Розаком

МНН: Дорзоламид, Тимолол
Производитель: RAFARM S.A.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Тимолол в комбинации с другими препаратами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№121727
Период регистрации: 23.10.2015 - 23.10.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Розаком

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Көз тамшысы

Құрамы

1 мл құрамында

белсенді зат - дорзоламид гидрохлориді 22.260 мг (дорзоламидке баламалы – 20 мг), тимолол малеаты 6.830 мг (тимололға баламалы – 5 мг)

қосымша зат: маннитол, натрий цитрат дигидраты, гидроксиэтилцеллюлоза, бензалконий хлориді, натрий гидроксиді, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Аздап тұтқыр мөлдір түссіз сұйықтық

Фармакотерапиялы тобы

Глаукомаға қарсы препараттар және миотиктер. Бета-адреноблокаторлар. Басқа препараттармен біріктірілімдегі тимолол.

АТХ коды S01ED51

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Жергілікті қолданғанда дорзоламид жүйелі қан айналымына өтеді. Ұзақ қолданғанда КА-II селективті байланысу салдарынан дорзоламид эритроциттерде жинақталады, ал еркін дәрілік заттың қан плазмасындағы концентрациясы өте аз болып қалады. Жалғыз N-дезэтил-метаболит туындысын түзе отырып метаболизделеді, оның карбоангидраза II-ге қатысты белсенділігі төменірек, бірақ карбоангидразаны I тежеу қабілетіне ие. Метаболит сондай-ақ эритроциттерде жинақталады, онда ол негізінен КА-I байланысады. Дорзоламид плазма ақуыздарымен орташа (шамамен 33%) байланысады. Дорзоламид өзгермеген күйде көбінесе несеппен шығарылады. Метаболит сондай-ақ несеппен шығарылады. Дорзоламидті тоқтатқаннан кейін оның эритроциттерден босау үдерісі дозаға тәуелді емес және концентрацияның жылдам төмендеуімен байқалады. Бастапқы сатысында кейіннен жартылай шығарылу кезеңі 4 айға жуық фазасын баяу ығыстырумен препарат концентрациясы жылдам төмендейді.

Тимололдың жүйелі ықпалы көз тамшысы түріндегі 0,5% тимолол малеатын күніне екі рет жергілікті қолданғаннан кейін анықталған. Қан плазмасындағы орташа ең жоғарғы концентрация таңғы доза қабылданғаннан кейін 0,46 нг / мл құрады, ал кешкі дозаны қабылдаудан кейін 0,35 нг / мл құрады.

Фармакодинамикасы

Розаком екі компоненттен тұрады: дорзоламид гидрохлориді және тимолол малеаты. Екеуі сулы сұйықтық секрециясының төмендеуі есебінен жоғарғы көзішілік қысымды төмендетеді, бірақ олардың әсер ету механизмі әр түрлі.

Дорзоламид гидрохлориді II типті адам карбоангидразасының белсенділігін қатты бәсеңдетеді. Бұл ферменттің кірпікшелі аппараттағы өзектілігін тежеу, бәлкім, артынша натрий мен сұйықтық тасымалын төмендету арқылы бикарбонат иондарының түзілуін баяулата отырып сулы сұйықтық секрециясын төмендетеді.

Тимолол малеаты – симпатомиметикалық белсенділігі жоқ бета-адренорецепторлардың селективті емес блокаторы, миокардқа тікелей депрессивтік ықпал көрсетпейді, жарғақша тұрақтандыратын белсенділігі жоқ. Тонографиялық және флюорофотометриялық зерттеулер оның негізгі әсері көзішілік сұйықтық түзілуінің төмендеуінде және оның ағысының аздап ұлғаюында жатқанын көрсетті. Екі заттың біріккен әсері көзішілік қысымды жеке қабылдаудан қарағанда үлкен деңгейде төмендеуіне әкеледі.

Жергілікті қолданғаннан кейін Розаком жоғарғы көзішілік қысымды ол глаукомаға байланысты ма, жоқ па қарамастан төмендетеді. Жоғарғы көзішілік қысым көру жүйесінің зақымдануының және глаукомаға байланысты көру өрісінің шектелуінің негізгі қауіп факторы болып табылады.

Қолданылуы

  • жоғарғы көзішілік қысымда

  • ашық бұрышты глаукомада (оның ішінде жалған эксфолиативті глаукома және салдарлы ашық бұрышты глаукоманың басқа түрлері)

Қолдану тәсілі және дозалары

Тұтынар алдында құтыны шайқаңыз!

Розаком көз тамшысын коньюктивальді қапқа 1 тамшыдан күніне 2 рет зақымданған көз(дер)ге бір уақытта тамызады.

Тамызғаннан кейін мұрын-жас ағу өзекшесін қысу немесе қабақты 2 минутқа жабыңқырау ұсынылады. Бұл дәрілік препараттың жүйелі сіңірілуін төмендетеді және жағымсыз жүйелі реакциялар дамуына профилактика ретінде қызмет етеді.

Егер доза жіберіліп алынса ем кесте бойынша келесі дозадан жалғастырылуы тиіс. Дозаны зақымданған көз(дер)ге күніне 2 тамшыдан асыруға болмайды.

Тамшуыр ұшын көзге немесе құты ішіндегісінің ластануына жол бермеу үшін басқа да кез келген беткейге тигізуге болмайды.

Глаукомаға қарсы басқа препаратты Розаком көз тамшысымен алмастыру кезінде алмастырылған препаратты қабылдауды тоқтатып, келесі күні Розаком препаратын қабылдауды бастау қажет.

Бірнеше жергілікті қолданылатын офтальмологиялық препараттарды пайдаланғанда тамызулар арасында кемінде 5 минут аралық сақтау қажет.

Емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды.

Жағымсыз әсерлері

Құрамында емдеуге арналған дорзоламид бар препаратты қабылдаудан кейін келесі жағымсыз әсерлер туралы хабарланды:

Өте жиі (≥ 1 /10), жиі (≥ 1/100 < 1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000 < 1/100 дейін) , сирек (≥ 1/10 000 < 1/1000 дейін), өте сирек (< 1/10 000).

Дорзоламид гидрохлориді, көз тамшысы:

Жиі

- бас ауыруы, бас айналуы, парестезия

- блефарит, қабықтың тітіркенуі

- жүрек айнуы

- бөртпе

- шаршағыштық/әлсіздік

Жиі емес

- нұрлы қабықтың және цилиарлы дененің қабынуы

Сирек

- тамақтың қышуы, ауыздың құрғауы

- тітіркену, оған қоса қызару, ауыру, қабақтың жабысуы, өтпелі миопия (емді тоқтатқаннан кейін тыныштанады), мөлдір қабықтың ісінуі, көзішілік қысымның төмендеуі, хориоидеяның бұзылуы (фильтрациялықтан кейін)

Тимолол малеаты, көз тамшысы:

Жиі

- көздің тітіркену белгілері мен симптомдары, оның ішінде блефарит, кератит, мөлдір қабықтың сезімталдығының төмендеуі, көздің құрғауы

Жиі емес

- жүрек айнуы, диспепсия

- ентігу

- брадикардия, естен тану

- көрудің, оның ішінде рефракцияның бұзылуы (кейбір жағдайларда емді тоқтатқандықтан қарашықтың тарылуы байқалады)

Сирек

- диарея, ауыздың құрғауы

- алопеция, псориаз тәрізді бөртпе немесе псориаздың өршуі

- бронх түйілуі (әсіресе бұрыннан спастикалық бронхит симптомдары бар пациенттерде), жөтел

- құлақтың шулауы

- артериялық қысымның төмендеуі, кеуденің ауыруы, жүрек қағуы, ісінулер, аритмия, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, жүрек блокадасы, жүрек функциясының бұзылуы, бас миының ишемиясы, ақсау, Рейно феномені, қол және аяқ тоңуы

- тыныс алу ағзаларының, кеуде қуысының және көкірек ортасының бұзылыстары

- жоғарғы қабық птозы, диплопия, хориоидеяның бұзылуы (фильтрациялық процедуралардан кейін)

- жүйелі қызыл жегі

- Пейрони ауруы

Дорзоламид тимололмен:

Өте жиі

- шымылдату және шаншу

- дәм сезудің өзгеруі

Жиі

- конъюнктива гиперемиясы, көрудің бұзылуы, мөлдір қабық эпителийінің жоғалуы, қышыну, жыртылу

- синустердің қабынуы

Сирек

- жалпы аллергиялық реакция белгілері мен симптомдары, оған қоса Квинке ісінуі, есекжем, қышыну, бөртпе, анафилаксия, бронх түйілуі

- ентігу, тыныс алу жеткіліксіздігі, ринит

- мұрыннан қан кету

- жанаспалы дерматит

Жиі емес

- нефролитиаз

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- белсенді немесе қосымша заттарға жоғары сезімталдық

- басқа бета-блокаторларға жоғары сезімталдық

- сульфаниламидтерге жоғары сезімталдық

- бронх демікпесі

- ауыр дәрежедегі өкпенің созылмалы обструктивті ауруы

- синустық брадикардия

- синус түйінінің әлсіздік синдромы

- синоатриальді блокада

- II және III дәрежедегі атриовентрикулярлы блокада

- айқын жүрек жеткіліксіздігі

- кардиогенді шок

- ауыр дәрежедегі аллергиялық ринит

- ауыр дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі

- гиперхлоремиялық ацидоз

- жүктілік және лактация кезеңі

- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Жалпы әсер ететін төмендегі басқа препараттармен бір уақытта қандай да бір өзара әсеркеттесу анықталмады: ангиотензин өзгертетін фермент тежегіштерімен, кальций өзекшелерінің блокаторларымен, диуретиктермен, стероидты емес антисептиктермен, сонымен қатар ацетилсалицил қышқылымен және гормондармен (мыс. эстрогендермен, инсулинмен, тироксинмен).

Алайда, тимолол малеатының көз тамшысы түріндегі ерітіндісін кальций өзекшелерінің пероральді блокаторларымен, катехоламиндердің және бета-адренергиялық рецепторлардың жабыны бар препараттармен, аритмияға қарсы препараттармен (оның ішінде амиодаронмен), жүрек гликозидтерімен, парасимпатомиметиктермен, апиынды препараттармен және моноаминоксидаза (МАО) блокаторларымен бір мезгілде қолданғанда артериялық қысымның төмендеуіне әкелетін аддитивті әсердің және/немесе айқын брадикардияның едәуір туындау қаупі бар.

CYP2D6 тежегіштерінің препараттары (мыс. хинидин, серотонинді кері қармайтын селективті тежегіштер) мен тимололды бір уақытта қабылдағанда бета-адренергиялық әсердің жоғары жалпы әсері байқалады (мыс. брадикардия, депрессия).

Розаком компоненті дорзоламид карбоангидразаның тежегіші болып табылады, бұл жергілікті қолданылудан бөлек жүйелі қан ағымына сіңіріледі. Клиникалық зерттеулерде көз тамшы ерітіндісі түріндегі дорзоламид гидрохлоридін қабылдау қышқылдық-сілтілік теңгерімнің бұзылуын туындатады. Алайда, карбоангидраза тежегіштерін пероральді қабылдау кезінде мұндай бұзылыстар байқалған, кейбір жағдайларда басқа препараттармен өзара әрекеттесу анықталмаған (мыс., жоғарғы дозалардағы салицилаттарды қабылдаумен байланысты уыттылық). Осылайша, Розаком қабылдағанда мұндай потенциалды өзара әрекеттесулерді ескерген жөн.

Бұдан өзге, монотерапияда қабылданатын Розаком қарашықтардың кеңеюіне аз ықпал ететініне немесе дерлік ықпал етпейтініне байланысты кейде құрамында тимолол малеаты және адреналин бар көз тамшысын бір уақытта қолданған жағдайда олардың кеңеюі туралы хабарланды.

Бета-блокаторлар диабетке қарсы препараттардың гипогликемиялық әсерін жоғарылатуы мүмкін. Бета-адренергиялық рецепторларды бөгейтін препараттарды пероральді қабылдау артериялық қысымның күрт жоғарылауына әкелуі мүмкін, бұл клонидинді тоқтатқаннан кейін байқалды.

Басқа препараттарды бір уақытта қабылдау

Төменде көрсетілген препараттарды бір уақытта қабылдау ұсынылмайды:

- дорзоламид және карбоангидразаның пероральді тежегіштері,

- жергілікті қолдануға арналған бета-адренорецепторларды бөгейтін препараттар.

Айрықша нұсқаулар

Жүрек аурулары

Жүрек-қантамыр ауруларынан (коронарлы жүрек ауруы, Принцметал стенокардиясы және жүрек жеткіліксіздігі сияқты) және гипотензиядан зардап шегетін пациенттерде бета-блокаторлармен емдеуді сақтықпен жүргізу керек. Басқа әсер етуші заттардың негізінде ем пайдалану туралы мәселені қарастырған жөн. Жүрек-қантамыр аурулары бар пациенттерге жағдайының нашарлау белгілерін және жағымсыз реакциялардың дамуын анықтау үшін қадағалау жүргізу қажет.

Қозу уақытына қатысты теріс ықпалға байланысты бірінші дәрежедегі жүрек блокадасы бар пациенттерде бета-блокаторларды пайдалану сақтықты талап етеді.

Қантамыр аурулары

Шеткергі қан айналымы ауыр бұзылыстары/аурулары (яғни Рейно ауруының ауыр түрлері немесе Рейно синдромы) бар пациенттерге препаратты сақтықпен қолданады.

Гипертиреоз

Бета-блокаторлар гипертиреоз белгілерін бүркемелеуі мүмкін.

Бұлшықеті әлсіздігі

Бета-адренергиялық препараттар миастения симптомдарына (мысалы, диплопия, птоз және жалпы әлсіздік) ұқсас бұлшықет әлсіздігінің белгілерін күшейтетіні белгілі.

Тыныс алу ағзаларының ауруы

Тимолол малеатын қолданғанда тыныс алу және жүрек-қантамыр жүйелері тарапынан болатын ауыр реакция байқалуы, тіпті демікпесі бар пациенттерде бронх түйілуі және сирек жағдайда жүрек жеткіліксіздігі салдарынан өлім орын алуы мүмкін. Жеңіл немесе орташа дәрежедегі өкпенің созылмалы обструктивті аурулары бар пациенттерге (ОСОА) препарат сақтықпен және потенциал пайда потенциал қауіптен басым боланғанда ғана тағайындалады.

Қант диабеті

Бета-адреноблокаторларды кенеттен гипогликемияның дамуына ұшыраған пациенттерге немесе тұрақсыз диабеті бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек, өйткені бета-адреноблокаторлар жедел гипогликемияның белгілері мен симптомдарын бүркемелеуі мүмкін. Қант диабеті жағдайында мөлдір қабықтың зақымдану қаупі бар пациенттерді тұрақты қадағалау ұсынылады.

Қышқылдық-сілтілік теңгерімнің бұзылуы

Карбоангидраза тежегіштерін пероральді қолданғанда қышқылдық-сілтілік теңгерімнің бұзылу жағдайлары белгілі. Препаратты метаболизмдік ацидоздың ықтимал даму қаупіне байланысты бүйрек жеткіліксіздігінің қаупі бар пациенттерге тағайындағанда сақтық таныту керек. Күрделі реакциялар немесе аса жоғары сезімталдық белгілері пайда болғанда препаратты тоқтату керек.

Анафилактикалық реакциялар

Бета-адреноблокаторларды атопиясымен және сыртартқыда ауыр анафилактикалық реакциясы бар пациенттерде қолданғанда анафилактикалық реакция кезінде тағайындалатын адреналиннің әдеттегі дозаларына төзімділік байқалуы мүмкін.

Хирургиялық анестезия

Бета-адреноблокаторлардың офтальмологиялық түрлері жүйелі бета-агонистердің, мысалы, адреналиннің әсерін бөгеуі мүмкін. Операциялық араласым жүргізу алдында анестезиологқа пациент тимолол қабылдайтыны туралы ескерту керек.

Қатарлас ем

Көзішілік қысымға қатысты әсер немесе бета-адреноблокаторлардың белгілі жүйелі әсерлері тимололды бұрыннан бета-адреноблокаторлар қабылдап жүрген пациенттерге тағайындағанда күшеюі мүмкін. Мұндай пациенттерде реакцияны мұқият бақылап отыру қажет. Бір уақытта екі бета-адреноблокаторды немесе карбоангидразаның жергілікті қолданылатын екі тежегішін қолдану ұсынылмайды.

Карбоангидраза тежегішін және Азарга® препаратын бір уақытта қабылдайтын пациенттерде карбоангидразаны тежеудің белгілі жүйелі әсерлеріне аддитивті әсер болуы мүмкін.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр функциясы бұзылған пациенттер үшін Розаком дәрілік препаратының қауіпсіздігін бағалау жүргізілмеді, сондықтан бұл пациенттерге препарат қабылдау кезінде сақтық таныту керек.

Иммундық жүйе және препаратқа жоғары сезімталдық

Басқа да жергілікті қолданылатын офтальмологиялық препараттар сияқты Розаком препараты жүйелі қан ағымына сіңірілуі мүмкін. Дорзоламид сульфонамид болып табылады. Сондықтан ол тұтастай барлық сульфаниламидтер сияқты әсер көрсетуі мүмкін. Күрделі жағымсыз әсерлер немесе аса жоғары реакциялар болғанда препарат қолдануды тоқтату қажет.

Розаком дәрілік препаратын қабылдау жағдайында құрамында дорзоламид гидрохлориді бар тамшыларды қабылдағандағыдай жергілікті жағымсыз әсерлер байқалған. Мұндай реакциялар болғанда Розаком дәрілік препаратын қолдануды тоқтату қажет.

Бета-блокаторларды қабылдау кезінде атопияны немесе бірнеше аллергенге ауыр анафилактикалық реакцияны бастан өткізген пациенттерде аллергендермен кездейсоқ диагностикалық немесе емдік жанасу кезінде жоғарырақ сезімталдық болуы мүмкін. Бұл пациенттер анафилактикалық реакцияларды емдеу үшін пайдаланылатын адреналиннің әдеттегі дозаларына жауап бермеуі мүмкін.

Емнің аяқталуы

Бета-блокаторларды қабылдау жағдайындағыдай егер көз тамшысы ерітіндісі түріндегі тимололмен емді аяқтау қажеттілігі болса ишемиялық жүрек ауруы бар пациенттерде ол біртіндеп жүзеге асырылуы тиіс.

Бета-рецепторларды бөгеуге байланысты қосымша әсерлер.

Бета-адренергиялық рецепторларды бөгейтін препараттармен емдеу қант диабеті немесе гипогликемиясы және гипертиреоз симптомдары бар пациенттерде гипогликемияның кейбір симптомдарын бүркемелеуі мүмкін. Препарат қабылдауды күрт тоқтату гипертиреоз симптомдарын туындатуы мүмкін. Бета-блокаторларды қабылдау миастения симптомдарын күшейтуі мүмкін.

Карбоангидраза блокаторларының қосымша әсерлері

Карбоангидраза тежегіштерін пероральді қолдану қышқылдық-сілтілік теңгерімнің бұзылуына байланысты әсіресе бүйрегінде тастары бұрыннан бар пациенттерде несеп-тас ауруына әкелуі мүмкін. Дорзоламидті тимололмен бірге қабылдағанда қышқылдық-сілтілік теңгерімнің бұзылуы байқалмағанымен, бүйректе тастың пайда болуы туралы сирек хабарланған. Розаком құрамында жүйелі қан ағымына сіңірілетін жергілікті қолданылатын карбоангидраза тежегіштері болуына байланысты несеп-тас ауруы бар пациенттерде Розаком дәрілік препаратын қолдану тарихы бүйректе тастың пайда болуының жоғарғы қаупіне байланысты.

Көзішілік қысымды төмендететін қосымша басқа да офтальмологиялық препараттарды қабылдайтын жедел жабық бұрышты глаукомасы бар пациенттер де алдын ала медициналық тексерістен өтулері тиіс. Бұл пациенттер тобында дорзоламидті тимололмен қолдану зерттелмеген.

Дорзоламидті мөлдір қабықтың созылмалы зақымдануы және/немесе көзішілік офтальмологиялық емдеуден өткен пациенттердің қабылдауы кезінде мөлдір қабықтың қайтымсыз ісінуі және оның декомпенсациясы туралы хабарланды. Аталған пациенттер тобында дорзоламид сақтықпен жергілікті қолданылуы мүмкін. Сұйықтық өндірілуін бәсеңдететін дәрілерді қабылдаған кезде фильтрациялық процедуралардан кейін көздегі көзішілік қысым бір уақытта төмендегенде көз хориоидеясының бұзылыстары туралы хабарланды.

Глаукоманы емдеуге арналған басқа да препараттарды қабылдағандағыдай кейбір пациенттерде көз ташылары түріндегі тимолол малеатын ұзақ қолдану бұл препаратқа қатысты реакцияны әлсіретті. Алайда үш жыл бойы қадағаланған 164 пациент қатысқан клиникалық зерттеулерде бастапқы стабилизациядан кейін ортаңғы көзішілік қысымда қандай да бір елеулі айырмашылықтар анықталмады.

Жанаспалы линзаларды пайдалану

Дорзоламидтің тимололмен әсері жанаспалы линза пайдаланатын пациенттерде зерттелмеді.

Розаком дәрілік препаратының құрамында көздің тітіркенуін туындатуы мүмкін бензалконий хлоридінің консерванты бар. Жанаспалы линзаларды препаратты тамызар алдында шешіп, препаратты тамызғаннан кейін 15 минуттан ерте емес қайта тағу қажет. Бензалконий хлориді жұмсақ жанаспалы линзаларды түссіздендіруі мүмкін.

Көлік құралдарын және қауіпті деп саналатын механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат бас айналуын немесе жүрек айнуын туындатуы мүмкін екеніне байланысты емдеу кезеңінде зейін шоғырландыру және психомоторлық реакциялардың жоғары жылдамдығымен байланысты қауіпті қызмет түрлерінен аулақ болған жөн.

Артық дозалануы

Аталған препараттың артық дозалану жағдайлары туралы белгісіз. Препараттың артық мөлшері көзге түскен жағдайда көзді мол көлемдегі жылы сумен шаю керек.

Симптомдары: электролитті тепе-теңдіктің бұзылуы, ацидоз дамуы, орталық жүйке жүйесі тарапынан болатын бұзылыстар.

Емі: симптоматикалық, қандағы электролиттер (әсіресе калий) деңгейіне мониторинг және қанның рН шамасына бақылау қажет. Кездейсоқ және белгілі артық дозалану жағдайында дәрігерге қаралу керек.

Шығарылу түрі және қаптамасы

5 мл препараттан тамшылатқыш-тығынмен және алғашқы ашылуы бақыланатын ПНД жасалған бұралатын ақ қақпақпен тығындалған полиэтилен құтыларда.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдерінде нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалға жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптаманың алғаш ашылуынан кейінгі қолдану кезеңі 25 0С-ден аспайтын температурада сақтаған жағдайда 4 апта.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өтініш беруші

Adamed Limited Liability Company

Pienków 149, 05-152, Czosnów, Польша

Өндіруші

RAFARM S.A.

Paiania, Attiki, TK 19002, Греция

Тіркеу куәлігінің иесі

Adamed Limited Liability Company

Pieńków 149, 05-152, Czosnόw, Польша

Шығарылуын бақылау

Pharmaceutical Works Polfa in Pabianice Joint Stock Company

5, marsz.J.Piłsudskiego Str., 95-200 Pabianice, Польша

0Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы туралы шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Пабьяницк Польфа фармацевтикалық зауыты» АҚ ҚР-дағы өкілдігі 059000, Алматы қ-сы, Абай даңғылы, 109В үй, «Глобус» бизнес орталығы, 13 қабат, 13-2 кеңсе. Тел/факс: +7(727) 2776977. E-mail: info.kz@adamed.com.pl

 

Прикрепленные файлы

921246701477976370_ru.doc 116.5 кб
292390101477977565_kz.doc 101 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники