Ровахол®

Производитель: РОВА ФАРМАСЬЮТИКАЛЗ ЛТД
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения заболеваний желчевыводящих путей
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020926
Информация о регистрации в РК: 28.04.2020 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Ровахол®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ішекте еритін капсулалар

Құрамы

Бір капсуланың ішінде

белсенді заттар: α-пинен 13,6 мг, β-пинен 3,4 мг, левоментол 32,0 мг. ментон 6,0 мг, борнеол 5,0 мг, камфен 5,0 мг, цинеол 2,0 мг,

қосымша зат – зәйтүн майы,

капсула қабығының құрамы: желатин, глицерин 85%, натрий этилпарагидроксибензоаты (E 215), натрий пропилпарагидроксибензоаты (Е 217), натрий мыс хлорофиллині (100% суда еритін)

Сипаттамасы

Құрамында күшті хош иісті жасылдау-сары ерітіндісі бар, сфералық, жұмсақ, желатинді, ішекте еритін жасыл түсті капсулалар.

Фармакотерапиялық тобы

Бауыр мен өт шығару жолдары ауруларын емдеуге арналған препараттар. Өт қабы ауруларын емдеуге арналған препараттар. Өт шығару жолдары ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар.

АТХ коды AO5AX

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Кейбір ингредиенттер жақсы сіңіріледі, бауырда метаболизденеді және өтпен және несеппен шығарылады. Биожетімділік зерттеулері ішке қабылдағанда тез сіңірілетінін көрсетті, мысалы, ментол тез сіңіріледі, бауырда метаболизденеді және глюкуронидтер түрінде несеппен және өтпен шығарылады

Фармакодинамикасы

Ровахол® өт тастарын еріткіш/бұзушы препарат болып табылады. Ровахол® холестериндік тастарды ерітеді және холестеринге қатысты өтті десатуризациялайды. Препарат өт секрециясын күшейтетін және өт іркілісін жоятын өт айдаушы дәрі болып табылады. Ровахол® спазмолитикалық әсер көрсетеді, спастикалық ауыруды әлсіретеді. ГМГ КоА-редуктаза белсенділігін тежейтін препарат өттің сатурация индексін төмендете отырып, осылайша, холестриндік тастардың ерітілуіне ықпал ете отырып және тастардың ары қарайғы шөгуінің алдын ала отырып, эндогенді холестериннің өндірілуін әлсіретеді. Ровахол® грамоң және грамтеріс бактериялардың бірқатарына қатысты тиімді.

Қолданылуы

- жұмыс істеп тұрған өт қабында рентгендік жағымсыз тастарды еріту үшін

Қолдану тәсілі және дозалары

Қолдану тәсілі: ішке.

Ұсынылатын дозалау режимі:

Ересектер: 1 - 2 капсуладан тамақтанарға дейін күніне үш рет. Емдеу курсының ұзақтығын аурудың ағымына байланысты дәрігер жекелей анықтайды.

Жағымсыз әсерлері

Бастапқы кезеңде жалбыздың жеңіл дәмі туындауы мүмкін. Науқастардың елеусіз санында асқазанда жеңіл және өтпелі жайсыздық байқалды.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препаратты антикоагулянттарды немесе бауырда метаболизденетін және бауыр арқылы шығарылатын препараттарды қабылдайтын емделушілерге сақтықпен қолдану керек.

Айрықша нұсқаулар

Ровахол® капсулаларының төмендегі ингредиенттері аллергиялық реакциялар (баяулатылған типтегі болуы мүмкін) туғызуы мүмкін: натрий этилпарагидроксибензоаты (E 215), натрий пропилпарагидроксибензоаты (E 217​​).

Жүктілік және лактация кезеңі

Препараттың адамдағы жүктілік кезінде қолдану туралы деректер жоқ. Жануарлардағы препараттың тератогенділігі туралы деректер жоқ. Алайда, кемінде, ингредиенттердің кейбірі плацента арқылы өтуі мүмкін. Препаратты жүктілік немесе бала емізу кезінде пайдалануға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Емделушінің осы функцияларына Ровахол® капсулаларының әсер етуі туралы деректер жоқ.

Артық дозалануы

Бір де бір артық дозалану жағдайы тіркелмеген.

Артық дозаланған жағдайда егер препарат ішке жуықта қабылданған болса, асқазанды шаю керек. Қажет болғанда бақылауды симптоматикалық еммен бірге жүргізу керек. Жүрек, тыныс алу, бүйрек және бауыр функциясын мониторингілеу ұсынылады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

ПВХ/ПВДХ үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 капсуладан салынған.

5 немесе 10 қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қаптамаға салынған.

Сақтау шарттары

25ºС-ден аспайтын температурада, тығыз жабылған қаптамада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Рова Фармасьютикалз Лтд, Ньютаун, Бантри, графство Корк, Ирландия.

Тел.: +353 27 50077, e-mail: rowa@rowa-pharma.ie

Қаптаушы

Норфахема АҚ, Витауто к-сі  6, LT-55175, Йонава, Литва

Тіркеу куәлігінің иесі

Рова Фармасьютикалз Лтд, Ньютаун, Бантри, графство Корк, Ирландия.

Тел.: +353 27 50077, e-mail: rowa@rowa-pharma.ie

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы.

Алматы қ.,

Көктем-2, 5 -41 үй

Тел/факс +7-727-3946924,+7-727-3334611

e-mail: k_natali06@mail.ru

 

 

 

 

Прикрепленные файлы

652795641477976644_ru.doc 59.5 кб
678532871477977794_kz.doc 61.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники