Пустырника настойка (Шаншаров-Фарм ТОО)

МНН: Пустырника трава
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие снотворные и седативные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№009391
Информация о регистрации в РК: 12.12.2016 - 12.12.2021
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)

Инструкция

Саудалық атауы

Сасықшөп тұндырмасы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

25 мл, 30 мл, 40 мл тұндырма

Құрамы

1 л препарат құрамында

белсенді зат: 200 г сасықшөп шөбі

қосымша заттар: 70% этил спирті 1 л тұндырма алғанға дейін

Сипаттамасы

Ащы дәмі бар, жасылдау- қоңыр түсті мөлдір сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да ұйықтататын және тыныштандыратын дәрілер.

АТЖ коды N05СМ

Фармакологиялық қасиеттері

Тыныштандыратын. ОЖЖ қозғыштығын төмендетеді, тежеу үдерістерін күшейтеді, артериялық қысымды түсіреді, жүректің ырғағын баяулатып, жиырылу ырғағын ұлғайтып, қызметін қалыптандырады.

Қолданылуы

- неврастенияда

- вегето-тамырлық дистонияда

- жоғары жүйке қозуында

- ұйқы бұзылуында

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке 30 тамшыдан күніне 3-4 рет. Емдеу курсы 30 күн.

Жағымсыз әсерлері

- тері бөртпесі, қышыма

- диспепсия

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа жоғары сезімталдықта

- асқазанның және он екі елі ішектің ойық жаралы ауруында

- эрозиялы гастритте (өршу фазасында)

- 18 жасқа дейінгі балаларға

- жүктілікте, және лактация кезеңінде

- маскүнемдікте

- бауыр ауруларында

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Ұйықтататын және ауыруды басатын дәрiлердің әсерiн күшейтедi.

Айрықша нұсқаулар

Жағымсыз әсерлер пайда болғанда препаратты қабылдауды тоқтату керек.

Қант диабеті бар науқастарға абайлап қолдану керек.

Көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі

Емделу кезеңінде автокөлікті және жоғары зейін шоғырландыру мен психомоторлық реакциялар жеделдігін талап ететін қауіпті қызмет түрлерін басқарғанда сақтық шараларын қадағалау қажет.

Артық дозаланғанда

Анықталмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Полиэтилен тығынмен тығындалған және бұралатын қақпағы бар мойны бұрандалы қызғылт сары шыны құтыда 25 мл, 30 мл, 40 мл-ден. Құтылар қораптарда немесе ораушы қағаздарға оралған бумаларда қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге қапталған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтiн жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Шаншаров-Фарм» ЖШС

Қазақстан Республикасы

Алматы қ.

Б. Бұлқышев к-сі, 4Е

Тіркеу куәлігінің иесі

«Шаншаров-Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы

ҚР аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Шаншаров-Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.

Б. Бұлқышев к-сі, 4Е

Тел./факс +7 727 233-27-58

Электрондық пошта: farm-4@mail.ru

 

 

3

 

Прикрепленные файлы

182330751477977169_ru.doc 37.5 кб
840903151477978334_kz.doc 43.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники