Розувин (5 мг)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Розувин
Халықаралық патенттелмеген атауы
Розувастатин
Дәрілік түрі
Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 5 мг, 10 мг, 20 мг және 40 мг
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат: 5.20 мг кальций розувастатині (5 мг розувастатинге баламалы), 10.40 мг кальций розувастатині (10 мг розувастатинге баламалы), 20.80 мг кальций розувастатині (20 мг розувастатинге баламалы), 41.60 мг кальций розувастатині (40 мг розувастатинге баламалы).
қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза (Avicel pH 102), кросповидон (коллидон CL), кальций гидрофосфат дигидраты, магний стеараты.
үлбірлі қабықтың құрамы: гидроксипропилметилцеллюлоза, микрокристалды целлюлоза, стеарин қышқылы, титанның қостотығы (E171), темірдің сары тотығы (E172), темірдің қызыл тотығы (E172) (5 мг дозасы үшін).
үлбірлі қабықтың құрамы: гидроксипропилметилцеллюлоза, микрокристалды целлюлоза, стеарин қышқылы, титанның қостотығы (E171), темірдің қызыл тотығы (E172) (10 мг, 20 мг және 40 мг дозасы үшін).
Сипаттамасы
5 мг таблеткалар: дөңгелек пішінді, сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.
10 мг, 20 мг таблеткалар: дөңгелек пішінді, қызғылт түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.
40 мг таблеткалар: сопақша пішінді, қызғылт түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Гиполипидемиялық препараттар. Гипохолестеринемиялық және гипотриглицеридемиялық препараттар. ГМГ КoA редуктаза тежегіштері.
Розувастатин
АТХ коды С10А А07
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Розувастатин 3-гидрокси-3-метилглутарилкоэнзим А-ны холестериннің ізашары – мевалонатқа айналдыратын фермент – ГМГ-КоА редуктазаның cелективті бәсекелес тежегіші болып табылады. Розувастатиннің негізгі әсер ету нысанасы - бауыр, онда холестерин (ХС) синтезі және тығыздығы төмен липопротеиндер (ТТЛП) катаболизмі жүзеге асады.
Розувастатин жасушалар беткейінде ТТЛП бауыр рецепторларының санын арттырып, ТТЛП қармалуы мен катаболизмін жоғарылатады, бұл тығыздығы өте төмен липопротеиндер (ТӨТЛП) синтезінің тежелуіне, сол арқылы ТТЛП және ТӨТЛП жалпы санының азаюына алып келеді.
Сіңуі
Ішу арқылы қабылданғаннан кейін шамамен 5 сағаттан соң розувастатин қан плазмасында ең жоғары концентрациясына жетеді. Абсолютті биожетімділігі шамамен 20% құрайды.
Таралуы
Розувастатин, көбінесе, холестерин синтезінің және Хс-ТТЛП метаболизмінің негізгі орны болып табылатын бауырмен сіңіріледі. Розувастатиннің таралу көлемі шамамен 134 л құрайды. Шамамен 90% розувастатин плазма ақуыздарымен, негізінен, альбуминмен байланысады.
Метаболизмі
Розувастатин шектеулі (10% жуық) метаболизмге ұшырайды. Розувастатин Р450 цитохромы жүйесінің ферменттер метаболизміне арналған бағдарлық емес субстраты болып табылады. Розувастатин метаболизміне қатысатын негізгі изоэнзим CYP2C9 болып табылады. CYP2С19, CYP3А4 және CYP2D6 ферменттері метаболизмге аз дәрежеде қамтылған.
Розувастатиннің негізгі анықталған метаболиттері – N-дисметил және лактонды метаболиттер. N-дисметил белсенділігі розувастатиннен шамамен 50% аз, лактонды метаболиттер фармакологиялық тұрғыда белсенді емес. Айналымдағы ГМГ-КоА редуктазаны тежеудің фармакологиялық белсенділігінің 90%-дан астамы розувастатинмен, қалғаны оның метаболиттерімен қамтамасыз етіледі.
Шығарылуы
Розувастатин дозасының 90% жуығы өзгермеген күйде нәжіспен (сіңірілген және сіңірілмеген розувастатинді қоса) шығарылады. Қалған бөлігі несеппен шығарылады.
Шамамен 5% розувастатин несеппен өзгермеген түрінде шығарылады. Плазмалық жартылай шығарылу кезеңі (Т ½) шамамен 19 сағат құрайды. Жартылай шығарылу кезеңі препарат дозасын арттырған кезде өзгермейді. Орташа геометриялық плазмалық клиренсі шамамен 50 литр/сағат құрайды (ауытқу коэффициенті 21.7%). ГМГ-КоА редуктазаның басқа тежегіштерінің жағдайындағы сияқты, розувастатиннің бауырда қармалу үдерісінде розувастатиннің бауырмен элиминациясында маңызды рөл атқаратын холестериннің жарғақшалық тасымалдаушысы – органикалық аниондардың тасымалдайтын протеині С (ОАТП-С) қамтылған.
Дозаға тәуелділігі
Розувастатиннің жүйелік экспозициясы дозаға пропорционал ұлғаяды.
Препаратты тәулігіне бірнеше рет қабылдаған кезде фармакокинетикалық параметрлердің өзгеруі байқалмайды.
Пациенттердің ерекше топтары
Жасы мен жынысы
Розувастатиннің фармакокинетикалық қасиеттеріне жастың және жыныстық ерекшеліктің клиникалық мәні бар ықпалы байқалған жоқ. Отбасылық гетерозиготалы гиперхолестеринемиясы бар балалар мен жасөспірімдерге қолданған кезде розувастатиннің фармакокинетикасы дислипидемиясы бар ересек пациенттердегі фармакокинетикасына ұқсас болды.
Нәсілі
Азиялық нәсілдегі тұлғаларда (жапондар, қытайлар, филиппиндіктер, вьетнамдар және кәрістер), AUC және Сmax ұлғаюы кавказдықтармен салыстырғанда шамамен 2 есе. Үнділерде AUC және Сmax ұлғаюы шамамен 1,3 есені көрсетті. Популяциялық фармакокинетика талдауы ақ және негр нәсілді тұлғалар арасында розувастатиннің фармакокинетикалық параметрлеріндегі клиникалық мәні бар айырмашылықтарды анықтаған жоқ.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Жеңіл немесе орташа дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде розувастатиннің немесе N-десметил метаболиттің плазмалық концентрациясы айтарлықтай өзгермейді. Айқын бүйрек жеткіліксіздігі бар (креатинин клиренсі < 30 мл/мин) пациенттерде дені сау еріктілермен салыстырғанда розувастатиннің қан плазмасындағы концентрациясы 3 есе жоғары, ал N-десметил метаболиттің концентрациясы 9 есе жоғары. Гемодиализдегі пациенттерде розувастатиннің қан плазмасындағы концентрациясы дені сау еріктілерге қарағанда шамамен 50% жоғары болды.
Бауыр жеткіліксіздігі
Әртүрлі дәрежедегі бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде (Чайлд-Пью шкаласы бойынша 7 балл және одан төмен) розувастатин әсерінің жоғарылауы анықталған жоқ. Алайда 2 пациентте (Чайлд-Пью шкаласы бойынша 8 және 9 балл) Чайлд-Пью шкаласы бойынша төменірек көрсеткіштері бар пациентердегі осындай көрсеткіштен шамамен 2 есе жоғары әсер байқалды. Розувастатинді Чайлд-Пью шкаласы бойынша 9 баллдан асатын бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолдану тәжірибесі жоқ.
Генетикалық полиморфизм
ГМГ-КоАредуктаза тежегіштері, розувастатинді қоса, OATP1B1 және BCRP тасымалдаушы ақуыздарымен байланысады. SLCO1B1 (OATP1B1) және/немесе ABCG2 (BCRP) гендердің полиморфизмі бар пациенттерде розувастатиннің экспозициясының жоғары болу қаупі бар. SLCO1B1 c.521CC және ABCG2 c.421AA жекелей полиморфизмі SLCO1B1 c.521TT немесе ABCG2.421CC генотиптерімен салыстырғанда розувастатин экспозициясының (AUC) тиісінше ұлғаюымен байланысты. Бұл арнайы генотиптендіру клиникалық тәжірибеде анықталмаған, бірақ пациенттер үшін, полиморфизмдердің мұндай типтерінде Розувиннің тәуліктік дозасын төмендету ұсынылатыны белгілі.
Фармакодинамикасы
Розувин ТТЛП-холестериннің (ТТЛП-ХС), жалпы холестериннің, триглицеридтердің (ТГ) жоғары мөлшерін азайтады, тығыздығы жоғары липопротеиндер холестерині (ТЖЛП-ХС) мөлшерін ұлғайтады, сондай-ақ аполипопротеин В (АпоВ), ТЖЛП емес-ХС, ТӨТЛП-ХС, ТӨТЛП-ТГ мөлшерін төмендетеді және аполипопротеин А-І (АпоА-І) деңгейін арттырады, ТТЛП-ХС/ТЖЛП-ХС, жалпы ХС/ТЖЛП-ХС және ТЖЛП емес-ХС/ТЖЛП-ХС арақатынасын және АпoВ/АпoA-І арақатынасын төмендетеді.
Розувин гипертриглицеридемия симптомдарымен және оларсыз гиперхолестеринемиясы бар ересек пациенттерге, олардың нәсілдік тегіне, жынысына немесе жасына қарамастан, сондай-ақ қант диабетімен ауыратындар немесе отбасылық гиперхолестеринемияның тұқым қуалайтын түрімен ауыратындар тәрізді пациенттердің ерекше санатын емдеу кезінде тиімді.
Емдік әсері Розувинмен емді бастағаннан кейін бір аптаның ішінде пайда болады, 2 апта емдегеннен кейін ең жоғары ықтимал әсердің 90%-ына жетеді. Ең жоғары емдік әсерге әдетте 4-аптаға қарай жетеді және тұрақты қабылдаған кезде сақталып тұрады.
Қолданылуы
Ересек пациенттер
- алғашқы гиперхолестеринемия (IIa типі, отбасылық гетерозиготалы гиперхолестеринемияны қоса) немесе аралас дислипидемия (IIb типі) диета және басқа дәрі-дәрмектік емес емдеу әдістері (мысалы, дене жаттығулары, дене салмағын азайту) жеткіліксіз болған кезде диетаға қосымша ретінде
- отбасылық гомозиготалы гиперхолестеринемияда диетаға және липид төмендететін басқа да емге (мысалы, ТТЛП-аферез) қосымша ретінде немесе осындай ем пациентке сай келмеген жағдайларда
- атеросклероздық жүрек-қантамыр ауруының даму қаупі жоғары ересек пациенттерде қосымша ем ретінде жүрек-қантамырлық асқынулардың профилактикасында
6-дан 17 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге (5 мг, 10 мг, 20 мг дозалар үшін)
- гетерозиготалы тұқым қуалайтын гиперхолестеринемияда
Қолдану тәсілі және дозалары
Ересектер, жасөспірімдер және 10 жастан асқан балалар:
Ішке, таблетканы шайнамай және ұсақтамай, сумен ішіп, бүтіндей жұтады. Ас ішуге байланыссыз тағайындала береді. Розувинмен емдеу басталғанша және ем кезінде пациент стандартты гиполипидемиялық диета ұстануы тиіс. Препарат дозасы ем мақсатына және емдеуге берілетін жауапқа қарай әркімге жеке таңдалуы тиіс.
Препаратты қабылдай бастаған пациенттер үшін немесе ГМГ-КоА редуктазаның басқа тежегіштерін қабылдаудан көшірілген пациенттер үшін ұсынылатын бастапқы дозасы тәулігіне 1 рет 5 немесе 10 мг Розувинді құрауы тиіс. Бастапқы дозаны таңдағанда холестерин мөлшерінің деңгейін басшылыққа және жүрек-қантамырлық асқынулардың болжамды қаупін назарға алып, сонымен қатар жағымсыз әсерлердің әлеуетті даму қаупін бағалау қажет. Қажет болған жағдайда дозаны препаратты 4 апта қабылдағаннан кейін арттыруға болады. Препарат дозасын біртіндеп арттыру керек.
40 мг дозаны қабылдаған кезде жағымсыз әсерлердің дамуы мүмкін екеніне байланысты, дозаны ең жоғары 40 мг дейін арттыру гиперхолестеринемиясы ауыр және жүрек-қантамырлық асқынулар қаупі жоғары (әсіресе, отбасылық гиперхолестеринемиясы бар пациенттерде), 20 мг доза қабылдағанда қалаулы емдік нәтижеге жетпеген пациенттерде ғана қарастыруға болады. Препаратты 40 мг дозада алатын пациенттерді бақылау ұсынылады.
Бұрын препарат қабылдамаған пациенттерге 40 мг дозаны тағайындау ұсынылмайды. 2-4 апталық емнен кейін және/немесе Розувин дозасын арттырғанда липидтік алмасу көрсеткіштерін бақылау қажет (қажет болса, дозаны реттеу талап етіледі).
Атеросклероздық жүрек-қантамыр ауруының даму қаупі жоғары ересек пациенттерде қосымша ем ретінде жүрек-қантамырлық асқынулардың профилактикасы
Ұсынылатын доза – тәулігіне бір рет 20 мг.
Балалар
Балаларды емдеуді мамандар ғана жүзеге асыруы тиіс.
6-дан 17 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер (Таннер шкаласы бойынша <II-V саты)
Гетерозиготалы отбасылық гиперхолестеринемиясы бар балалар мен жасөспірімдер үшін әдеттегі доза тәулігіне бір рет 5 мг құрайды.
- Гетерозиготалы отбасылық гиперхолестеринемиясы бар 6-дан 9 жасқа дейінгі балалар үшін әдеттегі доза тәулігіне бір рет ішу арқылы 5-10 мг құрайды.
10 мг-ден асатын дозалардың қауіпсіздігі мен тиімділігі бұл популяцияда зерттелген жоқ.
- Гетерозиготалы отбасылық гиперхолестеринемиясы бар 10-нан 17 жасқа дейінгі балалар үшін әдеттегі доза тәулігіне бір рет ішу арқылы 5-20 мг құрайды.
20 мг-ден асатын дозалардың қауіпсіздігі мен тиімділігі бұл популяцияда зерттелген жоқ.
Титрлеу балаларды емдеу жөніндегі нұсқауларға («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз) сәйкес балалардың жеке реакциясына және көтерімділігіне қарай жүзеге асырылуы тиіс. Розувастатинмен емдеуді бастағанға дейін балалар мен жасөспірімдерге холестерин деңгейін төмендететін стандартты диета тағайындау керек; бұл диета розувастатинмен емдеудің бүкіл кезеңінде сақталуы тиіс.
Гомозиготалы отбасылық гиперхолестеринемиясы бар балаларға қолдану тәжірибесі 8-ден 17 жасқа дейінгі пациенттердің аздаған санымен шектелген.
40 мг таблеткаларды балаларға тағайындамайды.
6 жасқа дейінгі балалар
6 жасқа дейінгі балаларға қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген. Сондықтан, Розувинді 6 жасқа дейінгі балаларға қолдану ұсынылмайды.
Егде пациенттер
Дозаны реттеу қажет емес. 70 жастан асқан пациенттерге препараттың 5 мг бастапқы дозасы ұсынылады.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Ауырлығы жеңіл немесе орташа дәрежелі бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны реттеу қажет емес, препараттың бастапқы ұсынылатын дозасы – 5 мг. Бүйрек функциясы орташа бұзылған пациенттерге (креатинин клиренсі 60 мл/мин аз) препараттың 40 мг дозасын қолдануға болмайды. Бүйрек жеткіліксіздігі айқын пациенттерге (креатинин клиренсі 30 мл/мин аз) Розувин препаратын қолдануға болмайды.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Чайлд-Пью шкаласы бойынша 7 балл және одан төмен бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде розувастатиннің жүйелі әсерінің артуы анықталмаған. Алайда, Чайлд-Пью шкаласы бойынша 8 және 9 балл бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде препараттың жүйелі әсерінің жоғарылауы байқалды (бұл пациенттерде бүйрек функциясын бақылау керек). Чайлд-Пью шкаласы бойынша 9 баллдан асатын бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолдану тәжірибесі жоқ. Розувинді белсенді сатыдағы бауыр аурулары бар пациенттерге қолдануға болмайды.
Ерекше популяциялар. Этникалық топтар
Әртүрлі этникалық топтарға жататын пациенттерде Розувиннің фармакокинетикалық параметрлерін зерттеген кезде жапондар мен қытайларда розувастатиннің жүйелі концентрациясының артуы байқалған. Бұл деректі пациенттердің осы топтарына розувастатин тағайындағанда ескерген жөн. Азиялық нәсілді пациенттерге ұсынылатын бастапқы дозасы - 5 мг.
Миопатияға бейім болып келетін пациенттер
Миопатияның дамуына әкеп соқтыратын факторлары бар пациенттерге препаратты 40 мг дозада тағайындауға болмайды. Осы топ пациенттеріне ұсынылатын бастапқы доза - 5 мг.
SLCO1B1 (OATP1B1) c.521CC және ABCG2 c.421AA генотиптері бар пациенттер, SLCO1B1 c.521TT және ABCG2 c.421CC-пен салыстырғанда, розувастатин (СКМ) әсерінің ұлғаюымен байланысты болады. Генотиптері с.521CC немесе с.421AA пациенттерге ең көп дегенде күніне бір рет 20 мг Розувин қабылдау ұсынылады.
Біріктірілген ем
Розувастатин әртүрлі тасымалдаушы ақуыздар үшін субстрат болып табылады (мысалы, OATP1B1 және BCRP). Миопатия қаупі (рабдомиолизді қоса) Розувинді розувастатиннің қан плазмасындағы концентрациясын осы тасымалдаушы ақуыздармен өзара әрекеттесу арқылы жоғарылатуға қабілетті белгілі бір дәрілік заттармен (мысалы, циклоспорин және кейбір протеаза тежегіштері, ритонавирдің атаназавирмен, лопинавирмен және/немесе типранавирмен біріктірілімін қоса) бір мезгілде қолданған кезде жоғарылайды. Мүмкіндігінше баламалы емдеуді қарастыру және егер қажет болса, Розувинмен емдеуді уақытша тоқтату қажет. Бұл дәрілік заттарды Розувинмен бір мезгілде енгізбесе болмайтын жағдайларда, қатар емдеудің барлық артықшылықтары мен қауіптерін таразылап, Розувиннің дозасын мұқият таңдап алу керек.
Жағымсыз әсерлері
Жиі (> 1/100, < 1/10)
- бас ауыру, бас айналу
- жүрек айну, іштің ауыруы, іш қату
- миалгиялар
- астениялық синдром
- ІІ типті қант диабеті
Жиі емес (> 1/1000, < 1/100)
- қышыну, бөртпе, есекжем
Сирек (> 1/10 000, < 1/1 000)
- жоғары сезімталдық реакциялары, ангионевроздық ісінуді қоса
- миопатия, рабдомиолиз
- бауыр трансаминазалары деңгейінің жоғарылауы, панкреатит
- тромбоцитопения
Өте сирек (< 1/10 000)
- сарғаю, гепатит
- полинейропатия
- есте сақтай алмау
- гематурия
- артралгия
- гинекомастия
Жиілігі белгісіз
- депрессия, ұйқы бұзылыстары
- жөтел, ентігу
- жыныс функциясының бұзылуы
- сіңір аурулары, бірқатар жағдайларда үзілумен асқынған
- иммунитетке байланысты болатын некроздаушы миопатия
- өкпенің интерстициальді аурулары
-диарея
- Стивенс-Джонсон синдромы
- шеткері ісінулер
Розувин алған пациенттерде протеинурия анықталуы мүмкін. Көптеген жағдайларда протеинурия ем барысында азаяды немесе жоғалады және бұл бұрыннан бар жедел немесе үдемелі бүйрек ауруының пайда болуын білдірмейді. ГМГ-КоА-редуктазаның басқа тежегіштерін қолдану кезіндегідей, жағымсыз әсерлердің туындау жиілігі дозаға тәуелді сипатта болады.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- розувастатинге немесе препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық
- белсенді фазадағы бауыр аурулары, трансаминазалардың сарысулық белсенділігінің тұрақты жоғарылауын және қан сарысуындағы трансаминазалар белсенділігінің кез келген жоғарылауын қоса (жоғарғы қалып шегімен салыстырғанда 3 еседен көп)
- бүйрек функциясының айқын бұзылулары (креатинин клиренсі 30 мл/мин аз)
- миопатиялар
- циклоспоринді бір мезгілде қабылдау
- жүктілік, лактация кезеңі, контрацепцияның талапқа сай әдістерінің болмауы
- миоуытты асқынулардың дамуына бейім болу
- тұқым қуалайтын галактоза көтере алмаушылық, лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза және галактоза мальабсорбциясы синдромы
- 6 жасқа дейінгі балалар
40 мг доза үшін
- бүйрек функциясының орташа бұзылулары (креатинин клиренсі 60 мл/мин аз)
- гипотиреоз
- розувастатиннің плазмалық концентрациясының жоғарылауына әкелуі мүмкін жай-күйлер
- фибраттарды бір мезгілде қабылдау
- азиялық нәсілді пациенттер
- анамнездегі бұлшықет аурулары
- анамнездегі ГМГ-КоА-редуктазаның басқа тежегіштерін немесе фибраттарды қабылдау аясындағы миоуыттылық
- алкогольді шамадан тыс тұтыну
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Басқа препараттарды қолданудың розувастатинге ықпалы
Тасымалдаушы ақуыздардың тежегіштері
Розувастатин кейбір тасымалдаушы ақуыздардың, бауырлық қармау үдерісіне қатысатын ОАТР1В1 жарғақшалық тасымалдаушысын қоса, және BCRP тасымалдаушы ақуызының субстраты болып табылады. Розувинді осы тасымалдаушы ақуыздарды тежейтін дәрілік заттармен бір мезгілде қабылдау розувастатиннің қан плазмасындағы концентрациясының ұлғаюына әкеліп соғуы және миопатияның даму қаупін арттыруы мүмкін.
Циклоспорин
Бірге қолдану Розувиннің қан плазмасындағы концентрациясының 7 есе жоғарылауына әкеледі. Препаратты циклоспоринмен қатар емделіп жүрген пациенттерге қолдануға болмайды. Циклоспориннің плазмалық концентрациясына ықпал етпейді.
Протеаза тежегіштері
Өзара әрекеттесудің нүктелі механизмінің белгісіз екеніне қарамастан, протеаза тежегіштерін бірге қабылдау розувастатин экспозициясының едәуір ұлғаюына әкелуі мүмкін. 10 мг дозадағы розувастатинді және құрамында протеазалардың екі тежегіші бар (300 мг лопинавир/100 мг ритонавир) біріктірілген препаратты дені сау еріктілерде бір мезгілде қолдану розувастатиннің AUC (0-24) («концентрация-уақыт» қисығы астындағы ауданы) және (Сmax) (қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясы) мәндерінің тиісінше шамамен үш есе немесе жеті есе ұлғаюына алып келді. Розувинді және протеаза тежегіштерінің кейбір біріктірілімдерін бір мезгілде қабылдау мәселесін розувастатиннің экспозициясының күтілетін ұлғаюы негізінде Розувиннің дозасын түзетуді мұқият қадағалағаннан кейін қарастыруға болады.
Гемфиброзил және басқа гиполипидемиялық препараттар
Розувинді және гемфиброзилді бір мезгілде қолдану розувастатиннің қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясын (Cmax) және AUC 2 есе ұлғайтты.
Спецификалық өзара әрекеттесу жөніндегі деректерге сүйене отырып, фенофибраттармен фармакокинетикалық мәні бар өзара әрекеттесулер күтілмейді, фармакодинамикалық өзара әрекеттесу болуы мүмкін. Гемфиброзил, фенофибрат, басқа фибраттар және ниацин (никотин қышқылы) липидті төмендететін дозаларда (тәулігіне 1 г немесе одан көп) ГМГ-КоА редуктаза тежегіштерімен бір мезгілде қабылдаған кезде миопатияның пайда болу қаупін ұлғайтты, бұл олардың монотерапияда қабылдаған кезде де миопатияны туындата алуына байланысты болуы мүмкін. Розувастатинді 40 мг дозада және фибраттарды бір мезгілде қабылдауға болмайды. Бұл пациенттерде бастапқы доза 5 мг-ден аспауы тиіс.
Эзетимиб
Розувинді және эзетимибті 10 мг дозада бір мезгілде қолданған кезде гиперхолестеринемиялы пациенттерде розувастатиннің AUC 1,2 есе ұлғаюына әкелді. Алайда, Розувин мен эзетимибтің арасындағы жағымсыз құбылыстар тудыруға қабілетті фармакодинамикалық өзара әрекеттесулерді жоққа шығаруға болмайды.
Антацидтер
Розувинді және құрамында алюминий мен магний гидроксиді бар антацидтер суспензияларын бір мезгілде қолдану розувастатиннің плазмалық концентрациясын шамамен 50% төмендетеді. Осы әсер, егер антацидтер розувастатин қабылдағаннан кейін 2 сағаттан соң қолданылса, әлсіз білінеді.
Эритромицин
Розувин мен эритромицинді бір мезгілде қолдану розувастатин AUC (0 – t) 20% және розувастатин Сmax 30% азаюына әкеледі. Мұндай өзара әрекеттесу эритромицин қабылдаудан болатын ішек моторикасының күшеюі нәтижесінде туындауы мүмкін.
Р450 цитохромы ферменттері
Розувастатин Р450 цитохромы ферменттерінің тежегіші де, индукторы да емес. Бұдан басқа, розувастатин осы ферменттер үшін әлсіз субстрат болып табылады. Розувастатин, флуконазол (CYP2C9 және CYP3А4 тежегіші) және кетоконазол (CYP2А6, CYP3А4 тежегіші) арасында клиникалық елеулі өзара әрекеттесу байқалмаған.
Розувастатиннің дозасын түзетуді талап ететін дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі (1-кестені қараңыз). Бұл препараттарды Розувин препаратымен бір мезгілде тағайындар алдында олардың қолдану жөніндегі нұсқаулықтарымен танысу керек. Розувин препаратын розувастатиннің экспозициясын ұлғайтатын дәрілік заттармен бірге қолдану қажет болған кезде оның дозасын түзету керек. Егер экспозиция 2 есе және одан көп ұлғаяды деп күтілсе, Розувиннің бастапқы дозасы тәулігіне 1 рет 5 мг құрауы тиіс. Сондай-ақ Розувиннің ең жоғары тәуліктік дозасын розувастатинге күтілетін экспозиция розувастатинмен өзара әрекеттесетін дәрілік заттарды бір мезгілде тағайындаусыз қабылданатын 40 мг доза үшін осындай мөлшерден аспайтындай етіп түзету керек. Мысалы, Розувиннің ең жоғары тәуліктік дозасы гемфиброзилмен бір мезгілде қолданған кезде 20 мг (экспозицияның ұлғаюы 1,9 есе), ритонавир/атазанавир біріктірілімімен – 10 мг (экспозицияның ұлғаюы 3,1 есе) құрайды.
1-кесте. Бір мезгілде енгізілетін дәрілік заттардың розувастатиннің экспозициясына (AUC, кему ретімен) әсері
Дәрілік затты дозалау режимі |
Розувастатинді дозалау режимі |
Розувастатиннің AUC өзгерістері |
Циклоспорин, тәулігіне 2 рет 75 мг-ден тәулігіне 2 рет 200 мг дейін, 6 ай |
Тәулігіне 1 рет 10 мг, 10 күн |
7,1 есе ↑ |
Атаназавир 300 мг/ритонавир 100 мг тәулігіне 1 рет, 8 күн |
10 мг, бір реттік доза |
3,1 есе ↑ |
Симепревир 100 мг тәулігіне 1 рет, 7 күн |
10 мг, бір реттік доза |
2,8 есе ↑ |
Лопинавир 400 мг/ритонавир 100 мг тәулігіне 2 рет, 17 күн |
Тәулігіне 1 рет 20 мг, 7 күн |
2,1 есе ↑ |
Клопидогрел жүктемелік доза 300 мг, содан кейін 75 мг 24 сағат ішінде |
20 мг, бір реттік доза |
2,0 есе ↑ |
Гемфиброзил 600 мг тәулігіне 2 рет, 7 күн |
80 мг, бір реттік доза |
1,9 есе ↑ |
Элтромбопаг 75 мг тәулігіне 1 рет, 5 күн |
10 мг, бір реттік доза |
1,6 есе ↑ |
Дарунавир 600 мг/ритонавир 100 мг тәулігіне 2 рет, 7 күн |
Тәулігіне 1 рет 10 мг, 7 күн |
1,5 есе ↑ |
Типранавир 500 мг/ритонавир 200 мг тәулігіне 2 рет, 11 күн |
10 мг, бір реттік доза |
1,4 есе ↑ |
Дронедарон 400 мг тәулігіне 2 рет |
Деректер жоқ |
1,4 есе ↑ |
Итраконазол 200 мг тәулігіне 1 рет, 5 күн |
10 мг, бір реттік доза |
**1,4 есе ↑ |
Эзетимиб 10 мг тәулігіне 1 рет, 14 күн |
Тәулігіне 1 рет 10 мг, 14 күн |
**1,2 есе ↑ |
Фозампренавир 700 мг/ритонавир 100 мг тәулігіне 2 рет, 8 күн |
10 мг, бір реттік доза |
↔ |
Алеглитазар 0,3 мг 7 күн |
40 мг 7 күн |
↔ |
Силимарин 140 мг тәулігіне 3 рет, 5 күн |
10 мг, бір реттік доза |
↔ |
Фенофибрат 67 мг тәулігіне 3 рет, 7 күн |
10 мг 7 күн |
↔ |
Рифампин 450 мг тәулігіне 1 рет, 7 күн |
20 мг, бір реттік доза |
↔ |
Кетоконазол 200 мг тәулігіне 2 рет, 7 күн |
80 мг, бір реттік доза |
↔ |
Флюконазол 200 мг тәулігіне 1 рет, 11 күн |
80 мг, бір реттік доза |
↔ |
Эритромицин 500 мг тәулігіне 4 рет, 7 күн |
80 мг, бір реттік доза |
20% ↓ |
Байкалин 50 мг тәулігіне 3 рет, 14 күн |
20 мг, бір реттік доза |
47% ↓ |
* x-өзгеріс ретінде ұсынылған деректер, біріккен емді және розувастатинді жеке қолдану арасындағы жай арақатынас болып табылады. % өзгерістер ретінде ұсынылған деректер, розувастатинді жеке қолдануға қатысты % айырмашылық болып табылады. Ұлғаю «↑» түрінде, өзгерістердің жоқтығы «↔» түрінде, төмендеу «↓» түрінде белгіленген. ** Кестеде препараттардың өзара әрекеттесуінің розувастатиннің әртүрлі дозаларындағы ең маңызды арақатынасы ұсынылған. |
Розувастатинді қолданудың басқа препараттарға ықпалы
К дәруменінің антагонистері
К дәруменінің антагонистерін бір мезгілде алып жүрген (мысалы варфарин немесе басқа кумаринді антикоагулянт) пациенттерде Розувинмен ем жүргізудің басталуы немесе препараттың дозасын арттыру халықаралық қалыптаастырылған қатынастың (ХҚҚ) жоғарылауына әкелуі мүмкін. Розувастатинді тоқтату немесе препараттың дозасын төмендету ХҚҚ азайтуы мүмкін. Мұндай жағдайларда ХҚҚ мониторинг жасау ұсынылады.
Ішілетін контрацептивтер/гормоналмастырғыш ем (ГАЕ)
Розувинді және ішілетін контрацептивтерді бір мезгілде қолдану этинилэстрадиол және норгестрел AUC тиісінше 26 және 34% жоғарылауына әкелді. Ішілетін контрацептивтердің дозасын таңдаған кезде қан плазмасындағы деңгейдің жоғарылауын ескеру керек. Розувинді және ГАЕ бір мезгілде қабылдайтын пациенттердегі препараттардың фармакокинетикасының деректері жоқ, сондықтан өзара әрекеттесу мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды. Алайда мұндай біріктірілім әйелдерге кеңінен қолданылды және көтерімділігі жақсы болды.
Басқа дәрілік заттар
Дигоксин
Розувастатиннің дигоксинмен клиникалық мәнді өзара әрекеттесуі күтілмейді.
Фузид қышқылы
Розувастатинді және фузид қышқылын бір мезгілде қолданған кезде рабдомиолиз жағдайлары туралы хабарлар алынған; пациенттерді бақылау керек және қажет болса розувастатинді қабылдау уақытша тоқтатылуы мүмкін.
Балалар
Балалардағы өзара әрекеттесу дәрежесі белгісіз.
Айрықша нұсқаулар
Бүйрекке ықпалы
Розувинді жоғары дозаларда, әсіресе 40 мг алатын пациенттерде протеинурияның, негізінен шығу тегі өзекшелік және көп жағдайда уақытша немесе ұзаққа созылмаған түрде пайда болғаны хабарланған. Протеинурия бүйректің жедел немесе үдемелі ауруы бар екенін білдірмеген. Бүйрек тарапынан жағымсыз құбылыстар 40 мг дозаны қолданған кезде жиі байқалған. Бүйрек функциясын бағалау препаратты 40 мг дозадан қабылдаған пациенттерді бақылаудың стандартты кезеңінде ескерілуі тиіс.
Қаңқа бұлшықеттеріне ықпалы
Қаңқа бұлшықеттерінің зақымдалуы, мысалы миалгия, миопатия және сирек жағдайда рабдомиолиз, пациенттерде Розувиннің барлық дозаларын, әсіресе >20 мг қолданған кезде байқалған. Эзетимибті ГМГ-КоА редуктаза тежегіштерімен біріктіріп қолданған кезде рабдомиолиздің даму жағдайлары туралы хабарланған. Фармакодинамикалық өзара әрекеттесу мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды, сондықтан да мұндай біріктірілімді сақтықпен қолдану керек.
ГМГ-КоА редуктазаның басқа тежегіштерін қолданған кездегідей, Розувинді қолдануға байланысты рабдомиолиз жағдайлары 40 мг дозаны қабылдау кезінде жиі туындайды.
КФК деңгейін анықтау
КФК деңгейлерін денеге біршама күш түскеннен кейін немесе КФК көтерілуінің ықтимал баламалы себептері болған кезде өлшемеу керек, бұлар нәтижелерді түсінуге кедергі болуы мүмкін. Егер КФК бастапқы деңгейлері біршама жоғары болса (>5хВГН), 5–7 күн бойы қосымша растаушы талдау жасау қажет. Егер қайталап талдау нәтижесі бастапқы >5хВГН деңгейді растаса, емдеуді бастамау керек.
Емдер алдында
Розувинді, ГМГ-КоА редуктазаның басқа тежегіштері сияқты, миопатияның/рабдомиолиздің дамуына жағдай жасайтын факторлары бар пациенттерге сақтықпен тағайындау қажет. Мұндай факторларға жататындар:
- бүйрек функциясының бұзылуы;
- гипотиреоз;
- жеке немесе отбасылық анамнезде тұқым қуалайтын бұлшықет аурулары ның болуы
- анамнезде ГМГ-КоА редуктазаның басқа тежегіштерінен немесе фибраттардан туындаған миоуыттылықтың болуы
- алкогольді шектен тыс пайдалану
- >70 жас
- препараттың қан плазмасындағы деңгейін арттыруы мүмкін жағдайлар
- фибраттарды бір мезгілде қолдану.
Емдеу барысында
Бұлшықеттің түсініксіз ауыруы, бұлшықет әлсіздігі немесе құрысулар, әсіресе олар дімкәстікпен немесе дене температурасының жоғрылауымен қатар жүрген жағдайларда дәрігерге дереу хабарлау қажеттілігі туралы пациентке ақпарат беру керек. Мұндай пациенттерде КФК деңгейін анықтау қажет. Егер КФК деңгейі елеулі түрді жоғарыласа ( ≥ 5 есеге) немесе бұлшықет симптомдары айқын байқалса және күн сайын жайсыздық тудырса (КФК деңгейі 5 есе жоғарылауға жетпеген кезде) емдеуді тоқтату талап етіледі. Егер симптомдар жойылса және КФК деңгейі қалпына келсе, Розувинді немесе ГМГ-КоА редуктазаның басқа тежегіштерін төмен дозаларда қайта тағайындау мүмкіндігін қарастыру керек. Мұндай пациент мұқият бақылауды қажет етеді. Симптомдар болмаған кезде КФК-ні тұрақты бақылау қажет емес. Статиндермен, оның ішінде розувастатинмен емдеу кезінде және емдеуден кейін иммунитет түрткі болған некроздаушы миопатия (ИНМ) туралы өте сирек хабарлар тіркелген ИНМ клиникалық тұрғыда проксимальді бұлшықеттердің әлсіздігімен және креатинкиназа деңгейінің жоғарылауымен сипатталады, бұлар статиндермен емнің тоқтатылғанына қарамастан сақталады. Розувинді қабылдағанда және қатар жүретін ем жүргізу кезінде қаңқа бұлшықеттеріне ықпалдың күшею белгілері болған жоқ. Алайда, ГМГ-КоА редуктазаның басқа тежегіштерін фиброй қышқылының туындыларымен, гемфиброзилді, циклоспоринді, никотин қышқылын, азольді зеңге қарсы препараттарды, протеаза тежегішерін және макролидті антибиотиктерді қоса, бір мезгілде қолданған пациенттерде миозит және миопатия жағдайларының саны ұлғайғаны жөнінде хабарланды. Гемфиброзил ГМГ-КоА редуктазаның кейбір тежегіштерімен бір мезгілде қолданған кезде миопатияның туындау қаупін арттырады. Сондықтан Розувин мен гемфиброзилді бір мезгілде тағайындау ұсынылмайды. Розувин мен фибраттарды немесе ниацинді бір мезгілде қолданған кезде қауіп пен пайда мүмкіндігінің арақатынасын мұқият бағалау керек.
Розувинді 40 мг дозада фибраттармен бір мезгілде қолдануға болмайды. Розувастатин мен фузидий қышқылының біріктірілімі ұсынылмайды. Бұл біріктірілімді алған пациенттерде рабдомиолиз (кейбір көз жұмғандарын қоса) болғаны хабарланған.
Розувинді миопатияның/рабдомиолиздің дамуының қауіп факторлары болуы мүмкін жедел ауыр күйлердегі пациенттерге (мысалы, сепсис, гипотензия, ауқымды хирургиялық аралсулар, жарақат, ауыр метаболизмдік, эндокриндік немесе электролиттік бұзылыстар немесе бақыланбайтын эпилепсия) тағайындамау керек.
Бауырға ықпалы
Розувинді алкогольді шектен тыс пайдаланатын және/немесе анамнезде бауыр аурулары бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек.
Емді бастағанға дейін және ем басталған соң 3 ай өткенде бауыр функциясының көрсеткіштерін анықтау ұсынылады. Егер қан сарысуындағы трансаминазалардың белсенділік деңгейі жоғары қалып шегінен 3 есе артып кетсе, Розувинді қабылдауды тоқтату керек. Бауыр функциясының маңызды бұзылулары (негізінен бауыр трансаминазалары деңгейінің жоғарылауы) туралы көбінесе 40 мг дозаны қабылдаған кезде хабарланды.
Гипотиреоздың немесе нефроздық синдромның салдарынан гиперхолестеринемиясы бар пациенттерде негізгі ауруларды емдеу Розувинмен емдеуді бастағанға дейін жүргізілуі тиіс.
Этникалық топтар
Препараттың азиялық халықтардың өкілдеріне кавказдықтармен салыстырғанда ықпалының артуы.
Протеаза тежегіштері
Розувастатинді және әртүрлі протеаза тежегіштерінің біріктірілімін ритонавирмен бірге қабылдау барысында розувастатиннің жүйелі концентрациясының ұлғаюы байқалады. Протеаза тежегіштерін қабылдайтын АИТВ бар пациенттерде емдеудің бас кезінде және Розувиннің дозасын арттыру кезеңінде қандағы липидтер концентрациясының төмендеуін мұқият бағалау, сондай-ақ қан плазмасындағы розувастатиннің жоғарылау мүмкіндігін ескеру керек. Розувиннің дозасын түзетпейінше, протеаза тежегіштерін бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды.
Лактозаның жақпаушылығы
Галактоза жақпаудың тұқым қуалайтын сирек жағдайы, лопарейт (самдардың) лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттер Розувинді қабылдамауы тиіс.
Өкпенің интерстициальді ауруы
Статиндер қолданылғанда, әсіресе, ем ұзақ уақыт жүргізілгенде өкпенің интерстициальді ауруларының бір реттік жағдайлары жөнінде хабарланған. Сипатталған белгілерге ентігу, құрғақ жөтел және жағдайдың жалпы нашарлауын (шаршау, салмақ жоғалту және қызба) жатқызуға болады. Егер пациентте өкпенің интерстициальді ауруларының дамуына күдіктер бар болса, статиндермен емдеуді тоқтату керек.
Қант диабеті
Статиндер, класс ретінде, қандағы глюкоза деңгейін жоғарылататынын кейбір деректер растайды және қант диабетінің даму қаупі жоғары деңгейдегі кейбір пациенттерде келешекте қант диабетін емдеуді бастау керек болатын гипергликемия деңгейіне әкелуі мүмкін. Әйтсе де, бұл қауіп статиндерді пайдалану кезінде тамырларға төнетін қауіптің азаюынан болатын пайдамен салыстырылады, сондықтан статиндермен емдеуді тоқтатуға себеп болмауы тиіс. Қауіп тобының пациенттері (глюкоза деңгейі ашқарында 5,6–6,9 ммоль/л, ДСИ > 30 кг/м2, триглицеридтер деңгейі жоғары, артериялық гипертензия) клиникалық та, биохимиялық та жағынан ұлттық ұсыныстарға сәйкес бақылауда болуы тиіс.
Розувастатинді зерттеулердің бірінде қант диабеті дамуының жалпы жиілігі мәлімделген: розувастатин тобында 2.8% және плацебо тобында 2.3%, негізінен ашқарындағы глюкозасы 5.6-6.9 ммоль/л пациенттерде.
Балалар
Розувастатинді қабылдайтын 6-дан 17 жасқа дейінгі балалардағы сызықтық өсуді (биіктік), дене салмағын, ДСИ (дене салмағының индексі) және Таннер шкаласы бойынша жыныстық жетілудің екіншілік сипаттамаларын бағалау 2 жыл кезеңімен шектеледі. Екі жыл зерттеуден кейін өсуге, салмаққа, дене салмағының индексіне немесе жыныстық жетілуге ықпалы анықталмаған.
Розувастатинді 52 апта бойы қабылдаған балалар мен жасөспірімдерде клиникалық сынақтар барысында, КФК деңгей жоғары болды (ЖҚШ >10 есе жоғары), жаттығудан кейін немесе дене белсенділігін арттырғаннан кейін бұлшықеттік симптомдар ересектердегі клиникалық сынақтар барысында байқалғандармен салыстырғанда жиі байқалады.
Автокөлікті жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне ықпалы
Автокөлікті басқарған кезде немесе механизмдермен жұмыс істегенде ем барысында бас айналудың пайда болуы мүмкін екенін ескеру керек.
Артық дозалануы
Симптомдары – жағымсыз әсерлер симптомдарының айқындығы.
Емі – симптоматикалық демеуші шаралар. Бауыр функциясы мен КФК деңгейін бақылау қажет. Гемодиализдің тиімді болу ықтималдығы аз.
Шығарылу түрі
5 мг, 10 мг, 20 мг дозасы үшін:
Поливинилхлорид - полиэтилен- поливинилдихлоридті (ПВХ-ПЭ-ПВДХ) үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 14 таблеткадан.
1 (№14) немесе 2 (№28) пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
40 мг дозасы үшін:
Поливинилхлорид - полиэтилен- поливинилдихлоридті (ПВХ-ПЭ-ПВДХ) үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 7 таблеткадан.
4 (№28) пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан бостылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
MERKEZ Laboratory Pharmaceutical and Trade Co.,
Sirri Chelik Bulvari Aycha Sokak №6 Tashdelen- Chekmekoy, Стамбул, Түркия
Тіркеу куәлігінің иесі
HELBA Pharmaceuticals Inc. Co.
Yenibosna Merkez Mah.29 Ekim Street, Istanbul Vizyon Park A1 Plaza No:17/1
Bahcelievler - Стамбул, Түркия
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«WELFAR-KAZAKHSTAN» ЖШС
050026, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Әйтеке би к-сі, 187
Телефон/Факс: +7 727 352 71 36
E-mail: helba@helba.com.tr
Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«WELFAR-KAZAKHSTAN» ЖШС
050026, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Әйтеке би к-сі, 187
Телефон/Факс: +7 727 352 71 36
E-mail: helba@helba.com.tr