Редивек® (400 мг)

МНН: Иматиниба мезилат (эквивалентно иматинибу)
Производитель: Д-р Редди'с Лабораторис Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Imatinib
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023545
Информация о регистрации в РК: 21.02.2018 - 21.03.2023

Инструкция

Саудалық атауы

Редивек®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Иматиниб

Дәрілік түрі

100 мг және 400 мг капсулалар

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді зат – 119.47 мг немесе 477,88 мг иматиниб мезилаты (сәйкесінше, 100 мг немесе 400 мг иматинибке баламалы),

қосымша заттар: кросповидон (Polyplasdone - XL10), натрий стеарил фумараты,

желатинді капсуланың құрамы: желатин, су, натрий лаурилсульфаты, Темірдің қызыл тотығы (Е 172), Темірдің сары тотығы (Е 172), Темірдің қара тотығы (Е 172), титанның қостотығы (Е 171)

Сипаттамасы

Қызыл сарыдан сұрғылт-қызыл сары түске дейінгі қақпағы және корпусы бар, қалпақшасында қызыл түспен «RDY» және корпусында «100» таңбаланған, өлшемі № 1, мөлдір емес қатты желатинді капсулалар. Капсуланың ішіндегі – ақ дерліктен қоңырқай-сары түске дейінгі түйіршіктелген ұнтақ (100 мг дозасы үшін).

Қоңыр-сарыдан сұрғылт-қызыл сары түске дейінгі қақпағы және корпусы бар, қалпақшасында қызыл түспен «RDY» және корпусында «400» таңбаланған, өлшемі № 0, мөлдір емес қатты желатинді капсулалар. Капсуланың ішіндегі – ақ дерліктен қоңырқай-сары түске дейінгі түйіршіктелген ұнтақ (400 мг дозасы үшін).

Фармакотерапиялық тобы

Ісікке қарсы басқа да препараттар. Протеинкиназа тежегіштері. Иматиниб.

ATХ коды L01XЕ01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Бір реттік қолданған кездегі Редивек® препаратының әсері 25-тен 1000 мг-ге дейінгі дозалар ауқымында зерттелді. Фармакокинетикалық бейіндері қолданудың 1-ші күні, сондай-ақ 7-ші және 28-ші күні, яғни қан плазмасында тепе-тең концентрацияға жеткен кезде зерттелді.

Сіңуі

Препараттың биожетімділігі орта есеппен 98% құрайды. "Концентрация-уақыт" қисығы астындағы аудан (AUC) көрсеткіші үшін өзгеру коэффициенті 40-60% құрайды. Препаратты құрамында май мөлшері жоғары тамақпен бірге тағайындаған кезде, ашқарында қабылдаумен салыстырғанда, сіңу дәрежесінің аздап төмендегені байқалады.

Таралуы

Қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы 95%-ға жуықты құрайды (негізінен, альбуминмен және қышқыл альфа-гликопротеиндермен, аздаған дәрежеде - липопротеиндермен).

Метаболизмі

Адамдарда негізгі айналымдағы метаболиті бастапқы препаратқа ұқсас in vitro белсенділік танытатын N-деметилденген пиперазин туындысы (CGP71588) болып табылады. Осы метаболиттің плазмалық AUC көрсеткіші иматинибтің AUC мәндерінің тек 16%-ын ғана құрайды. N-деметилденген метаболиттің плазма ақуыздарымен байланысуы бастапқы препараттың байланысымен ұқсас.

Шығарылуы

Дозаның 25%-ға жуығы (20% - нәжіспен және 5%-ы несеппен) өзгермеген күйінде шығарылады. Препараттың қалған мөлшері метаболиттер түрінде шығарылады.

Иматинибтің жартылай шығарылу кезеңі дені сау субъектілерде 18 сағатқа жуықты құрайды. 25-тен 1000 мг-ге дейінгі ауқымда AUC мәндерінің дозалардың шамасына тікелей желілік байланыстылығы байқалды.

Пациенттердің ерекше топтары

Популяциялық фармакокинетиканы талдау негізінде иматинибтің таралу көлеміне жастың аздаған ықпалы байқалды (65 жастан асқан пациенттерде 12%-ға жоғары). Осы өзгеру клиникалық тұрғыдан маңызды ретінде қарастырылмайды. Салмағы 50 кг пациенттер үшін иматинибтің клиренсіне дене салмағының ықпалы күтілетін сағатына 8,5 л орташа клиренсімен берілген, ал салмағы 100 кг пациенттер үшін клиренсі сағатына 11,8 л дейін жоғарылайды. Осы өзгерулер кг дене салмағына шаққанда дозаны түзету қажеттілігі үшін жеткіліксіз. Жыныстың иматинибтің фармакокинетикасына ықпалы анықталған жоқ.

СМЛ алғаш диагнозы қойылған пациенттерде ІІІ фазада зерттеу аясында популяциялық фармакокинетикасын әрі қарай талдау ковариаттардың және қатар қолданылатын препараттардың иматинибтің клиренсіне және көлеміне ықпалы мардымсыз екендігін және дозаны түзету қажеттілігі үшін жеткілікті айқындылығы жоқтығын көрсетті.

Балалардағы фармакокинетикасы

I фаза және II фазада жүргізілген зерттеулерде балалар, сонымен қатар ересек пациенттер ішке қабылдағанда иматинибтің тез сіңетінін көрсетті. 260 және 340 мг/м2 дозаларда қолданғанда балаларда препараттың қандағы концентрациясы ересек пациенттердегі, сәйкесінше, 400 мг және 600 мг дозаларды қолданған кездегі сияқты концентрацияларға жетті. 340 мг/м2 қолданған кезде 8-ші тәуліктегі және 1-ші тәуліктегі AUC(0-24) көрсеткіштерін салыстырғанда, күніне бір реттен көп реттік қабылдаған жағдайда препараттың 1,7 есе жиналғаны анықталды.

Гематологиялық бұзылулары (СМЛ, Ph+ЖЛЛ немесе иматинибпен емдеуге келетін басқа да гематологиялық бұзылулар) бар педиатриялық пациенттерде популяциялық фармакокинетиканы біріктіріп талдау негізінде дене беті ауданының (ДБА) ұлғаюымен иматиниб клиренсінің жоғарылауы да байқалды. ДБА ықпалын түзеткеннен кейін жасы, дене салмағы және дене салмағының индексі сияқты демографиялық көрсеткіштер иматинибтің экспозициясына клиникалық тұрғыдан маңызды ықпалын тигізген жоқ. Талдау тәулігіне бір рет 260 мг/м2 (дозаны тәулігіне бір рет 400 мг-ден асырмай) немесе тәулігіне бір рет 340 мг/м2 дозада (дозаны тәулігіне бір рет 600 мг-ден асырмай) қабылдаған балаларда иматинибтің экспозициясы иматинибті тәулігіне бір рет 400 мг немесе 600 мг дозада қабылдап жүрген ересек пациенттердегі экспозициямен ұқсас болатындығын айғақтады.

Ағзалық функциялардың бұзылуы

Иматиниб және оның метаболиттері бүйрек арқылы елеулі дәрежеде шығарылмайды. Бүйрек функциясының жеңіл және орташа дәрежедегі бұзылулары бар пациенттерде, бүйрек функциясы қалыпты пациенттермен салыстырғанда, плазмада иматинибтің өте жоғары экспозициясы білінеді. Дүркінділігінің 1,5-2 бірлікке артуы альфа-қышқыл гликопротеиннің (AGP) жоғарылауымен сәйкес келеді, онымен иматиниб плазмада 1,5 есе күшті байланысады. Иматиниб үшін бос заттың клиренсі, бәлкім, бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерде және бүйрек функциясы қалыпты пациенттерде ұқсас, өйткені бүйректік экскрециясы иматинибтің шығарылуының қосымша жолы ғана болып табылады («Қолдану тәсілі және дозалары», «Айрықша нұсқаулар», «Жағымсыз әсерлері», «Фармакологиялық қасиеттері. Фармакодинамикасы» бөлімдерін қараңыз).

Пациенттер арасында едәуір өзгерістің болатынын көрсеткен фармакокинетикасын талдау нәтижелеріне қарамастан, бауыр функциясының бұзылу дәрежесі өзгеріп отыратын пациенттерде, бауыр функциясы қалыпты пациенттермен салыстырғанда, иматинибтің орташа экспозициясы өскен жоқ («Қолдану тәсілі және дозалары», «Айрықша нұсқаулар», «Жағымсыз әсерлері», «Фармакологиялық қасиеттері. Фармакодинамикасы және фармакокинетикасы» бөлімдерін қараңыз).

Фармакодинамикасы

Әсер ету механизмі

Иматиниб Абельсонның нүктелік үзілуінің кластерлі өңірінің (BCR-ABL) тирозинкиназасына (ТК), сондай-ақ бірнеше рецепторлы ТК: KIT, дің жасушалары факторының рецепторы (SCF), протоонкогенімен кодталатын KIT, дискоидинді домені бар (DDR1 және DDR2) рецепторлар, колония стимуляциялайтын фактор рецепторы (CSF-1R), сондай-ақ тромбоциттердің өсу факторының альфа- және бета-рецепторлары (PDGFR-alpha және PDGFR-beta) күшті тежегіш әсер ететін протеин-тирозинкиназаның төмен молекулалы тежегіші болып табылады. Иматиниб сондай-ақ осы рецепторлық киназалардың белсенділенуі арқылы жасушалық реакцияларды тежеуі мүмкін.

Миелодисплазиялық/миелопролиферациялық аурулардың, гиперэозинофильді синдромның, созылмалы эозинофильді лейкоздың және бұдырлы дерматофибросаркоманың патогенезінде, әртүрлі серіктес-ақуыздармен қосылуы салдарынан немесе реттелмейтін PDGFR экспрессиясы салдарынан, PDGFR немесе Abl протеинді тирозинкиназалардың реттелмейтін белсенділенуі рөлін атқарады. Бұдан басқа, KIT немесе PDGFR реттелмейтін белсенділенуі жүйелік мастоцитоздың түзілуінде рөл атқарады. Иматиниб дабыл жолдарын және бақыланбайтын PDGFR, KIT және Abl рецепторларының киназалары белсенділігінен туындаған жасушалардың пролиферациясын бөгейді.

Қолданылуы

  • ересектерде және балаларда филадельфиялық хромосомасы бар созылмалы миелоидты лейкоз (Ph+ ХМЛ) алғаш диагностикаланғанда (педиатрияда қолдану үшін «Қолдану тәсілі және дозалары» бөлімімен танысыңыз)

  • ересектер мен балаларда альфа интерферонмен сәтсіз емнен кейінгі созылмалы фазадағы немесе акселерация фазасындағы Ph+ СМЛ-де, немесе бластты кризде (педиатрияда қолдану үшін «Қолдану тәсілі және дозалары» бөлімімен танысыңыз)

  • ересектерде және балаларда филадельфиялық хромосомасы бар жедел лейкобластты лейкоз (Ph+ ЖЛЛ) алғаш диагностикаланғанда химиотерапия құрамында

  • ересек пациенттерде қайталанатын немесе рефрактерлі Ph+ ЖЛЛ (монотерапия ретінде)

  • ересек пациенттерде тромбоцитарлық өсу факторы рецепторының (PDGFR) белсенділенуімен байланысты миелодисплазиялық/миелопролиферациялық ауруларда

  • ересек пациенттерде D816V c-Kit мутациясынсыз немесе c-Kit мутациясы статусы анықталмаған жүйелік мастоцитозда

  • ересек пациенттердегі гиперэозинофильді синдромда және/немесе созылмалы эозинофильді лейкозда

  • ересек пациенттерде асқазан-ішек жолының Kit+ (CD117) операция жасауға келмейтін және/немесе метастаздық қатерлі стромальді ісіктерінде

  • ересек пациенттерде АІЖ Kit-позитивті стромальді ісігі резекциясынан кейін адъювантты ем жүргізгенде

  • ересек пациенттердегі операция жасауға келмейтін, рекуррентті және/немесе метастаздайтын бұдырлы дерматофибросаркомада (БДФС)

Қолдану тәсілі және дозалары

Редивек® препаратын онкологиялық гематологиялық аурулардан және, тиісті жағдайларда, қатерлі саркомалардан зардап шегіп жүрген пациенттерді емдеу тәжірибесі бар дәрігер ғана тағайындайды.

Тағайындалған дозаны ішке тамақпен бірге, асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулардың туындау қаупін барынша азайту мақсатында, судың мол мөлшерімен ішіп қабылдаған жөн. 400 мг немесе 600 мг дозаларды тәулігіне бір рет қабылдау керек. Тәуліктік 800 мг дозаны таңертеңгі және кешкі екі қабылдауға (400 мг-ден) бөлген жөн.

Таблетканы жұта алмайтын пациенттер (соның ішінде балалар да) үшін, оны стакан суда немесе алма шырынында ерітуге болады. Таблетканың қажетті санын сұйықтықтың тиісті көлеміне салады (100 мг таблеткасы үшін 50 мл-ге жуық және 400 мг таблеткасы үшін 200 мл) және араластырады. Суспензия дайындалып болуы бойына қабылдануы тиіс.

Емдеуді препарат оң әсерін тигізгенше жалғастырған жөн.

Ph + СМЛ бар науқастарда Редивек® препаратымен емдеуге мониторинг үнемі жүргізілуі тиіс және, егер ем өзгерсе, онда оңтайлы болмаған емнің себептерін, емге жауаптың жоғалуын, пациенттің дозалау режимін дұрыс орындамағанын немесе препараттардың ықтимал өзара әрекеттесуін анықтау қажет. Мониторинг нәтижелерін анықтаған кезде СМЛ-дің тиісінше бақылануын басшылыққа алған жөн.

Созылмалы миелолейкозда Редивек® препаратының ұсынылған дозасы ересек пациенттер үшін тәулігіне 400 мг құрайды, ал акселерация немесе бластты криз фазасындағы СМЛ бар пациенттер үшін доза тәулігіне 600 мг құрайды. Келесі жағдайларда: ауру өршігенде (кез келген сатысында), ең кемінде 3 ай емдегенде қанағаттанарлықтай гематологиялық реакцияға қол жеткізу мүмкін болмағанда, 12 ай емдегенде цитогенетикалық жауап реакциясына қол жеткізу мүмкін болмағанда, бұрын қол жеткізілген гематологиялық және/немесе цитогенетикалық жауап реакциясы жоғалғанда дәрілік препаратқа ауыр жағымсыз реакциялар және ауыр лейкемиялық емес нейтропениялар немесе тромбоцитопениялар жоқ болғанда, созылмалы фазадағы аурудан зардап шегіп жүрген пациенттерде дозаны 400 мг-ден 600 мг-ге дейін немесе 800 мг-ге дейін, немесе акселерация немесе бластты криз фазасындағы пациенттерде күніне 600 мг-ден 800 мг-ге дейін арттыруды қарастыруға болады.

Ph+ ОЛЛ кезінде дозалануы

Ph+ ЖЛЛ-ден зардап шегіп жүрген ересек пациенттер үшін Редивек® препаратының ұсынылатын дозасы тәулігіне 600 мг құрайды.

Миелодисплазиялық/миелопролиферациялық ауруларда дозалануы

Ересек пациенттер үшін Редивек® препаратының ұсынылатын дозасы тәулігіне 400 мг құрайды.

Жүйелік мастоцитозда (ЖМ) дозалануы

D816V KIT мутациясыз жүйелік мастоцитоздан зардап шегіп жүрген, сондай-ақ осы мутация статусы анықталмаған немесе басқа емдік дәрілерді қолданған кезде қанағаттанарлық жауапқа қол жеткізу мүмкін болмаған ересек пациенттер үшін Редивек® препаратының ұсынылатын дозасы тәулігіне 400 мг құрайды.

Эозинофилиямен астасқан жүйелік мастоцитоздан зардап шегіп жүрген пациенттерді емдеу үшін, егер клональді гематологиялық патология FIP1L1-PDGFR-альфакиназалар синтезімен байланысты болса, тәулігіне бастапқы 100 мг дозаны пайдалану ұсынылады. Егер баға беру нәтижелері бойынша емдеуге жауап реакциясы жеткіліксіз болса, мұндай пациенттерде дәрілік препаратқа жағымсыз реакциялар болмағанда дозаны 100 мг-ден 400 мг-ге дейін арттыруға болады.

Гиперэозинофильді синдромда және/немесе созылмалы эозинофильді лейкозда (ГЭС/СЭЛ) дозалануы

ГЭС/СЭЛ-ден зардап шегіп жүрген ересек пациенттер үшін Редивек® препаратының ұсынылатын дозасы тәулігіне 400 мг құрайды.

ГЭС/СЭЛ-ден зардап шегіп жүрген, FIP1L1-PDGFR-альфакиназалар белсенділігінің деңгейі жоғарылаған пациенттер үшін ұсынылатын бастапқы доза тәулігіне 100 мг құрайды. Егер баға беру нәтижесі бойынша емдеуге жауап реакция жеткіліксіз болса, мұндай пациенттерде дәрілік препаратқа жағымсыз реакциялар болмағанда дозаны 100 мг-ден 400 мг-ге дейін арттыруға болады.

АІЖ стромальді ісіктерінде дозалануы

АІЖ операция жасауға келмейтін және/немесе метастаздық қатерлі стромальді ісігі бар пациенттерді емдеу үшін Редивек® препаратының ұсынылатын дозасы тәулігіне 400 мг құрайды.

Егер баға беру нәтижелері бойынша емдеуге жауап реакциясы жеткіліксіз болса, мұндай пациенттерде дәрілік препаратқа жағымсыз реакциялар болмағанда дозаны 400 мг-ден 600 мг-ге немесе 800 мг-ге дейін арттыруға болады.

АІЖ стромальді ісігі резекциясынан кейін ересек пациенттерді адъювантты емдеу үшін Редивек® препаратының ұсынылатын дозасы тәулігіне 400 мг құрайды. Емдеудің ұсынылатын ең төмен ұзақтығы 36 айды құрайды. Адъювантты ем жүргізгенде Редивек® препаратын қолданудың оңтайлы ұзақтығы жөнінде деректер алынған жоқ.

БДФС кезінде дозалануы

БДФС-тен зардап шегіп жүрген ересек пациенттер үшін Редивек® препаратының ұсынылатын дозасы тәулігіне 800 мг құрайды.

Дәрілік препаратқа жағымсыз реакция дамыған кезде дозаны түзету

Дәрілік препаратқа гематологиялық емес жағымсыз реакциялар

Гематологиялық емес ауыр жағымсыз реакциялар пайда болған жағдайда Редивек® препаратымен емдеуді науқастың жағдайы жақсарғанша тоқтата тұру қажет. Әрі қарай емдеу бұдан бұрынғы дозада байқалған жағымсыз әсерлердің ауырлығын ескере отырып, ұзартылуы мүмкін.

Билирубин деңгейі қалыптың жоғары шегінен 3 есе жоғарыға артқанда немесе бауырлық трансаминазалар деңгейі 5 еседен астамға жоғарылағанда Редивек® препаратын қабылдауды билирубин концентрацияларының деңгейі қалыптың жоғары шегінен 1,5 еседен азырақ асатын деңгейге төмендегенше, ал трансаминазалар қалыптың жоғары шегінен 2,5 еседен азырақ асатын деңгейге төмендегенше тоқтата тұрған жөн. Редивек® препаратымен емдеу төмендетілген тәуліктік дозаларда жалғастырылуы мүмкін. Ересектер үшін дозаны тәулігіне 400-ден 300 мг-ге дейін немесе тәулігіне 600-ден 400 мг-ге дейін, ал балалар үшін тәулігіне 340-ден 260 мг/м2-ге дейін төмендету керек.

Дәрілік препаратқа гематологиялық жағымсыз реакциялар

Айқын нейтропения және тромбоцитопения дамыған кезде төменде 1 кестеде көрсетілгендей препарат дозасын азайту немесе емдеуді тоқтату ұсынылады.

1 кесте. Нейтропенияда және тромбоцитопенияда дозаларды түзету

Эозинофилиямен және ГЭС/СЭЛ-мен FIP1L1-PDGFR-альфа киназа синтезімен астасқан ЖМ (бастапқы доза — 100 мг)

Нейтрофилдердің абсолюттік саныАС) < 1,0x109/л және/немесе тромбоциттер < 50x109/л

1.

Редивек® препаратымен емдеуді НАС деңгейі ≥1,5x109/л және тромбоциттер ≥75x109/л жеткенге дейін тоқтата тұру керек.

2.

Редивек® препаратымен емдеуді бұдан бұрынғы дозада (яғни ауыр жағымсыз реакция дамығанға дейін қолданылған дозада) қайта жаңғырту керек.

СМЛ, МДА/МПА, ГЭС/СЭЛ және СОЖКТ созылмалы фазасы (бастапқы доза – 400 мг)

Нейтрофилдердің абсолюттік саныАС) < 1,0x109/л және/немесе тромбоциттер < 50x109/л

1.

Редивек® препаратымен емдеуді НАС деңгейі ≥1,5x109/л және тромбоциттер ≥75x109/л жеткенге дейін тоқтата тұру керек.

2.

Редивек® препаратымен емдеуді бұдан бұрынғы дозада (яғни ауыр жағымсыз реакция дамығанға дейін қолданылған дозада) қайта жаңғырту керек.

3.

НАС <1,0 x109/л және/немесе тромбоциттер <50x109/л қайталанған жағдайда 1 қадамды қайталау және Редивек® препаратымен емдеуді өте төменірек 300 мг дозада қайта жаңғырту керек.

Созылмалы фазадағы СМЛ-ден зардап шегіп жүрген балалар (340 мг/м2 доза)

Нейтрофилдердің абсолюттік саныАС) < 1,0x109/л және/немесе тромбоциттер < 50x109/л

1.

Редивек® препаратымен емдеуді НАС деңгейі ≥1,5x109/л және тромбоциттер ≥75x109/л жеткенге дейін тоқтата тұру керек.

2.

Редивек® препаратымен емдеуді бұдан бұрынғы дозада (яғни ауыр жағымсыз реакция дамығанға дейін қолданылған дозада) қайта жаңғырту керек.

3.

НАС <1,0 x109/л және/немесе тромбоциттер <50x109/л қайталанған жағдайда 1 қадамды қайталау және Редивек® препаратымен емдеуді өте төменірек 260 мг/м2 дозада қайта жаңғырту керек.

Акселерация және бластты криз фазасындағы СМЛ, Ph+ ЖЛЛ (бастапқы доза — 600 мгс ересектерде немесе 340 мг/м2 балаларда)

aНейтрофилдердің абсолюттік саныАС) < 0,5x109/л және/немесе тромбоциттер < 10x109/л

1.

Цитопенияның лейкозбен байланысын тексеру керек (пункция немесе сүйек кемігінің биопсиясы).

2.

Егер цитопения лейкозбен байланысты болса, дозаны ересектерде 400 мгb дейін немесе балаларда 260 мг/м2 дейін азайту керек.

3.

Цитопения 2 апта бойы сақталған жағдайда, дозаны ересектерде 300 мгd дейін немесе балаларда 200 мг/м2 дейін азайту керек.

4.

Цитопения 4 апта бойы сақталса және бұрынғыша лейкозбен байланысты болмаса, Редивек® препаратымен емдеуді НАС деңгейі ≥1x109/л және тромбоциттер ≥20x109/л жеткенше тоқтата тұру керек, содан кейін ересектерде 300 мг дозадаd немесе балаларда 200 мг/м2 дозада жалғастыру керек.

БДФС (бастапқы доза 800 мг)

Нейтрофилдердің абсолюттік саныАС) < 1,0x109/л және/немесе тромбоциттер < 50x109/л

1.

Редивек® препаратымен емдеуді НАС деңгейі ≥1,5x109/л және тромбоциттер ≥75x109/л жеткенге дейін тоқтата тұру керек

2.

600 мг доза Редивек® препаратымен

Емдеуді қайта жаңғырту керек

3.

НАС <1,0 x109/л және/немесе тромбоциттер <50x109/л қайталанған жағдайда 1 қадамды қайталау және Редивек® препаратымен емдеуді өте төменірек 400 мг дозада қайта жаңғырту керек.

НАС = Нейтрофилдердің абсолюттік саныa емдеуді бастағаннан кейін шамамен 1 айдан соң туындайтын b немесе балаларда 260 мг/м2 c немесе балаларда 340 мг/м2 d немесе балаларда 200 мг/м2

Пациенттердің ерекше топтарында дозалануы:

Балалар

СМЛ-ден зардап шегіп жүрген 2 жастағы немесе Ph+ ЖЛЛ-ден зардап шегіп жүрген 1 жастан кіші балаларды емдеу үшін Редивек® препаратын қолдану жөнінде клиникалық тәжірибе жоқ. Басқа көрсетілімдер бойынша балаларды емдеу үшін Редивек® препаратын қолдану жөнінде тәжірибелер іс жүзінде жоқ.

Балаларды емдегенде препараттың дозасы дене бетінің ауданына (мг/м2) байланысты есептеледі. Созылмалы фазада немесе кешірек фазаларда СМЛ-ден зардап шегіп жүрген балаларды, сондай-ақ Ph+ ЖЛЛ-ден зардап шегіп жүрген балаларды емдеу үшін тәуліктік 340 мг/м2 дозаны пайдалану ұсынылады (мұндайда тәулігіне жиынтық 600 мг дозаны арттырмаған жөн). Препаратты СМЛ және Ph+ ЖЛЛ-де тәулігіне бір рет қолдануға болады. СМЛ-де баламалы қолдану ретінде тәуліктік дозаны екі қабылдауға – таңертең бір қабылдауға және кешке бір қабылдауға бөлуге болады.

Бауыр функциясы бұзылған пациенттер

Иматиниб негізінен бауырда метаболизденетін болғандықтан, бауыр функциясының аздаған, орташа немесе ауыр бұзылулары бар пациенттерге тәулігіне ең төмен ұсынылған 400 мг дозаны тағайындаған жөн. Жақпаған жағдайда дозаны азайтуға болады («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер

Иматиниб және оның метаболиттері бүйрек арқылы едәуір бөлініп шықпайды. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер немесе диализде жүрген пациенттерге препаратты ең төмен бастапқы 400 мг дозада тағайындайды. Сондықтан пациенттердің осы санаттарын емдеген кезде сақтық танытқан жөн. Жақпаған жағдайда препарат дозасын азайтуға болады. Жағымдылығы жақсы және тиімділігі жеткіліксіз болғанда дозаны арттыруға болады («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

Егде жастағы пациенттер

65 жастағы және одан үлкен пациенттердің 20%-ы қамтылған ересек пациенттердің қатысуымен жүргізілген клиникалық зерттеулерде жаспен байланысты препараттың фармакокинетикасындағы ерекшеліктер байқалған жоқ. Егде жастағы пациенттер үшін арнайы нұсқаулар қажет емес.

Жағымсыз әсерлері

Редивек® препаратының қауіпсіздігінің жалпы бейіні оны адамда емдеу үшін клиникада қолданғанда оны пайдалануға қатысты 12 жыл тәжірибе ішінде жақсы зерттелді. Препаратты клиникалық талдау барысында белгілі бір уақытта пациенттердің көбісінде дәрілік препаратқа жағымсыз реакциялар туындады. Өте жиі байқалатындары (>10%) нейтропения, тромбоцитопения, анемия, бас ауыру, диспепсия, ісінулер, дене салмағының артуы, жүректің айнуы, құсу, бұлшықет құрысулар, қаңқа-бұлшықет ауыруы, диарея, бөртпе, қатты қажығыштық және іштің ауыруы болды. Құбылыстар ауырлығы бойынша жеңіл және орташа болды, және пациенттердің тек 2 - 5%-да ғана препаратты қолданумен байланысты құбылыстары себебінен осы препаратпен емдеуден бас тартылды.

Редивек® препаратының қауіпсіздігін зерттеу нәтижелері Ph+ лейкозы бар ересек және педиатриялық пациенттерде ұқсас екендігін көрсетті.

Ph+ лейкозы бар пациенттерде және ауқымды ісіктері бар пациенттерде қауіпсіздік бейінінде Ph+ лейкоздарда миелосупрессияның өте жоғары жиілігі және ауырлығы бойынша, және АІЖ стромальді ісіктері бар пациенттерде асқазан-ішектік және ісікішілік қан кетулердің туындауында айырмашылықтары бар, бұл негізгі аурумен байланысты факторлардан болуы ықтимал. Екі популяцияда да пациенттерде миелосупрессия, АІЖ тарапынан жағымсыз құбылыстар, ісіну және бөртпе жиі туындайды. Асқазан-ішек жолының обструкциясы, тесілу және ойық жаралану сияқты АІЖ тарапынан басқа құбылыстар негізгі аурудың нәтижелері болып табылады. Редивек® препаратын қолданудан кейін байқалатын және осы препаратпен себептік байланысы бар болуы мүмкін басқа маңызды жағымсыз құбылыстар ретінде гепатоуыттылық, бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігі, гипофосфатемия, ауыр респираторлы жағымсыз реакциялар, ісік лизисі синдромы және балаларда өсудің кідіруі болып табылады.

Туындаған құбылыстардың ауырлығына байланысты препараттың дозасын түзету қажет етілуі мүмкін. Препаратқа туындаған жағымсыз реакциялар себебінен препарат қабылдауды тоқтату тек өте сирек жағдайларда ғана қажет болады.

Өте жиі (≥ 1/10)

  • нейтропения, тромбоцитопения, анемия

  • бас ауыру 2

  • жүректің айнуы, диарея, құсу, диспепсия, іштің ауыруы 6

  • периорбитальді ісіну, дерматит/экзема/бөртпе

  • бұлшықет спазмдары және құрысулар, бұлшықеттердің және сүйектердің ауыруы, соның ішінде миалгия, артралгия, сүйектердің ауыруы

  • сұйықтықтың іркілуі және ісінулер, қатты қажығыштық

  • дене салмағының артуы

Жиі (≥ 1/100, < 1/10)

  • панцитопения, фебрильді нейтропения

  • анорексия

  • ұйқысыздық

  • бас айналу, парестезиялар, дәм сезімінің бұзылуы, гипестезия

  • қабақтың ісінуі, көз жасы бөлінуінің ұлғаюы, конъюнктивке қан құйылу, конъюнктивит, көздің шырышты қабығының құрғауы, көрудің жіті болмауы

  • қан кернеулер, қан кетулер

  • ентігу, мұрыннан қан кету, жөтел

  • метеоризм, іштің кебуі, гастроэзофагеальді рефлюкс, іш қату, ауыздың кеберсуі, гастрит

  • бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы

  • қышыну, беттің ісінуі, терінің құрғауы, эритема, алопеция, түнгі тершеңдік, фотосезімталдық реакциясы

  • буындардың ісінуі

  • әлсіздік, қызба, анасарка, қалтырау, тремор

  • дене салмағының азаюы

Жиі емес (≥ 1/1000, < 1/100)

  • белдемелі герпес, қарапайым герпес, назофарингит, пневмония1, синусит, целлюлит, жоғары тыныс жолдарының инфекциялары, тұмау, несеп шығару жолдарының инфекциясы, гастроэнтерит, сепсис

  • тромбоцитемия, лимфопения, сүйек кемігі функциясының бәсеңдеуі, эозинофилия, лимфаденопатия

  • гипокалиемия, тәбеттің артуы, гипофосфатемия, тәбеттің төмендеуі, дегидратация, подагра, гиперурикемия, гиперкальциемия, гипергликемия, гипонатриемия

  • депрессия, либидоның нашарлауы, үрейлену

  • бас сақинасы, ұйқышылдық, естен тану, шеткері нейропатия, жадының бұзылулары, бел-құйымшақ радикулиті, «мазасыз аяқ» синдромы, тремор, геморрагиялық инсульт, мидың ісінуі*

  • көздің тітіркенуі, көздің ауыруы, орбиталық ісіну, склераға қан құйылу, көздің торқабығына қан құйылу, блефарит, макуланың ісінуі

  • вестибулярлы бас айналу, құлақтың шуылдауы, естуден айырылу

  • жүректің қатты қағуы, тахикардия, жүрек функциясының іркілген жеткіліксіздігі3, өкпенің ісінуі

  • гипертензия, гематома, субдуральді гематома, аяқ-қолдың мұздауы, гипотензия, Рейно синдромы, тромбоз/эмболия*

  • плевральды жалқық5, фаринголарингеальді ауыру, фарингит, жедел респираторлы жеткіліксіздік10*, өкпенің интерстициальді ауруы*

  • стоматит, ауыз қуысының ойық жарасы, асқазан-ішектік қан кету7, кекіру, мелена, эзофагит, асцит, асқазанның ойық жарасы, қан құсу, хейлит, дисфагия, панкреатит, ішек бітелісі/ішектің бітелуі*, ісіктер қан кету/ісік некрозы*, асқазан-ішек жолының перфорациясы11*

  • гипербилирубинемия, гепатит, сарғаю

  • пустулезді бөртпе, жабық жарақат, қатты тершеңдік, уртикарлы бөртпелер, экхимоз, қанталаулардың пайда болуына қатты бейімділік, гипотрихоз, тері гипопигментациясы, эксфолиативті дерматит, тырнақтардың сынуы, фолликулит, петехиялар, псориаз, пурпура, терінің гиперпигментациясы, буллезді бөрте,алақан-табанның эритродизэстезиясы синдромы*

  • буындардың және бұлшықеттердің қимылсыздығы

  • бүйрек тұсының ауыруы, гематурия, бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігі, несеп шығару жиілігінің артуы

  • гинекомастия, эректильді дисфункция, меноррагия, етеккір оралымының бұзылуы, сексуальді дисфункция, емізікшенің ауыруы, сүт безінің ұлғаюы, ұманың ісінуі

  • кеуде қуысының ауыруы, дімкәстік

  • қан креатинині деңгейінің жоғарылауы, қанда креатинфосфокиназа деңгейінің жоғарылауы, қанда лактатдегидрогеназа деңгейінің жоғарылауы, қанда сілтілік фосфатазаның жоғарылауы

Сирек (≥ 1/10 000, < 1/1000)

  • зеңдік инфекция

  • гемолиздік анемия

  • гиперкалиемия, гипомагниемия

  • сананың шатасу жағдайы

  • бассүйекішілік қысымның жоғарылауы, құрысулар, көру жүйкесінің невриті

  • катаракта, глаукома, көру жүйкесі дискісінің ісінуі, шыны тәріздес денеге қан құйылу*

  • аритмия, жүрекшелердің фибрилляциясы, жүректің тоқтап қалуы, миокард инфарктісі, стенокардия, перикардиальді жалқық, жүрек тампонадасы*

  • кеуде қуысында плевральді ауыруы, өкпе фиброзы, өкпе гипертензиясы, өкпелік қан кету

  • колит, ішек бітелісі, ішекте қабыну үдерістері, дивертикулит*, асқазанның антральді бөлігінің қантамырлық эктазиясы (GAVE)*

  • бауыр функциясының жеткіліксіздігі 9, бауыр некрозы9

  • жедел фебрильді нейтрофильді дерматоз (Свит синдромы), тырнақ түсінің өзгеруі, ангионевроздық ісіну, везикулярлы бөртпе, мультиформалы эритема, лейкоцитокластикалық васкулит, Стивенс-Джонсон синдромы, жайылған жедел экзантематозды пустулезді бөртпе (ЖЖЭПБ), лихеноидты кератоз*, қызыл жалпақ теміреткі*

  • бұлшықет әлсіздігі, артрит, асептикалық некроз/жамбас-сан буынының остеонекрозы*, рабдомиолиз/миопатия*

  • қан амилазаның деңгейінің жоғарылауы

  • ісік лизисі синдромы*

Өте сирек (<1/10 000)

  • анафилаксиялық шок*

  • уытты эпидермальді некролиз*

  • геморрагиялық сары дене/ана безінің геморрагиялық қистасы*

Жиілігі белгісіз

  • эозинофилиямен және жүйелік көріністермен қатар жүретін дәрілік тері реакциясы *

  • балаларда өсудің кідіруі*

  • В гепатиті вирусының реактивациясы

1 Пневмонияның дамуы әсіресе трансформацияланған СМЛ бар пациенттерде және асқазан-ішек жолының стромальді ісіктері (АІЖСІ) бар пациенттерде байқалды

2 Бас ауыру АІЖ стромальді ісіктерінен зардап шегіп жүрген пациенттер арасында өте жиі байқалды

3 Жылына пациенттегі анықтаулар негізінде жүрек тарапынан бұзылулар, соның ішінде жүрек функциясының іркілген жеткіліксіздігі, СМЛ-дің созылмалы фазасы бар пациенттерге қарағанда, трансформацияланған СМЛ бар пациенттерде көбірек байқалды.

4 Қан құйылудың сезілуі көбіне АІЖ стромальді ісіктері бар пациенттерде; қан кетулер (гематомалар, геморрагиялар) көбіне АІЖСІ және трансформацияланған СМЛ (СМЛ-AP және СМЛ-BC) бар пациенттерде байқалды.

5 Плевралық жалқық туралы АІЖ стромальді ісіктері бар пациенттерде және трансформацияланған СМЛ (СМЛ-AP және СМЛ-BC) бар пациенттерде, созылмалы фазадағы СМЛ бар пациенттерге қарағанда, жиі мәлімделді

6/7 Іштің ауыруы және асқазан-ішектік қан кету көбіне АІЖСІ бар пациенттерде байқалды

8 Бұлшықеттердің және сүйектердің ауыруы және осы тәріздес реакциялар СМЛ бар пациенттерде, АІЖСІ бар пациенттерге қарағанда, жиі байқалды

9 Бауыр функциясы жеткіліксіздігінің және өліммен аяқталатын бауыр некрозының бірнеше жағдайлары жөнінде мәлімделді

10 Аурудың терминальді сатысы, ауыр инфекциялары, айқын нейтропениясы және қатар жүретін басқа да күрделі аурулары бар пациенттерде өліммен аяқталу жағдайлары мәлімделді

11 АІЖ тесілуі пайда болған кезде бірнеше өліммен аяқталулар мәлімделді

* постмаркетингтік бақылауларда және Редивек® препаратына қосымша клиникалық зерттеулер жүргізген кезде дәрілік препаратқа байқалған жағымсыз реакциялар.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- белсенді затқа немесе препараттың кез келген басқа компонентіне жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Қан плазмасында иматинибтің концентрациясын арттыруы мүмкін белсенді заттар

Р450 цитохромының CYP3A4 изоферментін тежейтін заттар (мысалы, кетоконазол, итраконазол, эритромицин, кларитромицин) иматинибтің метаболизмін баяулатуы және қан плазмасында оның концентрациясын арттыруы мүмкін. Иматинибті кетоконазолдың (CYP3A4 тежегішін) бір реттік дозасымен бір мезгілде қабылдағанда дені сау еріктілерде иматинибтің экспозициясы едәуір артты (иматинибтің орташа Cmax және AUC, сәйкесінше, 26%-ға және 40%-ға артты). Редивек® препаратын CYP3A4 изоферменті тежегіштері препараттарымен біріктіріп қолданғанда сақтық таныту қажет.

Қан плазмасында иматинибтің концентрациясын төмендетуі мүмкін белсенді заттар

CYP3A4 изоферментінің индукторлары болып табылатын заттар (мысалы, дексаметазон, фенитоин, карбамазепин, рифампицин, фенобарбитал немесе шайқурай ретінде белгілі Hypericum perforatum) Редивек® препаратының экспозициясын едәуір төмендетіп, емдеудің жағымсыз аяқталу қаупін потенциалды түрде арттыруы мүмкін. Рифампициннің алдын ала 600 мг бірнеше дозасын қабылдап, кейіннен Редивек® препаратының бір реттік 400 мг дозасымен бірге қабылдау Cmax және AUC(0-∞) мәндерінің рифампицинді алдын ала қабылдаусыз алынған тиісті мәндерінен 54%-ға және 74%-ға төмендеуіне әкелді. Осыған ұқсас нәтижелер карбамазепин, окскарбазепин, фенитоин, фосфенитоин, фенобарбитал және примидон сияқты ферменттерді индукциялайтын эпилепсияға қарсы препараттарды (ФИЭҚП) қабылдау кезінде Редивек® препаратын қабылдаған, қатерлі глиомалары бар пациенттерде байқалды. Плазмадағы иматиниб AUC мәні, ФИЭҚП қабылдамаған пациенттермен салыстырғанда, 73%-ға төмендеді. CYP3A4 күшті индукторларын иматинибпен қатар қабылдауға жол бермеген жөн.

Қан плазмасындағы концентрациясы Редивек® препаратының әсерінен өзгеруі мүмкін белсенді заттар

Иматинибті және симвастатинді (CYP3A4 изоферментінің субстраты) бір мезгілде қолданғанда симвастатиннің Cmax және AUC мәндерінің, сәйкесінше, 2 және 3,5 есеге артқаны білінеді, бұл CYP3A4 изоферментінің иматинибпен тежелуінің салдары болып табылады. Редивек® препаратын және CYP3A4 изоферментінің субстраты болып табылатын және емдік концентрациясының ауқымы тар препараттарды (мысалы, циклоспорин, пимозид) бір мезгілде қолданғанда сақ болу ұсынылады. Редивек® препараты CYP3A4 изоферментімен метаболизденетін, қан плазмасындағы басқа препараттардың (мысалы, триазоло-бензодиазепиндердің, дигидропиридиннің, кальций өзектерінің блокаторларының, ГМГ-КоА-редуктазаның бірқатар тежегіштерінің, соның ішінде статиндердің және т.б.) концентрацияларын арттыруы мүмкін.

In vitro Редивек® препараты сондай-ақ CYP2C9 және CYP2C19 изоферментін тежейді. Варфаринмен біріктіріп қолданғаннан кейін протромбин уақытының ұзарғаны байқалды. Демек, кумариндерді тағайындаған кезде протромбин уақытына Редивек® препаратымен емдеуді бастағанда және оның соңында, сондай-ақ дозаны өзгерткен кезде қысқа мерзімдік мониторинг қажет. Балама ретінде төмен молекулалы гепаринді қолдануды қарастыруға болады.

In vitro Редивек® препараты P450 цитохромының CYP2D6 изоферментін CYP3A4 белсенділігіне ықпалын тигізетін концентрацияларда тежейді. Иматинибті 400 мг дозада тәулігіне екі рет қолданған кезде метопрололдың CYP2D6 арқылы метаболизміне тежегіш әсері және метопрололдың Cmax және AUC мәндерінің шамамен 23%-ға артқаны байқалады. Иматинибті метопролол сияқты CYP2D6 субстраттарымен бір мезгілде қабылдау, сірә, дәрілік өзара әрекеттесулер қаупінің факторлары болып табылмайды және дозалау режимін өзгерту керек емес.

In vitro Редивек® препараты Ki мәні 58,5 мкмоль/л болатын парацетамолдың О-глюкуронизациясын тежейді. Мұндай тежелу Редивек® 400 мг препаратын және 1000 мг парацетамолды қабылдағаннан кейін in vivo байқалған жоқ. Парацетамолды және Редивек® препаратын жоғары дозаларда қабылдау зерттелген жоқ.

Редивек® препаратының жоғары дозасын парацетамолмен бірге тағайындаған кезде сақтық танытқан жөн.

Тиреоидэктомияны бастан кешкен және левотироксин қабылдап жүрген пациенттерде қан плазмасындағы левотироксин мөлшері Редивек® препаратымен бір мезгілде қабылдаған кезде төмендеуі мүмкін, осыған байланысты сақтық таныту ұсынылады. Алайда бақыланған өзара әрекеттесу механизмі қазіргі таңда зерттелген жоқ.

Ph+ ОЛЛ бар пациенттерде химиотерапиялық препараттармен біріктіріп қолданудың клиникалық тәжірибесі бар, алайда иматинибтің және химиотерапияның дәрілік өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ. Иматинибтің жағымсыз әсерлері, соның ішінде гепатоуыттылық, миелосупрессиялар және т.б. күшеюі мүмкін. L-аспарагиназамен бір мезгілде қабылдау гепатоуыттылықтың ұлғаюын туындатуы мүмкін екендігі мәлімделді. Сондықтан Редивек® препаратын біріктіріп қабылдау арнайы сақтық шараларын қажет етеді.

Айрықша нұсқаулар

Редивек® препаратын басқа препараттармен біріктіріп қолданғанда дәрілік өзара әрекеттесудің потенциалы болады. Редивек® препаратын рифампицинмен немесе басқа да CYP3A4 күшті индукторларымен, кетоконазолмен, басқа да CYP3A4 күшті тежегіштерімен, емдік концентрацияларының ауқымы тар CYP3A4 субстраттарымен (мысалы, циклоспорин немесе пимозид) немесе емдік концентрацияларының ауқымы тар CYP2C9 субстраттарымен (мысалы, варфарин және басқа да кумарин туындылары) бірге қолданғанда сақ болған жөн («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз).

Гипотиреоз

Тиреоидэктомияны бастан кешкен және орнын басу емін қабылдап жүрген пациенттерде Редивек® препаратын қолдану аясында гипотиреоздың дамуы жөнінде мәліметтер бар болғандықтан, пациенттердің осы санатында тиреотропты гормон (ТТГ) деңгейін мұқият бақылау қажет.

Гепатоуыттылық

Бауыр функциясы (жеңіл, орташа немесе ауыр дәрежеде) бұзылған пациенттерде шеткері қан талдамасын және бауыр ферменттерінің деңгейін ұдайы бақылаған жөн.

Редивек® препаратын жоғары дозалардағы химиопрепараттармен біріктіріп емдегенде пациенттерде трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы және гипербилирубинемия түрінде бауыр функциясының транзиторлы бұзылуларының көрініс бергені білінді. Бұдан басқа, бауыр функциясының жедел жеткіліксіздігі жөнінде сирек мәлімдемелер болды. Редивек® препаратын сондай-ақ бауыр функциясының бұзылуын туындатуға қабілетті басқа химиотерапиялық режимдермен біріктіріп қолданған жағдайда бауыр функциясын үнемі бақылап отыру ұсынылады.

Сұйықтықтың іркілуі

Сұйықтықтың ауыр дәрежеде іркілу жағдайлары (плевралық жалқық, ісіну, өкпенің ісінуі, перитонеальді жалқық, шеткері ісіну) Редивек® препаратын қабылдап жүрген СМЛ алғаш байқалған пациенттердің шамамен 2,5%-да білінді. Сондықтан пациенттердің дене салмағын ұдайы бақылау ұсынылады. Салмақ күтпеген жерден тез артқан жағдайда науқасқа тексеру жүргізген және, қажет болса, тиісті демеуші шаралар қабылдаған жөн. Клиникалық зерттеулер барысында сұйықтықтың іркілуі дамуының өте үлкен жиілігі егде жастағы пациенттерде және анамнезінде жүрек-қантамыр аурулары бар пациенттерде білінеді.

Жүрек немесе бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер

Жүрек аурулары, жүрек функциясы жеткіліксіздігі туындауының қауіп факторлары, немесе бүйрек функциясының жеткіліксіздігі анамнезінде бар пациенттерді мұқият бақылаған жөн; жүрек немесе бүйрек функциясы жеткіліксіздігінің белгілері немесе симптомдары бар пациенттерді тексеру және ем тағайындау керек.

Миокардтағы ГЭС жасушаларының жасырын инфильтрациясымен бірге гиперэозинофилия синдромы (ГЭС) бар пациенттерде кардиогендік шоктың/сол жақ қарынша функциясының бұзылулары дамуының жекелеген жағдайлары Редивек® препаратымен емдеуді бастаумен байланысты болды. Жүйелік стероидтарды тағайындағанда, қан айналымын демеу жүйелерін пайдаланғанда және Редивек® препаратын қабылдауды уақытша тоқтатқанда мұндай жағдайлар қайтымды сипатта болды.

Миелодисплазиялық/миелопролиферациялық аурулар және жүйелік мастоцитоз эозинофилдердің жоғары деңгейімен қатар жүруі мүмкін. Сондықтан ГЭС/СЭЛ-ден зардап шегіп жүрген пациенттерде, сондай-ақ эозинофилдердің жоғары деңгейімен астасқан МДА/МПА немесе СМ-ден зардап шегіп жүрген пациенттерде ЭКГ-ні бақылаған және қан сарысуындағы тропонин деңгейін анықтаған жөн. Егер патологиялық өзгерулер білінсе, емдеудің бастапқы фазасы кезеңінде Редивек® препаратымен емдеумен қатар жүргізу ретінде 1-2 апта бойы жүйелік стероидтарды (1–2 мг/кг) профилактикалық қолдану ықтималдылығын қарастыру керек.

Асқазан-ішектік қан кетулер

Неоперабельді немесе метастаздық қатерлі АІЖСІ бар пациенттерде ІІІ фазадағы АІЖСІ жүргізілген зерттеулерде 211 пациентте (12,9%) кез келген жерге орныққан 3/4 дәрежедегі қан кетулер жөнінде мәлімделді. Операция жасауға келмейтін немесе метастаздық қатерлі АІЖСІ бар пациенттерде ІІІ фазадағы АІЖСІ жүргізілген зерттеулерде (зерттеу B2222) 8 пациентте (5,4%) асқазан-ішектік қан кетулер жөнінде және 4 пациентте (2,7%) ісіктің орныққан жеріндегі қан кетулер жөнінде мәлімделді. Ісіктік қан кетулер ісік ошақтарының анатомиялық орнығуына байланысты құрсақішілік немесе бауырішілік сипатта болды. Ісіктердің асқазан-ішек жолы шегінде орналасуы пациенттердің осы популяциясының ішінде асқазан-ішектік қан кетулер жөніндегі мәлімдемелерге мүмкіндік бере алады. Бұдан басқа, постмаркетингтік тәжірибеде СМЛ, ЖЛЛ және басқа да аурулары бар пациенттерде асқазанның антральді бөлігінің қантамырлық эктазиясы (GAVE), асқазан-ішектік қан кетулердің сирек себептері жөнінде мәлімделді. Демек, пациенттерді Редивек® препаратымен емдеудің басында және емдеу кезінде асқазан-ішектік симптомдардың бар-жоқтығы тұрғысында бақылау қажет. Қажет болған жағдайда, Редивек® препаратымен емдеу тоқтатылуы мүмкін («Жағымсыз әсерлері» бөлімін қараңыз).

Ісіктердің лизисі синдромы

Редивек® препаратын қабылдауды бастағанға дейін ісік лизисі синдромының ықтимал туындауына байланысты, клиникалық тұрғыдан маңызды сусыздануға және несеп қышқылының жоғары деңгейіне түзету жүргізу ұсынылады («Жағымсыз әсерлері» бөлімін қараңыз).

В гепатиті вирусының реактивациясы

В гепатиті вирусының тасымалдаушылары болып табылатын пациенттерде BCR-ABL препараттарымен, иматиниб сияқты тирозинкиназа тежегіштерімен емдеуден кейін осы вирустың реактивациясы болуы мүмкін. Кейбір жағдайларда осы кластың препараттарын қолданған кезде бауыр функциясының жедел жеткіліксіздігі немесе бауырды трансплатациялауға немесе өліммен аяқталуға әкелетін фульминантты гепатиттің дамуы байқалды.

Препаратпен емдеуді бастар алдында барлық пациенттерде В гепатиті вирусының бар-жоқтығын тексерген жөн. Қазіргі таңда препаратпен ем қабылдап жүрген пациенттерде осы қоздырғыштардың тасымалдаушыларын анықтау мақсатында В гепатиті вирусымен инфекцияланғанына-инфекцияланбағанына тексеру жүргізу керек. Серологиялық тестілеудің (соның ішінде белсенді инфекциялық үдерісте) оң нәтиже алған кезде, пациент препаратпен емделу алдында да, сонымен қатар қазіргі таңда препаратпен ем қабылдап жүрген пациенттер де гепатологтан және инфекциялық В гепатитін емдеу жөніндегі маманнан кеңес алғаны жөн.

В гепатиті вирусының тасымалдаушысы болып табылатын пациенттің жағдайы препаратпен емделу қажет болғанда препаратпен емделу кезінде де, сонымен қатар оны аяқтағаннан кейін бірнеше ай бойы белсенді инфекциялық үдерістің белгілері мен симптомдарының дамуы тұрғысында мұқият бақылануы керек.

Зертханалық тестілер

Редивек® препаратымен емдеу кезінде қанға толық талдауды ұдайы жүргізіп тұру қажет. СМЛ бар пациенттерді Редивек® препаратымен емдеу нейтропениямен немесе тромбоцитопениямен қатар жүргізілді. Алайда цитопениялардың туындауы, сірә, ем жүргізіліп жатқан ауру фазасына байланысты, және олар СМЛ созылмалы фазасындағы пациенттермен салыстырғанда, акселерация немесе СМЛ бластты криз фазасында жиі байқалады. Редивек® препаратымен емдеуді «Қолдану тәсілі және дозалары» бөліміндегі нұсқауларға сәйкес тоқтатуға немесе дозасын төмендетуге болады.

Редивек® препаратын қабылдап жүрген пациенттерде бауыр функциясын (трансаминазаны, билирубинді, сілтілік фосфатазаны) ұдайы бақылау қажет. «Қолдану тәсілі және дозалары, гематологиялық емес жағымсыз реакциялар» бөліміндегі нұсқауларға сәйкес зертханалық көрсеткіштердің қалыптан ауытқу деректері Редивек® препаратымен емдеуді тоқтату және/немесе дозасын азайту арқылы түзетілуі тиіс.

Редивек® препараты және оның метаболиттері бүйрек арқылы елеулі дәрежеде шығарылмайды. Креатинин клиренсі жаспен төмендемейтіні белгілі, мұндайда пациенттің жасы Редивек® препаратының фармакокинетикасына елеулі ықпал етпейді. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде, бүйрек функциясы қалыпты пациенттермен салыстырғанда, сірә, плазмадағы α-гликопротеиндер (иматинибпен байланыстыратын негізгі ақуыздар) концентрацияларының жоғарылауына байланысты, плазмада имитинибтің өте жоғары экспозициясы білінеді. Бүйрек функциясының жеңіл (креатинин клиренсі: 40-59мл/мин) және ауыр (креатинин клиренсі: <20мл/мин) жеткіліксіздігі бар пациенттерде иматиниб экспозициясы мен креатинин клиренсінің деңгейі бойынша жіктелген бүйрек функциясының жеткіліксіздігі арасында өзара байланыс жоқ. Алайда, «Қолдану тәсілі және дозалары» бөліміндегі нұсқауларға сәйкес, Редивек® препараты жақпаған кезде бастапқы доза азайтылуы мүмкін.

Бала пациенттер

Иматиниб қабылдаған балаларда және кіші жастағы жасөспірімдерде бойдың өсуінің кідіру жағдайлары жөнінде мәлімдемелер бар. Иматинибпен ұзақ уақыт емдеудің балалар үшін кейіннен болатын зардаптары белгісіз. Сондықтан иматиниб қабылдап жүрген балаларда өсуге мұқият бақылау жүргізу ұсынылады.

Бала туа алатын жастағы әйелдер, жүктілік, лактация кезеңі және фертильділік

Бала туа алатын жастағы әйелдер

Бала туа алатын жастағы әйелдер Редивек® препаратымен емделу кезінде контрацепцияның тиімді әдістерін қолданғандары жөн.

Жүктілік

Жүкті әйелдерге Редивек® препаратын қолдану жөнінде деректер қазіргі таңда жоқ. Редивек® препаратын қабылдаған әйелдерде өздігінен түсік және одан туған нәрестелерде туа біткен кемістік жағдайлары жөнінде мәлімделді. Редивек® препаратын жүктілік кезінде, тек күтілетін пайдасы шарана үшін қаупінен басым болған жағдайда ғана, тағайындаған жөн. Мұндай жағдайларда пациентке шарана үшін потенциалды қаупі жөнінде алдын ала ескерткен жөн.

Лактация кезеңі

Иматиниб және оның белсенді метаболиті ана сүтіне бөлініп шығады. Сүт-плазма арақатынасы иматиниб үшін 0,5 және метаболиті үшін 0,9 құрап, сүтке метаболиттің көп дәрежеде бөлініп шығатындығын көрсетеді. Иматинибтің және метаболиттің жалпы концентрациясын, сондай-ақ жаңа туған нәрестенің пайдаланатын сүтінің ең жоғары тәуліктік көлемін ескерсек, жиынтық экспозиция төмен (емдік дозаның ~10%-ы) болады деп күтіледі. Алайда иматинибтің төмен дозалы экспозициясының жаңа туған нәрестеге ықпалы белгісіз болғандықтан, Редивек® препаратын қабылдап жүрген әйелдер емшек емізуден бас тартқандары жөн.

Көлік құралын немесе потенциалды қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері

Пациенттер Редивек® препаратымен емделу кезінде бас айналу, көрудің жіті болмауы немесе ұйқышылдық түрінде жағымсыз реакциялардың пайда болуы мүмкін екендігінен хабардар етілуі тиіс. Сондықтан автокөлікті жәнесе басқа да механизмдерді басқарған кезде сақтық таныту ұсынылады.

Артық дозалануы

Симптомдары: 1200 мг-ден 1600 мг-ге дейінгі дозаны 10 күн бойы қабылдаған науқаста жүректің айнуы, құсу, диарея, бөртпе, эритема, ісіну, домбығу, бұлшықет спазмдары, тромбоцитопения, панцитопения, абдоминальді ауыру, бас ауыру, тәбеттің нашарлауы байқалды. 1800 мг-ден 3200 мг-ге дейінгі дозаларды 6 күн бойы қолданғанда әлсіздік, миалгия, креатинин деңгейінің жоғарылауы, билирубин көрсеткішінің жоғарылауы, АІЖ-да ауыру байқалды. 6400 мг (бір реттік доза) қолданғанда жүректің айнуы, құсу, абдоминальді ауыру, қызба, беттің ісінуі, нейтрофилдер санының азаюы, бауырлық трансаминазалардың жоғарылауы байқалды. 8 г-ден 10 г-ге дейінгі дозаны (бір реттік доза) қолданғанда құсу, АІЖ-да ауыру байқалды.

3 жастағы сәбиде артық дозалану (бір реттік доза 400 мг) жағдайы жөнінде мәлімделді, онда құсу, диарея және анорексия байқалған және басқа 3 жастағы сәби 980 мг қабылдап қойған, бұл ақ қан денешіктерінің азаюына және диареяға әкелген.

Емі: симптоматикалық ем жүргізу.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 капсуладан салынған.

100 мг доза үшін 1 (6 немесе 12) қаптама немесе пішінді 1 немесе 3 қаптама медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Dr. Reddy’s Laboratories Limited.», Үндістан

Тіркеу куәлігінің иесі

«Dr. Reddy’s Laboratories Limited.», Үндістан

Тұтынушылардан өнім сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын және тіркеуден кейін дәрілік заттың қауіпсіздігін бақылауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс жасау деректері

«Д-р Редди’с Лабораторис Лимитед» компаниясының Қазақстан Республикасындағы өкілдігі: 050057 Алматы қ., 22 линия к-сі, 45, 8 (727) 3941699;

8 (727) 3941689; 87017633805; факс: 3941294 (110)

Прикрепленные файлы

Редивек_400_рус.doc 0.16 кб
Редивек_400_каз.doc 0.21 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту