РИКОФЕН (Ибупрофен)

МНН: Ибупрофен
Производитель: Браун Лабораториес Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ibuprofen
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№025803
Информация о регистрации в РК: 18.05.2022 - 18.05.2027

Инструкция

Саудалық атауы

РИКОФЕН

Халықаралық патенттелмеген атауы

Ибупрофен

Дәрілік түрі, дозасы

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 400 мг

Фармакотерапиялық тобы

Сүйек-бұлшықет жүйесі. Қабынуға қарсы және ревматизмге қарсы препараттар. Қабынуға қарсы және ревматизмге қарсы, стероидты емес препараттар. Пропион қышқылының туындылары. Ибупрофен.

АТХ коды M01AE01

Қолданылуы

Келесі жағдайларда ауырсынуды жеңілдету:

- бас және тіс ауыруы

- бас сақинасы

- ауыртпалы етеккір

- невралгия

- арқа аурулары

- бұлшықет және ревматизмдік ауыру

- тұмау және суық тию кезіндегі қызба жай-күйі

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- ибупрофенге немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық

- анамнезінде ацетилсалицил қышқылын (салицилаттарды) немесе басқа қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды (ҚҚСП) қолданумен байланысты аса жоғары сезімталдық реакцияларының (бронх демікпесі, бронх түйілуі, ринит, риносинусит, мұрынның немесе мұрын маңы қойнауларының қайталанатын полипозы, Квинке ісінуі, есекжем) болуы

- анамнезінде белсенді қайталанатын ойық жара ауруы/қан кетуі немесе қайталанатын ойық жара ауруы/қан кетуі бар пациенттерге (расталған ойық жараның немесе қан кетудің екі немесе одан да көп жекелеген эпизодтары)

- анамнезінде ҚҚСП қолданудан туындаған АІЖ ойық жарасынан қан кету немесе тесілуі

- ауыр жүрек жеткіліксіздігі (NYHA бойынша IV класс), ауыр бауыр/бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге

- гемофилия және қан ұюының басқа да бұзылулары (оның ішінде гипокоагуляция), геморрагиялық диатездер

- жүктілік (III триместр)

- 12 жасқа дейінгі балалар

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары

Ең төмен тиімді доза симптомдарды жеңілдету үшін қажетті ең қысқа уақыт кезеңі ішінде қолданылуы тиіс. Егер сізде инфекция болса, қызба және ауырсыну сияқты симптомдар сақталса немесе күшейсе, дереу дәрігерге қаралыңыз («Арнайы ескертулер» бөліміндегі «Инфекциялар» тақырыпшасын қараңыз).

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Ибупрофенді мынадай дәрілік заттармен бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек:

Ацетилсалицил қышқылы (аспирин)

Ибупрофенді ацетилсалицил қышқылымен біріктіріп емдеу жағымсыз реакциялардың даму қаупінің артуына байланысты ұсынылмайды. Дәрігердің ұсынысы бойынша аспириннің төмен дозаларын (тәулігіне 75 мг артық емес) тағайындау ерекше жағдай болып табылады.

Ибупрофен бір мезгілде қабылданатын аспириннің төмен дозаларының тромбоциттер агрегациясына әсерін бәсеңдетуі мүмкін. Жүйесіз қолданған кезде осындай клиникалық тұрғыдан маңызды әсер екіталай деп саналады.

Басқа ҚҚСП, оның ішінде циклооксигеназа-2 (ЦОГ-2) селективті тежегіштері)

Жағымсыз реакциялардың туындау қаупінің ықтимал ұлғаюына байланысты ҚҚСП тобынан екі және одан да көп препаратты бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек.

Келесі дәрілік заттармен бір мезгілде сақтықпен қолдану керек:

Кортикостероидтар

АІЖ ойық жаралары дамуының және асқазан-ішектен қан кету қаупінің жоғарылауы.

Гипертензияға қарсы дәрілер (АӨФ тежегіштері және ангиотензин II антагонистері) және диуретиктер

ҚҚСП осы топтардың препараттарының тиімділігін төмендетуі мүмкін. Бүйрек функциясы бұзылған кейбір пациенттерде (мысалы, сусызданған пациенттер немесе бүйрек функциясы бұзылған егде пациенттер) ибупрофенді АӨФ тежегіштерімен немесе ангиотензин II антагонистерімен және циклооксигеназаны тежейтін дәрілік заттармен бірге қабылдау бүйрек функциясының одан әрі нашарлауына, оның ішінде әдетте қайтымды жедел бүйрек жеткіліксіздігіне әкелуі мүмкін. Бұл өзара әрекеттесулерді АӨФ тежегіштерімен немесе ангиотензин II антагонистерімен бір мезгілде коксиб қабылдайтын пациенттерде ескеру керек. Осылайша, препараттардың біріктірілімін сақтықпен қабылдау керек; бұл әсіресе егде жастағы пациенттерге қатысты. Пациенттер оңтайлы су теңгерімінің сақталуын қадағалап, қатарлас ем басталғаннан кейін және одан әрі мезгіл-мезгіл бүйрек функциясын тексеруі қажет. Диуретиктер ҚҚСП нефроуыттылық қаупін арттыруы мүмкін.

Антикоагулянттар

ҚҚСП антикоагулянттардың, мысалы, варфариннің әсерін күшейте алады. Антиагреганттар және серотонинді кері қармайтын селективті тежегіштер

Асқазан-ішектен қан кету туындауының жоғары қаупі

Жүрек гликозидтері

ҚҚСП және жүрек гликозидтерін бір уақытта тағайындау жүрек жеткіліксіздігінің күшеюіне, шумақтық сүзіліс жылдамдығының төмендеуіне және қан плазмасындағы жүрек гликозидтерінің концентрациясының жоғарылауына әкелуі мүмкін.

Литий препараттары

ҚҚСП қолдану аясында қан плазмасындағы литий концентрациясының ұлғаю ықтималдығы бар.

Метотрексат

ҚҚСП қолдану аясында қан плазмасындағы метотрексат концентрациясының ұлғаю ықтималдығы бар.

Циклоспорин

Нефроуыттылық қаупінің артуы.

Мифепристон

ҚҚСП қабылдау мифепристонды қабылдағаннан кейін 8-12 күннен ерте басталмаған жөн, өйткені ҚҚСП мифепристонның тиімділігін төмендетуі мүмкін.

Такролимус

ҚҚСП және такролимусты бір мезгілде тағайындау кезінде нефроуыттылық қаупінің артуы мүмкін.

Зидовудин

ҚҚСП мен зидовудинді бір мезгілде қолдану гематоуыттылықтың жоғарылауына әкелуі мүмкін. Зидовудинмен және ибупрофенмен біріктіріп ем қабылдаған гемофилиясы бар АИТВ-оң пациенттерде гемартроз және гематомалардың даму қаупі бар.

Хинолондық қатардағы антибиотиктер

ҚҚСП және хинолондық қатардағы антибиотиктермен бірге ем алатын пациенттерде құрысулар туындау қаупі артуы мүмкін.

Аминогликозидтер

Ибупрофен аминогликозидтердің шығарылуын төмендетуі мүмкін.

Пробенецид және сулфинпиразон

Құрамында пробенецид немесе сульфинпиразон бар дәрілік препараттар ибупрофеннің экскрециясын кідіртуі мүмкін.

Сульфонилмочевина туындылары

Ибупрофенді сульфонилмочевина туындыларымен бір мезгілде қолданған кезде сақтық шарасы ретінде қандағы қант деңгейін тұрақты бақылау қажет.

Арнайы ескертулер

Егде жастағы пациенттер

ҚҚСП қабылдағаннан кейін жағымсыз реакциялардың жиілігі егде жастағы адамдарда, әсіресе қан кету немесе асқазан-ішек жолының ойық жарасының тесілуі сияқты өліммен аяқталуы мүмкін реакцияларда жоғарылаған.

Тыныс алу ағзалары

ҚҚСП қабылдау аясында бронх демікпесі немесе аллергиялық аурулары бар пациенттерде асқыну сатысында немесе анамнезінде бронх түйілуі дамуы мүмкін.

Басқа ҚҚСП

Ибупрофенді қатар жүретін ҚҚСП-мен, циклооксигеназа-2 селективті тежегіштерін қоса, бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек.

Жүйелі қызыл жегі немесе дәнекер тіннің аралас ауруы

Асептикалық менингиттің қаупі жоғары.

Несеп шығару жүйесі ағзалары

Бүйрек жеткіліксіздігі, себебі бүйрек функциясының төмендеуі жалғасуы мүмкін. Дегидратациясы бар балалар мен жасөспірімдерде бүйрек функциясының бұзылу қаупі бар.

Гепатобилиарлық жүйе

Бауыр дисфункциясы.

Жүрек-қантамыр жүйесі

Анамнезінде артериялық гипертензиясы және/немесе жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге препаратты сақтықпен қабылдауды бастау керек (дәрігермен кеңесу қажет), өйткені сұйықтықтың кідіруі, артериялық гипертензия және ҚҚСП қабылдаумен байланысты ісінулер туралы хабарланған.

Ибупрофенді ұзақ уақыт қолдану, әсіресе жоғары дозаларда (тәулігіне 2400 мг) тромбоздық асқынулардың даму қаупінің шамалы жоғарылауымен байланысты болуы мүмкін (мысалы, миокард инфарктісі немесе инсульт). Ибупрофеннің ұсынылған тәуліктік дозасын (тәулігіне 1200 мг) қабылдау жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан асқынулардың даму қаупін арттырмайды.

Бақыланбайтын артериялық гипертензиясы, NYHA II-III класы жіктемесі бойынша іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, анықталған жүректің ишемиялық ауруы, шеткері артериялық аурулары және/немесе цереброваскулярлық аурулары бар пациенттерге ибупрофеннің жоғары дозаларын (тәулігіне 2400 мг) қолданудан аулақ болу керек. Ибупрофенмен ұзақ емдеу басталғанға дейін, әсіресе жоғары дозалармен (тәулігіне≥ 2400 мг), жүрек-қантамыр асқынуларының даму қаупі факторлары бар пациенттерде (мысалы, гипертензия, гиперлипидемия, қант диабеті, шылым шегу) пайда-қауіп арақатынасына мұқият бағалау жүргізу қажет.

Асқазан-ішек жолы (АІЖ)

ҚҚСП анамнезінде асқазан-ішек аурулары (спецификалық емес ойық жаралы колит, Крон ауруы) бар пациенттерге көрсетілген аурулардың ықтимал өршуіне байланысты сақтықпен тағайындау керек.

Емдеудің кез келген кезеңінде ҚҚСП қабылдау асқазан-ішектен қан кетуге, ойық жараға немесе тесілуге әкелуі мүмкін, кейде алдын алу симптомдарына немесе анамнезінде асқазан-ішек жолы тарапынан жағымсыз реакциялардың болуына қарамастан өліммен аяқталуы мүмкін.

Анамнезінде ойық жарасы бар пациенттерде, әсіресе қан кетумен немесе тесілумен асқынған ойық жарасы бар пациенттерде және егде жастағы пациенттерде ҚҚСП дозасын арттырған кезде асқазан-ішектен қан кету, ойық жара немесе шеткері қаупі артады. Мұндай пациенттерге препаратты қабылдауды ең аз ықтимал дозадан бастау керек.

Анамнезінде асқазан-ішек уыттылығы бар пациенттерге, әсіресе егде жастағы пациенттерге, әсіресе емдеудің бастапқы кезеңінде құрсақ қуысы ағзалары тарапынан кез келген ерекше симптомдар (әсіресе асқазан-ішектен қан кету) туралы хабарлау керек.

Ойық жаралану немесе қан кету қаупін арттыруы мүмкін дәрілік препараттарды қабылдайтын пациенттерге препаратты сақтықпен ұсынған жөн, мысалы, пероральді кортикостероидтар, антикоагулянттар (мысалы, варфарин), серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштері немесе тромбоцитке қарсы препараттар (мысалы, аспирин).

Егер ибупрофен қабылдаған пациенттерде асқазан-ішектен қан кету немесе ойық жара пайда болса, емдеуді тоқтату керек.

Тері және шырышты қабаттар

ҚҚСП қолданғаннан кейін ауыр тері реакцияларының дамуы туралы сирек хабарламалар бар, соның ішінде эксфолиативті дерматит, Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермальді некролиз (тіпті өлімге дейін). Бұл реакциялар көп жағдайда емдеудің бірінші айында пайда болады.

Құрамында ибупрофен бар препараттарды қабылдау аясында жедел жайылған экзантематозды пустулездің (AGEP) дамуы туралы хабарланды. Препаратты қабылдауды тері бөртпесі, шырышты қабықтардың зақымдануы немесе аса жоғары сезімталдықтың кез келген басқа көріністері сияқты елеулі тері реакциялары дамуының алғашқы белгілерінде тоқтату керек.

Желшешегі бар науқастарда ҚҚСП қолдану тері және тері асты шелінің инфекциялық және қабыну ауруларының ауыр іріңді асқынуларының даму қаупінің жоғарылауымен байланысты болуы мүмкін (мысалы, некроздық фасциит). Осыған байланысты препаратты желшешек кезінде қолданудан аулақ болу ұсынылады.

Инфекция

Ибупрофен қызба және ауырсыну сияқты инфекциялардың белгілерін жасыруы мүмкін. Сондықтан РИКОФЕН препараты инфекцияның тиісті емін шегеруі мүмкін, бұл асқыну қаупінің артуына әкелуі мүмкін. Бұл бактериялардан туындаған пневмонияда және желшешекпен байланысты бактериялық тері инфекцияларында байқалды. Егер сіз бұл дәріні инфекция кезінде қабылдасаңыз және инфекция симптомдары сақталса немесе нашарласа, дереу дәрігерге қаралыңыз.

Қосымша заттар туралы ақпарат

Препарат құрамындағы натрий бір реттік дозада 1 ммольден (23 мг) кем, натрийден бос препарат болып саналады.

Ұрпақ өрбіту функциясы

Ибупрофен әйелдердегі фертильділіктің бұзылуына әкелуі мүмкін препараттарға жатады. Бұл әсер препаратты тоқтатқанда қайтымды болады.

Жүктілік және лактация кезінде

Жүктілік

Простагландин синтезін тежеу жүктілік ағымына, эмбрион мен ұрықтың дамуына жанама әсер етуі мүмкін. Эпидемиологиялық зерттеу деректері жүктіліктің ерте кезеңдерінде простагландиндер синтезінің тежегіштерін пайдалану кезінде өздігінен түсік тастау, жүрек ақауы және гастрошизис қаупінің жоғарылағанын растайды.

Жүрек-қантамыр жүйесі ауытқуларының пайда болуының абсолюттік қаупі 1%-дан шамамен 1,5%-ға дейін ұлғайды. Қауіп дозаның жоғарылауымен және емнің ұзақтығымен артады деп болжанады.

Осыған байланысты препаратты жүктіліктің I-II триместрінде қолданудан аулақ болу керек, препаратты қабылдау қажет болғанда дәрігермен кеңесу керек.

Жүктілікті жоспарлайтын әйелдер немесе жүктіліктің I-II триместрінде РИКОФЕН препаратын қабылдаған кезде дозасы мен емдеу ұзақтығы ең аз болуы тиіс.

Жүктіліктің III триместрінде простагландин тежегіштерін қолдану шарана мен ананың дамуына ықпал етеді:

- артериялық түтіктің мерзімінен бұрын жабылуымен және өкпе гипертензиясының дамуымен кардиопульмонарлық жеткіліксіздікте;

- бүйрек жеткіліксіздігіне және олигогидрамнионға дейін өршитін бүйрек дисфункциясы.

Олигогидрамнион жиі, бірақ әрдайым емес, емдеуді тоқтатқан кезде қайтымды болады. Ұзақ олигогидрамнионның асқынуларына аяқ-қолдардың контрактуралары және өкпенің жетілуін кешеуілдетуді қамтуы мүмкін. 

Жүктіліктің соңында простагландин синтезінің тежегіштерін қабылдау ана мен нәрестеде келесі жағдайлардың дамуына әкелуі мүмкін:

- қан кету уақытының ұлғаюы, тіпті өте төмен дозаларда да антиагрегациялық әсердің дамуы;

- жатыр бұлшықеттерінің жиырылуын тежеу, бұл босанудың басталуын кідіртуге және босану ұзақтығын арттыруға әкеледі.

Осының салдарынан ибупрофенді қабылдау жүктіліктің үшінші триместрінде қарсы көрсетілген.

Лактация

Кейбір зерттеулерде ибупрофен емшек сүтінде өте төмен концентрацияда анықталды, оның теріс салдары емшек еметін бала үшін екіталай.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Ибупрофенді қабылдау кезінде бас айналуды, ұйқышылдықты, мәңгіруді немесе көрудің бұзылуын байқайтын пациенттерге автокөлік жүргізуден немесе қозғалмалы механизмдерді басқарудан аулақ болу керек.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға

Бастапқы доза қажет болғанда 4 немесе 6 сағат сайын 400 мг немесе бір рет 400 мг құрайды.

Ең жоғары тәуліктік доза: 1200 мг (3 таблетка).

Енгізу жолы және тәсілі

Ішке қабылдау үшін. Таблеткаларды сумен ішу керек.

Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі

Қабылдау арасындағы аралық кем дегенде 4 сағатты құрауы тиіс.

Емдеу ұзақтығы

Тек қысқа мерзімді қолдану үшін!

Жағымсыз реакцияларды симптомдарды жою үшін қажетті ең аз кезең ішінде ең аз тиімді дозаны пайдалана отырып, барынша азайтуға болады.

Егер препаратты 2-3 күн бойы қабылдаған кезде симптомдар сақталса немесе күшейсе, емдеуді тоқтатып, дәрігерге қаралу қажет. Препаратты ұзақ қабылдау қажет болғанда (12-18 жас аралығындағы балалар үшін - 3 күннен астам, ересектер үшін - 10 күннен астам) дәрігерге қаралу қажет.

Пациенттердің ерекше топтары

Балалар

Препарат 12 жасқа дейінгі балаларда қарсы көрсетілген.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерде сақтықпен қолдану керек.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар

Симптомдары

ҚҚСП клиникалық маңызды мөлшерін қабылдаған пациенттердің көпшілігінде жүрек айнуы, құсу, эпигастрий ауыруы, сирек жағдайларда диарея дамиды. Сондай-ақ, тиннитус, бас ауыруы және асқазан-ішектен қан кетуі мүмкін. Анағұрлым ауыр улану жағдайында уыттылық орталық жүйке жүйесіне әсер етеді және ұйқышылдық, мезгіл мезгіл қозу және бағдардан адасу немесе кома түрінде көрініс табады. Кейде құрысулар пайда болады. Ауыр артық дозаланғанда метаболизмдік ацидоз мүмкін, ал протромбиндік уақыт / ХҚҚ жоғарылауы мүмкін және бұл қан ұюның айналым факторларымен әрекеттесуіне байланысты болуы мүмкін. Жедел бүйрек жеткіліксіздігі және бауыр функциясының бұзылуы дамуы мүмкін. Бронх демікпесі бар пациенттерде демікпенің өршуі мүмкін.

Емі

Емдеу симптоматикалық және демеуші болуы керек және тыныс алу жолдарының өткізгіштігін сақтауды және тұрақтанғанға дейін жүрек қызметі мен басқа да өмірлік функциялардың көрсеткіштерін бақылауды қамтуы керек. Егер пациент препараттың ықтимал уытты мөлшерін 1 сағат бұрын қабылдаған болса, белсендірілген көмірді пероральді қабылдау нұсқасын қарастырған жөн. Егер құрысулар байқалса, әсіресе көп және ұзақ болса, пациент диазепамды немесе лоразепамды вена ішіне енгізу керек. Демікпе ұстамасының алдын алу үшін бронходилататорларды қолдану ұсынылады.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар

РИКОФЕН препараты қолданар алдында дәрігермен кеңесіңіз.

Емдеуші дәрігерге басқа препараттар қабылдағаныңыз, жақында қабылдағаныңыз немесе қабылдауды бастауыңыз мүмкін екенін айтыңыз.

Дәрілік препаратты стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар

Ұсынылған тізімде қысқа мерзімді қолдану шартымен рецептісіз босату үшін рұқсат етілген дозаларда ибупрофенді қабылдауға негізделген жағымсыз реакциялар көрсетілген. Созылмалы жағдайларды ұзақ қолдану жағдайында емдеу кезінде қосымша жағымсыз реакциялар туындауы мүмкін.

Жағымсыз реакциялардың туындау жиілігін бағалау мынадай критерийлер негізінде жүргізілді: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥1/100 және

<1/10), сирек (≥1/1000 және <1/100), сирек (≥ 1/10 000 және <1/1000), өте сирек (> 1/10 000), жиілігі белгісіз (қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес).

Жиі емес

- есекжеммен және қышынумен көрініс табатын аса жоғары сезімталдық реакциялары1

- бас ауыруы

- іш ауыруы, жүрек айнуы, диспепсия

- тері бөртпесінің алуан түрлері

Сирек

- диарея, метеоризм, іш қату және құсу

Өте сирек

- қан түзудің бұзылуы (анемия, лейкопения, тромбоцитопения, панцитопения, агранулоцитоз), оның алғашқы белгілері қызба, тамақ ауыруы, ауыз қуысы шырышты қабығының жаралануы, суық тию симптомдарының пайда болуы, айқын әлсіздік, қан кету және этиологиясы белгісіз қан тебу сияқты симптомдардың пайда болуы болып табылады

- аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары (беттің, тілдің және көмейдің ісінуі, ентігу, тахикардия, гипотензия, анафилаксия, Квинке ісінуі немесе ауыр анафилаксиялық шок)

- асептикалық менингит 2

- пептидтік ойық жара, перфорация немесе асқазан-ішектен қан кету, мелена, қан құсу, кейбір жағдайларда өліммен аяқталатын, көбінесе егде жастағы пациенттерде; ойық жаралы стоматит, гастрит

- бауыр функциясының бұзылуы

- Стивенс-Джонсон синдромын, мультиформалы эритеманы және уытты эпидермальді некролизді қоса, буллездік реакциялар сияқты тері реакцияларының ауыр формалары

- жедел бүйрек жеткіліксіздігі, папиллонекроз, әсіресе ұзақ қолданған кезде, қан сарысуындағы мочевина деңгейінің жоғарылауымен және ісінумен бірге

- гемоглобин деңгейінің төмендеуі

- кейбір жағдайларда инфекциялардан туындаған қабынудың күшеюі мүмкін. Атап айтқанда, желшешек кезінде ҚҚСП қолдану терінің және жұмсақ тіндердің ауыр инфекцияларына әкелуі мүмкін

Жиілігі белгісіз

- демікпені, демікпенің өршуін, бронх түйілуін және ентігуді қамтитын тыныс алу жолдарының гиперреактивтілігі

- жүрек жеткіліксіздігі және ісінулер, артериялық гипертензия

- спецификалық емес ойық жаралы колиттің және Крон ауруының өршуі

- тері бөртпесі, қызба, лимфа түйіндерінің ісінуі және эозинофилдер санының көбеюі түрінде көрініс табатын DRESS-синдром (жүйелі симптомдары бар дәріге байланысты эозинофилия) ретінде белгілі ауыр тері реакциясы; жедел жайылған экзантематозды пустулез (AGEP), фотосезімталдық реакциясы

Жекелеген жағымсыз реакциялардың сипаттамасы.

1 Ибупрофенмен емдеу кезінде жоғары сезімталдық реакциясы тіркелді. Оларға (a) спецификалық емес аллергиялық реакциялар және анафилаксиялық реакциялар, (b) тыныс алу жолдарының гиперреактивтілігі, соның ішінде демікпе, асқынған демікпе, бронх түйілуі, ентігу немесе (c) түрлі тері реакциялары, соның ішінде бөртпе, қышу, есекжем, пурпура, ангионевроздық ісіну және сирек эксфолиативті және буллезді дерматоз (эпидермальді некролиз және полиморфты эритема) кіруі мүмкін.

2 Ибупрофенді қабылдаудан туындаған асептикалық менингит дамуының патогенетикалық механизмі әлі толық зерттелген жоқ. Алайда ҚҚСП қабылдау аясында асептикалық менингит жағдайлары туралы қолда бар деректер аса жоғары сезімталдық реакциясын көрсетеді (препаратты қабылдау уақыты мен препаратты тоқтатқаннан кейін симптомдардың жоғалуы арасындағы байланыс байқалады). Айта кету керек, асептикалық менингит симптомдарының жекелеген жағдайлары (мысалы, мойын бұлшықеттерінің сіресуі, бас ауыруы, жүрек айнуы, құсу, қызба немесе бағдардың бұзылуы) аутоиммунды аурулары бар пациенттерді емдеу кезінде байқалды (мысалы, жүйелі қызыл жегі, дәнекер тінінің аралас ауруы).

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат400 мг ибупрофен,

қосымша заттар: жүгері крахмалы (паста үшін), жүгері крахмалы, микрокристалды целлюлоза, повидон (К-30), тазартылған су, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, натрий кроскармеллозасы (Примеллоза), стеарин қышқылы, натрий крахмалы гликоляты (А түрі), тазартылған тальк

Үлбірлі жабын: шеффкоат L Ақ 5Y00056*, тазартылған су.

* гидроксипропилметилцеллюлоза, лактоза моногидраты, полиэтиленгликоль / макроголь, тальк, титанның қостотығы (Е171).

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес үлбірлі қабықпен қапталған, ақтан ақ дерлік түске дейінгі таблеткалар.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

1 немесе 10 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәлімет

Brawn Laboratories Limited

13, N.I.T., Industrial Area, Haryana, Фаридабад-121001, Үндістан

тел./факс: +91-129-4360113, +91-11-23275208 электронды пошта: regulatory2@brawnlabs.com

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

VISTA LABS DMCC

Unit No. 3O-01-3048, Plot No. DMCC-PH2-J&G Plexs, Дубай, Біріккен Араб Әмірліктері

тел. + 971 56657797

электронды пошта: vistalabs@hotmail.com

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«Метабол Казахстан» ЖШС, Қарағанды қ., Ермеков к-сі, 110/2

тел.+7(212) 43-38-11, факс +7(212) 43-38-15

электронды пошта : metabolcompany@mail.ru

Прикрепленные файлы

ЛВ_рус._РИКОФЕН_таб_._400мг_(обн_.24_.12_.21)_.docx 0.05 кб
рикофен_ЛВ_кз_400.doc 0.1 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники