Розеофунгин–АС® (2%)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Розеофунгин - АС®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Жақпамай
Құрамы
1 г жақпамай құрамында
белсенді зат - розеофунгин - 20 мг;
қосымша заттар: диметилсульфоксид, полиэтиленоксид 1500 және полиэтиленоксид 400.
Сипаттамасы
Сары немесе аздап қоңырқай реңді сары жақпамай.
Фармакотерапиялық тобы
Жергілікті қолдануға арналған зеңге қарсы препараттар. Зеңге қарсы антибиотиктер.
ATX коды D01AA
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Сыртқа және жергілікті қолданған кезде зақымданбаған тері жабындары немесе шырышты қабықтар арқылы нашар өтеді, соның салдарынан жергілікті қолданған кезде іс-жүзінде резорбциялық әсерге иеленбеген.
Фармакодинамикасы
Розеофунгин – полиенді зеңге қарсы антибиотик. Қатар жүретін қосарлы байланыстың жоғары санының салдарынан зеңдердің жасушалық жарғақшаларының стеролды түзілістеріне жоғары троптылыққа ие. Олармен байланыса отырып, жарғақшаның өткізгіштігін ынталандыра отырып жасуша лизисіне әкеп соқтырады.
Төзімділік баяу дамиды. Розеофунгин беткейлік және терең микоздардың - трихофития, микроспория, кандидоз, криптококкоз, споротрихоз, хромомикоз, аспергиллез және басқа қоздырғыштардың көбеюін басады.
Қолданылуы
Табан мен дене терісінің зеңді зақымдануларында қолданады.
Қолдану тәсілі және дозалары
Сыртқа, жақпамайды терінің зақымданған жерлеріне тәулігіне 1-2 рет жұқалап жағады. Жақпамаймен емдеу курсы кем дегенде 21 күнге созылады. Жақпамайды жағар алдында терінің беткейін алдын ала сабынды ерітіндімен жуу және кептіру керек.
Жағымсыз әсерлері
Сирек жағдайларда жергілікті аллергиялық реакциялар пайда болуы мүмкін.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
препаратқа жоғары сезімталдық
жүктілік, лактация кезеңі
Айрықша нұсқаулар
Тек сыртқа қолдануға арналған.
Жақпамайдың көзге тиюіне жол бермеу керек. Кездейсоқ тиген жағдайда – көзді мол мөлшердегі сумен жуу керек.
Балаларда қолдану
Балаларға және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қолданылмайды.
Автокөлікті және басқа да қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Белгіленбеген
Артық дозалануы
Анықталмаған
Шығарылу түрі және қаптамасы
Алюминий сықпада 20 г-нан, тесетін тескіші бар қақпақпен жабылған.
1 сықпадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
2 °С-ден 8 °С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Промышленная микробиология» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., әл-Фараби д-лы, 93А/9
Тіркеу куәлігінің иесі
«Промышленная микробиология» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050000, Алматы қ., Қазыбек би к-сі, 50, 24 кеңсе,тел/факс :+7(272)291 -84-97,+7(272)291 -84-96,
эл.поштасы: too_pm@list.ru, imv_rk@list.ru, tgaini@mail.ru
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы
«Промышленная микробиология» ЖШС, Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қ., Қазыбек би к-сі, 50, 24 кеңсе,тел/факс:+7(272)291 -84-97, +7(272)245-54-28 /+7(272)291 -84-96, эл.поштасы: too_pm@list.ru, imv_rk@list.ru, tgaini@mail.ru