Ринза® Лорсепт Анестетик (Лимонные)

МНН: Амилметакрезол, Дихлорбензиловый спирт, Лидокаин
Производитель: Юник Фармасьютикал Лабораториз (отделение фирмы "Дж.Б.Кемикалс энд Фармасьютикалс Лтд.")
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№012711
Период регистрации: 05.03.2015 - 05.03.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Ринза Лорсепт Анестетик

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Соруға арналған таблеткалар

апельсинді, лимонды, бал-лимонды, қарақарақатты

Құрамы

Бір таблетка құрамында

белсенді заттар: 2,4-дихлорбензил спирті 1.2 мг

амилметакрезол 0.6 мг

лидокаин гидрохлориді 10.0 мг

қосымша заттар:

апельсинді

  • сахароза, сұйық декстроза, лимон қышқылының моногидраты, жалбыз хош иістендіргіші 9Т/10448, апельсин майы, анис майы, натрий рибофлавин-5-фосфаты (Е101) бояғышы, Ponceau 4R (Е124) бояғышы

лимонды

  • сахароза, сұйық декстроза, лимон қышқылының моногидраты, жалбыз майы, лимон майының концентраты, анис майы, натрий рибофлавин-5-фосфаты (Е101) бояғышы

бал-лимонды

  • сахароза, сұйық декстроза, жалбыз майы, бал хош иістендіргіші, лимон майының эссенциясы, карамель (Е150а) бояғышы, Ponceau 4R (Е124) бояғышы, натрий рибофлавин-5-фосфаты (Е101) бояғышы;

қарақарақатты

  • сахароза, сұйық декстроза, лимон қышқылының моногидраты, жалбыз майы, қарақарақат хош иістендіргіші, Ponceau 4R (Е124) бояғышы, қара PN (E151) бояғышы.

Сипаттамасы

Қызыл-сары түсті, екі жағы дөңес дөңгелек таблеткалар (апельсинді).

Сары түсті, екі жағы дөңес дөңгелек таблеткалар (лимонды).

Қоңыр-сары немесе қоңыр түсті, екі жағы дөңес дөңгелек таблеткалар (бал-лимонды).

Күлгін түсті, екі жағы дөңес дөңгелек таблеткалар (қарақарақатты).

Таблеткаларда ауа көпіршіктерінің болуына және жиектері тегіс болмауына жол беріледі.

Фармакотерапиялық тобы

Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар. Антисептиктер. Басқа да препараттар.

АТХ тобы R02АА20

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Жүйелі сіңірілудің төмендігіне байланысты Ринза® Лорсепт Анестетик фармакокинетикасы жөніндегі деректер жоқ.

Фармакодинамикасы

ЛОР-тәжірибеде және стоматологияда жергілікті қолдануға арналған антисептикалық біріктірілген препарат.

2,4-дихлорбензил спирті бензолдың туындысы болып табылады, антисептик. Амилметакрезол – фенол туындысы, антисептик, микробтарға қарсы белсенділікке ие. 2,4-дихлорбензил спиртінің және амилметакрезолдың әсерінің механизмі микроб және зеңдік жасушалары ақуыздарының коагуляциясымен, сондай-ақ жасуша жарғақшалары липидтерімен өзара әрекеттесуіне байланысты, бұл қоздырғыштарға қарсы тиімділігін анықтайды.

Лидокаин гидрохлориді – ацетанилид туындысы, жергілікті анестетик.

Жарғақшаны тұрақтандыратын белсенділікке ие.

Препараттың белсенді компоненттері жергілікті антисептикалық және жергілікті жансыздандыратын әсер тудырады. Ринза® Лорсепт Анестетик жоғары тыныс алу жолдары және ауыз қуысындағы шырышты қабықтарының тітіркену симптомдарын, бөгде затты сезінуді, жұтқыншақтың жыбырлауын, қырналып ауыруын жояды; шырышты қабыққа деконгестивті әсер етеді, мұрынның бітелуін азайтып, тамақтың тітіркенуі мен ауыруын жеңілдетеді.

Ринза Лорсепт Анестетик грамоң және грамтеріс микроорганизмдердің ауқымды өрісіне: стафилококок штамдарының көбісіне (S. еpidermidis, S. pyogenes, S. аureus, S. salivarius), A, C және D тобының стрептококтарына, Diplococcus pneumoniae, Pseudomonas aerogenosa, Klebsiella aerogenes, Haemophilus influenzae, Proteus spp., Aerobacter aerogenes, Aerobacter cloacae және басқаларға қатысты белсенді, сондай-ақ ашытқы тәрізді Candida albicans зеңдеріне қатысты антимикоздық әсерге ие.

Қолданылуы

  • ауыз қуысы мен жұтқыншақтың жұқпалы-қабыну ауруларын симптоматикалық емдеу.

Қолдану тәсілдері және дозасы

Ауыз қуысында сору үшін, жергілікті. Ересектерге және 12 жастан асқан балаларға әр 2-3 сағат сайын 1 таблеткадан баяу сору ұсынылады. Ең жоғары тәуліктік дозасы – 8 таблетка. Емдеу курсы – 5-7 күн.

Жағымсыз реакциялар

- жұтудың бұзылуы

- тіл сезімталдығының жоғалуы

Сирек:

- аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • 12 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа топтардың дәрілік препараттарымен клиникалық тұрғыдан маңызды өзара әрекеттесуі анықталған жоқ.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты эпилепсия, жүрек өткізгіштігі бұзылуында, шок, бауыр қызметі бұзылған кезде сақтықпен қолдану керек.

Тамақтың ауыруы 2 күннен асып кеткен кезде немесе онымен бас ауыруы, жүрек айнуы, құсу қатар жүрген кезде дәрігермен кеңесу қажет.

Қант диабеті бар емделушілер, сондай-ақ гипокалориялы емдәмде препарат құрамында қанттың бар екендігін ескерулері қажет.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік және лактация кезеңінде препаратты егер ана үшін күтілетін пайдасы ұрық және нәресте үшін мүмкін болатын қауіптен басым болған жағдайда ғана қолдануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың автомобильді басқару және қозғалыстағы механикалық жабдықтармен қызмет көрсету қабілетіне әсері анықталмаған.

Артық дозалануы

Тиісті дозаларда қолданған кезде препараттың артық дозалану жағдайы орын алған жоқ.

Препараттың белсенді заттарының жүйелік сіңірілу төмендігін ескеретін болсақ, артық дозаланудың болу ықтималдығы аз.

Ықтимал артық дозалану асқазан-ішек жолының үстіңгі бөлімдерінің анестезиясына әкелуі мүмкін.

Емі: симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

4 таблеткадан алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамада. 2, 3 немесе 4 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

8 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада. 2 немесе 3 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде 30 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

4 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Юник Фармасьютикал Лабораториз» («Дж.Б. Кемикалс энд Фармасьютикалс Лтд.» фирмасының бөлімшесі), Үндістан

Нилам Сентер, «Б» қанаты, 4 қабат, Хинд Сайкл Роуд, Ворли, Мумбай – 400 030, Үндістан

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«Джонсон  Джонсон» ЖШҚ, Ресей

121614, Ресей, Мәскеу қ-сы, Крылатская к-сі, 17, 2 құрылыс

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Джонсон  Джонсон» ЖШҚ Қазақстан Республикасындағы филиалы

050040 Қазақстан Республикасы Алматы қ-сы, Тимирязев к-сі 42,

23-А павильон тел./факс: +7 (727) 2458810, 2458815

электронды поштасы: safetyru@its.jnj.com

Прикрепленные файлы

096822521477976501_ru.doc 54 кб
323389441477977660_kz.doc 48 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники