Рилейс-сановель плюс

МНН: Гидрохлоротиазид, Лизиноприл
Производитель: Сановель Фармако-индустриальная торговая компания
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Лизиноприл в комбинации с диуретиками
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№004867
Информация о регистрации в РК: 19.05.2022 - 19.05.2032

Инструкция

Саудалық атауы

Рилейс-сановель плюс

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: 21,8 мг лизиноприл дигидраты (20 мг лизиноприлге баламалы) 12,5 мг гидрохлоротиазид,

қосымша заттар: маннитол, кальций дигидрофосфаты, жүгері крахмалы, прежелатинделген крахмал, магний стеараты.

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, беті тегіс, бір жағында сызығы бар ақ түсті таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Диуретиктермен біріктірілген АКФ тежегіштері.

АТЖ коды С09ВА03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Лизиноприл – ішке қабылдағаннан кейін асқазан-ішек жолынан сіңіріледі.

С mах (плазмадағы ең жоғарғы концентрациясына) лизиноприлді ішу арқылы қабылдағаннан кейін 7 сағаттан соң жетеді.

Лизиноприл қан плазмасы ақуыздарымен байланыспайды.

Лизиноприл метаболизмге ұшырамайды және өзгеріссіз күйде несеппен шығарылады. Асқазан-ішек жолынан сіңуі тағам құрамына байланыссыз. Бірнеше рет қабылдағаннан кейін тиімді жартылай шығарылу кезеңі 12 сағатты құрайды.

Бір рет ішке қабылдағаннан кейін гипертензияға қарсы әсері 1 сағат ішінде білінеді және 6 сағат ішінде ең жоғарғысына жетеді. Ұсынылған бір реттік бір дозасын қабылдау антигипертензияға қарсы ұзақ әсерінің 24 сағат бойы сақталуына ықпал етеді.

Гидрохлоротиазид – ішке қабылдағанда диурез 2 сағат өткен соң басталады, 4 сағат ішінде ең жоғарғысына дейін жетеді және 6-12 сағатқа созылады. Гидрохлоротиазид метаболизмге ұшырамайды. Бүйрек арқылы шығарылады. Жартылай шығарылу кезеңі 5.6-14.8 сағат аралығында ауытқып тұрады. Бір реттік пероральді дозасының 61%-ы ағзадан өзгеріссіз күйде 24 сағат ішінде шығарылады. Гидрохлоротиазид плацентарлық бөгет арқылы өтеді, бірақ гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтпейді.

Фармакодинамикасы

Рилейс – сановель плюстің құрамында лизиноприл – ұзақ әсер ететін AӨФ тежегіші бар (ангиотензин өзгертуші фермент) және диуретик – гидрохлоротиазид бар.

Гидрохлоротиазид тиазидтік диуретик. Натрий, хлор иондары мен нефронның дистальді өзекшелеріндегі судың кері сіңірілуін бұзады. Калий, магний, бикарбонат иондарының шығарылуын ұлғайтады; ағзада кальций иондарын кідіртеді. Артериялық қан қысымның төмендеуіне ықпал етеді. Диуретикалық әсер ете отырып, плазмадағы рениннің белсенділігі мен альдостерон сөлінісін ұлғайтады. Лизиноприл, ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесін бөгей отырып, жоғалған калийді қалпына келтіреді.

Лизиноприл мен гидрохлоротиазидті бірге қолдану артериялық қан қысымының 24 сағаттан аса төмендеуіне ықпал етеді.

Лизиноприл ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесіне қатысты тиімді. Плазмадағы ангиотензин II деңгейінің төмендеуіне байланысты, симпатикалық көтермелену, сондай-ақ вазопрессин мен альдостерон сөлінісі азаяды. Ангиотензин II «теріс қайтымды байланыс» әсерін жоюға байланысты, плазмадағы рениннің белсенділігі жоғарылайды. Нәтижесінде вазоконстрикция қиылысады. Лизиноприл ренин деңгейі төмен гипертензиядан зардап шегетін науқастарда қолданылғанда да тиімді.

Рилейс-сановель плюс шеткергі қантамырлық қарсыласуды азайтады және осылайша тахикардияны тудырмай-ақ, артериялық қан қысымын төмендетеді. Коронарлық жеткіліксіздікте гемодинамикалық өзгерістер нәтижесінде жүрекке постжүктемені азайтады және дене жүктемесіне толеранттылықты арттырады.

Бір рет ішке қабылдағаннан кейін гипертензияға қарсы әсері 1 сағат ішінде білінеді және 6 сағат ішінде ең жоғарғысына дейін жетеді. Ұсынылған бір реттік бір дозасын қабылдау гипертензияға қарсы ұзақ әсерінің 24 сағат бойы сақталуына ықпал етеді. Кей науқастарда ең жоғарғы әсеріне жету үшін Рилейс-сановель плюсті 2-4 апта қолдану қажет. Рилейс-сановель плюсті қабылдауды күрт тоқтату артериялық қан қысымының күрт жоғарылауына алып келуі мүмкін. Рилейс-сановель плюс вазо-ренальді гипертониясы бар науқастарға жақсы көтерімді.

Қолданылуы

- біріктірілген емді қажет ететін артериялық гипертензия

Қолдану тәсілі мен дозалары

Рилейс-сановель плюстің бастапқы дозасы артериялық қан қысымын міндетті түрде күнделікті бақылаумен күніне 1 таблетка. Гипертензияға қарсы әсері жоқ болса немесе жеткіліксіз болса, тәуліктік дозасын емдеуші дәрігер Рилейс-сановель плюсті 2 таблеткаға дейін ұлғайтуы мүмкін. Ең жоғарғы тәуліктік дозасы Рилейс-сановель плюстің 2 таблеткасы. Рилейс-сановель плюсті тәулігіне бір рет, күн сайын шамамен дәл бір уақытта қабылдаған жөн.

Бүйрек жеткіліксіздігіндегі дозалары

Креатинин клиренсі (КК) 30-дан артық және минутына 80 мл төмен науқастарда препаратты тек препараттың жекелеген компоненттерінің дозаларын титрлегеннен кейін қолдануға болады. КК - минутына 30 мл және төмен болса, тиазидтік диуретиктер бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарды емдеу үшін қолданылмауы тиіс.

Дозалау тәртібін, емдеудің ұзақтығын артериялық қан қысымын тұрақты бақылай отырып, емдеуші дәрігер жекелей анықтайды.

Жағымсыз әсерлері

- ортостатикалық бұзылулар, артериялық гипотензия, кеуденің ауыруы, тахикардия, брадикардия, жүрек жеткіліксіздігі симптомдарының пайда болуы, AV-өткізгіштіктің бұзылуы, миокарда инфарктісі

- бас ауыруы, бас айналуы, шаршау сезімі, құрысулар, ұйқысыздық, көңіл-күйдің құбылмалылығы, зейін шоғырландырудың бұзылуы, парестезиялар, бұлшқет әлсіздігі, астениялық синдром, сананың шатасуы

- бүйректің жедел жеткіліксіздігі, протеинурия, уремия, олигурия/анурия, бүйрек қызметінің бұзылуы, интерстициальді нефрит, нефроз тәрізді синдром, потенцияның төмендеуі

- ауыздың құрғауы, анорексия, дәм сезудің өзгеруі, жүрек айнуы, құсу, диарея, іштің ауыруы, диспепсия, панкреатит, гепатит (гепатоцеллюлярлық және холестатикалық), сарғаю, сиаладенит

- ангионевротикалық ісіну, тері бөртпесі, қышу, қызба, васкулит, антинуклеарлық антиденелерге оң нәтижелер, ЭШЖ артуы, эозинофилия, пемфигус, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз, көптүрлі эритема

- артралгиялар, миалгия, подаграның өршуі

- ринит, синусит, құрғақ жөтел, ентігу, диспноэ, апноэ, бронх түйілуі

- есекжем, тершеңдік, шаштың түсуі, фотосенсибилизация

- мочевина деңгейінің, қан сарысуындағы креатининнің жоғарылауы, гиперкалиемия және/немесе гипокалиемия, гипонатриемия, гипомагниемия, гипохлоремия, гиперурикемия, гипергликемия, бауыр трансаминазалары белсенділігінің артуы, гипербилирубинемия, гиперхолестеринемия, гипертриглицеридемия, глюкозаға толеранттылықтың төмендеуі

- анемия, тромбоцитопения, лейкопения, агранулоцитоз, нейтропения

- ұрық бүйрегінің дамуының бұзылуы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- лизиноприлге, гидрохлоротиазидке немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық

- сыртартқыдағы ангионевротикалық ісіну

- бүйрек қызметінің айқын бұзылулары (креатинин клиренсі <30 мл/мин), анурия

- бүйрек артерияларының екіжақты стенозы

- жоғары ағынды жарғақшаларды пайдаланумен гемодиализ

- бүйректі ауыстырып салғаннан кейінгі жағдай

- бауыр қызметінің айқын бұзылулары

- бастапқы гиперальдостеронизм

- порфирия

- қант диабеті (ауыр түрлері)

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге (тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Рилейс-сановель плюсті бета-бөгегіштермен және диуретиктермен бірге қолдану препараттың гипертензияға қарсы әсерін күшейтеді.

Рилейс-сановель тиазидтік қатардың диуретиктерін қабылдау аясында гипокалемия мен гиперурикемияның даму мүмкіндігін төмендетеді.

Калий сақтаушы диуретиктермен (спиронолактон, триамтерен, амилорид), калий препараттарымен, құрамында калий бар тұз алмастырғыштармен бір мезгілде қолданғанда – әсіресе, бүйрек қызметі бұзылған науқастарда гиперкалиемияның даму қаупі артады.

Индометацин, эстрогендер лизиноприлдің гипертензияға қарсы әсерін төмендетеді.

Алкогольмен, барбитураттармен, есірткілік әсері бар препараттармен бір мезгілде қолданғанда, ортостатикалық артериялық гипотонияны тудырады.

Диабетке қарсы дәрілермен бір мезгілде қабылдағанда, соңғысының дозасын түзету қажет.

Литийдің уыттылығына байланысты, литий препараттарын диуретиктермен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Антацидтермен және колестираминмен бір мезгілде қолданғанда АІЖ-нан сіңуі төмендейді.

Рилейс-сановель плюс салицилаттардың нейроуыттылығын күшейтеді, жүрек гликозидтерінің (жағымсыз әсерін қоса), шеткергі миорелаксанттардың әсерін күшейтеді, норэпинефриннің, эпинефрин мен подаграға қарсы дәрілердің әсерін әлсіретеді, хинидиннің шығарылуын азайтады.

Бір мезгілде қолданылғанда пероральді контрацептивтердің әсері төмендейді.

Рилейс-сановель плюстің гипертензияға қарсы әсері ортостатикалық гипотензияны тудыратын басқа дәрілермен бір мезгілде қолданғанда күшейеді.

Тиазидтер тубокураринге сезімталдықты арттыруы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

AӨФ тежегіштерімен емдеуден өткен науқастарда бетте, аяқ-қолдарда, көзде, ерінде, теріде, тілде, көмейде ангионевротикалық ісінуді пайда болуы өте сирек байқалады. Осыған ұқсас жағдайларда препаратты қабылдауды кідіртпей тоқтату және науқасты ісіну толық қайтқанша қадағалау керек. Егер ісіну тек бетте, ерінде және аяқ-қолдарда туындаса, антигистаминдік дәрілік заттарды қабылдаудың қажеті жоқ. Тіл мен көмей ісінген жағдайда, науқасқа кідіртпей тері астына антигистаминдік препараттарды енгізу және науқасқа кідіртпей тері астына эпинефриннің 1:1000 ерітіндісін (0.3-0.5 мл) енгізу қажет.

Артериялық гипотензияда науқастың аяғын көтеріп, көлбеу қалыпқа жатқызып, қажет болса көктамыр ішіне натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісін енгізген дұрыс. Бұдан өзге олигурия, үдемелі азотемия, сирек жағдайларда бүйректің жедел жеткіліксіздігі дамуы мүмкін, олар әдетте, препаратты тоқтатқаннан кейін қайтады.

Емдеудің бірінші аптасында және дәрілік заттың дозасын ұлғайту қажет болғанда, науқастарға дәрігердің бақылауы қажет.

Бүйрек жеткіліксіздігі, қант диабеті, қосымша калий препараттарын қабылдау гиперкалиемия қаупінің факторлары болып табылады.

Препаратты қабылдап жүрген науқастарда, сирек жағдайларда агранулоцитоз дамуы мүмкін, сондықтан шеткергі қан көрінісін бақылап отырған жөн.

Ауқымды хирургиялық араласуларда, артериялық гипотония тудыратын препараттармен жансыздандырғанда ангиотензин II түзілуі бөгеледі. Бұл жағдайда артериялық гипотонияның даму мүмкіндігін болдырмау үшін, жоғалған сұйықтық көлемінің орнын толтыру қажет.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың жағымсыз әсерлерін ескере отырып, автокөлік немесе зейін шоғырландыруды қажет ететін механизмдерді басқарғанда, сақ болу қажет.

Артық дозаланғанда

Белгілері: артериялық гипотензия.

Емі: препаратты қабылдауды тоқтату керек, қажет болса белгілеріне қарай ем жүргізеді.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

14 таблеткадан ПВХ үлбір мен баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

2 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жылПрепаратты қаптамасында белгіленген мерзімінен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Сановель» Фармако-индустриалды сауда компаниясы, Түркия

Мимар Синан ауданы, Чанта ауылы, Силиври/Стамбул/Түркия

Тіркеу куәлігінің иесі

«Сановель» Фармако-индустриалды сауда компаниясы, Түркия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдары қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Алматы қ-сы, Қажымұқан к-сі, 26А

Телефон нөмірі 8 727 264 73 05,

Факс нөмірі 8 727 262 00 12

эл. поштасы: sanovel@mail.ru

Прикрепленные файлы

323705881477977068_ru.doc 67 кб
669856731477978232_kz.doc 85 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники