Ривирин®

МНН: Рибавирин
Производитель: Абди Ибрахим Глобал Фарм ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ribavirin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№017878
Период регистрации: 03.06.2014 - 03.06.2019
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Предельная цена закупа в РК: 36.9 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Ривирин®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Рибавирин

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған 200 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат –200 мг рибавирин бар,

қосымша заттар: картоп крахмалы, натрий крахмалы гликоляты, микрокристалды целлюлоза, магний немесе кальций стеараты,

қабықтың құрамы: Опадрай II қызғылт (Понсо 4R (Е 124), FD&C Сары № 6/ «Күн батар түстес» сары FCF (Е 110), тальк, FD&C Көк № 2/индигокармин (Е 132), титанның қостотығы (Е 171), поливинил спирті, полиэтиленгликоль/ макрогол).

Сипаттамасы

Дөңгелек, екі жақ беті дөңес, ақшыл-қызғылт түстен қызғылт түске дейін болатын қабықпен қапталған, бір жақ бетінде сызығы бар таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Вирусқа қарсы тікелей әсер ететін препараттар. Нуклеозидтер және нуклеотидтер. Рибавирин.

АТХ коды J05AB04

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі: ішу арқылы қолданған кезде рибавирин асқазан-ішек жолында тез сіңеді. Мұндай кезде оның биожетімділігі 45%-дан астамды құрайды.

Таралуы: рибавирин плазмаға, тыныс жолдарының шырышты секреттеріне және эритроциттерге таралады. Енгізілгеннен кейін рибавирин трифосфатының үлкен мөлшері эритроциттерде жиналып, 4-ші күні тұрақты концентрацияға жетеді және бірнеше апта бойы сақталады. Жартылай таралу кезеңі 3,7 сағатты құрайды. Таралу көлемі (Vd) – 647-802 л. Курспен қабылдаған кезде рибавирин қан плазмасында үлкен мөлшерде жиналып қалады. Қайталап және бір рет қабылдаған кезде биожетімділігі көрсеткіштерінің (AUC – «концентрация\уақыт» қисығы астындағы аудан) арақатынасы 6-ға тең болады. Рибавириннің едәуір (67%-дан астам) концентрациясы, оны ұзақ уақыт қолданғаннан кейін цереброспинальді сұйықтықтардан табылуы мүмкін. Қан плазмасы ақуыздарымен аздап байланысады.

Қан плазмасында ең жоғары концентрацияға жету уақыты – 1 сағаттан 1.5 сағатқа дейін.

Қан плазмасында емдік концентрацияға жету уақыты қанның минуттық көлеміне байланысты болады.

Қан плазмасындағы ең жоғары концентрацияның (Смах) орташа шамасы препаратты әрбір 8 сағат сайын 200- 400 мг дозада қабылдағаннан кейін 1 аптаның соңында, тиісінше, 5 -11 мкмоль\л-ге жуықты құрайды.

Биотрансформациясы: рибавирин бауыр жасушаларында моно-, ди- және трифосфат түріндегі белсенді метаболиттерге фосфорланады, олар содан кейін 1,2,4 – триазолкарбоксамидке метаболизденеді (амидтік гидролиз трикарбоксил қышқылына және триазольді карбоксильді метаболит түзумен дерибозилдену).

Шығарылуы: рибавирин организмнен баяу шығарылады. 200 мг дозаны бір рет қабылдағаннан кейін жартылай шығарылу кезеңі (Т1/2) плазмадан 1 сағаттан 2 сағатқа дейінді және эритроциттерден 40 күнге дейінді құрайды. Курстық емді аяқтағаннан кейін Т1/2 300 сағатқа жуықты құрайды. Рибавирин және оның метаболиттері организмнен, негізінен, несеппен бірге шығарылады. Тек 10%-ы ғана нәжіспен бірге шығарылады. Рибавириннің 7%-ға жуығы өзгермеген күйінде 24 сағат ішінде және 10%-ы 48 сағат ішінде шығарылады.

Препаратты бүйрек жеткіліксіздігіне шалдыққан науқастар қабылдаған кезде рибавириннің AUC және Смах мәні артады, ол клиренсінің төмендеуімен жүзеге асады. Бауыр жеткіліксіздігіне шалдыққан науқастарда (А, В және С дәрежелі) рибавириннің фармакокинетикасы өзгермейді. Бір реттік дозасын құрамында майы бар аспен бірге қабылдағаннан кейін рибавириннің фармакокинетикасы елеулі түрде өзгереді (AUC және Смах 70%-ға артады). Рибавиринді плазмада тиімді концентрацияға жеткізу үшін препаратты аспен бірге қабылдау керек.

Фармакодинамикасы

Ривирин® препаратының белсенді заты, Рибавирин, вирустардың РНҚ- және ДНҚ- кейбіреулеріне қатысты белсенді, синтетикалық нуклеозидтік аналог болып табылады.

Жасушаларға тез енеді және вирус жұқтырған жасушалардың ішінде әсерін тигізеді. Жасуша ішінде рибавирин аденозинкиназамен моно-, ди- және трифосфатты метаболиттерге дейін оңай фосфорланады. Рибавирин трифосфаты – тұмау вирусы инозин-монофосфат-дегидрогеназасының, РНК-полимеразасының және ақпараттық РНҚ гуанилил-трансферазасының бәсекелес тежегіші, соңғысы ақпараттық РНҚ-қабықпен жабылуының тежелу үдерісімен білінеді. Бұл алуан түрлі әсерлер жасушаішілік гуанозин трифосфаты мөлшерінің едәуір төмендеуіне, сондай-ақ вирустық РНҚ мен ақуыз синтезінің басылуына әкеп соғады. Рибавирин жаңа вириондардың репликациясын тежейді, ол вирус жүктемесінің төмендеуін қамтамасыз етеді, қызметі қалыпты жасушалардағы РНҚ синтезін төмендетпей, вирустық РНҚ синтезін селективті түрде тежейді.

Вирустар- ДНҚ қатынасы өте белсенді: Herpes simplex вирусының 1 және 2 типтеріне, аденовирустарға, цитомегаловирусқа (ЦМВ), нағыз шешектің, Марек ауруының вирусына. Вирустар- РНҚ қатынасы белсенді: А, В тұмауының вирустарына, парамиксовирустарға (парагриптің, респираторлы-синцитиальді вирусына, эпидемиялық паротитке, ньюкасл ауруына), реовирустарға, аренавирустарға (Ласс қызбасының, боливиялық геморрагиялық қызбасының вирустарына), буньявирустарға (Рифт жазықтығы қызбасының вирусына, Қырым-Конго геморрагиялық қызбасының вирусына, бүйректік немесе пульмональді синдромы бар геморрагиялық қызбаны тудыратын хантавирустарға), онкогенндік РНҚ-вирустарға (адам папилломасы вирусына).

Рибавиринге ДНҚ-вирустары – желшешек, жалған құтырма вирусы, нағыз сиыр шешегі; РНҚ-вирустары - энтеровирустар, риновирустар, Семлика орманы энцефалитінің вирусы сезімтал емес.

Ривириннің® С гепатиті вирусына (HCV) қарсы белсенділігі бар. Фосфорлануына қарай жиналатын рибавирин трифосфаты гуанозин трифосфатының түзілуін бәсекелі түрде басады, осылайша, вирустық РНК синтезін төмендетеді. СГВ-ге қарсы рибавириннің және альфа-интерферонның синергиялық әсер ету механизмі рибавириннің интерферонмен фосфорлануының күшеюі арқылы жүзеге асады.

Қолданылуы

Альфа-2a немесе 2b интерферонымен (стандартты немесе пегилирленген) біріктірілген ем құрамында

- созылмалы С гепатитінде, оның ішінде компенсацияланған бауыр циррозымен аяқталатын түрінде

Қолдану тәсілі және дозалары

Альфа-2а немесе 2b интерферонын және рибавиринді қамтитын вирусқа қарсы емді (ВҚЕ) созылмалы С гепатитіне шалдыққан науқастарды емдеу тәжірибесі бар дәрігер жүргізуі тиіс.

Ривирин® бірыңғай емдік дәрі ретінде қолданылмауы тиіс, өйткені рибавирин С гепатитіне монотерапия ретінде тиімді емес.

Альфа-2a немесе 2b пегинтерферонымен (2а немесе 2b пегИФН) біріктіріп қолданылуы

Ривириннің® α-2а немесе 2b пегИФН-мен біріктірілгендегі тәуліктік дозасы науқастың салмағына қарай анықталады, ал емдеу ұзақтығы С гепатиті вирусының генотипінің негізінде есептеледі.

Ривириннің® тәуліктік дозасы күн сайын екі рет таңертең және кешке, аспен бірге қабылданады.

HCV 1 генотипін жұқтырған, вирус жүктемесіне қарамай-ақ, РНҚ HCV-сы 4-ші аптада анықталған пациенттер емді 48 апта бойы алуы тиіс.

24 апталық ем 1 генотипі бар пациенттерде бастапқы вирустық жүктемесі төмен (ВЖТ 800000 ХБ/мл-ден аспайтын) және жылдам вирусологиялық жауабы (ЖВЖ) 4-ші аптада болған және РНҚ HCV-сы емдеудің 24-ші аптасында болмаған жағдайда қолданылуы мүмкін. Алайда ұзақтығы 24 апталық ем, 48 апталық емге қарағанда, ақырында аурудың қайталану қаупімен байланысты болуы мүмкін. Сондықтан емдеудің ұзақтығы жөнінде мәселені шешкен кезде біріктірілген емнің жағымдылығы, сондай-ақ бауыр фиброзының дәрежесі сияқты факторларын ескеру қажет. 1 генотипі бар және бастапқы вирустық жүктемесі жоғары (ВЖЖ 800000 ХБ/мл-ден астам) болатын, вирус РНҚ-сы 4-ші аптада әлі анықтала қоймаған және 24-ші аптада анықталмаған деңгейінде қалатын пациенттерде емдеу курсын қысқарту аса сақтықпен жасалғаны жөн, өйткені клиникалық зерттеу деректері ВЖЖ-ның тұрақты вирусологиялық жауапқа жағымсыз ықпалын жоққа шығаруға мүмкіндік бермейді (1-кесте). Баяу вирусологиялық жауап бар болған жағдайда ВҚЕ ұзақтығы 72 аптаға дейін ұзартылуы мүмкін.

С гепатиті вирусының 2 немесе 3 генотиптері бар, бастапқы вирустық жүктемеге қарамай-ақ, РНҚ HCV-сы 4-ші аптада анықталған пациенттер 24 апталық емдеу курсымен шектелуі мүмкін. Ұзақтығы 16 апталық емді 2 немесе 3 генотипі бар, бастапқы вирустық жүктемесі төмен (ВЖТ) болатын, вирус РНҚ-сы емнің 4-ші аптасында анықталмаған пациенттерге қолданылуы мүмкін. Алайда 16 апталық емдеу курсында, 24 апталық емдеу курсына қарағанда, аурудың қайталану қаупі жоғары болады. Осы топтағы пациенттерде емдеудің ұзақтығы жөнінде шешімді қабылдаған кезде біріктірілген емнің жағымдылығын және бауыр фиброзының дәрежесін есепке алған жөн. 2 немесе 3 генотипі бар, бастапқы вирустық жүктемесі жоғары болатын, вирус РНҚ-сы 4-ші аптада анықталмаған пациенттерде емдеу ұзақтығын қысқарту аса сақтықпен жүргізілгені жөн, өйткені ВЖЖ-ның тұрақты вирусологиялық жауапқа жағымсыз ықпалы жоққа шығарылмайды.

5 немесе 6 генотипі бар пациенттер үшін α-2а немесе 2b пегИФН-ні дозасы 1000-1200 мг Ривиринмен® біріктіріп емдеудің 48 апталық курсы ұсынылады.

1-кесте. С вирус гепатитіне шалдыққан науқастарда біріктірілген емді дозалауға нұсқаулар.

Вирус генотипі

пегИФН

пегИФН

Ривириннің тәуліктегі дозасы

Емдеу ұзақтығы

α-2а

α-2b

Генотип 1, ВЖТ, ЖВЖ*

180 мкг

1,5 мкг/кг

< 75 кг дене салмағы = 800 -1000мг

>75 кг = 1200 мг

24 немесе 48 апта

Генотип 1, ВЖЖ, ЖВЖ*

180 мкг

1,5 мкг/кг

< 75 кг дене салмағы = 800 - 1000мг

>75 кг = 1200 мг

48 апта

Генотип 4, ЖВЖ*

180 мкг

1,5 мкг/кг

< 75 кг дене салмағы =800 - 1000мг

>75 кг = 1200 мг

24 немесе 48 апта

Генотип 1 немесе 4, ЖВЖ*жоқ

180 мкг

1,5 мкг/кг

< 75 кг дене салмағы =800 - 1000мг

>75 кг = 1200 мг

48 апта

Генотип 2 немесе 3, ВЖТ, ЖВЖ*

180 мкг

1,5 мкг/кг

800 мг

16 немесе 24 апта

Генотип 2 немесе 3, ВЖЖ, ЖВЖ*

180 мкг

1,5 мкг/кг

800 мг

24 апта

Генотип 2 немесе 3, ЖВЖ-сіз*

180 мкг

1,5 мкг/кг

800 мг

24 апта

ЖВЖ* - жылдам вирусологиялық жауап (вирус РНК-сы 4-ші аптада анықталмайды).

ВЖТ –вирустық жүктемесі төмен (800000 ХБ /мл-ден аспайды);

ВЖЖ –вирустық жүктемесі жоғары (800000 ХБ /мл-ден астам).

2-кесте. Ривириннің® тәуліктік дозасының есебі.

Дене салмағы (кг)

Ривирин®

Тәуліктік доза

(мг)

Таблеткалар мөлшері

40 -65 кг

800

2 таблетка таңертең +2 таблетка кешке

66-80 кг

1000

2 таблетка таңертең +3 таблетка кешке

81-105кг

1200

3 таблетка таңертең +3 таблетка кешке

> 105

1400

3 таблетка таңертең +4 таблетка кешке

3-кесте. Емдеу нәтижесінде пайда болған анемияны қайтару үшін Ривирин® дозасын өзгертуге нұсқаулар

Зертханалық мәндері

Дозаны тәулігіне* 200 мг-ге азайтқан және/немесе эритропоэтин тағайындаған жөн, тек егер:

Препарат қабылдауды тоқтатқан жөн, егер **:

Гемоглобин

< 100 г/л >85 г/л

<85 г/л

Жүрек аурулары бар пациенттердегі гемоглобин

Емдеу барысында кез келген 4 апта ішінде 2 г/дл.шамасынан астамға төмендетсе (дозаны ұдайы азайту)

дозаны 4 апта төмендеткеннен кейін <120 г/л болса

* Ривирин® дозасы тәулігіне 600 мг-ға дейін төмендетілген пациенттер 200 мг бір таблетканы таңертең және екі таблетканы кешке қабылдайды

** көрсеткіштері қалыпқа келген жағдайда тәулігіне 600 мг доза Ривиринмен® емдеуді қайта бастауға болады, әрі қарай дозаны тәулігіне 800 мг-ға дейін арттыруды дәрігер шешеді. Өте жоғары дозаларға оралудың керегі жоқ.

Созылмалы С гепатитінде мұның алдындағы ем тиімсіз болған жағдайда

Ривиринді® α-2а пегИФН-мен біріктіргендегі тиісті дозасы дене салмағы 75 кг-нан төмен болатын науқастар үшін тәулігіне 1000 мг және дене салмағы 75 кг және одан жоғары болатын науқастар үшін, генотипіне қарамай, 1200 мг болады, α-2b пегИФН-мен біріктіргендегі тәуліктік дозасы дене салмағының әр кг-на шаққанда тәулігіне 15мг құрайды. 1 немесе 4 генотиптер үшін тиісті емдеу ұзақтығы 72 аптаны және 2 немесе 3 генотиптер үшін 48 аптаны құрайды.

Стандартты альфа-2 интерферонымен біріктіріп қолдану

Альфа-2 интерферонымен біріктіріп қолданған кездегі Ривириннің® тиісті дозасы науқастың дене салмағына байланысты болады.

Науқастың дене салмағы (кг)

Ривириннің тәуліктік дозасы

Емдеу ұзақтығы

200 мг таблетка саны

< 75

1000 мг

24 немесе 48 апта

5 (таңертең 2 және кешке 3)

> 75

1200 мг

24 немесе 48 апта

6 (таңертең 3 және кешке 3)

Емдеу ұзақтығы кем дегенде 6 айды құрайды. Вирустың 1 генотипі бар пациенттер біріктірілген емді 48 апта бойы қабылдауы тиіс. Вирустың басқа генотиптері бар пациенттерде емдеуді 48 аптаға дейін ұзарту жөніндегі шешім басқа болжамды (мысалы, бастапқы жоғары вирустық жүктеме, еркек жынысты, жасы 40-тан асқан және биптатқа гистологиялық зерттеу жүргізген кезде бауырда көпір тәрізді фиброздың болуы сияқты) факторларға негізделуі тиіс.

Компенсацияланған бауыр циррозында қолданылуы

Нейтрофилдер саны 1,5·109/л-ден астам және тромбоциттер саны >70·109/л болатын пациенттерге пегинтерферон және Ривирин®, қанның жалпы талдауын апта сайын бақылай отырып, стандартты дозада тағайындалады.

Ривиринді® α-пегИФН-мен немесе альфа-2 интерферонмен біріктіріп емдеу барысында жағымсыз әсерлер немесе зертханалық көрсеткіштерінде өзгерулер пайда болған кезде, жағымсыз реакциялар басылғанша, препараттардың әрқайсысының дозасын өзгерткен жөн. Ривирин® дозасын өзгерткеннен кейін бұл құбылыстар сақталған жағдайда емдеуді тоқтату қажет.

12 апта емдегеннен кейін РНҚ HCV деңгейі бастапқы мәнінен 2 log10 немесе одан астамға ( ≥100 есе) төмендемеген жағдайда ВҚЕ-ні тоқтатқан жөн.

Жағымсыз әсерлері

Біріктірілген ем нәтижесінде болатын жағымсыз әсерлердің түрлері және жиілігі альфа-2а немесе 2b интерфероны немесе α-2а немесе 2b пегИФН-ы және рибавириннің белгілі қауіпсіздік профилімен байланысты.

Жиі

  • ұйқысыздық, тітіркенгіштік, депрессия, зейінді жұмылдырудың жоғалуы, бас ауыруы, бас айналуы

  • дене салмағының төмендеуі

  • ентігу, жөтел

  • анорексия, жүректің айнуы, диарея, іштің ауыруы

  • алопеция, қышыну, дерматит, терінің құрғауы

  • миалгия, артралгия

  • әлсіздік, температураның жоғарылауы, қалтырау, астения

Жиі емес

  • герпес, несеп шығару жолдарының инфекциялары, бронхит, ауыз қуысының кандидозы

  • лимфаденопатия

  • анемия, тромбоцитопения

  • гипотиреоз, гипертиреоз

  • жадының нашарлауы, парестезия, гипостезия, тремор, әлсіздік, бас айналу, көңіл-күйдің құбылмалылығы, күйгелектік, озбырлық, либидоның төмендеуі, бас сақинасы, гиперестезия, түнгі қорқыныштар, үрейленгіштік, естен тану

  • көздің бұлдырауы, ксерофтальмия, конъюнктивит, көздің ауыруы

  • құлақтың ауыруы

  • жүрек қағуы, тахикардия, құйылулар, дене жүктемесі кезінде ентігу

  • ринит, назофарингиттер, мұрынның бітелуі, мұрынның қанауы

  • ауыз ішінің құрғауы, ауыз қуысы шырышының ойылып жара болуы, қызылиектің қанауы, стоматит, дисфагия, глоссит, дәмнің бұзылуы, шөлдеу, құсу, диспепсия, метеоризм

  • бөртпе, экзема, псориаз, фотосезімталдық реакциялары

  • қатты тершеңдік, түнде терлеу, шеткергі ісінулер

  • сүйектердің ауыруы, кеуденің, арқаның және мойынның ауыруы, бұлшықет әлсіздігі, бұлшықеттердің түйілуі, бұлшықеттің ауыруы, артрит

  • эректильді дисфункция

  • тұмауға ұқсас симптом, қажығыштық

Сирек

  • сүт ацидозы (гиперлактацидемия), жүре келе пайда болған липодистрофия және хроматурия

  • тұмау, пневмония, көмекейдің және жұтқыншақтың ауыруы, хейлит

  • аффективті құбылмалылық, апатия

  • құлақ ішінің шуылдауы

Өте сирек (жекелеген жағдайларда)

  • төменгі тыныс жолдарының инфекциялары, тері инфекциялары, сыртқы отит

  • өзіне-өзі қол жұмсау көңіл-күйі, психоздық бұзылулар, елестеулер, шеткергі нейропатия

  • бауыр функциясының бұзылуы, бауырдың майлы дистрофиясы, холангит, бауырдың қатерлі ісігі

  • асқазанның ойық жара ауруы, асқазан-ішектік қан кетулер, панкреатит

  • аритмия, жүрекшенің жыпылықтауы, артериялық қысымның төмендеуі, перикардит, эндокардит

  • кома және миға қан құйылу

  • өкпе артериясының эмболиясы

  • аутоиммундық аурулар (мысалы, тиреоидит, миокардит, ревматоидты артрит), миозит, саркоидоз, өліммен аяқталатын интерстициальді пневмонит, мөлдір қабықтың жара болуы

  • панцитопения немесе апластикалық анемия

Рибавиринді қабылдауға байланысты жағымсыз реакциялар

- гемоглобин деңгейінің, эритроциттер мөлшерінің төмендеуі

- ұйқысыздық

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • рибавиринге немесе препараттың кез келген компонентіне өте жоғары сезімталдық

  • ең кем дегенде, емді бастағанға дейін 6 ай ішінде байқалатын, тұрақсыз және бақыланбайтын түрлерін қоса, жүректің ауыр сипатты аурулары

  • гемоглобинопатиялар (мысалы, талассемия, орақ-жасушалы анемия)

  • ауыр, қалжырататын аурулар, соның ішінде бүйректің созылмалы жеткіліксіздігіне шалдыққан немесе креатинин клиренсі минутына 50 мл-ден төмен болатын пациенттер

  • бауыр функциясының ауыр бұзылуы немесе декомпенсацияланған бауыр циррозы

  • аутоиммунды гепатит немесе сыртартқысындағы басқа да аутоиммундық аурулар

  • айқын депрессия және суицидальді көңіл-күй

  • жүктілік және лактация кезеңі (емді, жүктілікке тест нәтижесінің теріс екендігі жөнінде деректер алынғанша, бастамаған жөн)

  • 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Р450 цитохромының ферменттері ривавириннің метаболизмдік қайта түзілуіне қатыспайды. Сондықтан Р450 цитохромымен өзара әрекеттесу мүмкіндігі өте аз.

Антацидтер. Құрамында магний мен алюминий қосылыстары немесе симетикон бар антацидтік препаратты бірге қабылдаған кезде 600 мг доза рибавириннің биожетімділігі төмендейді.

Нуклеозидтердің аналогтары. Рибавирин зидовудин мен ставудиннің фосфорлануын басады. Ривиринді® зидовудинмен немесе ставудинмен бірге қолдану қан плазмасында АИТВ концентрациясын арттыруы мүмкін. Сондықтан Ривиринді® осы екі дәрінің біреуімен біріктіріп ем қабылдап жүрген науқастардың қан плазмасында АИТВ-РНҚ концентрациясы деңгейін мұқият бақылап отыру ұсынылады. Плазмада АИТВ-РНҚ концентрациясы жоғарылаған кезде Ривиринді® кері транскриптаза тежегіштерімен бірге қолдануды қайта қарастырған жөн.

Нуклеозидтік аналогтарды жекелеп немесе басқа нуклеозидтермен біріктіріп қолдану лактатацидозды дамытуы мүмкін. Ривирин® пуринді нуклеозидтердің фосфорланған метаболиттерінің мөлшерін арттырады. Бұл әсер нуклеозидтердің пуриндік аналогтарынан (мысалы, диданозин немесе абакавир) лактатацидоздың пайда болу қаупін потенциялауы мүмкін.

АИТВ жұқтырған, БЖАРЕ (белсенділігі жоғары антиретровиусты ем) қабылдап жүрген пациенттерде лактоацидоздың пайда болу қаупі артады. Сондықтан БЖАРЕ аясында біріктірілген емді қолданғанда сақ болған жөн.

Ривиринмен® өзара әрекеттесу мүмкіндігі, жартылай шығарылу кезеңінің ұзақ болуының арқасында, екі ай бойы (рибавириннің 5 жартылай шығарылу кезеңі) сақталады.

Айрықша нұсқаулар

Рибавиринді монотерапия ретінде қолдану тиімді емес, сондықтан Ривирин® С гепатитін емдеген кезде дара қолданылмауы тиіс. Препаратты кешкі қабылдауды 19.00 сағаттан кешіктірмеу керек, өйткені жағымсыз әсерлерінің бірі ұйқысыздық болып табылады.

Гемолиз/анемия

Препарат жүрек-қантамыр жүйесіне, Ривиринді® қабылдауға байланысты анемияға тікелей әсер етпесе де, жүрек жеткіліксіздігін күшейтуі және/немесе коронарлы ауру симптомдарын асқындыруы мүмкін. Сондықтан Ривиринді® альфа-2а немесе 2b пегинтерферонымен немесе альфа-2а немесе 2b интерферонымен біріктіріп емдегенде жүрек аурулары бар пациенттерге сақтықпен тағайындалуы тиіс. Емдеуді бастар алдында жүрек-қантамыр жүйесінің жағдайын бағалаған және емдеу барысында клиникалық бақылау жүргізген жөн, жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан кез келген нашарлау белгілері білінген жағдайда ем тоқтатылуы тиіс.

Гемолиз салдарынан қан сарысуында несеп қышқылының деңгейі жоғарылауы мүмкін. Сондықтан подаграның даму қаупін ескере отырып, осы ауруға бейім науқастарды мұқият бақылауға алу қажет.

Жүрек-қантамыр жүйесі

Жүрек қызметінің іркілген жеткіліксіздігінің, миокард инфарктісінің және/немесе аритмияның белгілері (немесе сыртартқысында) бар ересек пациенттер дәрігердің ұдайы бақылауында болуы тиіс. Жүрек аурулары бар пациенттерді емдеуге кірісер алдында және емдеу кезінде электрокардиография жүргізу керек. Аритмиялар (негізінен, қарыншаүстілік), әдеттегідей, дәстүрлі еммен емдеуге келеді, бірақ емдеуді тоқтатуды қажет етуі мүмкін.

Шұғыл түрдегі өте жоғары сезімталдық

Өте жоғары сезімталдықтың жедел ағымды реакциялары (мысалы, есекжем, ангионевротикалық ісіну, бронхтың түйілуі, анафилаксиялар) дамыған кезде Ривиринді® қолдануды дереу тоқтатқан және тиісті ем тағайындаған жөн. Транзиторлы бөртпелер емдеуді тоқтату үшін негіз болып табылмайды.

Бауыр функциясы бұзылған кезде қолданылуы

Рибавирин фармакокинетикасының бауыр қызметіне тәуелділігі байқалған жоқ. Сондықтан бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін альфа-2а немесе 2b пегинтерферонмен немесе альфа-2а немесе 2b интерферонмен біріктірген кезде Ривирин® дозасын модификациялау талап етілмейді. Емдеуді бауыр функциясының белгілері мен симптомдары өршіген жағдайда тоқтатқан жөн. Бауыр функциясының бұзылуы ауыр болғанда немесе бауырдың декомпенсацияланған ауруларында Ривиринді® альфа-2а немесе 2b пегинтерферонымен немесе альфа-2а немесе 2b интерферонымен біріктіруге болмайды.

Гепатоуыттылық, соның ішінде фатальді, альфа-2а немесе 2b интерферонын қолданған кезде сирек байқалды. Рибавиринді альфа-2а немесе 2b интерферонымен біріктіріп қолданған кезде науқасты мұқият бақылауға алған және зертханалық көрсеткіштерін бақылап отырған жөн. Егер АЛТ (аланинаминотрансфераза) бастапқы мәнінен екі немесе одан да астам шамаға дейін жоғарыласа, емдеуді бауыр жеткіліксіздігі жоқ болғанда жалғастыруға болады. Мұндайда АЛТ, АСТ (аспартатаминотрансферазаны), протромбин уақытын, сілтілік фосфатазаны, альбуминді және билирубинді әрбір 2 апта сайын анықтап отырған жөн.

Бүйрек функциясы бұзылған кезде қолданылуы

Бүйрек дисфункциясы бар пациенттерде, креатинин клиренсінің едәуір төмендеуіне байланысты, Ривириннің® фармакокинетикасы бұзылады. Сондықтан Ривиринмен® емдеуді бастағанға дейін барлық пациенттерде бүйрек функциясына баға берілуі керек. Креатинин клиренсі минутына 50 мл-ден төмен болатын пациенттерге Ривирин® қолданылмауы тиіс.

Қартаң жастағы ( 65 жас) адамдарға қолданылуы

Емді бастағанға дейін бүйрек функциясына баға берілуі керек.

Психикалық бұзылулар және орталық жүйке жүйесі

Егер ауыр психикалық бұзылуы барын айғақтайтын клиникалық немесе сыртартқылық деректері бар пациенттерге Ривиринмен® біріктірілген ем қажет деп шешілсе, оны тиісті жекелей диагностика жасалғаннан кейін және психикалық жағдайын емдеу аясында ғана бастаған жөн. Ауыр нейропсихиатриялық әсерлер, әсіресе депрессия, дамыған кезде Ривиринді® альфа-2а немесе 2b пегинтерферонымен немесе альфа-2а немесе 2b интерферонымен біріктіріп қолдануды тоқтатқан жөн.

Психикалық бұзылулар немесе ОЖЖ тарапынан өзгерулер, соның ішінде депрессия клиникасы, пайда болған кезде науқастарды емдеу кезінде және, осыған ұқсас жағымсыз құбылыстардың потенциалды ауырлығын ескере отырып, одан әрі қарай бақылау кезеңінде де ұдайы бақылап отыру керек. Симптомдар сақталған немесе артқан жағдайда немесе өзіне-өзі қол жұмсау ойы немесе айналасындағыларға агрессиялық мінезі байқалған жағдайда емдеуді тоқтату және пациентке тиісті психиатриялық жәрдем көрсету керек.

АИТВ және С гепатиті вирусы ко-инфекциясы кезінде қолданылуы

Кері транскриптазаның нуклеозидтік емес тежегіштерін рибавиринмен және альфа-2а немесе 2b пегинтерферонымен /альфа-2а немесе 2b интерферонымен біріктірілген ем қабылдап жүрген пациенттерде митохондриялық уыттылықтың, лактоацидоздың және бауыр қызметі жеткіліксіздігінің даму қаупі артуы мүмкін.

Ко-инфекция жұқтырған, циррозға шалдыққан, белсенділігі жоғары антиретровиусты ем (БЖАРЕ) қабылдап жүрген пациенттерде бауыр декомпенсациясының даму және өлімге ұшырау қаупі артады. Альфа интерферондарын жеке немесе рибавиринмен біріктіріп қосымша тағайындау науқастардың осы тобында жоғарыда айтылған қауіпті арттырады.

СD 4+ жасуша деңгейі төмен болатын пациенттерді емдеуді абайлап жүргізу қажет.

Дентальді және периодонтальді бұзылулар

Ривиринмен®, альфа-2а немесе 2b пегинтерферонымен және альфа-2а немесе 2b интерферонымен ұзақ уақыт біріктіріп емдеу кезінде ауыз ішінің құрғауы тістерді және ауыздың шырышты қабығын зақымдауы мүмкін. Пациенттер күніне 2 рет тістерін мұқият тазалауы және жүйелі стоматологиялық тексерілуден өтіп отыруы керек. Бұдан басқа, кейбір пациенттерде құсу пайда болуы мүмкін, одан кейін олар ауыз қуысын мұқият жуып-шаюы тиіс.

Зертханалық тексерулер

Барлық науқастар емді қабылдағанға дейін және емделу кезінде (2-ші және 4-ші аптада және содан кейін қажетіне қарай) қанға жалпы талдау (толық лейкоцитарлы формуланы анықтайтын талдау) және қанға биохимиялық талдау (электролиттер, сарысулық креатинин, бауыр сынамалары, несеп қышқылы) жасатуы, қалқанша без қызметін тексертуі керек.

Бала туу жасындағы әйелдер

Ем қабылдап жүрген әйелдер және жыныстық серіктестері ем қабылдап жүрген әйелдер емнің барлық кезеңі ішінде және емді аяқтағаннан кейін 6 ай бойы ай сайын жүктілікке тест жасатуы тиіс.

Қалқанша без функциясын бақылау

ВҚЕ-ді бастар алдында тиреотропты гормон (ТТГ) деңгейін және тиреоглобулинге (ТГ) және тиреоидты пероксидазаға (ТПО) антидененің бар-жоқтығын анықтау қажет. Осы кезде байқалған тиреоидты функцияның қандай да болсын ауытқулары дәстүрлі еммен түзетілуі тиіс. Егер ТТГ мөлшерін қалыпты деңгейде дәрі-дәрмектің жәрдемімен ұстауға қол жеткізілсе, вирусқа қарсы ем басталуы мүмкін. Альфа-интерферонымен емдеу аясында қалқанша без функциясының бұзылу симптомдары пайда болған жағдайда тиреоидтық статусын анықтау және тиісті ем жүргізу қажет.

Эмбриоуыттық және тератогендік әсері

Рибавирин жасуша ішіне жиналады және организмнен өте баяу шығарылады, демек, спермада жиналуы мүмкін және адам эмбрионына/ұрығына өзіне тән тератогендік немесе геноуыттық әсер білдіруі мүмкін.

Дәрілік заттың көлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Емделу кезеңінде шаршауды, ұйқышылдықты немесе бағдар жоғалтуды бастан кешетін адамдар автокөлікті жүргізу және зейінді жұмылдыруды және психомоторлы реакциялардың шапшаңдығын қажет ететін қауіпті қызмет түрлерімен айналысуды тоқтата тұруы қажет.

Артық дозалануы

Симптомдары: жағымсыз әсерлерінің білінуі күшеюі мүмкін.

Емдеу: препаратты тоқтату, симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

Пішінді ұяшықты 3 қаптамадан медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Препаратты қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС

Қазақстан Республикасы, Алматы обл., Іле ауд., Өндірістік аймақ 282

тел.: +7 (727) 232-44-85

Тіркеу куәлігінің иесі

«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС

Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы обл., Іле ауд., Өндірістік аймақ 282, тел.: +7 (727) 232-44-85,

электрондық поштасы: info@aigp.kz

Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік зат қауіпсіздігінің тіркеуден кейінгі қадағалануына жауапты ұйымның мекенжайы

«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы обл., Іле ауд., Өндірістік аймақ 282, тел.: +7 (727) 232-44-85,

электрондық поштасы: info@aigp.kz

Прикрепленные файлы

504345921477976681_ru.doc 140.5 кб
263947431477977815_kz.doc 141.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники