Реосорбилакт

МНН: Декстран
Производитель: Юрия-Фарм ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Электролиты в комбинации с другими препаратами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019780
Информация о регистрации в РК: 28.09.2023 - 28.09.2033

Инструкция

Саудалық атауы

Реосорбилакт

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Инфузияға арналған 200 мл, 400 мл ерітінді

Құрамы

100 мл препараттың құрамында

белсенді заттар: 6.00 г сорбитол, 1.90 г натрий лактаты (100% затқа шаққанда), 0.60 г натрий хлориді, 0.01 г кальций хлориді (құрғақ затқа шаққанда кальций хлоридінің гексагидраты), 0.03 г калий хлориді, 0.02 г магний хлориді (құрғақ затқа шаққанда магний хлоридінің гексагидраты),

қосымша затинъекцияға арналған су.

Препараттың иондық құрамы

 

мг/мл

 

ммоль/л

Натрий-ионы Na +

6.395 мг/мл

 

278.16 ммоль/л

Калий-ионы К +

0.157 мг/мл

 

4.02 ммоль/л

Кальций-ионы Ca ++

0.036 мг/мл

 

0.90 ммоль/л

Магний-ионы Mg ++

0.051 мг/мл

 

2.10 ммоль/л

Хлорид-ионы Cl -

3.995 мг/мл

 

112.69 ммоль/л

Лактат-ионы Lac-

15.635 мг/мл

 

175.52 ммоль/л

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Көктамыр ішіне енгізуге арналған ерітінділер. Электролиттік теңгерімге ықпалын тигізетін ерітінділер. Басқа препараттармен біріктірілген электролиттер.

АТХ коды В05ВВ04

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сорбитол жалпы метаболизмге тез кіріседі, оның 80-90%-ы бауырда утилизацияланады және гликоген түрінде жиналады, 5%-ы ми тіндеріне, жүректің бұлшықетіне және қаңқа бұлшықетіне жиналады, 6-12%-ы несеппен бірге шығарылады. Қантамырлар арнасына енген кезде натрий лактатынан натрий, СО2 және Н2О босап шығады, олар қандағы сілтілік қордың ұлғаюына әкелетін натрий бикарбонатын түзеді. Енгізілген натрий лактатының (L изомері) жартысы ғана белсенді саналады, ал қалған жартысы (D изомері) метаболизденбейді және несеппен бірге бөлініп шығады.

Натрий хлориді қантамыр арнасынан, тек айналымдағы қан көлемін уақытша ғана арттыра отырып, тез шығарылады. Диурезді күшейтеді.

Натрий көбіне бүйректер арқылы, аздаған мөлшері нәжіспен және термен бірге шығарылады.

Енгізілген магний тез сіңеді. Организмде метаболизденбейді. Тек бүйректер арқылы ғана сарысудағы концентрацияға пропорционалды мөлшерде және шумақтық сүзілу арқылы шығарылады.

Көктамыр ішіне енгізілген калий жасушадан тыс сұйықтық пен жасушааралық кеңістік арасында тепе-теңдікке жетеді. Калий динамикалық болып табылады, организмнің қажетіне қарай жасушаішілік және жасушадан тыс кеңістік арасында ұдайы ауытқып отырады. Калий көбіне бүйректер арқылы, сондай-ақ аздаған мөлшерде тері арқылы және нәжіспен бірге шығарылады, мұндайда калийдің көбісі ішекте кері сіңеді.

Қанға кальций хлоридін көктамырішілік енгізгенде кальций қосылыс және иондалған күйінде (белсенді және иондалған кальций) болады. Сүйек тіндерінде жиналады, онда организмдегі бүкіл кальцийдің 99%-ға жуығы болады. Организмнен негізінен ішек арқылы, ішінара несеппен бірге шығарылады.

Хлорид жасушадан тыс кеңістіктің өте маңызды анионы болып табылады. Хлорид-иондар барлық осмостық белсенді бөлшектердің үштен бірін құрайды және, жасушадан тыс кеңістік көлеміне ықпалы жөнінен екінші болып табылады. Ол сондай-ақ жарғақшалық потенциал үшін жауап береді.

Бүйрек өзекшелерінде хлорид-иондар гидрокарбонат-иондарға алмасады және, осылайша, қышқыл-сілтілік теңгерімді реттеуге қатысады. Организмнен хлоридтер негізінен несеппен бірге (90%), сондай-ақ термен және нәжіспен бірге шығарылады.

Фармакодинамикасы

Реосорбилакттің реологиялық, шокқа қарсы, уытсыздандырғыш, сілтілендіргіш және ішек перистальтикасын стимуляциялайтын әсерлері бар. Препараттың негізгі фармакологиялық белсенді заттары сорбитол және натрий лактаты болып табылады. Бауырда сорбитол алдымен фруктозаға айналады, ол содан кейін глюкозаға және әрі қарай гликогенге айналады. Сорбитолдың бір бөлігі шұғыл керек нәрселер үшін пайдаланылады, басқа бөлігі гликоген түрінде қорға жиналады. Сорбитолдың изотониялық ерітіндісінің дезагреганттық әсері бар және, осылайша, микроайналымды және тіндердің перфузиясын жақсартады.

Бикарбонат ерітіндісінен айырмашылығы – натрий лактатының жәрдемімен метаболикалық ацидозды түзету, оның зат алмасуға қамтылуына қарай, рН-ты күрт өзгертпей, баяу өтеді. Натрий лактатының әсері оны енгізгеннен кейін 20-30 минуттан соң білінеді.

Натрий хлориді регидратациялық әсер білдіреді, әртүрлі патологиялық жағдайларда натрий мен хлор иондары тапшылығының орнын толтырады.

Кальций хлориді кальций иондары тапшылығының орнын толтырады. Кальций иондары жүйке импульстарының берілу үдерісін жүзеге асыру, қаңқа және тегіс бұлшықеттердің жиырылуы, миокард қызметі, сүйек тінінің қалыптасуы, қанның ұюы үшін қажет. Жасушалардың және қантамыр қабырғаларының өткізгіштігін төмендетеді, қабыну реакцияларының пайда болуына жол бермейді, организмнің жұқпаларға төзімділігін арттырады.

Калий хлориді су-электролиттік теңгерімді қалпына келтіреді. Теріс хроно- және батмотроптық әсер білдіреді, жоғары дозаларда – теріс ино-, дромотроптық және орташа диуретикалық әсер танытады. Жүйке импульстарын өткізу үдерісіне қатысады. Ацетилхолин мөлшерін арттырады және вегетативтік жүйке жүйесінің симпатикалық бөлімін қоздырады. Бұлшықет дистрофиясында, миастенияда қаңқа бұлшықеттерінің жиырылуын жақсартады.

Магний хлориді зат алмасу үшін қажетті катион болып табылады, қуаты ауқымды энзиматикалық үдерістерге, ақуыз молекулаларын құруға, тотықтыратын фосфорлануға қатысады, жүйке-бұлшықет қозғыштығын төмендетеді, түйілуге қарсы әсер береді, холестериннің организмнен шығарылуына ықпалын тигізеді.

Қолданылуы

- көп қан жоғалтқанда, күйік ауруларында, жарақаттық, геморрагиялық, уыттық және күйіктік шоктың алдын алу және емдеу мақсатында капиллярлық қан ағысын жақсарту үшін

- уыттанумен қатар жүретін жұқпалы ауруларда

- операциядан кейінгі кезеңде

- тромбоздың, тромбофлебиттің, эндартерииттің, Рейно ауруының алдын алу мақсатында артериялық және көктамырлық қан айналымын жақсарту үшін

Қолдану тәсілі және дозалары

Реосорбилактті ересектерде көктамыр ішіне (к/і) минутына 40-60 тамшы жылдамдықпен тамшылатып енгізеді.

Қажет болған кезде минутына 30 тамшы жылдамдықпен тамшылатып енгізу арқылы жүргізілген сынамадан кейін препаратты сорғалатып енгізуге болады. 15 тамшы енгізгеннен кейін препарат инфузиясын тоқтатады, ал 3 минуттан кейін, реакция жоқ болса, Реосорбилактті көктамыр ішіне сорғалатып енгізеді.

Ересектерге

Жарақаттық, геморрагиялық, уыттық және күйіктік шоктарда

- бір рет 60-1000 мл-ден (науқастың дене салмағының әр кг-на шаққанда 10-15 мл) және қайталап 600-1000 мл-ден (науқастың дене салмағының әр кг-на шаққанда 10-15 мл), алдымен көктамыр ішіне сорғалатып, содан кейін көктамыр ішіне тамшылатып енгізеді.

Уыттанумен қатар жүретін жұқпалы ауруларда

- көктамыр ішіне 400 мл-ден (дене салмағының әр кг-на шаққанда 6-7 мл) тамшылатып енгізеді.

Көп қан жоғалтқанда

- 1500-1800 мл-ден (дене салмағының әр кг-на шаққанда 25 мл-ге дейін) енгізеді. Мұндай жағдайда Реосорбилакт инфузиясын госпитальге дейінгі кезеңде, мамандандырылған жедел жәрдем машинасында жүргізу керек.

Операциядан кейінгі кезеңде

- 400 мл дозада (дене салмағының әр кг-на шаққанда 6-7мл) көктамыр ішіне тамшылатып, 3-5 күн бойы.

Қан тамырлардың тромбоблитерациялайтын ауруларында – дене салмағының әр кг-на шаққанда 8-10 мл, көктамыр ішіне тамшылатып, бір күннен кейін қайталап, емдеу курсы10 инфузияға дейін.

Жағымсыз әсерлері

- анафилактоидтық реакциялар, ангионевротикалық ісіну, гипертермия

- артериялық қысымның жоғарылауы немесе төмендеуі, тахикардия, ентігу,

акроцианоз

- діріл, бас ауыру, бас айналу, жалпы әлсіздік

- тері бөртпесі, есекжем, қышыну

- іштің ауыруы, жүректің айнуы

- алкалоз немесе дегидратация құбылыстары (ерітіндінің гиперосмолярлығы салдарынан), коллапс, сусыздану (диурездің күшеюі есебінен) пайда болуы мүмкін

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары жекелей сезімталдық

- алкалоз

- миға қан құйылу

- тромбоэмболия

- жүрек-қантамырлық декомпенсация

- ІІІ дәрежелі артериялық гипертензия

- бүйрек қызметі жеткіліксіздігінің терминальді сатысы

- сусыздану

- жүктілік және лактация кезеңі

- фруктозаның тұқым қуалаған жақпаушылығы

- балалар және 18 жасқа дейінгі жасөсіпрімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік заттар үшін тасымалдаушы ерітінді ретінде қолданбайды.

Үйлесімсіздік

Реосорбилактті фосфат -және карбонаты бар ерітінділермен араластыруға болмайды.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты қышқыл-сілтілік жағдай көрсеткіштерін және қан электролиттерін, бауыр қызметінің жағдайын және артериялық қысымды бақылай отырып, қолданады.

Калькулездік холециститі бар науқастарға абайлап енгізеді.

Балалар

Балаларға қолдану мүмкіндігіне зерттеу жүргізілмегендіктен, мәліметтер жоқ.

Жүктілік және лактация кезеңі

Реосорбилактті жүкті әйелдерге, емшек емізетін әйелдерге қолдануға зерттеулер жүргізілмегендіктен, мәліметтер жоқ.

Дәрілік заттың көлік құралын және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Препаратты тек стационар жағдайында ғана қолданады.

Артық дозалануы

Симптомдары: алкалоз құбылыстары пайда болады, олар препаратты енгізуді дереу тоқтатқан жағдайда өздігінен қайтады, кейде коллапс, сусыздану (диурездің күшеюі есебінен). Енгізу жылдамдығын арттырған кезде тахикардия, артериялық қысымның жоғарылауы, ентігу, бас ауыру, төс артының және іштің ауыруы пайда болуы мүмкін.

Емдеу: препарат инфузиясын тоқтату қажет. Физиологиялық реакцияларға мониторинг жүргізу және организм тіршілігіне қажетті қызметін демеу керек. Емдеу – симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Инфузияға арналған 200 мл, 400 мл ерітінді

Резеңке тығынмен тығындалған, алюминий қалпақшалармен немесе алюминий-пластик қалпақшалармен қаусырылған, қанға, трансфузиялық және инфузиялық препараттарға арналған шыны бөтелкелерге препарат 200 мл немесе 400 мл-ден құйылған.

Термоорнықтырғыш үлбірмен қапталған бөтелкелер немесе бір бөтелке медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге тұтынушылар ыдысына арналған картон пәшкеге салынған.

Жеке пәшкелерге салынған немесе термоорнықтырғыш үлбірмен қапталған бөтелкелер медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі тең мөлшердегі нұсқаулықтармен бірге гофрланған жәшіктерге салынған.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Юрия-Фарм» ЖШҚ

Украина, 03680, Киев қ-сы, Н. Амосов к-сі, 10.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Юрия-Фарм» ЖШҚ

Украина, 03680, Киев қ-сы, Н. Амосов к-сі, 10.

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«GOOD LOOK сауда үйі» ЖШС

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКА СЫ

Тараз қ-сы, 6-шы Кошеней тұйығы к-сі, 16.

Телефон нөмірі: 8(726) 2438219

Электронды поштасы: goodlook@mail.ru

Прикрепленные файлы

354382151477976958_ru.doc 67 кб
217073841477978144_kz.doc 79.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники