Растворитель для коревой, паротитной, паратитно-коревой вакцин культуральных живых
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Қызылша, паротит, паротит- қызылша өсірінді тірі вакцинасына арналған еріткіш
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Вакцинаға арналған еріткіш
Құрамы
0,5 мл (бір доза вакцина үшін) құрамында
белсенді зат - фенолды қызылсыз Хенкс тұздарының және глюкозаның құрғақ қоспасы: натрий хлориді – 4,0 мг; калий хлориді – 0,2 мг; магний сульфаты - 0,05 мг; калий дигидрофосфаты – 0,03 мг; натрий гидрофосфаты– 0,02 мг; кальций хлориді – 0,035 мг,
қосымша зат - инъекцияға арналған су - 0,5 мл-ге дейін
Сипаттамасы
Мөлдір түссіз сұйықтық.
Фармакотерапиялық тобы
Басқа да емдік емес дәрілер. Еріткіштер
АТХ коды V07AB
Қолданылуы
- қызылша, паротит, паротит- қызылша өсірінді тірі вакцинасына арналған еріткіш ретінде
Қолдану тәсілі және дозалары
Вакциналардың біреуін қолданар алдында дереу препаратпен ампулаға вакцинаның бір екпе дозасына 0,5 мл есебімен еріткішті қосады.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Аталған вакциналар үшін ғана қолданылады.
Айрықша нұсқаулар
Ампулаларды асептика ережелерін қатаң сақтай отырып ашады. Ампулалардың кесілген жерін спирттің ампулаға түсуін болдырмай, 70 % спиртпен өңдеп сындырады.
Ашылған еріткішпен ампула дереу қолданылуы керек және сақтауға болмайды.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Ампулада 0,5 мл- ден. 10 ампуладан мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен және ампулаға арналған пышағымен картон пәшкеде.
Кертігі, сақинасы немесе сындыру нүктесі, бар ампулаларды қаптағанда
ампула пышағы салынбайды.
Сақтау шарттары
2°С-ден 25 °С-ге дейінгі температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы (мамандандырылған емдеу – профилактикалық мекемелер үшін)
Өндіруші
«Микроген ҒӨБ» ФМУК Ресей ДС Министрлігі,
Ресей Федерациясы, 115088, Мәскеу қаласы, 1-ші Дубровский көшесі, 15 үй, тел. (495) 710-37-87.
Өндірістің мекенжайы: Ресей, 115088, Мәскеу қаласы, 1-ші Дубровский көшесі, 15 үй, тел. (495) 674- 55-80
Тіркеу куәлігінің иесі
«Микроген ҒӨБ» ФМУК Ресей ДС Министрлігі, Ресей Федерациясы
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан препараттың сапасы туралы түскен шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы: «Нестеренко Н.А.» ЖК, Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қаласы,
Фурманов көшесі, 128 үй, 16 кеңсе, тел./факс (727) 279-66-59, e-mail: ip_n_nesterenko@list.ru.