Регулакс® Пикосульфат

МНН: Натрия пикосульфат
Производитель: Кревель Мойзельбах ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Sodium picosulfate
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№012670
Информация о регистрации в РК: 01.10.2019 - бессрочно
Номер регистрации в РБ: 5442/02/07/12/17
Информация о регистрации в РБ: 04.10.2017 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)

Инструкция

Саудалық атауы

Регулакс® Пикосульфат

Халықаралық патенттелмеген атауы

Натрий пикосульфаты

Дәрілік түрі

Ішуге арналған тамшылар

Құрамы

100 мл препарат құрамында

белсенді зат – 0.750 г натрий пикосульфаты,

қосымша заттар: 70% сорбит ерітіндісі (кристалданбайтын), пропиленгликоль, тазартылған су.

Сипаттамасы

Тәтті, сәл қышқылтым дәмі бар, мөлдір, түссіз ерітінді

Фармакотерапиялық тобы

Іш жүргізгіш дәрілер. Жанаспалы іш жүргізгіштер. Натрий пикосульфаты.

АТХ коды А06АВ08

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Натрий пикосульфаты аш ішекте тек азғантай мөлшерлерде сіңіріледі. Күкірт қышқылының эфирлерін тоқ ішектегі бактериялар ыдыратқаннан кейін, бұдан алынған дифенолдық іш жүргізгіштер ішінара сіңеді және конъюгацияланғаннан кейін өтпен шығарылады. Болар-болмас бөлігі несеппен глюкуронидтер түрінде де шығарылады. Көп мөлшері нәжіспен бос дифенолдар және өзгеріссіз күйдегі пикосульфат түрінде шығарылады. Қан плазмасындағы деңгейі мен плазма ақуыздарымен байланысуы жөнінде ақпарат жоқ.

Фармакодинамикасы

Натрий пикосульфаты – триарилметандар тобының іш жүргізгіш препараты, ол тоқ ішектегі метаболизмінен кейін судың сіңуін тежейді және сол арқылы су мен электролиттердің шығарылуын арттырады. Бұл нәжіс тығыздығының төмендеуіне және үлкен дәрет көлемінің артуына, сондай-ақ перистальтика қозуына алып келеді.

Қолданылуы

Іш қатуы және дефекацияны жеңілдетуді қажет ететін аурулар кезінде қысқа мерзімді емдеу үшін.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішуге арналған.

Ұсынылатын дозасы (егер дәрігер басқаша тағайындамаса):

Ересектер мен жасөспірімдерге Регулакс® Пикосульфат препаратының 14 - 27 тамшысын қабылдау керек (5 - 10 мг натрий пикосульфатына сәйкес келеді).

4 жастағы және одан үлкен балаларға Регулакс® Пикосульфатты тек дәрігердің тағайындауы бойынша, 7 - 14 тамшы препараттан қабылдау керек (2,5 - 5 мг натрий пикосульфатына сәйкес келеді).

Кешкілік қабылдау ұсынылады, өйткені препараттың іш жүргізгіш әсері әдетте 10 – 12 сағаттан кейін басталады.

Қабылдау ұзақтығы:

Дәрігердің тағайындауынсыз Регулакс® Пикосульфат, ішуге арналған тамшыларды тек қысқа мерзімде ғана қолдану керек. Созылмалы іш қатуы кезінде дәрігерге хабарласу керек.

Жағымсыз әсерлері

Болуы мүмкін жағымсыз реакциялар:

Иммундық жүйе тарапынан

Белгісіз: аллергиялық реакциялар (соның ішінде тері реакциялары және терінің және/немесе шырышты қабықтың ісінуі (ангионевротикалық ісіну), мысалы, бет пен жұтқыншақ маңының ісінуі, тыныс тарылуы мүмкін).

Жүйке жүйесі тарапынан

Белгісіз: бас айналуы және естен тану.

Қолда бар ақпарат, бұл дімкәстанулардың дефекация кезіндегі ширығудың салдары немесе жүрек-қантамыр жүйесінің құрсақ қуысындағы ауыруға білдіретін реакциясы болып табылатынын көрсетеді.

Асқазан-ішек жолы тарапынан

Өте жиі: диарея,

Жиі: метеоризм, абдоминальді ауырулар немесе абдоминальді шаншулар,

Жиі емес: жүрек айнуы және құсу.

Регулакс® Пикосульфат, ішуге арналған тамшылар препаратын қысқа мерзімде қабылдау аясынан тыс кез-келген қолдану су мен электролиттердің (әсіресе, калийдің) жоғалтылуына және соған орай, ішек атониясының ушығуына алып келеді. Сондықтан, Регулакс® Пикосульфат, ішуге арналған тамшыларын тек қысқа мерзімде ғана қолдану керек.

Регулакс® Пикосульфат, ішуге арналған тамшылар препаратын ұзақ уақыт бойы қабылдау немесе жоғары дозаларын қолдану көбінесе судың, калий мен басқа да тұздардың организмнен шағарылуының артуымен қатар жүреді. Бұл әсіресе, несеп айдағыш дәрілермен немесе кортикостероидтармен бір мезгілде қабылдағанда жүрек функциясының бұзылуларына және бұлшықет әлсіздігіне алып келуі мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- әсер етуші затына, триарилметан туындыларына немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық

- ішектегі массалардың өтуінің бұзылуымен жүретін ішек саңылауының тарылуы, ішек бітелісі, жедел абдоминальді жағдайлар (мысалы, аппендицит)

- асқазан-ішек жолының жедел қабыну аурулары

- жүрек айнуымен және құсумен қатар жүретін жедел абдоминальді ауырулар, өйткені бұл симптомдар жоғарыда көрсетілген аурулардың көріністері болуы мүмкін

- организмнің айқын дегидратациясы

- 4 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Антибиотиктер (бактериялардың өсуін бәсеңдететін дәрілік заттар) Регулакс® Пикосульфат препаратының әсерін әлсіретуі немесе толығымен бейтараптандыруы мүмкін.

Регулакс® Пикосульфат калийдің үлкен дәретпен шығарылуын арттыруы мүмкін. Егер емделуші калийді организмнен шығаратын препараттарды, мысалы, кейбір диуретиктерді (несеп айдағыш дәрілер) және кортикостероидтарды (бүйрекүсті безі қыртысының гормондары), бір мезгілде қабылдап жүрсе, бұл жүрек функциясының бұзылуымен және бұлшықет әлсіздігімен гипокалиемияға алып келуі мүмкін.

Жүрек қызметін көтермелейтін жүрек гликозидтеріне сезімталдық артуы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Регулакс® Пикосульфат, ішуге арналған тамшыларын қабылдауда төмендегі жағдайларда ерекше сақтық қажет:

- 4 жастан асқан балаларда Регулакс® Пикосульфат, ішуге арналған тамшылары тек дәрігердің тағайындауымен ғана пайдаланылуы тиіс.

- Ұзақ уақыт бойы іштің қатуы болса, Регулакс® Пикосульфат, ішуге арналған тамшыларын қабылдауды бастағанға дейін дәрігермен кеңесу және тексеруден өту ұсынылады, өйткені үлкен дәреттің созылмалы бұзылыстары күрделі аурудың белгісі болуы мүмкін.

- Іш қатулар кезінде іш жүргізгіш дәрілерді қабылдау қысқа мерзімді болуы тиіс.

- Дәрі-дәрмекпен емдеу тамақтану стилі (балластты заттарға және клетчаткаға бай тағам, сондай-ақ сұйықтықтың жеткілікті мөлшерде пайдаланылуы) мен өмір салтын (мысалы, белсенді қозғалыс режимінің сақталуы) өзгертудің ұзақ мерзімді шаралары тиімсіз болғанда ғана қолданылады.

Іштің ауыруы, құсу және жоғары температура сияқты дімкәстанулармен қатар жүретін іш қатуы күрделі аурудың белгісі болуы мүмкін (ішектің бітелуі, құрсақ қуысында орналасқан ағзалардың жедел қабынуы). Мұндай шағымдар болса, Регулакс® Пикосульфат, ішуге арналған тамшыларын немес басқа дәрілік заттарды қолдануға болмайды, ал дәрігерге хабарласу керек.

Су-электролиттік теңгерім бұзылуларымен қатар жүретін аурулар кезінде (мысалы, бүйрек функциясының шектелуі), Регулакс® Пикосульфат, ішуге арналған тамшыларын тек дәрігердің қадағалауымен қолдануға болады.

Бұл дәрілік препараттың құрамында сорбит бар. Кейбір қанттар жағымды болмаса, Регулакс® Пикосульфат ішуге арналған тамшыларды қабылдауды бастардың алдында дәрігермен кеңесу керек.

Қант диабетімен науқастар үшін нұсқаулар:

Препарат қант диабеті бар науқастар үшін қолайлы. Препараттың құрамында қант алмастырғыш бар (1 мл 0,03 НБ сәйкес келеді (нан бірлігі).

Жүктілік және лактация

Натрий пикосульфатын жүктілік кезінде қолдану жөніндегі клиникалық мәліметтер жоқ. Натрий пикосульфатын жүктілік кезінде қолданудан бас тарту ұсынылады.

Зерттеулер әсер етуші затының емшек сүтіне өтпейтінін көрсеткен. Сондықтан Регулакс® Пикосульфат, ішуге арналған тамшыларын, бала емізу кезінде сақтықпен қолдануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Айрықша сақтық шаралары қажет емес.

Артық дозалануы

Жоғары дозаларын қабылдау диарея және іш тұсының ауыруына шағым туғызуы мүмкін.

Емі: симптоматикалық. Жедел артық дозаланған жағдайда қабылдағаннан кейін қысқа уақыт ішінде құстырып немесе асқазанды шайып препараттың сіңірілуін азайтуға немесе болдырмауға болады. Дәрігердің сұйықтық пен электролиттердің көп жоғалтылуының орнын толтыру жөніндегі нұсқауларына сәйкес шараларды қолдану керек. Кейбір жағдайларда спазмолитиктік дәрілерді қолдану маңызды болуы мүмкін.

Бұдан өзге, тоқ ішектің шырышты қабығының қанмен қамтылуы азайған немесе тоқтап қалған бірен-саран жағдайлар туралы хабарлар болған, ол кезде натрий пикосульфатының дозалары іш қатуларын емдеуге ұсынылған дозаларына қарағанда едәуір жоғары болған.

Ескерту:

Іш жүргізгіш дәрілердің, соның ішінде Регулакс® Пикосульфат, ішуге арналған тамшылар препаратының созылмалы артық дозалануы, созылмалы диареяға, абдоминальді ауыруларға, гипокалиемияға, салдарлы гиперальдостеронизмге және бүйректе тас жиналуына алып келетіні жалпыға белгілі. Іш жүргізгіш дәрілердің ұзақ уақыт бойы шамадан тыс қолданылуына байланысты, гипокалиемиядан болатын бүйрек өзекшелерінің зақымдануы, метаболизмдік алкалоз және бұлшықет әлсіздігі жағдайлары да сипатталған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

20 мл препараттан полиэтиленнен жасалған тік тамшылатқышы және полипропиленнен жасалған бұралатын қақпағы бар қоңыр шыныдан жасалған құтыларға құяды. Құтыға өздігінен желімденетін заттаңба жапсырылады.

1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салады.

Сақтау шарттары

25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Ашқан құтының қолдану кезеңі – 6 ай.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Кревель Мойзельбах ГмбХ

Кревельштрассе 2

D-53783 Айторф

Германия.

Тіркеу куәлігінің иесі

Кревель Мойзельбах ГмбХ, Германия.

 

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«КФК Медсервис Плюс» ЖШС

050004, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Мәметова к-сі, 54

Телефон/Факс: 8 (727) 279 98 21

E-mail: pharmanadzor@medservice.kz

 

Прикрепленные файлы

607360861477976726_ru.doc 61 кб
444476461477977884_kz.doc 75.5 кб
5442_02_07_12_17_p.pdf 0.4 кб
5442_02_07_12_17_s.pdf 0.38 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. «Центр экспертиз и испытаний в зд равоохранении» МЗ РБ