Реополиглюкин-РТс глюкозой

МНН: Декстран [ср.мол.масса 35000-45000], Декстроза
Производитель: Фармацевтическая компания Ромат , завод медицинских препаратов ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты плазмы крови и плазмозамещающие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018310
Информация о регистрации в РК: 26.01.2015 - 26.01.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Реополиглюкин – РТ глюкозамен

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Инфузияға арналған 10% 200 мл және 400 мл ерітінді

Құрамы

100 мл ерітіндінің құрамында

белсенді заттар: 10.0 г декстран 40 молекулярлық салмағы 35000-нан 45000-ға дейін, 5.0 г сусыз глюкозаға шаққанда;

қосымша зат – 100 мл-ге дейін инъекцияға арналған су.

Сиаттамасы

Мөлдір түссіз немесе сәл сарғыш сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Плазма алмастырғыш және перфузиялық ерітінділер. Қан препараттары. Қан плазмасының препараттары және плазма алмастырғыш препараттар.

АТХ коды В05АА

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препараттың жартылай шығарылу кезеңі – 6 сағат. Бүйрекпен 6 сағатта – 60 %, 24 сағатта – 70 % шығарылады. 30 % ретикулоэндотелиальді жүйеге, бауырға түседі, қышқыл альфаглюкозидаза ферментімен глюкозаға дейін ыдырайды, алайда көмірсу көзі болып табылмайды.

Фармакодинамикасы

Плазма алмастырғыш препарат. Осмостық механизм бойынша диурезді стимуляциялайды (шумақтарда сүзіледі, алғашқы несепте жоғары онкотикалық қысым жасайды және өзекшелерде судың кері сіңуіне кедергі келтіреді), осымен организмнен улардың, уыттардың, деградациялық зат алмасу өнімдерінің шығарылуына мүмкіндік береді.

Айқын волемиялық әсері гемодинамикаға оңды әсерін көрсетеді және тіннен метаболизм өнімдерінің бір мезгілде шығарылуымен қатар жүреді, бұл диурездің ұзаруымен бірге организмнің жедел уытсыздануын қамтамасыз етеді.

Қанның суспензиялық төзімділігін жоғарылатады, ұсақ қылтамырларда қан ағысын қалпына келтіреді, артериялық және көктамырлық қан айналымын қалыпқа түсіреді, қанның пішіндік элементтері агрегациясының алдын алады және азайтады, дезинтоксикациялық әсер және шокқа қарсы әсер береді.

Қолданылуы

- қылтамырлық қан ағысы бұзылуында

- жарақаттық, операциялық және күйіктен болған шоктың алдын алу және емдеуде

- артериялық және көктамырлық қан айналымы бұзылғанда

- тромбоздарды және тромбофлебиттерді, эндартериитті емдеуде және алдын алуда

- жасанды қан айналу аппаратын пайдаланып, жүрекке операция жасағанда (перфузиялық сұйықтыққа қосу үшін)

- қантамырлық және пластикалық хирургияда жергілікті қан айналымын жақсарту үшін

- күйік, перитонит, панкреатит кезіндегі уытсыздандыруда

- тор қабық пен көру жүйкесінің ауруларында (асқынған миопатия, тор қабық дистрофиясы және т.б.), мөлдір қабықтың және қантамыр қабығының қабыну үдерістерінде

Қолдану тәсілі және дозалары

Дозалау режимі емделушінің жағдайына, АҚ шамасына, гематокрит көрсеткіштеріне қарай анықталады. Препаратты көктамыр ішіне тамшылатып енгізеді. Препараттың дозасы мен енгізу жылдамдығы көрсеткіштері мен науқастың жағдайына қарай анықталады. Тікелей препаратты қолданар алдында, ургентті жағдайларды қоспағанда, тері сынамасы жүргізіледі. Бұл үшін білек ішкі беткейінің ортаңғы бөлігінде еккіш орнын этанолмен өңдегеннен кейін т/і 0.05 мл препарат лимон қабықшасын түзу арқылы енгізіледі.

Инъекция орнында диаметрі 1.5 мм асатын қызарудың болуы, инъекциядан кейін 10-15 минуттан соң папула түзілуі немесе жүрек айну, бас айналу және басқа да көріністер түріндегі организмнің жалпы реакция симптомдарының пайда болуы науқастың препаратқа аса жоғары сезімталдығын (қауіп тобы) дәлелдейді.

Препаратты қолданған кезде міндетті түрде биосынама жүргізу керек: препараттың алғашқы 5 тамшысын баяу енгізгеннен кейін құюды 3 минутқа тоқтатады, содан кейін тағы 30 тамшы енгізеді және құюды қайтадан 3 минутқа тоқтатады. Реакция жоқ болса, препаратты енгізуді жалғастырады. Биосынама нәтижелері ауру тарихына міндетті түрде тіркеледі.

Қылтамырлық қан ағысы бұзылғанда (күйіктің түрлі формалары) гемодинамикалық көрсеткіштер тіршілікті қамтамасыз ететін дәрежеде тұрақталғанша 400-ден 1500 мл препаратқа дейін (30-60 мин ішінде) көктамыр ішіне тамшылатып енгізеді. Әртүрлі шок кезінде балаларда дене салмағының әр кг шаққанда 5-10 мл есебінен енгізеді, доза дене салмағының әр кг шаққанда 15 мл дейін арттырылуы мүмкін. Гематокрит шамасын 25%-дан азға төмендетпеу керек.

Жүрек-қантамырлық және пластикалық операцияларда тікелей хирургиялық араласым алдында ересектер мен балаларға дене салмағының әр кг шаққанда 10 мл, операция кезінде ересектерге - 500 мл, балаларға - 15 мл/кг 30 – 60 минут бойы тамшылатып к/і енгізеді. Операциядан кейін препаратты 5 - 6 күн бойы к/і (60 минут бойы) мынадай есеппен тамшылатып енгізеді: ересектерге және 14 жастан асқан балаларға - бір рет 10 мл/кг; 2 – 3 жасқа дейінгі балаларға –10 мл/кг (тәулігіне 1 рет), 3-тен 8 жасқа дейінгі балаларға – 7-10 мл/кг (тәулігіне 1-2 рет), 8-ден 13 жасқа дейін – 5 - 7 мл/кг (тәулігіне 1 - 2 рет).

Жасанды қан айналымы аппараты қолданылатын операцияларда Реополиглюкин – РТ глюкозамен оксигенатор сорғысын толтыру үшін науқастың дене салмағының әр кг шаққанда 10-20 мл есебінен қанға қосады. Декстранның перфузиялық ерітіндідегі концентрациясы 3%-дан аспауы тиіс. Операциядан кейінгі кезеңдегі препарат дозасы қылтамырлық қан ағысының бұзылған кезіндегідей болады.

Уытсыздандыру үшін көктамыр ішіне тамшылатып 400-ден 1000 мл дейін (балаларда 5-10 мл/кг) 60 - 90 мин бойы енгізеді. Қажет болғанда сол күні қосымша 400-500 мл енгізуге болады, кейінгі күндері препаратты ересектерге тәуліктік 400 мл доза, балаларға – дене салмағының әр кг шаққанда 5-10 мл доза есебінен тамшылатып енгізеді.

Офтальмология тәжірибесінде электрофорез арқылы қолданылады, оны жалпыға бірдей тәсілмен жүргізеді. Препараттың бір емшараға шығыны 10 мл құрайды. Емшараны күніне 1 рет жүргізеді, оң, сондай-ақ теріс полюспен енгізеді. Ағыс тығыздығы - 1.5 мА/кв.см. дейін. Емшара ұзақтығы - 15-20 мин. Емдеу курсы 5-10 емшарадан тұрады.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар

- қалтырау

- жүрек айну

- бас айналу

- тері жабынының қызаруы

- қызба

- коллапс дамитын анафилактикалық реакциялар

- жедел бүйрек жеткіліксіздігі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- тромбоцитопения

- бассүйекішілік қысымы жоғары бассүйек-ми жарақаттары

- геморрагиялық инсульт

- бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі (анурия)

- жүректің созылмалы жеткіліксіздігі және сұйықтықтың жоғары көлемін

енгізуге болмайтын басқа да жағдайлары

- іштен қан кету

- гипокоагуляция

- гиперволемия

- препаратқа жоғары сезімталдық

Офтальмологиялық тәжірибеде: қабақ терісінің мацерациясында және көзден мол шырышты-іріңді бөліну кезінде электрофорез қолдануға болмайды.

Реополиглюкин-РТ глюкозамен препаратын көмірсу алмасуының бұзылулары, әсіресе қант диабеті кезінде енгізбеген жөн.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Реополиглюкин – РТ глюкозамен препаратын және қабынуға қарсы спецификалық емес дәрілермен, тікелей және тікелей емес антикоагуляттармен бір мезгілде қолдану қанның тұтқырлығын бақылауды қажет етеді. Қан ағысына әсер ететін, артериялық қысым деңгейін арттыратын препараттарды, несеп айдағыш препараттарды қабылдап жүрген науқастарға абайлап тағайындаған жөн.

Декстран мынадай дәрілік заттармен үйлеспейді: аминокапрон қышқылы, гидрализин, варфарин, 95 % этанол, дексаметазон.

Антикоагулянттармен бір мезгілде қолданғанда дозаны төмендету қажет.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты енгізу диурездің ұлғаюын туындатады, егер тұтқыр шәрбат тәрізді несеп бөлініп шығатын диурездің төмендегені байқалса, бұл организмнің сусыздануын көрсетеді.

Мұндай жағдайда су-электролиттік теңгерімді толтыру және демеу үшін кристаллоидты ерітінділерді (0.9% натрий хлориді ерітіндісі, Рингер ерітіндісі) енгізу қажет. Бұл әсіресе сусызданған науқастарды емдегенде және ауыр хирургиялық реакциялардан кейін маңызды.

Бүйректің сүзу қабілеті төмендеген науқастарда 0.9% натрий хлориді ерітіндісін енгізуді шектеу қажет.

Қанда декстранның болуы билирубин мен ақуыз концентрациясын зертханалық анықтау нәтижелеріне әсер етеді. Осыған байланысты препаратты енгізгенге дейін осы көрсеткіштерді анықтау үшін қан сынамасын алу ұсынылады. Декстрандар эритроциттердің бетін бүркемелеп, қан тобын анықтауға кедергі жасауға қабілетті, сондықтан шайылған эритроциттерді пайдалану қажет.

Жүктілік және лактация кезеңі

Қолдану тәжірибесі жоқ, ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Автомобиль немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқарғанда сақ болған жөн.

Артық дозалануы

Симптомдары: ұсынылатын емдік дозадан асыра қолданғанда (15 мл/кг асатын) қанталау, жедел бүйрек жеткіліксіздігі дамуына түрткі болуы, гиперкалиемия, артериялық гипертензия, олигурия, анурия туындауы мүмкін.

Емі: симптоматикалық емдеу.

Шығарылу түрі

200 мл немесе 400 мл препараттан резеңке тығынмен тығындалып, алюминий қалпақшамен қаусырылған қанға, трансфузиялық және инфузиялық препараттарға арналған сыйымдылығы 250 және 450 мл (тиісінше) шыны бөтелкелерде. Бөтелкеге заттаңбалық немесе жазу қағазынан жасалған заттаңба жапсырады. Бөтелкелер гофрленген картоннан жасалған аралық қабатпен жекелеген қорапшасыз гофрленген картоннан жасалған қорапқа салынады. Қорапқа бөтелке саны бойынша медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтар салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 250 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Бөтелке бүтіндігі сақталған кезде препаратты мұздатып қатыру оны қолдануға қарсы көрсетілім болып табылмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Ромат» фармацевтикалық компаниясы ЖШС, медициналық препараттар зауыты, Семей қ., Қазақстан, тел (7222) 340867, факс (7222) 347559,

e-mail: zmp@romat.kz

Тіркеу куәлігінің иесі

«Ромат» фармацевтикалық компаниясы ЖШС, медициналық препараттар зауыты, Қазақстан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Ромат» фармацевтикалық компаниясы ЖШС, медициналық препараттар зауыты, Семей қ., Қазақстан Республикасы, тел (7222) 340867, факс (7222) 347559, e-mail: zmp@romat.kz

Прикрепленные файлы

498281231477976570_ru.doc 56 кб
737404881477977726_kz.doc 67.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники