Реподиаб® (1 мг)

МНН: Репаглинид
Производитель: КРКА-Фарма, д.о.о.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Repaglinide
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№017412
Период регистрации: 26.02.2016 - 26.02.2021
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 31.06 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Реподиаб®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Репаглинид

Дәрілік түрі

0,5 мг, 1 мг және 2 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 0,5 мг, 1,0 мг, 2,0 мг репаглинид,

қосымша заттар: кальцийдің сусыз гидрофосфаты, микрокристалды целлюлоза, натрий кроскармеллозасы, меглумин, полоксамер, глицерин, повидон К25, магний стеараты, темірдің сары тотығы (Е 172) - 1 мг доза үшін, темірдің қызыл тотығы (Е 172) - 2 мг доза үшін.

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, ойығы бар, ақ түсті таблеткалар (0,5 мг доза үшін).

Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, ойығы мен қара теңбілдері болуы мүмкін бозғылт қоңыр-сары түсті таблеткалар (1 мг доза үшін).

Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, мәрмәр, ойығы мен қара теңбілдері болуы мүмкін қызғылт түсті таблеткалар (2 мг доза үшін).

Фармакотерапиялық тобы

Қант диабетін емдеуге арналған дәрілер. Ішу арқылы қабылданатын қант төмендететін препараттар. Басқа да қант төмендететін препараттар. Репаглинид.

АТХ коды A10BX02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңірілуі

Репаглинид асқазан-ішек жолынан тез сіңіріледі, бұл оның плазмадағы концентрацияларының жылдам жоғарылауымен қатар жүреді. Плазмада репаглинид ең жоғары концентрациясына қабылдаудан кейін бір сағат ішінде жетеді.

Оны тікелей тамақтану алдында, ас ішуден 15 минут немесе 30 минут бұрын немесе аш қарынға қабылдағанда репаглинид фармакокинетикасының арасында клиникалық мәнді айырмашылықтар анықталмаған.

Орташа абсолютті биожетімділігі 63% құрайды (ауытқу коэффициенті (СV) 11% тең).

Плазмадағы репаглинид концентрациясының жоғары жекешеаралық ауытқушылығы (60%) анықталған. Жекешеішілік ауытқушылығы төменнен орташаға дейінгі шекте (35%) болады. Репаглинид дозасы пациенттің емге клиникалық жауабына қарай титрленетіндіктен, жекешеаралық ауытқушылығы ем тиімділігіне ықпал етпейді.

Таралуы

Репаглинид фармакокинетикасы төмен таралу көлемімен (30 л) және адамның плазма ақуыздарымен жоғары дәрежеде (98%-дан аса) байланысуымен сипатталады.

Шығарылуы

Ең жоғары концентрациясына (Сmax) жетуден кейін плазмадағы мөлшері тез төмендейді. Препараттың жартылай шығарылу кезеңі (t½) шамамен бір сағат құрайды. Репаглинид организмнен 4-6 сағат ішінде толық шығарылады. Репаглинид көбінесе CYP2С8 изоферментімен, бірақ, сонымен бірге аз дәрежеде болса да - CYP3А4 изоферментімен толық метаболизденеді, ал бұл орайда клиникалық мәнді гипогликемиялық әсер көрсететін метаболиттері сәйкестендірілмеген.

Репаглинид және репаглинидтің метаболиттері көбінесе өтпен шығарылады, бұл орайда 1%-дан аз препарат өзгеріссіз күйде нәжістен табылады. Енгізілген дозаның шағын бөлігі (8% жуық) несептен, көбінесе метаболиттер түрінде табылады.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бір рет қабылдау кезіндегі және тепе-тең жағдайдағы репаглинид фармакокинетикалық параметрлерінің бағасы 2 типті қант диабеті және әртүрлі ауырлық дәрежесіндегі бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде бағаланды.

Бүйрек функциясы қалыпты пациенттерде және бүйрек жеткіліксіздігінің ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі пациенттерде AUC және Cmax мәндері бірдей болды (орташа мәндері сағатына 57,2 нг/мл-мен салыстырғанда сағатына 56,7 нг/мл, тиісінше, 37,7 нг/мл-мен салыстырғанда 37,5 нг/мл құрады). Бүйрек функциясының бұзылуы ауыр пациенттерде AUC және Cmax мәндерінің жоғарылауы (тиісінше, сағатына 98,0 нг/мл және 50,7 нг/мл) білінді; алайда, аталған зерттеу репаглинид концентрациясы мен креатинин клиренсі (КК) арасында әлсіз ғана өзара байланыс барын көрсеткен.

Бүйрек функциясының бұзылуы жеңіл және орташа дәрежедегі пациенттерде бастапқы дозаны түзету қажет емес.

Алайда, бүйрек функциясы ауыр бұзылған 2 типті қант диабеті бар пациенттерде емді 0,5 мг репаглинид дозасынан бастау керек; дозаны әріқарай арттыруды пациентті мұқият қадағалаумен жүргізу қажет.

Зерттеу КК < 20 мл/мин пациенттерде / гемодиализді қажет ететін пациенттерде жүргізілмеген.

Бауыр жеткіліксіздігі

Дені сау еріктілер, сондай-ақ Child-Pugh шкаласы бойынша және кофеин клиренсінің мәні бойынша жіктелген созылмалы бауыр ауруы бар (СБА) пациенттер, бауыр функциясы орташа ауыр немесе ауыр бұзылған пациенттер репаглинидті бір рет қабылдағанда сарысудағы жалпы және байланыспаған репаглинидтің дені сау еріктілердегіден едәуір жоғары және ұзақтау уақыт сақталған концентрациясы анықталғаны белгілі болды: AUC дені сау еріктілерде сағатына 91.6 нг/мл, ал СБЖ бар пациенттерде сағатына 368,9 нг/мл; Cmax дені сау еріктілерде 46,7 нг/мл, СБЖ бар пациенттерде 105,4 нг/мл құрады. AUC мәні статистикалық тұрғыда кофеин клиренсімен өзара байланысты болды. Пациенттер топтары арасындағы глюкоза концентрациясында айырмашылық анықталмаған. Осылайша, бауыр функциясы бұзылған пациенттерде репаглинидтің әдеттегі дозаларын қабылдағанда, бауыр функциясы қалыпты пациенттерге қарағанда, репаглинид пен оның метаболиттерінің едәуір жоғары концентрацияларына жетуге болады. Демек, бауыр функциясы бұзылған пациенттерде репаглинид сақтықпен қолданылу керек. Емге берілетін жауап дәлірек бағалану үшін дозаны түзетулер арасындағы аралықтарды да ұзарту керек.

Клиникаға дейінгі қауіпсіздік деректері

Фармакологиялық қауіпсіздік, қайталама дозалар уыттылығы, геноуыттылық және канцерогендік қуат зерттеулеріне негізделген клиникаға дейінгі деректерде адам үшін қандай да бір қауіптілігі анықталмаған. Р

епаглинидтің тератогенді әсер көрсетпейтіні анықталған. Тератогендік емес сипаттағы аяқ-қол дамуының аномалиялары буаздықтың соңғы үшінші кезеңінде және лактация кезеңінде репаглинидтің жоғары дозаларын алған ұрғашы егеуқұйрықтардан туылған жаңа туған егеуқұйрықтар мен эмбриондарынан байқалды.

Репаглинид жануарлар сүтінен табылған.

Фармакодинамикаcы

Әсер ету механизмі

Реподиаб® - қысқа әсер ететін ішуге арналған гипогликемиялық препарат. Ұйқы безімен инсулин бөлінісінің көтермеленуімен, қандағы глюкоза мөлшерін тез төмендетеді. Осы препаратқа спецификалы ақуыз-рецептормен β-жасушалар жарғақшасында байланысады. Бұл АТФ-тәуелді калий өзектерінің бөгелісіне және жасушалық жарғақша деполяризациясына әкеледі, өз кезегінде, бұл кальций өзекшелерінің ашылуына ықпал етеді. Кальцийдің -жасуша ішіне түсуі инсулин секрециясын көтермелейді.

Препаратты ішке қабылдаудан кейін 30 минут ішінде 2 типті қант диабетімен науқастарда инсулинотропты реакция байқалады. Бұл ас ішудің бүкіл кезеңінде қандағы глюкоза деңгейінің төмендеуін қамтамасыз етеді. Бұл орайда, плазмадағы репаглинид деңгейі тез төмендейді, ал препаратты қабылдаудан кейін 4 сағаттан соң 2 типті диабеті бар пациенттер плазмасында препараттың төмен концентрациялары табылады.

Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі

Репаглинид 0,5-тен 4 мг дейінгі дозалар диапазонында тағайындалғанда 2 типті диабет бар пациенттерде қандағы глюкоза деңгейінің дозаға тәуелді төмендеуі білінеді. Репаглинидті ас ішу алдында қабылдау керектігі (препрандиальді дозалануы) белгіленген.

Қолданылуы

- диетамен емдеу, дене салмағын және дене жүктемелерін азайту тиімсіз болғанда 2 типті қант диабетінде

- метформинмен монотерапия көмегімен гликемияны қанағаттанарлық бақылау сәтті болмаған жағдайларда метформинмен Реподиаб® біріктірілетін 2 типті қант диабетінде

Қолдану тәсілі және дозалары

Реподиаб® қандағы глюкоза концентрациясын төмендету үшін диетаға және дене жүктемелеріне толықтыру ретінде тағайындалады, оны енгізуді ас ішуге қолайландыру керек.

Препарат негізгі ас ішулердің алдында ішке қабылданады (яғни, препрандиальді күніне 2, 3 немесе 4 рет). Препаратты негізгі ас ішуден 15 минут бұрын қабылдау ұсынылады. Препаратты 0-ден 30 минутқа дейінгі аралықта қабылдауға болады. Ас ішуді өткізіп алуы мүмкін (немесе қосымша тамақтануларды) пациенттер, тиісінше, препарат дозасын (немесе қосымша қабылдауды) өткізіп алуға қатысты нұсқау алуы тиіс.

Доза қандағы глюкоза концентрациясына қарай әр пациентке жеке таңдалады. Пациенттің өзі атқаратын қандағы және/немесе несептегі глюкоза концентрациясын бақылаудан тыс, сонымен бірге, қандағы глюкоза концентрациясын дәрігер жүйелі түрде анықтап отыру қажет, бұл осы пациент үшін ең төмен тиімді дозаны белгілеуге мүмкіндік береді. Гликозилденген гемоглобин концентрациясы пациенттің емге жауап беру көрсеткіші болып табылады. Пациентке репаглинид ең жоғары ұсынылатын дозасында тағайындалғанда (яғни, пациентте бастапқы төзімділіктің болуы), сондай-ақ бұрын жүргізілген тиімді емнен кейін аталған препаратқа гипогликемиялық жауаптың әлсіреуін анықтау мақсатында (яғни, пациентте салдарлы төзімділіктің болуы) қандағы глюкоза концентрациясының талапқа сай төмендеуін анықтау үшін глюкоза концентрациясын мезгіл-мезгіл бақылау қажет.

Қант диабеті диета көмегімен әдетте жақсы бақыланатын 2 типті қант диабеті бар пациенттерде гликемиялық бақылауды уақытша жоғалту кезеңдерінде репаглинид емінің қысқа курсынан өту жеткілікті болуы мүмкін.

Басқа дәрілік заттармен бір мезгілде қолдану жағдайында – «Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесу» және «Айрықша нұсқаулар» бөлімдерін қараңыз.

Бастапқы доза

Препараттың дозасын қандағы глюкоза деңгейіне қарай дәрігер белгілейді.

Негізгі ас ішу алдында ұсынылатын бастапқы бір реттік дозасы 0,5 мг құрайды. Дозаны түзету аптасына 1 рет немесе 2 аптада 1 рет жүргізіледі (бұл орайда емге жауап беру көрсеткіші ретінде қандағы глюкоза концентрациясы бағдарға алынады). Егер пациент ішуге арналған басқа гипогликемиялық дәріден Реподиаб® препаратымен емдеуге ауысса, әр негізгі ас ішу алдында ұсынылатын бастапқы доза 1 мг болуы тиіс.

Ең жоғары дозалар

Негізгі ас ішу алдында ұсынылатын ең жоғары бір реттік доза 4 мг құрайды. Тәуліктік ең жоғары жиынтық дозасы 16 мг-ден аспауы тиіс.

Ішуге арналған басқа гипогликемиялық препараттарды бұрыннан алатын пациенттер

Пациенттерді ішуге арналған басқа гипогликемиялық препараттармен емдеуден репаглинидпен емнен ауыстыруды бірден атқаруға болады. Сонымен бірге, репаглинид дозасы мен басқа гипогликемиялық препараттар дозасының арасындағы нақты арақатынас анықталмаған. Репаглинидке ауысатын пациенттерге ұсынылатын ең жоғары бастапқы доза әр негізгі ас ішу алдында 1 мг құрайды.

Біріктірілген ем

Репаглинидті қандағы глюкоза деңгейі метформин монотерапиясымен талапқа сай бақыланбаған жағдайда метформинмен біріктіріп тағайындауға болады. Бұл жағдайда метформин дозасы демеуші болуы тиіс, бір мезгілде репаглинид қабылдау қажет. Бұл орайда репаглинидтің бастапқы дозасы 0,5 мг құрайды, оны негізгі ас ішу алдында қабылдау керек; дозаны титрлеу монотерапия кезінде қандағы глюкоза деңгейіне қарай атқарылады.

Балалар және жасөспірімдер

18 жасқа толмаған тұлғаларды репаглинидпен емдеу тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер жоқ.

Егде жастағылар

Клиникалық зерттеулер 75 жастан асқан пациенттердің қатысуымен жүргізілмеген.

Жағымсыз әсерлері

Ең көп жиі жағымсыз әсерлер қандағы глюкоза концентрациясының өзгерістері, яғни гипогликемия болып табылады. Осындай реакциялардың жиілігі, қант диабетін емдеудің кез келген түрін қолдану кезіндегідей, тамақтану дағдылары, препарат дозасы, дене жүктемесі және стресс сияқты жеке факторларға байланысты.

Төменде репаглинид пен ішуге арналған басқа да гипогликемиялық дәрілер қолдану кезінде байқалған жағымсыз әсерлер берілген. Барлық жағымсыз әсерлер даму жиілігіне сай: жиі (≥1/100-ден <1/10 дейін); жиі емес (≥1/1,000-нан <1/100 дейін); сирек (≥1/10,000-нан <1/1,000 дейін); өте сирек (<1/10,000) және белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес) болып белгіленген топтарға бөлінген.

Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар

Өте сирек

  • аллергиялық реакциялар

Жайылған аса жоғары сезімталдық реакциялары (мысалы, анафилаксиялық реакциялар) немесе васкулит сияқты иммунологиялық реакциялар анықталуы мүмкін.

Зат алмасу және тамақтану тарапынан бұзылулар

Жиі

  • гипогликемия

Белгісіз

  • гипогликемиялық кома, санадан айрылумен болатын гипогликемия

Басқа гипогликемиялық дәрілер қолдану кезіндегідей, репаглинид қолдану кезінде гипогликемия дамуы мүмкін. Гипогликемия мына симптомдармен: үрей сезімі, бас айналу, қатты терлеу, тремор, ашығу сезімі, зейін шоғырландырудың қиындауы түрінде көрініс беруі мүмкін. Бұл реакциялар көпшілік жағдайларда ауыр болмайды және оларды көмірсулар қабылдаумен жоюға болады. Ауыр реакцияларда медициналық жәрдем, атап айтқанда, көктамыр ішіне декстроза (глюкоза) енгізу қажет болуы мүмкін. Репаглинид басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттескенде гипогликемияның даму қаупі артуы мүмкін («Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз).

Көру ағзасы тарапынан болатын бұзылулар

Өте сирек

- көру бұзылыстары

Қандағы глюкоза концентрациясының өзгерістері, әсіресе бастапқы сатыда көрудің уақытша бұзылыстарына әкелуі мүмкін. Ондай бұзылулар репаглинидпен емнің басында өте сирек жағдайларда байқалған және репаглинидпен емдеуді тоқтатуға әкелмеген.

Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан бұзылулар

Сирек

- жүрек-қантамыр аурулары

Ас қорыту жүйесі тарапынан бұзылулар

Жиі

  • іштің ауыруы, диарея

Өте сирек

  • құсу, іш қату

Белгісіз

  • жүрек айну

Ас қорыту жүйесі тарапынан болатын бұзылуларға шағымдар – іштің ауыруы, диарея, жүрек айну, құсу және іш қату клиникалық зерттеулер барысында атап өтілген. Алайда бұл симптомдардың жиілігі мен ауырлығы инсулин секрециясын көтермелейтін басқа ішуге арналған препараттарды қолдану кезіндегіден ерекшеленбеген.

Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар

Өте сирек

- бауыр функциясының бұзылуы, бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы

Репаглинидпен емделу кезінде бауыр ферменттерінің деңгейі жоғарылаған бірлі-жарым жағдайлар жөнінде хабарланған. Көптеген жағдайларда олар болымсыз және өтпелі болды, кейбір пациенттер ғана бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы салдарынан емдеуді тоқтатты. Өте сирек жағдайларда бауыр функциясының ауыр бұзылулары хабарланған.

Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар

Белгісіз

  • аса жоғары сезімталдық

Эритема, қышыну, бөртпе және есекжем сияқты аса жоғары сезімталдық

реакцияларын байқауға болады. Олардың химиялық құрылымындағы ерекшелікке байланысты, сульфонилмочевинамен айқаспалы аллергенділігінен күдіктенуге себеп жоқ.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • репаглинидке немесе препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық

  • I типті қант диабеті

  • диабеттік кетоацидоз; диабеттік прекома және кома

  • инфекциялық аурулар, ауқымды хирургиялық араласулар және инсулинмен ем жүргізу қажет болатын басқа да жай-күйлер

  • бауыр функциясының ауыр бұзылулары

  • бір мезгілде гемфиброзил тағайындау («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз)

  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге

  • жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Репаглинид метаболизміне ықпал ететін бірқатар препараттар бар. Дәрігер болуы мүмкін өзара әрекеттесулерді ескеруі тиіс.

In vitro репаглинид көбінесе CYP2С8 және CYP3А4 изоферменттерінің ықпалымен метаболизденеді. Репаглинид метаболизміне қатысатын ең маңызды изофермент CYP2С8 екені анықталған, ал CYP3А4 аз рөл атқарады, алайда оның салыстырмалы үлесі CYP2С8 изоферментінің тежелуі жүретін жағдайларда артуы мүмкін. Демек, репаглинид метаболизмі мен клиренсі Р-450 цитохромы изоферменттерін тежеумен немесе индукциялаумен ықпал ететін препараттардың әсерімен өзгеруі мүмкін. CYP2С8 және CYP3А4 изоферменттері тежегіштерін репаглинидпен бір мезгілде қолданғанда ерекше сақ болу керек.

In vitro репаглинид бауырда белсенді сіңіріледі (ОАТР1В1 органикалық анион-тасымалдаушы ақуызы). ОАТР1В1 тежегіштері (мысалы, циклоспорин) плазмадағы репаглинид концентрациясын да арттыруы мүмкін.

Гемфиброзил, триметоприм, кларитромицин, кетоконазол, итраконазол, циклоспорин, басқа гипогликемиялық препараттар, моноаминоксидаза тежегіштері, іріктелмеген бета-адреноблокаторлар, ангиотензин өзгертуші фермент тежегіштері, салицилаттар, қабынуға қарсы стероидты емес препараттар, октреотид, алкоголь және анаболикалық стероидтар репаглинидтің гипогликемиялық әсерін күшейтуі және/немесе ұзартуы мүмкін.

Бір мезгілде гемфиброзил - CYP2C8 және ОАТР1В1 изоферментінің тежегішін (тәулігіне 2 рет 600 мг) және репаглинид (0,25 мг дозада бір рет) қолдану репаглинидтің қисық астындағы аудан (AUC) мәнінің 8,1 есе, Cmax мәнінің 2,4 есе ұлғаюына, сондай-ақ 1,3 сағаттан 3,7 сағатқа дейін t½ ұзаруына алып келген, репаглинидтің гипогликемиялық әсерінің болжамды күшеюіне және/немесе ұзаруына әкелген. Қан плазмасындағы репаглинид концентрациясының елеулі ұлғаюына орай, бір мезгілде гемфиброзил мен репаглинид қолдану қарсы көрсетілімді.

Бір мезгілде триметоприм (тәулігіне 2 рет 160 мг) - CYP2C8 изоферментінің әлсіз тежегішін және репаглинид (0,25 мг дозада бір рет) қолданылғанда AUC, Сmax және t½ (тиісінше, 1,6 есе, 1,4 есе және 1,2 есе) болымсыз жоғарылауы білінген, бірақ бұл орайда қандағы глюкоза концентрациясына статистикалық маңызды ықпалы тіркелмеген. Алайда осындай фармакодинамикалық әсерінің болмауы репаглинидтің субтерапиялық дозаларында анықталған. Осындай біріктірілімінің қауіпсіздік бейіні репаглинид үшін 0,25 мг-ден және триметоприм үшін 320 мг-ден асатын дозаларында бағаланбағандықтан, осы препараттарды бір мезгілде қолданбау керек. Егер осы препараттарды бір мезгілде қолдану қажеттілігі бәрібір туындаса, қандағы глюкоза концентрациясын мұқият бақылап, сондай-ақ клиникалық қадағалап отыру керек.

CYP3A4 және CYP2C8 изоферменттерінің қуатты индукторы болып табылатын рифампицин бір мезгілде репаглинид метаболизмінің индукторы мен тежегіші болып табылады. Зерттеу барысында пациенттер әуелі рифампицинді (600 мг) 7 күн бойы алғанда, ал артынша 7-ші күні емге репаглинид (бір рет 4 мг) қосылғанда, AUC 50% төмендеуі (индукция мен тежелістің бірігу салдары) тіркелген. Рифампициннің соңғы дозасынан кейін 24 сағаттан соң репаглинид тағайындалған жағдайда репаглинид AUC 80% азаюы тіркелген (яғни, тек индукциялау әсері көрініс берген). Бір мезгілде рифампицин мен репаглинид қолданылғанда репаглинид дозасын түзету қажет болуы мүмкін, ол қандағы глюкоза концентрациясын мұқият бақылау нәтижелеріне негізделуі тиіс; рифампицинмен емнің басында (жедел тежеу); доза енгізілген соң (аралас ықпал – тежеу және индукция), артынан рифампицин тоқтатылғанда (тек индукция) және, соңында, мысалы, рифампициннің индукциялау әсері енді көрініс бермейтін кезде рифампицинді тоқтатудан кейін шамамен екі апта өткенде бақылау жасалуы тиіс.

CYP3A4 изоферменті қуатты тежегіштерінің прототипі болып табылатын кетоконазол (тәулігіне 200 мг) репаглинидпен (бір рет 4 мг дозада) бір мезгілде тағайындалғанда дені сау еріктілерде репаглинид AUC және Cmax 1,2 есе ұлғаюы білінген, бұл орайда қандағы глюкоза концентрациялары 8%-дан аз өзгерген.

100 мг дозадағы итраконазолмен (CYP3A4 изоферментінің тежегіші) өзара әрекеттесуі дені сау еріктілерде AUC 1,4 есе ұлғаюын көрсеткен. Бұл орайда глюкоза концентрациясына қандай да елеулі ықпалы байқалмаған. Әсер ету механизмінің нәтижесінде CYP3A4 изоферментінің қуатты тежегіші болып табылатын 250 мг кларитромицин бірге қолданылғанда дені сау еріктілерде репаглинидтің жүйелі әсерінің болымсыз ұлғаюы білінді (AUC 1,4 есе, ал Cmax 1,7 есе жоғарылады), бұл орайда сарысудағы инсулин AUC орташа мәні 1,5 есе, ал Cmax 1,6 есе жоғарылаған. Осы өзара әрекеттесудің нақты механизмі анық емес.

Репаглинид (бір рет 0,25 мг) және циклоспорин (100 мг қайталанатын дозасы) бір мезгілде қолданылғанда репаглинид AUC және Сmax, тиісінше, 1,8 есе жоғарылаған. Репаглинид үшін 0,25 мг-ден асатын дозаларда препараттардың өзара әрекеттесуі бағаланбағандықтан, циклоспорин мен репаглинидті бір мезгілде тағайындау ұсынылмайды. Егер қандай да бір қажеттілік туындаса, қандағы глюкоза концентрациясын мұқият бақылап, пациенттерді клиникалық қадағалап отыру керек («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

CYP2C8 және CYP3A4 әлсіз тежегіші - деферазирокс (күніне 30 мг/кг, 4 күн) және репаглинидті (бір рет 0,5 мг) бір мезгілде тағайындау репаглинид жүйелі әсерінің (AUC) 2,3 есе ұлғаюына және Cmax 1,6 есе артуына алып келді; бұл орайда қандағы глюкоза деңгейінің аздап, бірақ елеулі төмендеуі болды. Репаглинид үшін 0,5 мг-ден асатын дозаларда препараттардың өзара әрекеттесуі бағаланбағандықтан, деферазирокс пен репаглинидті бір мезгілде тағайындау ұсынылмайды. Егер ондай қажеттілік бәрібір туындаса, қандағы глюкоза концентрациясын мұқият бақылап, пациенттерді клиникалық қадағалап отыру керек («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

Гипогликемия симптомдарын β-блокаторлар бүркемелеуі мүмкін

Циметидин, нифедипин, эстрогендер немесе симвастатинді (бұл препараттардың бәрі CYP3A4 изоферментінің субстраттары болып табылады) репаглинидпен бір мезгілде қолдану репаглинидтің фармакокинетикалық параметрлеріне елеулі ықпалын тигізбеген.

Дені сау еріктілерде қолданылғанда репаглинид тепе-тең жағдайда дигоксин, теофиллин немесе варфариннің фармакокинетикалық қасиеттеріне клиникалық мәнді әсер етпеген. Сондықтан оларды репаглинидпен бірге қолданғанда осы дәрілік препараттар дозаларын түзету қажеттілігі жоқ.

Мына дәрілік заттар: ішуге арналған контрацептивтер, рифампицин, барбитураттар, карбамазепин, тиазид туындылары, глюкокортикостероидтар, даназол, қалқанша без гормондары және симпатомиметиктер репаглинидтің гипогликемиялық әсерін әлсіретуі мүмкін.

Осыған орай, бұл препараттарды қолдану немесе тоқтату кезеңінде репаглинид алып жүрген пациенттер гликемиялық бақылау бұзылуларын дер мезгілінде анықтау үшін мұқият қадағалауда болуы тиіс.

Репаглинидті, репаглинидтің өзі сияқты, негізінен өтпен секрецияланатын басқа дәрілік заттармен қолданылғанда, кез келген әлеуетті өзара әрекеттесуі ескерілуі қажет.

 

Айрықша нұсқаулар

Жалпы

Репаглинид БПХ-инсулинмен біріктіріп қолдануға көрсетілмеген.

Репаглинид гликемияны қанағаттанғысыз бақыланған және диеталық ем, дене жаттығулары және дене салмағының кемуі аясында қант диабетінің симптомдары сақталған кезде ғана көрсетілген.

Гипогликемия

Репаглинид инсулин секрециясын көтермелейтін препарат екендіктен, ол гипогликемияны туындатуы мүмкін.

Қандай да бір гипогликемиялық препарат көмегімен қант диабетінің тұрақтануына жеткен пациентте қандай да бір стрессорлық фактор, мысалы, қызба, жарақаттар, инфекциялар немесе хирургиялық араласу әсері гликемия бақылауының нашарлауына әкелуі мүмкін. Ондай жағдайларда репаглинидті тоқтату және инсулиндік емді уақытша тағайындау қажет болуы мүмкін.

Көптеген пациенттерде ішуге арналған гипогликемиялық препараттардың гипогликемиялық әсері уақыт өте әлсірейді. Бұл қант диабетінің ағымы ауырлығының үдеуінен де, препаратқа жауаптың әлсіреуінен де болуы мүмкін. Аталған феномен салдарлы төзімділік ретінде белгілі, ал оны препарат нақты бір пациентте алғаш тағайындалғаннан-ақ тиімсіз болатын бастапқы төзімділіктен ажырату керек. Пациенттегі жағдайды салдарлы төзімділік ретінде бағаламас бұрын, дозасын түзету, сондай-ақ пациенттің диета және дене жүктемелері бойынша нұсқауларды нақтылы орындауын тексеру керек.

Жүдеп-жадаған пациенттерде, сондай-ақ толыққанды тамақтанбайтын пациенттерде гипогликемиялық реакцияларға жол бермеу үшін бастапқы және демеуші дозаны таңдау немесе оны титрлеу кезінде сақтану қажет («Қолдану тәсілі және дозалары» бөлімін қараңыз).

Жедел коронарлық синдром

Репаглинид қолдану жедел коронарлық синдромның (мысалы, миокард инфарктісінің) даму жағдайларын арттыруы мүмкін.

Пациенттердің ерекше топтары

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде репаглинидтің әдеттегі дозаларын тағайындау, бауыр функциясы қалыпты пациенттерге қарағанда, репаглинид пен оның метаболиттерінің плазмадағы едәуір жоғары концентрацияларына әкелуі мүмкін.

Осыған орай, репаглинидті бауыр функциясының бұзылулары ауыр пациенттерге тағайындауға болмайды («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз), ал бауыр функциясының басқа да бұзылулары бар пациенттерге репаглинид сақтықпен тағайындалу керек. Емге берілетін жауаптың толықтай бағалануы үшін, дозаларды түзету арасындағы аралықтарды ұзарту керек («Фармакокинетикасы» бөлімін қараңыз).

Бүйрек жеткіліксіздігі

Репаглинид концентрациясы мен креатинин клиренсінің арасында әлсіз ғана байланыс болуы анықталса да,бүйрегі ауыр зақымданған пациенттерде плазмадағы препараттардың жалпы клиренсі төмендейді. Қант диабеті және бүйрек зақымдануы бар пациенттерде инсулинге сезімталдық жоғары екендіктен, ондай пациенттерге дозаны таңдау абайлап атқарылу керек («Фармакокинетикасы» бөлімін қараңыз).

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік және емшекпен қоректендіру кезеңіндегі әйелдердегі зерттеулер деректері жоқ, жүкті және бала емізу кезеңіндегі әйелдерде репаглинид қолдану қауіпсіздігі зерттелмеген.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Гипогликемия кезінде пациенттердің зейін шоғырландыру қабілетіне және реакция шапшаңдығына нұқсан келуі мүмкін, ол сол қабілет ерекше қажет жағдайларда (мысалы, көлік құралдарын басқару немесе механизмдермен жұмыс істеу кезінде) қауіпті болуы мүмкін. Пациенттерге көлік құралдарын басқару немесе механизмдермен жұмыс істеу кезінде гипогликемияның дамуын болдырмау шараларын қабылдауға кеңес беру қажет. Бұл даму үстіндегі гипогликемияның хабаршы-симптомдары болмайтын немесе айқындылығы төмендейтін немесе гипогликемия көріністері жиі болатын пациенттер үшін ерекше маңызды. Бұл жағдайларда осындай жұмыстарды орындаудың мақсатқа сай келуін қарастыру керек.

 

Артық дозалануы

Симптомдары: бас айналуын, тершеңдік, тремор, бас ауыруын қамтитын гипогликемия белгілері.

Емі: осындай симптомдар білінгенде қан глюкозасы мөлшерін қалыпқа түсіру үшін көмірсулар қабылдау керек. Естен танумен, құрысулармен немесе комамен болатын ауыр гипогликемияда декстроза (глюкоза) ерітіндісін көктамыр ішіне енгізу керек. Ауыр гипогликемия дамыған жағдайда пациентті шұғыл ауруханаға жатқызу талап етіледі.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Полиамидті/алюминий/поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 15 таблеткадан.

Пішінді ұяшықты 2, 4 немесе 6 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

 

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 25 0С-ден аспайтын температурада, жарықтан қорғалған жерде сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

 

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші/Қаптаушы

КРКА-ФАРМА д.о.о., Хорватия

Радничка цеста 48, 1000 Загреб, Хорватия

Тіркеу куәлігінің иесі

КРКА, д.д. Ново место, Словения

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«KРKA Қазақстан» ЖШС, ҚР, 050059, Алматы қ., Әл-Фараби д-лы 19, 1б корпус, 2-ші қабат, 207 кеңсе

тел.: +7 (727) 311 08 09

факс: +7 (727) 311 08 12

info.kz@krka.biz

Прикрепленные файлы

032752531477976282_ru.doc 118.5 кб
244811491477977483_kz.doc 175.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники