Пустырника настойка (25 мл, Фармация 2010 ТОО)

МНН: Пустырника трава
Производитель: Фармация 2010 ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие снотворные и седативные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№003142
Период регистрации: 15.12.2015 - 15.12.2020
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)

Инструкция

Саудалық атауы

Сасықшөп тұндырмасы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Тұндырма

Құрамы

100 мл тұндырманың құрамында

белсенді зат сасықшөп шөбі 10.0 г,

қосымша зат - этанол 70 % 100 мл-ге дейін

Сипаттамасы

Ащы дәмі және өзіне тән иісі бар көкшіл-қоңыр түсті мөлдір сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Ұйықтататын және тыныштандыратын басқа да препараттар.

АТХ коды N 05 CM

Фармакологиялық қасиеттері

Сасықшөп шөбінің құрамында белсенді заттар – сапониндер, флавоноидтар, иридоидтар бар. Препарат орталық жүйке жүйесіне айқын тыныштандыратын әсер береді, артериялық қысымды төмендетеді, жүрек ырғағын баяулата, жүрек жиырылу күшін арттыра отырып, жүрек қызметін қалпына келдіреді.

Қолданылуы

- жүрек-қантамыр неврозында

- вегетативті қантамырлық дистонияда

- жүйкенің жоғары қозғыштығында

- ұйқысыздықпен, қобалжушылықты және жоғары реактивтілікті сезінумен қатар жүретін психоастенияда және неврастенияда,

- кешенді ем құрамында артериялық гипертензияда

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке тағам қабылдағанға дейін күніне 30 тамшыдан 3 - 4 рет. Емдеу курсы 30 күн.

Жағымсыз әсерлері

- тері бөртпесі, қышыну

- диспепсия

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа жоғары сезімталдық

- асқазан және он екі елі ішектің ойық жара ауруы

- эрозивті гастрит (асқыну фазасы)

- 18 жасқа дейінгі балалар

- жүктілік, лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Ұйықтататын және ауыруды басатын дәрілердің әсерiн күшейтедi.

Айрықша нұсқаулар

Жағымсыз әсерлер пайда болған кезде препаратты қабылдауды тоқтату керек.

Жүктілік және лактация

Жүктілік және лактация кезеңінде дәрігердің кеңесі қажет.

Қант диабеті бар науқастар, бауыр ауруы кезінде, алкоголизмнен зардап шегетін науқастар абайлап қолдану керек.

Автокөлікті және аса қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсері

Емдеу кезінде автокөлік басқарғанда және жоғары зейін шоғырландыру мен психомоторлық реакциялардың жылдамдығын қажет ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерімен шұғылданғанда сақтық таныту қажет.

Артық дозалануы

Байқалмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

Тамшылатқыш құты, полиэтилен тығынмен тығындалған және бұрандалы қақпағы немесе тығыздағыш элементі бар полиэтиленді қақпағы, бұрандалы мойны бар шыны массадан жасалған құтыда 25 мл-ден.

Құтылар саны сәйкесінше медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге орама қағаздан жасалған бумаларға немесе қораптық картоннан жасалған қорапқа немесе жылу ұстайтын полиэтилен үлбірге немесе гофрланған картоннан жасалған жәшіктерге салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25о С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардан қорғау керек!

Сақтау мерзімі

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Фармация 2010 ЖШС, Қазақстан Республикасы, 100019 Қарағанды қ., Чкалов к-сі 7, тел.фак (7212) 42-67-34

Тіркеу куәлігінің иесі

Фармация 2010 ЖШС, Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауыр) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Фармация 2010 ЖШС, Қазақстан Республикасы, 100019 Қарағанды қ., Чкалов к-сі 7, тел.фак (7212) 42-67-34, E-mail – farmaciyakrg@mail.ru

Прикрепленные файлы

149909081477976306_ru.doc 40 кб
215831871477977552_kz.doc 46.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники