Рибоксин №50 (0.2 г, Киевмедпрепарат ОАО)

МНН: Инозин
Производитель: Киевмедпрепарат ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения заболеваний сердца
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018841
Информация о регистрации в РК: 28.03.2017 - 28.03.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Рибоксин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Инозин

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған 0,2 г таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат рибоксин (инозин), 100% затқа шаққанда – 0,2000 г,

қосымша заттар: -  картоп крахмалы, кальций стеараты, қант-ұнтақ

қабығы: «Opadry II Yellow» 33G22623*.

* - “Opadry II Yellow” 33G22623 құрамында - гипромелоза (гидрокси-пропилметилцеллюлоза), лактоза моногидраты, титанның қостотығы (Е 171) полиэтиленгликоль (макрагол) 3000, триацетин, хинолинді сары (Е 104), күн батар түстес сары FCF(Е 110), темір тотығы (Е 172), индигокармин (Е 132) бар.

Сипаттамасы

Екі беті дөңес, сары түсті қабықпен қапталған таблеткалар. Көлденең қимасында екі қабаты көрінеді.

Фармакотерапиялық тобы

Жүрек ауруын емдеуге арналған басқа да препараттар

АТЖ коды С01ЕВ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препарат ас қорыту жолында жақсы сіңіріледі. Қан ағысымен жасушаларға түсіп, мұнда энергиялық және ақуыз алмасуына қатысатын нуклеотидтерге айналады. Инозин глюкурон қышқылын түзеді және артынан оны тотықтандыра отырып, бауырда метаболизденеді. Негізінен несеппен, болымсыз мөлшерде нәжіспен және өтпен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Рибоксин гипоксияға қарсы, аритмияға қарсы қасиеттерге ие, анаболиялық әсер етеді. Ол АТФ ізашары болып табылады, тікелей глюкоза алмасуына қатысады және гипоксия жағдайы мен АТФ болмағанда метаболизмнің белсенділенуіне ықпал етеді. Препарат тіндік тыныс алудың қалыпты үдерісін қамтамасыз ету үшін пирожүзім қышқылының метаболизмін белсенділендіреді және ксантиндегидрогеназаның белсенділенуіне түрткі болады.

Рибоксин миокардтағы зат алмасуына жағымды ықпал етеді, атап айтқанда жасушалардың энергетикалық теңгерімін арттырады, нуклеотидтер синтезін көтермелейді, Кребс циклының бірқатар ферменттерінің белсенділігін арттырады. Препарат миокардтың жиырылғыштығын қалпына келтіреді және олардың қозу фазасында жасушаларға өтіп кеткен кальций иондарын байланыстыру қабілеті есебінен диастолада миокардтың толық босаңсуына ықпал етеді, тіндердің (әсіресе миокард пен ас қорыту жолы шырышты қабығында) қайта түлеуін белсенділендіреді.

Қолданылуы

Жүректің ишемиялық ауруларын кешенді емдеуде (миокард инфарктысынан кейінгі жағдайда, стенокардияда)

- жүрек ырғағының бұзылуында

- жүрек гликозидтері препараттарымен улануда

- әртүрлі генездегі кардиомиопатияны емдеуде

- миокардиодистрофияда (ауыр дене жүктемелері аясында, жұқпалы және эндокриндік генезді), миокардитте

- бауыр ауруларында (гепатит, бауыр циррозы, бауырдың майлы дистрофиясы)

- урокопропорфирияда

- сәулелену кезіндегі лейкопенияның алдын алуда

- көзішілік қысымы тұрақтанған ашық бұрышты глаукома кезінде көру қызметін жақсартатын дәрі ретінде.

Қолдану тәсілі мен дозалары

Рибоксинді тамақтанудың алдында ішке қабылдайды.

Ересектер үшін тәуліктік доза жекелей белгіленеді және тәулігіне 0,6 – 2,4 г құрайды.

Әдетте емдеудің басында препаратты 0,6 - 0,8 г тәуліктік дозада (тәулігіне 3-4 рет 1 таблеткадан) тағайындайды. Егер препарат жақсы көтерімді болса, дозаны алдымен (2-3 күн ішінде) тәулігіне 1,2 г дейін (күніне 3 рет 2 таблеткадан), одан әрі қарай – күніне 2,4 г (күніне 3 рет 4 таблеткаға дейін) біртіндеп арттырады.

Урокопропорфирия кезінде Рибоксинді тәулігіне 0,8 г (1 таблеткадан күніне 4 рет) тағайындайды. Емдеу курсының ұзақтығы – 1-3 ай.

Жағымсыз әсерлері

  • қышыну, тері гиперемиясы, есекжем

Сирек жағдайларда: - емдеу кезінде қандағы мочевина деңгейінің жоғарылауы мүмкін

  • ұзақ емдеу кезінде - подаграның өршуі мүмкін

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа жекелей жоғары сезімталдықта

- подаграда, гиперурикемия

- бүйрек жеткіліксіздігі препарат қабылдауға шектеу қойылатын жағдай болып табылады

- балаларға және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Рибоксинді бета-адренобөгегіштермен бір мезгілде қолданғанда Рибоксиннің тиімділігі азаймайды. Жүрек гликозидтерімен үйлестіргенде препарат аритмия пайда болуының алдын алады және ионотропты әсерді күшейтуі мүмкін. Гепариннің тиімділігін оның әсер ету ұзақтығын арттыра отырып, күшейтеді. Қышқылдар және спирттермен, ауыр металдар тұздарымен үйлеспейді.

Айрықша нұсқаулар

Бүйрек жеткіліксіздігінде препаратты дәрігердің пікірінше тек күтілетін оңды әсері қолданудағы ықтимал қаупінен артқанда ғана мүмкін болады.

Емдеу кезінде қандағы несеп қышқылының деңгейін тұрақты бақылау қажет.

Жүктілік пен лактация

Жүктілік пен лактация кезеңінде рибоксин пайда/қауіп арақатынасын ескере отырып тағайындалады

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.

Препарат автокөліктерді басқару мен күрделі механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне жағымсыз әсер етпейді.

Артық дозаланғанда

Симптомдары: қышыну, терінің гиперемиясы түріндегі препаратты жекелей көтере алмаушылықтың болуы мүмкін.

Емі: препаратты тоқтатады және десенсибилизациялаушы ем жүргізеді.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбір мен баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

5 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, +15°С-ден +25°С-ге дейінгі температурада сақтау керек..

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Киевмедпрепарат» ААҚ, Украина,

01032, Киев қ., Саксаганск к-сі, 139

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Киевмедпрепарат» ААҚ, Украина

ҚР аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Қазақстан Республикасындағы «Артериум» корпорациясының өкілдігі

050060, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы 97 үй, 3 подъезд, «54» кеңсе

Тел/факс: 8(727)315-82-09; 8(727)315-82-10;

Е-mail: office@arterium.kz

Прикрепленные файлы

707419771477977095_ru.doc 50.5 кб
813892091477978258_kz.doc 61.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники