Реагила (Cariprazine)

МНН: Карипразин (в виде карипразина гидрохлорида)
Производитель: Гедеон Рихтер ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Карипразин
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№024084
Информация о регистрации в РК: 23.11.2023 - 23.11.2033
Номер регистрации в РБ: 10735/19
Информация о регистрации в РБ: 04.07.2019 - 04.07.2024

Инструкция

Дәрілік затты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық

Реагила®

Препараттың саудалық атауы

Реагила®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Карипразин

Дәрілік түрі

Капсулалар, 1,5 мг, 3 мг, 4,5 мг, 6 мг

Құрамы

1,5 мг бір капсуланың құрамында:

белсенді зат 1,5 мг карипразин (1,635 мг карипразин гидрохлориді түрінде);

қосымша заттар: желатинделген крахмал (жүгері), магний стеараты;

қатты желатинді капсуланың құрамы

қақпағы: титанның қостотығы (Е171), желатин;

корпусы: титанның қостотығы (Е171), желатин;

қара түсті сияның құрамы: темірдің қара тотығы (Е172), шеллак, этанол (сусыз), тазартылған су, пропиленгликоль, изопропанол, бутанол, концентрацияланған аммиак ерітіндісі, калия гидроксиді.

3 мг бір капсуланың құрамында:

белсенді зат 3 мг карипразин (3,270 мг карипразин гидрохлориді түрінде);

қосымша заттар: желатинделген крахмал (жүгері), магний стеараты;

қатты желатинді капсуланың құрамы

қақпағы: керемет қызыл АС (Е129), жылтыр көк FCF (Е133), темірдің сары тотығы (Е172), титанның қостотығы (Е171), желатин;

корпусы: титанның қостотығы (Е171), желатин;

қара түсті сияның құрамы: темірдің қара тотығы (Е172), шеллак, этанол (сусыз), тазартылған су, пропиленгликоль, изопропанол, бутанол, концентрацияланған аммиак ерітіндісі, калия гидроксиді.

 

4,5 мг бір капсуланың құрамында:

белсенді зат 4,5 мг карипразин (4,905 мг карипразин гидрохлориді түрінде);

қосымша заттар: желатинделген крахмал (жүгері), магний стеараты;

қатты желатинді капсуланың құрамы

қақпағы: керемет қызыл АС (Е129), жылтыр көк FCF (Е133), темірдің сары тотығы (Е172), титанның қостотығы (Е171), желатин;

корпусы: керемет қызыл АС (Е129), жылтыр көк FCF (Е133), темірдің сары тотығы (Е172), титанның қостотығы (Е171), желатин;

ақ түсті сияның құрамы: фармацевтикалық глазурь [этанолда шеллак ерітіндісі], титанның қостотығы (E171), изопропанол, концентрацияланған аммиак ерітіндісі, бутанол, пропиленгликоль, симетикон.

 

6 мг бір капсуланың құрамында:

белсенді зат 6 мг карипразин (6,540 мг карипразин гидрохлориді түрінде);

қосымша заттар: желатинделген крахмал (жүгері), магний стеараты;

қатты желатинді капсуланың құрамы

қақпағы: керемет қызыл АС (Е129), жылтыр көк FCF (Е133), титанның қостотығы (Е171), желатин;

корпусы: титанның қостотығы (Е171), желатин;

қара түсті сия құрамы: темірдің қара тотығы (Е172), шеллак, этанол (сусыз), тазартылған су, пропиленгликоль, изопропанол, бутанол, концентрацияланған аммиак ерітіндісі, калий гидроксиді.

 

Сипатамасы

Ақ түсті мөлдір емес корпусы және ақ түсті мөлдір емес қақпағы бар, өлшемі №4, қара түсті «GR 1.5» деген жазуы бар қатты желатинді капсулалар.

Капсуланың ішіндегісі – ақ немесе сарғыш-ақ түсті ұнтақтар қоспасы (1,5 мг дозасы үшін).

 

Ақ түсті мөлдір емес корпусы және жасыл түсті мөлдір емес қақпағы бар, өлшемі №4, қара түсті «GR 3» деген жазуы бар қатты желатинді капсулалар.

Капсуланың ішіндегісі – ақ немесе сарғыш-ақ түсті ұнтақтар қоспасы (3 мг дозасы үшін).

 

Жасыл түсті мөлдір емес корпусы және жасыл түсті мөлдір емес қақпағы бар, өлшемі №4, ақ түсті «GR 4.5» деген жазуы бар қатты желатинді капсулалар.

Капсуланың ішіндегісі – ақ немесе сарғыш-ақ түсті ұнтақтар қоспасы (4,5 мг дозасы үшін).

 

Ақ түсті мөлдір емес корпусы және күлгін түсті мөлдір емес қақпағы бар, өлшемі №3, қара түсті «GR 6» деген жазуы бар қатты желатинді капсулалар.

Капсуланың ішіндегісі – ақ немесе сарғыш-ақ түсті ұнтақтар қоспасы (6 мг дозасы үшін).

 

Фармакотерапиялық тобы

Жүйке жүйесі. Психолептиктер. Антипсихотиктер. Басқа антипсихотиктер. Карипразин

АТХ коды N05AX15

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Карипразиннің, белсенділігі карипразинге ұқсас, фармакологиялық тұрғыдан белсенді екі метаболиті: дезметилкарипразин (DCAR) және дидезметилкарипразин (DDCAR) бар. Жалпы экспозициясы (карипразиннің және DCAR мен DDCAR метаболиттерінің жиынтығы) шамамен 1 апта қолданғаннан кейін тепе-тең жағдайдағы экспозицияның 50%-на жетеді, ал 3 аптадан кейін тепе-тең жағдайдағы экспозицияның 90%-на жеткізіледі. Тепе-тең жағдайда дидезметилкарипразиннің экспозициясы карипразиннің экспозициясынан шамамен 2–3 есе басым болады, ал дезметилкарипразиннің экспозициясы карипразиннің экспозициясының шамамен 30%-ын құрайды.

Сіңуі

Карипразиннің абсолюттік биожетімділігі белгісіз. Ішке қабылдаған кезде карипразин жақсы сіңеді. Препаратты көп реттік қабылдағанда шамамен 3–8 сағаттан соң қан плазмасындағы карипразиннің және негізгі белсенді метаболиттердің ең жоғары концентрациясы (Сmax) байқалады.

Карипразинді 1,5 мг дозада майлы тамақпен (900–1000 калория) бір реттік қабылдау карипразиннің Cmax немесе AUC («концентрация-уақыт» астындағы уақыт) мәндеріне маңызды ықпалын тигізген жоқ (тамақ ішкеннен кейін, ашқарынға қарағанда, AUC0-∞ 12%-ға артты, Cmax <5%-ға төмендеді). Тамақтың DCAR мен DDCAR экспозициясына ықпалы да өте төмен болды.

Карипразин тамақ ішуге қарамай-ақ қолданыла беруі мүмкін.

Таралуы

Популяциялық фармакокинетикалық талдау негізінде карипразиннің болжамды таралу көлемі (V/F) 916 л, DCAR – 475 л, DDCAR – 1568 л құрады, бұл карипразиннің және оның негізгі белсенді метаболиттерінің кеңінен таралғанын көрсетеді. Карипразин (CAR) және оның негізгі белсенді метаболиттері қан плазмасының ақуыздарымен жоғары дәрежеде байланысады (CAR үшін 96–97%, DCAR үшін 94–97%, DDCAR үшін 92–97%).

Биотрансформациясы

Карипразиннің метаболизмі деметилдену (DCAR және DDCAR), гидроксилирдену (гидроксикарипразин, HCAR) және деметилдену мен гидроксилденудің біріктірілімі (гидроксидезметилкарипразин, HDCAR, және гидроксидидезметилкарипразин, HDDCAR) арқылы жүзеге асырылады. HCAR, HDCAR және HDDCAR метаболиттері ақырында сульфатпен және глюкуронидпен сәйкесінше конъюгттарға трансформацияланады. Тағы бір метаболит, дездихлорофенилпиперазинкарипразин қышқылы (DDCPPCAR), карипразиннің деалкилирленуі және кейіннен тотығуы жолымен түзіледі.

Карипразин CYP3A4 изоферментімен, аз дәрежеде, CYP2D6 изоферментімен DCAR және HCAR метаболиттеріне дейін метаболизденеді. DCAR әрі қарай CYP3A4 изоферментінің және, аз дәрежеде, CYP2D6 изоферментімен DDCAR және HDCAR метаболиттеріне трансформацияланады. DDCAR әрі қарай CYP3A4 изоферментімен HDDCAR дейін метаболизденеді.

Карипразин және оның негізгі белсенді метаболиттері Р-гликопротеиннің (P-gp), органикалық аниондардың тасымалдаушы 1B1 және 1B3 полипептидтерінің (OATP1B1 және OATP1B3) және сүт бездері обыры резистентті ақуыздарының (BCRP) субстраттары болып табылмайды. Бұл, демек, P-gp, OATP1B1, OATP1B3 және BCRP тежегіштерімен өзара әрекеттесуінің екіталай екендігін көрсетеді.

Шығарылуы

Карипразин және оның негізгі белсенді метаболиттері көбіне бауырлық метаболизм арқылы шығарылады. Шизофрениясы бар пациенттерде карипразинді тәулігіне 12,5 мг дозада қабылдағаннан кейін дозаның 20,8%-ы бүйрек арқылы карипразин және оның метаболиттері түрінде шығарылады.

Карипразиннің 1,2% дозасы өзгермеген күйінде бүйрек арқылы, 3,7%-ы ішек арқылы шығарылады.

Орташа ақырғы жартылай шығарылу кезеңі (карипразин және дезметилкарипразин үшін 1-ден 3 тәулікке дейін және дидезметилкарипразин үшін 13-тен 19 тәулікке дейін) емдеуді тоқтатқаннан кейін тепе-тең жағдайға және қан плазмасындағы концентрацияның төмендеуіне жеткізілетін уақытты анықтаған жоқ. Пациенттерді карипразинмен емдеген кезде жартылай шығарылуының тиімді кезеңі, ақырғы жартылай шығарылу кезеңіне қарағанда, үлкен мәнге ие. Жартылай шығарылуының тиімді кезеңі карипразин және дезметилкарипразин үшін 2 тәулікті, дидезметилкарипразин үшін 8 тәулікті және жалпы тәулікті және жалпы карипразин үшін шамамен 1 аптаны құрайды. Қан плазмасындағы карипразиннің жалпы концентрациясы препарат қабылдауды тоқтатқаннан кейін немесе үзілісінен кейін біртіндеп төмендейді. Қан плазмасындағы жалпы карипразиннің концентрациясы шамамен 1 аптадан соң 50%-ға және қабылдауды тоқтатқаннан кейін шамамен 3 аптадан соң 90%-ға төмендейді.

Дозаға тәуелділігі

Көп реттік қабылдағанда карипразиннің және оның негізгі белсенді екі метаболитінің – дезметилкарипразиннің және дидезметилкарипразиннің қан плазмасындағы экспозициясы 1,5-тен 6 мг-ге дейінгі емдік дозаға пропорционалды түрде артады.

Пациенттердің ерекше топтарындағы фармакокинетикасы

Бүйрек функциясының бұзылуы

Карипразиннің қан плазмасындағы клиренсі мен креатинин клиренсі арасында маңызды байланыс байқалған жоқ.

Бүйрек функциясының ауыр бұзылулары бар (КК < 30 мл/мин) пациенттерде карипразинді қолдану зерттелген жоқ.

Бауыр функциясының бұзылуы

Бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар (Чайлд-Пью бойынша С класы) пациенттерде карипразинді қолдану зерттелген жоқ.

Жасы, жынысы және нәсілі

Фармакокинетикалық көрсеткіштерінде (карипразиннің және оның негізгі белсенді метаболиттерінің AUC және Cmax жиынтығы) жасқа, жынысқа және нәсілге тәуелді клиникалық тұрғыдан маңызды айырмашылықтар байқалған жоқ. Карипразинді 65 жастан асқан пациенттерде қолдану жөнінде деректер жеткіліксіз.

Темекі тарту

Карипразин CYP1A2 изоферментінің субстраты болып табылмайды, сондықтан темекі тарту карипразиннің фармакокинетикасына ықпалын тигізеді деп күтілмейді.

 

Фармакодинамикасы

Әсер ету механизмі

Карипразиннің әсер ету механизмі толық белгілі емес. Дегенмен, карипразиннің емдік әсері D3-, D2-дофаминді рецепторларға (Ki шамасы 0,49-0,71 нмоль/л-мен салыстырғанда, 0,085-0,3 нмоль/л) және 5-HT1A-серотониндік рецепторларға (Ki шамасы 1,4–2,6 нмоль/л) қатысты ішінара агонизмінің және 5-HT2B-ға және 5-HT2A-серотониндік рецепторларға және Н1-гистаминдік рецепторларға (Ki мәндері, сәйкесінше, 0,58–1,1 нмоль/л, 18,8 нмоль/л және 23,3 нмоль/л) қатысты антагонизмінің біріктірілімімен қамтамасыз етіледі деп болжам жасалады. Карипразин 5-НТ2С-серотониндік және альфа1-адренорецепторларға (Ki мәндері, сәйкесінше, 134 нмоль/л және 155 нмоль/л) аффинділігі төмен. Карипразиннің мускариндік холинергиялық рецепторларға (ТК50 > 1000 нмоль/л) маңызды аффинділігі болмайды. Негізгі белсенді екі метаболит – дезметилкарипразиннің және дидезметилкарипразиннің бастапқы әсер етуші затпен бірге ұқсас рецепторлармен байланысу бейіні және функциональді белсенділігінің бейіні бар.

Фармакодинамикалық әсерлері

Карипразин фармакологиялық тиімді дозаларда D3-рецепторлармен D2-рецепторлардағы сияқты дәрежеде байланысады. Шизофрениясы бар пациенттерде емдік ауқымды дозаларда 15 тәулік ішінде карипразиннің мидың D3 және D2-дофаминдік рецепторларымен (көбіне D3-рецепторлары басым аймақтарда) дозаға тәуелді байланысуы байқалды.

Карипразиннің QT аралығына ықпалы шизофрениясы бар немесе шизотиімді бұзылыстары бар пациенттерде зерттелді. Препаратты тағайындағанға дейін және тепе-тең жағдайға жеткізуге қатысты пациенттерде 12 сағат ішінде ЭКГ-ні холтерлік мониторингтеу деректері алынды. Карипразинді емдік дозалардан асып кететін дозаларда (тәулігіне 9 мг немесе тәулігіне 18 мг) қолданғанда QT аралығының ұзаруы байқалған жоқ. Карипразин қабылдаған пациенттерде бастапқы көрсеткіштен QTc аралығының ≥ 60 мс ұзаруы да, QTc > 500 мс ұзаруы да тіркелген жоқ.

Қолданылуы

  • Ересек пациенттерде шизофренияны емдеу үшін.

Қолдану тәсілі және дозалары

Қолдану тәсілдері

Реагила® препараты, тамақ ішуге қарамай, тәулігіне бір рет белгілі бір уақытта ішке қабылданады.

Дозалары

Карипразиннің ұсынылатын бастапқы дозасы тәулігіне бір рет 1,5 мг құрайды. Әрі қарай қажет болса, дозаны тәулігіне 1,5 мг адыммен тәулігіне ең жоғары 6 мг дозаға дейін біртіндеп арттыруға болады.

Тиімді ең төмен дозаны клиникалық берілген бағалар негізінде емдеуді дәрігер белгілейді. Карипразиннің және оның белсенді метаболиттерінің жартылай шығарылу кезеңінің ұзақтығына байланысты дозаны өзгерту бірнеше апта ішінде қан плазмасындағы препараттың концентрациясына аздаған ықпалын тигізеді. Карипразинді қабылдауды бастағаннан кейін және дозаны әрбір өзгертуден кейін бірнеше апта ішінде жағымсыз реакцияларды және емдеуге пациенттің жауабын бақылау қажет.

Психозға қарсы басқа препараттардан карипразинге көшу

Психозға қарсы басқа препараттармен емдеуден карипразинмен емдеуге көшкен кезде карипразинді қабылдауды бір мезгілде бастағанда мұның алдындағы препараттың дозасын біртіндеп азайта отырып, біртіндеп айқаспалы титрлеуді жүргізу мүмкіндігін қарастырған жөн.

Карипразиннен психозға қарсы басқа препараттарға көшу

Карипразинмен емдеуден психозға қарсы басқа препараттармен емдеуге көшкен кезде біртіндеп айқаспалы титрлеу қажет болмайды, карипразин қабылдауды бір мезгілде тоқтатқан кезде психозға қарсы жаңа препаратты ең төмен дозадан қабылдауды бастау қажет. Қан плазмасында карипразиннің және оның белсенді метаболиттерінің концентрациясы 1 аптадан кейін 50%-ға төмендейтіндігін ескерген жөн.

Пациенттердің ерекше топтары

Егде жастағы пациенттер

65 жастағы және одан үлкен пациенттерде, жас пациенттермен салыстырғанда, емдеуге жауаптың айырмашылықтарын білу үшін карипразинді қолдану жөніндегі деректер жеткіліксіз. Егде жастағы пациенттерде дозаны таңдау үлкен сақтықпен жүргізілуі тиіс.

Бүйрек функциясының бұзылуы

Бүйрек функциясының жеңіл және орташа бұзылулары бар (креатинин клиренсі (КК) ≥30 мл/мин және <89 мл/мин) пациенттерде препарат дозасын түзету қажет емес. Бүйрек функциясының ауыр бұзылуы бар (КК <30 мл/мин) пациенттерде карипразиннің қауіпсіздігіне және тиімділігіне баға берілген жоқ. Карипразинді бүйрек функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерге қолдану ұсынылмаған.

Бауыр функциясының бұзылуы

Бауыр функциясының жеңіл және орташа бұзылулары бар (Чайлд-Пью бойынша 5–9 балл) пациенттерде препарат дозасын түзету қажет емес. Бауыр функциясының жеңіл және орташа бұзылулары бар (Чайлд-Пью бойынша 10–15 балл) пациенттерде карипразиннің қауіпсіздігіне және тиімділігіне баға берілген жоқ. Карипразинді бауыр функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерге қолдану ұсынылмаған.

Педиатриялық популяция

Карипразинді 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қолданудың қауіпсіздігі және тиімділігі анықталған жоқ. Деректер жоқ.

 

Жағымсыз әсерлері

Карипразинді 1,5–6 мг дозаларда қолданғанда өте жиі кездескен жағымсыз дәрілік реакциялар (ЖДР) акатизия (19%) және паркинсонизм (17,5%) болды. Жағымсыз құбылыстардың көбісі ауырлығы жеңіл немесе орташа дәрежеде болды.

Төменде шизофрения кезінде карипразинге жүргізілген зерттеулердің жинақталған деректерінің негізінде берілген жағымсыз реакциялар дұрыс қолдану терминдері бойынша және туындау жиілігіне сәйкес берілген.

Өте жиі (≥10%)

- акатизия2, паркинсонизм3.

 

Жиі (≥1% және <10%)

- дене слмағының артуы, тәбеттің төмендеуі, тәбеттің жоғарлауы, дислипидемия;

- ұйқының бұзылуы1, үрейлену;

- әлсіздік, бас айналу, дистония4, басқа да пирамидалық бұзылулар және қимыл-қозғалыс бұзылыстары5;

- көздің анық көрмеуі;

- тахиаритмия;

- артериялық қысымның жоғарылауы;

- жүректің айнуы, іш қату, құсу;

- «бауыр» ферменттері белсенділігінің жоғарылауы;

- қан сарысуында креатинфосфокиназа белсенділігінің жоғарылауы;

- қажығыштық.

 

Жиі емес (≥0,1% және <1%)

- анемия, эозинофилия;

- қандағы тиреотроптық гормон концентрациясының төмендеуі;

- қан сарысуындағы натрий мөлшерінің бұзылуы, қан сарысуындағы глюкоза концентрациясының жоғарылауы, қант диабеті;

- суицидтік мінез-құлық, делирий, депрессия, либидоның төмендеуі, либидоның жоғарылауы, эректильді дисфункция;

- летаргия, дизестезия, дискинезия6, кеш дискинезия, вертиго;

- көздің тітіркенуі, көзішілік қысымның жоғарылауы, аккомодацияның бұзылуы, көру өткірлігінің нашарлауы;

- жүрек өткізгіштігінің бұзылулары, брадиаритмия, ЭКГ-де QT аралығының ұзаруы, ЭКГ-де T толқынының бұзылуы, артериялық қысымның төмендеуі;

- ықылық, шөлдеу, гастроэзофагеальді рефлюкстік ауру, қанда билирубин мөлшерінің жоғарылауы;

- қышыну, бөртпе;

- дизурия, поллакиурия.

 

Сирек (≥0,01% және <0,1%)

- нейтропения;

- аса жоғары сезімталдық;

- гипотиреоидизм;

- құрысу ұстамалары/құрысулар, амнезия, афазия, фотофобия, катаракта;

- дисфагия;

- рабдомиолиз.

 

Жиілігі белгісіз

- қатерлі нейролептикалық синдром;

- уытты гепатит;

- жаңа туға нәрестелерде қабылдауды тоқтату синдромы.

 

1Ұйқының бұзылулары: ұйқысыздық, әдеттен тыс/шым-шытырық түс көрулер, ұйқының циркадтық ырғағының бұзылуы, диссомния, гиперсомния, ұйықтап кетудің бұзылуы, интрасомниялық бұзылыс, шым-шытырық түстер көру, ұйқының бұзылуы, сомнамбулизм, ерте ояну.

2Акатизия: акатизия, психомоторлы аса жоғары белсенділік, орнықсыздық.

3Паркинсонизм: акинезия, брадикинезия, брадифрения, «тісті дөңгелек» типті сіресушілік, экстрапирамидалық бұзылыстар, жүріс-тұрыс мәнерінің бұзылуы, гипокинезия, буындардың қимылсыздығы, тремор, бетперде тәріздес бет, бұлшықеттердің сіресуі, тірек-қимыл аппаратының қимылсыздығы, желке бұлшықетінің сіресуі, паркинсонизм.

4Дистония: блефароспазм, дистония, бұлшықеттердің ширығуы, оромандибулярлы дистония, қисықмойын, тризм.

5Басқа да экстрапирамидалық бұзылулар және қимыл-қозғалыс бұзылыстары: тепе-теңдіктің бұзылулары, бруксизм, сілекейдің шұбыруы, дизартрия, жүріс-тұрыстың орнықсыздығы, глабеллярлы рефлекстің бұзылуы, рефлекстердің нашарлауы, қимыл-қозғалыс бұзылыстары, «мазасыз аяқтар» синдромы, сілекейдің бөлініп шығуының ұлғаюы, тілді қозғалтудың бұзылуы.

6Дискинезия: хореоатетоз, дискинезия, беттің тыржиюы, окулогирлі криз, тіл протрузиясы.

 

Жекелеген жағымсыз реакциялардың сипаттамасы

Веналық тромбоэмболия (ВТЭ)

Психозға қарсы препараттарды қолданғанда, өкпе артерияларының тромбоэмболиясын және тереңдегі веналар тромбозын қоса, жиілігі анықталмаған веналық тромбоэмболия жағдайлары тіркелді.

 

Жағымсыз әсерлері жөнінде мәлімдемелер

Осы препаратқа жағымсыз дәрілік реакцияларға күдіктенулерді мәлімдеу қажет. Бұл осы дәрілік заттың «пайда/қаупі» арақатынасына мониторингті жалғастыруға мүмкіндік береді. Денсаулық сақтау саласының қызметкерлерінен жағымсыз реакцияларға қатысты күдіктенулерді ұлттық ақпарат жүйесін пайдаланып мәлімдеп отыруды өтінеміз.

 

Егер көрсетілген жағымсыз әсерлер өршісе, немесе Сіз нұсқаулықта көрсетілмеген басқа да кез келген жағымсыз әсерлерді байқасаңыз, мұны емдеуші дәрігерге мәлімдеңіз.

 

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • Препараттың әсер етуші затына немесе қандай да болсын қосымша компонентіне аса жоғары сезімталдық.

  • CYP3A4 изоферментінің күшті немесе орташа тежегіштерін бір мезгілде қабылдау.

  • CYP3A4 изоферментінің күшті немесе орташа индукторларын бір мезгілде қабылдау.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік препараттардың карипразинге ықпал ету қабілеті

Карипразиннің және оның негізгі белсенді метаболиттері дезметилкарипразиннің және дидезметилкарипразиннің метаболизмі көбіне CYP3A4 изоферменті және аз дәрежеде CYP2D6 изоферменті арқылы жүреді.

CYP3A4 изоферментінің тежегіштері

Кетоконазолды, CYP3A4 изоферментінің күшті тежегішін карипразинмен бір мезгілде қысқа мерзімдік (4 күн) қолданғанда қан плазмасында карипразиннің (карипразиннің және оның белсенді метаболиттерінің) жалпы экспозициясының, тек байланыспаған заттар немесе байланыспаған және байланысқан компоненттерінің жиынтығы екендігі есепке алынған-алынбағанына қарамай, екі есе артуын туындатты.

Карипразиннің және оның негізгі белсенді метаболиттерінің жартылай шығарылу кезеңі ұзаққа созылатындықтан, бір мезгілде ұзағырақ қолданғанда қан плазмасында карипразиннің жалпы экспозициясының әрі қарай жоғарылайтынын күтуге болады. Сондықтан карипразинді CYP3A4 изоферментінің күшті және орташа тежегіштерімен (мысалы, боцепревир, кларитромицин, кобицистат, индинавир, кетоконазол, итраконазол, нефазодон, нелфинавир, позаконазол, ритонавир, саквинавир, телапревир, телитромицин, вориконазол, дилтиазем, эритромицин, флуконазол, верапамил) бір мезгілде қолдануға болмайды. Грейфрут шырынын қолдануға жол бермеген жөн.

CYP3A4 изоферментінің индукторлары

Карипразинді CYP3A4 изоферментінің күшті және орташа индукторларымен бір мезгілде қолдану қан плазмасында карипразиннің жалпы экспозициясының айқын төмендеуіне әкелуі мүмкін, демек, карипразинді CYP3A4 изоферментінің күшті және орташа индукторларымен (например, карбамазепин, фенобарбитал, фенитоин, рифампицин, шілтер жапырақты шайқурай (Hypericum perforatum), бозентан, эфавиренз, этравирин, модафинил, нафциллин) бір мезгілде қабылдауға болмайды.

CYP2D6 изоферментінің тежегіштері

CYP2D6 изоферменті арқылы жүретін метаболизмдік жол карипразиннің биотрансформациясында қосалқы рөл атқарады; метаболизмі, негізінен, CYP3A4 изоферментімен жүзеге асырылады. Демек, карипразиннің биотрансформациясына CYP2D6 изоферментінің тежегіштерінің клиникалық тұрғыдан маңызды ықпалын тигізуі екіталай.

Карипразиннің басқа дәрілік заттарға ықпал ету қабілеті

Р-гликопротеин (P-gp) субстраттары

Теориялық ең жоғары концентрациядағы карипразиннің ішекте P-gp тежеу қабілетінің клиникалық маңызы толық анықталған жоқ. Дегенмен, емдік ауқымы тар дабигатран жән дигоксин сияқты P-gp субстраттарын қолдану қосымша бақылауды және дозаны түзетуді қажет етуі мүмкін.

Гормональді контрацептивтер

Қазіргі таңда жүйелік әсер ететін гормональді контрацептивтердің тиімділігін карипразиннің төмендету қабілетінің бар-жоқтығы белгісіз, сондықтан жүйелік әсер ететін гормональді контрацептивтерді қабылдап жүрген әйелдер контрацепцияның бөгегіш әдісін қосымша пайдалануы тиіс

Фармакодинамикалық өзара әрекеттесулер

Орталық жүйке жүйесіне карипразиннің негізгі әсерін ескере отырып, Реагила® препартын орталық әсері бар басқа дәрілік препараттармен және алкогольмен бірге қолданғанда сақтық танытқан жөн.

Айрықша нұсқаулар

Суицидтік ойлар және мінез-құлық

Суицидтік (суицидтік ойлар, суицидтік әрекеттер және жасалған суицид) психоз аясында болуы мүмкін және әдетте емдеуді бастағаннан кейін бірден немесе психозға қарсы басқа препараттармен емдеуден ауысқаннан кейін байқалады. Психозға қарсы препараттармен емделу барысында суицид қаупі жоғары пациенттер мұқият бақылауда болуы тиіс.

Акатизия, орнықсыздық

Акатизия және орнықсыздық психозға қарсы препараттарды қолданғанда кездесетін жиі жағымсыз реакциялар болып табылады. Акатизия – ішкі мазасыздық сезімімен және үнемі қозғалыста болуды қажет етуімен, сондай-ақ түрегеліп тұрған немесе отырған кезде корпустың шайқалуымен, аяқты көтерумен, орнында тұрып жүруді имитациялаумен және отырған күйінде аяқты айқастыру-жазумен сипатталатын қимыл-қозғалыс бұзылысы. Карипразин акатизияны және орнықсыздықты туындататын болғандықтан, оны акатизия симптомдары немесе оған бейімділігі байқалған пациенттерде сақтықпен қолданған жөн. Акатизия емнің бас кезінде дамиды. Демек, емдеудің алғашқы фазасы ішінде пациенттерге мұқият бақылау жүргізу маңызды. Профилактика дозаны біртіндеп арттыруды қамтиды; емдік шаралар карипразиннің дозасын аздап төмендетуді немесе ЭПС-ті басуға арналған препараттарды қолдануды қамтиды. Препарат дозасы пациенттің емдеуге жекелей жауабына және жағымдылығына байланысты түзетілуі мүмкін.

Кеш дискинезия

Кеш дискинезия – психозға қарсы препараттарды қабылдап жүрген пациенттерде туындауы мүмкін, өзіне потенциалды қайтымды, ырғақтық, негізінен тілдің және беттің еріксіз қимылын қамтитын синдром. Карипразинді қабылдап жүрген пациентте кеш дискинезия белгілері және симптомдары пайда болғанда препарат қабылдауды тоқтатудың мақсатқа сай болуын қарастыру керек.

Паркинсон ауруы

Паркинсон ауруы бар пациенттерге психозға қарсы дәрілік препараттарды қолданған кезде аялық аурулардың өршуін туындатуы және Паркинсон ауруының симптомдарының күшеюіне әкелуі мүмкін. Демек, карипразинді Паркинсон ауруы бар пациенттерге тағайындай отырып, дәрігер оның пайдасы мен қаупін мұқият таразылауы тиіс.

Көз симптомдары/катаракта

Көз бұршағы/катаракта өзгерулері мен карипразинді қабылдау арасында себеп-салдарлық байланыс анықталған жоқ. Дегенмен, катарактамен потенциалды байланысты симптомдар дамыған пациенттерді офтальмологиялық тексеруге жіберу және содан соң емдеуді жалғастыру мүмкіндігіне баға беру қажет.

Қатерлі нейролептикалық синдром (ҚНС)

Психозға қарсы дәрілерді қолданғанда өмір үшін қауіпті симптомдар кешені – қатерлі нейролептикалық синдромның дамығаны байқалды. ҚНС-тің клиникалық көріністеріне гипертермия, бұлшықеттердің сіресуі, қан сарысуындағы креатинфосфокиназа белсенділігінің артуы, сананың бұзылысы және вегетативті жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар (тамыр ырғағының жүйесіздігі, артериялық қысымның тұрақсыздығы, тахикардия, қатты терлеу және жүрек ырғағының бұзылулары) жатады. Қосымша көріністер миоглобинурияны (рабдомиолиз) және бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігін қамтуы мүмкін. Егер пациентте ҚНС белгілері және симптомдары немесе түсініксіз этиологиямен жоғары қызба байқалса, карипразинді қолдануды дереу тоқтату қажет.

Құрысулар және құрысу ұстамалары

Карипразинді анамнезінде құрысулары бар немесе құрысуға дайындық шегінің төмендеуімен қатар жүретін аурулары бар пациенттерге сақтықпен қолданған жөн.

Деменциясы бар егде жастағы пациенттер

Деменциясы бар пациенттерге карипразинді қолдану зерттелген жоқ. Препаратты деменциясы бар егде жастағы пациенттерге, жалпы өлім-жітім қаупі жоғары болғандықтан, тағайындау ұсынылмайды.

Ми қан айналымының жедел бұзылу қаупі (МҚЖБ)

Карипразин цереброваскулярлық жағымсыз реакциялар қаупін арттыруы мүмкін. Осы қауіптің жоғарылау механизмі анықталған жоқ. Психозға қарсы басқа препараттарды қолданғанда немесе пациенттердің басқа топтарында қауіптің ұлғаюын жоққа шығаруға болмайды.

Карипразинді инсульттің қауіп факторлары бар пациенттерге сақтықпен қолданған жөн.

Жүрек және қантамырлар тарапынан бұзылулар

  • Артериялық қысымның өзгерулері

Карипразин ортостатикалық гипотензияны, сондай-ақ артериялық гипертензияны туындтуы мүмкін. Карипразинді артериялық қысымы өзгеруге бейім, жүрек-қантамыр аурулары бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек. Артериялық қысымды қадағалау қажет.

  • ЭКГ өзгерулері

Психозға қарсы препараттарды қабылдап жүрген пациенттерде QT аралығының ұзаруы туындауы мүмкін.

Карипразинді қабылдаған кезде күрделілік критерийлеріне жауап бермеген, QT аралығы ұзаруының небары бірнеше жағдайлары тіркелді. Сондықтан карипразинді жүрек-қантамыр аурулары бар пациенттерге және отбасылық анамнезінде QT аралығының ұзаруы бар пациенттерге, сондай-ақ QT аралығының ұзаруын туындатуы мүмкін дәрілік препараттарды қабылдап жүрген пациенттерде сақтықпен қолдану керек.

  • Веналық тромбоэмболия (ВТЭ)

Психозға қарсы препараттарды қолданған кезде веналық тромбоэмболия жағдайлары тіркелді. Психозға қарсы препараттарды қабылдап жүрген пациенттерде ВТЭ қаупінің жүре пайда болған факторлары жиі болатындықтан, карипразинмен емдеуді бастағанға дейін және емдеу кезінде ВТЭ-нің ықтимал қауіп факторларын анықтау және профилактикалық шаралар қабылдау қажет.

Гипергликемия және қант диабеті

Қант диабеті бар немесе қант дибеті дамуының қауіп факторлары бар (мысалы, семіздік, отбасылық анамнезде диабеттің болуы) пациенттерде атипиялық антипсихотиктермен емдеуді бастағанда қан сарысуындағы глюкоза мөлшерін мұқият бақылау қажет етіледі. Карипразинді қолданған кезде глюкоза концентрациясының өзгеруімен байланысты жағымсыз құбылыстар тіркелді.

Дене салмағының өзгеруі

Карипразинді қабылдаған кезде дене салмағының едәуір артуы байқалды. Пациенттер дене салмағын ұдайы бақылап отыруы керек.

Қосымша заттар

Реагила® препаратының 3 мг, 4,5 мг және 6 мг капсулаларында аллергиялық реакцияларды туындатуы мүмкін керемет қызыл AC бояғышы (Е129) бар.

 

Жүктілік және лактация кезеңі

Бала туа алатын жастағы әйелдер/контрацепция

Дәрігер бала туа алатын жастағы әйелдерге Реагила® препаратын қабылдау кезінде жүктілікке жол бермеуге кеңес беруі тиіс. Бала туу функциясы сақталған пациенттер емделу кезінде және Реагила® препаратын қабылдауды тоқтатқаннан кейін ең кемінде 10 апта бойы контрацепцияның тиімділігі жоғары әдістерін қолдануы тиіс. Қазіргі таңда карипразиннің жүйелік әсер беретін гормональді контрацептивтердің тиімділігін төмендету қабілетінің бар-жоқтығы белгісіз, сондықтан жүйелік әсер беретін гормональді контрацептивтерді қабылдап жүрген пациенттер контрацепцияның бөгегіш әдісін қосымша пайдалануы тиіс.

Жүктілік

Жүкті әйелдерге карипразинді қолдану жөнінде деректер жоқ немесе олар жеткіліксіз.

Жүктілік кезінде және контрацепцияның сенімді әдістерін пайдаланбай жүрген, бала туа алатын жастағы әйелдерде Реагила® препаратын қолдану ұсынылмайды.

Жүктіліктің үшінші триместрі кезінде психозға қарсы препараттардың (соның ішінде карипразиннің) әсеріне ұшыраған жаңа туған нәрестелерде, туғаннан кейін экстрапирамидалық бұзылыстарды және/немесе тоқтату синдромын қоса, ауырлық дәрежесі және ұзақтығы құбылып отыратын жағымсыз реакциялардың даму қаупі бар. Мұндай жаңа туған нәрестелерде қозу, гипертонус, гипотонус, тремор, ұйқышылдық, респираторлық дистресс-синдром және қоректенудің бұзылуы білінді. Осы асқынулардың ауырлығы құбылып отырды. Кейбір жағдайларда симптомдар өздігінен қайтты, ал сол кезде басқа жағдайлар қарқынды емдеу бөлімдерінде емделуді және ауруханаға жатуды созуды қажет етті. Сондықтан мұндай жаңа туған нәрестелер тиянақты бақылауды керек етеді.

Лактация кезеңі

Емшек сүтіне карипразиннің және оның негізгі белсенді метаболиттерінің өтетін-өтпейтіндігі белгісіз. Жаңа туған нәрестелер/сәбилер үшін қауіпті жоққа шығаруға болмайды. Реагила® препаратын қабылдап жүрген әйелдер емшек емізуден бас тартуы керек.

Фертильділік

Адамның фертильділігіне карипразиннің ықпалы зерттелген жоқ.

 

Автомобильді және потенциалды қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері

Көлік құралдарын және механизмдерді басқару қабілетіне карипразин әлсіз немесе орташа ықпалын тигізеді. Пациенттер потенциалды қауіпті механизмдерді, соның ішінде көлік құралдарын басқаруға, Реагила® препараты олардың қабілетіне жағымсыз ықпалын тигізбейтіндігіне толық сенімді болғанша, сақтықпен қарауы тиіс.

 

Артық дозалануы

Бір пациентте байқамай жедел дозалану (күніне 48 мг) сипатталған. Пациент сол күні толық айықты.

Симптомдары: ортостатикалық гипотензия және седативтік әсер.

Емі: тыныс алу жолдарының адекватты өткізгіштігін, оксигенацияны және вентиляцияны демеу, сондай-ақ симптоматикалық ем жүргізу. Жүрек ырғағының ықтимал бұзылуларын анықтау үшін электрокардиограммаға үздіксіз бақылауды қоса, жүрек-қантамыр жүйесінің функциясына мониторинг жүргізуді дереу бастаған жөн. Ауыр пирамидалық симптомдар дамыған кезде антихолинергиялық препараттарды тағайындау керек. Карипразин қан плазмасы ақуыздарымен жоғары дәрежеде байланысатын болғандықтан гемодиализ тиімді болмауы мүмкін. Пациент толық сауыққанша тиянақты медициналық бақылауда болуы тиіс. Карипразин үшін спецификалық антидот жоқ.

 

Шығарылу түрі және қаптамасы

ПВХ/ПЭ/ПВДХ және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 7 капсуладан салынған.

Пішінді ұяшықты 1 немесе 4 (1,5 мг және 3 мг дозалары үшін), немесе 4 (4,5 мг және 6 мг дозалары үшін) қаптама медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

 

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, жарықтан қорғалған жерде, 30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

 

Сақтау мерзімі

5 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

 

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы.

 

Өндірушінің атауы және мекенжайы

«Гедеон Рихтер» ААҚ

1103 Будапешт, Дёмрёи к-сі, 19-21, Венгрия

 

Тіркеу куәлігі ұстаушысының атауы және елі

«Гедеон Рихтер» ААҚ, Венгрия

 

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасы жөніндегі шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс жасау деректері (телефон, факс, электронды пошта):

ҚР-дағы «Гедеон Рихтер» ААҚ өкілдігі, Алматы қ., Төле би к-сі, 187

E-mail: info@richter.kz

Телефон: 8-(7272)-58-26-22, 8-(7272)-58-26-23

 

Қазақстан Республикасы аумағында тіркеуден кейін дәрілік заттың қауіпсіздігін бақылауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс жасау деректері (телефон, факс, электронды пошта):

ҚР-дағы «Гедеон Рихтер» ААҚ өкілдігі, Алматы қ., Төле би к-сі, 187

E-mail: pv@richter.kz

Телефон: 8-(7272)-58-26-22, 8-(7272)-58-26-23, 8-701-787-47-01

Прикрепленные файлы

10735_19_i.pdf 1.34 кб
Реагила_капс_ИМП_рус_правка_-11-04-19.docx 0.07 кб
Реагила_капс._каз_правка_11-04-19_.doc 0.19 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

«Центр экспертиз и испытаний в зд равоохранении» МЗ РБ Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники