Риназолин® (0.05 %) спрей
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Риназолин®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Оксиметазолин
Дәрілік түрі
0,05 % мұрын спрейі
Құрамы
1 мл препараттың құрамында
белсенді зат - 100% затқа шаққанда оксиметазолин гидрохлориді 0,5 мг қосымша заттар: бензалконий хлориді, полиэтиленгликоль (1500), натрий дигидрофосфат дигидраты, динатрий фосфат додекагидраты, пропиленгликоль, повидон, инъекцияға арналған су.
Сипаттамасы
Мөлдір түссіз немесе сәл сарғыштау сұйықтық
Фармакотерапиялық тобы
Мұрын препараттары. Антиконгестанттар және жергілікті қолдануға арналған басқа да мұрын препараттары. Симпатомиметиктер. Оксиметазолин.
АТХ коды R01AA05.
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Мұрынға жергілікті қолданған кезде емдік концентрацияларда мұрынның шырышты қабығын тітіркендірмейді, гиперемия туындатпайды. Препараттың әсері жылдам (қолданғаннан кейін бірнеше минуттан соң) басталады. Препаратты қолданғаннан кейін жартылай шығарылу кезеңі 35 сағатқа жуықты құрайды. Препараттың 2,1 %-ы бүйрек арқылы және 1,1 % жуығы нәжіспен шығарылады. Әсер ету ұзақтығы – 12 сағатқа дейін.
Мұрын ішіне жергілікті қолданғанда жүйелік әсер етпейді.
Фармакодинамикасы
Риназолин® жергілікті тамыр тарылтатын дәрілердің тобына (деконгенсантов) жатады. Альфа-адреномиметикалық әсері бар.
Жаққан жердегі қантамырларды тарылтады, мұрын шырышты қабығының және жоғарғы тыныс алу жолдарының ісінуін азайтады, мұрыннан шығатын бөліністерді азайды. Мұрынмен тыныс алуды қалпына келтіреді. Қосалқы қойнаулар, ортаңғы құлақ қуысы аэрациясының қалпына келуіне ықпал етеді, бұл бактериялық асқынулар (гайморит, синусит, ортаңғы отит) дамуының алдын алады.
Қолданылуы
Симптоматикалық емдеуде:
– мұрын бітелуімен қатар жүретін жедел респираторлық аурулар
– аллергиялық ринит
– вазомоторлық ринит
– мұрын қуысы қосалқы қойнауларының аурулары кезінде дренажды және мұрынмен тыныс алуды қалпына келтіру, евстахиит, ортаңғы отит
– мұрын жолдарына диагностикалық манипуляциялар жүргізу алдында ісінуді жою.
Қолдану тәсілі және дозалары
Тікелей қолданар алдында дене температурасына жеткенше жылыту үшін препарат бар құтыны алақанда ұстай тұру керек. Препаратты енгізер алдында мұрынды мұқият тазарту қажет. Препаратты қолдану кезінде құтыны тік, бүріккішті жоғары қаратып ұстау керек. Қолданар алдында құтының қорғаныш қалпақшасын шешіп алып, қондырма ұштығын мұрын жолына кіргізеді, қысқа шалт қимылмен құтыны басады, ұштығын мұрыннан шығарып алып, оны босатады. Бүрку кезінде мұрынмен жеңіл дем алу ұсынылады.
Ересектер мен 6 жастан асқан балаларға – әр мұрын жолына 1 бүркуден тәулігіне 2 рет.
Егер симптомдар 3 күн ішінде азаймаса, дәрігерге қаралған жөн. Препаратты 5-7 күннен артық қолданбаған дұрыс. Препаратты тек бірнеше күннен соң ғана қайталап қолдануға болады. Ұсынылғаннан жоғары дозаларды тек дәрігердің бақылауымен ғана қолдану керек.
Жағымсыз әсерлері
Сирек:
-
аллергиялық реакциялар туындауы мүмкін, оның ішінде бөрту, қышыну, ангионевротикалық ісіну
-
жүрек айнуы
-
ашушаңдық, ұйқысыздық
-
тахикардия
-
артериялық қысымның жоғарылауы
-
бас айналуы, бас ауыруы
Өте сирек:
-
мұрын шырышты қабығының реактивтік гиперемиясы, мұрын шырышының атрофиясы
Жиілігі белгісіз:
-
мұрын шырышты қабығы тітіркенуінің елеусіз симптомдары – құрғауды және күйдіруді сезіну
-
ауыздың және жұтқыншақтың құрғауы
-
мұрындағы жайсыздық, түшкіру, мұрыннан қан кету
-
жаңа туған нәрестелер мен жасы кіші балалардағы апноэ (әсіресе артық дозалану жағдайларында)
-
ұйқышылдық, шаршау, құрысулар, елестеулер (әсіресе балаларда), үрей сезімі
-
мұрынға жергілікті қолдану пальпитация, аритмия сияқты жүйелік әсерлерін туындатуы мүмкін
-
көрудің бұзылуы
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
-
атрофиялық ринит
-
моноаминоксидаза тежегіштерін қолданған кезде және МАО тежегіштерімен емдеуі тоқтатқаннан кейін 2 апта бойы, сондай-ақ артериялық қысымның жоғарылауына ықпал ететін басқа да препараттармен
-
көзішілік қысым жоғарылағанда, әсіресе жабық бұрышты глаукомада
-
жүрек-қантамырлары ауруларының ауыр түрлерінде (мысалы, ишемиялық жүрек ауруы, артериялық гипертензия)
– феохромоцитома
– метаболизмдік бұзылулар (гипертиреоз, қант диабеті, порфирия)
– простата гипертрофиясы
-
6 жасқа дейінгі балалар
– жүктілік және лактация кезеңі
-
мұрын терісі мен шырышты қабығының қабынуы (қабыршықтануы)
-
сыртартқыдағы ми қабығына операциялық араласулар (транссфеноидальді гипофизэктомия)
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Тыныштандыратын дәрілердің әсерін әлсіретеді. Артериялық қысымның жоғарылау қаупіне байланысты МАО тежегіштерін, үшциклді антидепрессанттарды және артериялық қысымның жоғарылауына ықпал ететін басқа да препараттарды қолдануға болмайды. Басқа да тамыр тарылтатын дәрілік заттармен бірге тағайындау жағымсыз әсерлерінің даму қаупін арттырады. Оксиметазолин Паркинсон (бромокриптин) ауруы кезінде қолданылатын препараттардың кардиоуытты әсерін күшейтеді. Жергілікті жансыздандыратын дәрілердің сіңуін баяулатып, олардың әсерін ұзартады.
Айрықша нұсқаулар
Препаратты ұзақ қолдану мен артық дозалануын болдырмаған жөн. Мұрынға арналған ісінуге қарсы дәрілерді ұзақ қолдану препарат әсерінің әлсіреуіне әкелуі мүмкін. Бұл дәріні асыра қолдану шырышты қабықтың атрофиясын және дәрі-дәрмек риниті бар реактивті гиперемияны туғызуы мүмкін.
Препаратты тахикардиясы, шығару функциясының бұзылуымен бүйрек ауруы бар науқастарда сақтықпен қолдану керек.
Препаратты қолданғаннан кейін және диагностикалық манипуляциялар алдында ісінуді жойған жағдайларда созылмалы риниті бар емделушілерді айрықша бақылау қажет. Ұсынылғаннан жоғары дозаларды тек дәрігердің бақылауымен қолдану керек.
Педиатрияда қолданылуы. 6 жасқа дейінгі балаларға препаратты қолдануға болмайды.
Жүктілік немесе лактация кезеңінде қолдану. Жүктілік және бала емізу кезеңінде препаратты қолдануға болмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.
Препаратты ұсынылғаннан асатын дозада ұзақ қолданудан кейін жүрек-қантамыр жүйесіне жалпы әсер етуін жоққа шығаруға болмайды. Мұндай жағдайларда көлік құралын басқару қабілеті төмендеуі мүмкін.
Артық дозалануы
Симптомдары: едәуір артық дозалануынан немесе кездейсоқ ішке қабылдаудан кейін мынадай симптомдар пайда болуы мүмкін: мидриаз, жүрек айну, құсу, цианоз, дене температурасының көтерілуі, түйілулер, тахикардия, пальпитация, аритмия, жүрек-қантамыр жеткіліксіздігі, жүректің тоқтап қалуы, қатты тершеңдік, ажитация, конвульсия, артериялық гипертензия, өкпе ісінуі, тыныс алу бұзылулары, бозару, миоз, гипосмия, психикалық бұзылыстар.
Сонымен қатар, ұйқышылдық, дене температурасының төмендеуі, брадикардия, артериялық гипотензия, апноэ және кома даму ықтималдығымен қатар жүретін орталық жүйке жүйесі функциясының бәсеңдеуі туындауы мүмкін.
Емі: асқазанды шаю, белсендірілген көмір қабылдау, өкпені желдету. Артериялық қысым төмендегенде фентоламин қолдану керек. Вазопрессорлық дәрілерді қабылдауға болмайды. Қажет болғанда құрысуға қарсы ем жүргізу көрсетіледі.
Шығарылу түрі мен қаптамасы
0,05 % мұрын спрейі.
15 мл-ден дозаторы бар қондырғымен және қорғаныш қалпақшасымен жабдықталған полиэтилен құтыда.
Құтыға өздігінен желімделетін заттаңба жапсырылады.
1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Құтыны ашқаннан кейінгі сақтау мерзімі-28 тәулік.
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз.
Өндіруші
«Фармак» ЖАҚ, Украина, 04080, Киев қ., Фрунзе к-сі, 63.
Тіркеу куәлігінің иесі
«Фармак» ЖАҚ, Украина
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
Қазақстан Республикасы, 050012, Алматы қ., Аманагелді к-сі 59 "А" "Шартас" бизнес орталығы, 9 қабат.
Тел +7 (727) 267-64-63, факс +7 (727) 267-63-73, электронды поштасы: a.liadobruk@gmail.com