Рибоксин (раствор для инъекций, 20 мг/мл, Галичфарм АО)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Рибоксин
Халықаралық патенттелмеген атауы
Инозин
Дәрілік түрі
Инъекцияға арналған 20мг/мл ерітінді
Құрамы
1 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат: инозин – 20 мг,
қосымша заттар: гексаметилентетрамин, 1 М натрий гидроксидінің ерітіндісі, инъекцияға арналған су.
Сипаттамасы
Мөлдір түссіз ерітінді
Фармакотерапиялық тобы
Басқа да кардиотоникалық препараттар.
АТЖ коды С01ЕВ
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Көктамыр ішіне енгізген кезде рибоксин тіндерде жылдам таралады, бауырда метаболизденеді, онда организмнің биохимиялық реакцияларында толық утилизацияланады. Көбінесе несеппен бірге шығарылады.
Фармакодинамикасы
Рибоксин – метаболиялық препарат, антигипоксиялық және аритмияға қарсы әсері бар. Ол АТФ-тің ізашары болып табылады, глюкозаның алмасуына тікелей қатысады және гипоксия жағдайында және АТФ жоқ болған кезде метаболизмнің белсенділенуіне ықпал етеді. Препарат тіндік тыныс алудың қалыпты үдерісін қамтамасыз ету үшін пировиноград қышқылының метаболизмін белсенді етеді және ксантиндегидрогеназаның белсенділенуіне ықпал етеді.
Рибоксин миокардтағы зат алмасуға жағымды ықпал етеді, атап айтқанда жасушалардың энергетикалық тепе-теңдігін арттырады, нуклеотидтердің синтезін көтермелейді, Кребс циклының бірқатар ферменттерінің белсенділігін арттырады. Препарат миокардтың жиырылғыштық белсенділігін қалыпқа келтіреді және жасушаға олардың қозуы кезінде енген кальций ионымен байланысу қабілеті есебінен миокардтың диастолада толық босаңсуына мүмкіндік береді, тіндердің әсіресе миокардтың және ас қорыту жолының шырышты қабығының регенерациясын белсенді етеді.
Педиатрияда қолдану
12 жасқа дейінгі балаларға салмағына байланысты, дене салмағына 10-20 мг/кг есебінен (2-3 қабылдауға бөліп) тағайындалады.
Емдеу курсының ұзақтығын емдеуші дәрігер белгілейді.
Қолданылуы
- жүректің ишемиялық ауруында, оның ішінде миокард инфарктісі, стенокардия, коронарлық жеткіліксіздікте (кешенді ем құрамында)
- жүрек ырғағының бұзылуында
- жүрек гликозидтері препараттарымен уыттануда
- шығу тегі әр түрлі кардиомиопатияда, миокардиодистрофияда (ауыр дене жүктемелері, шығу тегі жұқпалы және эндокринді болуы аясында), миокардиттерде
- бауыр ауруларында (гепатиттер, бауыр циррозы, бауырдың майлы дистрофиясы)
- ашық бұрышты көзішілік қысымы қалыпты глаукома кезінде көру қызметін жақсарту үшін
Қолдану тәсілі және дозалары
Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға көктамыр ішіне тамшылатып немесе сорғалатып енгізу тағайындалады. Алдымен 200 мг (10 мл 2 % ерітінді) күніне 1 рет, бұдан әрі жақсы көтергенде - 400 мг дейін (20 мл 2 % ерітінді) күніне 1-2 рет енгізеді. Емдеу курсы жекелей (орташа алғанда 10-15 күн) анықталады. Көктамырға тамшылатып енгізгенде препараттың 2 % ерітіндісін глюкозаның 5 % ерітіндісінде немесе натрий хлоридінің 0,9 % ерітіндісінде ( 250 мг дейін) сұйылтады. Препаратты 1минутта 40-60 тамшыдан баяу тамшылатып енгізеді. Жүрек ырғағының жедел бұзылуында 200 - 400 мг (10 - 20 мл 2 % ерітінді) бір реттік дозада көктамыр ішіне сорғалатып енгізуге болады.
Жағымсыз әсерлері
-
артериялық гипотензия, тахикардия, жалпы әлсіздік
-
тері гиперемиясы және қышуы
-
аллергиялық реакциялар (есекжем, ангионевротикалық ісіну, қызба, ентігу)
-
липодистрофия
Емдеу кезінде қанда несеп қышқылының деңгейі сирек жағдайларда жоғарылауы, ұзақ емдеуде – подаграның өршуі мүмкін.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
препаратқа жекелей жоғары сезімталдық
-
подагра
-
гиперурикемия
-
бүйрек жеткіліксіздігі Рибоксинді қабылдауға шектеу болып табылады
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Кешенді ем құрамында қолданған кезде аритмияға қарсы, антиангинальді және инотропты дәрілік препараттар тиімділігінің артуына ықпал етеді.
Рибоксинді бета-адренобөгегіштермен бір мезгілде қолданған кезде Рибоксиннің әсері азаймайды. Жүрек гликозидтерімен біріктіргенде препарат аритмияның пайда болуының алдын алуы және инотропты әсерін күшейтуі мүмкін.
Иммунодепрессанттарды бір мезгілде қолданған кезде әсер ету тиімділігі төмендейді.
Рибоксиннің басқа топтың дәрілік препараттарымен клиникалық мәнді өзара әрекеттесуі сипатталмаған.
Препараттардың химиялық үйлесімсіздігін болдырмау үшін Рибоксинді бір еккіште басқа дәрілік заттармен араластыруға болмайды.
Айрықша нұсқаулар
Бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі кезінде дәрілік затты дәрігердің пікірі бойынша күтілетін жағымды әсері мүмкін болатын қауіптен асып түсетін кезде ғана тағайындаған жөн.
Емдеу кезінде қандағы несеп қышқылының деңгейін ұдайы бақылап отырған жөн.
Бүйрек қызметінің бұзылулары кезінде препаратты сақтықпен тағайындайды.
Педиатрияда қолданылуы
12 жастан асқан балаларға пайда/қауіп арақатынасы ескеріле отырып тағайындалады.
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүктілік және лактация кезеңінде рибоксинді пайда/қауіп арақатынасын ескере отырып тағайындайды.
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Зейінді жұмылдыруды және психомоторлы реакциялардың шапшаңдығын қажет ететін автокөлік жүргізгенде және қауіпті қызмет түрлерімен айналысқанда сақ болу қажет.
Артық дозалануы
Симптомдары – аллергиялық реакция болуы мүмкін.
Емдеу – симптоматикалық, ауыр жағдайларда дәрігерге қаралу керек.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Шыны ампулаларда 5 мл немесе 10 мл препараттан.
10 ампуладан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтар мен ампула скарификаторымен бірге гофрланған астары бар қорапқа салынған. Қорапты бандероль-заттаңбамен желімдейді.
5 ампуладан поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада, салынады. 2 пішінді ұяшықты қаптамада, медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтар мен ампула скарификаторымен бірге пәшкеге салынған.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
«Галичфарм» АҚ
Украина, 79024, Львов қ., Опрышковская к-сі, 6/8
Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі
«Галичфарм» АҚ, Украина
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
Қазақстан Республикасындағы «Артериум» корпорациясының өкілдігі
050060, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 97 үй, 3 подъезд, «54» кеңсе
Тел/факс: 8(727)315-82-09; 8(727)315-82-10;
Е-mail: office@arterium.kz