Ременс® (капли гомеопатические)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Ременс®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Гомеопатиялық тамшылар
Құрамы
100 мл препараттың құрамында
белсенді заттар – Шашақ тәрізді цимицифуга (Cimicifuga racemosa) D1 –5 мл, Канада сангвинариясы (Sanguinaria canadensis) D6 – 10 мл, Пилокарпус (Pilocarpus) D6 10 мл, Каракатица безінің сөлінісі (Sepia officinalis) D12 – 10 мл, Сурукуку жыланының уы (Lachesis) D12 – 10 мл
қосымша заттар: 43% этил спирті
Сипаттамасы
Ерекше иісі жоқ және шашақ тәрізді цимицифугаға тән дәмі бар, мөлдір, сәл сарғыш ерітінді.
Фармакотерапиялық тобы
Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа да препараттар.
АТХ коды G02СХ
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Қазіргі кезде гомеопатиялық медициналық препараттардың фармакокинетикалық қасиеттері туралы олардың жоғары сұйылтылуы ескеріліп, хабарланған жоқ.
Фармакодинамикасы
Ременс® - тамшылар - бірнеше гомеопатиялық дәрілердің арнайы біріктірілімі, тыныштандыратын, қабынуға қарсы, несеп айдайтын және етеккір оралымының бұзылуын қалпына келтіретін әсерге ие.
Цимицифуга тамырсабағына тән құрамдасы – циклоартан типті тритерпен гликозидтері (сапониндер) болып табылады, олардың негізгілері цимицифугозид, актеин және цимирацемозидтер саналады, сондай-ақ құрамында цистизин мен метилцистизин алкалоидтары, флавоноидтар, шайырлар, май қышқылдары және фитоэстрогендер болады. Цимицифуга тамырсабақтары климаксты емдеуде кеңінен пайдаланылады, тыныштандыратын әсері бар.
Сангвинария тамырсабақтарының сығындысы негізінен бензофенантридинді алкалоидтардан тұрады, олардың негізгісі сангвинарин болып табылады, ол әйелдің жыныс мүшелеріне органотропты әсер етеді және аменорея кезінде етеккір келтіретін, климактериялық бұзылулыстарды, меннорагияны, сондай-ақ ысынуларды емдейтін дәрі ретінде қолданылады.
Пилокарпустың құрамында үш алкалоид – пилокарпин, изопилокарпин және пилокарпидин бар, олардың негізгісі пилокарпин болып табылады, ол парасимпатиялық жүйке жүйесінің көтермелегіші ретінде әсер етеді, несеп айдайтын әсері бар, ысынумен қосыла қатты тершеңдік кезінде ұсынылады, етеккірдің басында салқынды сезіну, баста немесе жамбас аймағындағы пульсация, арқаның ауыруы секілді шағымдар болғанда тиімді.
Каракатица безінің сөлінісі негізінен кальций карбонатынан, магний карбонатынан, натрий сульфатынан, натрий хлоридінен және темірдің аздаған мөлшерін байланыстыратын меланиннің қара пигментінен тұрады. Гомеопатияда каракатица безінің сөлінісі гинекологиялық ауруларды емдеуде, етеккір оралымы бұзылған кезде пайдаланылады.
Сурукуку жыланының уы құрамында пептидтер, ферменттер мен әр түрлі ақуыздар бар, олардың анағұрлым маңыздылары бір қатар қатты аурулар жағдайында клиникалық пайдаланылатын гемагглютинин мен гемолизин протеиндері болып табылады, олар сепсис, тромбоз, жүрек аурулары және климактериялық бұзылыстар сияқты қан кету аномалияларымен, сондай-ақ климактериялық кезеңдегі ысынумен сипатталады.
Қолданылуы
-
етеккір оралымының бұзылуында (дисменорея, екіншілік аменорея, етеккір алдындағы синдром)
-
климактериялық синдромда
-
гениталий қабыну ауруларында (аднексит)
Қолдану тәсілі және дозалары
Етеккір оралымының бұзылуы – ересектер мен 14 жастан асқан балаларға 10 тамшыдан күніне 3 рет 3 ай бойы. Қажет болған кезде тамшыларды қабылдауды қайталауға болады.
Етеккір алдындағы синдром – 10 тамшыдан күніне 3 рет 6 ай бойы. Жағдай тұрақталғаннан кейін дозасы күніне 2 ретке дейін төмендетілуі тиіс (демеуші ем)
Гениталий қабыну аурулары – ересектер мен 14 жастан асқан балаларға 10 тамшыдан күніне 3 рет 2 ай бойы. Қажет болған кезде тамшыларды қабылдауды қайталауға болады.
Емнің басында 10 тамшыдан әр 30-60 минут сайын (ең көбі күніне 8 рет) қабылдайды. Жағдайдың жақсаруында қабылдау жиілігі күніне 3 ретке дейін азайтылуы тиіс.
Ременс® тамшыларын ас ішуден 30 минут бұрын немесе тамақтанудан кейін кем дегенде 1 сағаттан соң қабылдау керек.
Ременс® тамшыларын таза (ештеңе қоспастан) немесе аздаған мөлшердегі суда ерітіп қабылдауға болады.
1 мл-де шамамен 25 тамшы болады.
Жағымсыз әсерлері
өте сирек
- құрамында цимицифугасы бар препаратты қолдану кезінде бауырдың
зақымдануы
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
препараттың белсенді заттарына немесе кез келген компонентіне жоғары сезімталдық
-
жүктілік және лактация кезеңі
-
балалар және 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анықталған жоқ
Айрықша нұсқаулар
Егер бауырдың зақымдану белгілері (сарғаю, несептің қараюы, созылмалы гастродуоденит, жүрек айну, тәбеттің төмендеуі, шаршағыштық) пайда болса, емделушілер Ременс® - тамшыларын қабылдауды дереу тоқтатулары тиіс.
Ременс® - тамшыларының бір дозасы (10 тамшы) құрамында 0,16 г этил спирті бар, сондықтан алкоголь тәуелділігімен зардап шегетін адамдар қабылдамауы тиіс.
Ременс® - тамшылары құрамында өсімдік және басқа да табиғи материалдар бар, сондықтан олар дәмі мен иісі жағынан ерекшеленуі және аздап бұлыңғырлануы мүмкін. Бұл препаратттың сапасы мен тиімділігіне ешқандай әсер етпейді.
Құрамында алкогольдің бар екендігін балаларға және бауыр аурулары немесе эпилепсиясы бар емделушілерге тағайындағанда назарға алынуы тиіс.
Гомеопатиялық дәрілік заттармен емдеудің басында организмнің иммунитет жүйесін көтермелеу себебінен аурулардың бастапқы өршуі жүруі мүмкін.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Ременс® - тамшылары автомобиль жүргізу және механизмдерді пайдалану қабілетіне ешқандай әсер етпейді.
Этил спирті құрамының 43% екендігін ескеріңіз
Артық дозалануы
Артық дозаланудың ешқандай жағдайлары туралы хабарланбаған.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Пропиленнен жасалған бұрандалы қақпағы, полиэтиленнен жасалған тамшылатқышы бар қоңыр шыны құтыға 20 немесе 50 мл препараттан құйылған.
1 құты медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.
Сақтау шарттары
Жарықтан және күшті электромагнитті өрістен қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
5 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
Рихард Биттнер АГ
Фельдкирхен, Австрия.
Тіркеу куәлігінің иесі
Рихард Биттнер АГ
Вена, Австрия.
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
ҚР-дағы «Хербс Трэйдинг ГмбХ» өкілдігі Алматы қ., Бегалин к-сі 115.
Телефон. тел +7(727) 390-98-93, факс (727) 291-65-11
Электронды поштасы: www.omegapharma.kz