Риджинол® (25 мг)

МНН: Ламотриджин
Производитель: Химфарм АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Lamotrigine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019647
Период регистрации: 20.05.2015 - 20.05.2020
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 46.1 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Риджинол®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Ламотриджин

Дәрілік түрі

25 мг, 50 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 25.0 мг немесе 50.0 мг ламотриджин,

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, лактоза моногидраты, коповидон (Коллидон VA-64), натрий крахмалы гликоляты, магний стеараты (немесе кальций стеараты).

Сипаттамасы

Жалпақ цилиндр пішінді, бір жағында ойығы, екінші жағында крест түріндегі фирмалық логотипі мен ойығы бар ақ немесе ақ дерлік түсті таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Эпилепсияға қарсы препараттар

Эпилепсияға қарсы басқа да препараттар

Ламотриджин

АТХ коды N03АX09

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңірілуі Ламотриджин ішектен тез және толық сіңеді. Плазмада ең жоғарғы концентрацияға препаратты ішке қабылдағаннан кейін шамамен 2,5 сағаттан соң жетеді. Ең жоғарғы концентрациясына жету уақыты тамақтанудан кейін сәл артады, бірақ сіңірілу деңгейі өзгеріссіз қалады. Фармакокинетикасы 450 мг дейінгі дозада қабылдағанда дозаға тәуелді сипатта болады.Таралуы

Ламотриджиннің плазма ақуыздарымен байланысу дәрежесі 55%, бұл плазмалық протеиндердің орын басуына байланысты препарат уыттылығына әсерінің ықтималдығы аздығын айғақтайды. Таралу көлемі - 0,92-1,22 л/кг.

Метаболизмі

Ламотриджиннің метаболизміне глюкуронилтрансфераза ферменті қатысады. Ламотриджин өзінің жеке метаболизмін дозаға байланысты біршама дәрежеде күшейтуі мүмкін. Дегенмен, ламотриджиннің эпилепсияға қарсы басқа препараттардың фармакокинетикасына әсері анықталмады және ламотриджин мен Р450 цитохромы жүйесі арқылы метаболизденетін басқа препараттардың арасында өзара әрекеттесулер ықтималдығы аз.

Шығарылуы

Ересектердегі ламотриджин клиренсі орташа алғанда 30 мл/мин (39±14 мл/мин) құрайды. Ламотриджин несеппен шығарылатын глюкуронидтерге дейін метаболизденеді. Препараттың 10%-дан азы несеппен өзгермеген түрде, 2%-ға жуығы – нәжіспен шығарылады. Клиренсі және жартылай шығарылу кезеңі дозаға тәуелді емес. Ламотриджиннің жартылай шығарылу кезеңі (Т1/2) орташа 33 сағатты (24-тен 35 сағатқа дейін) құрайды және қатарлас қабылданатын препараттарға байланысты. Осылайша, жартылай шығарылу кезеңі карбомазепинмен және фенитоинмен бірге тағайындағанда 14 сағатқа дейін азаяды және вальпроатпен бірге тағайындағанда 70 сағатқа дейін ұлғаяды.

Жильбер синдромы бар пациенттерді зерттегенде бақылаумен салыстырғанда орташа клиренсінің 32%-ға төмендегені анықталды, бірақ мәні негізінде популяцияға арналған диапазон шегінде болды.

Балалар

Дене салмағы бойынша есептелген ламотриджин клиренсі ересектерге қарағанда балаларда жоғары; ол 5 жасқа дейінгі балаларда жоғарырақ. Балалардағы ламотриджиннің жартылай шығарылу кезеңі әдетте ересектерге қарағанда қысқалау. Осылайша орташа көрсеткіші карбомазепин және фенитоин сияқты энзим индукциялаушы препараттармен бірге тағайындағанда 7 сағатқа жуықты құрайды және вальпроатпен тағайындағанда 45-50 сағатты құрайды.

Егде жастағы пациенттер

Қолда бар деректер жас пациенттермен салыстырғанда егде жастағы науқастарда ламотриджин клиренсінде елеулі айырмашылық жоқтығын көрсетеді.

Бүйрек функциясы бұзылуы бар пациенттер

Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде және гемодиализде жүрген пациенттерде ламотриджин клиренсінің орташа мәні 0,42 мл/мин/кг (созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі), 0,33 мл/мин/кг (гемодиализ сеансы аралығында) және 1,57 мл/мин/кг (гемодиализ кезінде) құрайды. Бүйрек функциясы қалыпты пациенттердегі 26,2 сағатпен салыстырғанда орташа жартылай шығарылу кезеңі тиісінше 42,9 сағатты, 57,4 сағатты және 13,0 сағатты құрайды. Гемодиализдің 4 сағаттық сеансы барысында организмнен

20%-ға жуық (5,6 – 35,1%) ламотриджин шығарылады. Осылайша, бүйрек функциясы бұзылуында ламотриджиннің бастапқы дозасы эпилепсияға қарсы препараттарды тағайындаудың стандартты сызбасына сәйкес есептеледі.

Бауыр функциясы бұзылуы бар пациенттер

Жеңіл, орташа және ауыр дәрежелі (Чайлд-Пью шкаласы бойынша А, B және C сатысы) бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде ламотриджин клиренсінің орташа көрсеткіші бауыр функциясы қалыпты пациенттердегі 0.34 мл/мин/кг салыстырғанда тиісінше 0.31, 0.24 және 0.10 мл/мин/кг құрайды.

Жалпы алғанда, ламотриджин дозасы бауыр жеткіліксіздігі орташа дәрежелі пациенттерде 50%-ға және ауыр дәрежелі бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде 75%-ға төмендетілуі тиіс. Бастапқы және арттырылатын дозасы жүргізілетін емге клиникалық жауапқа байланысты түзетілуі тиіс.

Фармакодинамикасы

Риджинол® нейрон жарғақшаларының синапс маңындағы потенциалға тәуелді натрий өзекшелерінің блокаторы болып табылады. Риджинол® нейрондардың тұрақты қайталанатын белсенуін бәсеңдетеді және эпилепсиялық ұстамалар дамуында шешуші рөлі бар нейромедиатор – глутамат босап шығуын тежейді.

Биполярлық бұзылыстардағы ламотриджиннің емдік әсерін қамтамасыз ететін механизм анықталмаған. Өзара әрекеттесулері натрий өзекшелерінің ширығуымен болжанады.

Қолданылуы

Эпилепсия

Ересектер және 13 жастан асқан балалар:

- тонусты-клонустық құрысуларды қоса, парциальді және жайылған ұстамалардың монотерапиясында немесе біріктірілген ем құрамында,

- Леннокс – Гасто синдромына байланысты құрысуларды: қосымша ем құрамында немесе Леннокс-Гасто синдромының бастапқы біліну жағдайында базалық эпилепсияға қарсы дәрі ретінде.6 жастан 12 жасқа дейінгі балалар: - тонусты-клонустық құрысуларды, Леннокс – Гасто синдромына байланысты құрысуларды қоса, парциальді және жайылған ұстамалардың біріктірілген емі құрамында. Біріктірілген ем арқылы эпилепсияны бақылауға қол жеткізгеннен кейін, эпилепсияға қарсы басқа препаратар тоқтатылуы мүмкін және ем Риджинол® препаратымен монотерапия режимінде жалғастырылуы мүмкін - типтік абсанстардың монотерапиясында

Биполярлық бұзылыстар

- депрессиялық фазасы басым 18 жастан үлкен пациенттерде (депрессияның, манияның, гипоманияның, аралас патологияның алдын алу).

Риджинол® жедел манияны немесе депрессиялық көріністерді емдеуге арналмаған.

Қолдану тәсілі мен дозалары

Таблеткаларды судың азғантай мөлшерімен тұтастай жұту керек, таблеткаларды шайнауға немесе бөлшектеуге болмайды.

Егер ламотриджиннің есептік дозасы (мысалы, эпилепсиядан зардап шегетін балаларды емдеу үшін немесе бауыр функциясы бұзылуы бар пациенттерде) тұтас таблеткалар санына сәйкес келмесе, ішуге арналған доза тұтас таблетканың аз санына тең сан болып табылады.

Эпилепсия

Ересектердегі және 13 жастан асқан балалардағы монотерапия

Риджинол® препаратының монотерапиясындағы бастапқы ең жоғары тәуліктік дозасы 2 апта бойына тәулігіне бір рет 25 мг құрайды, әрі қарай оңтайлы емдік әсерге және оңтайлы демеуші дозаға қол жеткенше әрбір 1-2 аптада ең жоғарысы 50-100 мг арттыру керек.

Стандартты демеуші дозасы тәулігіне бір немесе екі қабылдауға бөлінген 100-200 мг құрайды. Кейбір пациенттерге емдік әсерге қол жеткізу үшін Риджинол® препаратының талап етілетін дозасы тәулігіне 500 мг құрайды.

Ересектердегі және 13 жастан асқан балалардағы біріктірілген ем

Риджинол® препаратымен және вальпроатпен басқа эпилепсияға қарсы препараттармен (ЭҚП) үйлесімдегі немесе онсыз ем

Вальпроатты басқа ЭҚП үйлесімде немесе онсыз қабылдайтын пациенттер үшін Риджинол® препаратының бастапқы дозасы 2 апта ішінде күн ара 25 мг құрайды, одан әрі қарай - 2 апта ішінде тәулігіне бір рет 25 мг-ден. Содан кейін дозасы әр 1-2 аптада ең жоғарысы тәулігіне 25-50 мг –ге оңтайлы емдік әсерге қол жеткенше ұлғайтылады. Стандартты демеуші дозасы тәулігіне бір немесе екі қабылдауға бөлінген 100-200 мг құрайды.

Риджинол® препаратының басқа эпилепсияға қарсы препараттармен (вальпроатты қоспағанда) және бауыр ферменттерін индукциялайтын препараттармен (мысалы, фенитоин, карбамазепин, фенобарбитал, примидон, рифампицин, лопинавир/ритонавир) үйлесімдегі емі

Риджинол® препаратының бастапқы дозасы 2 апта бойына тәулігіне бір рет 50 мг, одан әрі қарай –2 апта бойына екі рет қабылдауға бөлінген 100 мг/тәулік құрайды. Одан кейінгі дозасы әр 1-2аптада ең жоғарысы 100 мг дейін оңтайлы емдік әсерге қол жеткенше ұлғайтылады. Стандартты демеуші дозасы тәулігіне екі қабылдауға бөлінген 200-400 мг құрайды. Кейбір пациенттерге емдік әсерге қол жеткенше тәулігіне 700 мг доза талап етілуі мүмкін.

Риджинол® препаратының бауыр ферменттеріне елеулі тежегіш әсер етпейтін басқа медициналық препараттармен үйлесімдегі емі

Риджинол® препаратының бастапқы дозасы 2 апта бойына тәулігіне бір рет 25 мг, одан әрі қарай – 2 апта бойына 50 мг/тәулік құрайды. Содан кейін дозасы әр 1-2 аптада ең жоғарысы 50-100 мг-ге оңтайлы емдік әсерге қол жеткенше ұлғайтылады. Препарат дозасы әрбір 1-2 аптада ең жоғарысы 50-100 мг-ге оңтайлы демеуші дозаға қол жеткенше ұлғайтылуы мүмкін. Стандартты демеуші дозасы тәулігіне бір немесе екі қабылдауға бөлінген 100-200 мг құрайды.

1 кесте. Ересектерде және 13 жастан асқан балалардағы эпилепсияны емдеудегі Риджинол® препаратын дозалау режимі

Емдеу сызбалары

1+2-ші апта

3+4- ші апталар

Стандартты демеуші доза

Монотерапия

тәулігіне 25 мг

(күніне бір рет)

тәулігіне 50 мг

(күніне бір рет)

тәулігіне 100 – 200 мг

(күніне бір немесе екі рет)

Доза әрбір 1-2 аптада 50-100 мг-ге оңтайлы демеуші дозаға қол жеткенше ұлғайтылады.

Вальпроатпен біріктірілген ем

Бұл дозалау режимі басқа дәрілік заттарды қабылдауға байланыссыз вальпроатпен үйлесімде пайдаланылады

тәулігіне 12,5 мг

(немесе 25 мг күн ара)

тәулігіне 25 мг

(күніне бір рет)

тәулігіне 100 – 200 мг

(күніне бір немесе екі рет)

Доза әрбір 1-2 аптада 25-50 мг-ге оңтайлы демеуші дозаға қол жеткенше ұлғайтылады.

Эпилепсияға қарсы басқа препараттармен (вальпроатты қоспағанда) және бауыр ферменттерін индукциялайтын препараттармен ем

Біріктірілген ем

(фенитоин, карбамазепин, фенобарбитал, примидон, рифампицин, лопинавир/ритонавир)

тәулігіне 50 мг

(күніне бір рет)

тәулігіне 100 мг

(күніне екі рет)

тәулігіне 200 – 400 мг

(күніне екі рет)

Доза әрбір 1-2 аптада 100 мг-ге оңтайлы демеуші дозаға қол жеткенше ұлғайтылады.

Бауыр ферменттеріне әсер етпейтін басқа препараттармен біріктірілген ем

Бұл дозалау режимі басқа бауыр ферменттеріне елеулі тежегіш әсер етпейтін медициналық препараттарды қабылдағанда пайдаланылады

тәулігіне 25 мг

(күніне бір рет)

тәулігіне 50 мг (күніне бір рет)

тәулігіне 100 – 200 мг

(күніне бір немесе екі рет)

Доза әрбір 1-2 аптада 50-100 мг-ге оңтайлы демеуші дозаға қол жеткенше ұлғайтылады.

Басқа препараттар

Риджинол® препаратымен өзара әрекеттесулері белгісіз құрысуға қарсы препаратар қабылдайтын пациенттерде вальпроат натрий бар Риджинол® қабылдайтын пациенттерге арналған доза ұлғайту сызбасын қолдану ұсынылады

Бөртпе пайда болуынан аулақ болу үшін бастапқы доза және кейінгі дозалары ұсынылғаннан аспауы тиіс.

6 жастан 12 жасқа дейінгі балалар

Риджинол® дозасы бала салмағына байланысты.

Риджинол® препаратымен типтік абсанстар монотерапиясы

Риджинол® препаратының бастапқы дозасы күніне 0,3 мг/кг 2 апта бойына бір немесе екі қабылданады; одан әрі қарай күніне – 0,6 мг/кг, сол сияқты келесі 2 апта бойына бір немесе екі қабылданады. Препарат дозасы ең жоғарысы күніне 0,6 мг/кг әрбір 1-2 аптада оңтайлы демеуші дозаға қол жеткенше ұлғайтылуы мүмкін. Тәуліктік ең жоғары демеуші дозасы бір немесе екі қабылданатын 200 мг құрайды.

Бөртпе пайда болуынан аулақ болу үшін бастапқы доза және кейінгі дозалары ұсынылғаннан аспауы тиіс.

6 жастан 12 жасқа дейінгі балалардағы эпилепсияның біріктірілген емі

Эпилепсияға қарсы басқа препараттармен немесе онсыз, Риджинол® препаратымен және вальпроатпен үйлесімдегі ем

Риджинол® препаратының бастапқы дозасы 2 апта бойына тәулігіне бір рет 0,15 мг/кг, одан әрі қарай –2 апта бойына тәулігіне бір қабылданатын 0,3 мг/кг құрайды. Содан кейін дозаны ең жоғарысы 0,3 мг/кг –ге әрбір 1-2 аптада оңтайлы емдік әсерге қол жеткенше ұлғайтылуы тиіс, стандартты демеуші доза бұл арада тәулігіне бір немесе екі қабылданатын 1-5 мг/кг құрайды. Ең жоғары тәуліктік дозасы тәулігіне - 200 мг.

Эпилепсияға қарсы басқа препараттармен (вальпроатты қоспағанда) және бауыр ферменттерін индукциялайтын дәрілік препараттармен Риджинол® препаратының емі

Риджинол® препаратының бастапқы дозасы 2 апта бойына тәулігіне екі қабылданатын 0,6 мг/кг; одан әрі қарай –2 апта бойына тәулігіне екі қабылданатын дене салмағына қарай 1,2 мг/кг құрайды. Содан кейін дозаны ең жоғарысы 1,2 мг/кг –ге әрбір 1-2 аптада оңтайлы емдік дозаға қол жеткенше ұлғайтылады. Стандартты демеуші дозасы тәулігіне екі қабылдауға бөлінген 5-15 мг/кг құрайды. Ең жоғары тәуліктік дозасы - 400 мг/тәулік.

Бауыр ферменттеріне елеулі тежегіш әсер етпейтін басқа медициналық препараттармен үйлесімдегі Риджинол® препаратының емі

Риджинол® препаратының бастапқы дозасы 2 апта бойына күніне бір немесе күніне екі қабылданатын 0,3 мг/кг; сондай-ақ одан әрі қарай –2 апта бойына күніне бір немесе күніне екі қабылданатын 0,6 мг/кг құрайды. Препарат дозасы ең жоғарысы күніне 0,6 мг/кг әрбір 1-2 аптада оңтайлы демеуші дозаға қол жеткенше ұлғайтылады. Стандартты демеуші дозасы тәулігіне бір немесе екі қабылдауға бөлінген 1-10 мг/кг құрайды.

Тәуліктік ең жоғары дозасы тәулігіне - 200 мг.

6 –дан 12 жасқа дейінгі жастағы балалар үшін Риджинола дозасы баланың дене салдмағына қарай кг есептеледі.

2 кесте. 6 –дан 12 жасқа дейінгі балалар үшін эпилепсияны емдеудегі Риджинол® препаратының дозалау режимі

Емдеу сызбалары

1+2-ші апта

3+4- ші апта

Стандартты демеуші доза

Типтік абсанстердің монотерапиясы

тәулігіне

0,3 мг/кг/ (күніне бір немесе екі рет)

тәулігіне

0,6 мг/кг/

(күніне бір немесе екі рет)

1-15 мг/кг/сут

(күніне бір немесе екі рет)

Препарат дозасы ең жоғарысы күніне 0,6 мг/кг әрбір 1-2 аптада

100 мг оңтайлы демеуші дозаға қол жеткенше ұлғайтылады.

Тәуліктік ең жоғары дозасы – тәулігіне 200 мг

Вальпроатпен біріктірілген емі

Бұл дозалау режимі басқа дәрілік заттарды қабылдауға байланыссыз

вальпроатпен үйлесімде

пайдаланылады

тәулігіне

0,15 мг/кг/*

(күніне бір рет)

тәулігіне

0,3 мг/кг

(күніне бір рет)

тәулігіне

1-5 мг/кг

(күніне бір немесе екі рет)

Препарат дозасы ең жоғарысы күніне 0,3 мг/кг әрбір 1-2 аптада 100 мг оңтайлы демеуші дозаға қол жеткенше ұлғайтылады.

Тәуліктік ең жоғары дозасы – тәулігіне 200 мг

Эпилепсияға қарсы басқа препараттармен (вальпроатты қоспағанда) және бауыр ферменттерін индукциялайтын препараттармен біріктірілген ем

Бұл дозалау режимі

мысалы

фенитоин, карбамазепин, фенобарбитал, примидон, рифампицин, лопинавир/ ритонавир

препараттарымен біріктірілімде

пайдаланылады

тәулігіне

0,6 мг/кг/ (күніне екі рет)

тәулігіне

1,2 мг/кг

(күніне екі рет)

тәулігіне

5-15 мг/кг

(күніне бір немесе екі рет)

Препарат дозасы ең жоғарысы күніне 1,2 мг/кг әрбір 1-2 аптада 100 мг оңтайлы демеуші дозаға қол жеткенше ұлғайтылады.

Тәуліктік ең жоғары дозасы – тәулігіне 200 мг

Бауыр ферменттеріне әсер етпейтін басқа препараттармен біріктірілген ем

Бұл дозалау режимі

бауыр ферменттеріне елеулі тежегіш әсер етпейтін басқа

медициналық

препараттар қабылдағанда пайдаланылады

тәулігіне

0,3 мг/кг

(күніне бір немесе екі рет)

тәулігіне

0,6 мг/кг

(күніне бір немесе екі рет)

тәулігіне

1-10 мг/кг

(күніне бір немесе екі рет).

Препарат дозасы ең жоғарысы күніне 0,6 мг/кг әрбір 1-2 аптада 100 мг оңтайлы демеуші дозаға қол жеткенше ұлғайтылады.

Тәуліктік ең жоғары дозасы – тәулігіне 200 мг

Ламотриджинмен өзара әрекеттесулері белгісіз медициналық препараттар қабылдайтын пациенттерге ламотриджинді вальпроатпен бір мезгілде қолдануға қатысты ұсынылатын сияқты емдеу сызбасын қолдану керек.

* Егер вальпроат қабылдайтын пациенттердегі тәуліктік доза есебі 1 мг немесе одан астамды, бірақ 2 мг азды құраса, алғашқы екі апта бойына күн ара Риджинол® препаратының 2 мг таблеткасын қабылдауға рұқсат етіледі.

Егер вальпроат қабылдайтын пациенттердегі тәуліктік доза есебі

1 мг азды құраса, онда Риджинол® қабылдау ұсынылмайды.

Бөртпе пайда болуынан аулақ болу үшін бастапқы доза және кейінгі дозалары ұсынылғаннан аспауы тиіс.

Демеуші емдік дозаны қамтамасыз ету үшін баланың салмағын бақылау керек және салмағы өзгергенде дозасын түзету керек.

Егер эпилепсиялық бақылауға қосымша ем қолданумен қол жетсе, қатарлас ЭҚП тоқтатылуы мүмкін және пациенттер емді Риджинол® қолданумен монотерапия көмегімен жалғастыра алады.

Биполярлық бұзылыстар

Риджинол® 18 жасқа жетпеген адамдардағы биполярлық бұзылыстарды емдеу үшін қолданылмайды.

Бөртпе пайда болуынан аулақ болу үшін бастапқы доза және кейінгі дозалары ұсынылғаннан аспауы тиіс.

3 кесте. 18 жастан асқан адамдардағы биполярлық бұзылыстардағы дозалау режимі

Емдеу сызбалары

1-2-ші апта

3-4- ші апта

5- ші апта

Тұрақтандыратын доза

(6-шы аптадан)*

Риджинол® монотерапиясы немесе

бауыр ферменттері метаболизміне әсер етпейтін препараттармен біріктірілімде

тәулігіне

25 мг

(күніне бір рет)

тәулігіне

50 мг

(күніне бір немесе екі рет)

тәулігіне

100 мг

(күніне бір немесе екі рет)

тәулігіне

200 мг

(күніне 1 немесе 2 рет)

Клиникалық зерттеулерде тәулігіне

100 - 400 мг пайдаланылды

Вальпроатпен біріктірілімдегі ем

тәулігіне

12,5 мг

(25 мг-ден күн ара тағайын-дау)

тәулігіне

25 мг

(күніне бір рет)

тәулігіне

50 мг

(күніне бір немесе екі рет)

тәулігіне

100 мг

(күніне 1 немесе 2 рет).

Тәуліктік ең жоғары дозасы – 200 мг

Бауыр ферменттерін индукциялайтын **(вальпроатты қоспағанда) эпилепсияға қарсы препараттармен біріктірілген ем

тәулігіне

50 мг (күніне бір рет)

тәулігіне

100 мг (күніне екі рет)

тәулігіне

200 мг

(күніне екі рет)

6 апта емде 300 мг (екі рет қабылдауға).

Қажет болғанда – 7 апта емде екі бөліп қабылданатын 400 мг дозаға дейін ұлғайтылады.

* Тұрақтандыратын доза клиникалық әсерге байланысты өзгереді

** мысалы: фенитоин, карбамазепин, фенобарбитал, примидон және басқалары

Риджинол® препаратымен өзара әрекеттесулері белгісіз құрысуға қарсы препараттар қабылдайтын пациенттерде Риджинол® препаратын вальпроат натриймен қабылдайтын пациенттердегі сияқты доза ұлғайту сызбасын қолдану керек.

Тәуліктік демеуші тұрақтандыратын дозаға қол жеткізген сәтте басқа психотроптық препараттар тоқтатылуы мүмкін (4 кестесін қараңыз).

Ересектер және 18 жастан асқан балалар

4 кесте. Қатарлас психотроптық немесе эпилепсияға қарсы препараттарды тоқтатқаннан кейінгі биполярлық бұзылыстардағы Риджинол® препаратының тұрақтандыратын тәуліктік дозасы

Емдеу сызбалары

Қазіргі сәтте қабылда-натын тұрақтан-дыратын доза

1 апта

2 апта

3 және одан әрі қарай апталар*

Вальпроатты тоқтатқаннан кейін:

тұрақтандыратын дозаны аптасына 100 мг асырмай екі еселеу.

тәулігіне

100 мг

тәулігіне

200 мг

Дозаны тәулігіне екі рет қабылданатын 200 мг сақтау керек*

тәулігіне

200 мг

тәулігіне

300 мг

тәулігіне

400 мг

тәулігіне

400 мг дозаны ұстап тұру керек

Бауыр ферменттерін индукциялайтын (мысалы, карбамазепин, фенобарбитал, примидон, рифампицин, лопинавир/ритонавир) ЭҚП тоқтатқаннан кейін бастапқы дозасына қарай

тәулігіне

400 мг

тәулігіне

400 мг

тәулігіне

300 мг

тәулігіне

200 мг

тәулігіне

300 мг

тәулігіне

300 мг

тәулігіне

225 мг

тәулігіне

150 мг

тәулігіне

200 мг

тәулігіне

200 мг

тәулігіне

150 мг

тәулігіне

100 мг

Басқа психотроптық препараттар немесе ламотриджинмен өзара әрекеттесулері белгісіз сипаттағы ЭҚП (мысалы, литий, бупропион) тоқтатқаннан кейін

Демеуші доза - тәулігіне

200 мг (екі рет бөліп қабылданатын)

(100 мг-ден 400 мг дейін)

*қажет болғанда доза тәулігіне 400 мг дейін ұлғайтылуы мүмкін Эпилепсияға қарсы ламотриджинмен өзара әрекеттесулерінің сипаттамасы белгісіз препараттар қабылдайтын пациенттерге Риджинол® препаратын вальпроатпен қабылдағандағы сияқты доза ұлғайту сызбасы ұсынылады. Риджинол® препаратына қатарлас препараттарды тоқтатқанда бұрынғы демеуші дозасы сақталуы тиіс.

5 кестеде Риджинол® препаратының монотерапиясына басқа препараттар қосылған жағдайдағы биполярлық бұзылыстарда дозалау бойынша ұсыныстар берілген.

Ересектер және 18 жастан асқан балалар

5 кесте . Риджинол® препаратына басқа препараттар қосылғаннан кейінгі биполярлық бұзылыстарда дозалау сызбасы

Емдеу сызбалары

Қазіргі сәтте қабылда-натын тұрақтан-дыратын доза

1апта

2 апта

3 және одан кейінгі апталарда

Риджинол® препаратының бастапқы дозасына байланысты

вальпроат қосу

тәулігіне

200 мг

тәулігіне

100 мг

Дозаны сақтау керек

(тәулігіне

100 мг)

тәулігіне

300 мг

тәулігіне

150 мг

Дозаны сақтау керек

(тәулігіне

150 мг)

тәулігіне

400 мг

тәулігіне

200 мг

Дозаны сақтау керек

(тәулігіне

200 мг)

Риджинол® препаратының бастапқы дозасына байланысты ЭҚП (вальпроатты қоспағанда) және бауыр ферменттерін индукциялайтын препараттарды (мысалы, фенитоин, карбамазепин, фенобарбитон, примидон және басқаларын) қосу

тәулігіне

200 мг

тәулігіне

200 мг

тәулігіне

300 мг

тәулігіне

400 мг

тәулігіне

150 мг

тәулігіне

150 мг

тәулігіне

225 мг

тәулігіне

300 мг

тәулігіне

100 мг

тәулігіне

100 мг

150 мг

200 мг

Бауыр ферменттеріне елеулі тежегіш әсер етпейтін басқа

медициналық препараттарды қосу

Тәулігіне екі бөліп қабылданатын 200 мг демеуші дозаны сақтау керек (100 мг-ден 400 мг дейін)

Эпилепсияға қарсы ламотриджинмен өзара әрекеттесулерінің сипаттамасы белгісіз препараттар қабылдайтын пациенттерге Риджинол® препаратын вальпроатпен қабылдағандағы сияқты доза ұлғайту сызбасы ұсынылады. Биполярлық бұзылулар кезінде Риджинол® препаратын тоқтату

Риджинол® препаратын күрт тоқтату плацебомен салыстырғанда кездесу жиілігінің ұлғаюын немесе жағымсыз реакциялар ауырлығын туындатпайды. Пациенттер Риджинол® препаратын оның дозасын біртіндеп төмендетусіз бірден тоқтатуы мүмкін.

18 жасқа дейінгі балалар

Риджинол® таблеткалары қауіпсіздігі бойынша деректер жеткіліксіздігінен бұл популяция үшін ұсынылмайды.

Риджинол® препаратын пациенттердің ерекше топтарында дозалау жөніндегі жалпы нұсқаулар

Гормональді контрацептивтерді қабылдап жүрген әйелдер

Этинилэстрадиола/ левоноргестрел (30 мг/150 мкг) біріктірілімін қолдану ламотриджин клиренсін екі есе дерлік ұлғайтады, бұл ламотриджин деңгейінің төмендеуіне әкеледі. Титрлеуден кейін, ламотриджиннің жоғарырақ (екі еседен астам) дозаларын демеп тұру ең жоғары емдік әсерге жету үшін қажет болуы мүмкін. Ұрықтануға қарсы таблеткаларды апта ішінде тоқтатқанда ламотриджин деңгейінің екі есе ұлғайғаны бақыланды. Дозалауға байланысты қолайсыз әсерлері жоққа шығарылмайды. Осылайша, емнің бірінші желісі ретінде препарат қабылдаусыз апта болуынсыз контрацептивтік әдістер (мысалы, үздіксіз гормональді контрацептивтер, немесе гормональді емес әдістер) пайдалануға назар аударылуы тиіс.

Риджинол® препаратының демеуші дозаларымен ем қабылдап жүрген және бауыр ферменттерін индукциялайтын препараттарды қолданбайтын пациент әйелдердің гормоналды контрацепцияны қолдануды бастауы

Риджинол® препаратының демеуші дозасы көп жағдайларда екі есе арттырылуы тиіс. Контрацептивтерді қабылдауды бастаған сәттен бастап жеке клиникалық жауапқа сәйкес әр аптада ламотриджиннің дозасын тәулігіне 50-100 мг ұлғайту ұсынылады. Жүргізілетін емге адекватты клиникалық жауап жағдайында дозалары ұсынылған шектен аспауы тиіс.

Ламотриджиннің сарысудағы концентрациясын гормональді контрацептивтерді қабылдауды бастағанға дейін және одан кейін өлшеуді қазіргі уақытта ламотриджиннің базалық концентрациясының ұстап тұрылуының расталуы деп санауға болады. Қажет болғанда дозаны бейімдеу керек. Белсенді емес емнің бір аптасы («таблетка қолданылмайтын апта») бар гормональді контрацептивтерді қабылдайтын әйелдерде ламотриджиннің сарысудағы деңгейін бақылау белсенді емнің 3-ші аптасы ішінде, яғни таблетка қабылдаудың 15-інен 21 күндері арасында жүргізілуі тиіс. Осылайша, емнің бірінші желісі ретінде таблетка қабылдаусыз апта болуынсыз контрацептивтік дәрілер (мысалы, үздіксіз гормональді контрацептивтер, немесе гормональді емес әдістер) пайдалануға назар аударылуы тиіс.

Риджинол® препаратының демеуші дозаларымен емделіп жүрген және бауыр ферменттерін индукциялайтын препараттарды қолданбайтын

пациенттердің гормональді контрацептивтерді қабылдауды тоқтатуы

Риджинол® препаратының демеуші дозасы көп жағдайларда жекелей клиникалық әсеріне сәйкес 50%-ға төмендетілуі тиіс. Оңтайлы клиникалық жауапқа жеткенге дейін препарат дозасын 3 апта бойына әр аптада 50-100 мг-ден төмендету ұсынылады.

Гормональді контрацептивтерді қолдануды тоқтатқанға дейін немесе одан кейін сарысудағы ламотриджин концентрациясын өлшеуді қазіргі уақытта ламотриджиннің базалық концентрациясының демеп тұрылуының расталуы деп санауға болады. Ішінде бір апта белсенді емес емі («Таблеткасыз апта») бар гормональді контрацептивтерді қолдануды тоқтатқысы келетін әйелдердегі сарысудағы ламотриджин деңгейін бақылау белсенді емнің 3-ші аптасында, яғни таблетка қабылдау циклының 15-інен 21 күндері арасында жүргізілуі тиіс. Таблеткаларды қабылдауды тоқтатқаннан кейінгі бірінші апта ішінде ұрықтануға қарсы таблеткаларды тұрақты тоқтатқаннан кейін ламотриджин деңгейін бағалау үшін үлгі жинауға болмайды.

Ем бастағанға дейін гормональді контрацептивтер қабылдап жүрген әйелдерде Риджинол® препаратымен ем бастау

Жоғарыда келтірілген кестелерде сипатталғандай доза жоғарылатуды қалыпты ұсынылған дозаға сәйкес демеу керек.

Риджинол® препаратының демеуші дозасын осыған дейін қабылдап жүрген, сондай-ақ ламотриджин глюкуронидациясының индукторларын ҚАБЫЛДАЙТЫН пациенттердегі гормональді контрацептивтерді қабылдауды бастау және тоқтату

Ламотриджиннің ұсынылған демеуші дозасын түзету қажеттігі жоқ.

Атазанавирмен/ритонавирмен бірге қолданылуы

Атазанавир/ритонавирдің ламотриджиннің плазмалық концентрациясын төмендететіндігіне қарамастан Риджинол® препаратының ұсынылған дозасын түзетудің және монотерапияда немесе біріктірілген емде көрсетілген емдеу сызбасын өзгертудің қажеттігі жоқ. Глюкуронизация индукторларынсыз Риджинол® препаратының демеуші дозасын осыған дейін қабылдап жүрген пациенттерге атазанавир/ритонавир тағайындағанда ламотриджиннің дозасын ұлғайту немесе атазанавир/ритонавир тоқтатылған жағдайда оның азайтылуы талап етілуі мүмкін.

Лопинавирмен / ритонавирмен бірге қолдану

Лопинавирмен/ритонавирмен бұрыннан бар еміне қосқанда ламотриджиннің ұсынылған дозасын түзету қажеттігі жоқ.

Ламотриджиннің демеуші дозасын осыған дейін қабылдап жүрген және глюкуронидация индукторларын қабылдамайтын пациенттерде, Риджинол® дозасы егер лопинавир / ритонавир қосылатын болса ұлғайтылуы тиіс немесе егер лопинавир/ритонавир қолданылу тоқтатылса азайтылуы тиіс. Плазмадағы ламотриджин мониторингін Риджинол® дозасын түзету қажеттігін анықтау үшін қосқанға дейін және қосқаннан кейін 2 апта ішінде немесе лопинавир/ритонавир тоқтатылғаннан кейін жүргізу керек.

Риджинол®препаратын қабылдауды жаңғырту

Риджинол® препаратымен емді жаңғыртуда препараттың бастапқы жоғары дозаларын тағайындағанда ауыр дәрежелі тері бөртулері даму қаупіне байланысты, қандай да бір себептермен препарат қабылдауды тоқтатқан пациенттерде емдеуші дәрігер демеуші дозаны ұлғайту қажеттігін мұқият бағалауы тиіс.

Препаратты соңғы және болжамды қабылдау арасындағы аралық үлкен болған сайын тағайындалатын демеуші дозаны бағалау аса мұқият болуы тиістігін ескеру керек. Егер қабылдаудағы үзіліс ламотриджиннің жартылай шығарылуының бес кезеңіне тең көрсеткіштен астам болса (150 сағаттан астам) қабылдауды тоқтатқанға дейін анықталған демеуші дозамен бастау ұсынылады.

Егер ем бөртпе дамуы себепті тоқтатылса, егер қабылдаудың болжамды пайдасы мүмкін болатын қаупінен астам болмаса Риджинол® препаратын қабылдау жаңғыртылмауы тиіс.

Егде жастағы пациенттер (65 жастан асқан)

Препаратты дозалау сызбасын өзгерту қажет емес.

Бауыр функциясының бұзылуы

Бастапқы, арттырылатын және демеуші дозаларын орташа (Чайлд-Пью жіктеуі бойынша В дәрежесі) дәрежедегі жеткіліксіздігі бар пациенттерде 50%-ға және бауырдың ауыр (Чайлд-Пью жіктеуі бойынша С дәрежесі) дәрежедегі жеткіліксіздігі бар пациенттерде 75%-ға жуыққа азайту керек. Арттырылатын және демеуші дозалары пациенттің жекелей клиникалық жауабына байланысты түзетілуі тиіс.

Бүйрек функциясының бұзылуы

Бүйрек жеткіліксіздігінде пациенттерге Риджинол® енгізгенде сақ болу керек. Терминальді бүйрек жеткіліксіздігінде Риджинол® препаратының бастапқы дозасын эпилепсияға қарсы препараттарды тағайындаудың стандартты сызбасына сәйкес белгілейді. Бүйректің ауыр дәрежедегі жеткіліксіздігінде демеуші дозаны азайту ұсынылады.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі (>1/10), жиі (>1/100, <1/10), жиі емес (>1/1,000, <1/100), сирек (>1/10,000, <1/1,000), өте сирек (<1/10,000).

Жиілік санаты препаратты клиникалық зертетулер негізінде қалыптастырылды. Бақыланатын клиникалық сынақтардың деректері болмаған жағдайда санат жиілігі басқа клиникалық тәжірибеден алынды.

Өте жиі

- тері бөртпесі1,

- бас ауыру

- жүрек айнуы, құсу,

- ұйқышылдық, бас айналуы,

- диплопия, анық көрмеу

Жиі

- озбырлық, ашушаңдық

- ұйқышылдық, бас айналу, ұйқысыздық, тремор,қозу

- нистагм

- диарея, ауыз кеберсуі

-шаршау, ауыру

- атралгия, арқаның ауыруы

Сирек

- алопеция

- Стивенс-Джонсон синдромы2

- асептикалық менингит

- конъюнктивит

- атаксия

Өте сирек

- уытты эпидермалдық некролиз (Лайел синдромы), ДРЕСС- синдромы

- нейтропения, лейкопения, анемия, тромбоцитопения, панцитопения, апластикалық анемия, агранулоцитоз

- лимфоаденопатия

-қозу, өзін-өзі игере алмау, қозғалыс бұзылыстары, Паркинсон ауруы болғанда жай-күйі нашарлауы, экстрапирамидтік бұзылыстар, хореоатетоз, құрысу ұстамалары жиілеуі

- жыбырлап тартылу, елестеулер, сасқалақтау, түнгі қорқыныштар

- жегілік синдром

- бауырлық сынама көрсеткіштерінің жоғарылауы, бауыр функциясының бұзылуы, көбіне аса жоғары сезімталдық реакцияларымен астасқан бауыр жеткіліксіздігі, бірақ оқшауланған жағдайлары да кездесті.

- аса жоғары сезімталдық синдромы* (қызба, лимфаденопатия, беттің ісінуі,

гематологиялық бұзылулар, бауырдың зақымдануы, ДТҰ-синдром, полиағзалық жеткіліксіздік)

*Аса жоғары сезімталдық синдромы дамуының белгілері қызба, лимфоаденопатия, беттің ісінуі, гематологиялық бұзылулар және бауыр зақымдануы сияқты жүйелік симптомдармен астасқан тері бөртпесі болуы мүмкін. Аса жоғары сезімталдық синдромының ауырлығы кең ауқымда ауытқуы және сирек жағдайларда ДТҰ синдромы және полиағзалық зақымданулар дамуына әкелуі мүмкін. Аса жоғары сезімталдық синдромының ерте белгілері (қызба, лимфоаденопатия және т.б.) тері бөртпелерінсіз болуы мүмкіндігін ескеру маңызды және бұл жағдайда пациент жай-күйін бағалау үшін дереу дәрігерге қаралуы тиіс және бұл білінулердің басқаша этиологиясы болмаса Риджинол® препаратын қолдану тоқтатылуы тиіс.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- ламотриджинге немесе препараттың кез келген компоненттеріне жоғары сезімталдық

- 6 жасқа дейінгі эпилепсиясы бар балалар

- 18 жасқа дейінгі жастағы биполярлық бұзылулары бар пациенттер

- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактоза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы

- жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Өзара әрекеттесуіне зерттеулер тек ересек пациенттерде ғана жүргізілді.

Ламотриджин метаболизмінде глюкуронилтрансфераза ферменті қатысады. Ламотриджин кейбір дәрежеде дозаға қарай өз метаболизмін күшейтуі мүмкін. Дегенмен, олардың плазмалық концентрациясының елеусіз өзгерістеріне қарамастан, ламотриджиннің эпилепсияға қарсы басқа препаратардың фармакокинетикасына әсері анықталмады. Ламотриджин мен Р450цитохромы жүйесі арқылы метаболизденетін препараттармен өзара әрекеттесу ықтималдығы аз.

Ламотриджин

глюкуронидация-сын елеулі баяулататын препараттар

Ламотриджин

глюкуронидация-

сын елеулі индукциялайтын препараттар

Ламотриджин

глюкуронидациясын елеулі бәсеңдетпейтін және стимуляцияламайтын препараттар

Вальпроат

Фенитоин

Окскарбазепин

 

Карбамазепин

Фелбамат

 

Фенобарбитон

Габапентин

 

Примидон

Леветирацетам

 

Рифампицин

Прегабалин

 

Лопинавир/ритонавир

Топирамат

 

Этинилэстрадиол / левоноргестрел*

Зонисамид

 

Атазанавир/ритонавир

Литий

   

Бупропион

   

Оланзапин

   

Арипипразол

* Олар да фармакокинетикалық параметрлерге әсер етуі мүмкін болса да, басқа ішу арқылы қабылданатын контрацептивтер және емнің HRT әдістері зерттелмеген.

Эпилепсияға қарсы препараттармен өзара әрекеттесулері

Вальпроат ламотриджин глюкуронидациясын тежейді және ламотриджин

метаболизмін төмендетеді және ламотриджиннің орташа жартылай шығарылу кезеңін шамамен екі есеге дейін арттырады. Вальпроатпен қатарлас ем алатын пациенттер үшін емнің тиісті сызбасын пайдалану керек.

Эпилепсияға қарсы препараттар (фенитоин, карбамазепин, фенобарбитал, пиримидон), сондай-ақ парацетамол глюкуронидацияны индукциялайды, сонысымен Риджинол® метаболизмін жеделдетеді және оның жартылай шығарылу кезеңін 2 есеге қысқартады.

Фенитоинмен, карбамазепинмен, фенобарбитон немесе примидонмен қатарлас ем алушы пациенттер үшін емнің тиісті сызбасын пайдалану керек.

Карбамазепинмен емдеуге Риджинол® препаратын қосқанда, карбамазепиннің дозасын төмендеткенде жоғалатын бас айналу, атаксия, диплопия, анық көрмеу және жүректің айнуы болуы ықтимал.

Бұл симптомдар сондай-ақ окскарбазепин тағайындағанда да туындайды, оның дозасын төмендеткенде бұл симптомдар жойылады. 1200 мг окскарбазепинмен емдеуге 200 мг дозада Риджинол® препаратын қосу бұл препараттардың метаболизміне ықпалын тигізбейді.

Фелбаматпен емдеуге (күніне екі рет 1200 мг) Риджинол® препаратын 10 күн бойы күніне екі рет 100 мг дозада қосқанда, Риджинол® препаратының фармакокинетикасы өзгермейді.

Габапентинді бірге тағайындау ламотриджин клиренсіне әсер етпейді.

Риджинол® және леветирацетамды бірге қолдану екі препараттың фармакокинетикасына әсер етпеген.

Риджинол® еміне прегабалинді тәулігіне 3 рет 200 мг дозада қосу Риджинол® препаратының фармакокинетикасына әсер етпеген.

Топирамат Риджинол® препаратының плазмадағы концентрациясына ықпалын тигізбейді. Бірге қолданғанда топираматтың концентрациясы 15%-ға артады.

Тәулігіне 200-400 мг зонизамидті тәулігіне 150-500 мг Риджинол® препаратымен бірге 35 күн бойы қабылдау Риджинол® препаратының фармакокинетикасына айтарлықтай ықпалын тигізбейді.

Басқа да психикалық белсенді заттармен өзара әрекеттесулері

6 күн бойы тәулігіне екі рет 2 г дозада сусыз литий глюконатымен емдеуге тәулігіне 100 мг дозадағы Риджинол® препаратын қосқанда, литийдің фармакокинетикасы өзгермейді.

Бупропионды қайта қабылдау ламотриджин глюкурониді үшін “концентрация-уақыт арақатынасы қисығы астындағы ауданы” көрсеткішінің аз ғана жоғарылауын қоспағанда, Риджинол® препаратының фармакокинетикасына елеулі ықпал етпейді.

Риджинол® 200 мг дозада оланзапиннің фармакокинетикасына ықпалын тигізбейді.

Риджинол® препаратын тәулігіне ≥100 мг дозада арипипразолмен тәулігіне 30 мг дозада бірге қабылдағанда ламотриджиннің AUC және Cmax шамамен 10%-ға төмендегені бақыланды, бұның ерекше клиникалық мәні жоқ.

In vitro зерттеулері ламотриджиннің бірінші метаболиті 2-N-глюкуронид амитриптилинмен, бупропионмен, клонозепаммен, флуоксетинмен, галоперидолмен, лоразепаммен бірге тағайындағанда ең аз әсерге ұшырайтынын көрсетті.

Буфуралол метаболизмінің деректері ламотриджиннің CYP2D6 арқылы метаболизденетін препараттардың клиренсін төмендетпейді деп болжайды.

In vitro деректері ламотриджин клиренсіне клозапин, фенелзин, рисперидон, сертралин немесе тразодонды қатарлас тағайындау әсер етпейтіндігін көрсетті.

Риджинол® препаратының рисперидонмен бірге емі ұйқышылдық тудыруы мүмкін.

Гормоналды контрацептивтермен өзара әрекеттесулері

Гормоналды контрацептивтердің ламотриджин фармакокинетикасына әсері

Этинилэстрадиол/левоноргестрел біріктірілімі (30 мкг/150 мкг) ламотриджиннің клиренсінің шамамен 2 есеге артуына әкеледі, бұл арада оның AUC және Cmax тиісінше 52% және 39% төмендетеді.

Риджинол® препаратының және гормоналды контрацептивтердің біріктірлімі

левоноргестрел бөлінуінің орташа артуына және сарысудағы FSH және LH көрсеткіштерінің өзгеруіне әкеледі.

Сарысудағы ламотриджин деңгейі белсенді емес ем аптасы (оның ішінде "таблетка қабылдамайтын" апта) барысында артады, белсенді емес ем аптасы аяғында алдын ала дозаның концентрациясы бірге ем уақытындағыдан орташа шамамен екі есе жоғары.

Ламотриджиннің демеуші дозасы ұлғайтылуы, немесе көп жағдайларда басында немесе гормоналды контрацептивтерді қолдануды тоқтатқанда азайтылуы тиіс.

Ламотриджиннің гормоналды контрацептивтердің фармакокинетикасына әсері

300 мг ламотриджиннің тұрақты күйдегі дозасы біріктірілген ішу арқылы қабылданатын ұрықтануға қарсы дәрілердің этинилэстрадиолдық компонентінің фармакокинетикасына әсер етпейді. Левоноргестрелдің оральді клиренсінің орташа ұлғайғаны бақыланады, AUC және Cmax тиісінше 19% және 12%-ға орташа төмендеуіне әкеледі.

Сарысудағы прогестеронды өлшеу овуляцияның гормональді айғағы жоқтығын растаса да, сарысудағы FSH, LH және экстрадиол деңгейі өзгерістері кейбір әйелдерде аналық бездің гормональдік қызметін бәсеңдетуінің төмендегенін көрсетеді. Левоноргестрел клиренсінің орташа ұлғаюы және FSH және LH сарысулық деңгейдегі өзгерістерінің аналық бездің овуляторлық қызметіне әсері белгісіз. Күніне 300 мг басқа, ламотриджиннің басқа дозаларының әсері зерттелмеген және әйелдердің басқа гормоналдық препараттарымен зерттеулер жүргізілмеген.

Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесулері

Рифампицинмен бірге қабылдағанда ламотриджиннің клиренсін арттырады және оның жартылай шығарылу кезеңін төмендетеді, осыған байланысты бұл арада бауыр ферменттерін индукциялайтын препараттар біріктірілімі үшін көрсетілген Риджинол®дозалау режимі ұсынылады.

Лопинавир/ритонавирді бірге қолданғанда ламотриджиннің плазмалық концентрациясын екі есе дерлік төмендетеді, осыған байланысты бұл арада бауыр ферменттерін индукциялайтын препараттар біріктірілімі үшін көрсетілген Риджинол®дозалау режимі ұсынылады.

Атазанавир/ритонавирді (300 мг/100 мг) бірге қолданғанда AUC және Cmax - 32% және 6% тиісінше төмендетеді.

Зертханалық зерттеулердің бұл бағалаулары глюкуронидтің N(2)-метаболиті емес, потенциалды клиникалық елеулі концентрацияларда ламотриджиннің органикалық катиондық тасымалдаушысы 2 (OCT 2) тежегіші болып табылатындығын көрсетті. Бұл деректер ламотриджиннің бүйректің өзекшелік сөлінісін ОТС 2 ақуызы арқылы бәсеңдететінін көрсетеді, бұл осы механизм бойынша организмнен шығарылатын препараттардың плазмадағы концентрациясының жоғарылауын туындатуы мүмкін. Риджинол® және емдік индексі тар (дофетилид) ОТС 2 субстраттарын тағайындау ұсынылмайды.

Ламотриджинді бүйрекпен OCT2 механизмі арқылы шығарылатын дәрілік заттармен (мысалы: метформин, габапентин және варениклин) бірге қолдану бұл дәрілік заттардың қан плазмасындағы концентрациясы ұлғаюына әкелуі мүмкін. Бұның клиникалық мәні дәл анықталмаған, алайда бұл дәрілік заттар енгізілетін пациенттерге қатысты сақ болу керек.

Ламотриджин қабылдау жалғаноң нәтиже беріп, әсіресе фенциклидинге, дәрілік препараттың несептегі қалдық мөлшерін анықтауға әсер етуі мүмкін. Осыған байланысты оң нәтижелерді растау үшін аса арнайы баламалы әдістерді қолдану ұсынылады.

Айрықша нұсқаулар

Тері бөртпелері

Тері бөртпелерінің дамуы әдетте Риджинол® препаратымен емдеуді бастағаннан кейін бастапқы 8 апта ішінде білінеді. Көптеген жағдайларда тері бөртпелерінің айқындылығы мардымсыз және өздігінен кетеді, бірақ сонымен бірге пациентті ауруханаға жатқызуды және Риджинол® препаратын тоқтатуды қажет ететін (мысалы, Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермальді некролиз) күрделі жағдайлар байқалады.

Препаратты ұсынылған дозасында қабылдайтын эпилепсиясы бар пациенттерде ауыр бөртпелер кездесуінің жиілігі 1:500 (олардың жартысын

Стивенс-Джонсон синдромы бар пациенттер құрайды) құрайды; биполярлық бұзылыстары бар пациенттерде бұл көрсеткіш 1:1000 құрайды.

Балалар популяциясында ересектердегіге қарағанда бөртпелер қаупі жоғары (ауруханаға жатқызуды талап ететін жағдайлар 1: 100/300 құрады).

Тері бөртпелерінің алғашқы белгілері балаларда қателесіп инфекция ретінде қабылдануы мүмкін болғандықтан, дәрігерлер емдеудің бастапқы 8 аптасы ішінде бөртпелер мен қызба пайда болатын балаларда препаратқа жағымсыз реакцияның дамуы мүмкін екендігін ескеруі қажет.

Тері патологиясының туындау қаупі келесі жағдайларда артуы мүмкін:

- Риджинол® препаратының бастапқы жоғары дозасы немесе монотерапиядағы Риджинол® препаратының дозасының шамадан тыс ұлғаюы

- вальпроатпен қатарлас ем

Риджинол® препаратын басқа ЭҚП қабылдауға аллергиялық реакциялары бар пациенттерге тағайындағанда сақ болған жөн, өйткені Риджинол® препаратын қабылдағаннан кейін бөртпелердің даму қаупі мұндай пациенттерде үш есе жоғары болады.

Тері бөртпесі бар барлық пациенттердің жағдайына мұқият баға беру және бөртпелердің этиологиясы анықталғанға дейін Риджинол® қабылдауды тоқтату қажет. Риджинол® препаратын қабылдау, егер емдеу бөртпенің пайда болу себебінен тоқтатылса, егер қабылдаудың болжамды пайдасы ықтимал қаупінен басым болмаса, қайта жаңғыртылмауы тиіс.

Аса жоғары сезімталдық синдромының даму белгілері қызба, лимфоаденопатия, беттің ісінуі, гематологиялық бұзылулар, бауырдың зақымдануы және асептикалық менингит сияқты жүйелік симптомдармен астасқан тері бөртпесі болуы мүмкін. Аса жоғары сезімталдық синдромының ауырлығы кең ауқымда өзгеріп отыруы және, сирек жағдайларда, ДТҰ-синдромның дамуына және полиағзалық зақымдануға әкеп соғуы мүмкін. Аса жоғары сезімталдық синдромының ерте біліністері (қызба, лимфоаденопатия және т.б.) тері бөртпелерінсіз болуы мүмкін екендігін, және мұндайда пациент жағдайына баға беру үшін дереу дәрігерге қаралуы керектігін және осы біліністердің басқа этиологиясы жоқ болғанда Риджинол® препаратын қолдану тоқтатылуы тиіс екендігін есте сақтау маңызды.

Асептикалық менингит көп жағдайларда препаратты тоқтатқанда қайтымды болды, бірақ Риджинол® препаратын қайталап тағайындағанда кейбір жағдайларда бұл патология қайта жаңғырды және тез басталуымен және барысының ауыр болуымен сипатталды, осыған байланысты, егер оны қабылдау асептикалық менингиттің дамуы себебінен тоқтатылған болса, Риджинол® препаратын тағайындау ұсынылмайды.

Суицидтік қаупі

Эпилепсиясы бар пациенттерде депрессияның симптомдары және/немесе биполярлық бұзылыстар болуы мүмкін және бұндай пациенттер суицидке бейім болатын қауіп тобына жатады. Биполярлық бұзылыстары бар пациенттердің 25%-дан 50%-ға дейіні емделіп, соның ішінде Риджинол® препаратымен емделіп жүргені-жүрмегеніне қарамастан, кем дегенде бір рет өзін-өзі өлтіруге әрекет жасайды. Эпилепсиямен науқастар арасында суицидтің болу мүмкіндігі жоғарылығы туралы айғақтың дәлелі бар. Риджинол® препаратымен емделіп жүрген биполярлық бұзылыстары бар пациенттер әсіресе емдеу курсының басында немесе препараттың дозасын өзгерткенде жаңа симптомдар және суицид дамуын қоса, клиникалық нашарлау жағдайын анықтау үшін мұқият тексерілуі тиіс.

Анамнезінде суицидтік әрекеттер немесе өзін-өзі өлтіру туралы ойлар болған пациенттер, сондай-ақ жас пациенттер барлық емделу кезеңі ішінде дәрігердің мұқият бақылауында болуы тиіс. Науқастар өзін-өзі өлтіру туралы ойлаудың және/немесе өзіне зиян келтіргісі келудің жаңа белгілерінің пайда болуын қамтитын кез келген нашарлау жағдайы жөнінде дәрігерге шұғыл түрде айту керектігінен хабардар болуы тиіс. Мұндай жағдайларда дәрігер емдеу сызбасын өзгерту немесе препаратты тоқтату жөнінде шешім қабылдауы тиіс.

Гормоналдық контрацептивтер

Этинилэстрадиол/левоноргестрел (30 мкг/150 мкг) біріктірілімі ламотриджиннің клиренсінің ұлғаюына әкеледі, бұл оның плазмалық концентрациясын шамамен 2 есеге төмендетеді. Риджинол® препаратының жоғарырақ емдік дозалары (2 еседен астам) ең жоғарғы емдік әсерге қол жеткізу үшін қажет болуы мүмкін. Бауыр ферменттерінің индукторларын қабылдамаған және гормоналдық контрацептивтерді қабылдап жүрген әйелдерде, белсенді емес емдеудің 1 аптасын қоса (таблеткалардан бос апта), ламотриджин деңгейінің қысқа уақыттық біртіндеп артуы белсенді емес емдеу кезінде жүреді. Риджинол® мен гормоналдық контрацептивтерді біріктіріп қолданғанда левоноргестрел бөлінісінің орташа артуы мен сарысудағы FSH және LH өзгерістері жүреді. Бұл өзгерістердің овуляторлық белсенділікке ықпалы белгісіз. Бұл өзгерістер мүмкіндігі контрацептивтік тиімділігінің артуына әкелуі мүмкін. Риджинол® препаратымен емдеу аясында ішуге арналған гормоналдық контрацептивтерді қабылдап жүрген әйелдер дәрігерге етеккір оралымындағы кез келген өзгерістер туралы, сондай-ақ Риджинол® препаратымен емдеу аясында контрацептивтер қабылдауды бастауы және оны тоқтатуы туралы мәлімдеп отыруы тиіс.

Гормоналдық контрацептивтерді қабылдауды бастағанда және оны тоқтатқанда емдеуші дәрігер тарапынан мұқият мониторингі және көп жағдайларда - Риджинол® препаратының қабылданатын дозасын түзету керек. Басқа ішуге арналған контрацептивтер мен орын басу гормоналды емінің әсері зерттелмеген, бірақ олардың ламотриджин фармакокинетикасына ұқсас әсері болуы мүмкін.

Дигидрофолатредуктаза

Риджинол® препараты дигидрофолатредуктазаның әлсіз тежегіші болып табылады, және сондықтан ол ұзақ емдегенде фолаттар метаболизміне әсер етуі мүмкін. Алайда, тіпті ұзақ қолданған жағдайда да, Риджинол® препараты

гемоглобин құрамына, қанның формалық элементтерінің орташа көлеміне, сарысудағы (1 жылға дейінгі ұзақтықта қабылдағанда) немесе эритроциттердегі фолаттар концентрациясында (5 жылға дейінгі ұзақтықта қабылдағанда) күрделі өзгерістер туындатпайды.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Глюкуронид метаболиттерінің болжамды жинақталуы мүмкіндігіне байланысты сақтықпен қолдану керек.

Эпилепсиялық статусты қоса, кейбір жағдайларда ауыр құрысу ұстамалары кейде өліммен аяқталатын рабдомиолиз дамуына, полиағзалық дисфункцияға, диссеминацияланған тамырішілік қан ұюына әкеледі. Бұған ұқсас жағдай Риджинол® препаратымен ем аясында анықталды.

Құрамында ламотриджин болатын басқа препараттармен ем алатын пациенттерге Риджинол® препаратын дәрігер кеңесінсіз қабылдауға болмайды.

Риджинол® таблеткалары құрамында лактоза моногидраты бар. Сирек тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp-лактоза ферменті тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге бұл дәріні қабылдауға болмайды.

Эпилепсияда дозалау жөніндегі жалпы ұсыныстар

Риджинол® препаратымен бірге тағайындалған эпилепсияға қарсы препараттарды тоқтату, және керісінше, Риджинол® препараты бар біріктірілген емге басқа эпилепсияға қарсы препараттарды қосу сияқты емдегі кез келген өзгерістерде, мұндай жағдайларда ламотриджин фармакокинетикасының өзгеруі мүмкін екендігіне назар аудару қажет. Риджинол® препаратын күрт тоқтату, тоқтату синдромының дамуына байланысты, ұстамалардың жиілеуіне түрткі болуы мүмкін. Пациенттің жай-күйі препаратты шұғыл тоқтатуды қажет ететін (мысалы, тері бөртпелері пайда болған) жағдайлардан басқа кезде, Риджинол® препаратының дозасын 2 апта бойы біртіндеп азайтқан жөн.

Ауыр құрысу ұстамаларының, «эпилептикус статусын» қоса, кейде өліммен аяқталатын рабдомиолиз, мультиағзалық зақымданулар және ДТҰ-синдромы дамуына әкелуі мүмкіндігі туралы деректер бар. Бұған ұқсас жағдай Риджинол® препаратын қабылдау аясында анықталды.

Миоклонустық ұстамалар ламотриджин қолданылуымен асқынып кетуі мүмкін.

Типтік абсанстарды емдеу үшін ламотриджин қабылдаған балаларда оның тиімділігі барлық пациенттерде бірдей болуы мүмкін емес.

Балалардың дамуы

Ламотриджиннің балаларда бойы өсуіне, жыныстық жетілуге және когнитивті, эмоционалдық және мінез-құлық өзгерістеріне әсер етуі туралы ешбір дерек жоқ.

Биполярлық бұзылыстарға байланысты сақтық шаралары

Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

Антидепрессанттармен емдеу айқын депрессиялық бұзылыстары және басқа да психикалық бұзылыстары бар балалар мен жасөспірімдердегі суицидтік ойлар мен мінез-құлықтың туындау қаупінің жоғарылауымен байланысты.

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері

Емдеу кезеңінде жоғары зейін қоюды және психомоторлық реакциялардың жылдамдығын талап ететін аса қауіпті қызмет түрлерімен айналысудан бас тарту керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: препаратты ұсынылғанынан 10-20 есе астам дозада қабылдағанда өліммен аяқталғандары анықталды. Препаратты артық дозалағанда нистагм, атаксия, тонустық-клонустық құрысулар және кома, сондай-ақ QRS аралығының ұзаруы (қарыншаішілік өткізгіштік іркілісі) дамуы мүмкін.

Емі: ауруханаға жатқызу және уытсыздандыру емін жүргізу. Алғашқы көмекке асқазан шаю кіреді.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан салынған.

Пішінді ұяшықты 3 қаптамадан медициналық қолдануы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Қорапшалар картоннан жасалған топтық қаптамаға салынады.

Медициналық қолдануы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықтан алынған ақпаратты қорапшаға жазуға рұқсат етіледі.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші/ Қаптаушы

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Рашидов к-сі, 81

Тіркеу куәлігінің иесі

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөніндегі шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Рашидов к-сі, 81,

Телефон нөмірі +7 7252 (561342) Факс нөмірі +7 7252 (561342)

Электронды поштасы infomed@santo.kz

Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың қауіпсіздігіне тіркеуден кейінгі бақылауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Рашидов к-сі, 81,

Телефон нөмірі +7 7252 (561342) Факс нөмірі +7 7252 (561342)

Электронды поштасы infomed@santo.kz

1 Ересектердегі клиникалық сынақтарда, тері бөртпесі ламотриджин қабылдаған пациенттердің 8-12%-да және плацебо қабылдаған пациенттердің 5-6% -да бақыланды. Тері бөртпесі ламотриджин емі тобынан пациенттердің 2%-ының шығуына әкелді. Бөртпе әдетте сыртқы түріне қарай макулопапулярлы болды және ем басталғаннан кейін сегіз апта ішінде білінді, емді тоқтатуға әкелді.

Бөртпе туындауының жалпы қаупі, шамасы елеулі дәрежеде мыналарға байланысты:

  • ламотриджиннің бастапқы жоғары дозасы және ламотриджинмен емде ұсынылатын доза ұлғайтуды арттыру

  • вальпроатты бір уақытта қолдану.

2Өмірге қауіптілігі аса зор тері бөртпелері, оның ішінде Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермальді некролиз (Лайелл синдромы) туралы хабарламалар түспеген. Пациенттердің көпшілігі ламотриджинмен емді тоқтатқаннан кейін қалпына келсе де, кейбір пациенттерде қайтымсыз тыртықтану болады, сондай-ақ осыған байланысты өлімнің сирек жағдайлары тіркелген.

Прикрепленные файлы

064371771477976503_ru.doc 219.5 кб
497260601477977680_kz.doc 293 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники