Рекутан
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Рекутан
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
100 мл ерітінді
Құрамы
100 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат - 100,0 г дәрілік түймедақ гүлдері
қосымша заттар: твин-80, 50% этил спирті.
Сипаттамасы
Түймедақ иісі бар күңгірт-қоңыр түсті сұйықтық.
Фармакотерапиялық тобы
Ауыз қуысының ауруларын емдеуге арналған басқа препараттар.
АТЖ коды А 01АD
Фармакологиялық қасиеттері
Түймедақ гүлдерінің құрамына кіретін эфир майының, флавоноидтердің, кумариндердің, гликозидтер мен басқа биологиялық белсенді заттардың есебінен, препарат спазмолитикалық, қабынуға қарсы, антисептикалық әсер береді.
Қолданылуы
стоматологиялық ауруларды емдеу үшін кешенді емде:
- стоматитте
- гингивитте
- глосситте
- пародонтозда
Жоғарғы тыныс жолдарының ауруларын емдеуде
- фарингитте
- тонзиллитте
- тонзилэктомияда
- ларингитте
- фаринго- және ларинготрахеитте
- созылмалы бронхитте
гастроэнтерологияда
- жедел және созылмалы гастритте
- колитте, энтероколитте
проктологияда
- проктитте
- проктосигмоидитте
гинекологияда
- жатыр мойны эрозиясында
- кольпитте
- цервицитте
Қолдану тәсілі мен дозалары
Рекутанды шаю, жуып-шаю, тарту/басу (аппликациялар), бүрку түрінде жергілікті қолданады. Бұдан бөлек, Рекутанды ішеді және тік ішекке енгізеді.
Стоматологиялық ауруларда шаюды –1/2 немесе1/3 стақан жылы суға 1 ас қасығын тәулігіне бірнеше рет, ауру ағымына байланысты 2 - 3 күн бойы тағайындайды.
Пародонтозда ересектерде Рекутанның 1 - 2 шәй қасығын 1 стақан суда сұйылтып, содан кейін онымен турунданы шылап, қызыл иек қалталарына күн сайын немесе күнара 10 - 15 минуттан, 3 - 7 күн бойы енгізеді.
Жоғарғы тыныс жолдарының ауруларын емдеуде ересектерде 1/2 немесе 1/3 стақан жылы суға 1 шәй қасық есебімен тәулігіне 1 - 2 рет ішке қабылдайды. Емдеу курсының ұзақтығы 10 - 14 күнді құрайды, қайталау курстары – 2 - 3 ай аралықпен 2 - 3 рет.
Колиттерде емдік әсерін күшейту үшін ішумен бірге препаратты клизма түрінде де қолданған дұрыс. Ол үшін ересектерде Рекутанның 1 - 2 шәй қасығын 1 стақан жылы суда сұйылтады және ішектің еріктен тыс босауынан кейін тік ішекке жібереді. Емдеу курсы 3 - 4 аптаны құрайды. Қажет болса емдеуді 6 аптаға дейін жалғастырады, ал курстарын (2 - 3) 1 - 2 ай аралықпен қайталайды. Емдеуді сәйкесінше емдәм аясында жүзеге асыру ұсынылады.
Проктологияда Рекутанды клизма түрінде күніне 2 рет тағайындайды (мүмкін болса, ішектің еріктен тыс босауынан кейін). Клизма жасау үшін ересектерге Рекутанды 1 стақан жылы суға 1 - 2 шәй қасық есебімен сұйылтады. Анальді және перианальді бөліктер қышымасында Рекутанды препарат пен судың көрсетілген ара қатынасын сақтай отырып, жергілікті ванна түрінде қолданады. Емдеу курсы – 8 - 10 күн.
Қынапты шаю үшін Рекутанның 2 - 3 ас қасығын 1 л жылы суда сұйылтады. Күн сайын, тәулігіне 2 - 3 рет, 10 - 12 күн бойы тағайындайды.
Жағымсыз әсерлері
- аллергиялық реакциялар (қышу, терінің бөртуі)
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препаратқа жоғары сезімталдықта
- 18 жасқа дейінгі балаларға
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған
Айрықша нұсқаулар
Жүктілік және бала емізу кезінде қолданылуы.
Препаратты жүкті әйелдерге және бала емізу кезінде «пайда/қауіп» арақатынасын есепке ала отырып қолдануға болады, оны дәрігер анықтайды.
Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Артық дозаланғанда
Анықталған жоқ
Шығарылу түрі мен қаптамасы
Бұрандалы мойны бар, тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған, бірінші ашылуы бақыланатын бұралатын қақпақтармен тығындалған, мөлдір емес күңгірт-қоңыр түсті поливинилхлоридтен жасалған құтыларда немесе бұрандалы мойны бар, бірінші ашылуы бақыланатын қақпақтармен тығындалған, мөлдір емес күңгір-қоңыр түсті полимерден жасалған құтыларда100 мл препараттан.
Әр құтыны мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салады.
Сақтау шарттары
Жақсы тығындалған ыдыста, жарықтан қорғалған жерде 15 ºС-ден 25 °С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«ДЗМҰО» тәжірибе зауыты» ЖШҚ,
Украина, Харьков қ-сы, Воробьев к-сі, 8.
Тіркеу куәлігінің иесі
«ДЗМҰО» тәжірибе зауыты» ЖШҚ,
Украина, Харьков қ-сы, Воробьев к-сі, 8.
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
Мекенжайы: «ДЗМҰО» тәжірибе зауыты» ЖШҚ,
Украина, Харьков қ-сы, Воробьев к-сі, 8
Телефон: (057) 752-30-17
Факс: (057) 752-30-17
Электронды поштасы: office@gncls.com.ua