Пумпан® (капли гомеопатические)

МНН: Боярышника плоды, Густой экстракт арники, Калия карбонат, Ландыш майский, Наперстянка пурпурная
Производитель: Рихард Биттнер АГ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения заболеваний сердца
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019781
Информация о регистрации в РК: 04.04.2013 - 04.04.2018
Номер регистрации в РБ: 5044/01/04/06/11/16
Информация о регистрации в РБ: 16.12.2016 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Пумпан®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Гомеопатиялық тамшылар

Құрамы

100 мл препараттың құрамында

белсенді заттар:

Долана жемісінің сығындысы (Crataegi fructus) D1– 20 мл,

Арника тамырының сығындысы (Arnica radix) D6 – 10 мл,

Калий карбонаты (Kalium carbonicum) D6 – 10 мл,

Қан қызыл оймақгүл жапырақтарының сығындысы

(Digitalis purpureae folium) D12 – 10 мл,

Меруертгүл шөбінің сығындысы (Convallariae herba) D12 – 10 мл

қосымша заттар: этил спирті 43%.

Сипаттамасы

Сарыдан қызыл-сары түске дейінгі, өзіне тән иісі жоқ және долана жемістерінің жеңіл дәмі бар мөлдір сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да кардиотоникалық препараттар

АТХ коды С01ЕВ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сұйылтылуы жоғары болғандықтан, қазіргі кезде гомеопатиялық медициналық препараттардың фармакокинетикалық қасиеттері туралы хабарланған жоқ.

Фармакодинамикасы

Пумпан® тамшылары – түрлі жекелеген гомеопатиялық дәрілердің қоспасы. Бірін-бірі тиімділігі жағынан толықтыратын ингредиенттердің аса спецификалық біріктірілімі, көрсетілімдердің кең ауқымдылығына алып келеді, емдеудің қауіпсіздігін арттырады және жеңілдетеді.

Долана жемістерінің құрамында – майлы май, флавоноидтер, тритерпен қышқылдары, холин, ацетилхолин, иіткіш заттар, сорбит, органикалық қышқылдар бар. Долананы гомеопатиялық қолдануға негізгі көрсетілімдер егде жастағы қанайналым жүйесінің бұзылулары, жеңіл дәрежелі миокардтық жеткіліксіздік, жүрек бұлшықетінің дегенеративтік өзгерістері және жүректің коронарлық ауруы болып табылады. Долана жүйке жүйесіне тыныштандырғыш әсер береді, гипертензияның жеңіл жағдайларында ұсынылады.

Арника тамырсабағы құрамында эфир майлары, балауыз, шайыр, камедь, хлороген қышқылы, цинарин және олигосахаридтер бар.

Арниканы миокардитте, гипертонияда, тромбофлебитте, жүрек жеткіліксіздігінде, склерозда, стенокардияда қолданады, қандағы холестерин деңгейін төмендетеді, сондай-ақ инсульттен және инфарктіден кейінгі емделушілерді реабилитациялау кезінде тиімді.

Калий карбонаты гомеопатияда негізінен жүрек-қантамыр жүйесімен астасады және өзінің ваготроптық әсерімен белгілі. Оның бастапқы көрсетілімдері жүрек жеткіліксіздігі, жүрек бұлшықетінің қабынуы және дегенерациясы, сондай-ақ жедел, жай өрбитін немесе созылмалы эндомиокардит болып табылады. Ол жалпы әлсіздік жағдайында немесе бұлшықеттердің шаршауында да қолданылады. Орталық жүйке жүйесі де калий карбонатының әсеріне ұшырайды және ол ұйқысыздық пен басқа жүйке бұзылыстары кезінде көмектесе алады. Калий карбонатын қолдану үшін кардинальді симптомдар мыналар: үнемі қорқу және толқу, күні бойы қатты шаршау, бас ауыруы, жүрек соғуының жиілеуі және жүрек қуысының шымырлауы.

Оймақгүл құрамында жүрек тобының түрлі гликозидтері (дигитоксин, гитоксин, гиталоксин) бар.

А және Б пурпуреагликозидтері мен агликондары бар Веродоксин: дигитоксигенин, гитоксигенин және гиталоксигенин, оймақгүл жапырақтарының құрамында болатын 30-дан астам карденолидгликозидтердің екі қосымша өкілі болып табылады. Қанттық компоненттері – бұл глюкоза, дигиталоза және дигитоксоза.

Жүрек гликозидтерінің әсерінен қантамырлардың жалпы шеткергі қарсыласуы азаяды, тіндердің қанмен қамтылуы және оксигенация үдерісі жақсарады, бұл орайда жүрек бұлшықетінің қанмен қамтылуы жалпы гемодинамиканың қалыпқа түсуі есебінен жақсарады.

Оймақгүлді қолдануға спецификалық көрсетілімдер: әлсіздік, төмен артериялық қысыммен жүрек соғуының жиілеуі және жүйесіздігі; қалпына келуінің бұзылуы; әлсіздік, тамырдың жиі, әлсіз соғуы; жүрек тондарының әлсіздігі болып табылады.

Меруертгүл құрамында бұл жүректің жиырылғыштық қабілетін күшейтетін жүрек гликозидтері (конваллотоксин, конваллозид, конваллотоксол), эфир майы, органикалық қышқылдар, маялин алкалоиды, крахмал, микроэлементтер, флавоноидтар, хелидон қышқылы, холин және азетидин – 2 – карбон қышқылы бар.

Жүрек жеткіліксіздігінде, жүрек ақауларында кардиосклерозда көрсетілімде.

Қолданылуы

Кешенді ем құрамында:

- жүректің ишемия ауруы (стенокардия), жүрек жеткіліксіздігі - артериялық гипертензия - вегетативтік қан тамырлық дистония

Қолдану тәсілі мен дозалары

Жүрек жеткіліксіздігі

Жас шамасы

Дозасы

Дозасы

Ересектер

10 тамшы

Бастапқы дозасы: 2-3 ай бойы күніне 3 рет. Медициналық жағдай тұрақтанғаннан кейін қолданылуы (демеуші доза) күніне 2 ретке дейін азайтылуы тиіс

Артериялық гипертензия

Жас шамасы

Дозасы

Дозасы

Ересектер

10 тамшы

Бастапқы дозасы: 2-3 ай бойы күніне 3 рет. Медициналық жағдай тұрақтанғаннан кейін және қан қысымын бақылауда ұстай отырып, дозасын (демеуші доза) күніне 2 ретке дейін төмендету қажет

Жүректің коронарлық аурулары (стенокардия)

Жас шамасы

Дозасы

Дозасы

Ересектер

10 тамшы

Бастапқы дозасы: 1-2 ай бойы күніне 3 рет Медициналық жағдай тұрақтанғаннан кейін қолданылуы (демеуші доза) күніне 2 ретке дейін азайтылуы тиіс

Вегетативтік қан тамырлық дистония

Жас шамасы

Доза

Дозасы

Ересектер мен 12 жастан асқан жасөспірімдер

10 тамшы

Бастапқы дозасы: 2-3 ай бойы күніне 3 рет. Медициналық жағдай тұрақтанғаннан кейін қолданылуы (демеуші доза) күніне 2 ретке дейін азайтылуы тиіс

Аурудың жедел түрлерінде әр жарты сағат сайын немесе сағат сайын қабылдау керек (ең көбі күніне 8 рет).

Жағдай жақсарған кезде дозасын күніне 3 ретке дейін азайту қажет.

Пумпан® тамшыларын ас ішкенге дейін 30 минут бұрын немесе тамақтан кейін 1 сағаттан соң қабылдау керек.

Пумпан® тамшыларын таза немесе азғантай суда сұйылтылған күйінде қабылдау керек, балалар сұйылтылған түрін қабылдау керек.

1мл-де шамамен 25 тамшы бар.

Жағымсыз әсерлері

Тахикардия фазалары мен брадикардияның сирек, көбінесе түнде болатын фазаларының жиілігі артқаны байқалған. Жиілігі белгісіз.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- белсенді заттарына немесе толтырғыштарының кез-келгеніне жоғары сезімталдық

- 12 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Қазіргі кезде басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі туралы ешқандай ақпарат жоқ.

Пумпан® тамшыларын басқа жүректі нығайтатын препараттармен бір мезгілде пайдаланғанда, олардың мөлшері қажеттілігіне қарай және емдеуші дәрігердің бақылауымен азайтылуы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Пумпан® тамшыларының бір дозасының (5/10 тамшы) құрамында 0,08 / 0.16 г этил спирті бар және сондықтан да алкогольге тәуелділіктен зардап шегетін адамдар қабылдамауы тиіс.

Препаратты жүкті және бала емізетін әйелдерге, сондай-ақ балалар мен бауыр аурулары немесе эпилепсиясы бар емделушілерге тағайындаған жағдайда, алкоголь құрамы ескерілуі тиіс.

Гомеопатиялық дәрілік заттармен емдеудің басында организмнің иммундық жүйесінің көтермеленуіне байланысты, ағымдағы медициналық жағдайдың бастапқы өршуі жүруі мүмкін. Бұл жағдай қауіпті емес. Талапқа сай емес ұзақ уақыт ем жүргізу зерттеліп отырған препаратқа реакция (жаңа симптомдар) тудыруы мүмкін.

Пумпан® тамшылары құрамында өсімдіктен алынған шикізат болғандықтан, бұл дәм және иіс сезгіштіктің ауытқуларына, сондай-ақ сананың сәл бұлыңғырлануына алып келуі мүмкін, бірақ препараттың сапасы мен тиімділігіне еш ықпалын тигізбейді.

Жүректің эктопиялық белсенділігі (суправентрикулярлық және вентрикулярлық экстрасистолалар) Пумпан® тамшыларын қолданғанда азаяды, алайда кейбір емделушілерде суправентрикулярлық немесе вентрикулярлық экстрасистолалар мөлшері артуы мүмкін.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препараттың жүктілік және лактация кезеңінде қолданылғаны жөнінде мәлімет жоқ. Препаратты әйелдердің жүктілік және лактация кезінде қолдану қаупіне байланысты ешқандай қарсы көрсетілімдер жоқ.

Препаратты әйелдер жүктілік және лактация кезінде қолданғанда сақ болу ұсынылады.

Салмағына қарай 43% алкоголь құрамын ескеру қажет.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Пумпан® тамшылары автокөлік құралын басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Ешқандай артық дозалану жағдайлары туралы хабарланған жоқ.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

20 мл немесе 50 мл препараттан пропиленнен жасалған бұралатын қақпағы, полиэтиленнен жасалған тамшылатқышы бар қоңыр шыныдан жасалған құтыларға құйылады. Құтыға заттаңба жапсырылады.

1 құтыдан мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салады.

Сақтау шарттары

Жарықтан және күшті электромагниттік өрістерден қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Рихард Биттнер АГ

Фельдкирхен, Австрия.

Тіркеу куәлігінің иесі

Рихард Биттнер АГ

Вена, Австрия.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның атауы

ҚР-дағы «Хербс Трэйдинг ГмбХ» өкілдігі, Алматы қ-сы, Бегалин к-сі 115

Телефон +7(727) 390-98-93 факс (727) 291-85-34

Электронды поштасы: www.omegapharma.kz

 

 

Прикрепленные файлы

750374441477976893_ru.doc 66 кб
972764691477978059_kz.doc 76.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ