Псило-Бальзам®
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Псило-Бальзам®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Дифенгидрамин
Дәрілік түрі
Сыртқа қолдануға арналған 1 % гель
Құрамы
1 г гельдің құрамында
белсенді зат - 10 мг дифенгидрамин гидрохлориді,
қосымша заттар: цетилпиридиний хлориді, макрогол глицерилкаприлокапрат, полиакрил қышқылы, трометамол, тазартылған су.
Сипаттамасы
Мөлдір түссіз біртекті гель
Фармакотерапиялық тобы
Жергілікті қолдануға арналған антигистаминді препараттар. Дифенгидрамин
АТХ коды D04AA32
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Жергілікті қолданғанда сіңірілуі мардымсыз, тері жабындары тұтастығының бұзылуы препараттың сіңуін арттырады.
Фармакодинамикасы
Псило-Бальзам® аллергияға қарсы әсері оның құрамында Н1-гистаминдік рецепторлар блокаторы болып табылатын дифенгидрамин гидрохлориді болуымен байланысты және соның салдарынан қышынуды басады, ауыруды, гиперемияны азайтады, қылтамырлардың жоғары өткізгіштігін, тіндер ісінуін төмендетеді; жергілікті жансыздануын туындатады, соның салдарынан Псило-Бальзам® препаратының жағымды салқындататын әсері болады. Арнайы гельдік негізі теріні қорғайды және көрінетін із қалдырмайды.
Қолданылуы
-
І дәрежедегі күн сәулесінен болған және термиялық күюлерде
-
жәндіктер шаққанда
-
есекжемде
-
шығу тегі әртүрлі тері қышынуында (холестаздағы қышынуды қоспағанда): қышитын дерматоздар, экзема, желшешек, терінің аллергиялық тітіркенуі, өсімдікпен жанасудан туындаған жанаспалы дерматиттер
Қолдану тәсілі және дозалары
Сыртқа. Ересектерге және 2 жастан асқан балаларға Псило-Бальзамды® терінің зақымданған бөлігіне (гельдің ұзындығы 3-5 см жолақты өлшемі алақандай зақымдану ауданына) күніне 3-4 рет жағады және оны жеңіл уқалау қимылымен бөледі.
Жағымсыз әсерлері
Сирек
-
тері тарапынан болатын аса жоғары сезімталдық реакциялары (экзема, жанаспалы дерматит)
Препаратты сыртқа қолданған кезде жағымсыз әсерлердің жүйелі сипаты байқалмаған.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
- құрамында дифенгидрамин бар кез келген препараттарды бір мезгілде қолдану
- 2 жасқа дейінгі балаларға
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Псило-Бальзамды® жергілікті қолданған кезде дәрілік өзара әрекеттесуі анықталмаған.
Айрықша нұсқаулар
Сақтықпен
Жаққан орындағы тері жабындарының зақымдануы, шырышты қабыққа жағу.
Фотодерматоздардың даму қаупін болдырмас үшін Псило-Бальзам® жаққаннан кейін бірден (1-2 сағат ішінде) күн астында ұзақ болудан аулақ болған жөн. Псило-Бальзам® препаратымен емдеу кезінде алкоголь тұтынудан тартына тұру керек.
Жүктілік және лактация кезеңі
Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде қолдану анаға ықтимал пайдасын және ұрық пен балаға төнетін ықтимал қаупін бағалауды қажет етеді.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі туралы деректер жоқ.
Артық дозалануы
Симптомдары: қызару, препарат жағылған тері бөлігінің орташа ісінуі.
Емі: препарат жағылған тері бөлігін сумен жуу.
Шығарылу түрі және қаптамасы
20 г-ден алюминий сықпаға салынған.
Әр сықпа медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты пайдалануға болмайды.
Босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Нижфарм» ААҚ, Ресей Федерациясы
603950, Нижний Новгород қ.,
ҚҚП-459, Салганская к-сі, 7
тел.: (831) 278-80-88
факс: (831) 430-72-28
веб сайт: http://www.nizhpharm.ru
Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі
«Нижфарм» ААҚ, Ресей Федерациясы
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Нижфарм» АҚ ҚР Өкілдігі
050043, Қазақстан Республикасы,
Алматы қ., Хан-Тәңірі ы/а, 55б
тел.: (727) 2222-100
факс: (727) 398-64-95
e–mail: almaty@stada.kz