Рибоксин-Дарница

МНН: Инозин
Производитель: Фармацевтическая фирма «Дарница» ЧАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения заболеваний сердца
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№008519
Период регистрации: 14.01.2016 - 14.01.2021

Инструкция

Саудалық атауы

Рибоксин-Дарница

Халықаралық патенттелмеген атауы

Инозин

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған ерітінді 2 % 5мл

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат рибоксин (инозин) 20 мг,

қосымша заттар: натрий гидроксиді, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз ерітінді

Фармакотерапиялық тобы

Жүрек ауруларын емдеуге арналған препараттар. Жүрек ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар. Басқа да кардиотонустық препараттар. АТХ коды С01ЕВ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Енгізген кезде рибоксин тіндерде жылдам таралады. Бауырда метаболизденеді, онда организмнің биохимиялық реакцияларында толық утилизацияланады. Болмашы мөлшерде негізінен несеппен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Рибоксин – антигипоксиялық және аритмияға қарсы әсері бар анаболикалық препарат.

Ол АТФ-тің ізашары болып табылады, глюкозаның алмасуына тікелей қатысады және гипоксия жағдайында және АТФ жоқ болған кезде метаболизмнің белсенділенуіне ықпал етеді. Препарат тіндік тыныс алудың қалыпты үдерісін қамтамасыз ету үшін пирожүзім қышқылының метаболизмін белсенді етеді және ксантиндегидрогеназаның белсенділенуіне ықпал етеді. Рибоксин миокардтағы зат алмасуға жағымды ықпал етеді, атап айтқанда жасушалардың энергетикалық теңгерімін арттырады, нуклеотидтердің синтезін көтермелейді, Кребс циклының бірқатар ферменттерінің белсенділігін арттырады. Препарат миокардтың жиырылғыштық белсенділігін қалыпқа келтіреді және жасушаға олардың қозуы кезінде енген кальций ионымен байланысу қабілеті есебінен миокардтың диастолада толық босаңсуына мүмкіндік береді, тіндердің әсіресе миокардтың және ас қорыту жолының шырышты қабығының регенерациясын белсенді етеді.

Қолданылуы

- жүректің ишемиялық ауруын кешенді емдеуде (миокард инфарктісінен кейінгі жағдай, стенокардия), жүрек ырғағының бұзылуында, жүрек гликозидтері препараттарымен уыттануда, шығу тегі әр түрлі кардиомиопатияны, миокардиодистрофияны (ауыр дене жүктемелері аясындағы, шығу тегі инфекциялық және эндокриндік), миокардиттерді емдеуде

- бауыр ауруларында (гепатиттер, бауыр циррозы, бауырдың майлы дистрофиясы)

- сәулелену кезінде лейкопенияның профилактикасында

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты ересектерге сорғалатып немесе минутына 40-60 тамшы жылдамдықпен тамшылатып (баяу) қолданады.

Көктамыр ішіне тамшылатып енгізгенде препаратты 5 % глюкоза ерітіндісінде немесе 0,9 % натрий хлориді ерітіндісінде (250 мл дейін) сұйылтады. Емдеудің басында 200 мг (10 мл 2 % ерітінді) тәулігіне 1 рет, одан әрі жақсы көтере алғанда тәулігіне 1-2 рет 400 мг дейін (20 мл 2 % ерітінді) арттыруға болады. Емдеу курсы жекелей анықталады, орташа алғанда – 10-15 күн.

Жүрек ырғағының жедел бұзылуында бір реттік 200 - 400 мг (10 - 20 мл 2 % ерітінді) дозада сорғалатып енгізуге болады.

Жағымсыз әсерлері

  • бас ауыруы, бас айналуы, жүрек айну сезімі, құсу, тершеңдікпен қатар жүретін тахикардия, артериялық гипотензия

  • бөртпе, қышыну, тері гиперемиясы, есекжем, анафилактикалық шокты қоса, аллергиялық/анафилактикалық реакциялар

  • гиперурикемия, подаграның өршуі (жоғары дозаларды ұзақ қабылдағанда )

  • жалпы әлсіздік, енгізген орындағы өзгерістер (гиперемияны, қышынуды қоса)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- әсер етуші затқа немесе препараттың басқа да компоненттеріне жоғары сезімталдық

- подагра

- гиперурикемия

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар

Бүйрек жеткіліксіздігі препаратты қолдануға шектеу болып табылады.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препаратты басқа да дәрілік заттармен бірге қолданғанда болуы мүмкін:

гепаринмен – гепариннің әсері күшейеді, оның әсер ету ұзақтығы ұзарады;

жүрек гликозидтерімен – аритмия туындауының алдын алады, жағымды инотропты әсері күшейеді.

Бета-адреноблокаторлармен бір мезгілде қолданған кезде рибоксиннің әсері кемімейді.

Нитроглицеринмен, нифедипинмен, фуросемидпен, спиронолактонмен бір мезгілде қолдануға болады. Алкалоидтармен, қышқылдармен, спирттермен, ауыр металл тұздарымен, танинмен, В6 витаминімен (пиридоксин гидрохлоридімен) бір ыдыста үйлесімсіз.

Бір еккіште немесе бір инфузиялық жүйеде басқа дәрілік заттармен араластыруға болмайды. Тек қана ұсынылған еріткіштерді пайдалану керек.

Айрықша нұсқаулар

Қышыну және тері гиперемиясы пайда болған кезде препаратты тоқтатқан жөн.

Емдеу кезінде несептегі және қандағы несеп қышқылының деңгейін бақылап отыру қажет.

Бүйрек жеткіліксіздігі препаратты қолдануға шектеу болып табылады. Бүйрек жеткіліксіздігі кезінде препаратты, дәрігердің пікірі бойынша, күтілетін жағымды әсері қолданған кезде мүмкін болатын қауіптен асып түсетін кезде ғана, тағайындаған дұрыс.

Дәрілік заттың автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Деректер жоқ.

Артық дозалануы

Қышынумен, тері гиперемиясымен білінетін препаратқа жекелей жоғары сезімталдық болуы ықтимал.

Емі. Препаратты тоқтату, десенсибилизациялаушы ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

5 мл-ден шыны ампулаларға.

10 ампуладан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен және ампула ашуға арналған пышақпен бірге гофрлауға арналған қағаздан жасалған астары бар картон қорапқа салынған. Түрлі-түсті сындыру сақинасы немесе түрлі-түсті сындыру нүктесі бар ампулаларды қаптаған кезде ампула ашуға арналған пышақ салынбайды.

Пішінді ұяшықты қаптамаға ампула ашуға арналған пышақпен бірге 5 ампуладан салынады. 2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған. Түрлі-түсті сындыру сақинасы немесе түрлі-түсті сындыру нүктесі бар ампулаларды қаптаған кезде ампула ашуға арналған пышақ салынбайды.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамада, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Фармацевтикалық фирма «Дарница» ЖАҚ

02093 Украина, Киев қ., Борисполь к-сі ,13.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Фармацевтикалық фирма «Дарница» ЖАҚ, Украина

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы -

телефон/факс: (+ 380 44) 207 73 27

e-mail: vigilance@darnitsa.kiev.ua

http://www.darnitsa.ua

Прикрепленные файлы

478664131477976321_ru.doc 52.5 кб
856717331477977567_kz.doc 61.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники