Розулип® Плюс (20 мг/10 мг)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Розулип® Плюс
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі, дозасы
Капсулалар, 5 мг/10 мг, 10 мг/10 мг, 20 мг/10 мг
Фармакотерапиялық тобы
Жүрек-қантамыр жүйесі. Липид-модификациялайтын препараттар. Липид-модификациялайтын препараттар, біріктірілімдері. Басқа гиполипидемиялық дәрілермен біріктірілген ГМГ-Коа-редуктаза тежегіштері. Розувастатин және эзетимиб.
АТХ коды C10BA06
Қолданылуы
Ересектерде алғашқы гиперхолестеринемияны емдеуде (диетаға қосымша ретінде):
- розувастатинмен монотерапияда ауру жеткілікті бақыланбағанда;
- екі жеке дәріні бекітілген біріктірілімдегі дозаларда бір мезгілде қолданғанда ауру жеткілікті бақыланатын пациенттерде орын басушы ем ретінде.
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
белсенді заттарға (розувастатин, эзетимиб) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
қан сарысуындағы трансаминазалар концентрациясының тұрақты жоғарылауын және қан сарысуындағы трансаминазалар белсенділігінің кез келген жоғарылауын (қалыптың жоғары шегімен салыстырғанда 3 еседен аса) қоса белсенді фазадағы бауыр аурулары.
жүктілік және лактация кезеңі
контрацепцияның тиімді әдісін пайдаланбайтын, репродуктивті жастағы әйелдерде
бүйрек функциясының ауыр бұзылуы (креатинин клиренсі 30 мл/мин)
миопатиялар
бір мезгілде циклоспорин қабылдау
балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер (18 жасқа толмаған адамдарда Розулип Плюс қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған)
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Қарсы көрсетілген біріктірілімдер
Циклоспорин. Розувастатинмен бір мезгілде қолдану кезінде розувастатиннің AUC көрсеткіштері дені сау тұлғаларға препаратпен монотерапия кезіндегіге қарағанда, шамамен 7 есе жоғары болған. Розувастатин мен циклоспоринді бiр мезгілде қолдану циклоспориннің плазмалық концентрациясына ықпал етпейдi.
Розулип Плюс пен циклоспоринді бір мезгілде қолдануға болмайды.
Ұсынылмайтын біріктірілімдер
Протеаза тежегіштері. Өзара әрекеттесуінің дәл механизмі белгісіз болуына қарамастан протеолитикалық ферменттерді бір мезгілде қолдану розувастатиннің биожетімділігінің айтарлықтай жоғарылауына әкелуі мүмкін. Розувастатинді 10 мг дозада және протеазалардың (300 мг атазанавир/100 мг ритонавир) екі тежегішінің біріктірілген препаратын бір мезгілде қолдану дені сау адамдар популяциясында розувастатин AUC тепе-тең жағдайда шамамен 3 есе, ал Cmax – шамамен 7 есе жоғарылауымен сипатталды. Розувастатиннің протеазалардың кейбір тежегіштерімен біріктірілімі тек розувастатиннің дозасының мұқият ойластырылып өзгертілуінде соңғысының жүйелі әсерінің жоғарылауы мүмкіндігінен болады деп болжамданады. Дозалардың аталған біріктірілімін бірінші желі емі ретінде қолдануға болады. Біріктірілген емді розувастатиннің немесе екі компоненттің де сәйкес келетін дозасын таңдағаннан кейін бастау керек.
Тасымалдаушы ақуыздар тежегіштері. Розувастатин кейбір тасымалдаушы ақуыздардың, оның ішінде ОАТР1В1 және BCRP субстраты болып табылады. Розулип Плюс препаратын тасымалдаушы ақуыздардың тежегіштері болып табылатын препараттармен бір мезгілде қолдану, розувастатиннің плазмадағы концентрациясын және миопатия даму қаупін жоғарылатуы мүмкін.
Гемфиброзил және басқа да гиполипидемиялық дәрілер. Гемфиброзил мен розувастатинді бір мезгілде қолдану розувастатиннің Cmax және AUC екі есе ұлғаюымен бірге жүрді. Спецификалық өзара әрекеттесуі бойынша деректерді негізге алып, фенофибратпен фармакокинетикалық мәнді өзара әрекеттесуі күтiлмейдi, фармакодинамикалық өзара әрекеттесуі мүмкiн. Қандағы липидтер мөлшерін азайтатын (тәулігіне 1 г немесе одан артық) дозалардағы гемфиброзил, фенофибрат, басқа фибраттар, сондай-ақ ниацин (никотин қышқылы) ГМГ-КоА-редуктазасының тежегіштерімен бір мезгілде қолдану кезінде миопатияның даму қаупі ұлғаяды, ол монотерапия ретінде пайдалану кезінде де миопатия туғыза алатынына байланысты болуы мүмкін. Мұндай пациенттерге розувастатиннің 5 мг дозасынан бастау керек.
Эзетимиб пен фенофибрат қабылдайтын пациенттерде өттас ауруының және өт қабы ауруының даму қаупі бар. Эзетимиб пен фенофибрат қабылдайтын пациенттерде холестаздың дамуына күдік болғанда, өт қабын тексеру, сондай-ақ осы емді тоқтату керек. Фенофибрат пен гемфиброзилді бір мезгілде қолданғанда эзетимибтің қосынды концентрациясының (тиісінше шамамен 1,5 және 1,7 есе) жоғарылауы байқалды. Эзетимибты басқа фибраттармен бір мезгілде қолдану зерттелген жоқ. Фибраттар холестериннің өтпен экскрециясын жоғарылатуы мүмкін ол өттас ауруына әкеледі. Эзетимибті емдік қабылдаудың өттас ауруының даму қаупімен астасуын жоққа шығаруға болмайды.
Фузидий қышқылы. Фузидий қышқылын статиндермен бірге жүйелі қолданған кезде рабдомиолизді қоса, миопатия қаупі жоғарылауы мүмкін. Өзара әрекеттесудің осы механизмі (фармакодинамикалық және/немесе фармакокинетикалық па екені) әлі анықталған жоқ. Мұндай біріктірілімдер қабылдаған пациенттерде рабдомиолиз жағдайлары (кейбір жағдайларда өліммен аяқталған) туралы хабарланды. Егер фузидий қышқылымен емдеу қажет болса, онда фузидий қышқылымен бүкіл емдеу барысында статиндерді тоқтату керек.
Басқа да өзара әрекеттесулер
Антацидтер. Розувастатинмен құрамында алюминий және магний гидроксиді бар антацид суспензиясын бір мезгілде қолдану қан плазмасында розувастатин концентрациясының шамамен 50%-ға төмендеуімен бірге жүрген. Егер пациенттер розувастатиннен кейін 2 сағаттан соң антацид қабылдаса, бұл әсер азайған. Бұл өзара әрекеттесудің клиникалық мәні анықталмаған.
Бір мезгілде антацидтерді қабылдау эзетимибтің сіңу жылдамдығын төмендетеді, бірақ оның биожетімділігіне әсер етпейді, сондықтан клиникалық мәні жоқ деп саналады.
Эритромицин. Розувастатин мен эритромицинді бір мезгілде қолдану AUC0-t және розувастатиннің Cmax тиісінше 20 және 30%-ға азаюымен сипатталған. Осы өзара әрекеттесу эритромицинмен туындаған ішек моторикасының жоғарылауы нәтижесі болып табылады деп болжамданады.
P450 цитохром ферменттері. Розувастатин Р450 цитохром жүйесінің изоферменттерінің тежегіші немесе индукторы болып табылмайды. Одан басқа, розувастатин – осы изоферменттер үшін профильді субстрат емес. Розувастатин мен флуконазол (CYP2C9 және CYP3A4 тежегіштері) немесе кетоконазол (CYP2A6 және CYP3A4 тежегіштері) арасында клиникалық мәні бар өзара әрекеттесу байқалмайды. Розувастатин мен итраконазолды (CYP3A4 тежегіші) қатар қолдану розувастатиннің AUC 28%-ға жоғарылауымен жүрді. Осындай өзгерістердің клиникалық мәні бар деп саналмайды. Осылайша, Р450 цитохромы жүйесі изоферменттері арқылы препараттың метаболизмімен байланысты дәрілік өзара әрекеттесу ықтималдығы аз.
Эзетимиб дәрілік заттарды метаболиздейтін P450 цитохромы ферменттерін индукцияламайды. Эзетимиб пен Р450 цитохромы 1А2, 2D6, 2С8, 2C9 және 3А4 изоформаларымен немесе N-ацетилтрансферазамен метаболизденетіні белгілі дәрілік заттар арасында клиникалық мәні бар фармакокинетикалық өзара әрекеттесу байқалған жоқ.
К дәрумені антагонистері. ГМГ-КоА-редуктазанаң басқа тежегіштерімен емдеген жағдайдағыдай бір мезгілде К дәруменінің антогонистерімен (гепарин немесе басқа антикоагулянттар кумарин туындылары) ем қабылдайтын пациенттерде розувастатинмен емді бастау немесе дозасын жоғарылату халықаралық қалыптастырылған қатынастың (ХҚҚ) жоғарылауымен қатар жүруі мүмкін. Розувастатинді қабылдауды тоқтатқаннан кейін немесе оның дозасын төмендеткеннен кейін ХҚҚ төмендеуі мүмкін. Осындай жағдайларда ХҚҚ мониторингілеу ұсынылады.
Бір мезгілде 10 мг дозадағы эзетимибпен тәулігіне бір рет емдеу варфарин биожетімділігі мен протромбиндік уақытқа әсер еткен жоқ. Алайда, эзетимибті варфарин немесе флуиндион қабылдауға қосқанда пациенттерде халықаралық қалыптасқан қатынастың жоғарылауы туралы хабарлар бар. Алайда Розулип Плюс препаратын варфаринмен немесе басқа антикоагулянттармен бірге қабылдағанда халықаралық қалыптасқан қатынас (ХҚҚ) көрсеткішін мониторингілеу керек.
Пероральді контрацептивтер/гормон алмастыратын ем (ГАЕ). Розувастатинді және ішке қабылданатын контрацептивтердi бiр мезгілде қолдану этинилэстрадиол және норгестрел AUC-ының тиісінше 26 және 34% ұлғаюымен бірге жүрді. Қан плазмасындағы бұл гормондар концентрациясының ұлғаюын ішке қабылданатын контрацептивтердiң дозаларын таңдау кезінде ескеру қажет. ГАЕ аясындағы розувастатинді қолдануды сипаттайтын фармакокинетикалық деректер жоқ, сондықтан жоғарыда сипатталғандарға ұқсас әсерлердің дамуын жоққа шығаруға болмайды. Эзетимиб этинилэстрадиол мен левоноргестрелді қамтитын пероральді контрацептивтердің фармакокинетикасына әсер еткен жоқ.
Холестирамин. Бір мезгілде холестирамин қабылдау қосынды эзетимиб үшін (эзетимиб + эзетимиб глюкурониді) фармакокинетикалық қисық астындағы ауданды (AUC) шамамен 55 %-ға азайтады. Эзетимибтің холестираминмен өзара әрекеттесуі төмен тығыздықты липопротеидтер холестеринінің (ТТЛП-ХС) төмендеуін туындатуы мүмкін.
Статиндер. Эзетимибті аторвастатинмен, симвастатинмен, правастатинмен, ловастатинмен, флувастатинмен немесе розувастатинмен бір мезгілде қолданғанда клиникалық мәні бар фармакокинетикалық өзара әрекеттесу байқалған жоқ.
Басқа дәрілік заттар: спецификалық өзара әрекеттесуге қатысты зерттеу деректері бойынша розувастатин мен дигоксиннің клиникалық маңызды өзара әрекеттесуі анықталған жоқ.
Эзетимиб бірге қолданғанда дапсон, декстрометорфан, дигоксин, глипизид, толбутамид, мидазоламның фармакокинетикасына әсер еткен жоқ.
Циметидинді эзетимибпен бір мезгілде қабылдау эзетимибтің биожетімділігіне әсер етпейді.
Розувастатиннің дозасын өзгертуді талап ететін өзара әрекеттесулер (кестені қара):
Розувастатиннің жүйелі әсерін жоғарылататыны белгілі препараттармен бір мезгілде Розувастатинді қолдану қажеттігінде, соңғысының дозасын өзгерту керек. Егер AUC экспозициясының 2 немесе одан артық жоғарылауы күтілсе, онда розувастатинді 5 мг стартты дозада тағайындау керек. Розувастатиннің ең жоғары тәуліктік дозасын розувастатиннің мүмкіндігінше күтілген экспозициясы 40 мг розувастатинді өзара әрекеттесуді туындататын препараттарсыз (мысалы, розувастатин 20 мг дозада гемфиброзилмен – 1.9 есе артады; розувастатин 10 мг дозада ритонавир/атазанавирмен біріктірілімде – 3.1 есе артады) қабылдағанда бақыланатын мәндерден аспайтындай модификациялау керек.
Кесте: Бір мезгілде қолданылатын препараттардың жарияланған клиникалық зерттеулер негізінде розувастатиннің экспозициясына әсері (AUC-қа әсерінің төмендеу ретімен)
Өзара әрекеттесуді тудыратын препараттың дозалау режимі |
Розувастатиннің дозалау режимі |
Розувастатин- нің AUC мәнінің өзгеруі* |
Циклоспорин күніне екі рет 75 мг-нан күніне екі рет 200 мг-ға дейін, 6 ай |
10 мг күніне 1 рет, 10 тәу |
7,1-есе ↑ |
Регорафениб 160 мг 1 рет/тәу, 14 тәу |
5 мг, бір рет |
3,8 есе ↑ |
Атазанавир 300 мг/ритонавир 100 мг күніне 1 рет, 8 күн |
10 мг, бір реттік доза |
3,1-есе ↑ |
Симепревир 150 мг күніне 1 рет, 7 күн |
10 мг, бір реттік доза |
2,8-есе ↑ |
Элбасвир 50 мг +гразопревир 200 мг тәулігіне 1 рет |
10 мг бір рет |
2,3 есе ↑** |
Лопинавир 400 мг/ритонавир 100 мг күніне екі рет, 17 күн |
20 мг, бір реттік доза |
2,1-есе ↑ |
Глекапревир 400 мг/пибрентасвир 120 мг тәулігіне 1 рет, 7 күн |
5 мг 1 раз/сут, 7 тәу |
2,2 есе ↑ |
Велпатасвир 100 мг тәулігіне 1 рет |
10 мг бір рет |
2,7 есе ↑ |
Омбитасвир 25 мг /паритапревир 150 мг /ритонавир 100 мг тәулігіне 1 рет /дасабувир 400 мг тәулігіне 2 рет, 14 күн |
5 мг бір рет |
2,6 есе ↑ |
Клопидогрел 300 мг қаныққан доза, кейін 75 мг/тәу |
20 мг, бір реттік доза |
2-есе ↑ |
Гемфиброзил 600 мг тәулігіне 2 рет, 7 күн |
80 мг, бір реттік доза |
1,9-есе ↑ |
Элтромбопаг 75 мг, тәулігіне 1 рет, 5 күн |
10 мг, бір реттік доза |
1,6-есе ↑ |
Дарунавир 600мг/ритонавир 100 мг күніне екі рет, 7 күн |
10 мг күніне 1 рет, 7 тәу |
1,5-есе ↑ |
Типранавир 500 мг/ ритонавир 200 мг күніне екі рет, 11 күн |
10 мг, бір реттік доза |
1,4-есе ↑ |
Дронедарон 400 мг күніне екі рет |
деректер жоқ |
1,4-есе ↑ |
Итраконазол 200 мг күніне бір рет, 5 күн |
10 мг, бір реттік доза |
1,4-есе ↑** |
Фозампренавир 700 мг/ритонавир 100 мг күніне екі рет, 8 күн |
10 мг, бір реттік доза |
↔ |
Алеглитазар 0.3 мг 7 күн |
40 мг, 7 тәу |
↔ |
Силимарин (Silbyum marianum экстрактісі) 140 мг күніне үш рет, 5 күн |
10 мг, бір реттік доза |
↔ |
Фенофибрат 67 мг күніне үш рет, 7 күн |
10 мг 7 тәу |
↔ |
Рифампин 450 мг күніне үш рет, 7 күн |
20 мг, бір реттік доза |
↔ |
Кетоконазол 200 мг күніне үш рет, 7 күн |
80 мг, бір реттік доза |
↔ |
Флуконазол 200 мг күніне бір рет, 11 күн |
80 мг, бір реттік доза |
↔ |
Эритромицин 500 мг күніне 4 рет, 7 күн |
80 мг, бір реттік доза |
20%↓ |
Байкалин 50 мг күніне үш рет |
20 мг, бір реттік доза |
47%↓ |
* Х-еселік өзгерістер секілді берілген деректер тек қана розувастатиннің бір өзін қолданғанда және препараттар біріктірілімін қабылдағандағы AUC арақатынасы болып табылады. % секілді берілген деректер - тек қана розувастатиннің бір өзін қолданғандағыға қатысты %- айырмашылығын көрсетеді.
↑ - жоғарылауы, ↔ - өзгерістер жоқ, ↓ - төмендеуі
**Өзара әрекеттесудің кейбір зерттеулерін розувастатиннің басқа дозаларымен жүргізді, кестеде AUC маңыздылығы жоғары өзгерістері берілген.
Арнайы ескертулер
Қаңқа бұлшықеттеріне әсері
Қаңқа бұлшықеттері тарапынан жағымсыз құбылыстары (мысалы, миалгия, миопатия, (миозиттi қоса) және сирек жағдайларда рабдомиолиз розувастатинді кез келген дозаларда, әсiресе жиi 20 мг-ден асатын дозаларда қабылдаған пациенттерде байқалған.
Эзетимиб қолданғанда миопатия және рабдомиолиз жағдайлары туралы хабарланды. Өте сирек жағдайларда эзетимибпен монотерапияда, сондай-ақ эзетимибты рабдомиолиздың жоғары қаупімен астасқан басқа дәрілік заттарға қосқанда рабдомиолиз байқалды. Миопатияға (бұлшықеттер тарапынан симптомдар немесе креатинфосфокиназаның жоғары деңгейі негізінде) күдіктенгенде эзетимибті қабылдауды, барлық статиндерді және рабдомиолиздің жоғары деңгейімен байланысы анықталған қандай да болмасын дәрілік заттарды дереу тоқтату керек. Емнің басында барлық пациенттерге бұлшықеттердегі себепсіз ауыруының барлық көріністері, бұлшықет аурушаңдығы немесе әлсіздігі туралы уақытылы хабарлау керектігі туралы ескерту керек.
Бүйрек функциясына әсері
Розувастатин қабылдаған (әсіресе 40 мг дозада) кейбір пациенттерде экспресс-тестілеуде негізінен өзекшелік табиғатымен протеинурия байқалды. Протеинурия қайтымды немесе интермиттирлейтін сипат иеленген. Көптеген жағдайларда протеинурия емдеу барысында азаяды немесе жоғалады және бүйректің жедел ауруының пайда болуын және осыған дейінгі болған ауруларының өршуін білдірмейді.
Бауыр функциясына әсері
Емді бастағанға дейін және емді бастағаннан кейін 3 айдан соң бауырдың функционалдық сынамасына бақылау жүргізу ұсынылады. Егер қан сарысуындағы трансаминазалар қалыптың жоғары шегінен 3 еседен аса жоғары болса розувастатинді қабылдауды тоқтату немесе оның дозасын төмендету қажет.
Екіншілік гиперхолестеринемиямен пациенттерде гипотиреоз немесе нефроздық синдром салдарынан негізгі ауруларының емі розувастатинмен емді бастағанға дейін жүргізілуі керек.
Эзетимиб пен статинді бір мезгілде қабылдағанда трансаминазалардың (қалыптың жоғары шегінен [ҚЖШ] ≥3) бірізді жоғарылауы байқалды.
Эзетимиб әсерінің жоғарылауының ықпалы белгісіз болуы салдарынан бауыр функциясы орташа және ауыр бұзылған пациенттерде Розулип Плюс препаратын қолдануға болмайды.
Креатинфосфокиназаны анықтау
Бұл нәтижелердiң интерпретациясын қиындата алатындықтан, қан сарысуындағы креатинфосфокиназаны анықтауды қарқынды физикалық жүктемесінен кейiн немесе креатинкиназа концентрациясы ұлғаюының басқа мүмкін болатын себептерiнiң болуы кезінде жүргiзуге болмайды. Егер креатинкиназаның бастапқы деңгейі едәуiр жоғары (қалыптың жоғарғы шегіне қарағанда 5 есе жоғары) болса, 5-7 күннен кейiн қайтадан өлшем жүргiзу керек. Егер қайта жасалған тест креатинкиназаның бастапқы деңгейiн растаса (қалыптың жоғарғы шегіне қарағанда 5 есе жоғары), терапияны бастауға болмайды.
Фузидий қышқылы
Жүйелі қолдану үшін немесе фузидий қышқылымен емдеуді тоқтатқаннан кейін 7 күн ішінде Розулип Плюсті фузидий қышқылымен бірге қолдануға болмайды. Фузидий қышқылымен емделу қажет пациенттерге бүкіл емделу барысында розувастатин қабылдауды тоқтату керек. Розувастатин мен фузидий қышқылын бірге қабылдап жүрген пациенттерде рабдомиолиздің дамуы (кейбір жағдайларда өліммен аяқталған) туралы хабарланды. Пациенттер бұлшықет әлсіздігі, ауыру немесе бұлшықеттің сезімталдығы дамығанда дереу дәрігерге қаралу керектігі туралы хабардар болуы тиіс.
Фузидий қышқылының соңғы дозасын енгізгеннен кейін 7 күннен соң розувастатинмен емді қайта бастауға болады.
Фузидий қышқылымен ұзақ емдеу қажет болған ерекше жағдайларда, мысалы, ауыр инфекцияларда, фузидий қышқылы мен Розулип Плюс препаратын бірге қолдану қажеттілігі туралы шешім емнің потенциалды қаупі мен пациенттің жағдайын мұқият бақылағандағы ықтимал пайданы салыстыра отырып, жекелей қабылдануы тиіс.
Емді бастағанға дейін
ГМГ-КоА-редуктазасының басқа тежегіштері тәрізді, Розулип Плюс препаратын миопатия немесе рабдомиолиз дамуына бейiмдейтiн факторлары бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек, олар: бүйрек функциясының бұзылуы; гипотиреоз; пациенттегі немесе оның жақын туыстарындағы бұлшықет жүйесiнiң тұқым қуалаған патологиясы; анамнезіндегі ГМГ-КоА-редуктазасының басқа тежегішін немесе фибратты қабылдауға байланысты бұлшықетке уытты әсер; ішімдікке салыну; 70 жастан асқандар; қан плазмасында препарат концентрациясының ұлғаюына әкелетін жағдайлар; бір мезгілде фибраттарды пайдалану.
Мұндай пациенттерге препаратты тағайындау кезінде емнің қаупі мен мүмкін болатын пайдасын мұқият салыстыру қажет. Бұдан басқа клиникалық мониторингті жүргізу ұсынылады. КФК деңгейінің айтарлықтай бастапқы жоғарылауында (ҚЖШ 5) емді бастауға болмайды.
Емдеу уақытында
Бұлшықет ауруларының, бұлшықет әлсiздiгінің немесе түйілуінің кенеттен байқалу жағдайлары туралы, әсiресе егер олар дімкәстікпен және қызбамен бірге болса, дәрiгерге дереу хабарлау қажеттiгi туралы пациентке баяндау керек. Мұндай пациенттерде қан сарысуындағы КФК белсенділігін анықтау керек. Егер КФК белсенділігі едәуір ұлғайған (қалыптың жоғарғы шегімен салыстырғанда 5 еседен жоғары болса) немесе егер бұлшықет тарапынан симптомдар кенет айқын және күнделікті қолайсыздық туғызған (тіпті егер КФК белсенділігі қалыптың жоғарғы шегімен салыстырғанда 5 еседен аспаса) жағдайда ем тоқтатылуы керек. Креатинфосфокиназа дағдылы бақылау симптомдары болмаған кезде орынсыз. Проксимальді бұлшықеттердің ұзаққа созылған әлсіздігі және статиндермен (оның ішінде розувастатинмен де) емдеу аясында немесе емді тоқтатқаннан кейін сарысу креатинкиназасы деңгейінің жоғарылауы түріндегі клиникалық біліністермен сипатталатын иммунологиялық шығу тегімен некроздалған миопатия дамуы туралы өте сирек хабарлар бар. Осындай жағдайларда кейінірек жүйке-бұлшықеттік функциясын зерттеуге, серологиялық тестілер жасау және иммуносупрессивті ем тағайындауға қажеттілік туындауы мүмкін.
Розувастатинді қабылдаған және басқа гиполипидемиялық препараттармен қатар жүретін ем кезінде қаңқа бұлшықеттеріне әсердiң ұлғаюының белгiлерi анықталмаған. Гемфиброзил, циклоспорин, никотин қышқылы, азолдік зеңге қарсы дәрілер, протеаза тежегіштері және макролидті антибиотиктерді қоса, фиброй қышқылының туындыларымен қатар ГМГ-КоА-редуктазасының басқа тежегіштерін қабылдаған пациенттерде миозит және миопатия жағдайларының ұлғаюы туралы хабарланған. Гемфиброзил ГМГ-КоА-редуктазасының кейбiр тежегіштерімен бірге тағайындау кезінде миопатияның пайда болу қаупін ұлғайтады. Осылайша, Розулип Плюс пен гемфиброзилді бір мезгілде тағайындау ұсынылмайды. Розулип Плюс пен фибраттарды немесе ниацинді бiрлесе қолдану кезінде қауіп пен мүмкiн болатын пайданың арақатынасын мұқият салыстыру керек.
Розулип Плюс препаратын миопатияның дамуы туралы растайтын жедел, маңызды бұзушылықтарымен немесе рабдомиолизге (мысалы, сепсис, гипотензия, көлемдi хирургиялық араласу, жарақат, ауыр метаболизмдік, эндокриндік немесе электролиттiк бұзылулар, тойтарылмайтын құрысулар) қатысты екiншi орындағы бүйрек жеткiлiксiздiгiнiң дамуына бейiмдейтiн факторлармен пациенттердi емдеу үшiн қолдануға болмайды.
Этникалық қатыстылығы
Розувастатиннің фармакокинетикасын зерттеулер еуропалық нәсілді пациенттермен салыстырғанда азиялық нәсілді пациенттерде дәрілік заттың әсерінің жоғарылауын көрсетеді.
Протеазалар тежегіштері
Розувастатинді протеолиздік ферменттердің әртүрлі тежегіштерімен және ритонавирмен біріктіргенде розувастатиннің жүйелі экспозициясының жоғарылауы байқалды.
Протеаза тежегіштерін қабылдайтын АИТВ пациенттерде Розулип Плюсті тағайындағанда липидтер деңгейінің төмендеуінің пайдасы мен емнің басында және препарат дозасын ары қарай таңдауда қан плазмасындағы розувастатин деңгейінің жоғарылату мүмкіндігін саралау керек.
Розулип Плюс препаратының дозасына түзету жүргізу жағдайларын қоспағанда протеазаның кейбір тежегіштерімен біріктірілімі ұсынылмайды Өкпенің интерстициальді ауруы
Өкпенің интерстициальді ауыруының өте сирек жағдайлары статин тобынан кейбiр препараттарды қабылдаған науқастарда тiркелген.
Әдеттегiдей, бұл жағдайлар статиндермен ұзақ уақыт емдеу кезінде байқалған. Өкпенің интерстициальді ауруы ентiкпемен, өнiмсiз жөтелмен және жалпы жағдайдың нашарлауымен (жоғары қажу, дене массасының төмендеуi және қызба) білінеді. Егер өкпенің интерстициальді ауруына күдік болса, статиндермен емдеуді тоқтату керек.
Қант диабеті
Бар деректер негізінде статиндер класс ретінде қандағы қант деңгейін жоғарылатады, сондай-ақ қант диабетінің дамуының жоғары қаупімен пациенттерде диабетке қарсы емді қажет ететін гипергликемия туындатуы мүмкін. Әйтсе де осындай жағдайларда статиндерді тоқтатуға болмайды, өйткені қантамырлары ауруларының даму қаупінің төмендеуімен байланысты пайдасы гипергликемия даму қаупінен жоғары.
Қауіп тобына жататын пациенттерге (аш қарынға глюкозаның концентрация 5.6-6.9 ммоль/л, дене салмағының индексі >30 кг/м2, триглицеридтер деңгейінің жоғарылауы, гипертония), қолданыстағы ұлттық ұсыныстарға сәйкес клиникалық және биохимиялық мониторинг жүргізу керек.
Фибраттар
Эзетимиб пен фибраттарды бір мезгілде қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталған жоқ. Егер Розулип Плюс және фенофибрат қабылдайтын пациентте холестаз дамуына күдік туындаса өт қабына зерттеу жүргізу және аталған емді тоқтату керек.
Антикоагулянттар
Егер Розулип Плюс варфаринмен, басқа кумариндік антикоагулянт немесе флуиндионмен емге қосылған болса, халықаралық қалыптастырылған қатынасқа (ХҚҚ) сәйкес мониторинг қажет болады.
Бауыр ауруы және алкоголь тұтыну
Розулип Плюс капсуласын алкогольді шамадан тыс қабылдайтын және\немесе анамнезінде бауыр аурулары бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Розулип Плюс жүктілік және емшек емізу кезінде қарсы көрсетілген. Ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдер контрацепцияның тиімді шараларын қолдануы тиіс.
Розувастатин
Холестерин және холестерин биосинтезінің басқа да өнімдері шарананың қалыпты дамуы үшін қажет болғандықтан, ГМГ-КоА-редуктаза белсенділігін бәсеңдетудің ықтимал қаупі жүктілік кезінде препаратпен емдеудің басымдықтарынан асып түседі. Репродуктивті уыттылықты көрсететін шектеулі эксперименттік деректер бар. Егер жүктілік Розулип Плюс препаратымен емдеу аясында басталса, онда препаратты қабылдауды дереу тоқтату қажет.
Эзетимиб
Эзетимибті монотерапия ретінде қолдану жөніндегі эксперименттік деректер жүктілік барысына, эмбриофетальді дамуға, босануға және постнатальді дамуға тікелей немесе жанама әсерін анықтаған жоқ. Жүктілік кезінде эзетимибті қолдану туралы клиникалық деректер жоқ.
Розувастатин мен эзетимибтің емшек сүтімен шығарылуы туралы мәліметтер жоқ.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Розулип Плюс көлік құралын және әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді немесе мардымсыз әсер етеді. Розувастатин және/немесе эзетимибтің аталған қабілетке әсері туралы деректер жоқ. Алайда көлік құралын және әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару кезінде емдеу барысында дамуы мүмкін бас айналу қаупін ескеру керек.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалау режимі
Розулип Плюс препараты ұсынылатын бекітілген біріктірілімдегі дозаларда немесе розувастатиннің қажетті дозасын анықтағаннан кейін екі жекелеген затты бірге қабылдаған кезде ауруы жеткілікті бақыланатын ересек пациенттерде гиперхолестеринемияны емдеу үшін көрсетілген;
Емдеу курсы барысында пациент стандартты гиполипидемиялық диетаны сақтауы тиіс.
Ұсынылатын тәуліктік доза тамақ ішуге қарамастан қабылданатын бір капсуланы құрайды.
Розулип Плюс бірінші қатардағы гиполипидемиялық терапия ретінде жарамайды. Біріктірілген емді немесе дозаны өзгертуді препараттың екі компонентінің де талап етілетін дозасын анықтағаннан кейін ғана бастау керек, содан кейін емдеуді монокомпоненттердің қажетті дозалары бар біріктірілген препаратқа ауыстыруға болады.
Розулип Плюс 5 мг/10 мг, 10 мг/10 мг және 20 мг/10 мг капсулалары 40 мг-ға тең розувастатин дозасын қажет ететін пациенттерді емдеуге жарамайды.
Розулип Плюс өт қышқылдарының секвестрантын қабылдағаннан кейін ≥2 сағат бұрын немесе ≥4 сағат өткен соң қабылдау керек.
Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
18 жасқа толмаған адамдарда Розулип Плюс препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.
Егде жастағы пациенттер
70 жастан асқан пациенттерде розувастатиннің ұсынылатын бастапқы дозасы 5 мг құрайды. Препараттардың бұл біріктірілімі бірінші кезектегі терапия ретінде жарамсыз. Біріктірілген емді немесе дозаны өзгертуді препараттың екі компонентінің де талап етілетін дозасын анықтағаннан кейін ғана бастау керек, содан кейін емдеуді монокомпоненттердің қажетті дозалары бар біріктірілген препаратқа ауыстыруға болады.
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер
Бүйрек функциясы жеңіл және орташа бұзылған пациенттерде дозаны түзету талап етілмейді. Бүйрек функциясы орташа бұзылған пациенттерде (креатинин клиренсі <60 мл/мин) розувастатинді қабылдауды 5 мг дозадан бастау ұсынылады. Дозалардың бекітілген біріктірілімін бірінші желі емі ретінде қолдануға болмайды. Біріктірілген емді немесе дозаны өзгертуді екі компоненттің сәйкес келетін дозаларын таңдағаннан кейін бастау керек.
Бүйрек функциясы ауыр бұзылған пациенттерде розувастатиннің кез келген дозасын қабылдауға болмайды.
Бауыр функциясы бұзылған пациенттер
Бауыр функциясы жеңіл бұзылған пациенттерде (Чайлд-Пью шкаласы бойынша 5–6 балл) дозаны түзету талап етілмейді. Бауыр функциясы орташа дәрежедегі бұзылған (Чайлд-Пью шкаласы бойынша 7–9 балл) немесе бауыр функциясы ауыр дәрежеде бұзылған (Чайлд-Пью шкаласы бойынша >9 балл) пациенттерде Розулип Плюс препаратын қолдануға болмайды. Розулип Плюс препаратын жедел бауыр аурулары бар пациенттерге қолдануға болмайды.
Этникалық қатыстылығы
Азиялық нәсілді пациенттерде розувастатиннің жүйелі әсерінің жоғарылауы байқалды. Азиялық нәсілді пациенттерде розувастатиннің ұсынылған бастапқы дозасы - 5 мг. Дозалардың бекітілген біріктірілімін бірінші желі емі ретінде қолдануға болмайды. Емді бастау үшін монокомпоненттер пайдалану керек. Біріктірілген емді немесе дозаны өзгертуді екі компоненттің сәйкес келетін дозасын таңдағаннан кейін бастау керек.
Генетикалық полиморфизм
Гендік полиморфизмнің кейбір типтері розувастатиннің жүйелі әсерін арттырады. Полиморфизмнің кейбір типтерінің бары анықталған пациенттерде Розулип Плюс препаратының төменірек тәуліктік дозасын қолдану ұсынылады.
Миопатияға бейім пациенттер
Миопатияға бейім пациенттерде розувастатиннің бекітілген бастапқы дозасы - 5 мг. Дозалардың бекітілген біріктірілімін бірінші желі емі ретінде қолдануға болмайды. Біріктірілген емді немесе дозаны өзгертуді екі компоненттің сәйкес келетін дозасын таңдағаннан кейін бастау керек.
Бір мезгілде басқа препараттармен емдеу
Розувастатин әртүрлі тасымалдаушы ақуыздардың (OATP1B1 және BCRP) субстраты болып табылады. Розулип Плюс препаратын жоғарыда аталған тасымалдаушы ақуыздармен (мысалы, циклоспорин, сондай-ақ кейбір протеаза тежегіштері, оның ішінде ритонавирдің атазановирмен, лопинавирмен және/немесе типранавирмен біріктірілімі) өзара әрекеттесуі нәтижесінде розувастатиннің плазмадағы концентрациясын жоғарылатуға қабілетті кейбір препараттармен бір мезгілде қолданғанда миопатияның даму қаупі (оның ішінде рабдомиолиздің де) жоғарылайды. Мүмкіндігінше балама препараттарды қабылдау, ал қажет болғанда уақытша Розулип Плюс препаратын қабылдауды тоқтату мүмкіндігін қарастыру керек. Осындай дәрілік заттарды бірге қолдану қажет болған жағдайда, біріктірілген еммен және Розувастатин препаратының дозасын өзгертумен байланысты пайда мен қаупін мұқият қарастыру керек.
Енгізу жолы және тәсілі
Ішуге арналған капсулалар.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Розулип Плюс препаратын ас қабылдауға қарамастан, күніне бір мезгілде қабылдауға болады. Капсуланы бүтіндей жұтып, сумен ішу керек. Пациенттің Розулип Плюс препаратымен емдеу басталғанға дейiн және курсы бойы стандартты гиполипидемиялық диетаны сақтауы тиіс.
Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар
Симптомдары: розувастатиннің артық дозалануы туралы деректер жоқ. Эзетимибтің бірнеше артық дозалану жағдайлары туралы хабарланды, олар әдетте жағымсыз құбылыстардың дамуымен астасқан болмады. Хабарланған жағымсыз құбылыстар елеулі емес.
Емі: Розувастатиннің артық дозалану жағдайындағы спецификалық ем жоқ. Артық дозаланған жағдайда симптоматикалық және демеуші ем жүргізген жөн. Бауыр функциясын және КФК деңгейін мониторингілеу керек. Гемодиализдің пайдасы екіталай.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар
Препаратты дәрiгердiң қатаң тағайындауы бойынша қолданады!
Егер сізде осы препаратты қолдану туралы қосымша сұрақтар туындаса, дәрігерге немесе фармацевтке хабарласыңыз.
ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар
Розувастатинді қабылдағанда байқалатын жағымсыз реакциялар әдетте өтпелі және ауырлығы аз ғана болады.
Жиі (>1/100 <1/10 дейін)
- қант диабеті1,2
- бас ауыруы2,4, бас айналуы2
- іш қатуы2, жүрек айнуы2, іш ауыруы2,3, диарея3, метеоризм3
- миалгия2,4
- астения2, шаршағыштық3
- АЛТ және/немесе АСТ жоғарылауы4
Жиі емес (>1/1000 <1/100 дейін)
- тәбеттің төмендеуі3
- парестезия4
- құйылулар3, артериялық гипотензия3
- жөтел
- диспепсия3, гастроэзофагеальді рефлюксті ауру3, жүрек айнуы3, ауыздың құрғауы4, гастрит4
- терінің қышуы2,4 тері бөртпесі2,4, есекжем2,4
- артралгия3, бұлшықет түйілуі3, мойын ауыруы3, арқа ауыруы4, бұлшықет әлсіздігі4, қол-аяқтың ауыруы4
- көкірек қуысының ауыруы3, ауыру3, астения4, шеткері ісіну4
- АЛТ және/немесе АСТ жоғарылауы3, қанның КФК жоғарылауы3, γ-глутамил-трансферазаның жоғарылауы3, бауыр функциясының биохимиялық көрсеткіштерінің ауытқуы3
Сирек (1/10,000 <1/1000 дейін)
- тромбоцитопения2
- аса жоғары сезімталдық реакциясы, ангионевроздық ісінуді2 қоса
- панкреатит2
- бауыр трансаминазаларының жоғарылауы2
- миозитті қоса миопатия2, рабдомиолиз2, жегі тәрізді синдром2, бұлшықет үзілуі2
Өте сирек (<1/10000)
- полинейропатия2, естен айрылу2
- сарғаю2, гепатит2
- артралгия2
- гематурия2
- гинекомастия2
Белгісіз (бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
- тромбоцитопения5
- жоғары сезімталдық (оның ішінде тері бөртпесі, есекжем, анафилаксия және Квинке ісінуі)5
- депрессия2,5
- шеткері нейропатия2, ұйқының бұзылуы (оның ішінде ұйқысыздық және түнгі қорқынышты түстер)2, бас айналуы5, парестезия5
- жөтел2, ентігу2,5
- диарея2 , панкреатит5, іш қатуы5
- гепатит5 , холелитиаз5, холецистит5
- Стивенс-Джонсон синдромы2, көп формалы эритема5
- иммунитетпен байланысты некроздалатын миопатия2, кейде олардың үзілуімен сіңірлердің зақымдануы2, артралгия5, миалгия5, миопатия және рабдомиолиз5
- ісіну2, астения5
1 Розувастатинді қабылдағанда қант диабеті жағдайының жиілігі қауіп факторының болуына немесе болмауына тәуелді (аш қарынға глюкоза деңгейі ≥ 5,6 ммоль/л, дене салмағының индексі >30 кг/м2, триглицеридтер деңгейінің жоғарылауы, анамнезінде артериялық гипертензия).
2 Клиникалық зерттеулерден және ауқымды тіркеуден кейінгі қолданудан алынған деректерге негізделген розувастатиннің жағымсыз реакцияларының бейіні.
3 Эзетимибпен монотерапия. Эзетимиб (N=2396) қабылдаған және плацебо (N=1159) қабылдағанға қарағанда жиілігі жоғары пациенттерде байқалған жағымсыз реакциялар
4 Эзетимиб статинмен бірге қабылдағанда. Эзетимиб пен статин (N=11308) қабылдаған және бір ғана статинді (N=9361) қабылдағанға қарағанда жиілігі жоғары пациенттерде байқалған жағымсыз реакциялар).
5 Эзетимибті тіркеуден кейінгі қолдану кезінде байқалған қосымша жағымсыз реакциялар. Бұл қолайсыз құбылыстар спонтанды хабарламалар негізінде анықталғандықтан, бұл құбылыстардың жиілігі белгісіз және оларды есептеу мүмкін емес.
ГМГ-КоА-редуктазаның басқа да тежегіштерін қолданғандай дәрілерге жағымсыз реакциялар жиілігі дозаға байланысты сипатқа ие.
Розувастатиннің бүйрекке әсері
Розувастатин қабылдаған пациенттерде экспресс-тәсілмен анықталатын, көптеген жағдайда шығу тегі бойынша өзекшелік болатын протеинурия байқалды. Несептегі ақуыздың өзгеруі оның толық болмауы немесе ++ дейін аздаған немесе одан жоғары мөлшері 10 мг немесе 20мг дозамен емделу кезінде 1% пациенттерде байқалды. Толық болмауынан аздап жоғарылауы немесе + дейін аздаған мөлшері 20 мг дозаны қабылдағанда байқалды. Көптеген жағдайларда үнемі емдеуде протеинурия азаяды немесе жоғалады. Протеинурия мен жедел немесе үдемелі бүйрек жеткіліксіздігі арасында өзара байланыс жоқ. Розувастатин қабылдаған кейбір пациенттерде, сирек жағдайларда гематурия анықталды.
Розувастатиннің қаңқа бұлшықеттеріне әсері
Қаңқа бұлшықеті тарапынан жағымсыз әсерлер, мысалы, миалгия, миопатия (миозитті қоса) және, сирек жағдайларда рабдомиолиз розувастатинді әртүрлі дозада, әсіресе жиі, 20 мг асатын дозаларда қабылдаған пациенттерде байқалды.
Препаратты қабылдайтын кейбір пациенттерде КФК концентрациясының дозаға байланысты жоғарылауы байқалды. Көп жағдайларда осы көрініс жеңіл, симптомсыз және қайтымды сипатқа ие.
КФК-ның қан сарысуындағы жоғары концентрациясында (ҚЖШ-мен салыстырғанда 5 еседен аса) розувастатинмен емді тоқтату керек.
Розувастатиннің бауырға әсері
ГМГ-КоА-редуктазаның басқа тежегіштерін қабылдаған жағдайдағыдай, розувастатин қабылдаған пациенттердің аздаған бөлігінде қан сарысуында трансаминазалар деңгейінің дозаға тәуелді жоғарылауы байқалды, олар көп жағдайларда жеңіл, симптомсыз және қайтымды сипатқа иеленді.
Кейбір статиндермен емдеу аясында келесі жағымсыз құбылыстар тіркелген: жыныс функциясының бұзылуы; негізінен статиндермен ұзақ уақыт емдеуде өкпенің интерстициальді ауруларының өте сирек жағдайлары тіркелген.
Рабдомиолиздің, бүйрек функциясының айқын бұзылуы және бауыр тарапынан елеулі бұзылулардың (негізінен трансаминаза концентрациясының жоғарылауымен көрсетілген) даму жиілігі препаратты 40 мг дозада қолданғанда жоғары.
Зертханалық көрсеткіштер
Сарысу трансаминазаларының жоғарылау эпизодтары (АЛТ және/немесе АСТ ≥ 3 ВГН) эзетимиб пен статинді біріктіріп қолданғанда әдетте симптомсыз болды, холестазбен астасқан емес және трансаминаза мәндері емді аяқтағаннан кейін немесе жалғасқан ем аясында бастапқы деңгейге оралды.
Эзетимибті монотерапия ретінде немесе статинмен біріктіріп қабылдау миопатия немесе рабдомиолиз жиілігінің жоғарылауымен астасқан.
Балалар мен жасөспірімдер
18 жасқа толмаған пациенттерде Розулип Плюс препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
Бір 5 мг/10 мг капсуланың құрамында
белсенді заттар: 5 мг розувастатин (5,34 мг мырыш розувастатиніне баламалы), 10мг эзетимиб,
Бір 10 мг/10 мг капсуланың құрамында
белсенді заттар: 10 мг розувастатин (10,68 мг мырыш розувастатиніне баламалы), 10мг эзетимиб,
Бір 20 мг/10 мг капсуланың құрамында
белсенді заттар: 20 мг розувастатин (21,36 мг мырыш розувастатиніне баламалы), 10мг эзетимиб,
қосымша заттар: кремнийлі микрокристалды целлюлоза (микрокристалды целлюлоза, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы), сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, повидон, натрий кроскармеллозасы, микрокристалды целлюлоза, маннитол, натрий лаурилсульфаты, орын басу дәрежесі төмен гидроксипропилцеллюза, Қатты желатинді капсуланың құрамы (CONI–SNAP 0): темірдің сары тотығы (Е172), титанның қостотығы (Е171), желатин
Қатты желатинді капсуланың құрамы (CONI–SNAP 0):
темірдің сары тотығы (Е172), титанның қостотығы (Е171), желатин (5 мг/10 мг , 10 мг/ 10 мг дозалар үшін)
темірдің қызыл тотығы (Е172), темірдің сары тотығы (Е172), титанның қостотығы (Е171), желатин (20 мг/ 10 мг дозалар үшін)
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
5 мг/10 мг капсулалар (розувастатин/ эзетимиб): Қатты желатинді капсулалар CONI-SNAP 0, таңбаланусыз, өздігінен жабылатын, ақ түсті корпусы мен сары түсті қақпағымен, құрамында екі таблетка бар.
Капсуланың құрамында:
5 мг розувастатин таблеткалары. Ақ немесе ақ дерлік түсті таблетканың бір жағында таңбасы бедерленіп ойылып жазылған, иіссіз немесе иіссіз дерлік, дөңгелек, екі жағы дөңес таблеткалар.
10 мг эзетимиб таблеткалары. Ақ немесе ақ дерлік түсті, таблетканың бір жағында Е әрпі және екінші жағында 612 нөмірі бедерленіп ойылып жазылған, иіссіз немесе иіссіз дерлік, сызығы бар, дөңгелек жайпақ таблеткалар.
10 мг/10 мг капсулалар (розувастатин/эзетимиб): қатты желатинді капсулалар CONI-SNAP 0, таңбаланусыз, өздігінен жабылатын, сары түсті корпусы мен сары түсті қақпағымен, құрамында екі таблетка бар
Капсуланың құрамында:
10 мг розувастатин таблеткалары: ақ немесе ақ дерлік түсті таблетканың бір жағында Е әрпі және 596 нөмірі бедерленіп ойылып жазылған, иіссіз немесе иіссіз дерлік, сопақша таблеткалар.
Эзетимиб таблеткалары: ақ немесе ақ дерлік түсті, таблетканың бір жағында Е әрпі және екінші жағында 612 нөмірі бедерленіп ойылып жазылған, иіссіз немесе иіссіз дерлік, дөңгелек жайпақ таблеткалар (10 мг/10 мг доза үшін).
20 мг/10 мг капсулалар (розувастатин/эзетимиб): қатты желатинді капсулалар CONI-SNAP 0, таңбаланусыз, өздігіне жабылатын, сары түсті корпусы мен карамель түсті қақпағымен, құрамында екі таблетка бар
Капсуланың құрамында:
20 мг розувастатин таблеткалары: ақ немесе ақ дерлік түсті таблетканың бір жағында Е әрпі және 597 нөмірі бедерленіп ойылып жазылған, иіссіз немесе иіссіз дерлік, сопақша таблеткалар.
Эзетимиб таблеткалары: ақ немесе ақ дерлік түсті, таблетканың бір жағында Е әрпі және екінші жағында 612 нөмірі бедерленіп ойылып жазылған, иіссіз немесе иіссіз дерлік, дөңгелек жайпақ таблеткалар (20 мг/10 мг доза үшін).
Шығарылу түрі және қаптамасы
10 капсуладан «соld» біріктірілген үлбір (ОПА/ алюминий фольга / ПВХ) / алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.
3 (30 капсула) пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
30 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші туралы мәлімет
«ЭГИС фармацевтикалық зауыты» ЖАҚ
1106 Будапешт, Керестури к-сі, 30-38 Венгрия
Телефон: (36-1) 803-5555, факс: (36-1) 803-5529
e-mail: mailbox@egis.hu
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
«ЭГИС фармацевтикалық зауыты» ЖАҚ
1106 Будапешт, Керестури к-сі, 30-38 Венгрия
Телефон: (36-1) 803-5555, факс: (36-1) 803-5529
e-mail: mailbox@egis.hu
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«ЭГИС фармацевтикалық зауыты» ЖАҚ ҚР-дағы өкілдігі
050060, Алматық-сы, Жароков к-сі 286 Г
тел: + 7 (727) 247 63 34, + 7 (727) 247 63 33, факс: + 7 (727) 247 61 41,
e-mail: egis@egis.kz