Рибокарбо-Л (15 мл)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Рибокарбо-Л
Халықаралық патенттелмеген атауы
Карбоплатин
Дәрілік түрі
Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат, 10 мг/мл
Құрамы
1 мл препараттың құрамында:
белсенді зат - 10 мг карбоплатин
қосымша зат: инъекцияға арналған су
Сипаттамасы
Мөлдір түссіз сұйықтық.
Фармакотерапиялық тобы
Ісікке қарсы басқа препараттар. Құрамында платина бар препараттар. Карбоплатин
АТХ коды LО1ХА02
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Карбоплатиннің адам организміндегі кинетикасын алғашқы реттік ашық екі компартментті моделінің көмегімен сипаттауға болады.
Вена ішіне енгізгенннен кейін, өзгермеген заттың плазмадағы ең жоғарғы деңгейлері мен қисық астындағы ауданы уақытының концентрациясы, платинамен сүзіледі және платинаның жалпы мөлшері карбоплатиннің енгізілген дозасына тәуелді болады.
Карбоплатиннің қысқа инфузиясын (< 1 сағат) вена ішіне енгізгенннен кейін, плазмадағы деңгейінің екі фазалы экспоненциальді төмендеуі туындайды.
T½α өзгермеген күйіндегі карбоплатин мен сүзілетін платина үшін 90 минутты және платина үшін 100 минутты құрайды. T½ß сүзілетін платина үшін 6 сағатты және платина үшін > 24 - 40 сағатты құрайды.
Карбоплатин инъекцияларын венаішілік қысқа инфузия түрінде 5 күн бойы бірнеше рет қайталап енгізген кезде, плазмада платинаның жинақталғаны анықталған жоқ. Енгізгеннен соң 1 күннен кейінгі фармакокинетикалық параметрлері 2 – 5 күннен кейінгі параметрлеріне ұқсас.
Карбоплатиннің плазма ақуызымен байланысуы 4сағаттан соң 20 – 25 % және 24 сағаттан соң > 90 % құрайды. Карбоплатин негізінен бүйрек арқылы шығарылады. Несептің 24 сағаттан соң қалпына келуі платинаның енгізілген дозасының 60 – 80 %-ын құрайды.
Карбоплатинді енгізгенде, дененің жалпы клиренсі, бүйректік клиренс және сүзілген платинаның шағыралуы креатинин клиренсімен өзара байланыста болады. Осылайша, карбоплатиннің елеулі дәрежеде шығарылуы шумақты сүзілістің жылдамдығына тәуелді.
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде, клиренсі нашарлауы салдарынан карбоплатиннің дозалары төмендетілуі тиіс, миелосупрессия әсері сүзілетін платинаның концентрация-уақыт қисығы астындағы ауданына тәуелді.
Фармакодинамикасы
Карбоплатин ісікке қарсы әсерге ие және ісік жасушаларын ыдыратады. Бұл препараттың негізгі әсер ету механизміне ДНҚ-мен бйланысуы түрткі болады, соның нәтижесінде спиральішілік тізбектер көптеп түзіледі, олар ДНҚ құрылымын өзгертеді және оның синтезін бәсеңдетеді. Бұл әсері жасуша циклы фазасына тәуелсіз білінеді.
Қолданылуы
- аналық бездер эпителийі обырында
- өкпенің ұсақжасушалы обырында
- бас пен мойынның қатерлі ісіктерінде
- жатыр мойны обырының орныққан немесе алынып тасталғаннан кейін қайталанатын метастаздарында
Қолдану тәсілі және дозалары
Рибокарбо-Л препаратын тек қысқа инфузия түрінде 15 – 60 минут ішінде вена ішіне енгізу керек.
0.5 мг/ мл ақырғы концентрациясын алу үшін, инфузияға арналған ерітіндісін 5 % глюкоза ерітіндісімен сұйылтуға болады.
Бүйрек функциясы қалыпты, бұрын ем қабылдамаған ересек пациенттерге дене беткейінің ауданына қысқа инфузия түрінде (15 - 60 минут) 400 мг карбоплатин / м² тағайындалады. Баламалы дозасын төменде келтірілген формуланың көмегімен есептеп шығруға болады.
Емдеуді карбоплатин инъекциясының алдыңғы курсынан кейінгі 4 апта ішінде және/немесе нейтрофилден саны 2000 жасуша/мм3, тромбоциттер саны 100000 жасуша/мм3 құрағанша қайталамау керек.
Сүйек кемігі функциясын бәсеңдетуге бағытталған ем және өнімділік статусының төмендігі (ВООГ - Зуброд 2-4 немесе Карновский 80-нен төмен) сияқты қауіп факторалары бар пациенттер үшін бастапқы дозасын 20 – 25 %-ға төмендету ұсынылады.
Келесі емдеу курстары кезінде дозасын ретке келтіріп алу үшін, бастапқы емдеу курстары кезінде қан талдауын жүргізу арқылы нейтрофилдердің төмендеуінің гематологиялық деңгейін карбоплатин инъекциясымен анықтау ұсынылады.
Бүйрек функциясының бұзылулары бар пациенттердегі дозасы
Карбоплатиннің дозасын бүйрек функциясының бұзылулары бар (креатинин клиренсі < 60 мл/мин) пациенттердегі шумақтық сүзіліс жылдамдығына сәйкес төмендету қажет.
Бүйрек және бауыр функцияларына тұрақты мониторинг жүргізу, егжей-тегжейлі қан талдауын жүргізу, тромбоциттер мен электролиттер мөлшерін анықтап отыру керек.
Шумақтық сүзіліс жылдамдығы 30-дан < 60 мл/минутқа дейін болса, карбоплатинді тромбоциттердің базалық деңгейіне сәйкес, келесі дозада енгізу керек:
Тромбоциттердің бастапқы деңгейдегі саны |
Карбоплатиннің дозасы |
200,000 / мкл |
барлық дозасының 450 мг |
100.000 - 200.000 / мкл дейін |
барлық дозасының 300 мг |
Шумақтық сүзіліс жылдамдығы < 30 мл/минут болса, карбоплатинді енгізбеу керек.
ҚАА (қисық астындағы ауданы) бойынша ұсынылатын дозасы
Баламасы ретінде, бастапқы дозасын келесі формула бойынша есептеп шығаруға болады, онда бүйрек функциясы ескеріледі. Бұл бүйрек функциясындағы жекелеген өзгерістердің салдарынан препараттың артық дозалануының немесе дозасының жеткіліксіз енгізілуі қаупін төмендетуге мүмкіндік береді.
Калверт формуласы:
Жалпы дозасы (мг) = (ҚАА мақсатты мәні) х (ШСЖ + 25)
Ескертпе: формула жалпы дозасын мг/м емесе мг бірлігімен есептеп шығарады
ҚАА мақсатты мәні |
Химиотерапияны қолдану |
Пациенттің жағдайы |
5‑7 мг/мл мин |
Монотерапия Рибокарбо‑L |
Бұрын ем қабылдамаған |
4‑6 мг/мл мин |
Монотерапия Рибокарбо‑L |
Бұрын ем қабылдаған |
4‑6 мг/мл мин |
Рибокарбо‑L плюс циклофосфамид |
Бұрын ем қабылдамаған |
Калверт формуласын бұрын келесі препараттармен қарқынды емдеу курсынан өткен пациенттерге қолданбау керек:
- Митомицин-С
- Нитрозомочевина
- Доксорубицинмен/циклофосфамидпен/ цисплатинмен біріктірілген ем
- Препараттардың 5 немесе одан көп түрін қолданып жүргізілетін химиотерапия, немесе
- ≥ 4.500 рад, 20 х 20 см беткейге немесе бірнеше беткейге шоғырландырылған сәулемен емдеу
Біріктірілген ем
Басқа миелосупрессиялық препараттармен біріктіріп емдеуде карбоплатиннің дозасы қолданылатын емдеу режиміне сәйкес түзетілуі тиіс.
Егде жастағы пациенттер
65 жастан асқан егде жастағы пациенттерде алғашқы және кейінгі емдеу курстарында да карбопластиннің дозасын реттеу қажет.
Балалардағы дозасы
Балалар үшін дозасын түзету жөніндегі айрықша ұсынымдар жоқ, өйткені бұл салада тәжірибе жеткіліксіз.
Қолданылу ұзақтығы
Карбоплатинмен емдеу ұзақтығына қатысты жалпылама шектеулер қарастырылмаған.
Ісіктен реакция болмаған, ауру үдеген және/немесе көтерімсіз жағымсыз әсерлері пайда болған жағдайда, Рибокарбо-Л препаратын қолдануды тоқтату керек.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі (10 пациенттің 1-еуінен көбінде):
- тромбоцитопения, нейтропения, лейкопения, анемия;
- жүрек айнуы, құсу, іш ауыруы;
- нефроуыттылығы;
- бүйректік креатинин клиренсінің төмендеуі, қандағы мочевина жоғарылауы, қандағы сілтілік фосфатаза жоғарылауы, аспартат-аминотрансфераза жоғарылауы, бауыр функциясын тестілеу кезінде көрсеткіштердің нормадан ауытқуы, қандағы кальций деңгейінің төмендеуі, қандағы калий деңгейінің төмендеуі, қандағы магний деңгейінің төмендеуі.
Жиі (более 100-дің 1-еуінен көбінде, 10-ның 1-еуінен азында):
- инфекциялар (өлімге соқтырған жағдайлар < 1 %);
- қан құйылу (жүрек жеткіліксіздігін, тромбоэмболия мен инсультті қоса, өлімге соқтыратын жүрек-қантамыр аурулары < 1 %);
- аса жоғары сезімталдық (мысалы, бөртпе, есекжем, эритема, қандай-да бір себепсіз қызба немесе қышыну), анафилактоидтық типтегі реакциялар (Квинке ісінуі, беттің ісінуі, диспноэ, тахикардия, артериялық қысымның төмендеуі, есекжем, анафилаксиялық шок, бронх түйілуі);
- шеткері невропатия, парестезия, сүйек-сіңір рефлекстерінің төмендеуі, сенсорлық бұзылулар, дисгевзия;
- көру бұзылулары;
- отоуыттылық;
- жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан бұзылулар;
- тыныс алу мүшелері тарапынан бұзылулар, өкпенің интерстициальді ауруы, бронх түйілуі;
- диарея, іш қатуы, шырышты қабық бұзылулары;
- алопеция, тері ауруы;
- қаңқа-бұлшықет жүйесі тарапынан бұзылулар;
- урогениталий ағзаларының аурулары;
- астения;
- қандағы билирубин деңгейінің жоғарылауы, қандағы креатинин деңгейінің жоғарылауы, қандағы несеп қышщылы деңгейінің жоғарылауы.
Жиі емес (1000-нан 1-ден көп, 100-ден 1-ден аз):
- орталық жүйке жүйесінің бұзылулары;
- бүйрек функциясының бұзылуы;
- инфекция белгілерінсіз қызба және қалтырау.
Сирек (10000-нан 1-ден көп, 1000-нан 1-ден аз):
- жекелеген көрмей қалу жағдайлары.
Өте сирек (10000 пациенттің ішінде 1-еуден аз):
- жедел промиелоцитарлық лейкемия.
Әсерінің біліну жиілігі белгісіз:
- еммен байланысты салдарлы қатерлі ісік;
- сүйек кемігінің жеткіліксіздігі, қызбамен жүретін нейтропения, гемолиздік уремиялық синдром;
- сусыздану, анорексия, гипонатриемия;
- апоплексия (өлімге соқтырған жағдайлары < 1 %);
- жүрек жеткіліксіздігі (өлімге соқтырған жағдайлары < 1 %);
- эмболия (өлімге соқтырған жағдайлары < 1 %), гипертония, гипотония;
- стоматит;
- бауырдың ауыр аурулары (бауыр некрозын қоса);
- есекжем, бөртпе, эритема, қышыну
- инъекция енгізілген орындағы некроз, қанталау, реакция, инъекция енгізілген орындағы эритема, жайсыздық, дімкәстану.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- карбоплатинге немесе құрамында платина бар басқа қосылыстарға жоғары сезімталдық;
- бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (шумақтық сүзіліс жылдамдығы < 30 мл/мин);
- күрделі миелосупрессияның және/немесе қанап тұрған ісіктердің болуы;
- жүктілік және бала емізу кезеңі;
- сары қызбаға қарсы вакцинамен бірге қолдану.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Пероральді антикоагулянттар мен ісікке қарсы химитерапия арасында өзара әрекеттесу болуы мүмкіндігін ескеру қажет; егер пациентті пероральді антикоагулянттармен емдеуге шешім қабылданса, ХҚҚ мониторингін бақылау жиілігін арттыру қажет болуы мүмкін.
Бірге қолдану ұсынылмайды:
- әлсіретілген тірі вакциналарды: организмге жүйелі әсер ету қаупі бар, өлімге соқтыратын ауруға шалдықтыруы мүмкін. Бұл қауіп негізгі аурудың аясында иммунитеті әлсіреген пациенттерде арта түседі;
- белсенділігі жойылған вакциналарды (полиомиелит);
- фенитоин, фосфенитоин: цитоуытты дәрілік препараттағы фенитоин сіңірілуінің азаюы нәтижесінде құрысулардың өршу қаупі, уыттылығының арту қаупі, фенитоиннің бауырлық метаболизмінің артуы салдарынан цитоуытты дәрілік препарат тиімділігінің төмендеуі. Фенитоиннің дозасын арттыру қажет болуы мүмкін.
Бірге қолданғанда ескерілуі керек:
- циклоспориндермен (такролимус пен сиролимустың экстраполяциясы): лимфоидтық жасушалар пролиферациясының даму қаупімен жүретін, шамадан тыс иммунитет төмендеуі болуы мүмкін;
- аминогликозидтермен: жинақталатын нефроуыттылығына және құлаққа уытылығына, пациенттегі ішінара кездесетін бүйрек жеткіліксіздігіне байланысты;
- ілмектік диуретиктермен: жинақталатын нефроуыттылығына және құлаққа уытылығына байланысты;
- хелаттайтын препараттармен: теориялық тұрғыдан, карбоплатиннің ісікке қарсы әсерінің төмендеуіне алып келуі мүмкін.
Айрықша нұсқаулар
Карбоплатин инъекциясын тек, ісікке қарсы химиотерапиялық препараттармен жұмыс жасауда тәжірибесі бар дәрігердің қадағалауымен ғана енгізуге болады. Тұрақты түрде қан талдауын, сондай-ақ, бүйрек және бауыр функцияларына бақылау жүргізу керек. Сүйек кемігінің функциясы бәсеңдеген және бауыр немесе бүйрек функциялары бұзылған жағдайда, препаратты тоқтату керек.
Препаратты дайындау және енгізу үшін, құрамында карбоплатинмен реакцияға түсуі мүмкін алюминий бар, тұнба түзілуіне немесе препарат белсенділігінің жоғалуына алып келетін инелерді, шприцтерді, катетерлер мен инфузиялық жүйелерді қолданбау керек.
NaCl ерітіндісімен тұрақсыздығы анықталды. Осы себепті, Рибокарбо-Л перпаратын құрамында хлорид бар ерітінділермен сұйылтпау керек.
Гематологиялық уыттылығы
Лейкопения, нейтропения, тромбоцитопения дозасының енгізілуіне тәуелді. Емдеуді бастар алдында және емдеу барысында шеткері қанның көрінісін бақылау қажет, уыттылығы білінген жағдайда, қалпына келгенше препаратты тоқтату керек. Нейтрофилдер деңгейінің орташа төмендеуі карбоплатинмен монотерапияны қабылдап жүрген пациенттерде 21 күнді, және карбоплатин инъекциясының басқа химиотерапиялық препараттармен біріктірілімін қабылдап жүрген пациенттерде 15 күнді құрайды. Карбоплатин инъекциясын келесі енгізу курсын лейкоциттер, нейтрофилдер және тромбоциттер деңгейі қалпына түскеннен кейін ғана тағайындау керек. Карбоплатиннің кейінгі дозаларын, тромбоциттер деңгейі 100 мың/мкл, ал нейтрофилдер деңгейі - 2 мың/мкл жеткенше (орташа алғанда 4 апта) енгізу ұсынылмайды.
Препаратты енгізу аясында пациентте анемия дамуы мүмкін, соған орай, қан құю қажет болуы мүмкін.
Бастапқы емді (атап айтқанда, цисплатинмен) қабылдаған пациенттерде және/немесе бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде миелосупрессияның ауырлығы арта түседі. Пациенттердің аталған топтарында карбоплатин инъекцияларының бастапқы дозаларын төмендету және курстары арасында қан көріністерін тұрақты түрде бақылап отыру қажет. Емдеудің басқа миелосупрессиялық түрлерімен біріктірілген карбоплатин инъекциясымен емдеу, ықтимал жағымсыз әсерлерін азайту үшін, дозасы мен енгізу уақытының нақты белгіленуімен жүргізілуі тиіс.
Аллергиялық реакциялар
Платина негізіндегі басқа препараттарды қолданған жағдайлардағы сияқты, аллергиялық реакцияар көбінесе, перфузия кезінде туындайды, ондай жағдайда препаратты енгізуді тоқтату және сәйкесінше симптоматикалық ем тағайындау қажет. Айқаспалы реакциялар, жекелеген жағдайларда өлімге соқтырған түрлері, құрамында платина бар барлық препараттарда тіркелген.
Бүйрекке уыттылығы
Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде, карбоплатиннің қан түзу жүйесіне әсері, бүйрек функциясы қалыпты пациенттерге қарағанда айқынырақ болып табылады және ұзаққа созылады. Аталған қауіп тобында карбоплатинмен емдеуді айрықша сақтықпен қолдану керек.
Неврологиялық уыттылығы
Шеткері неврологиялық уыттылығы әдетте, жеңіл-желпі көрініс беретін болса да, парестезия азаяды және сүйек-сіңір рефлекстері төмендейді, көбінесе бұл көріністер 65 жастан асқан пациенттерде және/немесе бұрын цисплатинмен ем қабылдаған пациенттерде арта түседі. Жүйелі түрде мониторинг және неврологиялық тексеру жүргізіп отыру керек. Көрмей қалуды қоса, көру бұзылулары карбоплатинді бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде ұсынылғанынан артық дозаларда қолданғаннан кейін тіркелген. Препараттың жоғары дозасын тоқтатқаннан кейін бірнеше апта ішінде көру толығымен немесе толық дерлік қалпына келеді.
Егде жастағы пациенттерде қолданылуы
Карбоплатинмен және циклофосфамидпен біріктіріп емдеуге жүргізілген зерттеулерде, жас пациенттермен салыстырғанда, егде жастағы пациенттер ауыр тромбоцитопенияның дамуына анағұрлым бейімдірек болған. Дозасын белгілеу кезінде бүйрек функциясын ескеру керек, өйткені, егде жастағыларда бүйрек функциясы төмендейді.
Басқа
Карбоплатинмен емдеу кезінде есту бұзылған жағдайлар тіркелген. Отоуыттылығы балаларда айқынырақ болуы мүмкін. Балалар популяциясындағы пациенттерде қалпына келу кезеңі ұзаққа созылатын естімей қалу жағдайлары тіркелген. Аталған популяция үшін емдеу курсынан кейін ұзақ уақыт бойы аудиометриялық қадағалау жүргізу ұсынылады.
Тірі немесе аттенуирленген вакцинаны химиотерапиялық препараттарды қолданудың салдарынан иммунитеті әлсіреген пациенттерге енгізу, ауыр және өлімге соқтыратын инфекцияларды туғызуы мүмкін. Карбоплатинді қабылдап жүрген пациенттердің вакцинациялануын болдырмау керек. Пациенттердің ондай тобына өлтірілген немесе белсенділігі жойылған вакциналарды енгізуге болад; алайда, ондай вакцинаға жауап әлсіз болуы мүмкін.
Контрацепция және генетикалық кеңестер
Карбоплатин – мутагендік препарат, эмбриоуытты және тератогендік қасиеттерге ие. Химиотерапия кезінде және химиотерапия курсы аяқталғаннан кейін кемінде 6 ай бойы ұрықтануға қарсы шараларды қолдану, немесе жыныстық қарым-қатынастан бас тарта тұру ұсынылады.
Карбоплатинмен емдеу сперматогенездің қайтымсыз салдарларын туғызуы мүмкін. Сондықтан, емдеуді бастар алдында, шәуһетін шәуһет банкіне салып қоюы керек.
Дәрілік заттың автокөлік және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.
Рибокарбо-Л препаратымен емдеу жүрек айнуы мен құсуды, сондай-ақ, аса жоғары сезімталдықтың жедел реакцияларын, артериялық қысымның төмендеуін туғызуы мүмкін. Жоғарыда атап көрсетілген барлық жағымсыз әсерлері көлік құралын басқару және механизмдермен жұмыс жасау қабілетін қосымша төмендетуге қабілетті.
Артық дозалануы
Симптомдары:
- өмірге қауіп төндіретін гематологиялық жағымсыз әсерлері - гранулоцитопения, тромбоцитопения және анемия.
- гематологиялық емес жағымсыз әсерлері: шумақтық сүзіліс жылдамдығының 50 % төмендеуімен жүретін бүйрек функциясының бұзылуы, невропатия, отоуыттылық, көрмей қалу, гипербилирубинемия, шырышты қабықтардың қабынулары, диарея, жүйрек айнуы және бас ауыруымен жүретін құсу, эритема және ауыр инфекциялар.
Көп жағдайларда, естудің бұзылуы уақытша және қайтымды болған.
Уыттануды емдеу:
Арнайы антидоты жоқ.
Сүйек кемігін трансплантациялау мен құюлар (тромбоциттер, қан) гематологиялық жағымсыз әсерлерін емдеу үшін тиімді шаралар бола алады.
Шығарылу түрі және қаптамасы
5 мл (50 мг дозасы үшін), 15 мл (150 мг дозасы үшін), 45 мл (450 мг дозасы үшін), 60 мл (600 мг дозасы үшін) препараттан, қайырып ашылатын қақпақты, алюминий сақинамен қаусырылған тығыны бар янтарь түстес құтыларда.
1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
Түнұсқалық қаптамасында, жарықтан қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
5 % глюкоза ерітіндісімен сұйылтылған Рибокарбо-Л бөлме температурасында, жарықтан қорғалған жерде 8 сағат бойы немесе тоңазытқышта сақталған жағдайда 24 сағат бойы тұрақты.
Рибокарбо-L құрамында консерванттар жоқ.
Микробиологиялық тұрғыдан алғанда, препаратты тез арада пайдалану керек. Егер препарат ашылғаннан кейін бірден пайдаланылмаса, сұйылтылған немесе ашылған препараттың тиісінше сақталуына жауапкершілік пайдаланушыға жүктеледі, ол мерзім 2 – 8 °С температурада сақтаған жағдайда 24 сағаттан аспауы тиіс.
Жою жөніндегі нұсқаулар
Пайдаланылмаған Рибокарбо-Л мен Рибокарбо-Л дайындау және енгізу үшін пайдаланылатын барлық аспаптар цитоуытты препараттарды жою ережелеріне сәйкес жойылуы тиіс.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Дәрілік затты қаптамасында көрсетілген сақтау мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
ТИМООРГАН ФАРМАЦИЯ ГмбХ, Гослар, Германия
Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі
Хикма Фармацевтика (Португалия), С.А., Терругем СНТ, Португалия
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы және байланыс деректері:
Хикма Фармасьютикалс өкілдігі
Алматы, Жароков к-сі, 360 үй
Тел. + 7 727 2696509, факс + 7 727 2993586