Псило-Бальзам® (гель 1%, Штада Арцнаймиттель АГ)

МНН: Дифенгидрамин
Производитель: Штада Арцнаймиттель АГ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Diphenhydramine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№005398
Информация о регистрации в РК: 26.06.2012 - 26.06.2017

Инструкция

Саудалық атауы

Псило-Бальзам®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Дифенгидрамин

Дәрілік түрі

1% гель

Құрамы

100 г гельдің құрамында

белсенді зат - 1,0 г дифенгидрамин гидрохлориді,

қосымша заттар: цетилпиридиний хлориді, макрогол-6-глицеролкаприлкапрат, полиакрил қышқылы (карбомерлер), трометамол, тазартылған су.

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз гель

Фармакотерапиялық тобы

Жергілікті қолдануға арналған антигистаминді препараттар.

АТЖ коды D04AA32

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препарат сау тері арқылы да, сол сияқты зақымданған тері арқылы да өтеді.

Дифенгидрамин бауырда толық дерлік метаболизденеді. Алдымен ол моно- және ди-деметилдифенгидраминге дейін дезалкирленеді, ал одан кейін дифенилметоксисірке қышқылына дейін тотығады. Осы метаболит глицинмен немесе глютаминмен байланысады, одан кейін сыртқа шығарылады. Дифенгидраминнің 1%-ы бүйрек арқылы өзгермеген түрде шығады және 60-70%-ы 1-4 күн бойы метаболит түрінде шығарылады. Плазма ақуыздарымен байланысуы – 70%.

Фармакодинамикасы

Дифенгидрамин гидрохлориді Н1-рецепторларының гистаминді бөгегіштер тобына жатады. Дифенгидрамин гидрохлоридін топикалық қолданған кезде антигистаминдік қасиетінен басқа жергілікті жансыздандырғыш әсерге ие. Дифенгидрамин қышынуды азайтады және теріде гистаминнің босап шығуын бәсеңдетеді. Шеткергі рецепторларға тікелей әсер етеді.

Қолданылуы

  • І дәрежедегі күн сәулесінен болған және термиялық күюлерде

  • жәндіктер шаққанда

  • есекжемде

  • шығу тегі әртүрлі тері қышымасында (оның ішінде экзема, желшешек кезінде).

Қолдану тәсілі және дозалары

Тек қана сыртқа қолдануға арналған.

Псило-Бальзамды® тәулігіне 3-4 реттен асырмай жағу керек.

Ересектерге және 2 жастан асқан балаларға

Псило-Бальзамды® терінің зақымданған бөлігіне бірдей етіп бөліп, аздап ысқылай отырып, тәулігіне 3-4 рет жұқалап жағады. Гель жылдам сіңеді, көрінетін із қалдырмайды.

Белгілері нашарлаған немесе препаратты 7 күн бойы қолданғаннан жақсару байқалмаған жағдайда немесе оларды басқаннан кейін бірнеше күннен соң белгілер қайталап көрініс берген жағдайда Псило-Бальзамды® пайдалануды тоқтату және дәрігерге көріну керек.

Жағымсыз әсерлері

  • препарат жағылған жерде қызарумен және орташа ісінумен көрініс беретін асқын сезімталдық реакциялары. Препаратты сыртқа қолданған кезде жағымсыз әсерлердің жүйелі сипаты байқалмаған.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың әсер ететін заты немесе басқа компоненттеріне асқын сезімталдық

- тері жабынының ауқымды бөлігіне қолдану қажеттілігі

- құрамында дифенгидрамин бар басқа да дәрілік заттармен біріктіре қолдану

- 2 жасқа дейінгі балаларға

- жүктілік, лактация кезеңі.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Псило-Бальзамды® жергілікті қолданған кезде дәрілік өзара әрекеттесуі анықталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Псило-Бальзамды® зақымданған тері жабындарына немесе шырышты қабыққа жағуға болмайды.

Жағымсыз реакциялар (экзема, жанаспалы дерматит) пайда болған кезде препаратты қолдануды тоқтатқан жөн.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі туралы деректер жоқ.

Артық дозаланғанда

Псило-Бальзамның® уыттану немесе артық дозалану жағдайлары анықталмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

20 г-ден алюминий сықпада. Әр сықпа медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты пайдалануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

ШТАДА Арцнаймиттель АГ

Штадаштрассе 2 - 18

D-61118 Бад Вилбель, Германия

телефон: + 49 6101 603-0

телефакс: + 49 6101 603-259

веб сайт: http://www.stada.de

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

ШТАДА Арцнаймиттель АГ, Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

ҚР-дағы «Нижфарм» ААҚ Өкілдігі

050043, Қазақстан Республикасы,

Алматы қ-сы, Хан-Тәңірі ы/а, 55б

тел. (727) 271-99-68

факс (727) 255-33-78

e-mail: almaty@stada.kz

 

Прикрепленные файлы

517086471477977090_ru.doc 48 кб
826057901477978251_kz.doc 55.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники