Розамет
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Розамет
Халықаралық патенттелмеген атауы
Метронидазол
Дәрілік түрі
Сыртқа қолдануға арналған 1 %, 25 г крем
Құрамы
1 г кремнің құрамында
белсенді зат: метронидазол - 10 мг,
қосымша заттар: глицерин, сұйық парафин, араластырғыш балауыз, пропиленгликоль, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, тазартылған су.
Сипаттамасы
Ақ түсті біртекті крем
Фармакотерапиялық тобы
Микробқа қарсы жергілікті қолдануға арналған препараттар. Микробқа қарсы басқа да препараттар. Метронидазол.
АТХ коды D06ВX01
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Сіңірілуі өте аз, сыртқа қолданғаннан кейін қан сарысуында препараттың тек іздік мөлшерлері ғана анықталған. Сіңірілген метронидазол плацента мен гематоэнцефалдық бөгеттен өтеді, емшек сүтіне енеді.
Фармакодинамикасы
Метронидазол – бұл нитроимидазол туындысы, бактерияға қарсы, протозойға қарсы әсері бар. Әсер ету механизмі анаэробты микроорганизмдер мен қарапайымдардың жасушаішілік тасымалдау протеиндерімен метронидазолдың 5-нитротобын биохимиялық тұрғыда қалпына келтірумен айқындалады. Қалпына келтірілген метронидазол 5-нитротобы олардың нуклеин қышқылдарының синтезін тежей отырып, микроорганизмдердің ДНҚ-жасушаларымен өзара әрекеттеседі, бұл бактериялардың қырылуын туындатады. Trichomonas vaginalis, Entamoeba hystolytica, сондай-ақ грамтеріс анаэробтар Bacteroides spp, Fusobacterium spp. және кейбір грамоң анаэробтарға (Eubacterium spp., Clostridium spp., Peptococcus niger, Peptostreptococcus spp. сезімтал штаммдарына) қатысты белсенді. Сыртқа қолданғанда безеуге қарсы әсер етеді, оның механизмі дәл анықталмаған. Сыртқа қолдануға арналған метронидазол антиоксиданттық белсенділік иеленуі мүмкін.
Қолданылуы
- қызғылт және тұрпайы безеулерде (acne rozacea, acne vulgaris)
- терінің аралас бактериялық инфекцияларында
- экземада
- себорейлі экземада
- стероидты дерматитте
- себорейлі дерматитте
- аяқтың трофикалық ойық жараларында (көктамырлардың варикоздық кеңеюі, қант диабеті аясында)
- баяу жазылатын жараларда
- ойылуларда
- баланопоститте
- вульвовагинитте.
Қолдану тәсілі және дозалары
Қызғылт және тұрпайы безеулер (acne rozacea, acne vulgaris) кезіндегі қабынған папулалар, пустулалар, эритемалар: жылы судың немесе жеңіл детергенттің көмегімен алдын ала тазартылған теріге тәулігіне 1-2 рет, таңертең және кешке 1-2 апта бойы жұқа қабатпен және жеңіл ысқылап жағады. Жергілікті қабыну қаупін төмендету мақсатында теріні тазарту мен кремді жағу аралықтарында 15-20 минут үзіліс жасау ұсынылады.
Баланопостит, вульвовагинит: сықпадан кремнің аздаған мөлшерін сығып алып, жыныс мүшесі басының, үрпінің, кіші жыныс ернеуінің, қынап кіреберістерінің зақымдану ошағының беткейіне мақта тампонның немесе қол саусақтарының көмегімен жеңіл ысқылай отырып тәулігіне 1-2 рет жағады. Емдеу ұзақтығы - 8-10 күн.
Жағымсыз әсерлері
Болуы мүмкін: аллергиялық реакциялар (терінің өтпелі қызаруымен, құрғауын, күйдіруін, шаншуын сезінумен сипатталатын қабынуы).
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препараттың негізгі және қосымша компоненттеріне жоғары сезімталдық
Сақтықпен жүктілік (I триместр), лактация кезеңінде.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Сыртқа қолданудан кейін метронидазолдың концентрациясы өте төмен және өзара әрекеттесу мүмкіндігі өте аз. Бір мезгілде тағайындағанда варфарин мен басқа тікелей емес антикоагулянттардың әсерін күшейтеді.
Айрықша нұсқаулар
Препарат тек сыртқа қолдануға арналған. Көзбен жанасуын болғызбау керек, өйкені көздің қабынуы мен жас ағуын туындатады. Кремнің көзге түсуі жағдайында мол мөлшердегі сумен жуу керек. Терінің қабынуы пайда болған жағдайда препаратты қолдану жиілігін төмендету немесе уақытша тоқтатқан жөн. Препаратты қолдану кезінде тікелей түсетін күн сәулесінен аулақ болу керек.
Педиатрияда қолдану
Балаларға дәрігермен кеңесуден кейін қолданған жөн.
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүктілік пен лактация кезеңінде ана үшін болжанатын пайдасының және бала пен ұрық үшін ықтимал қаупінің арақатынасын ескере отырып, абайлап қолдану керек.
Автокөлікті немесе басқа да механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Артық дозалануы
Анықталмаған
Шығарылу түрі және қаптамасы
25 г препараттан қорғағыш лакпен екі мәрте жабылған, тесігі дәнекерленген және пластик қалпақшасы бар алюминий сықпада. Сықпаны медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.
Сақтау шарттары
25°C-ден аспайтын температурада сақтау керек
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерізімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
ЯДРАН-ГАЛЕНСКИ ЛАБОРАТОРИЙ а.о., Свилно 20, 51000 Риека, Хорватия Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі
ЯДРАН-ГАЛЕНСКИ ЛАБОРАТОРИЙ а.о., Хорватия
Қаптаушы ұйымның атауы мен елі
ЯДРАН-ГАЛЕНСКИ ЛАБОРАТОРИЙ а.о., Хорватия
ҚР аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
ЯДРАН-ГАЛЕНСКИ ЛАБОРАТОРИЙ а.о. өкілдігі Қазақстан, 050059, Алматы қ., Жамақаев к-сі, 126 тел. (факс): + 7 (727) 271 80 44 e-mail: saldibekova@jgl.ru