Ренни® без сахара
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Ренни® қантсыз
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Шайнайтын жалбызды таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында:
белсенді заттар: 680 мг кальций карбонаты
80 мг негізгі магний карбонаты,
қосымша заттар: сорбитол, прежелатинделген жүгері крахмалы, картоп крахмалы, тальк, магний стеараты, сұйық жеңіл парафин, ментолды қоспа, натрий сахарині.
Сипаттамасы
Беткейлері ойыс квадрат пішінді, екі жақ бетінде «RENNIE» таңбасы бар, жалбыз иісті, крем реңдес ақ таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Қышқылдықтың бұзылуына байланысты ауруларды емдеуге арналған препараттар. Антацидтер. Алюминий, кальций және магний препараттарының біріктірілімі.
АТХ коды А02AD
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Кальций және магнийдің сіңу деңгейі препарат дозасына байланысты. Сіңуінің ең жоғары деңгейі – кальцийде 10% және магнийде 15-20%. Сіңген кальцийдің және магнийдің аздаған мөлшері бүйрек арқылы шығарылады. Бүйрек функциясы бұзылған кезде плазмадағы кальций және магний концентрацияларының деңгейі артуы мүмкін. Еритін тұздардан ішекте нәжіспен бірге шығарылатын ерімейтін қосылыстар түзіледі.
Ренни асқазан сөлімен өзара әрекеттесуі нәтижесінде асқазанда кальцийдің және магнийдің еритін тұздары түзіледі.
Кальций карбонаты және магний карбонаты асқазан сөлінің хлорлы сутегі қышқылымен өзара әрекеттесіп, көмір қышқыл газының (СО2) және судың (Н2О) түзілуіне әкеледі.
Фармакодинамикасы
Препараттың құрамында антацидтік заттар - кальций карбонаты және магний карбонаты бар, олар асқазан сөліндегі артық тұз қышқылының тез және ұзақ бейтараптануын қамтамасыз етеді, осылайша асқазанның шырышты қабығын қорғауға әсер етеді.
Жағымды әсері 3-5 минут ішінде тез пайда болады. Кальций және магний қосылыстары ішектен аздап сіңеді, сондықтан жүйелік әсері жоқ.
Қолданылуы
Асқазан сөлінің жоғары қышқылдылығынан туындайтын симптомдарды: қыжылды, эпигастрий аймағында толып кету немесе ауырлық сезімін, метеоризмді, жүректің айнуын, қышқыл кекірікті жою үшін, сондай-ақ ем-дәмдегі олқылықтан, дәрілерді қабылдаудан және алкоголь, кофе, никотинді шамадан тыс пайдаланғаннан кейін.
Қолдану тәсілі және дозалары
Ересектер және 12 жастан асқан балалар: 1-2 таблеткадан шайнау керек (немесе ауызда түгел ерігенше ұстау керек). Қажет болған кезде препаратты 2 сағаттан соң қайтадан қабылдауға болады.
Ең жоғары тәуліктік дозасы - 11 таблетка.
Жағымсыз әсері
-
аллергиялық реакциялар
-
жоғары дозаларын жиі қабылдаған кезде асқазан сөлінің компенсаторлы гиперсекрециясы
-
дәм сезуді жоғалту, кальциноз, астения, бас ауыруы
-
жүрек айну, құсу, іш тұсындағы жайсыздық, диарея
-
бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастардағы гипермагниемия және гиперкальциемия
-
бұлшықет әлсіздігі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық
- бүйрек функциясының айқын бұзылуы
- гиперкальциемия
- гипермагниемия
- миастения
- 12 жасқа дейінгі балалар
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Бір мезгілде қолданған кезде индометациннің, салицилаттардың, хлорпромазиннің, фенитоиннің, Н2-гистаминоблокаторлардың, бета-адреноблокаторлардың, дифлунизалдың, изониазидтің, тетрациклин қатарындағы антибиотиктердің, тікелей емес антикоагулянттардың, жүрек гликозидтерінің, барбитураттардың, темір препараттарының сіңуін азайтады (аталған препараттарды Ренни препаратын қабылдаудан 1 сағат бұрын немесе қабылдағаннан кейін 1 сағаттан соң қабылдаған жөн).
Антихолинергиялық препараттар асқазанның босауын баяулата отырып, әсерін күшейтеді және ұзартады. Сульфадиазиннің, леводопаның, ацетилсалицил қышқылының және налидикс қышқылының әсерін күшейтеді.
Тиазидтік диуретиктер кальцийдің экскрециясын төмендетеді. Гиперкальциемияның пайда болу қаупінің жоғарылауына байланысты, тиазидтік диуретиктермен бір мезгілде қолданған кезде кальций мөлшерін жүйелі бақылап отыру қажет.
Айрықша нұсқаулар
Егер салмағының жоғалғаны, жұтыну кезінде қиындық немесе іште ұдайы жайсыздық (асқазан-ішек жолында ықтимал өзгерістер) бүйрек жеткіліксіздігі (қан сарысуында кальций деңгейін бақылау қажет) байқалса, емделуші медициналық көмекке жүгінгені жөн.
Ренни құрамында сорбитол болғандықтан, қант диабеті бар науқастарға сақтықпен қолдану керек.
Емдеу үшін Ренниді® 10 күннен артық пайдаланбаған жөн. Белгіленген дозадан асырмау керек (доза күніне 11 таблеткадан аспауы тиіс) және егер емдеу кезінде симптомдар сақталса немесе ішінара ғана жоғалса, дәрігерге қаралған жөн.
Ренниді сүттің және сүт өнімдерінің мол мөлшерімен бірге қабылдауға болмайды.
Жүктілік және лактация кезеңі
Ұсынылған тәуліктік дозаны арттырмау керек.
Үлкен дозаларды ұзақ уақыт қабылдауға болмайды.
Дәрілік заттың көлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Артық дозалануы
Симптомдары: гиперкальциемия, гипермагнемия (жүрек айну, іштің қатуы, құсу) және бұлшықет әлсіздігі.
Емі: препаратты тоқтату, симптоматикалық ем.
Шығарылу түрі және қаптамасы
12 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.
2 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Ылғалдан сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші ұйымның атауы және елі
Дельфарм Гайярд, Франция
Қаптаушы ұйымның атауы және елі
Дельфарм Гайярд, Франция
Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі
Байер Консьюмер Кэр АГ, Швейцария
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«Байер КАЗ» ЖШС,
Тимирязев к-сі 42, «Экспо-Сити» бизнес орталығы, 15 пав.
050057, Алматы қ., Қазақстан Республикасы
тeл.: + 7 (727) 258 80 40 (148)
факс: + 7 (727) 244 70 01
е-mail: kz.claims@bayer.com