Ринт увлажняющий
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Ринт ылғалдайтын
Халықаралық патенттелмеген атауы
Оксиметазолин
Дәрілік түрі
Мұрын спрейі 0,5 мг/г
Құрамы
1 г препараттың құрамында
белсенді зат - 100 % затқа шаққанда оксиметазолин гидрохлориді 0,5 мг;
қосымша заттар: түймедақ майы, эвкалиптол, бензалконий хлориді, динатрий эдетаты (трилон Б), бензил спирті, глицерин, полиэтиленгликоль 400 (макрогол 400), повидон, натрий карбоксиметилцеллюлоза – микрокристалды целлюлоза, натрий дигидрофосфаты, дигидрат; натрий гидрофосфаты, додекагидрат; инъекцияға арналған су.
Сипаттамасы
Түймедақтың сәл сезілетін өзіне тән иісі және тиксотропты қасиеттері (тұрған кезде қоюланады және шайқаған кезде сұйылады) бар мөлдір емес, ақшылдау гель тәрізді немесе сұйық масса.
Фармакотерапиялық тобы
Антиконгестанттар және жергілікті қолдануға арналған басқа да мұрын препараттары. Симпатомиметиктер. Оксиметазолин.
АТХ коды R01A A05
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Препараттың әсері тез басталады (қолданғаннан кейін бірнеше минуттан соң). Әсер ету ұзақтығы – 12 сағатқа дейін.
Жергілікті интраназальді қолданғанда жүйелі әсер етпейді.
Фармакодинамикасы
Препарат жаққан жерде тамырды тарылтады, мұрынның және жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабығының ісінуін азайтады, мұрыннан ағатын бөліністі азайтады, мұрынмен тыныс алуды қалпына келтіреді, мұрынның қосалқы қойнаулары, ортаңғы құлақ қуысы аэрациясының қалпына келуіне ықпал етеді, бұл бактериялық асқынулар (синуситтер, ортаңғы отит) дамуының алдын алады. Мұрынға қолданғанда емдік концентрацияларда мұрынның шырышты қабығын тітіркендірмейді, гиперемия туғызбайды.
Түймедақ майы мен эвкалиптол жергілікті қабынуға қарсы әсер көрсетеді, шырыштың шығуын жеңілдетеді. Препарат мұрын жолдарының тітіркенген шырышты қабығына жұмсақ әсер етеді, ылғалдандырады және оны шамадан тыс құрғап кетуден қорғайды.
Қолданылуы
– ринитпен қатар жүретін жедел респираторлық ауруларда
– шығу тегі әртүрлі риниттерде (аллергиялық ринит, вазомоторлық ринит)
– мұрын қуысының қосалқы қойнаулары ауруларында дренаж және мұрынмен тыныс алуды қалпына келтіру үшін, евстахиитте
– мұрын қуысына жасалатын диагностикалық немесе хирургиялық манипуляциялар алдында ісінуді қайтару үшін
Қолдану тәсілі және дозалары
Әрбір пайдаланар алдында құтыны қатты сілку керек. Сақтандырғыш қалпақшасын шешіп алу керек. Дозалайтын құрылғыны алғашқы пайдаланар алдында аэрозоль ағыны пайда болғанша бірнеше рет соны басу керек. Ұштықты танауға салып, дозалағыш құрылғыны басу керек, бұл ретте мұрынмен терең тыныс алу қажет, басты артқа шалқайтудың қажеті жоқ. Содан соң ұштықты басқа танауға салып, емшараны қайталау қажет. Пайдаланғаннан кейін ұштықты тазалап сүртіп, құтыны сақтандырғыш қалпақшамен жабу керек.
Препаратты ересектер мен 6 жастан асқан балаларға мұрынның әр жолына 10-12 сағат аралықпен 1 бүркуден күніне 2 рет тағайындайды.
Препаратты 5-7 күннен артық қолдануға болмайды.
Жағымсыз әсерлері
Жиі:
– мұрынның шырышты қабығының құрғауы немесе күйдіру, түшкіру
Жиі емес:
– пальпитация, тамыр соғысының жиілеуі және артериялық қысымның жоғарылауы сияқты жүйелі әсерінің дамуы
Сирек:
– мұрынның қатты бітелу сезімі (реактивті гиперемия)
– жүрек айнуы
– ұйқысыздық, шаршау, бас ауыруы, мазасыздық
Тамыр тарылтатын препараттарды жоғары дозаларда ұзақ уақыт үздіксіз қолданғанда мұрынның шырышты қабығының ісінуі болуы мүмкін. Бұл реакциялар препаратты 5-7 күн қолданғаннан кейін туындауы мүмкін, ары қарай қолданған жағдайда мұрын қуысының шырышты қабығы атрофиясы болуы мүмкін.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
– препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
– атрофиялық ринит
– моноаминоксидаза тежегіштерін және артериялық қысымды жоғарылатуы мүмкін басқа преепараттарды қолдану
– көзішілік қысымның жоғарылауы
– жабық бұрышты глаукома
– ауыр жүрек-қантамыр аурулары (артериялық гипертензия, стенокардия)
– феохромоцитома
– гипертиреоз
– қант диабеті
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Аталған дәрілік препараттың үш циклді антидепрессанттармен өзара әрекеттесетіні белгілі. Артериялық гипертензия даму қаупі салдарынан препаратты МАО тежегіштерімен бірге немесе МАО тежегіштерін қолданғаннан кейін 2 апта бойы қолдануға болмайды.
Препаратты бромокриптин қабылдайтын емделушілерге сақтықпен қолдану керек, себебі жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан бұзылулар дамуы мүмкін. Бетанидиннің, дебризоквиннің және гуанетидиннің әсері әлсіреуі мүмкін.
Айрықша нұсқаулар
Препаратты 7 күннен артық қолдануға болмайды. Ұзақ қолдану препарат әсерінің әлсіреуіне әкелуі, атрофиялық риниттің және дәрі-дәрмектік ринитпен реактивті гиперемияның дамуын, сондай-ақ, мұрынның шырышты қабығы эпителийінің зақымдануын және белсенділігінің төмендеуін туғызуы мүмкін.
Педиатрияда қолдану
6 жасқа дейінгі балаларға қолданылмайды.
Жүктілік және лактация кезеңінде қолдану
Препаратты жүктілік және бала емізу кезеңінде қолдану ұсынылмайды.
Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препаратты жоғары дозада ұзақ қолданғанда оның жүрек-қантамыр және орталық жүйке жүейсіне әсерін жоққа шығаруға болмайды. Мұндай жағдайларда автокөлік немесе басқа да механизмдермен жұмыс істеу қабілеті төмендеуі мүмкін.
Артық дозалануы
Cимптомдары: қарашықтың кішіреюі, жүрек айнуы, құсу, цианоз, температураның жоғарылауы, тахикардия, аритмия, коллапс, тамыр жеткіліксіздігі, артериялық гипертензия, тыныс алу бұзылыстары, өкпенің ісінуі, жүректің тоқтап қалуы, психикалық бұзылыстар, сондай-ақ, ұйқышылдықпен, дене температурасының төмендеуімен, брадикардиямен, артериялық гипотензиямен, тыныс алудың тоқтауымен және команың ықтималды дамуымен қатар жүретін орталық жүйке жүйесі функциясының бәсеңдеуі туындауы мүмкін.
Емі: асқазанды шаю, белсендірілген көмір қабылдау, симптоматикалық ем. Вазопрессорлық дәрілерді қабылдауға болмайды.
Шығарылу түрі мен қаптамасы
Мұрын спрейі 0,5 мг/г.
Мұрынға арналған бүріккіші бар сорғы-дозатормен жабдықталған қоңыр шыны құтыларға 10 г препараттан құйылған.
Құтыға өздігінен жабысатын заттаңба жапсырылады.
Әр құты медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Препаратты қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Фармак» ЖАҚ, Украина, 04080, Киев қ., Фрунзе к-сі, 63.
Тіркеу куәлігінің иесі
«Фармак» ЖАҚ, Украина
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
Қазақстан Республикасы, 050012, Алматы қ., Амангелді к-сі 59 "А" "Шартас" бизнес орталығы, 9 қабат.
Тел +7 (727) 267-64-63, факс +7 (727) 267-63-73, электронды поштасы: a.liadobruk@gmail.com