Ревит №100 (драже, Марбиофарм)

МНН: Аскорбиновая кислота, Ретинол, Рибофлавин, Тиамин
Производитель: Марбиофарм ОАО
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018969
Информация о регистрации в РК: 02.02.2018 - 02.02.2023

Инструкция

Саудалық атауы

Ревит

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Драже

Құрамы

Бір драженің құрамында

белсенді заттар: ретинол пальмитаты (А витамині-пальмитат) 0,00138 г (2500ХБ)

тиамин гидрохлориді 1 витамині) 0,001 г

рибофлавин (В2 витамині) 0,001 г

аскорбин қышқылы (С витамині) 0,035 г

қосымша заттар: бидай ұны, крахмал сірнесі, сахароза (қант), бұрышты жалбыз жапырақтарының майы, ара балауызы, күнбағыс майы, тальк.

Сипаттамасы

Тегіс беткейлі, пішіні шар тәріздес сары-қызғылт сары түсті драже.

Фармакотерапиялық тобы

Поливитаминдер.

АТХ коды А11ВА

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Поливитаминді препарат, әсер етуі оның құрамына кіретін витаминдердің қасиеттеріне негізделген.

Ретинол пальмитаты (А витамині) әр түрлі заттардың (ақуыздар, липидтер, мукополисахаридтер) синтезіне қатысады және терінің, шырышты қабықтың, сондай-ақ көру мүшелерінің қалыпты қызметін қамтамасыз етеді.

Тиамин гидрохлориді (В1 витамині) жүрек қызметін қалыпқа келтіреді және жүйке жүйесінің қалыпты жұмыс істеуіне ықпал етеді.

Рибофлавин (В2 витамині) тіндердің, оның ішінде тері жасушаларының регенерациясына ықпал етеді.

Аскорбин қышқылы (С витамині) бірқатар биологиялық белсенді заттардың тотығуына, дәнекер тіндерде алмасуды, көмірсу алмасуын реттеуге, қан ұйығыштығына және тіндер регенерациясына қатысады, стероидты гормондардың түзілуін көтермелейді, қылтамырлар өткізгіштігін қалыпқа келтіреді. С витамині организмнің жұқпаларға төзімділігін жоғарылатады, қабыну реакцияларын төмендетеді.

Қолданылуы

Витаминге қажеттілігі жоғары болумен қатар жүретін жағдайларда профилактикалық дәрілік зат ретінде:

- мектеп жасындағы балалардың шамадан тыс шаршауында

- жоғары дене және жүйкелік-психикалық жүктемеде

- тәбет болмаған кезде және жүйесіз, толыққанды емес немесе біртекті тамақтануда

- өткерген аурулардан кейінгі сауығу кезеңінде

- организмнің жұқпалы және «суық тию» ауруларына төзімділігін жоғарылатуда

- жүктілік және лактация кезеңінде

Қолдану тәсілі және дозалары

Ревитті тамақтанудан кейін 10-15 минуттан соң ішке қабылдайды.

Ересектерге - 1 дражеден күніне 3 рет. 6-дан 15 жасқа дейінгі балаларға - 1 дражеден күніне 2-3 рет. Емдеу курсы 30 күн. Емдеу курсын дәрігердің ұсынымымен үзілістен (1-3 ай) кейін қайталауға болады. Жүктілік кезінде – күніне 1 драже.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- асқын сезімталдық, гипервитаминоз

- 6 жасқа дейінгі балалар.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Құрамында ретинол (А витамині) және В тобы витаминдері бар басқа поливитаминді дәрілік заттарды бір мезгілде қолдануға болмайды. Бұл осы витаминдердің артық дозалану қаупін тудырады.

С витамині сульфаниламидтердің әсері мен жағымсыз әсерлерін күшейтеді (оның ішінде несепте кристалдардың пайда болуы).

Айрықша нұсқаулар

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Деректер жоқ

Несептің сары түске боялуы мүмкін – бұл еш зиянсыз және препарат құрамында рибофлавиннің болуымен түсіндіріледі.

Ұсынылған тәуліктік дозаны арттыруға болмайды.

Артық дозалануы

Симптомдары: препараттың жағымсыз әсер ету симптомдарының күшеюі. Алғашқы жәрдем беру асқазан-ішек жолын шаю, белсенділендірілген көмірді қабылдау, симптоматикалық ем тағайындау болып табылады.

А гипервитаминозы. Симптомдары: диарея, көрудің бұзылуы, оссалгия, бас ауыруы, тәбеттің төмендеуі, алопеция, гастралгия, қатты қажу, құсу, анемия, гепатоспленомегалия, субпериостальді қан құйылу, сүйек эпифиздерінің мезгілінен бұрын жабылуы.

Емі: симптоматикалық, препаратты тоқтату.

Шығарылу түрі және қаптамасы

100 дражеден полимер материалдан жасалған банкіде. Полимер материалдан жасалған бір банкі медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Полимер материалдан жасалған банкілерді медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтардың бірдей санымен бірге гофрланған картоннан жасалған жәшіктерге салуға болады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

1 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Марбиофарм» ААҚ, Ресей Федерациясы

424006, Марий Эл Республикасы, Йошкар-Ола қ., К.Маркс к-сі, 121.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Марбиофарм» ААҚ, Ресей Федерациясы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Марбиофарм» ААҚ, Ресей Федерациясы

424006, Марий Эл Республикасы, Йошкар-Ола қ., К.Маркс к-сі, 121.

Тел.: (8362) 42-03-12, факс: (8362) 45-00-00

e-mail: marbiopharm@marbiopharm.ru

Прикрепленные файлы

824983931477977050_ru.doc 48 кб
332850131477978225_kz.doc 64.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники