымалдаушы ақуыздардың, оның ішінде ОАТР1В1 бауырдың қармап тасымалдайтын ақуызы және BCRP эффлюксі ақуызының субстраты болып табылады. Розулипті тасымалдаушы ақуыздардың тежегіші болып табылатын препараттармен бір мезгілде қолдану розувастатиннің плазмадағы концентрациясын және миопатия даму қаупін жоғарылатуы мүмкін.

Циклоспорин. Розулиппен бір мезгілде қолдану кезінде розувастатиннің AUC көрсеткіштері дені сау тұлғаларға препаратпен монотерапия кезіндегіге қарағанда, шамамен 7 есе жоғары болған. Розувастатин мен циклоспоринді бiр мезгілде қолдану циклоспориннің плазмалық концентрациясына ықпал етпейдi.

К витаминінің антагонистері. HMG-CoA-редуктазасының басқа тежегіштерімен емдеу жағдайындағыдай, емдеу басында немесе К витаминінің антагонистерін (мысалы, варфарин немесе басқа антикоагулянттар кумарин туындылары) бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде Розулип дозасын ұлғайту халықаралық қалыптасқан қатынастың (ХҚҚ) ұлғаюымен бірге жүруі мүмкін. Розулип қабылдауды тоқтатқаннан немесе оның дозасын төмендеткеннен кейін ХҚҚ төмендеуі мүмкін. Мұндай жағдайда ХҚҚ мониторингі ұсынылады.

Гемфиброзил және қандағы липидтердің құрамын азайтатын басқа да препараттар. Гемфиброзил мен Розулипті бір мезгілде қолдану розувастатиннің Cmax және AUC екі есе ұлғаюымен бірге жүрді.

Спецификалық өзара әрекеттесуі бойынша деректерді негізге алып, фенофибратпен фармакокинетикалық мәнді өзара әрекеттесуі күтiлмейдi, фармакодинамикалық өзара әрекеттесуі мүмкiн. Қандағы липидтердің құрамын азайтатын (тәулігіне 1 г немесе одан артық) дозалардағы гемфиброзил, фенофибрат, басқа фибраттар, сондай-ақ ниацин (никотин қышқылы) HMG-CoA-редуктазасының тежегіштерімен бір мезгілде қолдану кезінде миопатияның даму қаупі ұлғаяды, ол монотерапия ретінде пайдалану кезінде де миопатия туғыза алатынына байланысты болуы мүмкін. 40 мг дозадағы Розулиппен емді фибраттармен қатар қолдануы қарсы көрсетілімде. Фибраттармен бiрге емдеу кезінде розувастатиннің ұсынылған бастапқы дозасы 5 мг құрауы керек.

Эзетимиб. Бұл препараттардың AUC немесе Cmax өзгерістері Розулиппен бір мезгілде қолдану кезінде анықталмаған.

Розулипті 10 мг дозада және эзетимибты 10 мг дозада біріктіріп қолданғанда гиперхолестеринемиямен пациенттерде AUC мәнінің 1.2 есе жоғарылауы байқалды.

Әйтсе де, Розулип пен эзетимибомның арасында жағымсыз әсерлердің дамуымен фармакодинамикалық өзара әрекеттесуді жоққа шығаруға болмайды.

Протеазалар тежегіштері. Өзара әрекеттесуінiң дәл механизмінің белгiсiз екеніне қарамастан, протеолиздік ферменттердің тежегіштерін бір мезгілде қолдану розувастатин биожетімділігінің едәуір ұлғаюына әкелуі мүмкін. Фармакокинетикалық зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес дозасы 20 мг Розулип пен протеаза тежегіштерінің біріктірілген препаратын (400 мг лопинавир/100 мг ритонавир) бір мезгілде қолдану кезінде дені сау еріктілерде розувастатиннің AUC0-24 және Cmax тепе-тең күйде, тиісінше 2 және 5 есеге ұлғаюы байқалған.

Басқа фармакокинетикалық зерттеулер нәтижелеріне сәйкес дені сау пациенттерде 10 мг дозада Розулипті және протеолиздік ферменттерге тежегіші (300 мг атазанавир/100 мг ритонавир) біріктірілген препаратты бір мезгілде қолдану тепе-тең жағдайда розувастатиннің AUC0-24 шамамен 3 есе жоғарылауымен сипатталады. Розувастатинді кейбір протеаза тежегіштерімен біріктіруге соңғысының экспозициясының жоғарылау мүмкіндігіне қарай розувастатиннің дозасын мұқият өзгерткеннен кейін ғана болады. Сондықтан АИТВ-мен пациенттердi емдеу кезiнде розувастатин мен протеаза тежегіштерін бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды.

Антацидтер. Розулиппен құрамында алюминий және магний гидроксиді бар антацид суспензиясын бір мезгілде қолдану қан плазмасында розувастатин концентрациясының шамамен 50%-ға төмендеуімен бірге жүрген. Егер пациенттер Розулиптен кейін 2 сағаттан соң антацид қабылдаса, бұл әсер азайған. Бұл өзара әрекеттесудің клиникалық мәні анықталмаған.

Эритромицин. Розулип пен эритромицинді бір мезгілде қолдану AUC0-t және розувастатиннің Cmax тиісінше 20 және 30%-ға азаюымен сипатталған.

Осы өзара әрекеттесу эритромицинмен туындаған ішек перистальтикасының жоғарылауы нәтижесі болып табылады деп болжамданады.

Ішке қабылданатын контрацептивтер/гормоналмастыратын ем АЕ). Розулипті және ішке қабылданатын контрацептивтердi бiр мезгілде қолдану этинилэстрадиол және норгестрел AUC-ының тиісінше 26 және 34%-ға ұлғаюымен бірге жүрді. Қан плазмасындағы бұл гормондар концентрациясының ұлғаюын ішке қабылданатын контрацептивтердiң дозаларын іріктеу кезінде ескеру қажет. ЗГТ аясындағы Розулипті қолдануды сипаттайтын фармакокинетикалық деректер болмай тұр, сондықтан жоғарыда сипатталғандарға ұқсас әсерлердің дамуын жоққа шығаруға болмайды. Алайда, мұндай терапия клиникалық зерттеулердiң шеңберiнде кең қолданылған және пациенттердің жақсы көтере алушылығымен ерекшеленген.

Дигоксин. Розулип пен дигоксиннің клиникалық елеулі өзара әсері мүмкіндігі аз.

Р450 цитохромының ферменттері. Розувастатин Р450 цитохромы изоферменттерінің тежегіші немесе индукторы болып табылмайды. Бұдан басқа, розувастатин – бұл изоферменттер үшін профильді емес субстрат. Розувастатин мен флуконазолдың (CYP2C9 және CYP3A4 тежегіші) немесе кетоконазолдың (CYP2A6 және CYP3A4 тежегіші) арасында клиникалық елеулі өзара әсер байқалмады. Розулип пен итраконазолды (CYP3A4 тежегіші) қатар қолдану 28%-ға розувастатиннің AUC-н ұлғаюымен бүрге жүрген. Мұндай өзгерістер клиникалық елеулі болып саналмайды. Сайып келгенде, Р450 цитохромы жүйесінің изоферменттері арқылы препараттың метаболизміне байланысты дәрілік өзара әрекеттесу мұмкіндігі аз.

Розувастатин дозасын өзгертуді талап ететін өзара әрекеттесулер (1 кестені қара):

Олардың розувастатиннің экспозициясын жоғарылататыны белгілі препараттармен бір мезгілде Розулипті қолдану қажеттігінде, соңғысының дозасын өзгерту керек .

Егер AUC экспозициясының 2 немесе одан артық жоғарылауы күтілсе, онда розувастатинді 5 мг стартты дозада тағайындау керек. Розувастатиннің ең жоғары тәуліктік дозасын розувастатиннің мүмкіндігінше күтілген экспозициясы 40 мг розувастатинді өзара әрекеттесуді туындататын препараттарсыз (мысалы, розувастатин 20 мг дозада гемфиброзилмен – 1.9 есе артады; розувастатин 10 мг дозада ритонавир/атазанавирмен біріктірілімде – 3.1 есе жоғарылайды) қабылдағанда бақыланатын мәндерден аспайтындай модификациялау керек.

1 кесте. Бір мезгілде қолданылатын препараттардың жарияланған клиникалық зерттеулер негізінде розувастатиннің экспозициясына әсері (AUC-қа әсерінің төмендеу ретімен)

Өзара әрекеттесуді туындататын препараттың дозалау режимі

Розувастатиннің дозалау режимі

Розувастатиннің AUC мәнінің өзгеруі *

Циклоспорин күніне екі рет 75 мг-ден күніне екі рет 200 мг дейін, 6 ай

10 мг күніне 1 рет,

10 күн

7.1-есе ↑

Атазанавир 300 мг/ритонавир 100 мг күніне 1 рет, 8 күн

10 мг, бір реттік доза

3.1-есе ↑

Лопинавир 400 мг/ритонавир 100 мг күніне 2 рет, 17 күн

20 мг, бір реттік доза

2.1-есе ↑

Гемфиброзил 600 мг күніне 2 рет, 7 күн

80 мг, бір реттік доза

1.9-есе ↑

Элтромбопаг 75 мг, күніне 1 рет, 10 күн

10 мг, бір реттік доза

1.6-есе ↑

Дарунавир 600мг/ритонавир 100 мг күніне екі рет, 7 күн

10 мг күніне 1 рет, 7 күн

1.5-есе ↑

Типранавир 500 мг/ ритонавир 200 мг күніне екі рет, 11 күн

10 мг, бір реттік доза

1.4-есе ↑

Дронедарон 400 мг күніне екі рет

деректер жоқ

1.4-есе ↑

Итраконазол 200 мг күніне бір рет, 5 күн

10 мг, бір реттік доза

1.4-есе ↑**

Эзетимиб 10 мг күніне бір рет, 14 күн

10 мг күніне 1 рет, 14 күн

1.2-есе ↑**

Фозампренавир 700 мг/ритонавир 100 мг күніне екі рет, 8 күн

10 мг, бір реттік доза

Алеглитазар 0.3 мг 7 күн

40 мг, 7 күн

Силимарин (Silbyum marianum сығындысы) 140 мг күніне үш рет, 5 күн

10 мг, бір реттік доза

Фенофибрат 67 мг күніне үш рет, 7 күн

10 мг 7 күн

Рифампин 450 мг күніне бір рет, 7 күн

20 мг, бір реттік доза

Кетоконазол 200 мг күніне екі рет, 7 күн

80 мг, бір реттік доза

Флуконазол 200 мг күніне бір рет, 11 күн

80 мг, бір реттік доза

Эритромицин 500 мг күніне 4 рет, 7 күн

80 мг, бір реттік доза

28%↓

Байкалин 50 мг күніне үш рет

20 мг, бір реттік доза

47%↓

* Х-еселік өзгерістер секілді берілген деректер тек қана розувастатинді қолданғанда және біріктірілімде алынған нәтижелер арасындағы қарапайым арақатынас болып табылады. % өзгерістер секілді берілген деректер розувастатинмен монотерапиямен салыстырғанда %- айырмашылығын көрсетеді.

↑ - жоғарылауы, ↓ - төмендеуі, ↔ - өзгерістер жоқ

**Өзара әрекеттесуге кейбір зерттеулерді розувастатиннің әртүрлі дозасымен жүргізді. Кестеде маңыздылығы жоғары арақатынастар берілген.

Айрықша нұсқаулар

Бүйрек функциясына әсері

Розулип қабылдаған кейбір пациенттерде (әсіресе дозасы 40 мг) протеинурия байқалған. Протеинурияны индикатор жолақтары көмегiмен несеп талдауда диагностикалаған. Жағдайлардың көпшiлiгiнде, оның шығу тегi өзекшелік, ауыспалы немесе интермиттирлейтiн сипаты болды. Ақуыз құрамының «толық болмауынан» және «iздерiнен» бастап «++»ке немесе одан астамға дейін өзгерістері дозасы 10 немесе 20 мг препаратты қабылдаған 1% емделушiлерде, сондай-ақ шамамен дозасы 40 мг препаратты қабылдаған шамамен 3% пациенттерде байқалған. Несепте ақуыз құрамының «толық болмауынан» және «iздерiнен» бастап «+»ке дейін ең төмен өзгерiстері дозасы 20 мг препаратты қабылдаған емделушiлерде анықталған. Жағдайлардың көпшiлiгiнде протеинурия емдеу үдерісiнде азаяды немесе жоғалады және бүйректердiң қазiргi жедел ауруының немесе үдеуiнің пайда болуын бiлдiрмейдi. Осы дозада препаратты қабылдайтын науқастарды стандартты тексеру шеңберiнде бүйрек функциясын бағалауды жүзеге асыру қажет (кем дегенде әрбір 3 айда).

Қаңқа бұлшық еттеріне әсері

Қаңқа бұлшық еттері тарапынан жағымсыз құбылыстары (мысалы, миалгия, миопатия, (мозиттi қоса) және сирек жағдайларда рабдомиолиз препаратты кез келген дозаларда, әсiресе жиi 20 мг-ден асатын дозаларда қабылдаған пациенттерде байқалған. Рабдомиолиз өте сирек эзетимибпен және HMG-CoA-редуктазасының тежегіштерімен қатар емдеу кезінде дамыды. Бұл препараттарды бiр мезгілде қолдану кезінде фармакодинамикалық өзара әрекеттесуді жоққа шығаруға болмайды және абайлау керек.

HMG-CoA –редуктазаның басқа тежегіштерімен терапиясы жағдайындай, рабдомиолиздың даму жиілігі препаратты 40 мг дозада қолданғанда жоғары.

Креатинкиназа концентрациясын анықтау

Бұл нәтижелердiң интерпретациясын қиындата алатындықтан, қан сарысуындағы креатинкиназаның деңгейiн анықтауды қарқынды дене күші жүктемесінен кейiн немесе креатинкиназа концентрациясы ұлғаюының басқа мүмкін болатын себептерiнiң болуы кезінде жүргiзуге болмайды. Егер креатинкиназаның бастапқы деңгейі едәуiр жоғары (норманың жоғарғы шегіне қарағанда 5 есе жоғары) болса, 5-7 күннен кейiн қайтадан өлшем жүргiзу керек. Егер қайтадан тест креатинкиназаның бастапқы деңгейiн растаса (норманың жоғарғы шегімен салыстырғанда 5 есе жоғары), терапияны бастауға болмайды.

Емдеу басталарға дейін

HMG-CoA-редуктазасының басқа тежегіштері тәрізді, Розулипті миопатия (рабдомиолиз) дамуына бейiмдейтiн факторлары бар емделушiлерге сақтықпен тағайындау қажет, олар: бүйрек функциясының бұзылуы; гипотиреоз; пациенттегі немесе оның жақын туыстарындағы бұлшықет жүйесiнiң тұқым қуалаған патологиясы; HMG-CoA-редуктазасының басқа тежегішін немесе сыртартқысындағы фибратты қабылдауға байланысты миопатия; ішімдікке салыну; 70 жастан асқандар; қан плазмасында розувастатин концентрациясының ұлғаюына әкелетін жағдайлар; бір мезгілде фибраттарды пайдалану.

Мұндай пациенттерге препаратты тағайындау кезінде емнің қаупі мен мүмкін болатын пайдасын мұқият салыстыру қажет. Бұдан басқа клиникалық мониторингті жүргізу ұсынылады.

Емдеу уақытында

Бұлшықет ауруларының, бұлшықет әлсiздiгінің немесе спазмдардың кенеттен байқалу жағдайлары туралы, әсiресе егер олар дімкәстікпен және қызбамен бірге болса, дәрiгерге дереу хабарлау қажеттiгi туралы емделушiге баяндау керек. Мұндай пациенттерде қан сарысуындағы креатинкиназаның деңгейін анықтау керек. Егер креатинкиназаның деңгейі едәуір ұлғайған (норманың жоғарғы шегімен салыстырғанда 5 еседен жоғары болса) немесе егер бұлшықет тарапынан симптомдар кенет айқын және күнделікті қолайсыздық туғызған (тіпті егер креатинкиназаның деңгейі норманың жоғарғы шегімен салыстырғанда 5 есе кем болса) жағдайда ем тоқтатылуы керек. Егер симптомдар жоғалса және креатинкиназаның деңгейі нормаға қайта келсе, пациентті мұқият бақылау кезінде аз дозаларда Розулипті немесе HMG-CoA-редуктазасының басқа тежегіштерін қайтадан тағайындау туралы мәселені қарастыру керек. Креатинкиназаны дағдылы бақылау симптомдары болмаған кезде орынсыз.

Проксимальді бұлшықеттердің ұзаққа созылған әлсіздігі және статиндермен (оның ішінде розувастатинмен де) емдеу аясында немесе емді тоқтатқаннан кейін сарысу креатинкиназасы деңгейінің жоғарылауы түріндегі клиникалық біліністермен сипатталатын иммунологиялық шығу тегімен некроздалған миопатия дамуы туралы өте сирек хабарлар бар.

Осындай жағдайларда кейінірек жүйке-бұлшықеттік функциясын зерттеуге, серологиялық тестілер жасау және иммуносупрессивті ем тағайындауға қажеттілік туындауы мүмкін.

Розулипті қабылдаған және қатар жүретін ем кезінде қаңқа бұлшықетіне әсердiң ұлғаюының белгiлерi анықталмаған. Фибрин қышқылының туындыларымен, гемфиброзилды қоса, циклоспоринмен, никотин қышқылымен, азолдік зеңге қарсы дәрілермен, протеаза тежегіштерімен және макролидті антибиотиктермен қатар HMG-CoA-редуктазасының басқа тежегіштерін қабылдаған пациенттерде миозит және миопатия жағдайларының ұлғаюы туралы хабарланған.

Гемфиброзил HMG-CoA-редуктазасының кейбiр тежегіштерімен аралас тағайындау кезінде миопатияның пайда болу қаупін ұлғайтады. Сондықтан, Розулип пен гемфиброзилді бiр мезгілде тағайындау ұсынылмайды. Розулип пен фибраттарды немесе ниацинді бiрлесе қолдану кезінде қауіп пен мүмкiн болатын пайданың арақатынасын мұқият салыстыру керек. Фибраттармен бiрге емдеу кезінде дозасы 40 мг Розулипті қабылдауға болмайды.

Розулипті миопатияның дамуы туралы растайтын жедел, маңызды бұзушылықтарымен немесе рабдомиолизге (мысалы, сепсис, гипотензия, көлемдi хирургиялық араласу, жарақат, ауыр метаболизмдік, эндокриндік немесе электролиттiк бұзылулар, тойтарылмайтын құрысулар) қатысты екiншi орындағы бүйрек жеткiлiксiздiгiнiң дамуына бейiмдейтiн факторлармен пациенттердi емдеу үшiн қолдануға болмайды.

Бауыр функциясына әсері

HMG-CoA-редуктазаның басқа тежегіштері тәрізді, Розулип алкоголь ішімдіктеріне салынған тұлғаларды және бауырдың бастапқы патологиясымен пациенттерді емдеу кезінде сақтықпен пайдалану керек.

Емдеу басталарға дейін және емдеу басталғаннан кейін 3 айдан соң функциональді бауыр сынамаларын бағалауды орындау ұсынылады. Егер қан сарысуында трансаминазалардың деңгейі нормасының жоғары шегінен 3 есе асса, Розулипті қабылдауды тоқтату немесе оның дозасын төмендету қажет.

Постмаркетингті кезеңде бауыр тарапынан салмақты жағымсыз құбылыстар (негізінен, қан сарысуында трансаминазалардың жоғары деңгейі) дозасы 40 мг препаратты қабылдайтын пациенттерде жиі байқалған. Гиперхолестеринемиямен пациенттерде гипотиреоздың немесе липоидті нефроздың салдарынан негізгі ауруларды емдеу Розулиппен емдеу басталғанға дейін жүргізілуі керек.

Нәсілі

Фармакокинетикалық зерттеулердің нәтижелері ақ еуропалық нәсілді тұлғаларға қарағанда, азиат нәсілді тұлғаларда Розулиптің биожетімділігі жоғары екендігін растайды.

Протеазалар тежегіштері

Розувастатинді протеолиздік ферменттердің әртүрлі тежегіштерімен және ритонавирмен біріктіргенде розувастатиннің жүйелік экспозициясының жоғарылауы байқалды.

Протеаза тежегіштерін қабылдайтын АИТВ науқастарда, Розулип препаратын тағайындағанда липидтер деңгейінің төмендеуінің пайдасы мен емнің басында және осы пациенттерде препарат дозасын ары қарай таңдауда қан плазмасындағы розувастатин деңгейінің жоғарылату мүмкіндігін саралау керек.

Розулип препаратының дозасына түзету жүргізу жағдайларын қоспағанда протеазаның кейбір тежегіштерімен біріктірілімі ұсынылмайды .

Өкпенің интерстициальді ауруы

Өкпенің интерстициальді ауыруының өте сирек жағдайлары статин тобынан кейбiр препараттарды қабылдаған пациенттерде тiркелген.

Әдеттегiдей, бұл жағдайлар статиндермен ұзақ уақыт емдеу кезінде байқалған. Өкпенің интерстициальді ауруы ентiкпемен, өнiмсiз жөтелмен және жалпы жағдайдың нашарлауымен (жоғары қажу, дене массасының төмендеуi және қызба) білінеді. Егер пациентте өкпенің интерстициальді ауруының дамуына күдік болса, статиндермен емдеуді тоқтату керек.

Лактозаны көтере алмаушылық

Сирек тұқым қуалайтын галактозаны көтере алмаушылықпен, лактозаның жеткіліксіздігімен және глюкоза мен галактоза мальабсорбциясының синдромымен пациенттерге препаратты қабылдау ұсынылмайды.

Қабықпен қапталған 5 мг бір таблеткада - 93,0 мг лактоза моногидраты бар.

Қант диабеті

Бар деректер негізінде статиндер класс ретінде қандағы қант деңгейін жоғарылатады, сондай-ақ қант диабетінің дамуының жоғары қаупімен пациенттерде диабетке қарсы емді қажет ететін гипергликемия туындатуы мүмкін. Әйтсе де осындай жағдайларда статиндерді тоқтатуға болмайды, өйткені қантамырлары ауруларының даму қаупінің төмендеуімен байланысты пайдасы гипергликемия даму қаупінен жоғары.

Қауіп тобына жататын пациенттерге (аш қарынға глюкозаның концентрация 5.6-6.9 ммоль/л, дене салмағының индексі >30 кг/м2, триглицеридтер деңгейінің жоғарылауы, гипертония), қолданыстағы ұлттық ұсыныстарға сәйкес клиникалық және биохимиялық мониторинг жүргізу керек.

ЮПИТЕР зерттеулерінде қант диабетінің хабарланған жағдайларының жалпы жиілігі розувастатин мен плацебо қабылдаған пациенттер тобында сәйкесінше 2.8% және 2,3% құрады, әсіресе бұл аш қарынға 5.6-6.9 ммоль/л глюкоза деңгейімен пациенттерде байқалды.

Педиатрияда қолдану

Препараттың қауіпсіздігі және қолдану тиімділігі туралы деректердің болмауына байланысты оны 10 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қолдану ұсынылмайды.

Розувастатин қабылдаған 10-нан 17 жасқа дейінгі балаларда бойын, дене салмағын, дене салмағының индексін анықтау, сондай-ақ Таннер бойынша екіншілік жыныстық белгілерінің дамуы негізінде жыныстық жетілуін бағалау бір жыл уақыт кезеңімен шектелді. 52 апта емнен кейін препараттың өсуіне, дене салмағына, дене салмағының индексіне және жыныстық жетілуіне әсері бақыланған жоқ.

Балалар 52 апта бойы розувастатин қабылдаған клиникалық зерттеуде, ересек пациенттердің қатысуымен жүргізілген зерттеулер нәтижесімен салыстырғанда креатинкиназа деңгейінің жоғарылауы (>10 x ТБҮГ) және бұлшықеттер тарапынан белгілерінің дамуы жиірек байқалды.

Жүктілік және бала емізу

Розулипті жүктілік және лактация кезеңінде қолдануға болмайды.

Бала туу жасындағы әйелдер контрацепцияның тиімді шараларын қолдануы керек. Холестерин және холестериннiң биосинтезінің басқа өнiмдерi ұрықтың қалыпты дамуы үшін қажет болғандықтан, HMG-CoA-редуктазасының белсендiлiгiн басу қаупі жүктiлiк кезеңінде препаратпен емдеудің артықшылығынан асады. Егер жүктiлiк Розулиппен емдеу аясында болған жағдайда, онда препаратты қабылдауды дереу тоқтату керек. Емшек сүтiмен розувастатиннің бөлінуі туралы мәліметтер болмай тұр.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Розулиптің көлік құралын немесе механизмдерді басқару қабілетіне әсерін бағалайтын зерттеулер жүргізілмеді. Емдеу уақытында бас айналу туындау мүмкіндігін автомобиль басқару немесе қауіпті механизмдермен жұмыс кезінде ескеру керек.

Артық дозалануы

Симптомдары – жағымсыз әсерлер симптомдарының айқындығының күшеюі.

Емі: артық дозалану жағдайында симптоматикалық ем жүргізу керек, одан басқа, бауыр функциясын және қан сарысуында креатинкиназа деңгейін бақылау керек. Розувастатин үшін арнайы у қайтарғысы жоқ. Гемодиализдің тиімділігі мардымсыз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

7 таблеткадан алюминий фольгадан және "cold" (полиамид/алюминий фольга/поливинилхлоридті үлбір (ПВХ) біріктірілген үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада. 2, 4 немесе 8 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Сақтау шарттары

25 °С- ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«ЭГИС ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ЗАУЫТЫ» ЖАҚ

1106 БУДАПЕШТ, Керестури к- сі, 30-38 Венгрия

Телефон: (36-1) 803-5555, факс: (36-1) 803-5529

Тіркеу куәлігінің иесі

«эгис Фармацевтикалық Зауыты» ЖАҚ, Венгрия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«эгис Фармацевтикалық Зауыты» ЖАҚ, ҚР өкілдігі

050060, Алматы қ-сы, Жароков к- сі 286 Г

тел: + 7 (727) 247 63 34, + 7 (727) 247 63 33, факс: + 7 (727) 247 61 41,

e-mail: egis@egis.kz

Прикрепленные файлы

433889311477976305_ru.doc 174.5 кб
989261001477977551_kz.doc 209.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники