Риваксан
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Риваксан
Халықаралық патенттелмеген атауы
Ривароксабан
Дәрілік түрі, дозалануы
үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 10 мг
Фармакотерапиялық тобы
Қан және қан түзу ағзалары. Тромбозға қарсы препараттар. Ха факторының тікелей тежегіштері. Ривароксабан.
АТХ коды В01AF01
Қолданылуы
- ересек пациенттерде ұршықбуынын немесе тізе буынын жоспарлы протездеуден кейін веналық тромбоэмболияның (ВТЭ) профилактикасы;
- терең веналар тромбозын (ТВТ) және өкпе артериясының тромбоэмболиясын (ӨАТЭ) емдеу, сондай-ақ ересектерде қайталанған ТВТ және ӨАТЭ профилактикасы.
Қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- ривароксабанға немесе препараттың қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық
белсенді клиникалық маңызды қан кету
бар немесе жақында орын алған асқазан-ішек жолының ойықжарасы, қан кету қаупі жоғары қатерлі ісіктердің болуы, жақында болған мидың немесе жұлынның жарақаты, жақында миға, жұлынға немесе көзге жасалған хирургиялық араласу, жақында бассүйекішілік қан құйылу, диагноз қойылған немесе күдікті өңеш веналарының варикозды кеңеюі, артериовеналық даму ауытқулары, тамырлы аневризмалар немесе жұлын немесе мидың үлкен тамырларының патологиясы сияқты жаппай қан кетудің маңызды қауіп факторы болып саналатын бұзылу немесе жағдай
басқа антикоагулянттық емге көшудің ерекше жағдайларын қоспағанда немесе НФГ енгізілген кезде фракцияланбаған гепарин (ФБГ), төмен молекулалы гепариндер (эноксапарин, далтепарин және т. б.), гепарин туындылары (фондапаринукс және т. б.), пероральді антикоагулянттар (варфарин, дабигатран этексилаты, апиксабан және т. б.) сияқты кез келген басқа антикоагулянттармен қатарлас терапия орталық веналық немесе артериялық катетердің өткізгіштігін қамтамасыз ету үшін қажетті дозаларда
Чайлд-Пью бойынша В және С класындағы бауыр циррозы бар пациенттерді қоса алғанда, клиникалық маңызды қан кетудің даму қаупімен байланысты коагулопатиямен қатар жүретін бауыр ауруы
жүктілік және бала емізу кезеңі
тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp - лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдар.
Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары
Емдеудің барлық кезеңінде антикоагуляциялық терапияның белгіленген практикасы шеңберінде клиникалық бақылау жүргізу ұсынылады.
Қан кету қаупі
Риваксанды қабылдау аясында басқа антикоагулянттарды қолданғандағыдай, қан кету белгілерін анықтау үшін пациенттерді мұқият бақылау қажет. Риваксанды қан кету қаупі жоғары пациенттерді емдеу кезінде сақтықпен қолдану ұсынылады. Ауыр қан кету дамыған кезде Риваксанды қабылдауды тоқтату керек.
Шырышты қабаттардан қан кету (мысалы, мұрын, қызыл иек, асқазан-ішек және несеп-жыныс жолдарынан, оның ішінде патологиялық қынаптық және анағұрлым мол етеккірлік қан кету) және анемия монотерапия немесе қос антитромбоциттік терапия шыңында Риваксан препаратымен ұзақ емдеу кезінде жиі байқалды. Сондықтан, стандартты клиникалық бақылаудан басқа, егер қажет болса, жасырын қан кетуді анықтау үшін гемоглобин/гематокрит деңгейін зертханалық анықтау және айқын қан кетудің клиникалық маңыздылығын сандық бағалау маңызды болуы мүмкін.
Төменде сипатталған пациенттердің бірнеше қосалқы тобында қан кетудің даму қаупі жоғары. Бұл пациенттер емдеу басталған сәттен бастап қан кету мен анемияның белгілері мен симптомдарын уақтылы анықтау үшін дәрігердің мұқият бақылауында болуы тиіс. Ұршықбуын немесе тізебуынын жоспарланған протездеумен ересек пациенттерде веналық тромбоэмболияның (ВТЭ) алдын алу үшін ривароксабан 10 мг алатын пациенттер үшін бұл жүйелі медициналық тексерумен, операциялық жарадан бөлінетінді мұқият бақылаумен және гемоглобин деңгейін мерзімді анықтаумен қамтамасыз етілуі мүмкін. Гемоглобин деңгейінің немесе артериялық қысымның түсініксіз төмендеуі кезінде қан кету көзін іздеу керек.
Риваксан препаратымен емдеу экспозицияны күнделікті бақылауды қажет етпесе де, ривароксабан экспозициясы туралы білу клиникалық шешім қабылдауға көмектесетін ерекше жағдайларда, мысалы, артық дозаланғанда және шұғыл операция кезінде, ривароксабанды Хa факторына қарсы калибрленген сандық белсенділік тестімен өлшеу пайдалы болуы мүмкін.
Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі
Бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде (креатинин клиренсі <30 мл/мин) қан плазмасындағы ривароксабан концентрациясы едәуір жоғарылауы мүмкін (орта есеппен 1,6 есе), бұл қан кету қаупінің жоғарылауына әкелуі мүмкін.
Креатинин клиренсі 15-29 мл/мин бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерді емдеу кезінде Риваксанды сақтықпен қолдану қажет. Креатинин клиренсі <15 мл/мин пациенттерде Риваксанды қолдану ұсынылмайды.
Қан плазмасындағы ривароксабан концентрациясын арттыратын басқа препараттармен қатар ем қабылдап жүрген, бүйрек функциясының орташа жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 30-49 мл/мин) бар пациенттерді емдеу кезінде Риваксанды сақтықпен қолдану қажет.
Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Риваксанды азол тобының зеңге қарсы препараттарымен (мысалы, кетоконазолмен, итраконазолмен, вориконазолмен және позаконазолмен) немесе АИТВ протеаза тежегіштерімен (мысалы, ритонавирмен) жүйелі ем алып жүрген пациенттерде қолдануға ұсынылмайды. Бұл дәрілік препараттар CYP3A4 және Р гликопротеинінің күшті тежегіштері болып табылады. Нәтижесінде бұл дәрілік препараттар плазмадағы ривароксабан концентрациясын клиникалық маңызды деңгейге дейін (орта есеппен 2.6 есе) арттыруы мүмкін, бұл қан кетудің даму қаупін арттырады.
Гемостазға әсер ететін дәрілік препараттарды, мысалы, қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді (ҚҚСД), ацетилсалицил қышқылын (АСҚ) және тромбоциттер агрегациясының тежегіштерін немесе серотонинді қайта қармаудың селективті тежегіштерін (СҚҚСТ) және серотонин мен норэпинефринді қайта қармау тежегіштерін (СНҚҚСТ) алатын пациенттерге Риваксанды тағайындағанда сақ болу қажет. Асқазан-ішек жолының ойықжарасының даму қаупі бар пациенттерге тиісті профилактикалық ем жүргізу туралы мәселені қарастыру керек.
АСҚ немесе Риваксан және АСҚ плюс клопидогрел/ тиклопидинмен бірге Риваксанмен ем алатын пациенттер пайдасы қан кету қаупінен асып кеткен жағдайларда ғана ҚҚСД ұзақ уақыт ем алуы тиіс.
Қан кетудің дамуының басқа қауіп факторлары
Ривароксабан, басқа да тромбозға қарсы препараттар сияқты, қан кету қаупі жоғары пациенттер үшін ұсынылмайды, мысалы:
қан кетуге туа біткен немесе жүре пайда болған бейімділік
бақыланбайтын ауыр артериялық гипертензия
қан кетумен асқынуы мүмкін белсенді жараланусыз асқазан-ішек жолдарының басқа аурулары (мысалы, ішектің қабыну аурулары, эзофагит, гастрит, гастроэзофагеальды рефлюкс)
тамырлы ретинопатия
анамнездегі бронхоэктаздар немесе өкпеден қан кету
Жүректің жасанды қақпақшасы бар пациенттер
Жүректің жасанды қақпақшасы бар пациенттерде ривароксабанды қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген, сондықтан мұндай пациенттер популяциясында препараттың барабар антикоагулянттық әсері туралы деректер жоқ. Мұндай пациенттерде ривароксабанды қолдану ұсынылмайды.
Антифосфолипидтік синдромы (АФС) бар пациенттер
Анамнезінде тромбозы бар, антифосфолипидтік синдром диагнозы қойылған пациенттерге ривароксабанды қоса, тікелей әсер ететін пероральді антикоагулянттарды тағайындау ұсынылмайды. Тікелей әсер ететін пероральді антикоагулянттармен емдеу К дәрумені антагонистерімен еммен салыстырғанда, әсіресе антифосфолипидті антиденелердің барлық үш түрінің (жегілік антикоагулянт, кардиолипинге антиденелер және бета-2-гликопротеин -1 антиденелері) позитивтілігі бар пациенттерде қайталанатын тромбоздық оқиғалар жиілігінің артуымен байланысты болуы мүмкін.
Ортанжіліктің сынуы кезіндегі хирургиялық араласулар
Ривароксабан тиімділігі мен қауіпсіздігін бағалау мақсатында ортанжіліктің сынуы кезінде хирургиялық араласу жүргізілетін пациенттерде зерттелмеген.
Тромболизиске немесе өкпе эмболэктомиясына мұқтаж ӨАТЭ бар гемодинамикалық тұрақсыз пациенттер
Ривароксабанды ӨАТЭ және гемодинамика тұрақсыздығы бар немесе тромболизис немесе өкпе эмболэктомиясы жүргізілуі мүмкін пациенттерде фракцияланбаған гепаринге балама ретінде қолдану ұсынылмайды, өйткені ривароксабанның қауіпсіздігі мен тиімділігі осы клиникалық жағдайларда анықталмаған.
Нейроаксиальды (эпидуральды/жұлын) анестезия немесе пункция
Нейроаксиальды (жұлын/эпидуральды) анестезия немесе жұлын/эпидуральды пункция жүргізу кезінде тромбоэмболиялық асқынулардың алдын алу үшін тромбозға қарсы дәрілерді қабылдайтын пациенттер эпидуральды немесе жұлын гематомасының даму қаупіне ұшырайды, ол ұзақ немесе тұрақты параличке әкелуі мүмкін.
Мұндай құбылыстардың даму қаупі тұрақты эпидуральды катетерлерді қолданғанда немесе гемостазға әсер ететін препараттарды бірге қабылдағанда одан да артады. Жарақат алғаннан кейін немесе қайталанатын эпидуральды немесе жұлын пункциясынан кейін қауіп жоғарылауы мүмкін. Неврологиялық бұзылулардың белгілерін немесе симптомдарын (мысалы, аяқтардың ұйюы немесе әлсіздік, тоқ ішектің немесе қуықтың дисфункциясы) анықтау үшін пациенттерді жиі бақылау керек. Неврологиялық ауытқулар анықталған кезде пациентті жедел диагностикалау және емдеу қажет. Дәрігер антикоагулянттар қабылдайтын пациенттерде және тромбоздың алдын алу үшін антикоагулянттық терапияны қажет ететін пациенттерде нейроаксиялық араласуды жүргізбес бұрын тәуекелге қатысты әлеуетті пайдасын ескеруі тиіс.
Ривароксабанды бір мезгілде қолдану аясында эпидуральдік/жұлын анестезиясын және немесе жұлын пункциясын жүргізумен астасқан қан кетудің ықтимал қаупін төмендету мақсатында ривароксабанның фармакокинетикалық бейінін ескеру керек. Ривароксабанның антикоагулянттық әсері әлсіз деп бағаланған кезде эпидуральды катетерді немесе бел пункциясын орнатуды немесе алып тастауды жүргізген дұрыс. Алайда, әрбір пациентте әлсіз антикоагулянттық әсерге қол жеткізудің нақты уақыты белгісіз.
Эпидуральдік катетерді ривароксабанды соңғы қабылдағаннан кейін жас пациенттерде кемінде 18 сағаттан кейін және егде жастағы пациенттерде 26 сағаттан кейін алады. Ривароксабанды эпидуральді катетер алынғаннан кейін 6 сағаттан ерте тағайындауға болмайды. Жарақат пункциясы жағдайында ривароксабанды тағайындауды 24 сағатқа кейінге қалдыру керек.
Ұршықбуынын немесе тізебуынын жоспарлы эндопротездеуден басқа, инвазивті емшаралар мен хирургиялық араласуды жүргізгенге дейін және одан кейін дозалау жөніндегі ұсынымдар
Егер инвазивті емшараны немесе хирургиялық араласуды жүргізу талап етілсе, ривароксабанды қабылдауды, егер мүмкін болса, араласуға дейін кемінде 24 сағат бұрын және дәрігер жүргізген клиникалық бағалауды ескере отырып тоқтату керек.
Егер емшараны кейінге қалдыру мүмкін болмаса, араласудың шұғылдығын ескере отырып, қан кетудің жоғары даму қаупін бағалау керек.
Ривароксабанды қабылдауды тиісті клиникалық көрсеткіштер болған және емдеуші дәрігер растауы тиіс тиісті гемостазға қол жеткізген жағдайда инвазиялық емшарадан немесе хирургиялық араласудан кейін мүмкіндігінше ертерек жаңарту керек.
Егде жастағы пациенттер
Пациенттің жасы ұлғайған сайын қан кетудің даму қаупі артады.
Тері реакциялары
Стивенс-Джонсон синдромын/уытты эпидермалық некролизді және DRESS-синдромды қоса алғанда, терінің елеулі реакциялары ривароксабанды қолданумен уақытша өзара байланыста маркетингтен кейінгі бақылау барысында хабарланды. Пациенттерде мұндай реакциялардың барынша жоғары пайда болу қаупі емдеу басталғанда болады: көп жағдайда мұндай реакциялар емдеудің алғашқы апталарында көрінеді. Ауыр тері бөртпесінің алғашқы белгілері пайда болған кезде (яғни, бөртпенің таралуы, күшеюі және/немесе күлдіреуіктің пайда болуы) немесе шырышты қабықтар тарапынан аса жоғары сезімталдықтың кез келген белгілері пайда болған кезде ривароксабанды қабылдауды тоқтату керек.
Қосымша заттар туралы ақпарат
Рибоксин препаратының құрамында лактоза бар. Сирек тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, лактаза жеткіліксіздігі синдромы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы бар пациенттер бұл дәрілік препаратты қабылдамауы тиіс.
Рибоксин препаратының құрамында 1 таблеткаға кемінде 1 ммоль (23 мг) натрий бар, яғни оның құрамында натрий жоқ.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
CYP3A4 және Р гликопротеин тежегіштері
Ривароксабан мен кетоконазолды (тәулігіне бір рет 400 мг) немесе ритонавирді (тәулігіне екі рет 600 мг) бірге қолдану ривароксабанның орташа ҚАА («концентрация – уақыт» қисығының астындағы аудан) 2,6/2,5 есе артуына және ривароксабанның орташа Сmax 1,7/1,6 есе ұлғаюына алып келді, бұл ривароксабанның қан кету дамуының жоғары қаупіне алып келуі мүмкін фармакодинамикалық әсерінің елеулі күшеюімен қатар жүреді. Сондықтан, кетоконазол, итраконазол, вориконазол және позаконазол сияқты азолды зеңге қарсы препараттармен немесе АИТВ протеаза тежегіштерімен (мысалы, ритонавир) жүйелі ем алатын пациенттерде ривароксабанды қолдану ұсынылмайды. Бұл заттар CYP3A4 және Р гликопротеинінің күшті тежегіштері болып табылады.
CYP3A4 немесе Р гликопротеині бар ривароксабанды шығару жолдарының біреуін ғана қатты тежейтін дәрілік заттар плазмадағы ривароксабанның концентрациясын аз дәрежеде арттырады деп күтілуде.
Мысалы, CYP3A4 күшті тежегіші және Р гликопротеинінің орташа тежегіші болып саналатын кларитромицин (тәулігіне екі рет 500 мг) ривароксабанның орташа ҚАА 1,5 есе және Сmax 1,4 есе ұлғаюын тудырды. Кларитромицинмен өзара әрекеттесу пациенттердің көпшілігінде клиникалық тұрғыдан маңызды емес, бірақ жоғары қауіпті пациенттерде маңызды болуы мүмкін.
CYP3A4 және Р гликопротеинді орташа басатын эритромицин (тәулігіне үш рет 500 мг) ривароксабанның орташа ҚАА және Cmax 1,3 есе ұлғаюына әкелді. Эритромицинмен өзара әрекеттесу пациенттердің көпшілігінде клиникалық тұрғыдан маңызды емес, бірақ жоғары қауіпті пациенттерде маңызды болуы мүмкін.
Бүйрек функциясының жеңіл жеткіліксіздігі бар пациенттерде эритромицин қабылдау (тәулігіне үш рет 500 мг) бүйрек функциясы қалыпты адамдармен салыстырғанда ривароксабанның орташа ҚАА 1,8 есе және Сmax 1,6 есе жоғарылауына әкелді. Бүйрек функциясының орташа жеткіліксіздігі бар пациенттерде эритромицин қолдану бүйректің қалыпты функциясы бар адамдармен салыстырғанда орташа ҚАА 2,0 есе және Cmax 1,6 есе жоғарылауын туындатты. Эритромициннің әсері бүйрек жеткіліксіздігінің әсерін күшейтеді.
Орташа CYP3A4 тежегіші болып саналатын флуконазол (тәулігіне бір рет 400 мг) ривароксабанның орташа ҚАА 1,4 есе ұлғаюына және орташа Cmax 1,3 есе ұлғаюына әкеледі. Флуконазолмен өзара әрекеттесу пациенттердің көпшілігінде клиникалық тұрғыдан маңызды емес, бірақ жоғары қауіпті пациенттерде маңызды болуы мүмкін.
Дронедаронды қолдану бойынша қолда бар деректер шектеулі, сондықтан оны ривароксабанмен бірге қолданудан аулақ болу керек.
Антикоагулянттар
Эноксапаринді (40 мг бір реттік доза) және ривароксабанды (10 мг бір реттік доза) біріктіріп қолданғаннан кейін қанның ұю көрсеткіштерінің қосымша өзгерістері (протромбин уақыты, ІБТУ) болмаған кезде Ха факторға қарсы әсердің күшеюі байқалды. Эноксапарин ривароксабанның фармакокинетикасына әсер етпеді.
Қан кету қаупінің жоғарылауына байланысты пациенттер ривароксабанды басқа антикоагулянттармен бірге қолданған кезде сақ болу керек.
Қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер (ҚҚСД) / тромбоциттер агрегациясының тежегіштері
Ривароксабанды 15 мг және напроксенді 500 мг дозада бірге тағайындағаннан кейін қан кету уақытының клиникалық мәнді ұзаруы байқалған жоқ. Дегенмен, жекелеген адамдарда неғұрлым айқын фармакодинамикалық жауап болуы мүмкін.
Ривароксабанды және ацетилсалицил қышқылын (АСҚ) 500 мг дозада бірге қолданғанда клиникалық маңызды фармакокинетикалық немесе фармакодинамикалық өзара әрекеттесулер байқалған жоқ.
15 мг ривароксабан мен клопидогрел (300 мг жүктемелік доза, содан кейін 75 мг демеуші доза) арасында фармакокинетикалық өзара әрекеттесу анықталған жоқ, алайда кейбір пациенттерде тромбоциттер агрегациясымен және Р-селектин немесе GPIIb/IIIa-ға рецепторлар деңгейлерімен корреляцияланбаған қан кету уақытының елеулі ұлғаюы байқалды.
ҚҚСД (АСҚ қоса) және тромбоциттер агрегациясының тежегіштерін бір мезгілде тағайындағанда сақ болу керек, өйткені бұл препараттар, әдетте, қан кету қаупін арттырады.
Серотонинді/серотонинді-норэпинефринді кері қармаудың селективті тежегіші (СКҚСТ/СНКҚСТ)
Басқа антикоагулянттар жағдайындағыдай, тромбоциттерге әсер етуінен СКҚСТ-мен немесе СНКҚСТ-мен бірге қолданған жағдайда пациенттерде қан кету қаупі жоғары болуы ықтимал. Ривароксабанның клиникалық бағдарламасын бір мезгілде пайдалану кезінде барлық емдеу топтарында үлкен немесе үлкен емес, клиникалық маңызды қан кетулердің анағұрлым жоғары жиілігі байқалды.
Варфарин
К дәрумені антагонистінен варфаринге (ХҚҚ 2,0-ден 3,0-ге дейін) ривароксабанға (20 мг) немесе ривароксабаннан (20 мг) варфаринге пациенттердің ауысуы әсердің қарапайым жинақталуына (ХҚҚ-ның жекелеген мәндері 12,0-ге жетуі мүмкін) қарағанда анағұрлым айқын протромбин уақытының/ХҚҚ (Неопластин реагенті) ұлғаюымен қатар жүрді, ал ІБТУ-ға әсер ету, Ха фактор белсенділігі мен тромбиннің эндогендік әлеуетін басу аддитивті болды.
Осындай өтпелі кезең кезінде тек ривароксабанның фармакодинамикалық әсерлерін зерттеу қажет болған жағдайда варфарин әсер етпейтін қажетті тест ретінде Ха фактор белсенділігін тежеуді, PiCT және HepTest® пайдалануға болады.
Варфариннің соңғы дозасын қабылдағаннан кейінгі 4-күннен бастап талдаулардың барлық нәтижелері (оның ішінде ПУ, ІБТУ, Ха фактор белсенділігінің тежелуі және ТЭӘ (тромбиннің эндогендік әлеуеті)) ривароксабанның әсерін ғана көрсетеді.
Өтпелі кезең кезінде варфариннің фармакодинамикалық әсерлерін зерттеу қажет болған жағдайда C0 ривароксабан (ривароксабанның алдыңғы дозасын қабылдағаннан кейін 24 сағат өткен соң) аясында ХҚҚ анықтамасын пайдалануға болады, өйткені осы сәтте ривароксабан бұл тестке ең аз әсер етеді.
Варфарин мен ривароксабан арасында фармакокинетикалық өзара әрекеттесулер байқалмаған.
CYP3A4 индукторлары
Ривароксабанды және CYP3A4 күшті индукторын рифампицин бірге қолдану ривароксабанның орташа ПКК шамамен 50% - ға төмендеуіне және оның фармакодинамикалық әсерінің қатар азаюына әкелді. Ривароксабанды басқа күшті CYP3A4 индукторларымен (мысалы, фенитоин, карбамазепин, фенобарбитал немесе шілтер жапырақты шайқұрай) бірге қолдану ривароксабанның плазмадағы концентрациясының төмендеуіне әкелуі мүмкін. Сондықтан пациент тромбоз белгілері мен симптомдарына мұқият тексерілгенге дейін ривароксабанды CYP3A4 күшті индукторларымен бірге қолданудан аулақ болу керек.
Басқа қатарлас препараттар
Ривароксабан мен мидазолам (CYP3A4 субстраты), дигоксин (Р гликопротеин субстраты) немесе аторвастатин (CYP3A4 және Р гликопротеин субстраты) немесе омепразол (протон помпасының тежегіші) арасында клиникалық маңызды фармакокинетикалық немесе фармакодинамикалық өзара әрекеттесулер байқалған жоқ. Ривароксабан CYP3A4 сияқты P450 цитохромының негізгі изоферменттерін тежемейді және индукцияламайды.
Ривароксабанның тамақпен клиникалық маңызды өзара әрекеттесуі байқалған жоқ.
Зертханалық параметрлер
Ривароксабан әсер ету механизмінің арқасында қанның ұю параметрлеріне (яғни, ПУ, ІБТУ, HepTest) әсер етпейді деп күтілуде.
Арнайы сақтандырулар
Педиатрияда қолдану
Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдердегі ривароксабанның қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Сондықтан Риваксанды балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қолдану ұсынылмайды.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Ривароксабанның жүкті әйелдерді емдеу кезіндегі қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Ықтимал репродуктивті уыттылықты, қан кету қаупін және ривароксабанның гематоплаценталық тосқауыл арқылы өтуінің дәлелдерін ескере отырып, ривароксабанды жүкті әйелдерге қолдануға болмайды. Репродуктивті жастағы әйелдер ривароксабанды қолдану кезеңінде контрацепцияның тиімді әдістерін пайдалануы керек.
Ривароксабанның әйелдерде бала емізу кезеңіндегі қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Ривароксабан сүтпен шығарылады, осыған байланысты бала емізу кезінде ривароксабанды қабылдауға болмайды. Бала емізу кезінде емізуді тоқтату немесе ривароксабанды қолдануды тоқтату/бас тарту туралы шешім қабылдау керек.
Фертильділік
Адамдарда ривароксабанның фертильділікке әсерін бағалау үшін арнайы зерттеулер жүргізілген жоқ.
Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Ривароксабан автокөлік пен әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне аз әсер етеді. Бас айналу (жиі) немесе талма (жиі емес) жағдайлары туралы хабарланды. Осындай реакциялар байқалған пациенттерге автокөлікті немесе механизмдерді басқарудан бас тарту керек.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалау режимі
Ересек пациенттерде ұршықбуынын немесе тізе буынын жоспарлы протездеуден кейін веналық тромбоэмболияның (ВТЭ) профилактикасы
Риваксан препаратының ұсынылатын дозасы тәулігіне 1 рет 10 мг 1 таблетканы құрайды. Бірінші дозаны қол жеткізілген гемостаз жағдайында операциядан кейін 6-10 сағаттан соң қабылдау керек.
Емдеу ұзақтығы үлкен ортопедиялық операцияның типімен анықталады және пациентте ВТЭ дамуының жеке қаупіне байланысты.
- Ұршықбуынын жоспарлы протездеуден кейін емдеудің ұсынылған ұзақтығы 5 аптаны құрайды.
- Тізе буынын жоспарлы протездеуден кейін емдеудің ұсынылған ұзақтығы 2 аптаны құрайды.
Дозаны өткізіп алған жағдайда пациент дереу Риваксан таблеткасын қабылдау керек және келесі күні дозаны өткізіп алғанға дейінгі тәулігіне 1 рет қабылдауды жалғастыру керек.
Терең веналар тромбозын (ТВТ) және өкпе артериясының тромбоэмболиясын (ӨАТЭ) емдеу, сондай-ақ ересектерде қайталанған ТВТ және ӨАТЭ профилактикасы
Жедел ТВТ немесе ӨАТЭ бастапқы емдеу үшін Риваксанның ұсынылған дозасы алғашқы 3 апта ішінде тәулігіне екі рет 15 мг құрайды, кейіннен қайталанған ТВТ мен ӨАТЭ терапиясын жалғастыру және алдын алу үшін тәулігіне бір рет 20 мг дозаны қабылдайды.
Қысқа мерзімді емді (кем дегенде 3 ай) үлкен транзиторлық қауіп факторлары (мысалы, жақында болған ауқымды операциялық араласулар немесе жарақат) туындатқан ТВТ және ӨАТЭ бар пациенттерде қарастыру керек. Ұзақ емді үлкен транзиторлық қауіп факторларымен байланысы жоқ, қоздырылған ТВТ немесе ӨАТЭ бар немесе анамнезінде ТВТ немесе ӨАТЭ қайталануы бар пациенттерде қарастыру керек.
ТВТ және ӨАТЭ рецидивінің ұзақ мерзімді профилактикасына көрсетілімдер болған кезде (ТВТ немесе ӨАТЭ кем дегенде 6 ай бойы емдеуден кейін) ұсынылған доза тәулігіне бір рет 10 мг құрайды. Тәулігіне бір рет 10 мг профилактикалық дозада Риваксанмен ұзартылған ем аясында асқынған қатарлас аурулардың болуы немесе ТВТ немесе ӨАТЭ қайталануы сияқты ТВТ немесе ӨАТЭ рецидивінің жоғары қаупі бар пациенттер Риваксан препаратының тәулігіне бір рет 20 мг дозасын қабылдауды қарастыру керек.
Емдеу ұзақтығы мен дозасы жеке таңдалуы тиіс – қан кету қаупіне қатысты емдеу пайдасын мұқият бағалағаннан кейін.
Ұзақтығы |
Дозалау режимі |
Жалпы тәуліктік доза |
|
Қайталанған ТВТ мен ӨАТЭ емдеу және алдын алу |
1-күннен 21-күнге дейін |
тәулігіне екі рет 15 мг |
30 мг |
22-күннен бастап және одан әрі |
Тәулігіне бір рет 20 мг |
20 мг |
|
Қайталанған ТВТ және ӨАТЭ профилактикасы |
Кем дегенде 6 айға созылған ТВТ немесе ӨАТЭ терапиясын аяқтағаннан кейін |
10 мг немесе 20 мг тәулігіне бір рет |
10 мг немесе 20 мг |
Өткізіп алған таблеткаларды қабылдау
Егер кезекті дозаны қабылдау тәулігіне екі рет (емдеудің 1-21 күні) 15 мг дозаны қабылдау кезінде өткізіп алынса, пациент 30 мг тәуліктік дозаның түсуін қамтамасыз ету үшін Риваксанды дереу қабылдауы тиіс. Ол үшін бір мезгілде 15 мг дозада Риваксанның 2 таблеткасын қабылдауға болады. Келесі күні препаратты ұсынылған режимге сәйкес тәулігіне 2 рет 15 мг дозада тұрақты қабылдауды жалғастыру керек.
Препаратты тәулігіне 1 рет қабылдау кезінде дозаны өткізіп алған жағдайда пациент Риваксанды дереу қабылдап, келесі күні ұсынылған режимге сәйкес тәулігіне 1 рет қабылдауды жалғастыруы керек. Бұрын өткізіп алған дозаның орнын толтыру үшін қабылданатын дозаны екі еселемеген жөн.
К дәруменінің антагонисттерінен (КДА) Риваксанға ауысу
ТВТ және ӨАТЭ емдеудегі және ТВТ және ӨАТЭ рецидивінің профилактикасындағы пациенттерде КДА қабылдауды тоқтату керек және ХҚҚ ≤2,5-ке дейін төмендеген кезде Риваксанмен емдеуді бастау керек.
Пациенттер КДА-дан Риваксанға ауысқан кезде, Риваксанды қабылдағаннан кейін ХҚҚ мәндері жалған жоғарылайды. ХҚҚ Риваксанның антикоагулянттық белсенділігін анықтау үшін қолайлы емеспін, сондықтан оны осы мақсатта қолдануға болмайды.
Риваксаннан К дәруменінің антагонистеріне (КДА) ауысу
Риваксаннан КДА-ға ауысқан кезде антикоагулянттық әсердің жеткіліксіз болу ықтималдығы бар. Осыған байланысты басқа антикоагулянтқа кез келген ауысу кезінде үздіксіз жеткілікті антикоагулянттық әсерді қамтамасыз ету қажет. Айта кету керек, Риваксан ХҚҚ-ны арттыруға ықпал етуі мүмкін.
Риваксаннан КДА-ға ауысқан кезде, Риваксанды КДА-мен бір мезгілде ХҚҚ ≥2,0 көрсеткішке жеткенге дейін қабылдау керек.
Өтпелі кезеңнің алғашқы екі күні ішінде ХҚҚ анықтамаларының негізінде КДА дозасын кейіннен тағайындай отырып, стандартты бастапқы дозасын қолдану керек. Риваксан мен КДА бір мезгілде қабылдау кезінде ХҚҚ алдыңғы дозаны қабылдағаннан кейін және Риваксанның келесі дозасын қабылдау алдында 24 сағаттан ерте емес анықтаған жөн. Риваксанды қолдануды тоқтатқаннан кейін ХҚҚ-ны дұрыс анықтауды препараттың соңғы дозасын қабылдағаннан кейін кемінде 24 сағаттан соң жүргізуге болады.
Парентеральді антикоагулянттардан Риваксанға ауысу
Парентеральді антикоагулянттар қабылдайтын пациенттер үшін парентеральді антикоагулянтты тоқтату керек, Риваксанды парентеральді препаратты келесі жоспарлы енгізу сәтіне дейін 0-2 сағат бұрын (мысалы, төмен молекулалы гепарин) немесе парентеральді препаратты үздіксіз енгізу тоқтатылған сәтте (мысалы, фракцияланбаған гепаринді вена ішіне енгізу) қабылдау керек.
Риваксаннан парентеральді антикоагулянттарға ауысу
Риваксанды тоқтату және келесі Риваксан дозасын қабылдау керек болған сәтте парентеральді антикоагулянттың бірінші дозасын енгізу керек.
Пациенттердің жекелеген популяциялары бойынша қосымша ақпарат Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі
Бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар науқастарда ривароксабанды қолдану туралы деректер (креатинин клиренсі 15-29 мл/мин) ривароксабанның плазмадағы деңгейінің едәуір жоғарылағанын көрсетеді. Осыған байланысты Риваксанды пациенттердің осы тобында сақтықпен қолдану қажет. Креатинин клиренсі <15 мл/мин пациенттерде Риваксанды қолдану ұсынылмайды.
Ұршықбуынын немесе тізебуынын жоспарлы протездеумен ересек пациенттерде веналық тромбоэмболияның (ВТЭ) алдын алу үшін креатинин клиренсі 50-80 мл/мин бүйрек функциясының жеңіл жеткіліксіздігі немесе креатинин клиренсі 30-49 мл/мин бүйрек функциясының орташа жеткіліксіздігі бар пациенттерде Риваксан дозасын түзету талап етілмейді.
Терең веналар тромбозын (ТВТ) және өкпе артериясының тромбоэмболиясын (ӨАТЭ) емдеу, сондай-ақ қайталанған ТВТ және ӨАТЭ профилактикасы үшін креатинин клиренсі 50-80 мл/мин болатын бүйрек функциясының жеңіл жеткіліксіздігі бар пациенттерде Риваксан дозасын түзету талап етілмейді.
Бүйрек функциясының орташа жеткіліксіздігінде (креатинин клиренсі 30-49 мл/мин) немесе бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігінде (креатинин клиренсі 15-29 мл/мин) пациенттер алғашқы 3 апта ішінде тәулігіне екі рет 15 мг Риваксан қабылдауы тиіс. Содан кейін ұсынылған доза тәулігіне бір рет 20 мг құрайды. Дозаны тәулігіне бір рет 20 мг-ден тәулігіне бір рет 15 мг-ға дейін төмендетуді пациентте қан кетудің бағаланатын қаупі қайталанған ТВТ және ӨАТЭ қаупінен басым болған кезде қарастыру керек. Тәулігіне бір рет 15 мг пайдалану ұсынымы фармакокинетикалық модельдеуге негізделген және осы жағдайда клиникалық жағдайларда зерттелмеген.
Препараттың тәулігіне бір рет 10 мг ұсынылған күнделікті дозасы кезінде оның дозасын түзету талап етілмейді.
Бауыр функциясының жеткіліксіздігі
Риваксанды қолдану Коагулопатиямен және клиникалық маңызды қан кетудің даму қаупімен бірге жүретін бауыр аурулары бар пациенттерде, соның ішінде Чайлд-Пью жіктемесі бойынша В және С класындағы бауыр циррозын қоса қолдануға болмайды.
Егде жастағы пациенттер
Дозаны түзету қажет емес.
Дене салмағы
Дозаны түзету қажет емес.
Жынысы
Дозаны түзету қажет емес.
Балалар мен жасөспірімдер
Риваксан препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде анықталмаған. Қолжетімді деректер жоқ. Сондықтан Риваксанды балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қолдану ұсынылмайды.
Енгізу әдісі мен жолы
Риваксан препараты ішке қабылдауға арналған.
Риваксан таблеткаларын 10 мг дозада тамақтануға қарамастан қабылдауға болады. Таблеткаларды тұтасымен жұта алмайтын пациенттер үшін Риваксан таблеткасын ұсақтап, сумен немесе алма езбесі сияқты жеңіл тағаммен тікелей қолданар алдында араластыруға және пероральді қабылдауға болады.
Риваксанның ұсақталған таблеткасын асқазан зонды арқылы енгізуге болады. Риваксанды қолданар алдында асқазанда зондтың болуын растау керек. Ұсақталған таблетканы асқазан зонды арқылы судың аз мөлшерімен бірге енгізу керек, содан кейін оны сумен шаю керек.
Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар
Симптомдары: ривароксабанды 600 мг дейінгі дозаларда қабылдағанда қан кету немесе басқа да қолайсыз реакциялардың дамуынсыз артық дозаланудың сирек жағдайлары тіркелген. Сіңірілуінің шектеулі болуына байланысты 50 мг және одан жоғары, емдік дозадан асатын дозаларды қолданғанда қан плазмасындағы оның орташа концентрациясын одан әрі ұлғайтпай, препарат концентрациясының төмен деңгейлі плато дамуы күтіледі.
Емі: Андексанет альфа ривароксабанның фармакодинамикалық әсерін бейтараптандыратын спецификалы антидот (немесе кері әсер ететін препарат) болып табылады.
Артық дозаланған жағдайда ривароксабанның сіңуін төмендету үшін белсендірілген көмірді пайдалануға болады.
Қан кету кезіндегі тәсіл
Егер ривароксабан қабылдаған пациентте қан кету дамыған болса, келесі қабылдауды кейінге қалдыру немесе қажет болған жағдайда емдеуді тоқтату керек. Ривароксабанның жартылай шығарылу кезеңі шамамен 5-13 сағатты құрайды. Емдеу қан кетудің ауырлығына және орналасуына байланысты жеке болуы керек. Қажет болған жағдайда тиісті симптоматикалық емді, мысалы, механикалық Компрессияны (мысалы, мұрыннан ауыр қан кету кезінде), оның тиімділігін бағалайтын хирургиялық гемостазды, инфузиялық терапияны және гемодинамикалық қолдауды, қан препараттарын (анемияның немесе коагулопатияның пайда болуына байланысты эритроциттік массаны немесе жаңа мұздатылған плазманы) немесе тромбоциттік массаны қолдануға болады.
Егер жоғарыда аталған іс-шаралар қан кетуді тоқтатуға әкелмесе, протромбин кешені концентраты (ПКК), белсендірілген протромбин кешені концентраты (БПКК) немесе рекомбинантты VIIa фактор (рVIIaф) сияқты кері әсер ететін спецификалы прокоагулянтты препараттар тағайындалуы мүмкін. Алайда, қазіргі уақытта ривароксабан алатын пациенттерде осы препараттарды қолдану тәжірибесі шектеулі. Ұсыным сонымен қатар клиникаға дейінгі шектеулі мәліметтерге негізделген. VIIa (рФVIIa) рекомбинантты факторын қайта енгізу қан кету бойынша оң динамикаға байланысты қаралуы және титрленуі тиіс. Елде болуына байланысты жаппай қан кету жағдайында маман-коагулологтың кеңесі туралы мәселені шешу керек.
Протамин сульфаты мен К дәруменінің ривароксабанның антикоагулянттық белсенділігіне әсері күтілмейді.
Транексам қышқылын қолданудың шектеулі тәжірибесі бар және ривароксабан алатын пациенттерде аминокапрон қышқылы мен апротининді қолдану тәжірибесі жоқ.
Ривароксабан қабылдайтын пациенттерде десмопрессин сияқты жүйелі гемостаздық препараттарды қолданудың орындылығы немесе тәжірибесі туралы ғылыми негіздеме жоқ. Қан плазмасы ақуыздарымен қарқынды байланысуды ескере отырып, ривароксабан диализ арқылы шығарылмайды деп күтілуде.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне консультацияға жүгіну бойынша ұсынымдар
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу үшін хабарласыңыз.
ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар
Төменде санамаланған жағымсыз реакциялар кездесу жиілігіне сәйкес былайша жіктелген: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100-ден < 1/10-ға дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100-ге дейін), сирек (≥ 1/10000-нан < 1/1000-ға дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес).
Жиі
- анемия (тиісті зертханалық көрсеткіштерді қоса алғанда)
- бас айналуы, бас ауыруы
- көзге қан құйылу (конъюнктиваға қан құйылуды қоса)
- артериялық гипотензия, гематома
- мұрыннан қан кету, қан түкіру
- қызыл иектің қанағыштығы, асқазан-ішектен қан кету (тікішектен қанкетуді қоса), асқазан-ішек жолы және іш аймағындағы ауырсыну, диспепсия, жүрек айну, іш қатуА, диарея, құсуА
- трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы
- қышу ( жайылған қышудың сирек жағдайларын қоса), бөртпе, экхимоз, тері және тері астылық қан құйылулар
- аяқ-қолдардағы ауырсынуА
- несеп-жыныс жолынан қан кету ( гематурия мен меноррагияны қосаВ), бүйрек функциясының жеткіліксіздігі (креатинин концентрациясының жоғарылауын, мочевина концентрациясының жоғарылауын қоса)
- қызба (температураның жоғарылауы)А, шеткергі ісіну, жалпы бұлшықет күші мен тонусының төмендеуі (әлсіздік пен астенияны қоса)
- жүргізілген емшаралардан кейінгі қан құйылулар ( операциядан кейінгі анемияны және жарадан қан кетуді қоса), қанталау, жарадан бөлінділерА
Жиі емес
- тромбоцитоз (тромбоциттер санының ұлғаюын қоса алғанда)А, тромбоцитопения
- аллергиялық реакция, аллергиялық дерматит, ангионевроздық ісіну және аллергиялық ісіну
- миішілік және бассүйекішілік қан құйылу, естен тану
- тахикардия
- ауыздың құрғауы
- бауыр функциясының бұзылуы, қандағы билирубин, сілтілі фосфатазаА, гамма-глютамилтрансфераза (ГГТ)А деңгейінің жоғарылауы
- есекжем
- гемартроз
- жалпы көңіл-күйдің нашарлауы (дімкәстікті қоса)
- ЛДГ деңгейінің жоғарылауыА, липаза деңгейінің жоғарылауыА, амилаза деңгейінің жоғарылауыА
Сирек
- сарғаю, конъюгацияланған билирубин деңгейінің жоғарылауы ( аланинаминотрансфераза (АЛТ) қатарлас жоғарылауы кезінде немесе онсыз), холестаз, гепатит (гепатоцеллюлярлық зақымдануды қоса)
- бұлшықетке қан құйылу
- жергілікті ісінуА
- тамырлы псевдоаневризмаС
Өте сирек
- анафилаксиялық шокты қоса, анафилаксиялық реакциялар
- Стивенс-Джонсон синдромы/уытты эпидермалық некролиз, DRESS-синдром.
Белгісіз (қолда бар деректердің негізінде бағалау мүмкін емес)
- қан кету салдарынан болатын компартмент-синдром
- гипоперфузияның дамуы үшін жеткілікті қан кету салдарынан бүйрек функциясының жеткіліксіздігі/ бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігі
А: тізе немесе жамбас буынын жоспарлы протездеуден кейін ересек пациенттерде веналық тромбоэмболияның (ВТЭ) алдын-алу кезінде тіркелді
B: ТГВ мен ӨАТЭ емдеу және рецидивтің алдын алу кезінде <55 жастағы әйелдерде өте жиі тіркелді
C: жедел коронарлық синдромнан кейін (тері арқылы араласудан кейін) пациенттерде кенеттен өлімнің және миокард инфарктісінің алдын алуда жиі емес ретінде тіркелді.
Кейбір жағымсыз реакциялардың сипаттамасы
Риваксанның фармакологиялық әсер ету механизмін ескере отырып, оны қолдану постгеморрагиялық анемияға әкелуі мүмкін кез-келген ағзалар мен тіндерден жасырын немесе айқын қан кету қаупінің жоғарылауымен бірге жүруі мүмкін. Белгілері, симптомдары және ауырлығы (өліммен аяқталуды қоса) қан кетудің және/немесе анемияның орналасқан жеріне және ауырлық дәрежесіне немесе ауқымдылығына байланысты өзгереді.
Шырышты қабаттардан қан кету (мысалы, мұрын, қызыл иек, асқазан-ішек және несеп-жыныс жолдарынан, оның ішінде патологиялық қынаптық және анағұрлым мол етеккірлік қан кету) және анемия К дәруменінің антагонистерімен (КДА) емдеумен салыстырғанда ривароксабанмен ұзақ емдеу кезінде жиі байқалды. Сондықтан, тиісті клиникалық тексеруден басқа, қажет болған жағдайда жасырын қан кетуді анықтау үшін гемоглобин/гематокрит деңгейін зертханалық анықтау және айқын қан кетудің клиникалық маңыздылығын сандық бағалау маңызды болуы мүмкін.
Қан кетудің даму қаупі пациенттердің кейбір топтарында, мысалы, бақыланбайтын ауыр артериялық гипертензиямен және/немесе гемостазға әсер ететін препараттармен қатар емделетіндерде жоғарылауы мүмкін. Етеккірлік қан кету ұзағырақ және қарқынды болуы мүмкін. Геморрагиялық асқынулар әлсіздік, бозару, бас айналу, бас ауыруы, түсініксіз ісіну, ентігу немесе түсініксіз шок жағдайында көрінуі мүмкін. Кейбір жағдайларда анемия салдарынан миокард ишемиясының белгілері байқалды, мысалы, кеудедегі ауырсыну немесе стенокардия.
Ривароксабанды қолданғанда ауыр қан кету салдарынан компартмент-синдром және гипоперфузия нәтижесінде бүйрек функциясының жеткіліксіздігі сияқты белгілі асқынулар тіркелді. Сондықтан антикоагулянттар алатын кез-келген пациенттің жағдайын бағалау кезінде қан құйылу мүмкіндігін қарастырған жөн.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препарат құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - ривароксабан 10 мг,
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, гидроксипропилметилцеллюлоза, натрий кроскармеллозасы, натрий лаурилсульфаты, натрий стеарил фумараты, лактоза моногидраты.
қабықтың құрамы: гидроксипропилметилцеллюлоза, полиэтиленгликоль (макрогол), калий алюминий силикаты (Е555), темірдің қызыл тотығы (Е172).
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Екі беті дөңес, інжу реңкті қоңыр түсті үлбірлі қабықпен қапталған дөңгелек пішінді таблеткалар.
Шығарылу түрі және қаптамасы
15 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден немесе екі қабатты үлбірден (ПВХ/ПВДХ) және алюминий фольга негізіндегі икемді қаптамадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.
2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау мерзімі
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25ºС-ден аспайтын температурада жарықтан және ылғалдан қорғалған жерде сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы.
Өндіруші туралы мәліметтер
«АКАДЕМФАРМ» мемлекеттік кәсіпорны,
Беларусь Республикасы, Минск қ., 220141,
академик В. Ф. Купревич к-сі, 5-үй, 3-корп.,
тел./факс: +375 17 268 63 64
Электронды пошта: info@academpharm.by
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
«АКАДЕМФАРМ» мемлекеттік кәсіпорны,
Беларусь Республикасы, Минск қ., 220141,
академик В. Ф. Купревич к-сі, 5-үй, 3-корп.,
тел./факс: +375 17 268 63 64
Электронды пошта: info@academpharm.by
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«МедЛайн Фармацевтика» ЖШС, 050011, Алматы қ., Сүйінбай даңғ., 258 В,
эл.пошта pharmakonadzor_dhf@mdline.kz
тел. 8 (727) 390-29-50, 8 (727) 390-29-42.