Ремов®

МНН: Диметикон
Производитель: Кусум Хелткер Пвт. Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Диметикон (dimeticone)
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020546
Информация о регистрации в РК: 22.07.2019 - 22.07.2024

Инструкция

Саудалық атауы

ремов®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Диметикон

Дәрілік түрі

4 % сұйықтық

Құрамы

Бір құтының ішінде

белсенді зат - диметикон 2.0 мл

қосымша зат - циклометикон 48.0 мл

Сипаттамасы

Мөлдір, иіссіз біртекті сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Эктопаразиттерді жоюға арналған басқа да препараттар.

АТХ коды Р03АХ05

Фармакологиялық қасиеттері

Ерітінді құрамында көптеген фармацевтикалық және косметикалық препараттарда қолданылатын диметикон бар. Зат 4% концентрацияда биттердің физика-физиологиялық белсенділігін басатыны анықталған. Ремов® паразиттерге физикалық үдеріс арқылы әсер етеді – ол битті жабады және биттің организмінің сулы теңгерімді ұстап тұру қабілетін бұзады, салдарынан дәрімен өңделген жәндіктер артық суды шығару қабілетін жоғалтады. Препарат құрамында нейроуытты фосфорорганикалық инсектицидтер жоқ, сондықтан биттердің спецификалық ферменттеріне ықпал етпейді. Препарат белсенділігі инсектицидтерге төзімді шаш биттері болған жағдайда төмендемейді. Паразиттің толық эрадикациясына қол жеткізу үшін 7 күн аралықпен 2 аппликация жүргізу қажет.

Қолданылуы

- педикулезде (биттер мен олардың жұмыртқаларын жою)

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер мен балалар (4 жастағы және одан үлкен балалар).

Құрғақ шашты Ремов® дәрісімен шыққан жерінен ұшына дейін бастың шашты бөлігінің барлық аумағына таралатындай етіп ылғалдандырады. Шаштың табиғи жолмен құрғауына жол беру керек. Ремовты® шашта кемінде 8 сағатқа немесе түнімен қалдыру керек. Сосын басты кәдімгі сусабынмен жуып, сумен мұқият шаю керек. Емді жеті күннен кейін қайталау қажет.

Жағымсыз әсерлері

Препарат, әдетте, жақсы көтерімді.

Сирек:

- бастың шашты бөлігі терісінің қышуы және қабыршықтануы

- аса жоғары сезімталдық (тітіркену, бөртпе, есекжем, жайылған қышыну, тыныс алудың қиындауы)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық

- 4 жасқа дейінгі балалар

- жүктілік және лактация кезеңі

Айрықша нұсқаулар

Тек сыртқа қолдануға арналған.

Теріде бөртпе немесе жергілікті немесе жалпы жоғары сезімталдықтың басқа да белгілері пайда болғанда қолдануды тоқтату керек.

Көзге түскен жағдайда сумен шаю қажет.

Шығарылу түрі және қаптамасы

50 мл-ден спрей-полиэтилен құтыда. Әрбір спрей-құтыға заттаңба жапсырылады. 1 спрей-құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Дәрігердің рецептісінсіз

Өндіруші

Кусум Хелткер Пвт. Лтд.,

СП 289 (А), Риико Индл. Ареа Чопанки, Бхивади (Радж.), Үндістан

Тіркеу куәлігінің иесі

Кусум Хелткер Пвт. Лтд., Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім жөніндегі шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Дәрі-Фарм (Қазақстан)» ЖШС,

заңды мекенжайы: Алматы қ., Достық д-лы, 117/6, «Хан-Тәңірі» БО

орналасқан мекенжайы: Алматы қ., Достық д-лы, 117/6, «Хан-Тәңірі» БО.  

Телефон: 295-26-50, 295-26-51 (54), Факс: 295-26-55 

E-mail: Office@kusumhealthcare.kz

Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың қауіпсіздігін тіркеуден кейін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды поштасы):

«Дәрі-Фарм (Қазақстан)» ЖШС, Алматы қ., Достық д-лы, 117/6, «Хан-Тәңірі» БО.

Телефон: 295-26-50, 295-26-51 (54), Факс: 295-26-55 

Электронды поштасы: mtt@kusumhealthcare.kz

 

Прикрепленные файлы

952556021477976663_ru.doc 47.5 кб
091520541477977799_kz.doc 47.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники