РЕМАНТАДИН® (50 мг)

МНН: Римантадин
Производитель: ОЛАЙНФАРМ АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Rimantadine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014561
Период регистрации: 19.09.2014 - 19.09.2019

Инструкция

Саудалық атауы

РЕМАНТАДИН®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Римантадин

Дәрілік түрі

Таблеткалар 50 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 50 мг римантадин гидрохлориді,

қосымша заттар: лактоза моногидраты, картоп крахмалы, стеарин қышқылы

Сипаттамасы

Жалпақ цилиндр тәрізді, ойығы бар, ақ немесе ақ дерлік таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелік қолдануға арналған вирусқа қарсы препараттар. Тікелей әсер ететін вирусқа қарсы препараттар. Циклдік аминдер. Римантадин

АТХ коды J05АC02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішу арқылы қабылдағаннан кейін Ремантадин асқазан-ішек жолында жақсы сіңеді, биожетімділігі жоғары, организмнің барлық тіндеріне және сұйықтарына, ликворға жақсы енеді. Әсер ететін заттың шамамен 40 %-ы қан плазмасының ақуыздарымен байланысады. Қан плазмасындағы ең жоғарғы концентрациясына 5-7 сағаттан соң жетеді. Әсер ететін зат бауырда қарқынды метаболизденеді, гидроксилденеді, конъюгацияға және глюкуронизацияға ұшырайды. Жартылай шығарылу кезеңі орташа алғанда 25 сағатты, егде жастағыларда 32 сағатты, балаларда 13-38 сағатты құрайды. Негізінен несеппен, 15 % - өзгермеген күйде бүйрек арқылы шығарылады.

Фармакодинамикасы

Ремантадин – адамантан туындысы, вирустарға қарсы белсенділігі бар. Препарат А типті тұмау вирусына қарсы тиімді, сондай-ақ В типті вирус туындатқан тұмаудағы уыттылыққа қарсы әсер етеді. Ремантадин циклдің ерте сатысында вирус репликациясын вирустық қабықшаның қалыптасуын бұза отырып тежеуі мүмкін. Ремантадиннің А тұмау вирусына қатысты вирустарға қарсы әсерінде М2 вирион гені спецификалық ақуызының алатын орны маңызды. In vitro Ремантадин адамдағы А тұмау вирусының үш антигенді түрлерінің – H1N1, H2N2 және H3N2 репликациясын тежейді. Ремантадин белсенділігі жойылған А тұмау вакцинасының иммуногенетикалық қасиеттеріне әсер етпейді. Ремантадинге төзімді вирустар жабық ортада Ремантадин қолданғанда бөлініп алынған.

Ремантадин, сондай-ақ кене энцефалитінің қоздырғыштары болып табылатын арбовирустарға қатысты тиімді.

Қолданылуы

- ересектер мен балаларда аурудың ерте сатысында тұмауды емдеу үшін

- ересектерде эпидемия кезінде тұмаудың профилактикасы үшін

- ересектерде шығу тегі вирустық кене энцефалитінің профилактикасы үшін

Қолдану тәсілі және дозалары

Ремантадинді ас ішкеннен кейін, сумен бірге қабылдайды.

Препаратты қабылдауды тұмаудың алғашқы симптомдары пайда болғаннан кейін бірден бастау керек. Егер қолдану аурудың алғашқы 48 сағат ішінде басталса, емдік әсері өте айқын болады.

Тұмауды емдеу: ересектерге бірінші күні – 100 мг-ден (2 таблеткадан) күніне үш рет, екінші және үшінші күні – 100 мг-ден күніне екі рет, төртінші және бесінші күні – 100 мг-ден күніне бір рет. Аурудың бірінші күні препаратты 3 таблеткадан күніне екі рет немесе бір қабылдауға 6 таблетка қабылдауға болады.

Балаларға: 7-ден 10 жасқа дейін 50 мг-ден күніне екі рет, 11-ден 14 жасқа дейін – 50 мг күніне үш рет, 14 жастан асқан – ересектерге арналған дозалар.

Емдеу курсының ұзақтығы 5 күнді құрайды.

Тұмау профилактикасы: ересектерге 50 мг-ден күніне бір рет, ұзақтығы 30 күнге дейін.

Кене жабысқаннан кейін шығу тегі вирустық кене энцефалитінің профилактикасы: ересектерге 100 мг-ден күніне екі рет үш күн бойы, жекелеген жағдайларда (дәрігердің тағайындауымен) – 5 күн.

Ремантадинді қолдануды кене шаққаннан кейін бірден, бірақ 48 сағаттан кешіктірмей бастау керек.

Жекелеген жағдайларда (қатер топтарында, ну өсімдікті орманды жерлерге жорыққа қатысушыларда, шатырда тұрған кезде және т.б.) ересектерге күніне екі рет бір таблеткадан Ремантадинмен 15 күнге дейін кене энцефалитінің (кене шақпаған) профилактикасына қолдануға болады.

Жағымсыз әсерлері

- бас айналуы, бас ауыруы

- мазасыздық

- құлақтың шуылдауы

- тері бөртпесі

- жүрек айнуы, құсу, іш өту, тәбеттің болмауы, іштің ауыруы.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- адамантан тобының туындыларына немесе препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

- бауырдың жедел аурулары

- бүйректің жедел және созылмалы аурулары

- тиреотоксикоз

- 7 жасқа дейінгі балалар

- жүктілік және лактация кезеңі

- тұқым қуалайтын галактоза көтере алмаушылығы, лактоза тапшылығы.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Ремантадин эпилепсияға қарсы препараттардың тиімділігін төмендетеді.

Адсорбенттер, тұтқыр және бүркемелегіш дәрілер Ремантадиннің сіңуін азайтады.

Парацетамол және ацетилсалицил қышқылы Ремантадиннің қан плазмасындағы концентрациясын және тиімділігін төмендетеді.

Циметидин организмнен әсер етуші заттың шығарылуын төмендетеді.

Алкогольді тұтынуды тоқтату керек, өйткені орталық жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз реакциялар пайда болуы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Сақтық шаралары

Асқазан-ішек жолдарының аурулары, бауыр функциясының бұзылулары, жүректің ауыр сипатты аурулары және жүрек ырғағының бұзылулары бар пациенттерге, егде жастағы адамдарға сақ болу керек. Мұндай жағдайларда препарат дозасын төмендету керек.

Анамнезінде эпилепсия және құрысуға қарсы ем жүргізілгені көрсетілсе, Ремантадинді қолдану аясында эпилепсия ұстамалары даму қаупі артады. Мұндай жағдайларда Ремантадин дозасын күніне 100 мг дейін төмендетеді. Егер ұстама дамыса, Ремантадин қабылдауды тоқтатады.

Лактоза. Бір таблетка құрамында 74,5 мг лактоза бар. Сирек кездесетін туа біткен галактоза көтере алмаушылығы, Lapp лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге қолданбаған жөн.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Ремантадин көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді, бірақ бас айналуы, бас ауыруы немесе орталық жүйке жүйесі тарапынан басқа жағымсыз әсерлер пайда болатын адамдар сақ болуы керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: қозу, елестеулер, аритмия.

Емі: уланғанда тіршілікті қамтамасыз ету функцияларын демеу қажет. Орталық жүйке жүйесі тарапынан симптомдар болған артық дозалану кезінде физостигминді вена ішіне енгізген тиімді. Ремантадин ішінара гемодиализ арқылы шығарылады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

2 пішінді ұяшықты қаптамадан қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Тіркеу куәлігін ұстаушы/Өндіруші

“ОЛАЙНФАРМ” АҚ

Мекенжайы: Рупницу к-сі 5, Олайне, LV - 2114, Латвия.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

“ОЛАЙНФАРМ” АҚ өкілдігі

050009 Алматы қ., Абай даңғ. 151/115, 807 кеңсе

Телефон / факс 007 727 333 46 52

E-mail olainfarm.instr@mail.ru

 

 

 

Прикрепленные файлы

237393731477976663_ru.doc 52.5 кб
935017481477977808_kz.doc 61 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники