Рингер

МНН: Калия хлорид, Кальция хлорид, Натрия хлорид
Производитель: Биохимик ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Электролиты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020450
Информация о регистрации в РК: 18.11.2019 - 18.11.2024

Инструкция

Саудалық атауы

Рингер

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Инфузияға арналған ерітінді

Құрамы

1 л препараттың құрамында:

белсенді заттар: натрий хлориді – 8.60 г

калий хлориді – 0.30 г

кальций хлориді сусызға шаққанда – 0.25 г

қосымша зат: инъекцияға арналған су – 1 л-ге дейін

Иондық құрамы ( 1 л): натрий- ионы - 147,2 ммоль; калий –ионы - 4,0 ммоль;

кальций-ионы - 2,2 ммоль; хлорид- ионы - 153,4 ммоль

Теориялық осмолярлығы – 307 мОсм/л

Сипаттамасы

Түссіз мөлдір сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Су-электролиттік теңгерімге әсер ететін ерітінділер. Электролиттер.

АТХ коды В05ВВ01

Фармакологиялық қасиеттері

Рингер ерітіндісі – құрамында теңгерілген электролиттер бар тұзды ерітінді. Регидратациялайтын дәрі, уытсыздандыратын әсер береді, қанның су және электролиттік құрамын тұрақтандырады. Айналымдағы қан көлемін толықтыратын дәрі ретінде пайдаланған кезде, қан ағымынан экстравазальді кеңістікке жылдам шығуынан, әсері бар-жоғы 30-40 мин бойы сақталады (осыған байланысты ерітінді айналымдағы қан көлемін қысқа мерзімдік толықтыруға ғана жарамды).

Қолданылуы

- шокта

- термиялық жарақатта

- жедел қан жоғалтуда

- дегидратацияда

- ішек жыланкөзі

- жедел ішек жұқпаларында

- емдік плазмаферезде

- жедел жайылған перитонитте және ішек бітелісі кезінде су және тұз теңгерімін түзетуде

Қолдану тәсілі және дозалары

Көктамыр ішіне минутына 60-80 тамшы жылдамдықпен тамшылатып, немесе сорғалатып. Ересектер үшін тәуліктік дозасы 5-20 мл/кг, қажет болғанда 30-50 мл/кг дейін ұлғайтуға болады.

Балалар үшін тәуліктік дозасы 5-10 мл/кг, енгізу жылдамдығы минутына 30-60 тамшы, шок дегидратациясы кезінде бастапқыда 20-30 мл/кг енгізеді. Емдеу курсы - 3-5 күн.

Емдік плазмаферезде жойылған плазма көлемінен 2 есе (1,2 – 2,4 л) асып түсетін көлемде, айқын гиповолемия жағдайында – коллоидты ерітінділермен үйлесімде енгізеді. Енгізілетін ерітіндінің ең жоғары көлемі – 3 л/тәул.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар

- тромбофлебит

- гиперволемия

- гипергидратация

- гиперхлоремия

- электролиттер алмасуының бұзылуы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- гиперволемия

- гипернатриемия (оның ішінде кортикостероидтарды қолдану салдарынан), гиперкалиемия, гипермагниемия, гиперхлоремия

- гипертониялық дегидратация

- алкалоз, лактацидоз

- ауыр артериялық гипертензия

- жүрек және/немесе бүйрек функциясының ауыр бұзылуы

- бауыр жеткіліксіздігі (лактаттан гидрокарбонат түзілуінің төмендеуінен)

- ми ісінуі

- өкпе ісінуі

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Мынадай дәрілік заттарды бір мезгілде қабылдау организмде натрий іркілуін ұлғайтуы мүмкін: қабынуға қарсы стероидты емес препараттар, андрогендер, анаболикалық гормондар, эстрогендер, кортикотропин, минералокортикоидтар, вазодилататорлар немесе ганглиоблокаторлар.

Калий сақтаушы диуретиктермен, ангиотензин-өзгертуші фермент тежегіштерімен және калий препараттарымен бірге қабылдағанда гиперкалиемияның даму қаупі күшейеді.

Жүрек гликозидтерімен біріктірілімде олардың уыттылық әсерінің ықтималдығы артады.

Айрықша нұсқаулар

Сақтықпен: декомпенсацияланған созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі (олиго-, анурия). Na+, K+, Ca2+айқын тапшылығы, гипопротеинемия кезінде қолданбаған жөн. Үлкен көлемде жылдам енгізген жағдайда қышқылдық-негіздік жай-күйі және электролиттер деңгейін бақылау керек. Қан рH өзгеруі калий иондарының қайта бөлінуіне әкеледі (рН төмендеуі қан сарысуында калий иондарының артуына әкеледі).

Препаратты мұздатып қатыру тұмшалануының сақталуы жағдайында препаратты қолдануға қарсы көрсетілім болып табылмайды. Бөтелке және пакет ішіндегісі бұлыңғырланғанда пайдалануға болмайды.

Басқа препараттармен біріктірілімде үйлесімділігін көзбен шолып бақылау қажет.

Жүктілік және лактация

Жүктілік кезінде анасы үшін күтілетін пайдасы ұрыққа төнетін ықтимал қаупінен асып түсетін жағдайда қолданады. Препаратты қолдану кезеңінде тиісті клиникалық деректердің болмауына байланысты бала емізуден бас тарта тұрған жөн.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Деректер жоқ.

Артық дозалануы

Симптомдары: Артық дозаланған жағдайда су және электролиттер теңгерімінің (гиперволемия, гипернатриемия, гиперкалиемия, гиперкальциемия, гиперхлоремия) және қышқылдық-сілтілік тепе-теңдіктің бұзылуы мүмкін. Көптеген жағдайда ерітінді енгізуді тоқтату жеткілікті.

Шығарылу түрі және қаптамасы

200 немесе 400 мл қанға, инфузиялық және трансфузиялық препараттарға арналған сәйкесінше сыйымдылығы 250 және 450 мл шыны бөтелкелерде.

Сыйымдылығы 250 мл 24, 28 бөтелке немесе сәйкесінше сыйымдылығы 450 мл 12, 15 бөтелке медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтар бөтелке санына (стационар үшін) сәйкес картон жәшікке салынады.

Сақтау шарттары

25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Бөтелкелердің ішкі бетінің ылғалданбайтыны препараттың қолданылуына қарсы көрсетілім болып табылмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

"Биохимик" ААҚ, Ресей Федерациясы, 430030, Саранск қ., Васенко к-сі, 15 А

Тел./факс (8342) 47-36-48, 47-36-78.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Биохимик» ААҚ, Ресей Федерациясы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«ЦентрАзияФарм» ЖШС, 050030, Қазақстан Республикасы

Алматы қ., Қызыл гвардияшылыр жолы 258 В

тел. 727-232-90-50, 727-385-04-00,

office@caph.kz

 

Прикрепленные файлы

851179861477976720_ru.doc 55 кб
678591231477977873_kz.doc 81 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники