Риджинол (50мг) (Ламотриджин)

МНН: Ламотриджин
Производитель: Химфарм АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Lamotrigine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-0№026270
Информация о регистрации в РК: 19.09.2024 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Риджинол®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Ламотриджин

Дәрілік түрі, дозасы

Таблеткалар, 25 мг және 50 мг

Фармакотерапиялық тобы

Жүйке жүйесі. Эпилепсияға қарсы препараттар. Эпилепсияға қарсы басқа препараттар. Ламотриджин.

АТХ коды NO3AX09

Қолданылуы

Эпилепсия:

Ересектер мен 13 жастан асқан жасөспірімдер

  • тонус-клонустық құрысуларды қоса, парциальді және жайылған ұстамалардың қосымша немесе монотерапиясы ретінде

  • Леннокс-Гасто синдромымен байланысты құрысулар: қосымша ем құрамында, бірақ сондай-ақ бастапқы эпилепсияға қарсы препарат (ЭҚП) ретінде пайдаланылуы мүмкін.

2-ден 12 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

  • тонус-клонустық құрысуларды және Леннокс-Гасто синдромымен байланысты құрысуларды қоса, парциальді және жайылған эпилепсиялық ұстамалардың қосымша емі ретінде.

  • типтік абсанстардың монотерапиясы.

Биполярлық бұзылыс:

18 жастан асқан ересектер

  • көбінесе депрессиялық эпизодтарды бастан кешетін I типті биполярлық бұзылысы бар пациенттерде депрессиялық эпизодтардың профилактикасы.

Риджинол® жедел маниакальді немесе депрессиялық эпизодтарды емдеуге қолданылмайды.

Қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • әсер етуші заты ламотриджинге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

  • 2 жасқа дейінгі эпилепсиясы бар балалар

  • 18 жасқа дейінгі биполярлық бұзылыстары бар пациенттер

  • жүктілік және лактация кезеңі

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Тері бөртпесі

Жағымсыз тері реакциялары туралы хабарламалар бар, олар әдетте ламотриджинмен ем басталғаннан кейін алғашқы 8 апта ішінде туындады. Бөртпелердің көпшілігі жеңіл сипатқа ие және өздігінен кетеді, алайда пациентті ауруханаға жатқызуды және ламотриджин қабылдауды тоқтатуды талап ететін бөртпелер туралы хабарламалар бар. Бұл реакцияларға Стивенс-Джонсон синдромы (SJS) және уытты эпидермалық некролиз (TEN) сияқты өмірге қауіптілігі зор тері зақымданулары, сондай-ақ аса жоғары сезімталдық синдромы (HSS) ретінде белгілі эозинофилиямен және жүйелі симптомдармен дәрілік реакция (DRESS-синдром) кірді.

Зерттеуге қосылған және қолда бар нұсқауларға сәйкес ламотриджин қабылдаған ересек пациенттердегі ауыр тері бөртпелері шамамен эпилепсиясы бар 500 пациентке 1 жиілікпен дамыды. Осы жағдайлардың шамамен жартысында Стивенс-Джонсон синдромы (1000-ға 1) тіркелді. Клиникалық зерттеулердің деректері бойынша биполярлық аффективтік бұзылыстары бар пациенттерде ауыр тері бөртпелерінің жиілігі шамамен 1000 пациентке 1 құрайды.

Балаларда ауыр тері бөртпелерінің даму қаупі ересектерге қарағанда жоғары. Бірқатар зерттеулерден алынған қолда бар деректер бойынша ауруханаға жатқызуды талап ететін тері бөртпелерінің жиілігі эпилепсиясы бар балаларда 300-дің 1-нен 100-ден 1 балаға дейін болды.

Балаларда бөртпенің бастапқы көріністері қателесіп инфекция ретінде қабылдануы мүмкін, сондықтан дәрігерлер емнің алғашқы 8 аптасында препаратқа балалардың бөртпе және қызба дамуымен білінетін реакция беру мүмкіндігін ескеруі тиіс.

Бұдан басқа, бөртпенің жиынтық даму қаупі едәуір дәрежеде мыналарға:

  • ламотриджиннің жоғары бастапқы дозасына және ламотриджин дозасын ұсынылған жоғарылату режимінен асыруға;

  • вальпроаттарды қатар қолдануға байланысты.

Анамнезінде аллергиялық реакциялары немесе басқа ЭҚП қабылдауға жауап ретінде бөртпесі бар пациенттерді емдегенде де сақ болу қажет, өйткені аздаған бөртпенің даму жиілігі осындай анамнезі бар пациенттерде ламотриджинді қолданғанда мұндай ауырлаған анамнезі жоқ пациенттерге қарағанда үш есе жиі байқалды. Шығу тегі азиялық (бірінші кезекте хань және тай тектес) адамдардағы HLA-B*1502 аллелі ламотриджинмен емдеу кезінде SJS/TEN даму қаупімен астасады. Егер, аталған пациенттерде HLA-B*1502 анықтау нәтижесі оң екендігі белгілі болса, ламотриджинді қолдану мүмкіндігін мұқият қарастыру керек. Бөртпе дамыған барлық пациенттер (ересектер мен балалар) бірден тексерілуі тиіс, бөртпенің дамуы ламотриджинмен емдеумен байланысты еместігі айқын кездерді қоспағанда, Риджинол® препаратын қабылдау дереу тоқтатылуы тиіс. Риджинол® препаратын қабылдауды, егер күтілетін пайда қауіптен анық аспайтын болса, оның алдыңғы тағайындалуы бөртпенің дамуына байланысты тоқтатылған жағдайда қайта бастау ұсынылмайды. Ламотриджинді қолданғанда пациентте SJS, TEN немесе DRESS дамыған жағдайда ламотриджинмен емдеуді ешқашан қайта бастауға болмайды.

Бөртпе қызбаны, лимфаденопатияны, беттің ісінуін, гематологиялық бұзылыстарды, бауыр функциясының бұзылуын және асептикалық менингитті қоса, әртүрлі жүйелі симптомдардың көрініс табуымен байланысты DRESS деп аталатын аса жоғары сезімталдық синдромының бір бөлігі болуы мүмкін екендігі хабарланды. Синдромның көрініс беру ауырлығы кең ауқымда ауытқиды және сирек жағдайларда диссеминацияланған тамырішілік ұю және көп ағзалық жеткіліксіздік синдромының дамуына әкелуі мүмкін. Тіпті бөртпенің анық көріністері болмаса да, аса жоғары сезімталдық синдромының ерте белгілері (мысалы, қызба, лимфаденопатия) байқалуы мүмкін екенін атап айту қажет. Осындай симптомдар дамығанда пациентті дәрігер дереу тексеруі тиіс және егер симптомдардың басқа себебі анықталмаса, Риджинол® препаратын қолдануды тоқтату керек. Асептикалық менингиттің дамуы препаратты тоқтатқанда көптеген жағдайларда қайтымды болып табылды және оны қайта қолданғанда бірқатар жағдайда жаңғырды. Қайта қолдану симптомдардың жылдам оралуына әкелді, олар көбінесе анағұрлым ауыр болды. Риджинол® препараты ламотриджинмен алдыңғы ем себебінен асептикалық менингитке байланысты емі тоқтатылған пациенттерге қайта тағайындалмайды.

Сондай-ақ ламотриджинді қолдануға байланысты фотосезімталдық реакциялары туралы хабарламалар да болды. Бірнеше жағдайда реакция жоғары дозада (400 мг және одан жоғары), дозаның жоғарылауында немесе титрлеудің тез жоғарылауы кезінде жүрді. Ламотриджинмен байланысты фотосезімталдыққа күдік туындаған кезде фотосезімталдық белгілері бар пациентте (мысалы, күнге күю) емдеуді тоқтату туралы мәселені қарастыру керек. Егер ламотриджинмен емдеуді жалғастыру клиникалық тұрғыдан орынды саналса, пациентке күн сәулесінің және жасанды ультракүлгін сәулеленудің әсерінен аулақ болуды және қорғану шараларын жасауды (мысалы, қорғаныс киімін және күннен қорғайтын кремдерді пайдалану) ұсынған жөн.

Гемофагоциттік лимфогистиоцитоз (ГЛГ)

Ламотриджин қабылдаған пациенттерде ГЛГ даму жағдайлары тіркелді. ГЛГ иммундық жүйенің патологиялық белсенділену синдромы болып табылады, ол өмірге қауіп төндіруі мүмкін. Ол қызба, бөртпе, неврологиялық симптомдар, гепатоспленомегалия, лимфаденопатия, цитопения, ферритиннің сарысулық концентрациясының жоғарылауы, гипертриглицеридемия және бауыр функциясы мен қан ұюының бұзылуы сияқты клиникалық белгілермен және симптомдармен сипатталады. Әдетте, симптомдар ем басталғаннан кейін 4 апта ішінде пайда болады. Аталған белгілер мен симптомдар дамыған пациенттерді шұғыл тексеру және ГЛГ диагнозын қарастыру қажет. Егер баламалы этиологиясы анықталмаса, ламотриджинмен емдеуді тоқтату керек.

Клиникалық көріністердің күшеюі және суицидтік қауіп

Суицидтік ойлар мен суицидтік мінез-құлық бірнеше көрсетілім бойынша ЭҚП қабылдаған пациенттерде байқалды. ЭҚП рандомизацияланған плацебо-бақыланатын зерттеулерінің мета-талдауы суицидтік ойлар мен мінез-құлық көріністері қаупінің аздап ұлғаюын көрсетті. Бұл қауіптің механизмі белгісіз және қолжетімді деректер ламотриджинді қолданғанда қауіптің жоғарылау ықтималдығын жоққа шығармайды.

Осылайша, пациенттер суицидтік ойлар мен мінез-құлық белгілерін анықтау мақсатында мұқият қадағалауда болуы тиіс, тиісті емдеу қарастырылуы тиіс. Пациенттер (және пациенттерге күтім жасайтын адамдар) суицидтік ойлар мен суицидтік мінез-құлық туындаған кезде медициналық кеңес қажеттілігі туралы хабардар болуы тиіс.

Биполярлық аффективтік бұзылыстары бар пациенттерде депрессия симптомдары күшеюі және/немесе Риджинол® препаратын қоса, биполярлық аффективтік бұзылысты емдеуге арналған дәрілік препараттарды қолдануға қарамастан суицидтік ойлар/мінез-құлық белгілерінің көрініс табуы мүмкін. Сондықтан биполярлық аффективтік бұзылысты емдеу үшін Риджинол® қабылдап жүрген пациенттерді, әсіресе емдеу курсының басында немесе дозаны өзгерту уақытында клиникалық көріністердің (жаңа симптомдардың дамуын қоса) және суицидтік ойлар/мінез-құлықтың күшеюін анықтау мақсатында мұқият қадағалау керек. Кейбір, мысалы, анамнезінде суицидтік мінез-құлқы немесе ойлары бар пациенттерде, жас ересек пациенттерде және ем басталғанға дейін суицидтік ойлауы айқын пациенттерде суицидтік ойлардың немесе суицид әрекеттерінің пайда болу қаупі анағұрлым жоғары болуы мүмкін және оларды емдеу кезінде мұқият бақылау қажет.

Клиникалық көріністері (жаңа симптомдардың дамуын қоса) күшейген және/немесе суицидтік ойлау/мінез-құлық пайда болған пациенттерде, әсіресе, егер бұл симптомдар ауыр сипатта болса, кенеттен пайда болса немесе пациентте бұрын болған симптомдардың бір бөлігі болып табылмаса, препаратты қолдануды тоқтату мүмкіндігін қоса, емдеу режимін өзгерту мүмкіндігін қарастыру керек.

Гормондық контрацептивтер

Гормондық контрацептивтердің ламотриджин тиімділігіне ықпалы

Этинилэстрадиол/левоноргестрел (30 мкг/150 мкг) біріктірілген препаратын қолдану ламотриджин клиренсін шамамен 2 есе арттырады, бұл ламотриджин деңгейінің төмендеуіне әкеледі. Ламотриджин деңгейінің төмендеуі ұстамалардың бақылануын жоғалтумен байланысты. Ең жоғарғы емдік әсерге қол жеткізу үшін дозаны титрлеуден кейін көптеген жағдайда ламотриджиннің демеуші дозаларын көтеру қажет, бірақ 2 еседен көп емес. Гормондық контрацептивтерді қабылдауды тоқтатқанда ламотриджин клиренсі екі есе төмендеуі мүмкін. Ламотриджин деңгейінің ұлғаюы дозаға байланысты жағымсыз реакциялардың дамуымен қатар жүруі мүмкін. Осындай реакцияларды анықтау мақсатымен пациенттерді бақылау керек.

Ламотриджин глюкуронизациясының индукторларын енді қабылдамайтын және гормондық контрацептивтерді қабылдайтын, емдеу сызбасы препаратты қабылдаудан бос аптаны (яғни контрацептивті қабылдаудағы апталық үзіліс) қамтитын әйелдерде, осы уақыт кезеңінде ламотриджин деңгейінің біртіндеп транзиторлы жоғарылауы байқалатын болады. Ламотриджин деңгейінің мұндай тәртіптегі өзгеруі жағымсыз реакциялардың туындауымен байланысты болуы мүмкін. Сондықтан бірінші таңдау препараттары ретінде контрацептив қолданылмайтын аптаны қамтымайтын ұрықтандыруға қарсы дәрілерді (мысалы, үздіксіз гормондық контрацептивтер немесе гормондық емес тәсілдер) қабылдау мүмкіндігін қарастыру керек.

Басқа пероральді контрацептивтердің немесе гормондық орын басу емі мен ламотриджиннің арасындағы өзара әрекеттесу зерттелмеді, алайда осы препараттар ламотриджиннің фармакокинетикалық параметрлеріне ұқсас түрде ықпал етуі мүмкін.

Ламотриджиннің гормондық контрацептивтер тиімділігіне ықпалы

16 дені сау еріктінің қатысуымен өзара әрекеттесулерді зерттеуде ламотриджин мен гормондық контрацептивті (этинилэстрадиол /левоноргестрел біріктірілімін) бірге қолдану левоноргестрел клиренсінің орташа жоғарылауына және қан сарысуындағы ФСГ және ЛГ деңгейінің өзгеруіне әкелгенін көрсетті. Бұл өзгерістердің аналық бездің овуляциялық белсенділігіне ықпалы белгісіз. Алайда, ламотриджин мен гормондық контрацептивтер қабылдайтын кейбір пациенттерде бұл өзгерістер контрацептивтер тиімділігінің төмендеуін тудыруы мүмкін екенін жоққа

шығаруға болмайды. Сондықтан, мұндай пациенттерге етеккір оралымының өзгерістері туралы, мысалы, етеккіраралық қан кетулер туралы дереу дәрігерге хабарлау қажеттігі туралы нұсқау берілуге тиіс.

Дигидрофолатредуктаза

Ламотриджин дигидрофолий қышқылының редуктазасына шамалы тежейтін әсер етеді, сондықтан ұзақ емдеуде фолаттар метаболизміне әсер ету ықтималдығы бар. Алайда, ламотриджин 1 жылға дейін қолдану ұзақтығы кезінде гемоглобин деңгейінің, эритроциттердің орташа көлемінің, эритроциттердегі немесе қан сарысуындағы фолаттар деңгейінің елеулі өзгерістерін тудырмады және 5 жылға дейін қолдану ұзақтығы кезінде эритроциттердегі фолаттар деңгейін төмендетпеді.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек жеткіліксіздігі терминальді сатыдағы пациенттерде ламотриджинді бір рет қолданған зерттеулерде қан плазмасындағы ламотриджин деңгейінің айтарлықтай өзгеруі анықталмады. Алайда, глюкуронидті метаболиттің жиналуы әбден ықтимал, сондықтан бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерді емдеу кезінде сақтық таныту қажет.

Құрамында ламотриджин бар басқа препараттарды қабылдайтын пациенттер

Риджинол® препаратын құрамында ламотриджин бар қандай да бір басқа препараттарды алып жүрген пациенттерге дәрігердің кеңесінсіз тағайындауға болмайды.

ЭКГ бругада-типі және жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің басқа да бұзылулары

Ламотриджин алған пациенттерде ST-Т сегменттерінің ауытқулары хабарланды, бұл аритмияның даму мүмкіндігін және Бругада синдромына тән ЭКГ көрінісін көрсетеді.

In vitro зерттеулердің нәтижелеріне сүйене отырып, жүрек аурулары бар пациенттерде ламотриджин әлеуетті түрде қарыншалық өткізгіштікті баяулатуы (QRS кешенін кеңейтуі) және емдік маңызы бар концентрацияларда проаритмияны индукциялауы мүмкін. Ламотриджин күрделі немесе өлімге әкелетін жүрек оқиғаларының сәйкес ықтимал қауіптерімен аритмияға қарсы IB класындағы әлсіз препарат ретінде әсер етеді. Натрий өзекшелерінің басқа блокаторларын бір мезгілде қолдану қауіпті одан әрі артыруы мүмкін. Тәулігіне 400 мг дейінгі емдік дозаларда ламотриджин дені сау тұлғаларда қарыншалық өткізгіштікті баяулатпады (QRS кешенінің кеңеюі) және QT аралығын мұқият зерттеген кезде QT аралығының ұзаруын туғызбады.

Бругада синдромы немесе басқа да жүрек каналопатиялары, жүрек жеткіліксіздігі, жүректің ишемиялық ауруы, жүрек блокадасы немесе қарыншалық аритмиялар сияқты клиникалық маңызды құрылымдық немесе функционалдық жүрек аурулары бар пациенттерде ламотриджинді қолдануды мұқият қарастыру керек. Егер ламотриджин мұндай пациенттерде клиникалық тұрғыда ақталатын болса, ламотриджин қолдануды бастар алдында кардиологтан кеңес алу мүмкіндігін қарастыру керек.

Балалардың дамуы

Балалардың өсуіне, жыныстық және когнитивтік жетілуіне, эмоциялық және мінез-құлықтық дамуына ламотриджиннің әсері туралы деректер жоқ.

Эпилепсия кезіндегі сақтық шаралары

Риджинол® препаратын күрт тоқтату, басқа да ЭҚП сияқты, құрысудың дамуына әкелуі мүмкін. Егер емнің күрт тоқтатылуы қауіпсіздік талабы (мысалы, бөртпе пайда болғанда) болмаса, Риджинол® препаратының дозасын 2 апта ішінде біртіндеп төмендету керек.

Әдебиетте эпилепсиялық статусты қоса, ауыр құрысу ұстамалары рабдомиолиз, мультиағзалық бұзылыстар және кейде өліммен аяқталатын диссеминацияланған тамырішілік ұюдың дамуына әкелуі мүмкін деген хабарлар бар. Осындай оқиғалар пациенттерді ламотриджинмен емдегенде де байқалды.

Азаюдың орнына ұстамалардың даму жиілігінің клиникалық тұрғыдан елеулі ұлғаюы байқалуы мүмкін. Ұстамалардың біреуден астам типінен зардап шегетін пациенттерде ұстамалардың бір типін бақылау түрінде байқалатын пайданы басқа типтегі ұстамалардың кез келген нашарлауымен салыстыру керек.

Ламотриджинді қолданғанда миоклонустық ұстамалар күшеюі мүмкін.

Қолда бар деректер ферменттердің индукторларымен біріктірілген ламотриджинмен емдеуге жауап, бауыр ферменттерін индукцияламайтын ЭҚП-мен біріктіруге қарағанда айқындығы төмен деп болжауға мүмкіндік береді. Бұл құбылыстың себебі түсініксіз болып қалуда.

Типтік абсанстарды емдеу үшін ламотриджин қабылдайтын балаларда препараттың тиімділігі барлық пациенттерде сақталмауы мүмкін.

Биполярлық аффективтік бұзылыс кезіндегі сақтық шаралары

Балалар мен 18 жасқа толмаған жасөспірімдер

Антидепрессанттармен емдеу ауыр дәрежедегі депрессиялық бұзылыстары және басқа да психикалық бұзылыстары бар балалар мен жасөспірімдердің суицидтік ойларының және мінез-құлқының даму қаупінің ұлғаюымен қатар жүреді.

Қосымша заттар

Препараттың құрамында лактоза бар, оны тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға қолдануға болмайды.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Өзара әрекеттесуіне зерттеулер ересектерде ғана жүргізілді.

УДФ-глюкуронилтрансферазалар ламотриджинді метаболиздейтін ферменттер болып табылады.

Осылайша, глюкурондануды тудыратын немесе тежейтін дәрілік препараттар ламотриджиннің болжамды клиренсіне әсер етуі мүмкін. P450 3A4 (CYP3A4) цитохромы ферментінің күшті немесе орташа индукторларының сонымен қатар UGT индукциялайтыны да белгілі, олар ламотриджиннің де метаболизмін күшейтуі мүмкін.

Ламотриджин метаболизміне клиникалық маңызды әсер етуге қабілетті препараттар 1-кестеде берілген. Осы препараттарды дозалау жөніндегі нақты нұсқаулар «Қолдану жөніндегі нұсқаулар» бөлімінде берілген.

Көрсетілгендей, ламотриджин концентрациясына клиникалық маңызды әсерін тигізетін препараттар 1-кестеде келтірілген. Осы препараттарды дозалау жөніндегі нақты нұсқаулар «Қолдану жөніндегі нұсқаулар» бөлімінде берілген.

Бұдан басқа, бұл кестеде ламотриджин концентрациясына, көрсетілгендей, аз әсер ететін немесе мүлде әсер етпейтін препараттар да санамаланған.

Мұндай препараттарды бір мезгілде қолдану, әдетте, қандай да бір клиникалық салдарларға әкелмейді. Алайда, эпилепсиясы ламотриджин концентрациясының ауытқуларына ерекше сезімтал пациенттерді ескерген жөн.

1-кесте. Басқа препараттардың ламотриджин глюкуронизациясына ықпалы

Ламотриджин глюкуронизациясына елеулі тежегіш әсер ететін препараттар

Ламотриджин глюкуронизациясына елеулі индукциялаушы әсер ететін препараттар

Ламотриджин глюкуронизациясына елеулі тежегіш және индукциялаушы әсер етпейтін препараттар

Вальпроаттар

Карбамазепин, фенитоин, примидон, фенобарбитал, рифампицин, лопинавир/ритонавир, атазанавир/ритонавир*, этинилэстрадол/левоноргестрел біріктірілген препараты **

Литий препараттары, бупропион, оланзапин, окскарбазепин, фелбамат, габапентин, леветирацетам, прегабалин, топирамат, зонисамид, арипипразол, лакосамид, перампанел

* Препаратты дозалау жөніндегі нұсқауларды «Қолдану жөніндегі нұсқаулар» бөлімінен қараңыз, сондай-ақ гормондық контрацептивтерді қабылдайтын әйелдер үшін «Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары» бөліміндегі Гормондық контрацептивтерді де қараңыз.

** Өзге пероральді контрацептивтердің және орын басушы гормондық емнің ықпалы зерттелмеді, алайда олар ламотриджиннің фармакокинетикалық параметрлеріне

ұқсас әсер көрсетуі мүмкін («Қолдану жөніндегі нұсқаулар» және «Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары» бөлімдерін қараңыз).

Ламотриджиннің Р450 цитохромы ферменттерінің клиникалық мәнді индукциясын немесе тежелісін туғызу қабілеті туралы деректер жоқ. Ламотриджин өзінің жеке метаболизмін индукциялай алады, бірақ бұл әсері орташа болады және оның клиникалық маңызды салдары болуының ықтималдығы аз.

ЭҚП-мен өзара әрекеттесуі

Ламотриджиннің глюкуронизациясын тежейтін вальпрой қышқылы ламотриджиннің метаболизмін төмендетеді және оның орташа жартылай шығарылу кезеңін 2 есе дерлік ұзартады. Вальпроатты бір мезгілде қолданғанда пациенттер емдеудің тиісті сызбасын қолдануы тиіс.

Р450 цитохромының ферменттерін индукциялайтын белгілі бір ЭҚП (фенитоин, карбамазепин, фенобарбитал және примидон сияқты) сондай-ақ UGTs индукциялайды, демек, ламотриджин метаболизмін жеделдетеді. Фенитоин, карбамазепин, фенобарбитал немесе примидонды бір мезгілде қолданғанда пациенттер тиісті емдеу сызбасын қолдануы тиіс .

Ламотриджинмен емдеу аясында карбамазепинді қабылдай бастаған пациенттерде бас айналу, атаксия, диплопия, анық көрмеу және жүрек айнуын қоса, орталық жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз құбылыстардың дамуы туралы хабарланған. Бұл жағымсыз құбылыстар әдетте карбамазепин дозасы төмендегеннен кейін жойылған.

Осындай әсер дені сау ересек еріктілерде ламотриджин мен окскарбазепин қолданылған зерттеуде байқалды, бірақ дозаларды төмендету нәтижесі зерттелген жоқ.

Вальпроатты бір мезгілде қолданғанда пациенттер емдеудің тиісті сызбасын қолдануы тиіс, алайда, дені сау ересек еріктілердің қатысуымен болған зерттеуде 200 мг дозада ламотриджин және 1200 мг дозада окскарбазепин қолданған кезде окскарбазепин ламотриджин метаболизмін өзгертпеді, ал ламотриджин окскарбазепин метаболизмін өзгертпеді.

Дені сау еріктілердің қатысуымен жүргізілген зерттеуде фелбаматты (тәулігіне 2 рет 1200 мг) және ламотриджинді (10 күн ішінде тәулігіне 2 рет 100 мг) бірге қолдану ламотриджин фармакокинетикасының клиникалық елеулі өзгеруіне әкелмеді. Сондықтан, окскарбазепинді бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде вальпроатсыз және ламотриджин глюкуронизациясының индукторларынсыз ламотриджинмен қосымша емге арналған емдеу сызбасын пайдалану керек.

Дені сау еріктілердің қатысуымен зерттеуде фелбаматты (тәулігіне екі рет 1200 мг) және ламотриджинді (10 күн бойы тәулігіне екі рет 100 мг) бір мезгілде қолдану ламотриджин фармакокинетикасына клиникалық маңызды ықпалын тигізбеді.

Ламотриджинді габапентинмен және онсыз қабылдаған пациенттерде қан плазмасындағы препарат деңгейін ретроспективті талдау негізінде габапентин ламотриджиннің болжамды клиренсінің өзгеруіне алып келмейтіндігі анықталды.

Леветирацетам мен ламотриджиннің дәрілермен ықтимал өзара әрекеттесуі плацебо-бақыланатын клиникалық зерттеулер барысында екі препараттың сарысулық концентрациясын бағалау жолымен зерттелді. Бұл деректер ламотриджиннің леветирацетам фармакокинетикасына әсер етпейтінін, ал леветирацетамның ламотриджин фармакокинетикасына әсер етпейтінін көрсетеді.

Прегабалинді бірге қолдану (тәулігіне 3 рет 200 мг) қан плазмасындағы ламотриджиннің тепе-тең концентрацияларына әсер етпеді. Ламотриджин мен прегабалиннің арасында фармакокинетикалық өзара әрекеттесулер жоқ.

Топираматты қолдану қан плазмасындағы ламотриджин концентрациясының өзгеруіне әкеліп соқпады. Ламотриджинді қабылдау топирамат концентрациясының 15%-ға артуына алып келді.

Эпилепсиясы бар пациенттерді зерттеу барысында 35 күн ішінде зонисамидті (200–400 мг/тәу) ламотриджинмен (150–500 мг/тәу) бірге қолдану ламотриджиннің фармакокинетикасына елеулі әсер еткен жоқ.

Плацебо-бақыланатын клиникалық зерттеулерде парциальді ұстамалары бар пациенттерде лакосамидті (200, 400 немесе 600 мг/тәу) бір мезгілде қолдану плазмадағы ламотриджиннің концентрациясына ықпал еткен жоқ.

Парциальді және бастапқы жайылған тонус-клонустық ұстамалары бар пациенттерде перампанелмен қосымша ем зерттелген плацебо-бақыланатын үш клиникалық сынақ деректерінің біріктірілген талдауында перампанелдің ең жоғары бағаланған дозасы (12 мг/тәулік) ламотриджин клиренсін 10%-дан аз арттырды. Осындай шамадағы әсері клиникалық маңызды болып саналмайды.

Бұдан бұрын басқа ЭҚП қан плазмасындағы концентрациясының өзгеруі туралы хабарланғанына қарамастан, бақыланатын зерттеулер ламотриджиннің қатарлас ЭҚП қан плазмасындағы концентрациясына әсер ететінін көрсеткен жоқ. In vitro зерттеулердің нәтижелері ламотриджиннің басқа ЭҚП ақуыздармен байланысу аумағынан ығыстырмайтынын көрсетті.

Басқа психотроптық препараттармен өзара әрекеттесуі

20 дені сау еріктіде сусыз литий глюконатын қабылдағанда (6 күн бойы тәулігіне 2 рет 2 г) литийдің фармакокинетикасы ламотриджинді тәулігіне 100 мг дозада бірге қолданғанда өзгермеді.

Бупропионды көп рет ішке қабылдау 12 қатысушыда ламотриджиннің бір реттік дозасының фармакокинетикасына статистикалық тұрғыдан маңызды әсер етпеді және тек қана ламотриджин глюкуронидінің AUC («концентрация-уақыт» фармакокинетикалық қисық астындағы ауданы) аз ғана ұлғаюын тудырды.

Дені сау ересек еріктілердегі зерттеуде оланзапин 15 мг дозада ламотриджиннің AUC және Сmах орташа алғанда тиісінше 24 % және 20 % төмендетті. Мұндай шаманың әсері, әдетте, клиникалық тұрғыдан маңызды емес. Ламотриджин 200 мг дозада оланзапин фармакокинетикасына әсер етпеді.

14 дені сау ересек еріктіде бір реттік 2 мг дозаны қабылдағаннан кейін ламотриджинді көп рет ішке қабылдау (400 мг/тәу) рисперидон фармакокинетикасына клиникалық тұрғыдан маңызды әсер етпеді.

Бұл ретте ұйқышылдық:

  • 2 мг дозада рисперидон мен ламотриджинді бірге қолданғанда 14 еріктінің 12-сінде;

  • бір ғана рисперидонды қабылдағанда 20 еріктінің 1-інде байқалды;

  • бір ғана ламотриджинді қабылдағанда бірде-біреуінде байқалмады.

Ламотриджинді белгіленген сызба (кемінде 100 мг/тәу) бойынша қабылдаған I типті биполярлық аффективтік бұзылысы бар 18 ересек пациент қатысқан зерттеуде арипипразол дозаларын 7 күндік кезеңде тәулігіне 10 мг-ден соңғы мәні тәулігіне 30 мг-ге дейін ұлғайтты және әрі қарай препаратты тағы 7 күн бойы тәулігіне 1 рет қабылдаумен емді жалғастырды. Ламотриджин Сmах және AUC шамамен 10 % орташа төмендеуі байқалды. Мұндай шаманың әсерінің клиникалық салдары болады деп күтілмейді.

In vitro тежеуі бойынша эксперименттерде бірге инкубациялау кезінде амитриптилин, бупропион, клоназепам, флуоксетин, галоперидол немесе лоразепам ламотриджин-2-N-глюкуронидтің негізгі метаболитінің түзілуіне өте аз әсер көрсетті. Буфуралолдың метаболизмін адамнан бөлінетін бауырдың микросомальді ферменттерімен зерттеу бойынша деректер ламотриджин негізінен CYP2D6 изоферменттерімен метаболизденетін препараттардың клиренсін төмендетпейді деген қорытынды жасауға мүмкіндік берді. In vitro зерттеулердің нәтижелері де клозапин, фенелзин, рисперидон, сертралин немесе тразодон ламотриджин клиренсіне әсер ете алуы екіталай деп болжауға мүмкіндік берді.

Гормондық контрацептивтермен өзара әрекеттесуі

Гормондық контрацептивтердің ламотриджин фармакокинетикасына ықпалы

16 ерікті әйелдің қатысуымен жүргізілген зерттеуде құрамында бір таблеткада 30 мкг этинилэстрадиол және 150 мкг левоноргестрел бар біріктірілген пероральді контрацептивтерді қабылдау ламотриджин клиренсінің (оны ішке қабылдағаннан кейін) шамамен екі есе жоғарылауын туындатқан, бұл ламотриджиннің AUC және Сmах тиісінше орта есеппен 52% және 39% төмендеуіне алып келді. Препаратты қабылдаудан бос апта ішінде (яғни, контрацептивті қабылдаудағы апталық үзіліс кезінде) қан сарысуында ламотриджин концентрациясының біртіндеп жоғарылауы байқалды, бұл ретте осы аптаның соңында келесі дозаны енгізер алдында өлшенген ламотриджин концентрациясы бірге қабылдау кезеңіне қарағанда орта есеппен алғанда шамамен 2 есе жоғары болды.

Ламотриджиннің гормондық контрацептивтер фармакокинетикасына ықпалы

16 ерікті әйелдердің қатысуымен жүргізілген зерттеуде ламотриджиннің 300 мг дозадағы тепе-тең концентрациясы кезеңінде біріктірілген пероральді контрацептивтің компоненті – этинилэстрадиол фармакокинетикасына әсер етпейтіні көрсетілген. Пероральді контрацептивтің компоненті ― левоноргестрел клиренсінің (оны ішке қабылдағаннан кейін) орташа жоғарылауы байқалды, бұл левоноргестрелдің AUC және Cmax тиісінше орта есеппен 19% және 12%-ға төмендеуіне алып келді. Осы зерттеу кезінде фолликуланы стимуляциялаушы гормонның (ФСГ), лютеинизациялаушы гормонның (ЛГ) және эстрадиолдың сарысулық деңгейлерін өлшеу кейбір әйелдерде аналық бездердің гормондық белсенділігін бәсеңдетудің біршама азаюын анықтады, алайда сарысулық прогестеронды өлшеу 16 әйелдің ешқайсысында овуляцияның гормондық расталуын анықтамады. Левоноргестрел клиренсінің орташа жоғарылауының және ФСГ және ЛГ сарысулық деңгейлері өзгеруінің аналық бездердің овуляциялық белсенділігіне әсері анықталмаған. Ламотриджиннің басқа дозаларының әсері (тәулігіне 300 мг-ден басқа) зерттелмеген және басқа гормондық препараттармен зерттеулер жүргізілген жоқ.

Басқа препараттармен өзара әрекеттесулері

10 ерікті еркек қатысқан зерттеуде рифампицин ламотриджиннің клиренсін жоғарылатқаны және глюкуронизацияға жауапты бауыр ферменттерінің индукциясы көмегімен оның жартылай шығарылу кезеңін төмендеткені анықталды. Рифампицинді бір мезгілде қабылдайтын пациенттерге ламотриджинді глюкуронизацияның қатарлас индукторларымен дозалау сызбасын ұсыну керек.

Дені сау еріктілерді зерттеуде лопинавир мен ритонавирді қолданған кезде қан плазмасындағы ламотриджин концентрациясының шамамен 50%-ға төмендеуі байқалды, бұл глюкуронизация индукциясы салдарынан болуы мүмкін. Лопинавир мен ритонавирді бір мезгілде қабылдайтын пациенттерге ламотриджинді глюкуронизацияның қатарлас индукторларымен дозалау сызбасын ұсыну керек .

Дені сау ересек еріктілерді зерттеуде атазанавирді және/немесе ритонавирді (300 мг/100 мг) қабылдау қан плазмасындағы (бір реттік 100 мг дозада) ламотриджин AUC және Сmax мәндерінің орта есеппен 32% және 6%-ға төмендеуіне әкелді.

Дені сау ересек еріктілер қатысқан зерттеуде парацетамол 1 г дозада (күніне төрт рет) ламотриджиннің плазмадағы AUC және Cmin орта есеппен сәйкесінше 20 % және 25 %-ға төмендетті.

Органикалық субстраттардың катионды тасымалдаушыларына ламотриджиннің әсерін бағалау бойынша in vitro зерттеу нәтижелері оның 2(N)-глюкуронид метаболиті емес, ламотриджиннің өзі әлеуетті клиникалық тұрғыдан маңызды концентрацияларда органикалық субстраттардың катионды тасымалдаушыларының тежегіші болып табылатынын көрсетті. Бұл деректер ламотриджин 53,8 мкМ тең IC50 мәнімен органикалық субстраттардың катионды тасымалдаушыларының тежегіші болып табылатынын көрсетеді.

Ламотриджинді 2 органикалық субстраттардың катионды тасымалдаушылары болып табылатын бүйрекпен бөлінетін дәрілік заттармен (мысалы, метформин, габапентин және варениклин) бір мезгілде қабылдау қан плазмасындағы осы дәрілік препараттар деңгейінің жоғарылауына әкелуі мүмкін.

Мұның клиникалық мәні нақты анықталмаған, алайда, осы дәрілік заттарды бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде сақ болу керек.

Арнайы сақтандырулар

Препарат құрамында лактоза бар, оны тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға қолдануға болмайды.

Педиатрияда қолдану

Биполярлық аффективтік бұзылыс кезіндегі сақтық шаралары

Балалар мен 18 жасқа толмаған жасөспірімдер

Антидепрессанттармен емдеу ауыр дәрежедегі депрессиялық бұзылыстары және басқа да психикалық бұзылыстары бар балалар мен жасөспірімдердің суицидтік ойларының және мінез-құлқының даму қаупінің ұлғаюымен қатар жүреді.

Жүктілік немесе лактация кезінде

ЭҚП байланысты жалпы қауіп

Бала тууға қабілетті әйелдер мамандардан кеңес алуы қажет. Егер әйел жүктілікті жоспарласа, эпилепсияға қарсы ем қайта қаралуы тиіс. Эпилепсиядан емделетін әйелдер эпилепсияға қарсы емнің кенеттен тоқтатылуына жол бермеуі керек, себебі бұл ұстамалардың қайта басталуына әкелуі мүмкін, бұның әйел мен болашақ бала үшін күрделі салдарлары болуы мүмкін. Бірнеше ЭҚП-мен емдеу қолданылатын ЭҚП байланысты монотерапияға қарағанда туа біткен даму ақаулары пайда болуының жоғары қаупімен байланысты болуы мүмкін, сондықтан мүмкіндігінше монотерапияны қолдану керек.

Ламотриджин қабылдаумен байланысты қауіп

Жүктілік

Жүктіліктің бірінші триместрінде Риджинол® препаратымен монотерапияны алған жүкті әйелдер (8 700-ден астам әйел) бойынша деректердің көп мөлшері үстіңгі еріннің және таңдайдың жарықтарын қоса, дамудағы туа біткен елеулі кемістіктердің туындау қаупінің жалпы артуын растамайды. Жануарларға жүргізілген зерттеулерде құрсақішілік дамуға уытты әсері анықталды.

Егер жүктілік кезінде Риджинол® препаратымен емдеу қажетті деп есептелсе, мүмкіндігінше ең аз емдік дозаны қолданған жөн.

Ламотриджин дигидрофолий қышқылының редуктазасына әлсіз тежегіш әсер етеді және сондықтан теориялық тұрғыдан фолий қышқылы деңгейінің төмендеуі салдарынан эмбрион мен шарананың даму бұзылысының жоғары қаупіне әкелуі мүмкін. Жүктілікті жоспарлау кезінде және жүктіліктің ерте кезеңдерінде фолий қышқылын қабылдау мүмкіндігін қарастыру керек.

Жүктілік кезіндегі физиологиялық өзгерістер ламотриджин деңгейіне және/немесе оның емдік әсеріне ықпал етуі мүмкін. Жүктілік кезінде ұстамаларды бақылауды жоғалтудың ықтимал қаупімен қан плазмасындағы ламотриджин деңгейінің төмендеуі туралы хабарламалар бар. Босанғаннан кейін ламотриджин деңгейі дозаға байланысты жағымсыз реакциялардың даму қаупімен тез артуы мүмкін. Сондықтан қан сарысуындағы ламотриджин деңгейін жүктіліктің алдында, жүктілік кезінде және жүктіліктен кейін, сондай-ақ босанғаннан кейін бірден бақылау керек. Қажет болғанда қан сарысуында ламотриджин деңгейін жүктілікке дейінгі деңгейдегідей ұстап тұру үшін дозаны таңдау немесе дозаны клиникалық жауапқа байланысты таңдау қажет. Бұдан басқа, босанғаннан кейін дозаға байланысты жағымсыз реакцияларды бақылау керек.

Басқа препараттарды қабылдау кезінде даму ақауларының туындау қаупінің ламотриджинді қатарлас қолдануға тәуелділігін бағалау үшін ламотриджинді политерапиямен біріктірілімдерде қолдану туралы деректер жеткіліксіз.

Басқа дәрілік препараттар жағдайындағы сияқты, ламотриджинді жүктілік кезінде, егер күтілетін пайда әлеуетті қауіптен асып кетсе ғана қолдану керек.

Бала емізу

Ламотриджин әртүрлі дәрежеде емшек сүтіне өтетіні, емшек еметін балалардағы ламотриджиннің жалпы деңгейі анасында тіркелген ламотриджин деңгейінің шамамен 50%-на жетуі мүмкін екендігі хабарланды. Осылайша, емшек еметін кейбір балаларда қан сарысуындағы ламотриджин деңгейі фармакологиялық әсерлері байқалатын деңгейге жетуі мүмкін.

Емшек сүтін емізудің әлеуетті пайдасын және балада жағымсыз реакциялар дамуының әлеуетті қаупін салыстыру қажет.

Егер Риджинол® препаратын қабылдайтын әйел бала емізуге шешім қабылдаса, онда балада седативтік әсер, бөртпе және дене салмағының аздап ұлғаюы сияқты қандай да бір жағымсыз реакциялардың пайда болуына мониторинг жасау қажет.

Фертильділік

Ламотриджин қолданылған кезде жануарларға жасалған зерттеулерде фертильділіктің бұзылуы анықталмады. Ламотриджиннің адам фертильділігіне әсері бойынша зерттеулер жүргізілмеді.

Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Барлық эпилепсияға қарсы дәрілердің әсері жекелеген ауытқушылықпен сипатталатындықтан, эпилепсияны емдеу үшін Риджинол® препаратын қабылдайтын пациенттер автомобильді жүргізген кездегі спецификалық қиындықтар туралы өз дәрігерінен кеңес алуы тиіс.

Препараттың көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсерін бағалау бойынша зерттеулер жүргізілген жоқ. Дені сау еріктілер қатысқан екі зерттеуде ламотриджиннің нақты көру-моторлық үйлесімділігіне, көз қозғалысына, дененің тербелуіне әсері, сондай-ақ препараттың субъективті седативті әсері плацебодан ерекшеленбейтіні көрсетілді. Ламотриджиннің клиникалық зерттеулерінде бас айналуы және диплопия сияқты неврологиялық сипаттағы жағымсыз реакциялар туралы хабарламалар тіркелді. Сондықтан, автомобильді немесе механизмдерді басқаруға кірісуден бұрын пациенттер Риджинол® препаратының өз жағдайына әсерін бағалауға тиіс.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режімі

Риджинол® таблеткаларын шайнамай және ұсақтамай, тұтастай жұту қажет.

Егер Риджинол® препаратының есептелген дозасын (мысалы, эпилепсиясы бар балаларды немесе бауыр функциясы бұзылуы бар пациенттерді емдегенде) тұтас таблеткаларды қабылдаумен алу мүмкін болмаса, онда науқасқа тұтас таблеткалардың ең жақын аз мөлшеріне сәйкес келетіндей доза тағайындалуға тиіс.

Емді жаңғырту

Риджинол® препаратын қабылдауды жаңғыртқан жағдайда дәрігерлер препаратты қабылдауды қандай да бір себептермен тоқтатқан науқастарда демеуші дозаға дейін дозаны арттыру қажеттілігін бағалауға тиіс, өйткені бастапқы жоғары дозалар және ұсынылған дозалардан асыру ауыр бөртпенің даму қаупімен астасқан. Препаратты соңғы қабылдағаннан кейін неғұрлым көп уақыт өткен сайын, препараттың дозасын демеуші дозаға дейін соғұрлым көбірек сақтықпен арттыру керек. Егер қабылдау тоқтатылғаннан кейінгі уақыт 5 жартылай шығарылу кезеңінен асса, онда ламотриджиннің дозасы тиісті сызбаға сәйкес демеуші дозаға дейін жоғарылатылуға тиіс. Риджинол® препаратымен емдеуді, осындай емнің

әлеуетті пайдасы ықтимал қауіптерден анық асып түсетін жағдайлардан басқасында, емдеуді тоқтату бөртпенің пайда болуымен байланысты болған пациенттерде қайта бастауға болмайды.

Эпилепсия

Ересектер мен 13 жастан асқан жасөспірімдерге (2-кесте), сондай-ақ 2-ден 12 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге (4-кесте) ұсынылатын дозаны арттыру режимі және демеуші дозалар төменде келтірілген. Бөртпенің даму қаупі салдарынан препараттың бастапқы дозасын және дозаны арттырудың кейінгі режимін арттырмаған жөн.

Ламотриджинді қабылдау аясында қатарлас ЭҚП тоқтатылған немесе ЭҚП немесе басқа да препараттар қосылған жағдайда, бұл ламотриджиннің фармакокинетикасына әсер етуі мүмкін екенін ескеру қажет.

2-кесте. Ересектер мен 13 жастан асқан жасөспірімдерде эпилепсияны емдеу кезінде ұсынылатын дозалау режимі

Дозалау режимі

1+2 апталар

3+4 апталар

Әдеттегі демеуші доза

Монотерапия:

25 мг/тәу.

(тәулігіне бір рет)

50 мг/тәу.

(тәулігіне бір рет)

100−200 мг/тәу.

(1 немесе 2 қабылдауға).

Демеуші дозаға жету үшін препараттың мөлшері оңтайлы жауапқа қол жеткізгенге дейін 1−2 апта сайын ең жоғары 50−100 мг ұлғайтылуы мүмкін.

Кейбір пациенттерге мақсатты емдік жауапқа қол жеткізу үшін тәулігіне 500 мг доза қажет болуы мүмкін.

Вальпроаттармен (ламотриджин глюкуронизациясының тежегіші) қосымша ем:

Аталған дозалау режимін басқа қатарлас емге қарамастан вальпроаттармен қолданған жөн

12,5 мг/тәу

(күнара 25 мг-ден тағайындалатын)

25 мг/ тәу

(1 қабылдауға)

100−200 мг/тәу

(1 немесе 2 қабылдауға).

Демеуші дозаға жету үшін препараттың мөлшері оңтайлы жауапқа қол жеткізгенге дейін 1−2 апта сайын ең жоғары 25−50 мг ұлғайтылуы мүмкін.

ВальпроаттарСЫЗ және ламотриджин глюкуронизациясының индукторларыМЕН қосымша ем: 

Аталған дозалау режимін вальпроатсыз, бірақ фенитоинмен, карбамазепинмен, фенобарбиталмен,

примидонмен, рифампицинмен, лопинавирмен/ритонавирмен қолдану керек

50 мг/тәу

(1 қабылдауға)

100 мг/тәу

(2 қабылдауға)

200−400 мг/тәу

(2 қабылдауға).

Демеуші дозаға жету үшін препараттың мөлшері оңтайлы жауапқа қол жеткізгенге дейін 12 апта сайын ең жоғары 100 мг ұлғайтылуы мүмкін.

Кейбір пациенттерге негізгі емдік жауапқа қол жеткізу үшін тәулігіне 700 мг доза қажет болуы мүмкін.

ВальпроаттарСЫЗ және ламотриджин глюкуронизациясының индукторларынСЫЗ қосымша ем:

Аталған дозалау режимін ламотриджиннің глюкуронизациясын аса тежемейтін және индукцияламайтын басқа препараттармен қолдану керек

25 мг/тәу (1 қабылдауға)

50 мг/тәу (1 қабылдауға)

100−200 мг/тәу (1 немесе 2 қабылдауға). Демеуші дозаға жету үшін препараттың мөлшері оңтайлы жауапқа қол жеткізгенге дейін 12 апта сайын ең жоғары 50100 мг ұлғайтылуы мүмкін.

Ламотриджинмен фармакокинетикалық өзара әрекеттесуі қазіргі уақытта белгісіз дәрілік препараттарды қабылдайтын пациенттерде ламотриджинді вальпроаттармен біріктіріп қолдану үшін ұсынылған дозалау режимін пайдалану керек.

3-кесте. Балаларда (2 жастан 12 жасты қоса алғанға дейін) эпилепсияны емдеу кезінде ұсынылған дозалау режимі

Дозалау режимі

1+2 апталар

3+4 апталар

Әдеттегі демеуші доза

Типтік абсанстар монотерапиясы:

0,3 мг/кг/тәу

(1 немесе

2 қабылдауға)

0,6 мг/кг/тәу (1 немесе

2 қабылдауға)

1−15 мг/кг/тәу (1 немесе 2

қабылдауға). Демеуші дозаға жету үшін препараттың мөлшері оңтайлы жауапқа қол жеткізгенге дейін ең жоғары 200 мг/тәу демеуші дозамен 1–2 апта сайын ең жоғары 0,6 мг/кг/тәу ұлғайтылуы мүмкін.

Вальпроаттармен (ламотриджин глюкуронизациясының тежегіші) қосымша ем:

Бұл дозалау режимін басқа қатарлас емге қарамастан вальпроаттармен қолдану керек

0,15 мг/кг/тәу* (1 қабылдауға)

0,3 мг/кг/тәу (1 қабылдауға)

1−5 мг/кг/ тәу (1 немесе 2 қабылдауға).

Демеуші дозаға жету үшін препараттың мөлшері оңтайлы жауапқа қол жеткізгенге дейін ең жоғары 200 мг/тәу демеуші дозамен 1–2 апта сайын ең жоғары 0,3 мг/кг/тәу ұлғайтылуы мүмкін.

ВальпроаттарСЫЗ және ламотриджин глюкуронизациясының индукторларыМЕН қосымша ем:

Аталған дозалау режимін вальпроатсыз, бірақ фенитоинмен, карбамазепинмен, фенобарбиталмен,

примидонмен, рифампицинмен, лопинавирмен/ритонавирмен қолдану керек

0,6 мг/кг/тәу (2 қабылдауға)

1,2 мг/кг/ тәу (2 қабылдауға)

5−15 мг/кг/тәу (1 немесе 2 қабылдауға).

Демеуші дозаға жету үшін препараттың мөлшері оңтайлы жауапқа қол жеткізгенге дейін ең жоғары 400 мг/тәу демеуші дозамен 1–2 апта сайын ең жоғары 1,2 мг/кг/тәу ұлғайтылуы мүмкін.

ВальпроаттарСЫЗ және ламотриджин глюкуронизациясының индукторларынСЫЗ қосымша ем:

Аталған дозалау режимін ламотриджин

нің глюкуронизациясын аса тежемейтін және индукцияламайтын басқа препараттармен қолдану керек

0,3 мг/кг/тәу (1 немесе 2 қабылдауға)

0,6 мг/кг/тәу (1 немесе 2 қабылдауға)

1−10 мг/кг/тәу (1 немесе 2 қабылдауға). Демеуші дозаға жету үшін препараттың мөлшері оңтайлы жауапқа қол жеткізгенге дейін ең жоғары 200 мг/тәу демеуші дозамен 1–2 апта сайын ең жоғары 0,6 мг/кг/тәу ұлғайтылуы мүмкін

Ламотриджинмен фармакокинетикалық өзара әрекеттесуі қазіргі уақытта белгісіз дәрілік препараттарды қабылдайтын пациенттерде, ламотриджинді вальпроаттармен біріктіріп қолдану үшін ұсынылған дозалау режимін пайдалану керек.

* ЕСКЕРТПЕ: Балалар үшін ұсынылған дозалау режиміне таблеткалар түрінде ағымдағы дозалармен қол жетпеуі мүмкін.

Емдік дозаны демеуді қамтамасыз ету үшін баланың дене салмағын бақылау және препарат дозасын өзгерту кезінде түзету қажет. Қосымша ем аясында эпилепсияны бақылауға қол жеткеннен кейін қатарлас эпилепсияға қарсы препараттар (ЭҚП) тоқтатылуы және Риджинол® препаратын қабылдау монотерапия түрінде жалғастырылуы мүмкін.

2 жасқа толмаған балалар

1 айдан 2 жасқа дейінгі балалардағы парциальді ұстамалардың қосымша емі ретінде ламотриджинді қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректер шектеулі. 1 айға толмаған балаларда қолдану туралы деректер жоқ.

Биполярлық аффективтік бұзылыс

18 жастан бастап ересектер үшін дозаны арттыру режимі және ұсынылатын демеуші дозалар төмендегі кестелерде келтірілген. Дозалаудың өтпелі режимі демеуші тұрақтандырушы дозаға дейін 6 апта ішінде ламотриджин дозасын арттыруды қамтиды (4-кесте), одан кейін клиникалық көрсетілімдер болған кезде басқа психотроптық препараттарды және/немесе ЭҚП тоқтатуға болады (5-кесте). Басқа психотроптық препараттарды және/немесе ЭҚП қосқаннан кейінгі дозаларды түзету төменде келтірілген (6-кесте). Бөртпенің пайда болу қаупі салдарынан препараттың бастапқы дозасын және дозаны арттырудың кейінгі режимін арттырмаған жөн.

4-кесте. 18 жастан бастап ересектерде биполярлық аффективтік бұзылысты емдеу кезінде демеуші тәуліктік тұрақтандырушы дозаға қол жеткізу үшін дозаны жоғарылатудың ұсынылатын режимі

Дозалау режимі

1+ 2 апталар

3 + 4 апталар

5 апта

Мақсатты тұрақтандырушы доза (6 апта)*

Ламотриджинмен монотерапия НЕМЕСЕ вальпроаттарСЫЗ және ламотриджин глюкуронизациясының индукторларынСЫЗ қосымша ем:

Аталған дозалау режимін ламотриджиннің глюкуронизациясын аса тежемейтін және индукцияламайтын басқа препараттармен қолдану керек

25 мг/тәу (1 қабылдауға)

50 мг/тәу (1 немесе 2 қабылдауға)

100 мг/тәу (1 немесе 2 қабылдауға )

200 мг/тәуоңтайлы жауап үшін әдеттегі мақсатты доза (тәулігіне 1 немесе 2 қабылдауға). 100 мг/тәу - 400 мг/тәу дейінгі аралықтағы дозалар клиникалық зерттеулерде қолданылды.

ВальпроаттарМЕН (ламотриджин глюкуронизациясының тежегіші) қосымша ем:

Аталған дозалау режимін басқа қатарлас емге қарамастан вальпроаттармен пайдалану керек

12,5 мг/тәу (күнара 25 мг/тәу тағайындайды

25 мг/тәу (1 қабылдауға)

50 мг/тәу (1 немесе 2 қабылдауға)

100 мг/тәу оңтайлы жауап үшін әдеттегі мақсатты доза (тәулігіне 1 немесе 2 қабылдауға). Клиникалық жауапқа байланысты тәулігіне 200 мг ең жоғары тәуліктік доза қолданылуы мүмкін.

ВальпроаттарСЫЗ және ламотриджин глюкуронизациясының индукторларыМЕН қосымша ем:

Аталған дозалау режимін вальпроатсыз, бірақ фенитоинмен, карбамазепинмен, фенобарбиталмен, примидонмен, рифампицинмен, лопинавирмен/ритонавирмен қолдану керек

50 мг/тәу (1 қабылдауға )

100 мг/тәу (2 қабылдауға)

200 мг/тәу (2 қабылдауға)

300 мг/тәу емнің 6 аптасында, қажет болса оңтайлы жауапқа қол жеткізу үшін емнің 7 аптасында дозаны тәулігіне 400 мг ұлғайтады (2 қабылдауға ).

Ламотриджинмен фармакокинетикалық өзара әрекеттесуі қазіргі уақытта белгісіз дәрілік препараттарды қабылдайтын пациенттерде ламотриджинді вальпроаттармен біріктіріп қолдану үшін ұсынылған дозаны жоғарылату режимін пайдалану керек.

* Мақсатты тұрақтандырушы доза клиникалық жауапқа байланысты өзгереді.

5-кесте. Қатарлас препараттарды тоқтатқаннан кейін биполярлық аффективтік бұзылысты емдеу үшін 18 жастан асқан ересектерде демеуші тұрақтандыратын жалпы тәуліктік доза

Мақсатты тәуліктік демеуші тұрақтандырушы дозаға қол жеткізгеннен кейін басқа психотроптық препараттар төмендегі дозалау сызбасында көрсетілгендей тоқтатылуы мүмкін.

Дозалау режимі

Ламотриджиннің ағымдағы тұрақтандырушы дозасы (тоқтату алдында)

1 апта (тоқтатудың басы)

2 апта

3 апта және одан әрі*

Ламотриджиннің бастапқы дозасына байланысты вальпроатты (ламотриджин глюкуронизациясының тежегіші) тоқтату:

Вальпроатты тоқтатқаннан кейін ұлғаю деңгейін аптасына 100 мг-ден асырмай тұрақтандырғыш дозаны екі есе арттыру керек

100 мг/тәу.

200 мг/тәу.

2 қабылдауға 200 мг/тәу дозаны сақтау керек

200 мг/тәу.

300 мг/тәу.

400 мг/тәу.

400 мг/тәу дозаны сақтау керек

Ламотриджин глюкуронизациясының индукторларын ламотриджиннің бастапқы дозасына байланысты тоқтату:

Аталған дозалау режимін фенитоин, карбамазепин, фенобарбитал, примидон, рифампицин, лопинавир/ритонавирді тоқтатқаннан кейін қолдану керек

400 мг/ тәу.

400 мг/ тәу.

300 мг/ тәу.

200 мг/ тәу.

300 мг/ тәу.

300 мг/ тәу.

225 мг/ тәу.

150 мг/ тәу.

200 мг/ тәу.

200 мг/тәу.

150 мг/ тәу.

100 мг/ тәу.

Ламотриджиннің глюкуронизациясын онша тежемейтін немесе индукцияламайтын препараттарды тоқтату:

Аталған дозалау режимін ламотриджиннің глюкуронизациясын онша тежемейтін және индукцияламайтын басқа препараттарды тоқтатқаннан кейін қолдану керек

Дозаны арттыру режимі үдерісінде қол жеткізілген мақсатты дозаны сақтау керек (200 мг/тәу 2 қабылдауға; дозалар диапазоны 100-ден 400 мг/тәу дейін)

Ламотриджинмен фармакокинетикалық өзара әрекеттесуі қазіргі уақытта белгісіз дәрілік препараттарды қабылдайтын пациенттерде ламотриджиннің ағымдағы дозасын ұстап тұру ұсынылады және ламотриджиннің дозасын таңдауды клиникалық жауап негізінде жүргізу қажет.

Қажет болса дозаны 400 мг/тәу дейін ұлғайтуға болады

6-кесте. Басқа препараттар қосылғаннан кейін 18 жастан бастап ересектерде биполярлық аффективтік бұзылысты емдеу кезінде тәуліктік дозаларды түзету

Басқа препараттарды қосқаннан кейін Риджинол® препаратының тәуліктік дозаларын түзетудің клиникалық тәжірибесі жоқ. Алайда препараттардың өзара әрекеттесуін бағалау бойынша зерттеулер негізінде келесі ұсыныстарды қалыптастыруға болады (6-кесте).

Дозалау режимі

Ламотриджиннің ағымдағы тұрақтандырушы дозасы (қосқанға дейін)

1-апта (қосудың басы)

2 апта

3 апта және әрі қарай

Ламотриджиннің бастапқы дозасына байланысты вальпроатты (ламотриджин глюкуронизациясының тежегіші) қосу:

Аталған дозалау режимін басқа қатарлас емге қарамастан вальпроатты қосу кезінде қолдану керек

200 мг/тәу.

100 мг/тәу.

100 мг/тәу дозаны сақтау керек

300 мг/тәу.

150 мг/тәу.

150 мг/тәу дозаны сақтау керек

400 мг/тәу.

200 мг/тәу.

200 мг/тәу дозаны сақтау керек

Вальпроатты ҚАБЫЛДАМАЙТЫН пациенттерде ламотриджин глюкуронизациясының индукторларын қосу:

Аталған дозалау режимін фенитоин, карбамазепин, фенобарбитал, примидон, рифампицин, лопинавир/ритонавир қосылған кезде вальпроатты қолданбай пайдаланған жөн

200 мг/тәу.

200 мг/тәу.

300 мг/тәу.

400 мг/тәу.

150 мг/тәу.

150 мг/тәу.

225 мг/тәу.

300 мг/тәу.

100 мг/тәу.

100 мг/тәу.

150 мг/тәу.

200 мг/тәу.

Ламотриджиннің глюкуронизациясын едәуір индукциялайтын немесе тежейтін әсері жоқ басқа препараттарды қосу:

Аталған дозалау режимін ламотриджиннің глюкуронизациясын онша тежемейтін және индукцияламайтын басқа препараттарды қосу кезінде пайдаланған жөн

Дозаны арттыру режимі үдерісінде қол жеткізілген мақсатты дозаны сақтау керек (200 мг/тәу; дозалар диапазоны 100-ден 400 мг/тәу дейін)

Ламотриджинмен фармакокинетикалық өзара әрекеттесуі қазіргі уақытта белгісіз дәрілік препараттарды қабылдайтын пациенттерде ламотриджинді вальпроаттармен біріктіріп қолдану үшін ұсынылған дозалау режимін пайдалану керек.

Биполярлық аффективтік бұзылысы бар пациенттерде Риджинол® препаратын тоқтату

Клиникалық зерттеулер жүргізу кезінде ламотриджинді бірден тоқтату плацебомен салыстырғанда жағымсыз реакциялардың жиілігінің, ауырлығының ұлғаюын немесе сипатының өзгеруін туындатпады. Осылайша, пациенттерге Риджинол® препаратын оның дозасын біртіндеп төмендетусіз тоқтатуға болады.

Балалар мен 18 жасқа толмаған жасөспірімдер

Риджинол® препараты балалар мен 18 жасқа толмаған жасөспірімдерде биполярлық аффективтік бұзылысты емдеу үшін ұсынылмайды, өйткені препаратты тоқтату бойынша рандомизацияланған зерттеулерде маңызды тиімділік көрсетілмеді және суицидтік мінез-құлық туралы хабарламалар санының артуы байқалды.

Риджинол® препаратын пациенттердің ерекше топтарында дозалау бойынша жалпы нұсқаулар

Гормондық контрацептивтерді қабылдайтын әйелдер

Этинилэстрадиол/левоноргестрел біріктірілімін қолданғанда (30 мкг/150 мкг) ламотриджин клиренсі шамамен екі есе жоғарылайды, бұл ламотриджин деңгейінің төмендеуіне әкеледі. Ең жоғарғы емдік жауапқа жету үшін дозаны титрлеуден кейін ламотриджиннің жоғарғы демеуші дозасы қажет болуы мүмкін (екі есе ұлғайғанға дейін). Контрацептивті қолданбаған бір апта ішінде ламотриджин деңгейінің екі есе артуы байқалды. Дозаға байланысты жағымсыз реакциялардың туындауын жоққа шығаруға болмайды. Сондықтан бірінші желінің емі ретінде контрацептив (мысалы, тұрақты гормондық контрацептивтер немесе гормондық емес әдістер) қолданылмайтын аптаны қамтымайтын ұрықтануға қарсы дәрілерді қабылдау мүмкіндігін қарастыру керек.

Гормондық контрацептивтерді ламотриджиннің демеуші дозасын алып жүрген және ламотриджин глюкуронизациясының индукторларын АЛМАЙТЫН пациент әйелдердің қолдануды бастауы

Көптеген жағдайларда ламотриджиннің демеуші дозасын арттыру талап етіледі, 2 еседен артық емес. Гормондық контрацептивтерді қолдану басталған сәттен бастап жеке клиникалық жауапқа байланысты ламотриджин дозасын апта сайын 50–100 мг арттыру ұсынылады. Егер пациенттің клиникалық жағдайы Риджинол® препаратының дозасын одан әрі арттыруды талап етпесе, бұл дозаны арттырмаған жөн. Ламотриджиннің бастапқы деңгейінің сақталуын растау үшін гормондық контрацептивтерді қолдану басталғанға дейін және одан кейін қан сарысуындағы ламотриджин деңгейін өлшеу мүмкіндігін қарастыру керек. Қажет болса дозаға түзету жүргізу керек. Белсенді препарат қолданылмайтын бір аптаны («контрацептив қолданбайтын апта») қамтитын гормондық контрацептивтерді қабылдайтын әйелдерде белсенді препаратты қабылдаудың 3-аптасында, яғни таблеткаларды қабылдау циклының 15-21 күндері аралығында қан сарысуындағы ламотриджин деңгейіне бақылау жүргізу керек. Сондықтан бірінші желінің емі ретінде контрацептив (мысалы, тұрақты гормондық контрацептивтер немесе гормондық емес әдістер) қолданылмайтын аптаны қамтымайтын ұрықтануға қарсы дәрілерді қабылдау мүмкіндігін қарастыру керек.

Гормондық контрацептивтерді ламотриджиннің демеуші дозасын алып жүрген және ламотриджин глюкуронизациясының индукторларын АЛМАЙТЫН пациент әйелдердің қолдануды тоқтатуы

Көптеген жағдайларда ламотриджиннің демеуші дозасын төмендету талап етіледі, бірақ 50 %-дан артық емес. Егер пациенттің клиникалық жағдайы өзге тәсілді талап етпесе, апта сайын (төмендеу жылдамдығы аптасына тәуліктік дозаның 25%-ынан аспауы тиіс) ламотриджиннің тәуліктік дозасын тәулігіне 50100 мг-ге біртіндеп 3 апта бойы төмендету ұсынылады. Ламотриджиннің бастапқы деңгейін ұстап тұруды растау үшін гормондық контрацептивтерді қолдануды тоқтатқанға дейін және одан кейін қан сарысуындағы ламотриджин деңгейін өлшеу мүмкіндігін қарастыру керек. Белсенді препарат қолданылмайтын бір аптаны («контрацептив қолданбайтын апта») қамтитын гормондық контрацептивтерді қабылдауды тоқтатуды қалайтын әйелдерде белсенді препаратты қабылдаудың 3-аптасында, яғни таблеткаларды қабылдау циклының 15-21 күндері аралығында қан сарысуындағы ламотриджин деңгейіне бақылау жүргізу керек. Контрацептивтік дәріні қабылдауды түпкілікті тоқтатқаннан кейін ламотриджин деңгейін бағалауға арналған қан үлгілерін таблеткаларды қабылдауды тоқтатқаннан кейін бірінші апта ішінде жинамаған жөн.

Гормондық контрацептивтерді бұрыннан қабылдап жүрген пациент әйелдерде ламотриджин қолдануды бастау

Дозаны арттыруды кестелерде ұсынылған қолдану бойынша әдеттегі ұсыныстарға сәйкес жүргізу керек.

Ламотриджинді демеуші дозаларда бұрыннан қабылдайтын және ламотриджинді глюкурондау индукторларын ҚАБЫЛДАЙТЫН пациенттерде гормондық контрацептивтерді қолдануды бастау және тоқтату

Ламотриджиннің ұсынылған демеуші дозасын түзету қажет болмауы мүмкін.

Атазанавир/ритонавир біріктірілімімен қолдану

Атазанавир/ритонавирмен жүргізіліп жатқан емге ламотриджин қосылған жағдайда ламотриджин дозасын жоғарылатудың ұсынылған сызбасын түзету қажеттілігі жоқ.

Ламотриджиннің демеуші дозасын бұрыннан қабылдайтын және глюкуронизация индукторларын қолданбайтын пациенттерде атазанавир/ритонавир біріктірілімі қосылған кезде ламотриджин дозасын арттыру немесе атазанавир/ритонавир біріктірілімін қолдану тоқтатылған жағдайда ламотриджин дозасын төмендету қажеттілігі туындауы мүмкін. Ламотриджин дозасын түзету қажеттілігін анықтау мақсатымен қан плазмасындағы ламотриджин деңгейіне атазанавир/ритонавир біріктірілімін қолдану басталғанға дейін және басталған соң немесе тоқтатылған соң 2 апта ішінде бақылау жүргізу керек.

Лопинавирмен/ритонавирмен бірге қолдану

Лопинавирмен/ритонавирмен жүргізіліп жатқан емге ламотриджин қосылған жағдайда ламотриджин дозасын жоғарылатудың ұсынылған сызбасын түзету қажеттілігі жоқ. Ламотриджиннің демеуші дозасын бұрыннан қабылдайтын және глюкуронизация индукторларын қолданбайтын пациенттерде лопинавир/ритонавир біріктірілімі қосылған кезде ламотриджин дозасын арттыру немесе лопинавир/ритонавир біріктірілімін қолдану тоқтатылған жағдайда ламотриджин дозасын төмендету қажеттілігі туындауы мүмкін. Ламотриджин дозасын түзету қажеттілігін анықтау мақсатымен қан плазмасындағы ламотриджин деңгейіне лопинавир/ритонавир біріктірілімін қолдану басталғанға дейін және басталған соң немесе тоқтатылған соң 2 апта ішінде бақылау жүргізу керек.

Пациенттердің ерекше топтары

Егде жастағы (65 жастан асқан) пациенттер

Ұсынылған сызбамен салыстырғанда дозалау режимін түзету қажет емес. Осы жас тобындағы ламотриджиннің фармакокинетикасы егде емес жастағы ересектердегіден айтарлықтай ерекшеленбейді.

Бүйрек функциясынның бұзылуы бар пациенттер

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге Риджинол® препаратын абайлап тағайындау керек. Бүйрек жеткіліксіздігі терминальді сатыдағы пациенттерде Риджинол® препаратының бастапқы дозасын пациент қабылдайтын қатарлас дәрілік препараттарға байланысты есептеу керек. Бүйрек функциясының едәуір бұзылуы бар пациенттерде демеуші дозаларды азайту тиімді болуы мүмкін.

Бауыр функциясынның бұзылуы бар пациенттер

Бастапқы, үдеуші және демеуші дозаларды әдетте бауыр функциясының орташа дәрежеде бұзылуы бар (Чайлд-Пью шкаласы бойынша В сатысы) пациенттерде шамамен 50%-ға және ауыр (Чайлд-Пью шкаласы бойынша С сатысы) бұзылуы бар пациенттерде 75%-ға азайту керек. Үдеуші және демеуші дозаларды клиникалық жауапқа байланысты түзету керек.

Қолдану тәсілі

Ішке қабылдауға арналған

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Симптомдары

Өлімге ұшырау жағдайларын қоса, ламотриджинді ең жоғары емдік дозасынан 1020 есе асып кететін дозаларда бір мезгілде қабылдау туралы хабарланды. Артық дозалану нистагм, атаксия, сананың бұзылуы, қатты құрысулар және кома сияқты симптомдардың дамуына әкелді. Артық дозалануы бар пациенттерде QRS кешенінің кеңеюі де (қарыншаішілік өткізгіштіктің баяулауы) байқалды. QRS ұзақтығының 100 мсекундтан артық созылуы неғұрлым ауыр дәрежедегі уытты әсермен байланысты болуы мүмкін.

Емі

Артық дозалану жағдайында пациентті ауруханаға жатқызу керек, оған тиісті демеуші ем көрсетілуі тиіс. Егер көрсетілімдер болса, сіңуін азайтуға бағытталған ем жүргізу қажет (белсендірілген көмір). Әрі қарай емдеу жүрек өткізгіштігіне әлеуетті ықпалына назар аудара отырып клиникалық көрсетілімдерге сәйкес жүргізіледі. Натрий бикарбонатына реакциясы жеткіліксіз кардиоуыттылықты емдеу үшін венаішілік липидтік емді қолдануды қарастыруға болады. Артық дозалануды емдеу ретінде гемодиализ қолдану тәжірибесі жоқ. Бүйрек жеткіліксіздігі бар алты еріктіде 4 сағаттық гемодиализ сеансы кезінде ламотриджиннің 20%-ы организмнен шығарылды.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар

Қабылданбай қалған дозаның орнын толтыру үшін екі есе дозаны қабылдамаңыз.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар

Дәрілік препаратты қолданар алдында кеңес алу үшін дәрігерге жүгініңіз.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар

Эпилепсия және биполярлық аффективтік бұзылыстар бойынша препаратты қолдануға байланысты жағымсыз реакциялар бақыланатын клиникалық зерттеулердің қол жетімді деректеріне және басқа клиникалық тәжірибеге негізделген. Жиілік санаттары бақыланатын клиникалық зерттеулердің нәтижелері негізінде қалыптасқан (эпилепсия монотерапиясы († деп белгіленген) және биполярлық аффективтік бұзылыстар (§ деп белгіленген)). Егер жиілік санаттары эпилепсияның және биполярлық аффективтік бұзылыстың клиникалық зерттеулерінде ерекшеленсе, жиіліктің анағұрлым сирек нұсқасы көрсетілген. Алайда, бақыланатын клиникалық зерттеу деректері болмаған жағдайда жиілік санаттары басқа клиникалық тәжірибе негізінде қалыптастырылды.

Төменде ұсынылған жағымсыз реакциялар ағзалар мен ағза жүйелерінің зақымдануына және кездесу жиілігіне сәйкес тізбеленген. Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау келесі критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥1/100- < 1/10 дейін), жиі емес (≥1/1000 - < 1/100 дейін), сирек (≥ 1/10000 - < 1/1000 дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес).

Өте жиі

  • тері бөртпесі 5†§

  • бас ауыруы†§

Жиі

  • озбырлық, ашушаңдық

  • ұйқышылдық†§, бас айналуы†§, тремор†, ұйқысыздық , қозу§

  • жүрек айнуы, құсу, диарея, ауыздың құрғауы§

  • артралгия§

  • шаршау, ауыру§, арқаның ауыруы§

Жиі емес

  • атаксия†

  • диплопия†, анық көрмеу†

  • алопеция

  • фотосезімталдық реакциясы

Сирек

  • нистагм†

  • асептикалық менингит

  • конъюнктивит

  • Стивенс–Джонсон синдромы§

Өте сирек

  • нейтропенияны, лейкопенияны, анемияны, тромбоцитопенияны, панцитопенияны, аплазиялық анемияны, агранулоцитозды қоса, гематологиялық бұзылулар1.

  • гематофагоциттік лимфогистиоцитоз (ГФС)

  • аса жоғары сезімталдық синдромы2 (қызба, лимфаденопатия,

беттің ісінуі, гематологиялық бұзылыстар, бауыр және бүйрек

тарапынан бұзылулар, диссеминацияланған тамырішілік ұю,

көп ағзалық жеткіліксіздік сияқты симптомдарды қоса)

  • сананың шатасуы, елестеулер, тартулар (моторлық және/немесе дыбыстық тартулар)

  • тепе-теңдіктің бұзылуы, қимыл-қозғалыс бұзылыстары,

Паркинсон ауруы ағымының нашарлауы3, экстрапирамидалық

бұзылыстар, хореоатетоз, ұстамалар жиілігінің жоғарылауы.

  • бауыр жеткіліксіздігі, бауыр функциясының бұзылуы4, бауырдың функционалдық сынамалары көрсеткіштерінің жоғарылауы

  • уытты эпидермалық некролиз

  • эозинофилиямен және жүйелі симптомдармен дәрілік бөртпе

  • жегі тәрізді реакциялар

Белгісіз

  • лимфаденопатия1, псевдолимфома

  • гипогаммаглобулинемия

  • қорқынышты түстер көру

  • тубулоинтерстициальді нефрит және увеит

Жекелеген жағымсыз реакциялардың сипаттамасы

1 Гематологиялық бұзылыстар және лимфаденопатия аса жоғары сезімталдық синдромымен байланысты болуы және болмауы мүмкін (Иммундық жүйе тарапынан бұзылыстарды қараңыз).

2 Сондай-ақ, қызба, лимфаденопатия, бет ісінуі, гематологиялық бұзылыстар және бауыр тарапынан бұзылыстарды қоса, әртүрлі жүйелі симптомдармен үйлескен аса жоғары сезімталдық синдромы аясында дамитын бөртпе жағдайлары туралы хабарламалар алынды. Синдром клиникалық ауырлықтың кең ауқымымен сипатталады және сирек жағдайларда диссеминацияланған тамырішілік ұюдың және көп ағзалық жеткіліксіздіктің дамуына әкелуі мүмкін. Аса жоғары сезімталдықтың ерте көріністері (мысалы, қызба, лимфаденопатия) тіпті айқын бөртпе болмаған кезде де байқалуы мүмкін екенін айта кету маңызды. Мұндай белгілер мен симптомдар болған жағдайда, егер баламалы этиологияны анықтау мүмкін болмаса, пациентті дереу тексеру және Риджинол® препаратын қолдануды тоқтату керек.

3 Аталған реакциялар клиникалық практиканың басқа көздерінің деректерін ұсынады. Паркинсон ауруы бар пациенттерде ламотриджин паркинсонизм симптомдарын нашарлатуы мүмкін екені туралы хабарламалар алынды, сондай-ақ осы фондық ауруы жоқ пациенттерде экстрапирамидалық бұзылулар және хореоатетоз туралы жеке хабарламалар тіркелді.

4 Бауыр функциясының бұзылуы әдетте аса жоғары сезімталдық реакцияларына байланысты дамиды, бірақ аса жоғары сезімталдықтың айқын белгілерінсіз жағдайлар туралы жеке хабарламалар алынды.

5 Клиникалық зерттеулерде ересектердің қатысуымен тері бөртпелері ламотриджин алған пациенттердің 8–12%-да және плацебо алған пациенттердің 5–6%-да кездесті. Тері бөртпелері 2% пациентте ламотриджинмен емдеуді тоқтатуға алып келді. Бөртпе, әдетте, макулопапулездік сипаттағы, емдеу басталғаннан кейін сегіз апта ішінде пайда болады және Риджинол® препаратын қолдануды тоқтатқаннан кейін басылады.

Стивенс-Джонсон синдромын, уытты эпидермалық некролизді (Лайелл синдромы) және эозинофилиямен және жүйелі симптомдармен дәрілік

реакцияны (DRESS) қоса, өмірге қауіп төндіруі ықтимал күрделі бөртпе оқиғалары тіркелген. Көптеген жағдайларда реакциялар ламотриджинді тоқтатқаннан кейін басылғанына қарамастан, кейбір пациенттерде қайтымсыз тыртықтар қалды және сирек жағдайларда реакциялар өлімге әкелді.

Бөртпенің жалпы пайда болу қаупі келесі факторлармен тығыз байланысты:

  • ламотриджиннің жоғары бастапқы дозалары және ламотриджинмен емдеу кезінде дозаны жоғарылатудың ұсынылған сызбасынан асыру

  • вальпроатты қатар қолдану.

Сондай-ақ әртүрлі жүйелі симптомдармен үйлескен аса жоғары сезімталдық синдромы аясында дамитын бөртпе туралы хабарламалар алынды (Иммундық жүйе тарапынан бұзылуларды қараңыз).

Пациенттерді ламотриджинмен ұзақ емдеген кезде сүйек тінінің минералды тығыздығының төмендеуі, остеопения, остеопороз және сынулар туралы хабарламалар алынды. Ламотриджиннің сүйек метаболизміне әсер ететін механизмі анықталмаған.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препарат құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - ламотриджин, 25.00 мг немесе 50.00 мг,

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, лактоза моногидраты, повидон, магний стеараты

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Ақ немесе ақ дерлік түсті, жалпақ цилиндр пішінді, бір жағында ойығы, екінші жағында – ойығы және крест түріндегі фирмалық логотипі бар таблеткалар.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

3 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Дәрілік препараты бар қорапшалар картон қораптарға салынады.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші туралы мәліметтер

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Рашидов к-сі, 81

Телефон нөмірі +7 7252 (610151)

Автожауапбергіш нөмірі +7 7252 (561342)

Электронды пошта complaints@santo.kz

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Рашидов к-сі, 81

Телефон нөмірі +7 7252 (610151)

Автожауапбергіш нөмірі +7 7252 (561342)

Электронды пошта complaints@santo.kz

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Рашидов к-сі, 81

Телефон нөмірі 7252 (610150)

Электронды пошта: phv@santo.kz; infomed@santo.kz

Прикрепленные файлы

Риджинол_ЛВ_21112023.docx 0.13 кб
ИМП_Риджинол_08.11_.2023(1)_.docx 0.1 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники