РиниКолд
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
РиниКолд
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар:
Парацетамол 500 мг
Кофеин 30 мг
Фенилэфрин гидрохлориді 10 мг
Хлорфенирамин малеаты 2 мг,
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, жүгері крахмалы (құрғақ және паста), желатин, повидон, метилпарабен, пропилпарабен, тазартылған тальк, магний стеараты, натрий крахмалы гликоллаты.
Сипаттамасы
Ақ түсті, бір жақ бетінде сызығы бар, екі жақ беті дөңес капсула түріндегі таблеткалар
Фармакотерапиялық тобы
Анальгетиктер. Анилидтер. Басқа препараттармен (психолептиктерді қоспағанда) біріктірілген парацетамол.
АТЖ коды N02BE51
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Парацетамол – ішке қабылданғаннан кейін асқазан-ішек жолынан, көбіне аш ішекте, негізінен нашар тасымалдану арқылы тез сіңеді. 500 мг дозада бір рет қабылдағаннан кейін қан плазмасында ең жоғары концентрацияға 10-60 минуттан соң жетеді және 6 мкг/мл-ге жуықты құрайды, содан кейін біртіндеп төмендейді және 6 сағаттан кейін 11-12 мкг/мл құрайды.
Тіндерге және негізінен, май тіндері мен жұлын сұйықтығын қоспағанда, организмнің сұйық орталарына кең таралады. Қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы 10%-дан төмен және артық дозаланған кезде аздап артады. Сульфатты және глюкуронидті метаболиттер қан плазмасы ақуыздарымен тіпті жоғары дозаларда да байланыспайды.
Парацетамол көбіне бауырда глюкуронидпен бірге конъюгация, сульфатпен бірге конъюгация арқылы және бауырдың аралас оксидазасы мен P450 цитохромының қатысуымен тотығу арқылы метаболизденеді.
Жағымсыз әсері бар гидроксилденген метаболит – N-ацетил-p-бензохинонимин, ол бауырда және бүйректерде аралас оксидазалардың әсер етуімен өте аз мөлшерде түзіледі және әдетте глутатионмен байланысу арқылы детоксифицирленеді, парацетамол артық дозаланған кезде жиналуы және тіндерді зақымдауы мүмкін.
Ересектерде парацетамолдың үлкен бөлігі глюкурон қышқылымен және аз дәрежеде күкірт қышқылымен байланысады. Бұл конъюгацияланған метаболиттердің биологиялық белсенділігі жоқ. Шала туған балаларда, жаңа туған балаларда және өмірінің алғашқы жылында көбіне сульфатты метаболит түзіледі.
Жартылай шығарылу кезеңі 1-3 сағатты құрайды. Бауыр циррозына шалдыққан емделушілерде жартылай шығарылу кезеңі біршама жоғары. Парацетамолдың бүйректік клиренсі 5% құрайды.
Несеппен бірге негізінен глюкуронидтік және сульфаттық конъюгаттар түрінде шығарылады. 5%-дан азы өзгермеген парацетамол түрінде шығарылады.
Кофеин – ауыз арқылы қабылданғаннан кейін толық және тез сіңеді. Қан плазмасында ең жоғары концентрацияға ашқарынған сіңгеннен кейін 5-90 минуттан соң жетеді.
Кофеин организмнің барлық тіндеріне таралады, орташа таралу көлемі 0,55 л құрайды.Қан плазмасы ақуыздарымен орташа байланысу шамасы 35% құрайды.
Кофеин бауыр оксидазаларымен метаболизденіп, осы ферментті жүйенің көптеген белгілі заттарын түзеді, ол кофеиннің клиренсіне ықпалын тигізе алады. Сонымен, кофеиннің шығарылуы темекі тартатындарда ұлғайған және циметидинмен, дисульфраммен және ауыз арқылы қабылданатын контрацептивті дәрілермен тежеледі.
Жартылай шығарылу кезеңі 1,9 сағаттан 12,2 сағатқа дейінгі аралықтағы 4,9 сағатты құрайды. Кофеиннің жартылай шығарылу кезеңі жүкті әйелдерде ұзаққа созылады.
Жаңа туған нәрестелерде заттың толық дерлік бүйректер арқылы шығарылатынын ескерер болсақ, ересектерде шығарылуы түгелімен бауыр метаболизмі арқылы жүзеге асады. Ересектерде кофеиннің шығарылу жылдамдығында жекелей өзгерушілік білінеді (орташа клиренсі 0,35%-дан 4,50%-ға дейінгі аралықта 1,6% құрайды). Кинетикасының дозалауға тәуелділігіне айғақтамалар жоқ.
Кофеиннің фармакокинетикасы жас және егде жастағы адамдарда ұқсас болса да, жаңа туған нәрестелерде шығарылу жылдамдығы шамадан тыс төмен. Кофеиннің плазмалық клиренсі 0,15% құрайды және дені сау адамдарға қарағанда, шала туған нәрестелерде жартылай шығарылу кезеңі шамамен 20 есе жоғары (102,9 сағат). Шала туған нәрестелерде таралу көлемі де жоғары (0,92 л). Шала туған нәрестелерде кофеиннің шығарылу жылдамдығы да төмен, осы топта транесплацентарлы түрде жүре пайда болған кофеиннің жартылай шығарылу кезеңі 80 сағатты құрайды.
Фенилэфрин – ішке қабылданғаннан кейін асқазан-ішек жолынан нашар сіңеді. Фенилэфриннің биожетімділігі 40%-ға жуықты құрайды. Ең жоғары плазмалық концентрацияға 1-2 сағаттың ішінде жетеді. Таралу көлемі 200 л-ден 500 л-ге дейінді құрайды.
Миға аздап енуі байқалады, бірақ плацента арқылы өтпейді және емшек сүтімен бірге бөлініп шықпайды.
Ішек қабырғасында моноаминооксидазаның қатысуымен және бауыр арқылы «алғаш өту» кезінде метаболизденеді. Фенилэфрин және оның метаболиттері несеппен бірге бөлініп шығады, тек аздаған мөлшері ғана өзгермеген күйінде бөлініп шығады: көктамыр ішіне енгізген кезде 16,6% және ауыз арқылы қабылдаған кезде аздаған мөлшерде. Метаболиттер фармакологиялық тұрғыдан белсенді емес. Зат алмасудың негізгі жолдары сульфатты қосылыстардың түзілуі және тираминазамен тотығып дезаминирлену арқылы өтеді. Орташа жартылай шығарылу кезеңі – 2-3 сағат.
Хлорфенирамин – ауыз арқылы қабылдаған кезде толық дерлік сіңеді және тіндерге таралады. Қан плазмасында ең жоғары концентрация ашқарынға ауыз арқылы қабылданатын бір реттік 12 мг дозаны қабылдағаннан кейін 2-3 сағаттан соң байқалады.
Тамақпен бірге хлорфенираминді бір мезгілде қабылдау биожетімділігін азайтады.
Хлорфенирамин бауыр арқылы «алғаш өткен» кезде орташа метаболизмге ұшырайды және бауырішілік айналымға түсуі мүмкін.
Хлорфенираминнің несеппен бірге өзгермеген күйінде бөлініп шығуы рН-қа байланысты. Несепте хлорфенирамин өзгермеген күйінде (35%), монодезметилденген туындылары (20%) және дидезметилденген туындылары (10%) анықталды. Хлорфенирамин және әсіресе оның дезметилденген метаболиттері ұзақ кезең бойы баяу бөлініп шығады. Метаболиттерінің бірде-біреуі уытты емес.
РиниКолд препаратының әсері оның компоненттерінің бірлескен әсері болып табылады, сондықтан кинетикалық бақылау жасау мүмкін емес. Препарат компоненттері маркерлердің немесе биологиялық зерттеулердің жәрдемімен бір мезгілде тексеруге келмейді.
Фармакодинамикасы
Салқын тигеннен болған ауруларда қолданылатын біріктірілген препарат.
Парацетамол – анальгетик-антипиретик, ыстықты түсіреді және ауыруды сездірмейді: салқын тиюден болған ауруларда байқалатын ауыру синдромдарын – көмекейдің ауыруын, бас ауыруды, бұлшықеттің және буынның ауыруын азайтады.
Фенилэфрин – симпатомиметик, шеткергі қантамырларға вазоконстрикторлы әсер етеді, тыныс алу жолдарының және мұрын қосалқылары қуысының жоғарғы бөлімдерінің шырышты қабықтарының ісінуін және гиперемиясын азайтады, мұрынның бітелуін қайтаруға және мұрыннан бөлінділердің бөлінуінің азаюына мүмкіндік береді.
Хлорфенирамин – гистаминдік H1-рецепторлардың бөгегіші, аллергияларға қарсы әсер етеді: қышуды (соның ішінде көздің, мұрынның) және мұрынның, мұрын-жұтқыншақтың және мұрын қосалқылары қуысының шырышты қабықтарының ісінуін және гиперемиясын қайтарады, экссудация құбылысын және қантамырлардың өткізгіштігін азайтады.
Кофеиннің орталық жүйке жүйесін ынталандыратын ықпалы бар, ол шаршауды және ұйқышылдықты азайтады және ақыл-ой мен дене жұмысына қабілетін азайтады.
Қолданылуы
Симптоматикалық ем ретінде (ауыру синдромын, қызбаны және ринореяны азайту үшін):
-
тұмауда
-
ЖРВЖ және салқын тиюден болған, ринитпен, мұрынның бітелуімен, бас ауырумен, қызбамен, қалтыраумен, буындардың, бұлшықеттердің ауыруымен қоса қабаттасатын басқа да ауруларды азайту үшін
Қолдану тәсілі және дозалары
Препаратты ас қабылдаудан кейін 1-2 сағаттан соң ішке тағайындайды.
Ересектерге және 12 жастан асқан балаларға 1-2 таблеткадан әрбір 4-6 сағат сайын тағайындайды. Ең жоғары бір реттік доза – 2 таблетка, ең жоғары тәуліктік доза – 8 таблетка. Емделу курсы – 5 күннен аспайды.
Жағымсыз әсерлері
-
бас айналу, ұйқының бұзылуы, қатты қозғыштық, бас ауыру
-
артериялық қысымның жоғарылауы, тахикардия
-
жүректің айнуы, эпигастральді ауыру, ауыз ішінің құрғауы
-
анемия, тромбоцитопения, агранулоцитоз, гемолитикалық анемия, апластикалық анемия, метгемоглобинемия, панцитопения
-
аллергиялық реакциялар
-
гепатоуытты және нефроуытты әсер (жоғары дозаларда ұзақ уақыт қолданғанда).
РиниКолд препаратын тиісті дозаларда қабылдаған кезде жағымсыз әсерлер сирек дамиды.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
жүктілікте
-
лактация кезеңінде (емшек емізуге)
-
12 жасқа дейінгі балаларға
-
трициклдік антидепрессанттарды, ингибиторов моноаминооксидаза тежегіштерін, бета-адренобөгегіштерді бір мезгілде қабылдауға
-
РиниКолд препаратының құрамына кіретін белсенді заттары бар басқа да препараттарды бір мезгілде қабылдауға
-
препарат компоненттеріне сезімталдық жоғары болғанда.
РиниКолд препаратын коронарлық артериялардың айқын атеросклерозында, артериялық гипертензияда, тиреотоксикозда, феохромоцитомада, қант диабетіне шалдыққан науқастарға, бронх демікпесінде, өкпенің созылмалы обструкциялық ауруларында, глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа тапшы болғанда, қан ауруларында, тұқым қуалаған гипербилирубинемиясы (Жильбер, Дубин-Джонсон және Ротор синдромы) бар емделушілерге, бауыр және/немесе бүйрек қызметінің жеткіліксіздігінде, жабық бұрышты глаукомада, қуықасты безінің гиперплазиясында абайлап тағайындайды.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Біріктіріп қолданған кезде РиниКолд моноаминооксидаза тежегіштерінің, седативті препараттардың, этанолдың әсерлерін күшейтеді.
Антидепрессанттармен, паркинсонға қарсы дәрілермен, антипсихотикалық дәрілермен, фенотиазин туындыларымен (хлорпромазин, трифлуоперазин, левомепромазин) біріктіріп қолдану несептің кідіру қаупін, ауыз ішінің құрғауын, іш қатуды арттырады.
Глюкокортикостероидтармен бір мезгілде қолданған кезде глаукоманың даму қаупі артады.
Парацетамол бір мезгілде қолданылатын диуретиктердің тиімділігін төмендетеді. РиниКолдты барбитураттармен, дифенинмен, карбамазепинмен, рифампицинмен және бауырдың микросомальді ферменттерінің басқа да индукторларымен бір мезгілде қолданған кезде парацетамолдың гепатоуытты әсерінің даму қаупі артады.
Трициклдік антидепрессанттар фенилэфриннің адреномиметикалық әсерін күшейтеді, галотанмен бірге тағайындау қарыншалық аритмияның даму қаупін арттырады. Біріктіріп қолданған кезде РиниКолд гуанетидиннің гипертензияға қарсы әсерін төмендетеді, ол өз кезегінде фенилэфриннің альфа-адреноынталандырушы әсерін күшейтеді.
Хлорфенирамин моноаминооксидаза тежегіштерімен, фуразолидонмен бір мезгілде қолданылған кезде гипертониялық кризге, қозуға әкеп соқтыруы мүмкін.
Айрықша нұсқаулар
РиниКолд препаратын қолдану кезінде алкогольді, ұйықтатқыш дәрілерді немесе анксиолитикалық дәрілік заттарды қолдануды тоқтата тұрған жөн.
Құрамында парацетамолы бар препараттарды бір мезгілде қолдануға болмайды.
Емделушіге, егер препаратты 3-5 күн қабылдағаннан кейін жағдайы жақсармаса, дәрігерге қаралу қажет екендігі ескертілуі тиіс.
Көлікті және/немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал етуі
Зейінді жұмылдыруды және психомоторлы реакциялар шапшаңдығын қажет ететін жұмыспен айналысатын емделушілер абайлап қолданғаны жөн.
Артық дозаланғанда
Симптомдары негізінен парацетамолдың әсерімен жүзеге асырылады: тері жабындарының бозаруы, анорексия, жүректің айнуы, құсу, гепатонекроз, бауыр трансаминазасы белсенділігінің жоғарылауы, протромбинді уақыттың артуы мүмкін.
Емдеу: асқазанды шаю, артынан белсенділендірілген көмір тағайындау, симптоматикалық ем, артық дозаланудан кейін 8-9 сағаттан соң метионин және 12 сағаттан соң N-ацетилцистеин енгізу.
Артық дозаланған жағдайда дәрігерге қаралу қажет екендігін емделушіге ескертіп қойған жөн.
Парацетамолдың әсерінен болған артық дозалану симптомдары препаратты парацетамолдың тиісті 10-15 г дозасын қабылдағанда білінеді.
Шығарылу түрі және қаптамасы
10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және баспалық алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.
Пішінді 1 қаптама медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қаптамаға салынған.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Дәріханадан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
Шрея Лайф Саенсиз Пвт. Лтд., Индия (Shreya Life Sciences Pvt. Ltd.,India)
Шрея Хаус, 301/А, Перейра Хил Роуд, Андери (Ист.), Мумбай – 400 099, Үндістан
Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы
Алматы қ-сы, Жангильдин к-сі, 31, кеңсе 105
Тел./факс: (727) 278 59 53, 278 59 51
e-mail: zh_kanat@mail.ru