Ренни® с апельсиновым вкусом
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Ренни® апельсин дәмімен
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Шайнайтын таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында:
белсенді заттар: 680 мг кальций карбонаты, 80 мг негізгі магний карбонаты.
қосымша заттар: сахароза, прежелатинделген жүгері крахмалы, картоп крахмалы, тальк, магний стеараты, жеңіл сұйық парафин, апельсинді қоспа, натрий сахарині.
Сипаттамасы
Апельсин иісті, екі жағынан «RENNIE» деп таңбаланған, беткейлері ойық крем реңдес ақ квадрат таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Қышқылдықтың бұзылуымен байланысты ауруларды емдеуге арналған препараттар.
Алюминий, кальций және магний препараттары біріктірілімі.
АТХ коды А02AD
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Кальций мен магнийдің сіңу деңгейі препараттың дозасына байланысты. Кальцийдің ең жоғары сіңірілу деңгейі шамамен 10% және магнийдікі 15-20%-ға жуық. Дені сау адамдарда кальций мен магнийдің аз мөлшері, әдеттегідей, сіңіріледі және организмнен бүйрек арқылы жылдам шығарылады. Бүйрек қызметі бұзылуы кезінде плазмадағы кальций мен магний концентрациясының деңгейі өсуі мүмкін. Асқазан-ішек жолында еритін тұздардан ерімейтін қосылыстар түзіледі, олар кейіннен нәжіспен шығарылады.
Ренни препаратының оңды әсері 3-5 минут ішінде жылдам дамиды. Ренни препаратының жүйелі әсері жоқ.
Фармакодинамикасы
Антацидтік заттар – кальций карбонаты мен магний карбонаты асқазан сөлінің артық тұзды қышқылын жылдам және ұзақ бейтараптандырады, осылайша гастропротекторлық әсер береді (асқазанның шырышты қабығына қорғаныш әсері).
Ренни препаратының асқазан сөлімен өзара әрекеттесуі нәтижесінде асқазанда кальций мен магнийдің еритін тұздары түзіледі.
Қолданылуы
Асқазан сөлінің жоғары қышқылдығынан туындайтын симптомдарды жою үшін:
- қыжылда
- эпигастрий аймағында асыра толтыру немесе ауырлық сезімдерінде
- метеоризмде
- жүрек айнуда
- қышқыл кекірікте.
Емдәмде, дәрілерді қабылдаудағы кемшіліктер мен алкоголь, кофе, никотинді асыра пайдаланудан кейін.
Қолдану тәсілі және дозалары
Ересектер мен 12 жастан үлкен балаларға: 1-2 таблеткадан шайнау керек (немесе толық ерігенге дейін ауызда ұстау керек). Қажет болған жағдайда препарат қабылдауды 2 сағаттан соң қайталауға болады.
Ең жоғары тәуліктік доза 11 таблетка.
Жағымсыз әсерлері
- аллергиялық реакциялар
- үлкен дәрет консистенциясының өзгеруі (диарея)
- бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастардағы гипермагниемия және гиперкальцемия.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
препарат компоненттеріне жеке жоғары сезімталдық
-
бүйрек функциясының айқын бұзылулары
-
гиперкальцемия
-
гипермагниемия
-
12 жасқа дейінгі балаларға
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Бір мезгілде қолданған кезде индометацин, салицилаттар, хлорпромазин, фенитоин, Н2- гистаминоблокаторлар, бета-адренблокаторлар, дифлунизал, изониазид, тетрациклин қатары антибиотиктері, тікелей емес антикоагулянттар, барбитураттар, темір препараттары сіңірілуін төмендетеді (аталған препараттарды Ренни препаратын қабылдардан 1 сағат бұрын немесе қабылдағаннан кейін 1 сағаттан соң қолданған дұрыс).
Антихолинергиялық препараттар асқазанның босауын баяулатып, әсерін күшейтеді және ұзартады. Сульфадиазин, леводопа, ацетилсалицил қышқылы мен налидикс қышқылының әсерін күшейтеді.
Тиазидті диуретиктермен үйлестіргенде немесе сүт не сүт өнімдерін көп мөлшерде қабылдайтын емделушілерде, әсіресе ұзақ емделген кезде жағымсыз әсерлері байқалған.
Айрықша нұсқаулар
Емделушілер мына жағдайларда, егер: салмақ жоғалту – жұтқан кездегі қиындықтар немесе үнемі іштегі жайсыздық сезімі – асқазан-ішек жолындағы мүмкін болатын өзгерістер – бүйрек жеткіліксіздігі (қан сарысуында кальцийдің бар екендігіне тексерілу қажет) байқалса, медициналық көмекке жүгінгені абзал.
Құрамында сахарозаның болуына байланысты фруктозаны көтере алмаушылықта, глюкоза мен галактоза сіңуінің бұзылуы кезінде Ренни® препаратын қолданбаған дұрыс.
Егер симптомдары Ренни препаратымен емдеудің 10 күнінен кейін қайтпаған болса немесе ауыр бұзылулар қатар жүрсе, этиологиялық зерттеу жүргізілуі тиіс. Қажеттілігіне қарай күніне 4-тен 8 таблеткаға дейінгі жоғары дозаны қабылдау керек, ем қысқа болуы қажет, симптомдары жоғалғанннан кейін жалғастырылмауы және дозасы күніне 11 таблеткадан аспауы тиіс. Ренниді ем үшін 10 күннен артық пайдаланбаған жөн: Тиазидті диуретиктермен үйлестіргенде немесе сүт не сүт өнімдерін көп мөлшерде қабылдайтын емделушілерде, әсіресе ұзақ емделген кезде жағымсыз әсерлері байқалған.
Жүктілік және лактация.
Сақтықпен қолданған жөн
Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Артық дозалануы
Симптомдары: геперкальциемияға әкелуі мүмкін.
Емі:симптоматикалық. Осы немесе кез келген басқа дәрілік заттардың артық дозалануы кезінде медициналық көмекке жүгінген жөн.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 12 таблеткадан.
1 немесе 2 пішінді ұяшықты қаптамадан мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салады.
Сақтау шарттары
25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші-ұйымның атауы және елі
Делфарм Гайярд, Франция
Қаптаушы ұйымның атауы және елі
Делфарм Гайярд, Франция.
Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі
Байер Консьюмер Кэр АГ, Швейцария
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы: «Байер КАЗ» ЖШС
Тимирязев к-сі, 42, «Экспо-Сити» бизнес орталығы, 15-пав.
050057, Алматы қ., Қазақстан Республикасы
тел.: + 7 (727) 258 80 40 (148)
факс: + 7 (727) 244 70 01
e-mail: kz.claims@bayer.com