Релиф® Адванс (Мазь ректальная)

МНН: Бензокаин
Производитель: Фамар С.А.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Benzocaine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№004394
Информация о регистрации в РК: 29.11.2016 - 29.11.2021

Инструкция

Саудалық атауы

Релиф® Адванс

Халықаралық патенттелмеген атауы

Бензокаин

Дәрілік түрі

Ректальді жақпамай

Құрамы

1 грамм жақпамайдың құрамында

белсенді зат: 200 мг бензокаин,

қосымша заттар: парафин ақшыл сұйық (ақшыл минеральді май), ақ жұмсақ парафин (вазелин), пропиленгликоль, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, сорбитан стеараты.

Сипаттамасы

Бөгде бөлшектері жоқ, ақ немесе сарғыш түсті жақпамай.

Фармакотерапиялық тобы

Геморройды және анус сызатын емдеу үшін жергілікті қолдануға арналған дәрілер. Жергілікті анестетиктер. Бензокаин.

АТХ коды C05АD03

Фармакологиялық қасиеттері

Бензокаин белсенді беткейлік жергілікті жансыздандырғыш дәрі болып табылады. Сезімтал жүйкелер ұшында ауырсыну сезімдерінің туындауына және ауырсыну импульстарының жүйке талшықтары бойымен өтуіне кедергі келтіреді. Уыттылығы төмен, суда нашар ериді, резорбтивті (жалпы) әсер етпейді.

Вазелин және минералды май – жақпамайдың қауіпсіз негізі, жұмсартатын және бүркемелегіш әсері бар.

Релиф Адванс препараты қышынуда, күйдіруде және геморройға қатысты жайсыздықтарда тыныштандыратын әсер береді.

Қолданылуы

  • сыртқы және ішкі геморройда

  • артқы өтіс жолының сызатында, эрозиясында және микрожарақаттарында

  • проктологиялық операциялар жасатқан пациенттерде операциядан кейінгі кезеңде

  • диагностикалық манипуляцияларда ауыруды басу үшін

  • аноректальді аумақтың айқын ауыру синдромы, қышыну, шымылдатып ашытумен қатар жүретін басқа да ауруларда

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты гигиеналық шаралар жасағаннан кейін қолдану керек.

Жақпамайды қолданар алдында зақымдалған орынды ылғал сүрткімен сулау қажет. Жақпамайды тік ішекке енгізу үшін, аппликатордың қорғаныш қалпақшасын шешіп алу керек, аппликаторды сықпаға бекітеді, жақпамайды сықпадан абайлап сығып шығарады. Аппликаторды жақсылап майлап, оны сақтықпен тік ішекке енгізеді. Жақпамай сондай-ақ артқы өтіс аумағының терісіне жағылады.

Аппликаторды әр қолданудан кейін мұқият дезинфекциялап, қорғағыш қалпақшасына салып қояды.

Препаратты күніне 4 ретке дейін қолданады (таңертең, түнге қарай және әрбір үлкен дәреттен кейін).

Емдеу курсының ұзақтығы – 7-10 күн.

Жағымсыз әсерлері

Сирек: аллергиялық реакциялар: ашыту, гиперемия, анус тесігі аумағындағы тері бөртпелері.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттерінің кез келгеніне жеке жоғары сезімталдық

  • тромбоэмболиялық ауру

  • гранулоцитопения

  • 12 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Жергілікті қолданғанда басқа дәрілердің фармакодинамикасы мен фармакокинетикасына әсері туралы деректер жоқ.

Айрықша нұсқаулар

Артқы өтіс жолдарынан мол қанды бөліністер болған жағдайда немесе ауыру симптомдары 7 күннен астам уақыт сақталғанда проктологпен қосымша кеңесу қажет.

Егер тік ішекке енгізгенде ауырулар тудырса аппликатор пайдаланудың қажеті жоқ.

Жүктілік және лактация

Жүктілік және лактация кезеңінде препаратты тек емнің анаға да, ұрық немесе балаға да пайдасы/ қатерінің арақатынасын мұқият бағалап алған соң ғана қолдануға болады.

Көлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалағанда

Симптомдары: шымылдатып ашыту, гиперемия.

Емі: препаратты тоқтату және симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

28,4 г препараттан пластик қақпағы бар ламинацияланған сықпаға салынған.

1 сықпадан аппликаторымен және медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

25 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл.

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз.

Өндіруші

Фамар С. А., 63, ул. Аг. Димитриу, 17456 Алимос, Греция

Тіркеу куәлігінің иесі

Байер Консьюмер Кэр АГ, Швейцария

Қаптаушы ұйымның атауы және елі

Фамар С. А., Греция

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Байер КАЗ» ЖШС

Тимирязев к-сі, 42, «Экспо-Сити» бизнес орталығы, 15 пав.

050057, Алматы қ., Қазақстан Республикасы

Тел.: + 7 (727) 258 80 40

Факс: + 7 (727) 244 70 01

e-mail: kz.claims@bayer.com

 

 

 

 

 

4

 

Прикрепленные файлы

057752451477977163_ru.doc 45 кб
242863481477978326_kz.doc 52 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники