Регидрон Оптим

МНН: Декстроза, Калия хлорид, Натрия хлорид, Натрия цитрат
Производитель: Этновия Ой
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Регидратанты для приема внутрь
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№016345

Инструкция

Саудалық атауы

Регидрон Оптим

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ішке қабылдау үшін ерітінді дайындауға арналған 10,7 г ұнтақ

Құрамы

1 пакеттің ішінде

белсенді заттар: 0,750 г калий хлориді

1,300 г натрий хлориді

1,450 г натрий цитраты

6,750 г сусыз глюкоза,

қосымша заттар: калий ацесульфамы, лимон хош иістендіргіші.

Сипаттамасы

Лимонға тән иісі бар ақ немесе ашық-сары түсті кристалды ұнтақ

Фармакотерапиялық тобы

Диареяға қарсы препараттар. Көмірсу қосылған электролиттер. Ішке қабылдауға арналған регидратанттар.

АТХ коды А07СА

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Регидрон Оптим препаратының құрамына кіретін судың, электролиттердің және глюкозаның фармакокинетикасы организмдегі осы заттардың табиғи фармакокинетикасына сәйкес келеді.

Фармакодинамикасы

Регидрон Оптим препаратының ерітіндісінде ДДҰ ұсыныстарына сәйкес осмолярлығы төмен, ол 245 мОсм/л құрайды, рН – сілтілігі аз. Регидрон Оптим диарея мен құсу кезінде жоғалтқан электролиттерді және сұйықтықты реттеу үшін қолданылады. Глюкоза тұздардың сіңірілуіне ықпал етеді, цитраттар метаболизмдік ацидозда теңгерімді түзетуге көмектеседі.

Қолданылуы

- жеңіл және орташа сусызданумен байланысты жедел диареядағы оральді регидратацияда

  • сусызданудың алдын алуда

  • организмдегі сұйықтық пен электролиттердің орнын толтыруда

Қолдану тәсілі және дозалары

1 пакеттің ішіндегісін қайнатылған, бөлме температурасына дейін салқындатылған судың 0,5 литрінде ерітеді және ерітіндіні пероральді түрде қабылдайды.

Жеңіл және орташа сусыздануды емдеу (орнын алмастырушы ем):

Препарат дозасы пациенттің дене салмағына және сусыздану дәрежесіне байланысты және дене салмағының әр кг-на шаққанда 50-100 мл препарат ерітіндісін құрайды. Организмдегі сұйықтық тапшылығын жою үшін Регидрон Оптимді 4 сағат бойы қабылдаған жөн.

Егер орнын алмастырушы емді енгізгеннен кейін диарея симптомдары сақталса, Регидрон Оптим ерітіндісін қолдану демеуші ем ретінде жалғастырылады. Жеңіл және орташа сусыздану кезінде ересектер мен балаларға препаратты кестеде келтірілген деректерге сәйкес қабылдау керек:

Жасы

4 айдан төмен

4–11 ай

12-23 ай

2-4 жас

5-14 жас

15 жастан жоғары

Дене салмағы

5 кг-ден аз

5-7,9 кг

8-10,9 кг

11-15,9 кг

16-29,9 кг

30 кг-ден көп

Ерітінді мөлшері мл-де

200-400

400-600

600-800

800-1200

1200-2200

2200-4000

Жүрек айнығанда және құсқанда салқындатылған ерітіндіні азғана, қайталанатын дозамен қабылдаған дұрыс. Қажет болғанда алдымен ерітіндінің азғана мөлшерін (мысалы, шәй қасықты, еккішті немесе тостағанды пайдалана отырып) қолдану керек, дозаның жағымдылығына қарай біртіндеп арттыруға болады. Препаратты жедел енгізу қауіпсіз, бірақ көп мөлшерде енгізгенде құстыруы мүмкін. Орнын алмастыратын ем ретінде (алғашқы төрт сағатта), пациентке басқа ешқандай тағам беруге болмайды; алайда, бала емізуді сәбидің қалауы бойынша жалғастырған жөн (сондай-ақ орнын алмастырушы оральді ем кезінде де).

Регидрон Оптим препаратымен емдеген кезде басқа сұйықтықтарды қолдануға болады, бірақ құрамында қанты көп сұйықтықтардан аулақ болу қажет, өйткені қанттың жоғары концентрациясы диареяны күшейтуі мүмкін.

Қажет болғанда ерітіндіні дәрігердің қадағалауымен назогастральді зонд арқылы енгізуге болады.

Дегидратацияның профилактикасы (демеуші ем):

Организмнен сұйықтықтың жоғалуына жол бермеу үшін және демеуші ем ретінде өте төменірек дозаларды қолданады.

Регидрон Оптим препаратымен емді диареяның басында бастау қажет. Әдетте препаратты 3-4 күннен асырмай қабылдау керек, оны диарея аяқталғаннан кейін тоқтату қажет.

Препарат дозасы дене салмағына байланысты. Сусызданудың профилактикасы үшін доза дене салмағының 5-15 мл/кг құрайды:

  • дене салмағы 10 кг-ге дейінгі балалар: іштің сұйықтықтан әрбір босауынан кейін 50-100 мл препарат ерітіндісін;

  • дене салмағы 10 кг-ден жоғары ересектер мен балалар: іштің сұйықтықтан әрбір босауынан кейін 100-200 мл препарат ерітіндісін.

Регидрон Оптимді қолданғанда басқа сұйықтықтарды және тағамды қолдануға болады.

Жағымсыз әсерлері

  • құсу (үлкен дозада бір уақытта қабылдағанда)

  • бүйрек функциясы қалыпты пациенттерде гипернатриемияның немесе гипергидратацияның туындау ықтималдығы төмен

Ұсынылған дозаны ұстанған кезде жағымсыз реакциялардың пайда болуы екіталай.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препараттың қандай да бір компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

  • ауыр дегидратация

  • гиповолемиялық шок

  • гемодинамикалық шок

  • ішек бітелісі

  • кідіріссіз құсу

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Регидрон Оптим препаратының басқа препараттармен өзара әрекеттесуі жөнінде ақпарат жоқ. Препарат ерітіндісінің рН – сілтілігі аз, сондықтан сіңуі ішектегі рН-қа байланысты болатын дәрілік препараттарға әсер етуі мүмкін. Сондай-ақ дәрілік заттың сіңірілуі негізінен аш немесе тоқ ішекте сіңетін немесе олардың ішек-бауыр айналымында жүретін препараттар диарея кезінде өзгеріске ұшырауы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Емшек еметін жастағы балаларда жедел диарея сусыздануды және электролиттік бұзылыстарды туындатуы ықтимал, бұл емделушінің жай-күйінің тез нашарлауына әкелуі мүмкін. Емшек еметін жастағы балалардағы диарея мен дегидратацияның барлық жағдайлары жөнінде, мүмкіндігінше, тезірек дәрігерді хабардар ету керек.

Регидрон Оптим препаратымен қант диабеті бар науқастарды, бауыр немесе бүйрек аурулары бар пациенттерді, сондай-ақ натрий мен калийдің шектеулі мөлшерімен диета ұстанатын пациенттерді емдеген кезде сақ болу керек. Диабеті, бүйрек функциясының жеткіліксіздігі немесе кейбір созылмалы аурулары бар пациенттерде диарея сұйықтық пен глюкоза теңгеріміне елеулі ықпалын тигізуі мүмкін. Сондықтан диарея симптомдары әлі де сақталса, мұндай пациенттер зертханалық бақылау мен стационарлық жағдайда ауруханалық регидратациялық еммен бірге өте мұқият мониторингілеуді қажет етеді.

Регидрон Оптимді ішек жолы бітелісінде, олигоурия немесе анурия кезеңіндегі бүйрек функциясының жеткіліксіздігі жағдайында, парентеральді регидратациялық терапияда немесе басылмайтын құсуда абайлап қолданады.

Дәрігердің араласуын қажет ететін Регидрон Оптим препаратын қолданған кездегі жағдайлар:

- пациенттің психикалық жай-күйінің өзгеруі (ашушаңдық, апатия);

- қызба (39°С-ден жоғары температура);

- нәжісте қанның болуы;

- басылмайтын құсу;

- диарея 2 күннен астамға созылады;

- іштің қатты ауыруы.

Холера және басқа да қоздырғыштар әсерінен туындаған диареяны емдеген кезде аурумен байланысты шамадан тыс жоғалған тұздың орнын алмастыру үшін препараттағы тұз мөлшері жеткіліксіз болуы мүмкін.

Регидрон Оптим құрамында калий бар (0,5 л ерітіндіге 0,41 г), сондықтан бұған бүйрек функциясы төмендеген, калийді қолдану бақыланатын диетада жүрген пациенттер ерітіндіні қолданғанда көңіл бөлуі керек.

Регидрон Оптим құрамында глюкоза бар. Глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттер аталған препаратты қолданбағандары жөн.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жүктілік және бала емізу кезеңінде ұсынылған дозада қолдануға рұқсат етілген. Баланы емізуді қажетінше, тіпті пероральді регидратация барысында да жалғастыра беруге болады.

Көлік құралдарын және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері

Препарат көлік құралдарын басқару және басқа да механизмдермен жұмыс істеу кезінде реакция жылдамдығына ықпалын тигізбейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: Регидрон Оптим препаратының шамадан тыс мөлшерін немесе өте концентрациялы ерітіндісін енгізген кезде бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде гипернатриемия немесе гиперкалиемия дамуы мүмкін

Емі: симптоматикалық

Шығарылу түрі және қаптамасы

Ламинацияланған пакетте 10,7 г ұнтақтан: ішкі және сыртқы жағында қағаз жабыны, полиэтилен қабаты, алюминий қабаты және иономерлік жабыны бар.

Картон қорапқа 20 пакеттен медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге салынған.

Сақтау шарттары

15 оС-ден 25 оС-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Дайын ерітіндіні 2 оС-ден 8 ºС-ге дейінгі температурада 24 сағат бойы сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Этновия Ой,

Теолисуте 16, ФИ-60100, Сейнайоки, Финляндия

Тіркеу куәлігінің иесі

Орион Корпорейшн, Финляндия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөніндегі шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«ВИВА ФАРМ» ЖШС

2-ші Остроумов к-сі, 33, Алматы қ., ҚР

тел.: +7 (727) 383 74 63, факс: +7 (727) 383 74 56;

e-mail: рv@vivapharm.kz

Прикрепленные файлы

581761731477976220_ru.doc 61 кб
561530701477977479_kz.doc 72 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники