Риназолин (0.025 %)

МНН: Оксиметазолин
Производитель: Фармак ПАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Oxymetazoline
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014663
Период регистрации: 19.02.2015 - 19.02.2020
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 337.86 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Риназолин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Оксиметазолин

Дәрілік түрі

0,01 %, 0,025 %, 0,05 % мұрын тамшысы

Құрамы

1 мл препараттың құрамында

белсенді зат - 100% затқа шаққанда оксиметазолин гидрохлориді 0,10 мг; 0,25 мг немесе 0,50 мг,

қосымша заттар: бензалконий хлориді, натрий хлориді, натрий дигидрофосфат дигидраты, динатрий фосфат додекагидраты, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Мұрын препараттары. Антиконгестанттар және жергілікті қолдануға арналған басқа да мұрын препараттары. Симпатомиметиктер. Оксиметазолин

АТХ коды R01AA05

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Мұрынға жергілікті қолданған кезде емдік концентрацияларда мұрынның шырышты қабығын тітіркендірмейді, гиперемия туындатпайды. Әсер ету ұзақтығы – 12 сағатқа дейін. Мұрын ішіне енгізген кезде жартылай шығарылу кезеңі 35 сағат. 2,1 % несеппен және 1,1 % жуығы нәжіспен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Риназолин жергілікті тамыр тарылтатын дәрілердің тобына (деконгенсантов) жатады. Альфа-адреномиметикалық әсері бар.

Жаққан жердегі қантамырларды тарылтады, мұрын шырышты қабығының және жоғарғы тыныс алу жолдарының ісінуін азайтады, мұрыннан шығатын бөліністерді азайды. Мұрынмен тыныс алуды қалпына келтіреді. Қосалқы қойнаулар, ортаңғы құлақ қуысы аэрациясының қалпына келуіне ықпал етеді, бұл бактериялық асқынулар (гайморит, синусит, ортаңғы отит) дамуының алдын алады.

Қолданылуы

Симптоматикалық емдеуде:

– мұрын бітелуімен қатар жүретін жедел респираторлық аурулар

– аллергиялық ринит

– вазомоторлық ринит

– мұрын қуысы қосалқы қойнауларының аурулары кезінде дренажды және мұрынмен тыныс алуды қалпына келтіру

– евстахиит

– мұрын жолдарына диагностикалық манипуляциялар жүргізу алдында ісінуді жою

Қолдану тәсілі және дозалары

Тікелей қолданар алдында дене температурасына жеткенше жылыту үшін препарат бар құтыны алақанда ұстай тұру керек. Препаратты енгізер алдында мұрынды мұқият тазарту қажет. Қолдануды бастағанға дейін қалпақшаны тығыз бұрап жаппау керек! Препаратты алғаш қолданар алдында құтының қалпақшасын саңылау қалыптасуы үшін бұрау керек. Тамызғаннан кейін қалпақшасын нығыздап бұрап жабу керек. Қалпақшаны бұрап шығарады да, ашып алады, құтының корпусын сәл баса отырып, мұрынға 1-2 тамшы ерітіндіні тамызады.

Жасы 4 аптаға дейінші жаңа туған нәрестелерге 0,01% ерітіндіні

1 тамшыдан әрбір мұрын жолына тәулігіне 2 рет тағайындайды.

Өмірінің 5-ші аптасынан бастап 1 жасқа дейін – 1-2 тамшыдан 0,01% ерітінді әрбір мұрын жолына тәулігіне 2 рет.

Мұндай ем-шараның тиімділігі дәлелденген: жасына қарай 1-2 тамшы 0,01% ерітіндісін мақтаға жағады және мұрын жолдарын сүртеді.

1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар - 1-2 тамшыдан 0,025 % ерітінді әрбір мұрын жолына тәулігіне 2 рет.

Ересектер мен 6 жастан асқан балалар - 1-2 тамшыдан 0,05 % ерітінді әрбір мұрын жолына тәулігіне 2 рет.

Егер симптомдар 3 күн ішінде азаймаса, дәрігерге қаралған жөн.

Препаратты 5-7 күннен артық қолданбаған жөн. Препаратты тек бірнеше күннен соң ғана қайталап қолдануға болады.

Жағымсыз әсерлері

Сирек:

  • аллергиялық реакциялар туындауы мүмкін, оның ішінде бөрту, қышыну, ангионевротикалық ісіну

  • жүрек айнуы

  • ашушаңдық, ұйқысыздық

  • тахикардия

  • артериялық қысымның жоғарылауы

  • бас айналуы, бас ауыруы

Өте сирек:

  • мұрын шырышты қабығының реактивтік гиперемиясы

Жиілігі белгісіз:

  • мұрын шырышты қабығы тітіркенуінің елеусіз симптомдары – құрғауды және күйдіруді сезіну

  • ауыздың және жұтқыншақтың құрғауы

  • мұрындағы жайсыздық, түшкіру, мұрыннан қан кету

  • жаңа туған нәрестелер мен жасы кіші балалардағы апноэ (әсіресе артық дозалану жағдайларында)

  • ұйқышылдық, шаршау, құрысулар, елестеулер (әсіресе балаларда), үрей сезімі

  • мұрынға жергілікті қолдану пальпитация, аритмия сияқты жүйелік әсерлерін туындатуы мүмкін

  • көрудің бұзылуы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • атрофиялық ринит

– моноаминоксидаза тежегіштерін қолданған кезде және МАО тежегіштерімен емдеуі тоқтатқаннан кейін 2 апта бойы, сондай-ақ артериялық қысымның жоғарылауына ықпал ететін басқа да препараттармен

– көзішілік қысым жоғарылағанда, әсіресе жабық бұрышты глаукомада

– жүрек-қантамырлары ауруларының ауыр түрлерінде (мысалы, ишемиялық жүрек ауруы, артериялық гипертензия)

– феохромоцитома

– метаболизмдік бұзылулар (гипертиреоз, қант диабеті, порфирия)

– простата гипертрофиясы

– 1 жасқа дейінгі балалар (Риназолин 0,025%)

– 6 жасқа дейінгі балалар (Риназолин 0,05%)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Артериялық қысымның жоғарылау қаупіне байланысты МАО тежегіштерін, үшциклді антидепрессанттарды және артериялық қысымның жоғарылауына ықпал ететін басқа да препараттарды қолдануға болмайды. Басқа да тамыр тарылтатын дәрілік заттармен бірге тағайындау жағымсыз әсерлерінің даму қаупін арттырады. Жергілікті жансыздандыратын заттардың сіңуін баяулатып, олардың әсерін ұзартады. Оксиметазолин Паркинсон (бромокриптин) ауруы кезінде қолданылатын препараттардың кардиоуытты әсерін күшейтеді. Тыныштандыратын дәрілердің әсерін әлсіретеді.

Айрықша нұсқаулар

Тахикардиясы, бүйрек функциясының айқын бұзылулары бар науқастарда сақтықпен қолдану керек.

Препаратты ұзақ қолдану мен артық дозалануын болдырмаған жөн. Мұрынға арналған ісінуге қарсы дәрілерді ұзақ қолдану препарат әсерінің әлсіреуіне әкелуі мүмкін. Бұл дәріні асыра қолдану шырышты қабықтың атрофиясын және дәрі-дәрмек риниті бар реактивті гиперемияны туғызуы мүмкін.

Препаратты қолданғаннан кейін және диагностикалық манипуляциялар алдында ісінуді жойған жағдайларда созылмалы риниті бар емделушілерді айрықша бақылау қажет. Ұсынылғаннан жоғары дозаларды тек дәрігердің бақылауымен қолдану керек.

Педиатрияда қолданылуы. Риназолин 0,01 % 1 жасқа дейінгі балаларға қолдану керек.

Риназолин 0,025 % 1 жасқа дейінгі балаларға; Риназолин 0,05 % – 6 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.

Жүктілік немесе лактация кезеңінде қолдану. Жүктілік және бала емізу кезеңінде препаратты аса сақтықпен қолданады. Ұсынылған дозадан асыруға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.

Оксиметазолинді ұсынылғаннан асатын дозада ұзақ қолданудан кейін жүрек-қантамыр жүйесіне жалпы әсер етуін жоққа шығаруға болмайды. Мұндай жағдайларда көлік құралын басқару қабілеті төмендеуі мүмкін.

Артық дозалануы

Симптомдары: едәуір артық дозалануынан немесе кездейсоқ ішке қабылдаудан кейін мынадай симптомдары туындауы мүмкін: мидриаз, жүрек айну, құсу, цианоз, дене температурасының көтерілуі, түйілулер, тахикардия, пальпитация, аритмия, жүрек-қантамыр жеткіліксіздігі, жүректің тоқтап қалуы, қатты тершеңдік, ажитация, конвульсия, артериялық гипертензия, өкпе ісінуі, тыныс алу бұзылулары, бозару, миоз, гипосмия, психикалық бұзылыстар.

Сонымен қатар, ұйқышылдық, дене температурасының төмендеуі, брадикардия, артериялық гипотензия, апноэ және кома даму ықтималдығымен байқалатын орталық жүйке жүйесі функциясының бәсеңдеуі туындауы мүмкін.

Емі: асқазанды шаю, белсендірілген көмір қабылдау, өкпені желдету. Артериялық қысым төмендегенде фентоламин қолдану керек. Вазопрессорлық дәрілерді қабылдауға болмайды. Қажет болғанда құрысуға қарсы ем жүргізу көрсетіледі.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

0,01 %, 0,025 %, 0,05 % мұрын тамшысы. 10 мл-ден бұрандалы қалпақшасы бар полиэтилен құтыда (0,01 % доза үшін)

10 мл-ден тамшылатқыш-тығынмен және қалпақшамен (алғашқы ашылуы бақыланатын) тығындалған полиэтилен құтыда немесе дозаторлармен және пломбасы бар қақпақтармен (алғашқы ашылуы бақыланатын) тығындалған полиэтилен құтыда (0,025 % және 0,05 % доза үшін).

Құтыға өздігінен желімделетін заттаңба жапсырылады.

Әр құты медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Құтыны ашқаннан кейінгі сақтау мерзімі-28 тәулік.

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз.

Өндіруші

«Фармак» ЖАҚ, Украина, 04080, Киев қ., Фрунзе к-сі, 63.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Фармак» ЖАҚ, Украина

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасы, 050012, Алматы қ., Аманагелді к-сі 59 "А" "Шартас" бизнес орталығы, 9 қабат.

Тел +7 (727) 267-64-63, факс +7 (727) 267-63-73, электронды поштасы: a.liadobruk@gmail.com

Прикрепленные файлы

378856961477976585_ru.doc 74.5 кб
201117411477977741_kz.doc 76 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники