Рабелок (20 мг)

МНН: Рабепразол
Производитель: Кадила Фармасьютикалс Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Rabeprazole
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№023073
Информация о регистрации в РК: 16.05.2023 - 16.05.2033
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)

Инструкция

Дәрілік затты медициналық қолдану

жөніндегі нұсқаулық

Рабелок

Саудалық атауы

Рабелок

Халықаралық патенттелмеген атауы

Рабепразол

Дәрілік түрі

Ішекте еритін қабықпен қапталған 10 мг және 20 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат  -  10 мг немесе 20 мг натрий рабепразолы,

қосымша заттар: маннитол 25, жеңіл магний оксиді, микрокристалды целюлоза, крахмал (кептірілген), гидроксипропилцеллюлоза (Klucel LF), денатурацияланған арнайы спирт, кальций карбоксилметилцеллюлозасы, тазартылған тальк, магний стеараты, коллоидты кремнийдің қостотығы,

қабығының құрамы: гидроксипропилметилцеллюлоза (5 cps), пропиленгликоль, тазартылған су, дисперленген метакрил қышқылының кополимері (Acrycoat L 30 D/Eudragit L 30 D – 30 % сулы диспергат), полисорбат 80, дибутилфталат, натрий гидроксиді (пеллеттер), темірдің сары тотығы (Е172), тазартылған тальк, титанның қостотығы (Е171).

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, екі жақ беті де дөңес әрі тегіс, ақшыл-сарыдан сарғыш түске дейінгі ішекте еритін қабықпен қапталған таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы  

Ас қорыту жолы және зат алмасу. Қышқылдығы бұзылуымен байланысты ауруларды емдеуге арналған препараттар. Ойық жараға қарсы  препараттар және гастроэзофагальді рефлюксті емдеуге арналған препараттар.  Протонды сорғы тежегіштері. Рабепразол.

АТХ коды А02ВС04

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі

Рабелок  ішекте еритін (асқазанда төзімді) қабықпен қапталған натрий рабепразолы таблеткалары түрінде болады. Бұл формасы рабепразолдың қышқыл ортаға төзімсіздігіне негізделген. Сондықтан рабепразолдың сіңуі ішекте басталады. Тағам да, препаратты қабылдау уақыты да натрий рабепразолының сіңуіне әсер етпейді. Тағаммен клиникалық маңызды өзара әрекеттесулері жоқ.

Тез сіңеді; рабепразол плазмадағы ең жоғарғы концентрациясына 20 мг дозасын қабылдағаннан кейін шамамен 3,5 сағаттан соң жетеді. Рабепразолдың  плазмадағы ең жоғарғы концентрациялары (Cmax) мен «концентрация-уақыт» қисық астындағы ауданы (AUC)  10 мг-ден 40 мг дейінгі дозалар ауқымында дозаға тәуелді сипатта. Ішу арқылы  қабылданған 20 мг дозасының абсолюттік биожетімділігі (вена ішіне енгізгенмен салыстырғанда) көбінесе жүйеалды метаболизмінің есебінен, шамамен 52% құрайды.

Плазмадан жартылай шығарылу кезеңі шамамен бір сағатты (0,7-ден 1,5 сағатқа дейін), ал жалпы клиренсі – 283 ± 98 мл/минутты құрайды.

Плазма ақуыздарымен рабепразол шамамен 97% байланысады.

Метаболизмі және шығарылуы

Натрий рабепразолы, протонды сорғы тежегіштері класының басқа да өкілдері сияқты, бауырда P450 цитохромының (CYP450) қатысуымен метаболизденеді. Натрий рабепразолы CYP450 изоферменттерімен (CYP2C19 және CYP3A4) метаболизденеді. Рабепразол күтілетін плазмалық концентрацияларында CYP3A4 бәсеңдетпейді және көтермелемейді.

Плазмадан табылатын негізгі метаболиттері тиоэфир (M1) мен карбоксильді қышқыл (M6) болып табылады, ал сульфонды (M2), десметил-тиоэфир (M4) және меркаптурин қышқылы бар (M5) коньюгат аз мөлшерде анықталады. Тек десметилді метаболитінің ғана (M3) аздаған секрецияға қарсы белсенділігі бар, бірақ ол плазмада анықталмайды.

Бір рет 20 мг ішу арқылы қабылдағаннан кейін өзгеріссіз препарат несепте анықталмайды. Қабылданған дозасының шамамен 90%-ы несеппен екі метаболит:  меркаптурин қышқылды коньюгат (M5) пен карбоксиль (M6) түрінде және тағы екі белгісіз метаболит түрінде шығарылады. Енгізілген препараттың қалған бөлігі нәжіспен шығарылады.

Жыныс

Жасы мен дене салмағының өзгерістерін ескере отырып, 20 мг дозадағы рабепразолдың фармакокинетикалық параметрлерінде жыныстық айырмашылықтар анықталған жоқ.

Бүйрек функциясының бұзылуы

Бүйрек жеткіліксіздігінің ақырғы сатысы тұрақты, гемодиализді қажет ететін (креатинин клиренсі £ 5 мл/мин/1,73 м2) пациенттерде рабепразолдың таралуы дені сау еріктілердегі таралуымен өте ұқсас болды. Мұндай пациенттердегі AUC және Cmax дені сау еріктілердегі сәйкес көрсеткіштерден  35% төмен болды. Рабепразолдың жартылай шығарылуының орташа кезеңі дені сау еріктілерде 0,82 сағатты, гемодиализ аясындағы пациенттерде 0,95 сағатты және гемодиализден кейін – 3,6 сағатты құрайды. Демеуші гемодиализді қажет ететін бүйрегі ауыратын пациенттердегі препараттың клиренсі дені сау еріктілерге қарағанда шамамен екі есе көп болды.

Бауыр функциясының бұзылуы

20 мг рабепразолды бір рет енгізгеннен кейін бауырдың созылмалы жеңіл немесе орташа аурулары бар пациенттерде дені сау еріктілермен салыстырғанда AUC екі есе ұлғайды және рабепразолдың жартылай шығарылу кезеңі 2-3 есе ұлғайды. Алайда 20 мг дозасын 7 күн бойы күн сайын қабылдағаннан кейін AUC тек 1,5 есеге, ал Cmax – тек 1,2 есеге артты. Бауыры ауыратын пациенттерде рабепразолдың жартылай шығарылу кезеңі клиникалық салыстырмалы фармакодинамикалық жауап (асқазан pH-ын бақылау) кезінде дені сау еріктілердегі 2,1 сағатпен салыстырғанда 12,3 сағатты құрады.

Егде жастағылар

Егде жастағыларда рабепразолдың шығарылуы біраз азайған. Натрий рабепразолын 7 күн бойы 20 мг тәуліктік дозада қабылдағаннан кейін AUC шамамамен екі есе, ал Cmax 60% -ға артты, t½ дені сау ерікті жастармен салыстырғанда 30%-ға ұлғайды. Алайда рабепразолдың жинақталу белгілері анықталған жоқ.

CYP2C19 полиморфизмі

CYP2C19 – метаболизмі баяу пациенттерде рабепразолдың  20 мг ішілетін дозасын 7 күн бойы қабылдағаннан кейін AUC пен t½ метаболизмі белсенді тұлғалардағы сәйкес параметрлерден шамамен 1,9 және 1,6 есе жоғары болды, бұл кезде Cmax тек 40%-ға ғана артқан.

Фармакодинамикасы

Рабелок орынбасқан бензимидазолдардың секрецияға қарсы препараттары класына жатады, олар H+/K+-АТФ-аза ферментін (протонды сорғы) тежеу арқылы асқазан сөлінісін бәсеңдетеді. Препараттың әсері дозасына байланысты болады және көтермелеуші факторларға байланыссыз асқазандағы тұз қышқылының базальді және стимуляцияланған сөлінісінің бәсеңдеуіне алып келеді.  Әлсіз негіз бола отырып, Рабелок барлық дозаларында тез сіңеді және асқазанның париетальді жасушаларының қышқылды ортасында жинақталады. Рабелок  протондалу жолымен сульфенамидтік түрге конверсияланады, сосын протонды помпа цистеинінің қолжетімді молекулаларымен өзара әрекеттеседі.

Рабелокты 20 мг дозада ішу арқылы қабылдағаннан кейін секрецияға қарсы әсері 1 сағат ішінде дами бастайды, 2-4 сағаттан соң ең жоғарғысына жетеді. Базальді және тағаммен стимуляцияланған асқазандағы тұз қышқылының сөлінісі натрий рабепразолының бірінші дозасын қабылдағаннан кейін 23 сағаттан соң сәйкесінше 69% және 82% құрайды әрі 48 сағатқа дейін созылады. Натрий рабепразолының тұз қышқылының сөлінісіне қатысты тежегіштік әсері екінші дозаларын қабылдағанда біраз ұлғаяды, 3 күннен кейін тепе-теңдік жағдайына жетеді. Препаратты тоқтатқаннан кейін асқазанның секреторлық белсенділігі 2-3 күннен кейін қалпына келеді.

Сарысу гастриніне әсері

Рабелокты тәулігіне бір рет 10 мг немесе 20 мг дозада ұзақ уақыт (43 айға дейін) қабылдағанда, сарысудағы гастрин деңгейлері қабылдаудың бастапқы 2 - 8 аптасында, қышқыл сөлінісіне бәсеңдеткіш әсерін тигізе отырып артады, сосын емдеуді жалғастырғанда тұрақты болып қалады. Гастрин концентрацияларының көрсеткіштері әдетте, емдеуді тоқтатқаннан кейін 1-2 апта ішінде бастапқы мәніне қайтып келген.

Рабепразолды 8 аптаға дейін қабылдаған және 36 ай емделгендердің асқазанының антральді бөлігі мен түбінен алынған биопсиялық үлгілерден ECL-жасушалық және гистологиялық құрылымының,  гастрит дәрежесінің, атрофиялық гастрит дамуының жиілігінің, интестинальді метаплазияда немесе H. Pylori инфекциясының таралуында өзгерістер анықталған жоқ.

Басқа әсерлері

Натрий рабепразолының ОЖЖ-ға, жүрек-қантамыр және тыныс алу жүйелеріне қатысты жүйелі әсерлері бүгінгі күні анықталған жоқ. Рабелокты  2 апта бойы 20 мг дозада ішу арқылы қабылдау қалқанша без қызметіне, көмірсу алмасуына немесе паратгормонның, кортизолдың, эстрогендердің, тестостеронның, пролактиннің, холецистокининнің, секретиннің, глюкагонның, фолликулстимуляциялаушы гормонның (ФСГ), лютендеуші гормонның (ЛГ), рениннің, альдостерон немесе соматотропты гормонның айналымдағы деңгейлеріне ықпалын тигізбейді.

Рабелок амоксициллинмен клиникалық өзара әрекеттесуге түспейді және бұл препараттарды асқазан-ішек жолының үстіңгі бөліктеріндегі H. pylori эрадикациясы үшін бір мезгілде қабылдағанда амоксициллиннің немесе кларитромициннің плазмадағы  концентрацияларына әсер етпейді.

Қолданылуы

- асқазан немесе он екі елі ішектің өршу сатысындағы ойық жаралы ауруында

- гастроэзофагеальді рефлюкстік ауруда (ГЭРА): эрозивтік рефлюкс, эзофагит, ГЭРА симптоматикалық емдеу (яғни, ЭЕРА – эрозивті емес рефлюкстік ауруда)

- Золлингер-Элисон синдромы немесе патологиялық гиперсекрециямен сипатталатын  басқа жағдайларда

- асқазанның ойық жаралы ауруы немесе созылмалы гастриті бар пациенттерде Helicobacter pylori  эрадикациясында бактерияға қарсы препараттармен біріктіріп

Қолдану тәсілі мен дозалары

Рабелок таблеткаларын тұтастай жұту қажет; оларды шайнауға және сындыруға болмайды.

Ересектер, егде жастағылар

Асқазанның немесе 12 елі ішектің өршу сатысындағы ойық жаралы ауруы: Рабелоктың  ұсынылатын дозасы тәулігіне бір рет, таңертең 20 мг құрайды.

Пациенттердің көпшілігінде 12 елі ішектің белсенді ойық жарасы төрт апта ішінде жазылады.  Алайда, кейбір пациенттерге ойық жараның толық жазылуы үшін тағы  4 апта қажет болуы мүмкін. Асқазанның қатерлі емес белсенді ойық жарасы пациенттердің көпшілігінде алты апта ішінде жазылады. Алайда пациенттердің азғантай бөлігінде толық жазылуы үшін тағы алты апта қажет болуы мүмкін

Эрозиялы-ойық жаралы немесе гастроэзофагеальді рефлюкстік ауру (ГЭРА): Рабелоктың бұл жағдайда ішке қабылдауға ұсынылатын дозасы төрттен сегіз аптаға дейін тәулігіне бір рет 20 мг құрайды.

Гастроэзофагеальді рефлюкстік ауруды ұзақ уақыт емдеу (ГЭРА демеуші ем): Ұзақ уақыт емдегенде пациентті емдеуге реакциясына байланысты Рабелоктың тәулігіне бір рет 20 мг немесе 10 мг демеуші дозасы қолданылуы мүмкін.

Орташадан ауыр  дәрежеге дейінгі гастроэзофагеальді рефлюкстік ауруды симптоматикалық емдеу (симптоматикалық ГЭРА): эзофагитпен ауырмайтын науқастарда тәулігіне бір рет 10 мг. Егер апта ішінде симптомдарын бақылауға алу мүмкін болмаса, пациентті қосымша тексеруден өткізу қажет. Жағдайы жақсарғаннан кейін симптомдарын ары қарай қадағалау қажеттілігіне қарай тәулігіне бір рет 10 мг қабылдау арқылы жүргізуге болады.

  Золлингер-Эллисон синдромы немесе патологиялық  гиперсекрециямен сипатталатын басқа жағдайлар: ересектер үшін ұсынылатын старттық дозасы тәулігіне бір рет 60 мг құрайды. Дозасын пациенттің жеке қажеттіліктеріне байланысты тәулігіне 120 мг дейін ұлғайтуға болады. 100 мг дейінгі тәуліктік дозасын бір рет қабылдау режимімен тағайындауға болады. 120 мг дозасы тәулігіне екі рет 60 мг-ден бөліп  қабылдауды қажет етеді. Сәйкесінше клиникалық көрсеткіштер бар кезге дейін емдеу жалғаса береді.

H. pylori эрадикациясы: H. Pylori инфекциясы бар пациенттер эрадикациялық емдеуден өтуі тиіс. Препараттардың төмендегі біріктірілімі 7 күндік курспен ұсынылады. Рабелок тәулігіне екі рет 20 мг дозада  + кларитромицин тәулігіне екі рет 500 мг дозада және амоксициллин тәулігіне екі рет 1 г.

Егер эрадикация сызбалары препаратты тәулігіне бір рет қабылдауды талап етсе, Рабелок таблеткаларын  таңертең, таңғы асты ішер алдында қабылдау қажет; бірақ тәулік мезгілі де, ас ішу де натрий рабепразолының сіңуіне әсер етпейді, препаратты қабылдаудың мұндай режимі емдеудің жақсы болуына ықпал етеді.

Бауыр немесе бүйрек функциясының бұзылулары

Бауыры немесе бүйрегі ауыратын науқастарда дозасын түзету қажет емес.

Жағымсыз әсерлері

Жекелеген жағдайларға қарағанда жиірек кездескен жағымсыз реакциялар мынадай градацияға сәйкес келтірілген: өте жиі
(≥10 %); жиі (≥1 %,<10 %); кейде (≥0,1 %, <1 %); сирек (≥0,01 %,
<0,1 %); өте сирек (<0,01 %), жиілігі белгісіз (пайда болу жиілігін қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес).

Рабелок препаратының таблеткалары клиникалық зерттеулерде ересектерге жалпы алғанда жағымды болды. Хабарланған жағымсыз құбылыстарға негізінен жеңіл/орташа ауырлық тән болып, уақытша сипатта болды.

Жиі (³1/100 - <1/10 дейін):

  • ұйқысыздық
  • бас ауыруы, бас айналуы
  • жөтел, фарингит, ринит
  • диарея, құсу, жүрек айнуы, іштің ауыруы, іштің қатуы, метеоризм
  • спецификалы емес ауыру, арқаның ауыруы
  • астения, тұмау тәрізді ауру

Жиі емес (³1/1,000 - <1/100 дейін):

  • күйгелектік
  • ұйқышылдық
  • бронхит, синусит
  • диспепсия, ауыздың құрғауы, кекіру
  • бөртпе, эритема
  • миалгия, аяқтардың құрысуы, артралгия
  • несеп жолының инфекциялары
  • кеуденің ауыруы, қалтырау, температураның көтерілуі
  • бауыр ферменттері белсенділігінің артуы

Сирек: (³1/10000 - <1/1000 дейін):

- нейтропения, лейкопения, тромбоцитопения, лейкоцитоз

- жоғары сезімталдық реакциялары (беттің ісінуі, гипотензия, ентігу),  

  эритема, буллёздік реакциялар, ол әдетте препаратты тоқтатқаннан кейін жоғалады

  • анорексия
  • депрессия
  • көрудің бұзылуы
  • гастрит, стоматит, дәм сезудің өзгеруі
  • гепатит, сары ауру, бауыр циррозы бар науқастарда бауыр энцефалопатиясы
  • қышыну, тершеңдік
  • интерстициальді нефрит
  • дене салмағының артуы

Өте сирек   (<1/10000):

- мультиформалы эритема, уытты-эпидермалық некроз (УЭН),

   - Стивенс-Джонсон синдромы

Жиілігі белгісіз (қолда бар мәліметтер бойынша анықталмайды):

- гипонатриемия

- сананың шатасуы                           

- шеткері ісінулер

- гинекомастия

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- натрий рабепразолына, орын басқан бензимидазолдарға немесе қандай да бір қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Натрий рабепразолы асқазандағы қышқыл сөлінісінің тұрақты және ұзақ бәсеңдеуін тудырады. Сіңуі pH деңгейімен байланысты препараттармен өзара әрекеттесуі туындауы мүмкін.  Натрий рабепразолын кетоконазолмен немесе итраконазолмен бір мезгілде қабылдау плазмадағы зеңге қарсы концентрациялардың айтарлықтай төмендеуіне алып келуі мүмкін. Сондықтан Рабелок пен бұл препараттарды бір мезгілде тағайындағанда дозасын өзгерту қажет болуы мүмкін  болғандықтан жекелеген пациенттерді бақылау керек.

Клиникалық зерттеулерде  антацидтер  рабепразолмен бір мезгілде қолданылды. Дәрілермен өзара әрекеттесуі бойынша арнайы зерттеуде де рабепразол мен сұйық антацидтер арасында өзара әрекеттестік анықталған жоқ.

Дені сау еріктілердің 300 мг атазанавир /10 мг ритонавир және омепразолды (тәулігіне бір рет 40 мг) немесе 400 мг атазанавир және ланзопразолды (тәулігіне бір рет 60 мг) бір мезгілде қабылдауы атазанавир әсерінің едәуір азаюымен қатар жүрді. Атазанавирдің сіңуі pH деңгейіне байланысты. Арнайы зерттеулер жүргізілген жоқ, бірақ басқа протонды помпа тежегіштері үшін де осыған ұқсас нәтижелер болуы мүмкін. Сондықтан  рабепразолды қоса алғанда, протонды помпа тежегіштерін  атазановирмен бір мезгілде қолданбаған жөн.

Айрықша нұсқаулар

Рабепразолмен емдеу аясындағы симптомдар айқындығының азаюы асқазанда немесе өңеште қатерлі түзілімдердің  болуын жоққа шығармайды, сондықтан Рабелокпен емдеуді бастар алдында онкологиялық үдерістерді жоққа шығару мақсатында зерттеу жүргізу керек.

Препаратпен ұзақ емделетін пациенттер (әсіресе бір жылдан артық) ұдайы тексеруден өтіп отыруы тиіс.

Протонды помпаның басқа тежегіштерімен немесе орынбасқан бензоимидазолдармен айқаспалы реакциялар қаупін жоққа шығаруға болмайды.

Пациенттерге Рабелок таблеткаларын тұтастай жұту қажеттігін ескерту керек; оларды шайнауға және сындыруға болмайды.

Рабелокты балаларға тағайындау ұсынылмайды, өйткені препаратты пациенттердің бұл тобында қолдану тәжірибесі жоқ.

Рабепразолдың маркетингтен кейін қан дискразиялары дамығанда қолданылғаны (тромбоцитопения және нейтропения жағдайлары) туралы хабарламалар бар. Көпшілік жағдайларда, бұл жағдайлардың баламалы себептерін анықтау мүмкін болмаса, олар асқынулар тудырған жоқ және рабепразолды тоқтатқаннан кейін басылды.

Клиникалық зерттеулерде маркетингтен кейінгі қолдану барысында бауыр ферменттері белсенділігінің өзгергені білінді. Көпшілік жағдайларда, бұл жағдайлардың баламалы себептерін анықтау мүмкін болмаса, олар асқынулар тудырған жоқ және рабепразолды тоқтатқаннан кейін басылды.

Бауыр функциясының жеңіл және орташа дәрежедегі бұзылуы бар пациенттердегі зерттеулерде жынысы мен жасы сәйкес келетін бақылау тобындағы сау пациенттермен салыстырғанда препаратты қолданудың қауіпсіздігіне байланысты елеулі қиындықтар білінген жоқ. Рабепразолды бауыр функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде қолданудың клиникалық мәліметтері жоқ болғандықтан, Рабелокты мұндай пациенттерге бірінші рет тағайындағанда сақтық шараларын сақтау ұсынылады.

Атазанавир мен Рабелокты бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Ықпалы туралы хабарланған жоқ, бірақ болуы мүмкін жағымсыз әсерлері – бас ауыруы, бас айналуын ескере отырып, зейін қоюды қажет ететін жұмыстарды орындағанда сақ болу керек.  

Артық дозалануы

Симптомдары: белгісіз. Препараттың анықталған ең жоғары қабылданған мөлшері тәулігіне екі рет 60 мг немесе тәулігіне бір рет 160 мг-ден асқан жоқ. Әсерлері әлсіз білінді, қандай да бір қосымша медициналық араласуларсыз өздігінен өтетін, жағымсыз реакциялардың белгілі бейініне  сәйкес келеді.

Емі: қажет болса – симптоматикалық ем және жалпы демеу шаралары. Арнайы антидоты жоқ. Натрий рабепразолы ақуыздармен белсенді байланысады, сондықтан диализ арқылы шығарылмайды.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамаға салады.

10 пішінді ұяшықсыз қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.

14 таблеткадан баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамаға салады.

1 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Cadila Pharmaceuticals Limited, Үндістан

1389, Dholka-382 225 District:  Ahmedabad, Gujarat State, India

Тіркеу куәлігінің иесі

Cadila Pharmaceuticals Limited, Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы,  мекенжайы және байланыс деректері

«Дени энд Хеми» өкілдігі -Алматы, Қазақстан

050000, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Фурманов к-сі, 118, 3-кеңсе

тел./факс: +7 (727) 3900375

Электронды поштасы: regulatory@deniandhemi.com

Прикрепленные файлы

рабелок_каз.doc 0.14 кб
рабелок_рус.doc 0.1 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту