Растворитель для неинфекционных аллергенов

Производитель: Бурли ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Растворители и растворы для разведения, включая ирригационные растворы
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-3№020570
Период регистрации: 15.09.2017 - 15.09.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Жұқпалы емес аллергендерге арналған еріткіш

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Жұқпалы емес аллергендерге арналған еріткіш

Құрамы

Бір құтының ішінде

натрий хлориді 22.5 мг, калий дигидрофосфаты 1.62 мг, динатрий фосфаты дигидраты 6.30 мг, 4% фенол ерітіндісі 0.4 мл, полисорбат 80 0.005 мл, инъекцияға арналған су 4.5 мл-ге дейін.

Сипаттамасы

Мөлдір, түссіз ерітінді.

Фармакотерапиялық тобы

Басқа дәрілік емес заттар. Еріткіштер.

АТХ коды V07AB

Қолданылуы

- гипосенсибилизациялаушы ем жүргізу кезінде пайдаланылатын аллергендерді сұйылту

Қолдану тәсілі және дозалары

Аллергендерді Жұқпалы емес аллергендерге арналған еріткішпен сұйылтуды және дайындалған препараттармен гипосенсибилизациялауды Аллергендерді қолдану бойынша нұсқаулыққа сәйкес тері астына жүргізеді.

Жұқпалы емес аллергендерге арналған еріткішті пайдаланар алдында мыналар қажет:

  • Жұқпалы емес аллергендерге арналған еріткіш бар құтыдағы заттаңбаны мұқият қарау керек, онда препарат атауы, серия нөмірі, жарамдылық мерзімі көрсетілген;

  • құтылардың тұтастығын тексеру керек;

  • физикалық қасиеттерін тексеру керек – препараттың құрамында жүзінді бөлшектер, шөгінділер болмау керек.

Жағымсыз әсерлері

Еріткіште сұйылтылған аллергендерге байланысты.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Жұқпалы емес аллергендерге арналған еріткіш басқа дәрілік және диагностикалық препараттардың еріткіші ретінде пайдаланылмайды.

Айрықша нұсқаулар

Аллергендерді сұйылтуды дайындау кезінде және гипосенсибилизациялаушы ем жүргізу кезінде асептиканың келесі ережелерін қатаң сақтау қажет:

  • құтылардың метал қалпақшаларын және резеңке тығындарын спиртпен зарарсыздандыру керек;

  • резеңке тығынды стерильді инемен тесіп препараттың қажетті мөлшерін стерильді еккіштерге толтыру керек.

    Шығарылу түрі және қаптамасы

    4.5 мл препараттан резеңке тығындармен және алюминий қалпақшалармен тығындалған шыны құтыларда.

    10 құтыдан мемлекеттік және орыс тілдерінде қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапқа салады.

Сақтау шарттары

2 ºС-ден 8 ºС-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Сақтау мерзімі

5 жыл

Препаратты қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Бүрлі» ЖШС, Қазақстан Республикасы, 050002 Алматы қ-сы, Мақатаев к-сі, 34

Тел: 397-75-16, тел/факс 397-75-17

e-mail: burly@mail.ru

Тіркеу куәлігінің иесі

«Бүрлі» ЖШС, Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) жөніндегі шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Бүрлі» ЖШС, ҚР, 050002 Алматы қ-сы, Мақатаев к-сі, 34

Тел: 397-75-16, тел/факс 397-75-17

e-mail: burly@mail.ru

 

Прикрепленные файлы

625688951477976705_ru.doc 44 кб
873751771477977841_kz.doc 43 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники