Рибоксин №50 (200 мг, Биохимик ОАО)

МНН: Инозин
Производитель: Биохимик ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения заболеваний сердца
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019013
Информация о регистрации в РК: 22.02.2023 - 22.02.2033

Инструкция

Саудалық атауы

Рибоксин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Инозин

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған 200 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат: рибоксин - 200 мг

қосымша заттар: картоп крахмалы, метилцеллюлоза, поливинилпирролидон (повидон), қант (сахароза), твин 80 (полисорбат), стеарин қышқылы, натрий карбоксиметилкрахмалы (примогель);

қабығы - метилцеллюлоза, гипролоза (гидроксипропилцеллюлоза), твин 80 (полисорбат), титанның қостотығы, силикон эмульсиясы, тропеолин О.

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, сары түсті қабықпен қапталған таблеткалар. Көлденең қимасында екі қабаты көрінеді.

Фармакотерапиялық тобы

Жүрек ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар

АТЖ коды С01ЕВ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препарат асқазан-ішек жолында жақсы сіңіріледі. Глюкурон қышқылын түзе және артынан оны тотықтандыра отырып, бауырда метаболизденеді. Болымсыз мөлшерде бүйрекпен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Метаболикалық дәрі, аденозинтрифосфаттың ізашары; гипоксияға қарсы, метаболиялық және аритмияға қарсы әсер етеді. Миокардтағы энергетикалық теңгерімді арттырады, коронарлық қан айналымын жақсартады, бүйректің интраоперациялық ишемиясы салдарын болдырмайды. Глюкоза алмасуына тікелей қатысады және гипоксия жағдайы мен аденозинтрифосфат болмағанда зат алмасудың белсенділенуіне ықпал етеді.

Тіндік тыныс алудың қалыпты үдерісін қамтамасыз ету үшін пирожүзім қышқылының метаболизмін белсенділендіреді, сондай-ақ және ксантиндегидрогеназаның белсенділенуіне түрткі болады.

Нуклеотидтер синтезін көтермелейді, Кребс циклының кейбір ферменттері белсенділігін күшейтеді.

Жасушаларға өте отырып, энергетикалық деңгейін жоғарылатады, миокардтағы алмасу үдерісіне оңды әсер етеді, жүректің жиырылу күшін ұлғайтады және диастолада миокардтың барынша толық босаңсуына ықпал етеді, соның нәтижесінде қанның екпінді көлемі артады.

Тромбоциттер агрегациясын төмендетеді, тіндер регенерациясын (әсіресе, миокард пен асқазан-ішек жолы шырышты қабығының) белсенді етеді.

Қолданылуы

Кешенді ем құрамында:

- ересектерге жүректің ишемиялық аурулары, миокардиодистрофия кезінде, миокард инфарктісінен кейін, жүрек гликозидтерін қолдануға байланысты жүрек ырғағының бұзылуында

- гепатитте, циррозда, алкоголь немесе дәрілік заттар туындатқан бауырдың майлы дистрофиясында

- урокопропорфирияда

Қолдану тәсілі мен дозалары

Тамақтануға дейін ішке қабылдауға тағайындалады.

Ішке қабылдағанда тәуліктік дозасы 0,6 – 2,4 г құрайды. Емдеудің бастапқы күндері тәуліктік доза 0,6 - 0,8 г (200 мг күніне 3-4 рет) тең. Көтере алушылығы жақсы болған жағдайда дозаны (2-3 күнге) 1,2 г (0,4 г күніне 3 рет) дейін, қажет болғанда – күніне 2,4 г дейін жоғарылатады.

Урокопропорфирия кезінде тәуліктік доза 0,8 г (200 мг күніне 4 рет) құрайды. Препаратты 1-3 ай бойы күнделікті қабылдайды.

Жағымсыз әсерлері

  • аллергиялық реакциялар, есекжем, терінің қышуы, тері гиперемиясы, тері бөртпесі

Сирек

  • қандағы несеп қышқылы концентрациясы деңгейінің жоғарылауы

  • подаграның өршуі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа жекелей жоғары сезімталдық

- подагра

- гиперурикемия

- 6 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Бір мезгілде қолданғанда анаболикалық стероидтар мен стероидты емес анаболикалық дәрілердің әсерлерін күшейтеді.

Ослабляет теофиллиннің бронхолитикалық әсері мен кофеиннің психостимуляциялаушы әсер етуін азайтады.

Айрықша нұсқаулар

Бүйрек қызметінің бұзылуы кезінде сақтықпен тағайындау керек! Терінің қышынуы мен гипермия пайда болғанда препаратты тоқтатқан жөн. Рибоксин жүрек қызметінің бұзылуын шұғыл түзетуде қолданылмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Рибоксинді жүктілік және лактация кезеңінде қолдануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.

Қарсы көрсетілімдері жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблетка поливинилхлоридті үлбір мен баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады. 5 пішінді қаптама медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

"Биохимик" ЖШС, Ресей,430030, Саранск қ., Васенко к-сі, 15 А Тел./факс (8342) 47-36-48, 47-36-78.

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Биохимик» ААҚ, Ресей Федерациясы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«ЦентрАзияФарм» ЖШС, 050030, Қазақстан Республикасы,

Алматы қ., Сүйінбай к-сі, 290

тел. 727 290 27 80, 727 385 04 00,

e-mail: register@caph.kz

Прикрепленные файлы

054694591477977071_ru.doc 46.5 кб
132812321477978237_kz.doc 123.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники